Монополиялық бәсеке
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2.1. Монополия
2.2. Бәсеке түрлері
2.3. Монополисттік, жетілмеген бәсеке.
Бәсекенің формалары
2.4. Олигополия
2.5. Курно дуополие
2.6. Олигополия
кезіндегі фирмалардың
және оның стратегиясы
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиет
БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.
Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:
- өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;
- өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;
- бәсекеге төзімді өнім өндіру;
- өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді;
- пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.
Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі» жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:
- жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;
- өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады;
- кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды;
- ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады.
Бәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектер өз бәсекелесіне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттерді «бейниетті бәсеке» деп атауға болады:
- бәсекелес туралы өтірік немесе қате мәліметтер тарату;
- тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы, жасау әдісі мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
- бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
- тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік бермейтін жарнама жасау;
- бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар қолдану;
- келісім бойынша өздері ғана білуіне тиісті салаға жататын конфиденциялық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай информацияны таратып жіберу. Аталған шартбұзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттік антимонополиялық агенттікке жүктелген.
Монополия
Монополия (грекше monоs – жалғыз және poleo – сатамын) – 1) бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы; 2) салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі, өзіндік, топтық немесе акционер меншіктегі және өнім өндіру мен өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер (картельдер, синдикаттар, концерндер, консорциумдар, т.б.) болып табылады. Өндіріс пен капиталды жоғары деңгейде шоғырландыру негізінде Монополия көп пайда табу мақсатымен бағаны белгілеп, бақылап отырады. Өндірісті Монополияландыру нарықтық экономиканың бәсекелестік әлеуетін тұншықтырады, бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетеді, Монополияға қыруар пайда түсіреді. Тәжірибеде шығарылатын өнімнің 80%-ына монопол. бақылау жасау қалған өндірушілерге бағаны өктемдікпен таңу үшін жеткілікті. Дамыған елдердің бәрінде, оның ішінде Қазақстанда да монопол. өктемдікке қарсы Монополияға қарсы заңдар қабылданған; 3) бір немесе бірнеше кәсіпорын бақылау жасайтын нарық түрі; монопсония не олигополия түрінде де көрініс табуы мүмкін. Жасырын Монополия, яғни заңды тұрғыда салынған тыйымдар мен шектеулердің көмегімен бәсекеден қорғалған (көбінесе мемлекеттік Монополия), табиғи Монополия, яғни мұндай монополиясыз ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізуге болмайтын қажеттіліктен туған ашық Монополия, яғни бір фирма жағдайлардың тоқайласуы себепті тауарды бірден-бір өндірушіге айналатын Монополия түрлеріне бөлінеді.
Бәсеке
түрлері: ішкі салалық-бір салалық кәсіпорындар
арасындағы ең үлкен табыс үшін күрес;
салааралық-түрлі салалық кәсіпорындар
арасындағы капитал салудың ең пайдалы
жағдайы үшін күрес.
Бәсекенің формалары:
1. Кәміл бәсеке-еркін бәсеке нарығы.
2. Жетілдірілмеген бәсеке.Ол өзі 3 түрге
бөлінеді:
- монополия-тауардың бағасына ықпал ететін,
өндірістің көп бөлігін бақылайтын бір
ғана сатушының билігі.
- олигополия-ірі фирмалар билейтін нарық.
- монополистік бәсеке-біртекті емес, бірақ
ұқсас тауар ұсынатын сатушылар саны көп
нарық.
Табиғи монополия - бұл екі немесе бұдан
да көп фирмалардан гөрі, нарықты шығыны
аз қандай да бір тауар, не қызметпен қамтамасыз
ететін жалғыз ғана фирмадан пайда болған
монополия.
Жасанды монополия - сөз байласу немесе
бәсекелесті басып тастау арқылы құрылған
монополия.
Кездейсоқ монополия - өз тұтынушылары
үшін уақытша сұранысты ұсыныстан асырып
түсіру нәтижесінде пай¬да болады, бұл
капиталдың (қаржының) тиімді жұмсалун
қамтамасыз етеді.
Монополиялардың пайда болуының негізгі
себептері — өндіріс пен капиталдың шоғырлануы.
Монополияға қарсы заңдылықтар-бұл бәсекелестікті
дамытуға, монополияны шектеуге және тыйым
салуға бағытталған заңдар мен үкіметтік
актілер кешені.
Казақстан Республикасының монополияға
қарсы заңы мынадай нормативті-құқықтық
актілерге негізделген: ҚР «Табиғи монополиялар
туралы», «Адал емес бәсекелестік туралы»,
«Бәсеке және монополия қызметін шектеу
туралы» заңдары.
