Металдар мен қорытпалар жөніндегі негізгі мәләметтер
Жоспар
- Металдармен қорытпалардың құрлымын зерттеу әдістері.
- Металдарды техникалық сынау.
- Қаттылықты анықтаудың әдістері.
- Қорытпалардың күй диаграмасы туралы түсінік.
- Пайдаланған әдиебиеттер
Металдармен қорытпалардың құрлымын зерттеу әдістері.
Металдар– Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.
Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.
Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.
Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті
металдар; алтын, күміс, платин
Түсті металдар – темірден басқа барлық металдардың өнеркәсіптік атауы. Физикалық және химиялық қасиеттері мен жер қыртысында орналасу сипатына қарай түсті металдар темір емес металдар деп те аталады.
хром
Түсті металдарды:
- жеңіл (алюминий, магний, титан, бери
лий, литий, т.б.), - ауыр (мыс, никель, кобальт, қорғасы
н, қалайы, мырыш, т.б.), - баяу балқитын (вольфрам, молибден, ниобий, т
антал, хром, цирконий, т.б.), - асыл немесе қымбат бағалы (алтын, күміс, платина және пл
атиндық металдар), - шашыранды (галий, индий, талий),
- сирек жер (скандий, иттрий лантан және барлық лантаноидтар),
- радиоактивтік (технеций, франций, радий, пол
оний, актиний, торий, протакти ний, уран және басқа трансуран элементтері) деген топтарға бөлуге болады.
[1]
Шектеулі мөлшерде өндіріліп,
өндіріс саласында салыстырмалы түрде
жуырда ғана қолданыла бастаған металдар
сирек металдар деп аталады. Оларға барлық
сирек, сирек жер және радиоактивтік, баяу
балқитын металдардың көпшілігі мен кейбір
жеңіл металдарды жатқызады. Түсті металдар мен олардың қорытпаларын өндіруде
кентастық шикізатты өңдеуден бастап
дайын өнім алуға дейінгі сатысын қамтитын
саласын түсті металлургия деп атайды. Оның негізгі тармақтарына
алюминийлік, никель-кобальттық, мыс, қорғасын-мырыштық, қалайылық,
сирек металдық, вольфрам-молибдендік,
титан-магнийлік, сүрмелік, балқыма шпаттық,
электродтық, қатты қорытпалық, түсті
металдарды өңдеу, арнайы шалаөткізгіштік,
екіншілік металлургия жатады.
Қазақстанда химиялық элементтердің периодтық
жүйесіндегі барлық түсті металдар өндіріледі.
Түсті металдар-дың ішіндегі
ең көп таралғаны мыс. Қазақстандағы алғашқы түсті металлургия
кәсіпорны 1928 жылы Қарағанды облысында іске қосылды (мыс зауыты). Мыстың
Қазақстандағы негізгі кен орындары: Қосқұдық, Милықұдық,
Химиялық құрамына қарай көміртекті
және легирленген Болат болып бөлінеді.
Көміртекті Болаттың құрамында темір мен көміртектен басқа марганец (1%-ке дейін) және кремний (0,4%-ке дейін), сондай-ақ, зиянды қоспалар
— күкірт, фосфор, т.б. элементтер болады. Болаттың сапасын жақсарту үшін
қорытпа құрамына хром, никель, молибде
Сұйық түрінде қорытпа компоненттері көбінесе бір-бірінде шексіз ериді. Бір металл атомдары екінші металл атомдарының арасында бірқалыпты орналасқан, біртекті сұйық ерітінді пайда болады. Жартылай немесе толык ерімеушілік атом диаметрлері мен балқу температураларының үлкен айырмашылығынан болады, ол кейбір металдар арасында, мысалы мыс-корғасын, темір-қорғасын қорытпаларында байқалады.
Бірге кристалданған компоненттер қорытпалардың келесі түрлерін түзуі мүмкін: химиялыққосылыс,қатты ерітінді. механикалық қоспа.
Егер кристалдану кезінде екі компонентте өз кристалдық торларын сақтай алмай, басқа кристалдык тор құрса, онда химиялық қосылыс түзіледі.
