Мемлекетаралық стандартизация жүйесі

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов  атындағы мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

Тақырыбы: Мемлекетаралық стандартизация жүйесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Жайқау А

Тексерген: Еріш Н

 

 

 

 

Қостанай  қаласы

2012 жыл 

Мемлекетаралық стандартизация жүйесі.

 

1 Стандартизацияның салааралық жүйелері.

 

Бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттер  өкілдері 1992 жылы 13 наурызда стандартизация саласында келісілген саясат жүргізу  туралы Келісім қабылдады.

Осының негізінде мемлекетаралық стандартизация жүйесі құрылды. Осы  келісімге сәйкес: әрекет етуші МЕСТ-тер  стандарт ретінде қалдырылды; бұрынғы  КСРО-ның эталондық базасы барлығына  ортақ ретінде қабылданды; стандартизация, сертификация және метрология жүйелерін  өзара қабылдау үшін екіжақты келісім  қажеттігі орнатылды.

Үкіметаралық деңгейде стандартизация, сертификат, және метрология бойынша  Мемлекетаралық кеңес (МСЖ) құрылды. Оның негізгі функцияларына: стандартизация саласындағы басымдылық бағыттарын жасау; мемлекетаралық стандарттар  жобасын бекітуге ұсыну; старндартизация  саласындағы жұмыстардың негізгі  бағыттарын қарастыру және оларды жүргізу  сметасының шығындарын бекіту жатады. Кеңес қабылдаған шешімдер осы Кеңес  Құрамындағы мемлекеттер үшін міндетті. МСЖ мүшелігіне ТМД-ның барлық 12 мемлекетінің стандартизация, сертификат және метрология бойынша  ұлттық органдардың  басшылары қабылданады.

МСЖ негізгі жұмыс органы-Минискіде  орналасқан стандарттау, сертификаттау  және метрология бюросы, МСЖ отырыстары қатысушы мемлекеттерде кезекпен жүргізіледі. МСЖ қызметінің нәтижесінде нормативтік  құжаттардың қоры және эталондық  база сақталған. Қазіргі кезде ТМД  елдерінің ұлттық сертификация жүйесін  өзара қабылдыу (признание) процесі  толығымен аяқталды.

МСЖ-ң жұмыс органдарына мемлекетаралық стандартизация бойынша техникалық комитеттер (МТК) жатады. Олар мемлекетаралық стандарттар дайындау және мемлекетаралық стандартизация саласында басқа  да нақты жұмыстар жүргізу үшін құрылады. Жылдық жоспарға сәйкес МТК-ң МЕСТ-тер  дайындау бойынша 200-ден астам жұмыстары  жүргізіледі. Мемлекетаралық стандарттар  және оларға өзгерістер енгізу МСЖ-ң  шешімімен жылына 2 рет өткізілетін  отырыстарда қабылданады.

Мемлекетаралық стандартизация саласындағы  жұмыстарды жүргізу ережелері бойынша  жалпы жағдайлар МЕСТ 1.0-92 стандартында айқындалған.

Соңғы жылдары міндетті сертификациялауға  жататын өнімге деген техникалық талаптарды жасауға арналған 2500 нормативтік  құжат қабылданды.

Қабылданған стандарттар халықаралық  стандарттармен сәйкестендірілген, бұл  ТМД елдерінің әлемдік нарыққа  шығуына әсерін тигізеді.

МСЖ-ң ТМД-елдеріндегі жүргізген  жұмыстары бойынша стандартизацияның  халықаралық ұйымы ИСО оны  стандартизация бойынша халықаралық  аймақтық ұйым ретінде  қабылдады.

Стандартизацияның салааралық жүйелері.

Салааралық стандарттар жиынтығының  құраушылары:

  1. ҚР МСЖ-мемлекеттік стандартизация жүйесі-ҚР МЕСТ;
  2. КҚБЖ-конструкторлық құжаттаудың біріккен жүйесі-МЕСТ;
  3. МЕСТ;
  4. КТСБЖ-каррозия мен тозудан сақтаудың біріккен жүйесі-МЕСТ;ТҚБЖ-технологиялық құжаттардың біріккен жүйесі-МЕСТ;
  5. ӨСКЖ-өнім сапасы көрсеткішінің жүйесі-МЕСТ;
  6. ҚУЖ құжаттаудың унификацияланған жүйесі-МЕСТ; ҚР МЕСТ;
  7. АБҚЖ-ақпараттық-библиографиялық құжаттау жүйесі-МЕСТ;
  8. ӨМЖ-өлшеу бірлігін қамтамасыз етуші мемлекеттік жүйе-МЕСТ;ҚР
  9. ЕҚСЖ-еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі-МЕСТ;ҚР МЕСТ;

