Меншікті табыс салығы

Меншікті қапитал  қалыптасуы, түсінігі. Төленбеген капитал.

     Меншікті  капитал - бүл міндеттемелерді шегеріп тастағаннан кейінгі активтер. Меншікті капитал құрылымы шаруашылық жүргізуші ұйымдардың ұйымдық – қүқықтық  формаларына қатысты ажыратылады. Акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің меншікті капитал қүрылымдарын айырмашылықтар байқалады.

     Ұйымдардың  жарғылық капиталын калыптастыру тәртібі  олардың ұйымдық – құқықтық формаларына  қатысты Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексімен белгіленген.

     Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргізуші ұйымдардың түрлері :

     1. Шаруашылык серіктестіктер — бұл жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлестерінен қалыптасатын, негізгі қызмет нәтижесі бойынша алдын – ала пайда алуды мақсат ететін заңдытүлға болып саналатын коммерциялық ұйымдар.Жарғылық капитал тепе-тең құрылтайшылардың салымдарынан қалыптасады.

     Шаруашылық  серіктестіктері:

     •     толық серіктестік;

     •     коммандиттік серіктестік;

     •     жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

     •     қосымша жауапкершілік жүктелген  серіктестік;

     • акционерлік коғам  формасында  құрылуы  мүмкін.     

     Құрылтайшылық  шарт(бір құрылтайшыдан құрылса), жарғымен шаруашылық жүргізуші серіктестіктің құрылтайшылық құжаты болып саналады. Егер шаруашылық серіктестігін құрған тұлға біреу болса, онда жарғы кұрылтайшылық құжат болып қызмет етеді.

           

     

     

     

     

     

     

     

     

       

     

       

       

     

        
 
 

                 Қазақстан Республикасы ұйымдарының түрлері мен формалары. 

     Толық серіктестік жарғылық капиталдың толық  емес жағдайында құрылтайшылар бірдей жауапты етеді (АК  1п. 63 тармағы).Толық серіктестіктің жарғылық капиталының Жарғылық капитал 25 АЕК мөлшерінен төмен болмау керек (ШС қаулының  1п. 13тармағы).

     Толық серіктестіктің жарғылық капиталын  азайтуға барлық кредиторларды хабардар еткеннен кейін ғана барып рұқсат етіледі, өйткені олардың мерзімінен бұрын тоқтауды немесе тиісті міндеттемелерді орындауды және оларға шығындарды өтеуді талап етуге құқығы бар.

               Серіктестіктің меншікті капитал құрылымы:

     

     

     

       

     

     

       

                   Серіктестіктің меншікті капиталы  

     Командиттік серіктестік құрылады (АК 1п.72т): 

     1) бір және бірнеше қатысушылардың  салымдар жауапкершіліктері салынған  үлес салым шегіне ғана жауапты  болып танылады және кәсіпкерлік  шаруашылыққа қатысты болмайды.

     Коммандиттік  серіктестіктің жарғылық капиталы (50 АЕК мөлшерінен төмен болмау керек) оның қатысушыларыньщ салымдарынан тұрады. Салымшылардың салымдарын есепке алусыз жарғылық капитал коммандиттік серіктестік мүлкіндегі толық серіктестердің үлесін анықтайды.

     Салымшылар  үлесінің жиынтық мөлшері коммандиттік серіктестіктің жарғылык капиталының 50% - дан аспайтын бөлігін құрауы мүмкін.

     Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік. Қүрылтайшының жарылык капиталға салымдарды 100 АЕК төмен болмау керек тіркелу мерзімге.

     Серіктестік қатысушылары оның міндеттемелері бойынша  жарғылык капиталға өз салымдарымен, ал бұл сомалардың жеткіліксіздігі  жағдайында, оларға жататын мүлікпен косымша бірнеше рет салған салымдар мөлшерінде жауап беретін серіктестік  косымша жауапкершілік жүктелген серіктестік болып танылады. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері құрылтайшылық құжаттармен айқындалады.

     Жауапкершілігі  шектелген және косымша жауапкершілік  жүктелген серіктестіктердің қүқықтык жағдайлары, олардың қатысушыларының  қүқықтары мен міндеттері, серіктестікті құру, кызметін жүргізу кайта құру және тарату тәртіптерін Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілік  жүктелген серіктестіктер туралы» Заңы айкындайды.

     Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі және «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға сәйкес, жарғылық капиталы салымдардың белгіленген тең акцияларының белгілі бір санына (үлестің номиналдық қүнына сәйкес) бөлінген серіктестік акционерлік қоғам болып танылады.