Химиялық қосылыстар бір-біріне ұқсамайтын және құүрылымы мен- қасиеті жағынан біраз айырмашылығы бар элементтерден түзіледі. Химиялық қосылыстар құрайтын элементтердің атомдары белгілі бір қатынаста болады. Ол катынасты А В формуласымен көрсетуге болады. Бұл қосылыс оны түзейтін элементтердің кристалдық торынан өзгеше кристалдық тор құрады, сондықтан қасиеті бастапқы элементтерге қарағанда өзгеше, қаттылығы мен морттылығы және электр кедергісі жоғары, балқу температурасы тұрақты. Химиялық қосылысты көбінесе металдар мен металлоидтар түзейді. Мысалы, карбидтер. Металл мен көміртегінің химиялық қосылыстары (темір, хром карбидтері), нитридтер азотпен металдардың химиялық косылыстары (темір, алюминий нитридтері т.б.).
Егер кристалдану кезінде
бір компонент өз кристалдық торын
сақтап, ал екінші компонент өз кристалдық
торын сақтай алмай, оның атомдары бөлек
атомдар түрінде бірінші
Ену қатты ерітінділерінде
ерігіш компонент атомдары еріткіш
компоненттің кристалдық торының атомдарының
аралық қуыстарында орналасады (3.1-сурет,
а). Ал металдардың кристалдык торларында
атомдар бір-біріне жакын орналасқандыктан,
олардың арасына өлшемдері өте
кіші атомдар ғана ене алады. Өлшемдері
кіші атомдар сутегі, азот, көміртегі,
бар және тағы да басқа кейбір элементтерде
болады. Олар металдармен катты ену
ерітіндісін түзеді. Бірақ бұл
элементтердің атомдарының
Алмастыру қатты ерітінділерінде ерігіш компоненттің атомдары негізгі металл атомдарының орындарында орналасады. (3.1-сурет, б) Бөтен атомдар еріткіш компоненттің атомдарын тордың кез келген жерінде алмастыруы мүмкін, сондықтан бұл ерітінділерді бейтәртіпті катты ерітінділер деп атайды.
Егер корытпа — компоненттердің атомдары өлшемдерінің айыр-машылығы 8 %- дан аспаса, олар бір-бірінде ерігіштігі шексіз болатын алмастыру қатты ерітінділерін түзеді.
Мысалы, Сu -Ni, Со, Ni - т.б. Ал егер атом өлшемдерінің айырмашылығы 8…15% болса, онда бір-бірінде ерігіштігі шекті болатын алмастыру қатты ерітінділері түзіледі. Егер атом өлшемдерінің айырмашылығы 15% — дан асса, онда алмастыру қатты ерітіндісі түзілмейді.
Шегеруші қатты ерітінділер кейбір химиялык қосылыстар негізінде түзіледі. Мысалы, химиялық қосылысқа оның формуласының ішінде бар элемент қосылғанда. Бұл жағдайда қосылған элементтің атомдары қосынды торында қалыпты орнына орналасады, ал екінші компоненттің атомдары орналасатын орындар бос қалады. Шегеруші қатты ерітінділер Ni Аl химиялық қосылысқа алюминийді, титан карбидіне титанды қосып балқытқанда түзіледі.
Егер кристалдану кезінде біртекті атомдар арасындағы әсерлесу күші әртекті атомдар арасындағы әсерлесу күшінен көбірек болса, онда қорытпа кристалданғаннан кейін, таза металдардың түйіршіктерінен тұратын механикалық қоспа түзіледі. Әсерлесудің бұл түрі қорытпа түзетін металдардың қасиеттері арасындағы үлкен айырмашылық болғанда орын алады. Бұл жағдайда екі компонент те өз кристалдық торын сақтап қалады.
Механикалық қоспа екі металдан немесе қатты ерітінді мен химиялық қосылыстан түзілуі мүмкі
Металдарды техникалық сынау.
Металды морт сыңғыштығын бағалау үшін және критикалық басталуын анықтау үшін сериялық сынаулар
Әртүрлі температурада үлгінің сериясын сынайды және сызықтарды құрады- соққы тұтқырлықтың температурадан байланысының ( ан- Т), солай ақ морт сыңғыштың басталуын анықтайды (сур. 7.3 г).
