Мемлекет қызметі

Мемлекеттік қызмет туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453 Заңы

 

 

 

МАЗМҰНЫ     

1-тарау.  Жалпы ережелер    

  1-бап. Негізгі ұғымдар    

  Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
      1) бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк јкiмшiлiк қызметке орналасуға үмiткер азаматтарға кјсiптік даярлығының деңгейiн, құзыреттiлiгiн жјне нақты јкiмшiлiк лауазымға сјйкес келуiн айқындау мақсатында қойылатын талаптар; 
      2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билік өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдық-өкiмдік немесе јкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам; 
      3) лауазымдық өкілеттік – мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген құқықтар мен міндеттер; 
      4) мемлекеттiк јкiмшiлiк қызмет санаты – мемлекеттiк јкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын јкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының лауазымдық өкiлеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн сыныптамалық сипаттамасы; 
      5) мемлекеттiк јкiмшiлiк қызметшi – мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда лауазымдық өкiлеттiктерді тұрақты кјсiптік негiзде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi; 
      6) мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi; 
      7) мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда заңнамада белгiленген тјртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын жјне мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; 
      8) мемлекеттiк лауазым – нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген лауазымдық өкiлеттiктер мен лауазымдық мiндеттер аясы жүктелген мемлекеттiк органның құрылымдық бiрлiгi; 
      9) мемлекеттiк саяси қызметшi – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы жјне қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын жјне саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауапты болатын мемлекеттiк қызметшi; 
      10) мүдделер қақтығысы – мемлекеттiк қызметшiнiң жеке басының мүдделiлiгi мен оның өз лауазымдық өкiлеттiктерiн тиiсiнше атқаруының немесе жеке жјне заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң арасында осы заңды мүдделерге зиян келтiре алатын қайшылық туындайтын жағдай; 
      11) ротация – мемлекеттiк саяси қызметшiлердi мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң арасында лауазымдық ауыстыру. 
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.    

  2-бап. Мемлекеттiк қызмет туралы заңдар     

 Мемлекеттiк қызмет  туралы заңдар Конституциядан, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнентұрады.     

  3-бап. Мемлекеттiк қызметтiң принциптерi     

1. Қазақстан Республикасында  мемлекеттiк қызмет: 
      1) заңдылық; 
      2) қазақстандық патриотизм; 
      3) мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық жјне сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; 
      4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының жјне заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы; 
      5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге жјне өз қабiлеттерi мен кјсіби даярлығына сјйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы; 
      6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi; 
      7) мемлекеттiк қызметшiлердiң кјсiбилiгi мен жоғары бiліктiлiгi; 
      8) мјнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу; 
      9) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төменгi мемлекеттiк органдардың қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi; 
      10) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы жјне есептiлiгi; 
      11) мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру; 
      12) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық жјне јлеуметтiк қорғалуы; 
      13) мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды жјне күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу; 
      14) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны жјне өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы; 
      15) мемлекеттiк қызметшілердiң бiлiктiлiгiн арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне негiзделедi. 
      2. Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады жјне саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.    

  4-бап. Осы Заңның қолданылуы     

1. Осы Заң барлық мемлекеттiк қызметшiлерге қолданылады, бұған Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заң актiлерiнде олар үшiн өзгедей құқықтық мјртебе белгiленген жағдайлар қосылмайды. 
      2. Техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын жјне мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдар мемлекеттiк қызметшiге жатпайды. Мұндай адамдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.    

