"Мұнайгазқұрылыс" ЖШС-на жалпы сипаттама
І."Мұнайгазқұрылыс" ЖШС-на жалпы сипаттама
1.1 "Мұнайгазқұрылыс" ЖШС туралы ақпарат
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-і Маңғыстау облысы және Батыс Қазақстан аймағындағы ірі құрылыс компанияларының бірі болып табылады. Компания 1964 жылы құрылған. Компанияның бас кеңсесі Ақтау қаласында орналасқан.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС – құрылыс-құрастыру жұмыстарын толық кешенді орындап, объектіні дайын күйінде тапсыратын бас мердігерлік құрылыс мекемесі болып табылады.
Компания келесі бөлімшелерден тұрады:
- Компанияның басқару аппараты
- Механизация және автокөлік басқармасы
- Өндірістік қамтамасыз ету базасы
- Құрылыс сапасы зертханасы
- Өндірістік байланыс цехы
- Орталықтандырылған ақауды анықтау және дәнекерлеу зертханасы
- Құрылыс және механикалық жинақтау учаскелері
- Құрылыс индустриясы базасы
- Жобалар инфрақұрылымы тобы.
Компанияның құрылыс жағрафиясы:
- Маңғыстау облысында — Қаражанбас, Қарақұдық, Оңтүстік Бозашы, Доңға
- Атырау облысында — Теңіз, Қарабатан
- Батыс Қазақстан облысында – Қарашығанақ
Компанияның аймақтық өкілдік кеңселері Атырау, Тараз, Шымкент, Ақтөбе, Теміртау, Ақсай қалаларында орналасқан.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-і Ақтау, Ақсай, Атырау қалаларында, Теңіз вахталық поселкесінде, Баутино, Құрық поселкелерінде, Қаражанбас, Қарақұдық, Оңтүстік Бозашы, Доңға кенорындарында құрылыс және әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымдар нысандарына ие.
Бұлар әкімшілік ғимараттар, жөндеу – механикалық шеберханалар, автокөліктер үшін жабық бокстар, жылдың қысқы мерзімдерінде автокөліктерді жөндеу үшін жабық ангарлар, БӨП, диспетчерлер бөлмелері, медициналық бөлмелер, тауар – материалдар қоймалары, техникалық газ сақтау қоймасы, май қоймасы, жанармай стансалары, вахталық поселкелер және дала қалашықтары, жатақханалар, тұрмыстық бөлмелер, асханалар және т.б.
Тұрақты қаржы жағдайы МГҚ ЖШС-не уақытында және қажетті мөлшерде машиналар және механизмдер паркін жаңартуға мүмкіншілік береді. Бүгінгі күнде компания заманауи құрылыс, жол құрылысы техникалары және автотехникалар паркіне ие: Вольво, Рено жүктік өзіаударғыштары, Катерпиллар, Коматцу, Вольво, Хитачи және т.б. маркалардағы өрімтасымалдағыштар, құбыртасымалдағыштар, жүктік және арнаулы автокөтергіштер, автошығырандар, құбыртөсегіштер, экскаваторлар, автогрейдерлер. Теңгерімде барлығы 500-ден астам, қызмет көрсетуге дайын авто және арнайы техника бар.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-де жоғары өнімділіктегі құйматас зауыты, жинақы құйматасараластырғыш құрылғысы, құйматас тасымалы сораптары және т. б. бар.
Құрылыс материалдарын және құрылымдарды заманауи зерттеудің толық спектрлерін қамтитын жоғары технологиялық құрылыс зертханасы жасақталған.
Стандарттан тыс жабдықтар мен құрылғылар үшін тауарлық өнімдер (құйматас, темірқұйматас бұйымдар, металл құрылымдар, тұрғын және өндiрiстiк мақсаттағы модульдар және т.б.) шығарылады.
