Мемлекеттік қаржылық бақылау

                                                               Кіріспе

 

 Мемлекеттік сатып алуды жүргізу және ұйымдастыру тәртібі

 

  Мемлекеттік сатып  алу - мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді (ТЖҚК) тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы. Сондықтан біздің елеміздің экономикасымен басқару құралы болып табылады және маңызды рол атқарады. Берілген жүйенің мақсаты республикалық бюджетті үнемдеу болып табылады.

Сатып алуды жүзеге асыру  тәсілдер:

1)баға ұсыныстарын сұрату

2)конкурс тәсілімен. Конкурс екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін;

3)бір қайнар көзден;

4)ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта және тауар биржалары арқылы ;

5)арнайы ережелер;

6)заң нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын ережелер.

Мемлекеттік сатып алу  кезіндегі негізгі қатысушылар  мен қолданылатын ұғымдар:

   Тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға , сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін ак-цияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар

  Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы — мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға не өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше;

  Өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның келісім-шарт жасаушы агенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум). Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнім беруші болуы мүмкін;

   Демпингтік баға – конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрінеу төмен баға болып табылады;

  Қазақстандық қамту – мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмысқа тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндіру критерийлеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығарылым үлесі (үлестері) құнының мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;

  Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, жұмыстарды орындау, қыз¬меттер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті еңбек ресурстарының кемінде тоқсан бес процентін пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

  Конкурстық комиссия – осы Заңда көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

  Конкурстық құжаттама – конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің шарттары мен тәртібі қамтылатын, конкурсқа қатысуға өтінім әзірлеу үшін әлеуетті өнім берушіге табыс етілетін құжаттама;

   Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қолын жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезіне тоқталатын болсақ, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған үлгілік шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жібереді.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік  сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс  жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын және конкурстық құжаттамаға  сәйкес жасалған мемлекеттік сатып  алу туралы шарттың жобасын жібереді.

Қазақстан Республикасының  резиденті емеспен мемлекеттік  сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайларда  мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған  нысанда ресімдеуге жол беріледі.

 Осы Заңның 31-бабының  11-тармағында көзделген мемлекеттік  сатып алу туралы шарт жасасу  мерзімін қоспағанда, мемлекеттік  сатып алу туралы шарт жасасу  мерзімі мемлекеттік сатып алу  туралы шарттың жобасын әлеуетті  өнім берушіге жіберген күннен  бастап, күнтізбелік отыз күннен  аспауға тиіс.

 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ережелерінде көзделген жағдайларда өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.

Тапсырыс беруші мемлекеттік  сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып  алу туралы онымен жасалған шарт бойынша  өз міндеттемелерін уақтылы, толық  және тиісінше орындауға кепілдік ретінде  енгізеді.

Өнім беруші мемлекеттік  сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

-тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

-банктік кепілдікті таңдауға құқылы.

Өнім берушінің шарт бойынша  міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының  туындауына әкеп соғатын іс-қимыл  жасауына жол берілмейді.

 Тапсырыс берушінің  өнім беруші енгізген кепілдік  ақшалай жарнаны осы Заңда  көзделмеген мақсатқа пайдалануына  жол берілмейді. Мемлекеттік сатып  алудың орындалуын қамтамасыз  етуді енгізу туралы талап  тауар биржалары арқылы баға  ұсыныстарын сұрату тәсілімен  мемлекеттік сатып алу қорытындылары  бойынша айқындалған өнім берушілерге,  сондай-ақ осы Заңның 8-бабының  8-тармағында көзделген жағдайда, оны берген өнім берушілерге  қолданылмайды. 

Мемлекеттік органдар, мемлекеттік  мекемелер мен жедел басқару  құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар бір қаржы жылынан асатын мерзімге:

-келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) оларды аяқтау мерзімімен жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстарды;

-дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылында беруге себепші болатын активтер мен басқа да тауарларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін.

-Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс;

-бір қаржы жылынан асатын мерзімге көрсетілетін қызметтерді;

тиісті бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда) қаржыландыру жоспарында белгіленген келесі (кейінгі) қаржы  жылында (жылдарында) орындау (көрсету, жеткізу) мерзімі келісілген орындау  ұзақтығына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып  алған жағдайда мемлекеттік сатып  алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі  үш жылдан аспауға тиіс.