  5-бап. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi ујкiлеттi  
             орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi     

1. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi ујкiлеттi орган (бұдан јрi - ујкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты жјне есеп беретiн, мемлекеттiк қызмет саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган, оған мынадай өкiлеттiктер жүктеледi: 
      1) мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жјне оның тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттiк бағдарламаларды јзiрлеуге жјне iске асыруға қатысу; 
      2) мемлекеттiк қызметтi жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар јзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде заңдарда белгiленген тјртiппен нормативтiк құқықтық актiлерқабылдау; 
      3) мемлекеттiк јкiмшiлiк лауазымдар санаттарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын јзiрлеу жјне бекiту; 
      4) мемлекеттiк қызмет қызметшiлерi жөнiндегi республикалық деректер базасын қалыптастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингiн жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттік јкімшілік қызметшілер лауазымдарына орналастыру үшін кадрлар резервiн қалыптастыру; 
      5) мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру, оларды јлеуметтiк-құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар јзiрлеу; 
      6) Мемлекеттiк јкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн жјне осы Заңға сјйкес өзге де актілердi јзiрлеу жјне оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсыну; 
      7) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлер даярлау, қайта даярлау жјне бiлiктiлiгiн арттыру, оның iшiнде шетелдерде де,мјселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру; 
      8) мемлекеттiк бағдарламалар бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды жјне мемлекеттiк қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды үйлестiру; 
      8-1) мемлекеттік јкiмшiлiк қызметшiлерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн берiлген тјртiптік жазаны мерзiмінен бұрын алып тастауға келiсiм беру; 
      9) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру; 
      10) мемлекеттiк јкiмшiлiк лауазымды атқаруға арналған конкурстарды өткiзу тјртiбiн белгiлеу, сондай-ақ конкурстардың дұрысөткiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру; 
      10-1) кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сай келуі бөлігінде мемлекеттік јкімшілік лауазымға тағайындауға келісу; 
      11) мемлекеттiк органдардың осы Заңды жјне өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұза отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзу; 
      12) мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың қолданылу мјселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың iс-јрекетi мен шешiмiне жасалған шағымдарын қарау; 
      13) осы Заң бұзылған жағдайда сотқа жүгiну; 
      14) мемлекеттiк қызмет мјселелерi жөнiндегi халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу; 
      14-1) мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтердiң сапасын арттыру жөнiнде ұсыныстар јзiрлеу; 
      15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жүктеледi. 
      2. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi органдардың бiрыңғай жүйесін ујкiлеттi орган мен оған бағынысты аумақтық бөлiмшелерқұрады. 
      Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн ујкiлеттi орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады. 
      2-1. Ујкiлеттi органның облыстарда, республикалық маңызы барқалада, астанада тјртiптiк кеңестерi болады, олар туралы ереженi ујкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. P990218 
      3. Ујкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң шешiмдерi бұйрықтар нысанында ресiмделедi.  
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393, 2005.07.08.N 75 (2-1-тармақтың күші 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі; қолданысқа енгізілу тјртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.    

  6-бап. Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi     

 Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi өз құзыретi шегiнде: 
      1) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне байланысты шешiмдерiн ресiмдейдi, қызметшiлердiң жеке iстерiн жүргiзедi, мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбек кiтапшаларына (қызмет ету тiзiмдерiне) қажеттi жазбалар енгiзедi; 
      2) мемлекеттiк қызметшiлердiң заңда белгiленген шектеулердi қабылдауы туралы келiсiмін жазбаша нысанда белгiлейдi (өзiне қабылдаған шектеулердi бұзған жағдайда құқықтық салдарлар туралы хабардар етедi); 
      3) мемлекеттiк қызметшiлерге олардың құқықтық жағдайының мјселелерi жөнiнде ақыл-кеңес бередi, мемлекеттiк қызметте болумен байланысты шектеулердiң сақталуын бақылайды; 
      4) ујкiлеттi органға ұсыну үшiн бос лауазымдар тiзiмiн, бос лауазымдарды толтыру жөнiнде өтiнiмдер жјне өзге де қажеттi ақпарат дайындайды; 
      5) мемлекеттiк қызметшiлердi оқытуды, қайта даярлауды (қайта мамандандыруды) жјне олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады; 
      6) заңдарда белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2-тарау.  Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық  жағдайы    