Компания құрамында қажеттi және жеткiлiктi диагностикалық құрылғылармен жабдықталған, аттестациядан өткен, штатында жоғары кәсіби инженерлері, ақауанықтағыштары және дәнекерлеушілері бар зертхана жұмыс жасайды.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-ның құрылымдары өздерінің құрылған кезеңінен бастап Маңғыстау облысының мұнай кен орындарының (Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас) және газ (Теңге, Батыс Теңге, Тасболат, Оңтүстік Жетібай) кен орындарының кешенді өнеркәсіптік жайластыру бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындады; Қаламқас, Жетібай, Өзен және Таушық кен орындарында қосалқы резервуарлар паркі бар, 4 мұнай айдау стансасы, 2 газ айдау стансасы (Сай-Өтес, Өзен) құрылыстарын жүзеге асырды, электр желісі жүйесін және мұнай құбыры торабын салуға қатынасты, одан басқа да сутехникалық құрылыстар тұрғызды.
Оның ішінде Қаражанбас кен орнында кірме дамбасы бар сутартқы, Бозашы түбегіндегі мұнай кен орындарын Каспий теңізінің тасқынынан қорғайтын бөгет, сонымен қатар Қаламқас кен орнының сортаң жерлерінде бұрғылау жұмыстарын жүргізуге бейімдеп сорықтыру жұмыстарын атқарды.
«Мұнайгазқұрылыс» компаниясының құрамындағы құрылыс мекемелері Теңгіз кен орнын жайластыруды бірінші бастап, Каспий маңайы аймағының барлық жұмыстарын жүргізді. Барлығы 10 мың шақырымнан астам құбырлар, 720 шақырымға жуық электр жүйесі желілерін тартты. Сонымен қатар компания қала салу жұмыстарымен де айналысты: құрылысшылар күшімен шөл далада мұнайшылар қаласы Жаңаөзен салынды.
Соңғы кездерде «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС Маңғыстау және Атырау облыс отарында қайта қалыптастыру және мұнай сақтайтын қосалқы парктерді ауыстыру жобаларын жүргізу үстінде және де Маңғыстау облысындағы жаңа кен орын: Доңға, Сотүстік Бозашыларды жайластыруда. 1997-1998 жылдары «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС – ауа райының қолайсыздығына қарамастан мемлекетіміздің аса қажетті деп табылатын объектісі Каспий теңізінің Қайдақ шығанағындағы «Сай-Өтес - Бозашы» ұзындығы 16 шақырым, шеңберінің орталық тартымдылығы 530 мм. Су асты құбырын ойдағыдай салып бітіріп, Бозашы түбегіндегі мұнай кен орындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешті.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС сонымен қатар машиндермен механизмдерді пайдалануға береді; автокөлікпен жүк тасу, құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету және де өндірістік байланыс қызметін көрсетеді.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС негізгі іс тапсырушылары болып өз облысымыздың мұнай өндіретін мекемелері: «Маңғыстаумұнайгаз» ЖШС, «Қаражанбас» АҚ, НКТН «КазТрансОйл», соңғы кездерде Маңғыстау облысындағы жаңа мұнай газ кен орындарын игеріп жатқан шетелдік фирмалар «Тексако Норс Бузачи, Инк.», «Оман Ойл Компани Лтд.» және басқалар.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС өз құрамында жалпықұрылыс жұмыстарын және құрылысты механизациялау жұмыстарын жүргізетін, барлық жұмыс бабына қажетті өндірістік алаңдары, техникасы және жабдықтары сай құрылымдары бар және де радиотелефондарға қызмет көрсететін базалық жабдығы 8 каналды системалы өндірістік байланыс цехы бар.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС кәсіпқой және мақсатшыл адамдар жұмыс жасайды. Қоғам басшысының саясаты жақсы маман кадрлармен іскер жұмысшыларды іріктеу.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС құрылыс және құрастыру жұмыстарын іс тапсырушыларға өз күштерімен жүргізіп қоймай, арнайы мамандырылған мекемелерге жасатады және де осы мекемелердің атынан тендерге, тіпті келісім-шартпен де отыра алатын экслюзивтік құқығы бар. Осы мекемелердің барлығының Маңғыстау аймағының құрылыс саласында маңызды жұмыс тәжірибесі бар.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС жоспарында мекеменің өндірістік күштерін одан әрі дамыту, жұмыс бағытын кеңейту, құрылыс-құрастыру жұмыстарын Қазақстанның басқа аймақтарында жүзеге асыру.