Морт сыңғыштың басталуы-
Сынық түрі бойынша тұтқырлықты бағалау
Шыдамдылыққа сынақ (ГОСТ 2860) – беріктіктің шаршау сипаттамасын береді.
Тозу - жүктеудің белгілі өзгерткіш қайталану кезіндегі материалдың бұзылуы, яғни шамасы аққыштық шегінен аспайды. Тозуға процессі 3 сатыдан құралады, сынықтағы осы сатыларға сәйкес аймақтар 7.4 суретте көрсетілген.
1.Ең жүктелген кесіңңің болінде сынықтың пайда болуы.
2.Сынықтың бірте – бірте таралуы
3.Соңғы бұзылуы
Беріктіктің шаршау сипаттамалары циклдық сынауларда анықтайды, 7.5.суретте схемасы
келтірілген.
Сур.7.5. Шаршау сынағы(а) , шаршау қисығы (б).
Қажуға сынау. Кейде металдар, әсер ететін күш сол металдың беріктік шегіне жетпей-ақ, бұзылады. Бұл құбылыстың техникада күш көп түсетін және тез қозғалатын машиналар қолдануға байланысты маңызы үлкен, өйткені мұндай машиналар бөлшектері жиі әсер ететін күш әсерінен бүлінеді, бұзылады. Мұндай бөлшектер — біліктер, шатундар, саусақтар, поршеньдер және басқалар.
Түсетін күш қайта-қайта әсер еткенде металдың бұзылу себебі металдың қажуы деп, ал сол нүкте шыдау қабілеттілігі металдың төзімділігі деп аталады.
Металдардың қажудан бүлінуінің бір себебі — металдың кей жерінде бөгде заттардың, мысалы, шлак түйіршіктерінің болуынан, металдың үзілуінен, немесе металл ішінде майда саңлаулардың пайда болуынан. Бұл ақаулықтар бірте-бірте күшейе түсуінен үлкен саңылау пайда болып, металл бұзылады.
Металдың қажуын
сынауға арнайы машиналар қолданылады.
Бұл машиналарда металл үлгілеріне
бірнеше рет түрлі күш
Сынау ұзаққа созылады және сол кезде металдың қажу шегі, яғни металл төтеп беретін ең көп циклы анықталады.
Металды қажуға
сынау нәтижесінде бүлінген металл,
сынығынан екі аймақты
Үйкелуге сынау. Үйкеліске ұшырайтын бөлшектер (цилиндрлер, подшипниктер, тежеу қондырғылары) жасалатын металдарды үйкелуге немесе өз ара ауыстырғанда төзімділігіне сынайды. Үйкелу немесе тозу кезінде бөлшектерден металл бөлшектері бөлінеді және салмағы кемиді.
Үйкелуге сынау нәтижесі бөлшектердің жұмыс кезінде, яғни сол қысым, сол майлау және т. б. жағдайда ғана дәл болады.
Металды үйкелуге
сынау үшін түрлі тәсілдер: үйкелісетін
жерді дәл өлшеу, салмағын өлшеу
(бөлшектер салмағының кемуіне қарай
үйкелу дәрежесін анықтау үшін),
таңба түсіру тәсілдері қолданылады.
Соңғы тәсілдің мәні мынада: үйкеліске
ұшырайтын беттің қаттылығын сынау
үшін алмаз пирамиданың көмегімен
бетке түсіреді. Бөлшектер үйкелісінде
таңба мөлшері бірте-бірте
Сынау үшін, сондай-ақ металдың металға үйкелісінде және металдардың абразивті материалдармен үйкелісінде тозуын анықтайтын конструкциясы әр түрлі машиналар қолданылады.
Қаттылықты анықтау әдістері
Қаттылық – бұл материалдың бетіне стандарттық денелі (индентордың) енуіне
қарсылық көрсетуі, сынау
кезінде деформацияланбайтын.
үлгілердің қажетсіздігімен түсіндіріледі.