  7-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiн саралау     

1. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси жјне јкiмшiлiк лауазымдары кіредi. 
      2. Саяси лауазымдарға:  
      1) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтынмемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары; (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз U020828) 
      2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары жјне Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын жјне сайлайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары; 
      2-1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментін (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратын) басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары; 
      3) Конституцияға сјйкес Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болып табылатын мемлекеттiк саяси қызметшiлер; 
      4) орталық атқарушы органдарды басқаратын мемлекеттiк саяси қызметшiлер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз U990317)  
        Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін. 
      3. Мемлекеттік јкімшілік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары  
белгіленеді. Мемлекеттік јкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттар бойынша тізілімін ујкілетті органның ұсынуы бойыншаҚазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 
      4. Мемлекеттiк саяси қызметшілер үшiн лауазым санаттары белгiленбейдi. 
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393, 2007.07.27 N 315, 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.    

  8-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары     

 Мемлекеттiк қызметшiнiң:  
      1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен жјне заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; 
      2) өз өкiлеттiгi шегiнде мјселелердi қарауға жјне олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге; 
      3) белгiленген тјртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға; 
      4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тјртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға; 
      5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сјйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дјл белгiлеудi талап етуге; 
      6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар жјне азаматтар тарапынан өзiне јдiл жјне құрметпен көзқарас жасалуына; 
      7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тјжiрибесiне жјне осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына жјне еңбегiне ақы төленуiне; 
      8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) жјне бiлiктiлiгiн арттыруға; 
      9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге; 
      10) бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға; 
      11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге; (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз U990321) 
      12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз жјне жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына; 
      13) јлеуметтiк жјне құқықтық қорғалуға; 
      14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға; 
      15) зейнетақымен жјне јлеуметтiк қамсыздандырылуға; 
      16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз V001202)    

  9-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi     

1. Мемлекеттiк қызметшiлер: 
      1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға; 
      2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тјртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге; 
      3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын жјне қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тјртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға; 
      4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде жјне қызмет мiндеттерiне сјйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға; 
      5) мемлекеттiк тјртiп пен еңбек тјртiбiн сақтауға; 
      6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға; 
      7) заңдарда белгiленген қызметтiк јдеп нормаларын сақтауға; 
      8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; 
      9) мемлекеттiк құпияларды жјне заңмен қорғалатын өзге де  құпиянысақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға; 
      10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын жјне қадiр-қасиетiн қозғайтын мјлiметтердi құпия сақтауға жјне олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге; 
      11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге; 
      12) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
      12-1) өздеріне мјлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға; 
      13) қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кјсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға мiндеттi. 
      2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң осы Заңда белгiленген негiзгi мiндеттерiнен туындайтын нақты мiндеттерi бiлiктiлiк талаптар негiзiнде айқындалады жјне қызметтiк нұсқаулықтарда көрсетiледi. 
      Қызметтік нұсқаулықтарды мемлекеттiк органның басшысы бекiтедi, ол осы өкiлеттiктердi жауапты хатшыға, мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларына беруге құқылы. 
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.07 N 222-IV(қолданысқа енгізілу тјртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.    

  10-бап. Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты  
               шектеулер      