10) ӨТДБЖ-өндірісті технологиялық  дайындаудың біріккен жүйесі-МЕСТ;

11) ӨӨДЖ-өндірісте өнімді дайындау  жүйесі-МЕСТ; ҚР МЕСТ;

12) БҚБЖ-бағдарламалық құжаттаудың  біріккен жүйесі-МЕСТ;

13) ҚР сертификациялау жүйесі-ҚР  МЕСТ;

14) ҚР аккредитациялау жүйесі-ҚР  МЕСТ.

Сондай-ақ табиғат қорғау, эргономикалық  талаптар, ақпараттық технологиялар, төтенше  жағдайлардағы қауіпсіздік салаларына арналған стандарттар жүйелері бар.

Егер жүйе құжаттандырған түрде  көрсетілген болса, онда оның бар  екндігі дәлелденген болып саналады. Құжаттандыру-бұл құжаттардың құрамы мен құрылымын анықтайтын қызмет. Сондықтан салааралық жүйелердің көптеген бөлігі жалпы мемлекеттік стандарттар  классификаторына сәйкес Т№ стандарттар  тобында берілген. Ал бұл топтың өзі Т «Жалпы техникалық және ұйымдастырушы  әдістемелік стандарттар» тобына кіреді. МСЖ (ГСС) жүйесі Т№ тобында да, Т  тобында да базалық болып табылады. Барлық салааралық стандарттарды шартты түрде 3 бағытқа бөлуге болады:

    1. өнімнің (жұмыстың және қызметтің) сапасын қамтамасыз етуші стандарттар;
    2. басқару мен ақпараттандыру стандарттары;
    3. әлеуметтік сфера стандарттары.

Салааралық ережелердің барлық бағыттарындағы стандартизацияда сан  жағынан жеткілікті стандарттар  кешені құрылып болған жоқ (АЖЖ (САПР)-автоматты  жобалау жүйесі); басқа бағыттары  әлі де болса перспективалық жүйелердің «негізі» болып тұр (мәліметтерді электронды алмастыру жүйесі); кейбір жүйелердің болашағы белгісіз (эргономика бойынша, техникадағы сенімділік бойынша). Әрбір  стандарттың өз шифрі болады (сертификация жүйесі бойынша-40; өнімнің жекелеген қасиеттеріне қойылатын талаптарды анықтайтын стандарттар-27,29 және т.б.)

Стандартизация – бұл тек қызмет түрі ғана емес, сонымен қатар ол қайталанатын мәселелердің тиімді шешімдерін анықтау және оны нормалар мен ережелер ретінде заңдастыру үшін қажетті әдістер кешені (комплекс).

Стандартизация әдісі – бұл стандартизация мақсатына жетуге көмектесетін тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы.

Стандартизация жалпығылыми және арнайы әдістерге сүйенеді. Олар:

  1. стандартизация объектілерін реттеу;
  2. параметрлік стандартизация;
  3. өнімді унификациялау (бір жүйеге келтіру);
  4. агрегаттау;
  5. кешенді (комплексті) стандартизация;
  6. алдын алушы стандартизация (опережающая).

Стандартизация объектілерін реттеу-өнімдерді, процестерді және қызметтерді стандарттау  саласындағы әмбебап әдіс. Реттеу ең алдымен көп түрлілікті қысқартуға бағытталған. Реттеу бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесіне, мысалы, дайын  өнім үшін комплектілеуші бұйымдардың  шектелген тізімі; бұйымдардың типтік конструкциясының альбомдары; техникалық, басқарушылық және басқа құжаттардың  типтік формалары жатады. Реттеу әмбебап  әдіс ретінде жекелеген әдістерден, яғни жүйелендіру, селекциялау, симплификациялау, типтеу және тиімдеу әдістерінен  тұрады.

Стандартизация объектілерін жүйелендіру  ғылыми негізделген, нақты объектілердің  жиынын тізбекті классификациялаудан  тұрады. Мысал ретінде өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы  мемлекеттік классификаторын айтуға болады. Ол барлық товарлық өнімді әртүрлі  классификациялық топтамалары мен  өнімдердің нақты түрлері бойынша  жүйелендіреді.