Бұзылмайтын тәсіл. Термиялық өңделген бұйымның сапасын тексерудің негізгі тәсілі.Қаттылықты не индентордың ену тереңдігі бойынша, не салмақ салған кезде қалған із бойынша бағаланады ( Бринелл, Виккерс тәсілдері, микроқаттылық). Барлық жағдайларда материалдардың пластикалық деформациясы болады. Неғұрлым материалдардың пластикалық деформациясының қарсылығы көп болса, соғұрлым қаттылығы көбірек болады. Бринелл, Роквелл, Виккерс, микроқаттылық әдісі кең қолданысқа ие болады. Сынау схемасы 7.1 суретінде көрсетілген.
Сур. 7.1. Қаттылықты анықтау схемасы:
а-Бринелл бойынша, б-Роквелл бойынша,в- Виккерс бойынша.
Бринелл бойынша қаттылық ( ГОСТ 9012)
Сынау Бринелл бойынша қаттылық өлшегішімен жүргізіледі (сурет 7.1.)
Бұйымның қалыңдығы бойынша индентор ретінде диаметрі 2,5; 5, 10 мм болат шаригі қолданылады. Қүші Р, өлшенетін қаттылықтың шаригінің диаметріне байланысты, термиялық өңделген болат және шойын үшін Р=30 D2, құйылған қола және жез Р-10 D2, алюминий және басқа да жұмсақ металдар үшін Р-2,5 D2. “Ұстап қалу ұзақтығы”: болат пен шойын үшін – 10с, жез және қола үшін 30с. Берілген таңба Бринелл үлкейткіш шыны көмегімен бойынша екі бағытта өлшенеді. Қаттылық берілген қүштің сфералық таңбалы бетімен анықталады.
Стандарттық жағдайлар болып D-10мм, Р-3000кгс, т-10с. Бұл жағдайда Бринелл қаттылығы НВ 250 болып белгіленеді, ал басқа жағдайларда былай болады: НВ D / Р / т, НВ
5 / 250 / 30-80.
Роквелл әдісі ГОСТ 9013
Берілген күштің ұштығының түсірімінің әсерімен негізделген (сур 7.1.)
Жұмсақ материалдар үшін индентор (НВ-230 дейін) диаметрі 1/16 (0,16мм) болат шаригі қаттырақ материалдар үшін – алмазды конус.
Жүктелуі 2 кезеңінен іске асырылады. Біріншіден, ұштықтың тығыз жанасуы алдын- ала күшімен қолданылады. Содан соң негізгі қүш қолданылады, бір қатар уақыт ішінде ортақ күш жұмыс жасайды, негізгі күш алынған соң қаттылығын анықтайды. Материалдың жаратылысына байланысты 3 қаттылық шкаласы қолданылады.
Виккерс әдісі
Қаттылық түскен таңбаның мөлшерімен анықталады(рис.7.1 в).Индентор ретінде алмазды төрт қырлы пирамиданы қолданылады, бұрышының ұшы 136°тең. Қаттылық күштің Р түскен таңбасының аумағының F қатынасымен есептеледі.
P салмақ құрайды 5...10кгс. Таңбаның диагоналі d микроскоп көмегімен өлшенеді, қондырғыда орнатылған. Бұл амалдың артықшылығы әр материалдың қаттылығын анықтауға болады, жұқа
бұйымның, беттік қабығың. Ең жоғарғы дәлдік және сезімталдық әдіс болып келеді. Микроқаттылық әдісі –қорытпаның құрлымының құраушылар мен фазаларды,өте жіңішке беттік қабығын анықтауға арналған. Сондай-ақ Виккерс әдісіне ұқсас, индентор – пирамида аз өлшемді, қысу кезінде Р салмақты құрайды 5 ден 500 кгс.
Тырнау әдісі
Алмаздық конуспен, пирамида мен немесе шарикпен тырнау жүргізіледі, ол өлшеу болып табылады. Басқа материалдарда тырналау кезінде олардың қаттылығы салыстырылады. Тырнауды ені бойынша жүргізуге болады және де салмақ түсіру арқылы. Енін берген кезде салмақтың мөлшерін анықтаймыз,.