     Қоғам мүшелері (акционерлер) оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, оларға жататын акциялар шегінде оның қызметімен байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Акционерлік қоғам ашық және жабық болуы мүмкін.

     Ашық  акционерлік қоғам акционерлері басқа мүшелерінін келісімінсіз оларға жататын акцияларды иеліктен айыруга қүқығы бар.

     Жабық акционерлік қоғам акциялары оның құрылтайшылары арасында ғана немесе күні бұрын анықталып қойылған тұлғалар шеңбері арасында ғана таралады.

      Акцонерлік  қоғамның меншікті капиталының құрам ы

                               

     

     

     

       

       

     

     

  

       Акционерлік қоғамның жарғылық  капиталы шығарылған акциялардың  белгіленген құнының сомасына  тең, бірақта заңмен белгіленген  ең төменгі мөлшерден аз болмауы  тиіс.

       Акционерлік қоғамды құру кезінде  оның бүкіл акциялары құрылтайшылар арасында бөлінген болуы тиіс. Акцияларға ашық жазылуды жүргізуге жарғылық капиталды толық төлегенге дейін рұқсат етілмейді.

     Жарғылық  капиталды көбейту акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша:

     •     акциялардың нақтылы құнын өсіру;

     •      қосымша акциялар (косымша эмиссия) шығару жолымен жүзеге

            асырылуы мүмкін.

       Акционерлік қоғамның жарғылык  капиталын азайту акционерлердің  жалпы жиналысының шешімі негізінде:

     •      акциялардың нақтылы құнын төмен  түсіру;

     •   олардың жалпы санын қысқарту мақсатымен акциялардың бір бөлігін сатып алу және қайтарып алу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

     Акционерлердің  құқығы айналымдағы ақциялардың көлемімен анықталады ,яғни сатыпалынған шығаруға рұқсат етілгенмен емес. Мысалы:

     АҚ-ға 100000акция шығаруға рұқсат етілді, ал 80000 ғана сатылды, сонда  80000сатылған акцияның иегерлері 100% активке ие деген сөз.

       Егер өзге (негізгі) шаруашылық  серікгестігі оның жарғылық капиталына  басым үлеспен қатысса немесе  олардың арасында жасалған шартқа  сәйкес немесе басқалай түрде осындай серіктестік қабылдайтын шешімдерді айқындау құқығына ие болса, мұндай шаруашылық серіктестік еншілес серіктестік деп танылады.

     Тәуелді серіктестік - өзге  (қатысушы, басым үлеспен каты-сушы) заңды тұлға 20% - дан артық оның акциялар дауысына ие болатын серіктестік. Бір-бірінің жарғылық капиталына акционерлік қоғамдардың өзара қатысуы әрбір жарғылық капиталдың 25% - дан артып кетпеуі тиіс.

     Заңды тұлға өндірістік кооператив формасында ұйымдастырылуы мүмкін. Олардың жеке еңбекпен катысуы және онын мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруіне негізделген бірлескен кәсіпкерлік үшін мүшелік негізінде азаматтардың ерікті түрде бірігуі өндірістік кооператив болып танылады.

     Өндірістік  кооператив жарғысы заңды тұлға  жарғысьның жалпы ережелерінен өзге, кооператив мүшелерінің пайдалары туралы кооператив мүшелерінің кұрамы мен пайлар салу тәртібі туралы және пайлар салу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін олардың жауапкершілігі туралы; кооператив қызметіне оның мүшелерінің еңбекпен қатысу тәртібі туралы; кооператив пайдаларын болу мен шығындарын (зияндарын) өтеу тәртібі туралы; кооперативті басқару органдарының қүрамы мен құзырлары туралы жағдайлардан тұруы тиіс. Салынған пай кооператив мүшесінің үлесі болып саналады.

Кооператив  пайдасы, егер кооператив жарғысында басқалай қаралмаған болса, олардың еңбектеріне сәйкес, кооператив мүшелері арасында бөлінеді.

       Мемлекеттік кәсіпорындарға:

     • шаруашылық жүргізу құқығымен құрылған мемлекеттік кәсіпорындар;

     •     жедел басқару (қазынашылық кәсіпорындар) құқығымен құрылған

            мемлекеттік кәсіпорындар жатады.

       Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі  мемлекетке жатады,  бөлінбейтін  болып саналады және салымдар (үлес, пай) бойынша, оның ішінде кәсіпорын жұмыскерлері арасында бөлінбейді.

     Мемлекеттік кәсіпорындар өкілетті мемлекеттік  органның шешімі бойынша құрылады. Мемлекет мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы болып қатысады. Жарғылық капитал мемлекет бөлген мүлік есебінен қалыптасады.