 Шаруашылық жүргізу  құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан  астам проценті мемлекетке тиесілі  заңды тұлғалар және олармен  аффилиирленген заңды тұлғалар  даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгіленген,  басқару органдары немесе аталған  тұлғалардың жоғары органдары  бекіткен келесі (кейінгі) қаржы  жылында (жылдарында) аяқтау мерзімімен  іс-шаралар жоспарын орындау үшін  қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін  қызметтерді мемлекеттік сатып  алу туралы ұзақ мерзімді шарт  жасасуы мүмкін.

 Жылдық қаржы есептілігінің  аудиті бойынша көрсетілетін  қызметтерді мемлекеттік сатып  алу туралы шарт үш жылдан  аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

 Бәсекелестік негізде  өткізілген мемлекеттік сатып  алу қорытындылары бойынша айқындалған  өнім берушілерге ғана осы  баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген  жағдайларда қолданысы бір қаржы  жылынан асатын мерзімге мемлекеттік  сатып алу туралы шарт жасасуға  жол беріледі.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартта мынадай:

-осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу;

-мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге осы Заңда көзделмеген көмекті көрсету фактілерінің бірі анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиіс.

 Отандық тауар өндірушілермен және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілермен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтерді көрсеткені үшін алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуға тиіс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

Тапсырыс беруші және өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледі.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару

 Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге бермесе немесе мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасып, осы Заңның 37-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылады.

Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші:

ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және уәкілетті органға тиісті мәліметтерді табыс етеді және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінеді;

мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарудың салдарынан келтірілген шығындарды өтеткізу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі Мемлекеттік сатып алу туралы шарт оған тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін не конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуге жататын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейін не өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

 

Мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібі

Қорғаныс, құқықтық тәртіп және ұлттық қауіпсіздік қажеттерін қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібіне жатады.

Мемлекеттік сатып алу процесі үшін құпиялылық режимін сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетінің кепілдігін қамтамасыз ететін ерекше тәртіп белгілеу талап етілетін жағдайларды қоспағанда, қорғаныс, құқықтық тәртіп және ұлттық қауіпсіздік қажеттерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу осы Заңға сәйкес жүргізіледі. Осындай сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібі «Мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібі бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 205 қаулысымен белгіленген. Оларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларды сақтау талап етілетін әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі саласында, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді, қару-жарақты, әскери техниканы және олардың үлгілерін, оқ-дәрілерді, байланыс және ақпараттандыру құралдарын жасау немесе жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды Мемлекет Басшысының және «Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-2-баптарына сәйкес қорғалатын өзге де тұлғалардың қауіпсіздігін, мемлекеттік қорғану қабілеттілігін, ұлттық қауіпсіздігін және еліміздегі құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ қорғаныс қабілеттілігін және ұлттық қаіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге арналған қару-жарақты, әскери техника және өнімді, бактериялық және медициналық қорғаныс құралдарын мемлекеттік сатып алу осы Нұсқаулықты пайдалану аясы болып табылады.

Көрсетілген Нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу мынадай үш әдіспен жүзеге асырылатындығын атап өту қажет:

 

Жабық конкурс  әдісімен мемлекеттік сатып алу

Жабық конкурс өткізу әдісімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

-тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер олардың күрделі немесе арнайы сипатына байланысты конкурсты ұйымдастырушыға алдын ала белгілі ықтимал өнім берушілердің шектеулі санында ғана болғанда;

-оларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларды қорғау талап етілетін әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі саласында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алғанда;

-қару-жарақ, әскери техниканы, бактериялық немесе медициналық қорғаныс құралдары, қару-жарақ, әскери техниканы және олардың үлгілерін жасау немесе жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, қару-жарақ, әскери техниканы, оқ-дәрі және бактериялық немесе медициналық қорғаныс құралдарын өндіру, жеткізу, жөндеу, пайдаға асыру және жою жөніндегі қызметтерді және қорғаныс қабілеттілігін, ұлттық қаіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қорғау, Мемлекет Басшысының және «Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-2-баптарына сәйкес қорғалатын өзге де тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өзге де өнімдер ді сатып алғанда.

Нұсқаулықтың 2) және 3) тармақшаларына сәйкес сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілеген тәртіппен берілетін, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдаланатын жұмыстарға арналған рұқсаты бар ықтимал өнім берушілер ғана конкурсқа қатысу құқығына ие болады, бұл ретте конкурсқа қатысатын ықтимал өнім берушілердің тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісіледі. Конкурс өткізу туралы хабарлама жіберілетін ықтимал өнім берушілердің тізімін тапсырыс берушінің басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.