Стандартизация объектілерін селекциялау-болашақ  өндірісте қолдануға тиімді болатын  нақты объектілерді таңдау қызметі.

Симплификация-өндірісте қолдануға  тиімсіз болып саналатын нақты  объектілерді анықтау қызметі.

Селекция және симплификация процестері параллель жүргізіледі. Олардың  алдында объектілерді классификациялау мен болашақ сұранысқа қатысты  перспективалық объектілерді талдау жүреді.

Стандартизация объектілерін типтеу-типтік үлгілік объектілерді, яғни конструкцияларды, технологиялық ережелерді, құжаттандыру формасын жасау қызметі. Селекцияға қарағандағы ерекшелігі, мұнда таңдалған  нақты объектілердің сапасы мен  әмбебаптығын арттыруға бағытталған  қандай да бір техникалық өзгертулер жасалады (60 жылдары теледидарларды 100-ден астам конструкторлық түрлері болған, ал жүйелендіруден кейін экран диагональдарының өлшемдері бойынша теледидар схемасының 3 варианты алынды: экраны 35,47 және 59 см).

Стандартизация объектілерін тиімдеу-басты  параметрлерді, сондай-ақ сапа мен үнемділіктің басқа да көрсеткіштерінің шамаларын  анықтау. Тиімдеуді оның арнайы экономикалық-математикалық  әдістері мен модельдерін қолдану  арқылы жүзеге асырады. Мұндағы басты  мақсат реттеудің жоғарғы деңгейіне  жету және таңдалған критерий бойынша  мүмкіндігінше тиімді болатын жолдарды анықтау.

Параметрлік стандартизация. Өнім параметрі-бұл  оның қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Ең басты параметрлерге өнімнің  қызметін және оны пайдалану шарттарын  айқындайтын сипаттамалар жатады. Олар:

  1. өлшемдік параметрлер (киімнің өлшемі, ыдыс сыйымдылығы);
  2. салмақтық параметрлер (жекелеген спортинвентарьлардың массасы);
  3. машиналар мен приборлардың өнімділігін сипаттайтын параметрлер (көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы);
  4. энергиялық параметрлер (қозғалтқыш қуаты).

Нақты бір қызмет атқаратын өнім, әрекет ету принципі және конструкциялар, яғни анықталған типті өнім бірнеше  параметрлермен сипатталады. Параметрлердің белгіленген шамаларының жиынтығы параметрлік қатар деп аталады. Параметрлік қатардың бір түрі өлшемдік қатар (мысалы, өлшемдік қатарға маталар  үшін оның енінің өлшемі, ыдыстар үшін-сыйымдылық шамасы жатады).

Бір типті бұйымның әрбір өлшемі типтік өлшем деп аталады (мысалы, қазіргі кезде ерлер киімінің 105, ерлер киімінің 120 типтік өлшемдері  белгіленген).

Параметрлік қатарларды стандарттау  процесіне параметрлердің сандық шамаларын  және мақсатқа сай номенклатураларды  негіздеу мен таңдау жатады. Бұл  мәселе математикалық әдістер арқылы шешіледі.

Киімдерге арналған өлшемдік қатарларды жасағанда әр түрлі жастағы және әр жерлерде тұратын көптеген ерлер  мен әйелдердің антронометриялық өлшемдерін алады. Бұл мәліметтер математикалық  жолмен өңделеді.

Машиналардың, приборлардың параметрлік  қатарларын үйлесімді (предпочтительные) сандар жүйесіне сәйкес, яғни геометриялық прогрессия бойынша өзгеретін, тізбектелетін  сандарды теру арқылы құру ұсынылады. Бұл жүйе бойынша параметр мәндерін таңдағанда белгілі бір математикалық  заңдылыққа бағынатын шамалар алынады.

 

2 Халықаралық, аймақтық, мемлекетаралық және салааралық стандарттау

 

Стандарттау облысындағы халықаралық ынтымақтастық  мақсаты

Халықаралық қатынастардың кеңейюі стандарттаудың бір мемлекет ішінде дамуды рұқсат етпейді. Әр мемлекеттің саудалық, экономикалық және ғылыми-техникалық қатынастары  кең дамуы үшін халықаралық стандарттау  ең маңызды мағынада.

Халықаралық ынтымақтастық  стандарттаудың халықаралық  және аймақтық ұйымдары арқылы жасалады.

Стандарттаудың  халықаралық ұйымдары.