     Шаруашылық  жүргізу құқығымен құрылған мемлекеттік  кәсіпорынның өзгешелікті сипаты болып  мыналар саналады:

     •   өзіне жататын барлык мүлікке  өзінің міндеттемелері бойынша жауап  бере отырып, мемлекет міндеттемелері бойынша жауап бермейді;

     •    құрылтайшының әрекетінен туындай  отырып, оны банкрот деп  жариялағаннан басқа жағдайларда, мемлекет бұл кәсіпорынның міндеттемелері   бойынша   жауап бермейді. Егер кәсіпорынның кредиторларының талабын қанағаттандыру үшін қаржылары (құралдары) жеткіліксіз болғанда,  кәсіпорын  міндеттемелері бойынша мемлекет жауап береді.

     Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындар, оның міндетте-мелері бойынша құрылтайшылардың субсидиаларлы  жауапкершілік көтеретіндігімен сипатталады.

     Коммерциялық  емес сипаттағы басқарушылық, әлеуметтік - мәдени және өзге де міндеттерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және сол қаржыландыратын ұйым  - коммерциялық емес ұйым, яғни мекеме болып танылады.

     Коммерциялық  емес ұйымдар:

     •     қоғамдық бірлестіктер;

     •     қоғамдық қорлар;

     •     тұтыну кооперативтері;

     •      діни бірлестіктер;

     •  қауымдастықтар (одақтар) формасындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері  жатады.

     Коммерциялық  емес ұйымдарға мыналар тән емес болып саналады:

     •   мекеме  құқығы,  оған  мүлікті  бекітіп беру, олардың қызметін басқару және бақылау тәртібі олардың жарғысымен айқындалады;

     •      меншікті мүлік, жарғыда қаралған ерікті мүліктік немесе кіру және

             мүшелік жарналар есебінен, сондай-ақ  ерікті қайырмалдыктар,

             демеушілік жәке т.б. қаражаттардан құрылады;

     •     оларды  саяси    мақсат    көздейтін    шетелдік    заңды тұлғалар   мен азаматтардың,   шет   мемлекеттер   мен халықаралық  ұйымдардың

           қаржыландыруына рұқсат етілмейді. 

       Жарғылық капитал  есебі

     Жарғылық  капиталдың құрылған көлемі мен қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс  жоспарында 5 бөлімінің  «Капитал мен резервтер»  шоттары қарастырылған:

     растауы қарастырылған.

     Ал  қазір құрылтайшылармен біршама  жеңілдіктер берілген. Салымдар мүлік  немесе тағы басқа болса ортақ келісіммен, аудиторлар көмегінсіз бағалау жүргізіледі. (егер салым 20000 АЕК болса).

     Шаруашылық  серіктестікті құрғанда құрылтайшылар  материалдық салымдардың көтеріңкі  құнмен бағалануын қалайды. Себебі сол  қаражатпен өз үлесін төлейді. Ал мемлекеттік кәсіпорын құрғанда, олар материалдық салымдардың төмен бағалауын қалдайды. Материалдық емес шаруашылық серіктестікті құрғанда құрылтайшылар материалдық активтерінің жоғары бағалауын тиімді деп ойлап, оның кері жақтарын анықтамайды. Ал материалдық активтерінің жоғары бағалануы жаңа ашылып келе жатқан кәсіпорынға әдейі болмаса да , зиянын келтіреді. Егер ақиқат бойынша кәсіпорын жағдайы сенімсіз болса, материалдық активтерінің жоғары бағалануы кәсіпорын құрылтайшыларының жағдайында кері көрініс табуы мүмкін. Сондықтан азаматтық заң шығарушы органдармен құрылтайшылардың несиелерінің алдында жоғары бағаланған материалдық активтерінің құнына жауапкершілік қарастырылған (Қазқстан Республикасының Азаматтық кодексының 1 пунктінің 58 бабы)

     Құрылтайшылардың құнды жоғарлатуды қалауы ең  аз шығын шығару мүмкіндігі. Себебі, құн жоғары болған сайын құрылтайшылардың осы кәсіпорындағы үлесі де өседі, яғни пайда өседі. Және кәсіпорын жабылған жағдайда өз үлесіне байланысты кәсіпорының көп мөлшерде мүлігіне талптану мүмкіндігі жоғары болады. Себебі, әдетте ең кем дегенде бір құрылтайшы, яғни заңдытұлға жарғылық капиталға салым ретінде ғимарат, құрылыс салады. әдетте осы салым (ғимарат, құрылыс, тағы басқалар) құны нарықтық құнмен бағаланады және ең көп жағдайда осы баға байланыстық бағадан асады, және кей жағдайда бағаланған құн нарықтық бағадан да асады. Осы жағдайда салым құны көтеріңкі бағаланып, жарғылқ салым толық төленбеген мағынаны білдіреді.