Нұсқаулықтың 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасын, санын (көлемін) қарулану және әскери техниканы дамыту бағдарламасы негізінде, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының ұзақ мерзімдік кезеңіне көзделген көрсеткіштерді ескере отырып жасалған, осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегіндегі тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын бекітеді.

 

Баға ұсыныстарын пайдалана отырып өнім берушіні таңдау әдісімен мемлекеттік сатып алу

Ықтимал өнім берушілерден баға ұсыныстарын сұрау арқылы мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

құрылыс саласы үшін сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызмет көрсететін ғимараттарды, құрылыстарды және объектілерді қорғауды қамтамасыз ету үшін ғана қажет біртекті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық көлемі ақшалай сипатында Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың есе мөлшерінен аспағанда;

тез бұзылатын азық-түлік  тауарларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күш бөлімшелері, басқа да әскері мен әскери құрылымдары, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, сыртқы барлау, әскери және қаржы полициясы, Қазақстан Республикасының Күзет қызметі, салық және кеден қызметтері, шекаралық аймақтарда және жетуі қиын алыс аудандарда орналасқан, төтенше жағдайлардың салдарын жою қызметтері үшін тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде қызметтер мемлекеттік сатып алудың құнындағы тауарларды сатып алудың жылдық көлемін шектемей сатып алынғанда.

Нұсқаулықтың 8-тармағына  сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын, санын (көлемін) жоғарыдағы тиісті мемлекеттік органдармен келісім бойынша тапсырыс берушілер (бөлімшелер) бекітеді.

Тапсырыс беруші өзара қосылма болмайтын кемінде екі ықтимал өнім берушілердің сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге арналған баға ұсыныстарына жазбаша сұрау салуы тиіс.

Осындай сұрау мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

-сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы мен көлемі;

-тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ұсыну орны, мерзімі мен шарттары;

-баға үсыныстарын беру орны мен мерзімі.

Әрбір ықтимал өнім беруші өзгертуге жатпайтын бір баға ұсынысын береді.

Тапсырыс беруші тауарды, жұмысты және көрсетілетін қызметті тиісті сапасы кезінде ең төмен баға ұсынысын берген ықтимал өнім берушіден сатып алады.

 

Бір көзден сатып алу әдісімен мемлекеттік сатып алу

Заңның 21-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ мынадай жағдайларда мемлекеттік сатып алу бір көзден сатып алу әдісімен жүзеге асырылады:

ұлттық қауіпсіздікке  тікелей қауіпті, ұлттық мүддеге қол сұғуды жою, шұғыл және төтенше жағдайлардың салдарларын жою, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштері мен құралдарын жұмылдыру, ұлттық мүддеге қол сұғумен байланысты салдарды тоқтату және жою қажет болғанда;

Нұсқаулықтың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдаланып жұмыс орындауға арналған рұқсатқа бір ғана ықтимал өнім беруші ие болғанда;

баға ұсыныстарына сұрауды  пайдалана отырып өнім берушіні таңдау әдісімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде баға ұсынысын бір ғана ықтимал өнім беруші ұсынғанда;

қорғаныс өнеркәсібі кешенінің  ұйымдары мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде, орындалуы 45 күннен аспайтын жедел келісім-шарттарды орындағанда;

Мемлекет басшысын және өзге де қорғалатын тұлғалардың күзетілуін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік резиденцияларды күтіп-ұстауға және жұмыс жасауға, құрылыс саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, ресми іс-шараларды және өзге де хаттамалық іс-шараларды өткізу үшін қажет тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алғанда;

заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Республикасының Жұмылдыру жоспарында белгіленген өнім берушілерден мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің материалдық құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметтер сатып алынғанда.

Нұсқаулықтың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды  қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жабық конкурс әдісімен және бір көзден мемлекеттік сатып алу осы Нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органмен келіспей-ақ жүзеге асыралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Қорытынды

 

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Мемлекеттік сатып алу - жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемді қызмет көрсету шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгізуді, оның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгізуді қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы. Мемлекеттік сатып алу саласындағы қызмет - тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер номенклатурасын жоспарлау, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындау, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтер көрсету, мемлекеттік сатып алу жүйелерінің субъектілеріне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсетуболып табылады. ) егер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу болады.

 

 

 

 

 

 

 

                                 

 

 

 

 

 

                               Жоспар

 

  1. Мемлекеттік сатып алу туралы
  2. Сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері
  3. Мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібі

Мемлекеттік қаржылық бақылау