Динамикалық әдіс
Жоғарыдан шарикті белгілі қабаттан лақтырады, ол бір мөлшерге жылжиды. Жылжу мөлшері неғұрлым жоғары болса, соғұрлым материал қатты болады. Нәтижесінде динамикалық тәжірибе кезінде, айналма соққы арқылы кесілген арнайы үлгілермен (ГОСТ 9454) материалдардың тұтқырлық күйден сынғыш күйге өтуі анықталады.
Тұтқырлық – пластикалық деформация арқылы материалдың ішкі күштегі механикалық энергиясын тұтынуы болып табылады.
Материалдың энергетикалық сипаттамасы болып табылады, жұмыс мөлшерімен сипатталады. Металдың және де балқымасының тұтқырлығы олардың химиялық құрамымен, термиялық өңделеумен және де басқа да ішкі факторлармен анықталады. Сонымен қатар тұтқырлық жағдайға байланысты, металдың жұмыс істеуіне ( температура, жылдамдық салмағы, концентраттардың күш салуымен) тәуелді.
Қорытпалардың күй диаграмасы туралы түсінік.
Күй диаграммасы – бұл
концентрация мен температура
Күй диаграммасын құру термиялық талдау көмегімен жүзеге асырылады.
Қорытындысында бір топ салқындату қисықтарын алады, фазалық өзгеру
температураларда қыйлысу нуктелері мен температуралық кідірістерді байқауын мүмкіндік береді.
Фазалық түрленуге сай келетін температуралар критикалық нүктелер деп аталады.Кристалданудың басталуын сипаттайтын нүкте ликвидус, ал кристалданудың аяқталуын солидус нүктесі деп аталады.
Салқындату қисықтары бойынша диаграмма құрылады, абцисса осіне -концентрация, ал ордината осіне- температура. Концентрация шкаласы В компоненттің құрамын көрсетеді. Ликвидус(1), солидус(2),
қатты күйдегі фазалық түрленуге (3,4) сай келетін сызықтар негізгі сызықтар болып табылады. Күй диаграммасы бойынша фазалық түрленудің температурасын, фазалық құрамның өзгеруін, шамамен қорытпа құрамын,өңдеу түрлерін анықтауға болады.
Сүр. 4.5. Күй диаграммасы
Күй диаграммасы – бұл
концентрация мен температура
атомдарын енгізу арқылы түзіледі. Азайту (вычитания) қатты ерітінділері немесе ақаулары бар торлы ерітінділер химиялық қоспаның негізінде түзіледі.
Құрылысы мен қасиеттері әртүрлі элементтер арасында түзілетін қорытпа химиялық қоспа деп аталады. Варианттылық (С-еркіндік дәреже саны)- жүйедегі фаза мөлшерін өзгеріссіз қалдырып, өзгертуге болатын ішкі және сыртқы факторлардың санын айтамыз(температура,қысым, конценрация).
Қорытпа дегеніміз- екі немесе одан да көп элементтерді қорыту арқылы алынатын зат.
Қосқұрамды қорытпа күйінің диаграммасы
1.Қорытпалардың қатты күйде компоненттердің шексіз еритін күй диаграммасы (шексіз ериітін қатты күйдегі қорытпа)
2. Қатты күйде компоненттер ерімейтін қорытпалардың күй диаграммасы (механикалық қоспа)
3.Қатты күйде компоненттердің шекті ерігішті қорытпалардың күй диаграммасы
4.Компоненттері химиялық
қосылыс түзетін қорытпаның
5. Қатты күйде фазалық
өзгеріске ұшырамайтын
6. Қорытпа қасиеті мен
күй диаграмма түрінің
Қорытпалардың қатты күйде компоненттердің шексіз еритін күй
диаграммасы
Қорытпаның күй диаграммасы мен салқындау қисығы 5.1 суретте көрсетілген.