     Кәсіпорынның  жарғылық капиталы кызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан қүрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

     Ол  акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және баска да мүліктердің немесе мүліктік құқыктарының есебінен құрылады. Сонымен коса, жарғылық капитал жаңадан құрылған занды түлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушьшардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықгайды.

     Шаруашылық  серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік қүқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.

     Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық қүрылтайшылардын. жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

     Шаруашылық  жүргізуші субъектілер қайта  тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

     Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес  жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері косқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

     Егер  де салым ретінде субъектіге мүлікті  пайдалану құқы берілсе, онда бүл  салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, қүрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.

     Мүліктік  құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.

     Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің  жарғылық капиталының бастапқы мөлшері кұрылтайшылардың салым сомасынатең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.

     Аталған серіктестіктер тіркеу ге дейін өздерінің  жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-тей мәлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылык капиталына берешегін толығьшен өтеуі тиіс.

              Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген  күнінен бастап саналады және  ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар езінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.

                 Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валютада көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) күнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір белігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден етпес бүрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бүрын төлеуі тиіс.

     Жарияланған жарғылық капиталының минималды  көлемі ашық акционерлік қоғам үшін — бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін — жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.

     Акционерлердің  жалпы жиналысында анықталған әрі  жарияланған санының шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен белгіленеді.

     Қоғамның  шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) қүнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды қүнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.

     АҚ 700000тг. жарияланған жарғысы (700штук акция 1000тг.);

     бірінші эмиссияда 500шт. 1000тг. шығарылды құны 500000тг. акционерлер арасында 1200теңгеден орналастырылды – 600000тг.

     1. Д 5110  600000     К 5030 500000   -«Жарияланған капитал»,

                                        К  5310 100000   -«Эмиссиялық кіріс»,

     2. Акционерлермен  төленсе 

       Д 1030             К 5110  600000тг.

     Ал, егер номиналды құннан төмен сатылса, онда Д-те 5110,5310,5610

     К 5030, мысалы екінші эмиссияда шығарылды 200акция номиналдық құны 1000тг., орналастырды  480тенгеден (480 х 200)  96000тг.

     Д 5110   96000тг.

     Д 5310 100000тг.

     Д 5610     4000тг.    К  5030  200000тг.

     Қоғамның  жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рүқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

     Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірак, оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

     Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың кұрамында ғана өзгерістер болады.

     Егер  де катысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылык капитал  да азаяды, демек: 5110 шоты дебеттеледі де, 1010,1030,1100,2410,1310, шоттары кредиттеледі.

     Егер  де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 5110 шот дебеттеледі де, 5210 шоты кредиттеледі.

             3.4 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі және   төленбеген капиталдың есебі.

     Төленбеген  капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-ші "Төленбеген капитал" шотьш пайдаланады. Бұл шотта заңцы және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

     Жарғылық  қорға салымдардың салынуыньщ жүзеге асырылуына қарай 5110-ші "Төленбеген капитал" шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:

     -материалдык  емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде 1010,1030,1100,... шоттары;

  • жерді, негізгі күралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде — 2410 шоттары;
  • материалдар мен тауарларды жарғылық корға жарна ретінде төлеу кезінде 1310,1330, ...шотгары;
  • ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде  
    1010,1030 шоттары дебеттеледі.

          Егер де 5110 шотының дебеттік калдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.

         5110-ші шоты бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар, қүрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.

        Жарияланған капиталдың есебі 

№ п/п
    Шаруашылық операция
Шот корреспонденциясы
 
 
 
 
Дебет Кредит
1
        2
3 4
1  
Жарияланған жарғылық капитал
5110 5030
2  
Жарияланған капиталдың азаюы
5030 5210
3  
Жарғылық  капиталдың ұлғаюы
5110 5030
4 Шығарылған  акцияларға :    
4.1  ақшаға 1010-1060 5110
4.2  ТМҚ  
1310, 1330,

1350

5110
4.3  Қаржылық  инвестицияға  
1110- 1150,

2010-2040, 2210

5110
4.4 Жылжымайтын мүліктің инвестициясы 2310 5110
4.5  Негізгі  құралдар 2410 5110
4.6 Биологиялық активтер 2510,2520 5110
4.7  МЕА 2730 5110
Меншікті табыс салығы