Негізгі қызмет бағыттары
Компания жұмыстың барлық түрлері бойынша, соның ішінде өз қызметінің негізгі бағыттары үшін қажетті рұқсаттама және лицензияларға ие:
- Мұнай және газ кенорындарын кешенді жайғастыру
- Мұнай және газ өндiрiс нысандарын салу, қалпына келтіру, жаңғырту
- Жобалау, жобаларды басқару
- ЖЖҚ жобаларын қоса құрылыс нысандарын материалдық-техникалық жабдықтау
- Экологиялық қауіпті қызмет түрлері
- Барлық типтегі мұнайгаз құбырларын жинақтау (магистралды, жалғағыш, өндіріс ішіндегі)
- Сұйыққоймалар, металл құрылымдар, өнеркәсiптiк және әлеуметтiк-тұрмыстық ғимараттарды, соның iшiнде зауыттық жасалымдағы толық құрастырмалы, кешенді ғимараттарды жинақтау
- Барлық түрдегі сыртқы инженерлік тармақтар
- Елді мекендерді газдандыру
- Құйматас және темірқұйматасты жұмыстар (монолитті және құрама)
- Тауарлық құйматас шығару
- Кешенді жер жұмыстары
- Жол-құрылыс жұмыстары
- Жалпықұрылыстық жұмыстар және абаттандыру бойынша жұмыстар
- Дәнекерленген жалғанулардың сапасын бұзбай бақылау
- Құрылыс материалдарын зертханалық түрде зерттеу
- Өнеркәсіптік және әлеуметтік-тұрмыстық тұрғыдағы контейнерлер өндірісі
- Металл құрылымдар және металл бұйымдарды жасау
Кесте №1.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау 2010-2012 жж.
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлік |
2010 ж. |
2011 ж. |
2012 ж. |
Өзгерісі 2011-2012 ж.ж | |
+,- |
% | |||||
1. Өнімді өткізуден түскен табыс |
Мың тг |
6160233 |
4313902 |
7314840 |
+3000938 |
169,5 |
2. Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
Мың тг |
5589834 |
3622370 |
6457315 |
+2834945 |
178,3 |
3. Жалпы табыс (зиян) |
Мың тг |
570399 |
691532 |
857525 |
+165993 |
124,0 |
4. Таза табыс (зиян) |
Мың тг |
29012 |
122577 |
124820 |
+2243 |
101,8 |
5. Негізгі қорлардың құны |
Мың тг |
351800 |
2232138 |
2384391 |
+152253 |
106,8 |
6. Айналым қорларының құны |
Мың тг |
1719964 |
1163398 |
2192316 |
+1028918 |
188,4 |
7.Жұмысшылар саны |
адам |
6570 |
6655 |
6760 |
+105 |
101,6 |
8. Еңбек ақы қоры |
Мың тг |
51854 |
64510 |
83279 |
+18769 |
130,0 |
9. Орташа айлық еңбек ақы |
тенге |
28429,0 |
31438,0 |
35773 |
+4335 |
113,8 |
10. Дебиторлық қарыз |
Мың теңге |
1066085 |
172103 |
970184 |
+798081 |
5,6 есе |
11. Кредиторлық қарыз |
Мың теңге |
648728 |
133847 |
13030 |
-120817 |
9,7 |
12. Еңбек өнімділігі |
Мың тг/адам |
40527,8 |
25227,5 |
37705,4 |
+12477,9 |
149,4 |
13. Қор қайтарымдылығы |
теңге |
1,75 |
1,93 |
3,07 |
+1,14 |
- |
14. Қор сыйымдылығы |
теңге |
0,06 |
0,52 |
0,32 |
-0,2 |
- |
15. Қормен жарақтандыру |
Мың теңге |
2314,5 |
13053,4 |
12291,0 |
-762,4 |
- |
16. Рентабелділік |
% |
0,52 |
3,4 |
1,9 |
-1,5 |
- |
Ескерту – «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС – нің жылдық есеп мәліметтерін пайдалана отырып есептелді. | ||||||
Бұл кестеде 2010-2012 жж. «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-ның технико-экономикалық көрсеткіштері берілген, бұл кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорынның тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің де көлемі артып отырғанын байқаймыз. Мысалы еңбек өнімділігі 2012 жылы 12477,9 мың теңгеге өскен бұның өсу себебі өндіріс көлемі артып өнімді өткізуден түскен табыс артқан, үш жылдада қор қайтарымдылығы көрсеткіші қор сыйымдылығы көрсеткішінен жоғары болып отыр, бұл жақсы нәтиже, 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда қордың қайтарымдылығы коэффициенті 1,14 пунктке жоғарлаған. Кәсіпорын 2010 жылы 0,52 пайыз, 2011 жылы 3,4 пайыз рентабелділікпен шықса, 2012 жылы 1,9 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 1,5 пайызға азайған, азаю себебі өткізілген өнімнің өзіндік құны есепті жылы жоғары болып отыр. Жалпы кәсіпорынның нарықтағы жағдайы тұрақты деп қорытынды шығаруға болады, жылдан жылға кәсіпорынның өндірістік ауқымы ұлғайып байқаймыз.