Сүр.5.1. Қорыпалардың қатты күйдегі компоненттіңің шексіз ериітін күй диаграммасы (а); салқындау қисығы (б)
Ең бірінші термиялық қисықтар алынады. Алынған нүктелерді диаграммаға түсіреміз. Қорытпаның кристалдануының бастапқы және соңғы нүктелерін қосып, күй диаграммасын аламыз.
Алынған диаграммаға талдау жасайық:
1.Компонент саны К = 2 ( А және В компоненттері)
2.Фаза саны ƒ = 2 ( сұйық фаза L, қатты ерітінді кристалдары α)
3.Диаграмманың негізгі сызықтары:
• асв- ликвидус сызығы, бұл сызықтан жоғары орналасқан қорытпалар сұйық күйде болады.
•аdв- солидус сызығы, бұл сызықтан төмен, орналасқан қорытпалар қатты күйде болады.
4.Жүйенің мінездемелік қорытпалары:
А және В таза компоненттері тұрақты температурада кристалданады, В компонентінің салқындау қисығы 5.1.(б)суретте көрсетілген.
1-ші қорытпаның криталдануы: 1- нүктеге дейін қорытпа сұйық күйінде салқындайды. 1 нүктеге сәйкес температурада α қатты ерітіндісінің кристалдану ортасы пайда болады, салқындау қисығында сызықтың майысқандығын көруге болады (критикалық нүкте) ,ол кристалдануда жасырын жылудың бөлінуінен салқындау жылдамдығының төмендеуімен
түсіндіріледі. 1-2 учаскіде төменгі температурада кристалдану жүреді, қомпонентті жүйедегі фаза ереже бойынша екі фазалы жүйеде (сұйық және қатты ерітінді кристалл α), (с = 2- 2+1=1) с =1 бірге тең болады. 2-нүктеге сәйкес температуралы алсақ, одан әрі қорытпа қатты күйге қалады, температураны төмендеткен сайн қорытпа қатты күйде салқындайды, және
оның құрамы қатты ерітіндісінің (α) біркелкі кристалынан құралады.
Қорытпаның микроқұрылымының сұлбасы 5.2-суретте көрсетілген.
5.Қорытпаның құрылысты-
Күй диаграммасын пайдалану арқылы кез-келген қорытпаға, кез-келген температурада фаза санын тауып қана қоймай, оның құрамы мен сандық ара қатынасын табуға болады. Ол үшін "кесінді ережесін" қолданылады. Қорытпаның құрылысты фазалық анализін жасау үшін белгіленген нүктеден бастап канодаға көлбеуді жақын орналасқан сызыққа (ликвидус, солидус, компонент осі) жүргізеді.
а) m- нүктедегі фаза құрамын анықтау:
Оны анықтау үшін m нүктесі арқылы жақын орналасқан сызыққа (ликвидус, солидус) көлбеу жүргізіледі.
Сұйық фазаның құрамы көлбеудің қиылысу нүктесі проекциясының ликвидус сызығымен р анықталады.
Қатты фазаның құрамы көлбеудің қиылысу нүктесі проекциясының солидус q анықталады.Сұйық фазаның құрамы-ликвидус сызығымен, ал қатты фазаның құрамы-солидус сызығымен өзгереді.
Температураның төмендеуімен фаза құрамы В компонентінің құрамының аз жағынаөзгереді.
6. Берілген температурадағы қатты және сұйық фазаның сандық арақатынасын табу (m- нүктесінде): Фазаның сандық массасы жүргізілген каноданың қисығына кері пропорционал.
m – нүктесі арқылы жүргізілген канода мен қиманы қарастырайық.
Барлық қорытпаның мөлшері (Qқор) рq қимасымен анықталады.
рm ликвидус сызығына жанасқан қиманы, қатты фазаның санын анықтайды:
Qқат = = ×100%
pq
pm
Qтв
mq солидус сызығына жанасқан қиманы сұйық фазаның саны анықтайды:
Qсұйық = = ×100%
pq
mq
Qж
Қатты күйде компоненттері ерімейтін қорытпалардың күй диаграммасы
Жүйедегі ұқсас қорытпаның күй диаграммасы мен салқындау қисығы 5.3-суретте көрсетілген.