1. Мемлекеттiк қызметшiнiң: 
      1) өкiлдi органдардың депутаты болуға; 
      2) педагогтiк, ғылыми жјне өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға; 
      3) кјсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егеркоммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сјйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, егер "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға; 
      4) үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға; 
      5) өзiнiң қызметтiк iс-јрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық жјне ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға; 
      6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне жјне қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн јрекеттерге қатысуға; 
      7) лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ. 
      2. Мемлекеттік қызметші қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы өзінің меншігіндегі үлесті (акциялар пакеттерін) жјне пайдаланылуы табыс табуға јкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызмет өткеру уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тјртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адамға заңды түрде тиесілі ақша, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды кујландырылуға жатады.Мемлекеттiк қызметшi мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының нотариат кујландырған көшiрмесiн нотариат кујландырған күнiнен бастап он күн мерзiмде жұмыс орны бойынша кадр қызметiне бередi. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілердің өздеріне тиесілі облигацияларды, ашық жјне аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімді басқаруға бермеуіне болады. 
      Мемлекеттік қызметшінің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар. 
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер тұрғын үйлерін мүліктік жалдауға беруге құқылы. 
      3. Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жақын туыстары ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр жјне ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, јжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды. 
      3-1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жақын туыстары мен жекжаттарына (жұбайлардың аға-iнiлерiне, апа-сiңлiлерiне, ата-аналары мен балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен шектеулер көзделуi мүмкiн. 
      4. Мемлекеттiк қызметке: 
      1) белгiленген тјртiппен јрекетке қабілетсiз немесе јрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған; 
      2) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған; 
      3) бiлiктiлiк талаптарында тиiстi қызметтердi атқару үшiн денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгiленген реттерде медициналық мекеменiң қорытындысына сјйкес лауазымдық өкiлеттiктi орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар; 
      4) өзiнiң мјртебесiн жјне соған негізделген беделiн жеке басылық, топтық жјне өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi ықтимал јрекеттерге жол бермеу мақсатында өзiне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан; 
      5) жұмыстан босату түріндегі тјртіптік жазаны қоспағанда, мемлекеттiк қызметке кiрер алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тјртiптiк жауапкершiлiкке тартылған; 
      6) мемлекеттiк қызметке кiрер алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тјртiбiмен јкiмшiлiк жаза қолданылған; 
      6-1) мемлекеттiк қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тјртiбiмен јкiмшiлiк жаза қолданылған; 
      6-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; 
      6-3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған; 
      7) мемлекеттiк қызметке кiру уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тјртiппен алынбаған соттылығы бар; 
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау нысанасына арнайы тексеруден өтпеген адамдарды қабылдауға болмайды. 
      5. Алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.09.25 N 484, 2005.07.08N 75 (қолданысқа енгізілу тјртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.21 N 308,2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тјртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.08 N 226-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 

3-тарау.  Мемлекеттік қызметке кіру    

  11-бап. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру     

 Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң  мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау  не сайлау негiзiнде, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының  
заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тјртiп пен жағдайлардажүзеге асырылады.  
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.     

  12-бап. Мемлекеттiк јкiмшiлiк қызметке кiру құқығы     

1. Қазақстан Республикасы  азаматтарының мемлекеттiк јкiмшiлiк  лауазымға орналасуға құқығы бар.  
      Мемлекеттік јкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады. 
      2. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік јкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын  біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік қызметшінің жјне ујкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тјртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.  
      Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшіге јкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде немесе оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн алынбаған тјртiптiк жазасы болған жағдайда, ауыстыру тјртiбiмен мемлекеттiк јкiмшiлiк қызметке орналасуына жол берiлмейдi. 
      3. Өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, өз өкiлеттiгiн кемiнде алты ай орындаған жјне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мјслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк јкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мјслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк јкiмшiлiк лауазымға орналасу тјртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды. 
      4. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде жынысына, нјсiлiне, қай ұлтқа жататынына, тiлiне, јлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына жјне кез келген өзге де мјн-жайларға қарай қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берiлмейдi. 
      5. Осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық iрiктеуден өтпеген азаматтарды мемлекеттiк јкiмшiлiк қызметке қабылдаған лауазымды адам осы Заңның 28-бабында белгiленген тјртiппен жауапқа тартылады.  
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393, 2005.07.08N 75 (қолданысқа енгізілу тјртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.07 N 222-IV(қолданысқа енгізілу тјртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.    