Халықаралық стандарттау облысында ең ірі  ұйымдар қызмет  атқарады: Халықаралық  стандарттау ұйымы (ХСҰ), Халықаралық  электротехникалық комиссия (ХЭК), Халықаралық  электробайланыс одағы (ХЭО).

Әлемдік қоғамдастықта стандарттаудың біріккен концепциясы танылған. Ол Халықаралық  стандарттау ұйымымен ISO (International Standard Organization) ұсынылған, оның бастапқы мақсаты әр түрлі мемлекеттегі өнім шығаратын және пайдаланатын адамдардың қатынасын қолайлы және тиімді ету. Бұл ұйым атын әр мемлекет әр түрлі аударып және қысқартып оқитын болған соң оны гректің isos – «тең, равный»деген сөзден алған.

International Standard Organization (ISO) - 1947 жылы құрылған ұкіметтік емес ұйым. Қазіргі замаңда оған 132 мемлекет кіреді, оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар. ISO мақсаты - әлемдік масштабта халықаралық тауар айналымын стандарттауды қамтамасыз ету, ынтымақтастықты кеңейту. Негізгі қызмет түрі – халықаралық стандарттарды жасау. Жоғары басқару органы болып ISO Генеральды Ассамблея табылады. Онда ISO –ның ең жоғары лауазымды адамдары және комитет делегаттары қатысады. Генассамблеяны ISO Президенті басқарады. ISO ресми тілдері – ағылшын, француз және орыс тілдері. ISO фондында 12000 астам стандарттар бар

Техникалық  комитеттер аумағында қызмет жасайтын жұмыс топтарымен халықаралық стандарттар  жобасы жасалады.

ISO Кеңесінің басқада бір  органы Техникалық бюро жәнеде алты комитеттер.

Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) электротехника, радиоэлектроника, байланыс обласындағы стандарттарды жасайды. Ол 1906 жылы құрылған, ISO-ның алдында. ХЭК пен ISO әр кезде құрұлуы жәнеде әр қилы бағыттары ірі екі халықаралық ұйымның параллельді жұмыс істеуіне әкеледі.

 


 

 


 


 

Стандарттаудың ғылыми принциптерің өту комитеті (СТАКО)

 

Техникалық бюро

(ПЛАКО)

 

Сәйкестілікті бағалайтын комитет (КАСКО)

 

Ғылыми-техникалық ақпарат комитеті (ИНФКО)

 

Дамып келе жатқан мемлекеттерге көмек  көрсету комитеті (ДЕВКО)

 

Тұтұнушы қызығушылығын жақтау комитеті

(КОПОЛКО)

 

Стандартты үлгілер комитеті

(РЕМКО)


 

Атқарушы бюро

 

Орталық секретариат

 

Техникалық комитеттер

 

Подкомитеттер

 

Жұмысшы топтар


 

1 Сурет – ISO құрылымы

 

БҰҰ европалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) механикалық көлік құралдары қаіпсіздігі талаптарын стандарттаумен елге танымал. БҰҰ ЕЭК ережесі халықаралық стандарт статусы бар жәнеде халықаралық және отандық автокөлікті міндетті сертификаттау жүйесінің нормативті базасы болып табылады.

Халықаралық сауда палатасы (ХСП) сауда құжаттарын унификациялаумен елге танымал. Сыртқы сауда мамандарының «стол ұсті кітабы» ретінде «ИНКОТЕРМС» жинағы – сауда терминдерін түсіндіру халықаралық ережесі.

Халықаралық стандартқа әр түрлі өнімдерді шығаратын  кәсіби бірлестіктерді жатқызуға болады, олар 40 астам.

Әлемде  жеті аймақтық стандарттау ұйымы  бар - Скандинавияда, Латын Америкада, Араб аймағында, Африкада, в Европалық  Одақта.

Бұрыңғы Совет үкіметі мемлекеттері өкілдерімен 1992 жылдың 13 наурызында стандарттау  обласындағы келісімді саясат жүргізу  туралы келісімге қол  қойылған, онда мемлекет аралық стандарттау жүйесінің негізі қаланған. Осы құжат бойынша келесі құжаттар мойындалған: әрекеттегі МЕСТ (ГОСТ) әрекеттегі стандарттар болып табылды.

Үкіметтер деңгейінде стандарттау, метрология және сертификаттаудың мемлекетаралық кеңесң құрылған. Осы кеңеспе қабылданатын шешімдер

МАС негізгі  жұмысшы органы– стандарттар, метрология және сертификаттау Бюросы мекемесі Минскіде орналасқан.