2012 жылы жұмысшылардың орташа тиімділік саны 6760 адамды құрады, ал 2011 жылмен салыстырғанда 101,6% - ға артқан.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-ның 2010-2012 жылғы жылдық есептемелердің мәліметтерін пайдаланып келесі мүліктік жағдайын бағалайтын және кәсіпорынның өтімділік көрсеткіштерін есептейміз:
Нег. қор. баланстық құны
Бал
2011 жылы 2012 жылы
Кн..қ. өсу = 67460/63270=1,07 83047/77330=1,07
Нег. қор. түсуі
Жыл аяғындағы баланстық құн
Кн..қ.жаңару = 1090/67460 = 0,02 17227/83047 = 0,21
Ағымды активтердің құны
Кн..қ.нақты құны =22266/40788 = 0,5 33841/43283 = 0,78
Ағымды міндеттемелер
Кжалпы өтімділік = 40788/10746 = 3,8 43283/15904 = 2,72
Рентабельділік = 4545/67524 = 0,1 33824/183720 = 0,18
Есептеген коэффициенттерді төмендегі кестеге келтіреміз.
Кесте №2.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС қаржылық бағалау коэффициенттері
Көрсеткіштер |
2010 ж. |
2011 ж. |
2012 ж. |
Өсу коэф. |
1. Негізгі қордың өсу коэффициенті |
0,73 |
1,07 |
1,07 |
1 |
2. Негізгі қордың жаңарту коэффициенті |
0,06 |
0,02 |
0,21 |
10,5 |
3. Негізгі қордың нақты құн коэффициенті |
0,39 |
0,5 |
0,78 |
1,6 |
4. Толық өтімділік коэффициенті |
2,1 |
3,8 |
2,72 |
0,7 |
5. Рентабельділік |
0,12 |
0,1 |
0,18 |
1,8 |
Есептелген мүліктік жағдайын және өтімділікті сипаттайтын көрсеткіштерден біз 2012 жылы кәсіпорынның рентабельділігі 18%-ті құрады, бұл көрсеткіш 2011 жылға қарағанда 8%-ке өсті (0,18 – 0,1). Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті 2012 жылы 21%-ті құрады, 2000 жылға қарағанда 19%-ке (0,21 – 0,02) өскен, ал бұл көрсеткіш жоғарылаған сайын тозу коэффициенті төмендей береді.
Осылайша, «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-ның қаржылық жағдайы өтіп кеткен 2 жыл ішінде (2011-2012 ж.ж.) тұрақтылығы байқалады, арықарайда кәсіпорынның тиімді қызмет етуі және оның табыстарын көтеру үшін барлық шаралар жасалынады.
1.2 «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС негізгі қорлар динамикасын және құрылымын талдау
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-і құрылыс-құрастыру жұмыстарының барлық түрімен айналысады.
Құрылыс шаруашылығының экономикалық тиімділік көрсеткіштер жүйесіне еңбек өнімділігі және құрылыс ұйымдарының негізгі өндірістік қорларын пайдалану деңгейі басты орын алады. Құрылыс шаруашылығы өнеркәсіпке қарағанда өндірістік негізгі қорлардың белсенді құрылымына ие болады. Құрылыс ұйымдарының өндірістік қорларында басты орынды машиналар және құрал-жабдықтар алады, сонымен қатар едәуір мөлшерде технологиялық функцияларды орындайтын көлік құралдары.