Сүр. 5.3.Компоненттің қатты күйдегі қорытпа (ерітіндісінің) еріткіштігінің жоқтығын
көрсететін диаграмма(а) және салқындау қисығы (б)
Алынған диаграммаға талдау жасайық.
1.Компонент саны К = 2 (А және В компоненті)
2.Фаза саны ƒ = 3 (А компонент кристалы, В компонент кристалы, сұйық фаза)
3.Диаграмманың негізгі сызықтары:
• асв-ликвидус сызығы, бір нүктеде кездесетін екі тармақтан тұрады.
• есƒ - солидус сызығы, концентрация осіне паралель
4.Жүйенің ұқсас қорытпалары:
а)Таза компонеттер тұрақты температурада кристалданады 5.3.(б) суретте А
компонентінің салқындау қисығы көрсетілген.
б) Эвтектикалық қорытпа – Ι қорытпаның (5.3.б) компонентінің көшірмесіне сәйкес келетін қорытпа.
Эвтектика - әртекті кристалдың ұсақ дисперсті, механикалық қоспасы, тұрақты және жүйедегі ең төменгі температурада кристалданады.
Механикалық қоспаның қорытпасында эвтектика А және В компоненттерінен тұрады.
(кр.А + кр.В)
Эвтектикалық қорытпаның кристалдану үрдісі:
Ι нүктеге дейін қорытпа сұйық күйінде салқындайды. Ι нүктеге сәйкес температурада екі әртекті копоненттің бір уақытта кристалдануы басталады. Салқындау қисығында температурлық кідіріс байқалады, яғни екі компонентті жүйедегі үш фаза туралы ереже бойынша үрдіс тұрақты температурада жүреді (сұйық және А,В кристалдары), еркіндік дәрежесі 0-ге тең болады. (с = 2-3+1=0)
Ι нүктеде кристалдану үрдісі аяқталады. Ι нүктеден төменрек әртекті дисперсті А және В компонентінің кристалынан тұратын қорытпа салқындайды.
в) Жүйенің басқа қорытпалары ΙΙ қорытпаға сәйкес; қорытпаның салқындау қисығын 5.3.б суреттен көруге болады.
ΙΙ қорытпаның кристалдану үрдісі: Ι нүктеге дейін қорытпа сұйық күйде салқындайды. Ι нүктеге сәйкес температурада артық В компоненттің кристалдану орталығы пайда бола бастайды. Салқындау қисығында майысу сызығы көрінеді (критикалық нүкте), ол кристалдануда жасырын жылудың бөлінуінен салқындау жылдамдығының төмендеуімен түсіндіріледі. 1-2 учаскіде төменгі температурада кристалдану жүреді, компоненті жүйедегі
фаза ережесі бойынша екі фазалы жүйеде (сұйық және В компонентінің кристалы) с = 2-2+1=1 тең болады. Салқындау кезінде сұйық фазаның құрамы ликвидус сызығы бойынша эвтектикалыққа дейін өзгереді. 2-2*′ учаскіде эвтектика кристалданады, (эвтектикалық қорытпаның кристалдануын қара). 2 нүктеден төмен алғаш кристалданған артық В компоненттен және эвтектикадан тұратын қорытпа салқындайды.
Қорытпаның микроқұрылымының сұлбасы 5.4 суретте көрсетілген.
Сүр. 5.4 .Қорытпаның микроқұрылымының сұлбасы,а-эвтектикаға дейн,б-эвтектикалык, в-эвтектикадан кейін
- «Металтану және термиялық өндеу» пәні бойынша оқулық құрал. Ақтобе 2011ж
- Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі

- Металдар технологиясы
- Металдың коррозиясы
- Металды престеу
- Метали в водопроводах Стародавнього світу
- Метали. Властивості металів
- Метали і зварювання
- Метали і сплави у процесах поліграфічного виробництва
- Металдарды алу әдістері
- Металдардын жемирилуи
- Металдардың кристалдық құрылымы
- Металдардың макро және микро құрылымы
- Металдар және оның қосылыстары
- Металдар мен қорытпалардың құрылысы туралы
- Металдар мен қорытпалардың құрылысы туралы