  13-бап. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде қойылатын  
               талаптар      

1. Мемлекеттiк қызметке  кiретiн адамдар мынадай талаптарға: 
      1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға; 
      2) егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға; 
      3) қажеттi бiлiмi, кјсiби даярлық деңгейi болуға жјне белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сјйкес келуге тиiс. 
      2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiрген кезде салық қызметi органдарына өзi алған табысы мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы мјлiметтердi табыс етуге мiндеттi. 
      3. Мемлекеттiк јкiмшiлiк лауазымға орналасу азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады. 
      4. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды. 
      5. Мемлекеттік јкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде јзірлейді жјне бекітеді.  
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.     

  14-бап. Мемлекеттiк јкiмшілiк лауазымға орналасуға  
             арналған конкурс     

1. Мемлекеттiк јкiмшiлiк  лауазымға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi. 
      2. Мемлекеттiк јкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткiзудiң шарттары мен тјртiбiн, оның iшiнде конкурстық комиссия құру тјртiбiн ујкiлеттi орган белгiлейдi.  
      3. Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша ујкілетті орган конкурс өткізу туралы мемлекеттік тілде жјне орыс тілінде хабарландыру жарияланғаннан кейін өткізеді.  
      Конкурс орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде жјне ведомстволарда өткізілген кезде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті јкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.  
      3-1. Егер конкурс белгілі бір жұмыс мерзімімен бос тұрған орынға өткізілетін болса, онда жасалғалы отырған еңбек шартының жағдайы конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс.  
      4. Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысуға құқығы бар.  
      5. Алынып тасталды - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.  
      6. Конкурстық комиссияның шешiмi мемлекеттiк јкiмшiлiк лауазымға орналасуға не мұндай лауазымға кiруге бас тартылуға негiз болып табылады.  
      7. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың мемлекеттiк јкiмшілiк лауазымға орналасуға құқығы бар.  
      8. Тағайындауға құқығы бар адам жарияланған лауазымға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушыны қабылдауға мiндеттi. Бұл орайда мемлекеттiк қызметке кiру үшiн заңдарда көзделген талаптар сақталуға тиiс.  
      9. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бiрақ ол мемлекеттiк қызмет үшiн ұсынған конкурсқа қатысушылар ујкiлеттi орган жјне оның аумақтық бөлiмшелерi құратын кадрлар резервiне тiркелуi мүмкiн.  
      10. Кадрлар резервiне тiркелген конкурсқа қатысушылар оларды тiркеу күнiнен бастап бiр жыл iшiнде қосымша конкурстан өтпестен тиiстi мемлекеттiк јкiмшiлiк лауазымға орналаса алады.  
      11. Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тјртiппен шағым жасауға болады.  
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.06.04 N 204, 2003.03.11N 393, 2005.07.08 N 75 (қолданысқа енгізілу тјртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 

4-тарау.  Мемлекеттік қызмет өткеру жјне  қызметтік мансап    

  15-бап. Мемлекеттiк јкiмшiлiк лауазымға кiру кезiндегi  
               сынақ     

1. Мемлекеттiк јкiмшілік  қызметке алғаш рет немесе  қызметiн тоқтатқаннан кейiн жаңадан  қабылданған, сондай-ақ жоғары  дјрежелi санаттағы мемлекеттiк  јкiмшiлiк лауазымға қабылданған азамат үшiн үш айға дейiнгi мерзiмге сынақ белгіленуi мүмкiн. 
      2. Мемлекеттiк јкiмшiлiк қызметшi дјлелдi себептермен қызметте болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi. 
      3. Мемлекеттiк јкiмшiлiк қызметшi сынақ нјтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда ујкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiсе отырып, сынақ, мерзiмiнен өтпеген адам ретiнде жұмыстан шығарылуы мүмкiн. 
      4. Егер сынақ мерзiмi өтiп, мемлекеттiк јкiмшiлiк қызметшi мемлекеттiк қызметтi жалғастыра берсе, ол сынақтан өткен болып саналады жјне сынақ мерзiмi мемлекеттiк қызмет стажына есептеледi. Одан кейiнгi жұмыстан босатуға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша ғана жол берiледi.  
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393, 2005.07.08N 75 (қолданысқа енгізілу тјртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.     