МАС-тың  жұмысшы органы болып стандарттаудың мемлекетаралық техникалық комитеттері  табылады, олар мемлекетаралық стандарттарды  дайындауға құрылады, отырыстары жылына екі рет болады.

Стандарттаудың  салааралық жүйесі.

Салааралық  стадарттар жиынтығына мыналар кіреді:

  • СМЖ – ҚР стандарттаудың мемлекеттік жүйесі– ҚР МСТ (стандарттар категориясы);
  • КҚБЖ – конструкторлық құжаттардың бірізділі жүйесі – МЕСТ;
  • ТҚБЖ – технологиялық құжаттардың бірізділік жүйесі;
  • ӨСКЖ – өнім сапасының көрсеткіштері жүйесі – МЕСТ;
  • ҚБІСЖ – құжаттардың бір ізге салынған жүйесі – МЕСТ, ҚР  МСТ;
  • АБҚЖ – ақпараттық-библиографиялық құжаттар жүйесі – МЕСТ;
  • ӨБҚМЖ – өлшем бірлігін қамтамасыздандыру мемлекеттік жүйесі – МЕСТ, ҚР МСТ;
  • ТЕҚБЖ – таттанудан және ескеруден қорғау біріккен жүйесі – МЕСТ;
  • ЕҚСЖ – еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесі – МЕСТ, ҚР МСТ;
  • ӨТДБЖ– өнімді технологиялық дайындаудағы біріккен жүйесі – МЕСТ;
  • ПҚБЖ– программалық құжаттардың біріккен жүйесі – МЕСТ;
  • ҚР сертификация жүйесі – ҚР  МСТ;
  • ҚР аккредитация жүйесі – ҚР  МСТ.

Барлық  салааралық стандарттарды шартты түрде  үш бағытқа бөлуге болады:

1)  өнім (жұмыс, қызмет) сапасын қамтамасыз ететін стандарттар;

2) мәліметтер  және басқару стандарттары;

3) әлеуметтік сала стандарттары.

 

Стандарттау, метрология және сертификаттау өнімнің  сапасын қамтамасыз етуші құрал  болып табылады.

Сапа  мәселесі кез келген ел үшін, тіпті  ол ел нарықтық экономикада ұзақ  уақыт бойы келе жатса да,  әрқашан  да өзекті. Әлемдік шаруашылықтарға  және халықаралық қатынастарға қатысушы болу үшін әлемдік жетістіктер мен  тенденцияларды ескере отырып, ұлттық экономиканы жетілдіру қажет.

Ұлттық  стандарттау мен сертификаттау  дамуындағы кемшіліктер еліміздің  көптеген кәсіпорындарының тек қана сыртқы рынокта емес, сондай-ақ ішкі рынокта да кездестіріп отырған қиыншылықтарын анықтайды.

Қазақстанның  нарықтық эконмикаға өтуі отандық фирмалар мен жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары  қызметі үшін жаңа жағдайлар тудырады. Кәсіпорындардың өз қызметтерін  жеке-дара қарастыру мүмкіндігі шешім  қабылдаудағы өзімшілдікті білдірмейді, керісінше, бүкіл әлемде қабылданған  «ойын ережелерін» үйренуге, білуге және қолдануға итермелейді.  Кез  келген деңгейдегі және бағыттағы халықаралық  қарым-қатынас орнату осы ережелердің  халықаралық және ұлттық нормалармен  сәйкестендір-ілуін талап етеді.

Стандарттау, сертификаттау және метрология жоспарлық  экономика кезіндегі түрінде  жұмыстың жаңа жағдайларына септігін тигізбек түгіл, тіпті Қазақстанның өркениетті экономикалық кеңістікке интеграциясын  мүмкін емес етті.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылар құқығын  қорғау туралы», «Өнімдер мен қызметтерді  сертификациялау туралы», «Өлшеу құралдарының бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы»  заңдары экономика үшін өте маңызды  салаларды ұйымдастыруға күрделі  жаңалықтар енгізуге қажетті құқықтық база жасады.