Кәсіпорынның негізгі қорларының есебі сәйкесінше бухгалтерлік есеп 6 «негізгі қорлардың есебі» стандартымен жүргізіледі.
Кәсіпорынның негізгі қорлары инвентарлы карточкаларда бастапқы және ағымдық бағамен есептелінеді. Кәсіпорынның негізгі қорлары мақсатты пайдалануына және атқаратын функцияларына байланысты келесі топтарға бөлінеді:
- Ғимараттар және құрылыстар
- Машиналар және құрал-жабдықтар
- Көлік құралдары
- Тағы да басқалары
Негізгі қорларды талдау әдетте негізгі қорлардың көлемін, оның динамикасын және құрылымын зерттеуден басталады.
Негізгі қорлардың бар болуын, қозғалысын және құрылымын бағалау және талдау үшін бір жылдық статистикалық есептеменің «негізгі қорлардың және материалдық емес активтердің бары және қозғалысы» мәліметтері қолданылады. Негізгі қорлардың динамика көрсеткіштерінің есебін келтірейік.
Абсолютті өсім – ΔФ = Ф1 - Фо = 83046 – 67460 = 15586 м.т. (2.6.)
Өсу қарқыны – Тр = Ф1/Фо = 83046/67460 = 1,231 (2.7.)
Өсім қарқыны – Тпр.=Тр·100–100=1,231·100–100 = 23,1% (2.8.)
Негізгі қорлардың динамика көрсеткіштерінің есебінен көріп отырғанымыздай негізгі қорлардың абсолютті өсімі 15586 мың тенге, бұл көрсеткіштің өсуі негізгі қорлар құрамына айтарлықтай толықтырулар: кірістің, реконструкцияның және модернизацияның есебінен. Өсім қарқыны 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 23,1%-ке өскен.
Негізгі қорлар құрылымының көрсеткіштері:
Машина және құрал-жабдықтар:
жыл басына (16479/67460)·100 = 24,4%
жыл аяғына (23293/83046)·100 = 28%
Көлік құралдары:
жыл басына (40203/67460)·100 = 5966%
жыл аяғына (48904/83046)·100 = 58,9%
Басқалары:
жыл басына (4498/67460)·100 = 5,4%
жыл аяғына (4063/83046)·100 = 4,9%
Негізгі қорлардың талданып отырған жылдағы құрылымның көрсеткіштерінің есебінен негізгі қорлардың активті бөлігі (машина және құрал-жабдықтар) 3,6%-ке (28% - 24,4%) өскені көрініп отыр, үлкен үлесті көлік құралдары 59,6% және 58,9% алып отыр.
Өнімділік коэффициенті жаңарған негізгі қорлардың 1 теңгелік өнім құнымен сипатталады және төмендегідей есептелінеді:
Көнімд. = П – В/Фн
Көнімд.99 =0.012
Көнімд.2000
Негізгі қорларды тиімді пайдалану көбінесе олардың техникалық жағдайына байланысты болады. Негізгі қорлардың техникалық жағдайын сипаттау үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылады: тозу коэффициенті, жарамдылық коэффициенті, шығу коэффициенті, енгізу және жаңарту коэффициенттері.
Негізгі қорлардың техникалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді есептейік.
Тозу коэффициенті (1.2.) формуласымен яғни тозу сомасының негізгі қорлардың толық бастапқы құнына қатынасымен анықталады, тозу коэффициенті жыл басына және жыл аяғына есептелінеді:
Ктозу 00 (жыл басына)
Ктозу 00 (жыл аяғына)
Ктозу 2001 (жыл басына)
Ктозу 2001 (жыл аяғына)
Техникалық жағдайының коэффициенттерін есептелген мәліметтерден 2010 жылға қарағанда 2011 жылдың аяғына тозу коэффициенті 0,009 (0,067 – 0,076) төмендеген және 0,067 құрады, ал 2012 жылдың аяғы 2011 жылға қарағанда бұл көрсеткіш 0,003 (0,064 – 0,067) төмендеген және 0,064 құрады. Берілген жағдайда біз кәсіпорында бар барлық негізгі қорлардың жалпы тозуын анықтаймыз. 2011 жылы жаңа қорлармен толықтырулар есебінен жарамдылық коэффициентіміз (1.3) формуласымен анықталады, ол келесіндей:
Берілген жағдайда Кжар.қ00 = 1 – 0,076 = 0,924 (жыл басына)
Кжар.қ00 = 1 – 0,067 = 0,933 (жыл аяғына)
Кжар.қ2001 = 1 – 0,067 = 0,933 (жыл басына)
Кжар.қ2001 = 1 – 0,064 = 0,936 (жыл аяғына)
Тозу және жарамдылық коэффициенті жыл басына және жыл аяғына есептелінеді. Өндірістік есептеулерден көріп отырғанымыздай тозу коэффициенті неғұрлым төмен болса жарамдылық коэффициенті жоғары болады және негізгі қорлардың техникалық жағдайы соғұрлым жақсарады. Бұл кәсіпорынның негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті жоғары және 93%-ті құрайды.