  16-бап. Мемлекеттiк јкiмшiлiк қызметшiлердi  
               аттестаттау      

 Мемлекеттiк јкiмшiлiк  қызметшiлер олардың кјсiби даярлығы, құқықтық мјдениетi, азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетi деңгейiн анықтау мақсатында аттестаттаудан өтедi. Мемлекеттiк органдарда кемiнде 20 жыл жұмыс стажы бар мемлекеттік јкiмшілік қызметшiлер тестiлеуге жатпайды. Мемлекеттiк јкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттауды жүргiзудiң тјртiбi мен талаптарын ујкiлеттi органның ұсынуы бойынша Республика Президентi бекiтедi.  
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 75 (қолданысқа енгізілу тјртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.     

  17-бап. Жұмыс уақыты     

1. Мемлекеттiк јкiмшiлiк  қызметшiлердiң жұмыс уақытының  ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сјйкес белгiленедi. 
      2. Тұтас алғанда мемлекеттiк органның немесе оның жекелеген бөлiмшелерiнiң қалыпты (үздiксiз) жұмысы јрi қарай жедел атқарылуына байланысты болатын шұғыл жјне күнi бұрын болжанбаған жұмысты орындау үшiн орган басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның жазбаша өкiмi бойынша жұмысы Республиканың еңбек заңдарына сјйкес өтелетiн, демалыс жјне мереке күндерi қызметке келуге мiндеттi жекелеген мемлекеттiк јкiмшiлiк қызметшiлер тартылуы мүмкiн. 
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.    

  18-бап. Iссапарлар кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақылар     

1. Мемлекеттiк қызметшілерге  Қазақстан Республикасының Үкiметi  белгiлейтiн тјртiппен қызметтiк, оның iшiнде шет мемлекеттерге,iссапарларға арналған шығындары өтеледi.  
      Мемлекеттiк қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңдарындакөзделген iссапарда болған уақытына тјулікақы алуға, көздеген жерiне барып-қайту жөнiндегi шығындарға, тұрғын үй-жай жалдау жөнiндегi шығындарға кепiлдiктер мен құқығы тиесiлi болады. 
      2. Iссапарға жiберiлген мемлекеттiк қызметшілердiң iссапардың бүкiл уақыты бойы жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады.  
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.     

  18-1-бап. Ротация      

 Мемлекеттiк қызметте мемлекеттiк саяси қызметшiлердi ротациялау жүзеге асырылуы мүмкiн. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi ротациялаудың тјртiбi мен шарттарын ујкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.  
      Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.07.08 N 75(қолданысқа енгізілу тјртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.     

  18-2-бап. Мүдделер қақтығысы     

1. Егер мүдделер қақтығысы бар болса, мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыруына тыйым салынады. 
      2. Мемлекеттiк қызметшi мүдделер қақтығысын болғызбау жјне оны реттеу бойынша шаралар қабылдауға тиiс. 
      3. Туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сјтте мемлекеттiк қызметшi өзiнiң тiкелей басшысына немесе мемлекеттiк органның басшылығына бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. 
      Тiкелей басшысы немесе мемлекеттiк органның басшылығы мемлекеттiк қызметшiнiң өтiнiшi бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде, мүдделер қақтығысын болғызбау жјне оны реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға, оның iшiнде: 
      1) оған байланысты мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкiн мјселе бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқаруды басқа адамға тапсыруға; 
      2) мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге; 
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тјртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң келiсiмi бойынша оны басқа лауазымға ауыстыруға тиiс. 
      4. Мемлекеттiк қызметшi, оның тiкелей басшысы жјне мемлекеттiк органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау жјне оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшiн тјртiптiк жауапкершiлiкке тартылады. 
      Ескерту. Заң 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 371-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.    

Мемлекет қызметі