Бүгінгі күні сауда маркасының репутациясын көтеруге ұмтылатын, бәсекелестікте жеңіп  шығуға тырысатын, сөйтіп әлемдік рынокқа  шыққысы келетін  өндіруші мен  оның сауда делдалы стандарттың  міндетті талаптарымен қатар ұсынылатын (рекомендуемые) талаптарын да орындауға  тырысада. Бұл бағытта стандарт нарқтық  стимул ретіндегі статус алады. Осылайша, стандартизация тек бәскелестікке  қабілеттілікті ғана емес, сондай-ақ өндірушінің, тапсырушының және сатушының басқару  жұмысының барлық деңгейдегі тиімді партнерліктерін қамтамасыз ететін құрал болып табылады.

Стандарттау ғаламның, техниканың және практикалық  тәжірибенің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, поргрессивті, сондай-ақ көптеген халық шаруашылықтық, салалық  және өндіріс ішілік мәселелерде  экономикалық тиімді шешімдерді анықтайды. Функционалдық және қолданбалы ғылымдарды органикалық бірлестіре отырып, стандартизация олардың мақстатылығын арттыруға  және практикалық қызметке ғылыми жетістіктерді  тезірек енгізуге мүмкіндік туғызады.

Стандарттау жоғары сапалы өнім жасауда, өндірісті  мамандандыру мен жинақтауда ұйымдастырушы-техникалық негіз жасап, оған өзіндік ұйымдастырушы  қабілет береді.

Стандарт  дегеніміз ұқсас объектілерді өзара  салыстыруда бастапқы мәлімет ретінде  алынатын үлгі, эталон, модель. Стандарт нормативті-техникалық құжат ретінде  стандартизация объектілеріне нормалар, ережелер, талаптар кешенін тағайындап, құзырлы органдарда бекітіледі.

Стандарттау мақсаты және міндетті.

Стандарттау – бұл тұтынушылардың орынды бағаға алынған затының сапа құқығын міндетті түрде қамтамасыз ететін, не ұсынылған норма, ереже, мінездеменің орындалуы үшін, сонымен қатар еңбектің жағдай жасалуы және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарды талдауға бағыттаған қызмет.

Стандарттау мақсаты - дұрыс және экономикалық нұсқаны іздеу, яғни дұрыс шешім табу. Табылған шешім белгілі бір стандарттау саласында орынды тізбектеуге жетуге мүмкіндік береді. Стандарттау мақсатын қамтамасыз етуіне сәйкес жалпы және одан да кіші бөлімдерге бөлуге болады.

Стандарттаудың  нақты мақсаты белгілі бір  қызмет аумағы, зат өндірісі, қызмет саласы және басқа да өнім түрлері, өндіріс және тағы басқаға қатысты.

Стандарттаудағы негізгі міндеттері:

  • Техникалық деңгей жғне өнім сапасына, материалдарға, жартылай фабрикаттарға және кешенді бұйымдар талаптарын орнатады, сонымен қатар жоғары сапалы өнім өндірісі әдісін жүйелі өндіру және көптүрлі марка, өлшемдерді жоюға жағдай жасайтын өнім өндірісі және жоба жасау саласындағы әдіспен талаптарды орнатады.
  • өндірісті мамандандыру ең маңызды, жағдай ретінде өнім өнеркәсібін агрегаттау және унификациялау; өндірістік процесстерді механикаландыру және автоматтау кешені, бір-бірімен байланыс деңгейі, бұйымды жөндеуі және  таралымын дамыту.
  • Мемлекеттік өлшем бірлігі және толықтығын, мемлекеттік

эталонның физикалық бірлік көлемін жасау  және жетілдіру, сонымен қатар өлшемнің жоғары дәлдік әдісін және құралын  қамтамасыз ету.

  • Құжат жүйесін жетілдіру, техника-экономикалық ақпаратты кодтау және біліктеу жүйесін талдау.
  • Маңызды ғылыми, техникалық салада, халық шаруашылығы саласындағы терминдермен белгілерді қабылдау.
  • Еңбек қауіпсіздігі стандарты жүйесі, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды қолдануды жақсарту жүйесінің стандарттарын қалыптастыру.
  • Ішкі сауда, мәдени және ғылыми-техникалық байланыс үшін жақсы жағдай жасау.

Стандарттау қызметі.

Әлеуметтік және техника - экономикалық мақсатқа жету үшін стандарттау белгілі бір қызметтер  атқарады: реттеу; күзет; әлеуметтік; ресурстарды жинақтау; коммуникативтік; дамытушылық; шығармашылық норма және құқықтық қолдану қызметі және ақпараттық.


Мемлекетаралық стандартизация жүйесі