Бұны былай түсіндіруге болады 2012 жылы негізгі қорлар құрамына толықтырулар енгізілген яғни кәміпорын жаңа негізгі қорлар сатып алған.
Егерде есептік жылда түскен барлық негізгі қорлар пайдаланымда болмай жаңадан сатып алынған болса, онда енгізу және жаңарту коэффициенттері өзара тең болады.
Енгізу коэффициенті түскен негізгі қорлар құнының (Fn) жыл аяғындағы құнына (Fk) қатынасымен анықталады.
Кенгізу = Fn/Fk (2.10)
Кенгізу 00 = 1090/6740 = 0,0162
Кенгізу 2001 = 17227/83046 = 0,2074
Жаңарту коэффициенті (1.4) формуласымен есептелінеді:
Кжаң. = Fn/Fk
Кжаң. 2000 = 1090/67460 = 0,0162
Кжаң. 2001 = 17227/83046 = 0,2074
Біздің есептеулерімізде 2001 жылы енгізілген негізгі қорлар пайдаланылған емес жаңадан болғандықтан енгізу және жаңарту коэффициенттері өзара тең болып отыр.
Шығу коэффициенті шыққан негізгі қорлар құнының (Fшығ.) жыл басындағы құнына (Fn) қатынасымен анықталады.
Кшығу = Fшығу/Fn (2.11)
Кшығу2000 = 281/66651 = 0,0042
Кшығу2001 = 1641/67460 = 0,0243
Ауыстыру коэффициенті:
Кауыс. = В/П · 100% (2.12)
мұндағы В - жыл ішіндегі шыққан негізгі қорлар, мың.т.;
П – бір жыл ішінде түскен негізгі қорлар, мың.т.
Кауыс. = 1641/17227· 100% = 9,5%
Шыққан қорлардың орнын алмастыруға бағытталған енгізілген негізгі қорлардың үлесі есептеудің қорытындысы бойынша 9,5% құрады. Бұл коэффициент айтарлықтай жоғары болып отыр, себебі бір жыл ішінде негізгі қорлардың шағын ғана мөлшері шыққан.
Демек, машина және құрал-жабдықтар көлкін кеңейту коэффициенті келесіндей:
Ккең. = 1 – Кауыс. = 1 – 0,095% = 90,5% (2.13)
Бұл коэффициент 2012 жылы енгізілген жаңа құрал-жабдықтар мөлшері үлкен дәрежеде екенін көрсетіп отыр.
Алынған есептеулердің нәтижелерін №3 «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ «негізгі қорлардың техникалық жағдайы және қозғалысын талдау» кестесіне кіргізуге болады.
Кесте № 3.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС негізгі қорлар қозғалысы және техникалық жағдайы
|
Көрсеткіштер |
Белгіленуі |
Көрсеткіштер деңгейі | |
2011 ж. |
2012 ж. | ||
1. Негізгі қордың бастапқы (баланстық) құны, мың тенге: а) жыл басына б) жыл аяғына |
Қб Қа |
66651 67460 |
67460 83046 |
2. Негізгі қор тозуы: а) жыл басына б) жыл аяғына |
Т Тб Та |
5063,2 4493 |
4493 5346 |
3. Есептік жылда негізгі қор түсімі, мың тг.: а) барлығы б) соның ішінде енгізілгені |
Түсім |
1090 1090 |
17227 17227 |
4. Есептік жылда шыққаны, мың тг.: |
Ш |
281 |
1641 |
5. Тозу коэффициенті: а) жыл басына б) жыл аяғына |
Ктозу Ктозу, б. Ктозу, а. |
0,76 0,67 |
0,67 0,64 |
6. Жарамдылық коэффициенті: а) жыл басына б) жыл аяғына |
Кжармд. Кжарамд. б. Кжарамд. а. |
0,924 0,933 |
0,933 0,936 |
7. Енгізу коэффициенті |
Кенгізу |
0,0162 |
0,2074 |
8. Жаңарту коэффициенті |
Кжаң. |
0,162 |
0,2074 |
9. Шығу коэффициенті |
Кш |
0,0042 |
0,0243 |
10. Ауыстыру коэффициенті |
Кауыст. |
0,258 |
0,095 |
11. Құрал-жабдықтар паркін кеңейту коэффициенті |
Ккеңейту |
0,742 |
0,905 |
Жоғарыда келтірілген негізгі өндірістік қорлардың қозғалысы және техникалық жағдайын талдаудан біз 2012 жылы «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ көп мөлшерде жаңа негізгі қорлар сатып алынған, соның ішінде оның көп бөлігін машиналар, құрал-жабдықтар және көлік құралдары алып отыр. Негізгі қорларды толықтырулар есебінен құрал-жабдықтарды енгізудің есебінен жарамдылығы жоғарылауы байқалады.
ІІ. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды талдау
Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылығын тиімді пайдалану оның барлық технико-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік туғызады, соның ішінде өнім шығаруын көбейтеді, өзіндік құнын, еңбек сыйымдылығын төмендетеді және т.б.
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды талдау өткізудің методикасы оны қолданудың ең тиімді нұсқауды таңдауға көзделген. Сондықтан талдаудың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- Негізгі қорларды пайдаланудың нұсқаулық шешімдері; және
2) перспективаға мақсатталу.
Перспективалық анализ – бұл инвестицияларды талдаудың негізгі түрі, оған баланста бар негізгі қорлардың және оларды тиімді қолдануының бағалануы барлық ресурстар түріне қолданылатын технологиялық бағалануға негізделген, ол қайтарымдылық және сыйымдылық көрсеткіштерін есептеуді және талдауды болжайды. Сонымен қатар негізгі қорлардың рентабельділігі және салыстырмалы үнемдеуін бағалау жүргізіледі.
«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС бойынша негізгі қордың қор қайтарымы келесідей:
2011 жылы ФОо = 56997,8/66735 = 0,854 тенге
2012 жылы ФО1 = 152617/73855 = 2,066 тенге
2012 жылы пайдаланылған негізгі қорлардың 1 тенгесінен 2,066 тенгеге өнім көріп отырмыз.
Қор қайтарымның өзгерісін сипаттайтын индекс:
Iфо = ФО1/ФОо
Iфо = 2,066/0,854 = 2,4 немесе 241%
яғни, қор қайтарымдылық коэффициенті 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 2,4 есе өскен.
Қор қайтарым нәтижелерін салыстырғанда базистік жылға қарағанда есептік жылы қор қайтарым көрсеткіштері айтарлық көтерілген. Қор қайтарым көрсеткішінің 1,212 (2,066 – 0,854) өскенін 2 негізгі фактордың әсерінен деп түсіндіреміз, біріншіден негізгі қорлардың көлемінің өсу есебінен және екіншіден кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалануды жақсартудан.
Қор қайтарымның өсуі дәл қай фактордың есебінен өсетінін анықтау үшін келесі есептемені жүргіземіз. Бұл үшін келесі кестеде қор қайтарымға және оның өсу қарқынына әсер ететін негізгі көрсеткіштердің абсолютті өзгерулерін көрсетеміз.

- Мұнай газ экология
- Мұнайды айдау
- Мұнайды барлау және өндіру
- Мұнайдың жалпы қасиеттері
- Мұнайдың физикалық қасиеттері
- Мұнайдың физика-химиялық қасиеті және оның экожүйеге әсері
- Мұнайдың шығу тарихы
- Мұқағали Мақатаев
- Мұқағали Мақатаев Мәскеуде оқыған кезеңі
- Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны
- Мұнай
- Мұнай
- Мұнай
- Мұнай бергіштік коэффициентті көтеру әдістері