Адал емес бәсекенің келесі түрлері бар:
1. Фирмалық атауды, тауар белгісін заңсыз
пайдалану.
2. Бәсекелестің бәсекеші тауарының сыртқы
рәсімдеуін тікелей ұдайы өндіріс жолымен
көшіру.
3. Сатушының сатудың қосымша шарттарын
зорлап еңгізу;
4. Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз
түрде салыстыратын жарнаманы тарату.
5. Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы
туралы мәліметтерді жарнамада әдейі
бұрмалау немесе жасыру.
6. Бәсекелестікті болдырмауға әкелетін
нарықты қатынас субъектілерінің деңгейлес
қосылуы т.б.
Монополистік, жетілмеген бәсеке. Бәсекенің формалары
Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал XIX ғасыр басында монополиялардын, пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдын. Шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагенттерге әсер етеді.
Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманын, монополиялық болмысы жасанды болады. XX ғасыр дейін монополиялар шектелген сфераларда болған.
Кейін монополиялану процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, Бәсекенің, ұйымдастырулық бастаманың күшейуімен байланысты болды.Монополияланудың бірнеше формалары болады - картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, «парасаттылық» келісімдер, тағы басқа. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия,олигопсония, дуополия, билатеральдік монополия.
Монопсония — белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып табылады.
Олигопсония — белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.
Олигополия — Бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін.
• бірсалалық сауда — өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық құрылым;
• ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым;
• өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру түрінде болатын, "өндірістік пирамида" типтес корпорациялардың бірнеше топтары үстемдік ететін нарық, эдетте "олигополия" деген термин өте ірі әртараптандырылған корпорадиялар әрекет ететін нарықты сипаттау үшін қолданылады.
Дуополия — белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұл ардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мүлде болмайды. Дуополия — Бұл олигополияның ең жабайы түрі. Билатералдық монополия (екі жақты монополия) — тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз (бірлескен) тұтынушысы сайыста болатын нарықтық құрылым. Бұл ар бір-бірімен қарама қарсылық сайыста болады. мұндай нарық электр қуатын, су мен газды қолданғанда пайда болады.
Шаруашылық жүргізудің монополистік формасы жағдайында бәсекенің сипаты өте күрделі болады. Біріншіден, бүгінгі жағдайда, монополияның тұтынушылар мен потенциалдық бәсекелестері туралы толық ақпараты болады. Екіншіден, монополия жарнама арқылы тұтынушылардың сұранысынын қалыптасуына елеулі әсер етеді, өйткені ірі монополиялар үшін жарнаманы пайдалану жеңілірек түседі. Үшіншіден, монополия өзінің саяси және қаржылық салаларындағы байланыстарын пайдаланып, тапсырма берушілерге (мемлекетгік мекемелерге, немесе, контрагенттердің компанияларына) елеулі ықпал етеді. Осы жағдайлар, әдетте, бәсеке процесіндегі қауіпті төмендетеді және монополиялық пайда түсуін қамтамасыз етеді.
Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады, оның негізгілері мыналар: ғылыми-техникалық тіресу; өнеркәсіптік- өндірістік тіресу, сауда сатық тіресу (сайысу).
Ғылыми-техникалық тіресу.Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:
- жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану;
- ғылыми-техникалық
ақпаратты жинақтап пайдалану;
патенттерді сатып алып
Ғылыми-техникалық сайыста әдетте екі үлгі қолданылады:
1. Бәсекелестік үлгі мынадай жағдаймен есептесуді талап етеді:бәсекелес фирмадар белгілі өндірістік техниканың ең тиімдісін қолданатынына негізделеді; ҒТП әкелетін пайда ұзақ мерзімді болмауы мүмкін. Себебі бәсекелес фирмалар техникалық жаңалықтың қандайын болмасын игеріп алуы ықтимал. Жаңалықтарды енгізіп пайданы барлық бәсекелес фирмалар ала алады, бірақ техникалық зерттеу шығындарын жасайтын тек осы зерттеуді жүргізіп дайындаушы ғана болады. 2. Монополистік үлгі. Бұнда жаңалықтар еңгізудің арқасында таза монополист тұрақты түрде елеулі көлемде пайда алу мүмкіндігіне ие болады. Оның ҒТП үшін мол қаржы ресурстары болады және олар жаңадан жасалған техникалар мен өнімді жасыра алатын мүмкіндігі болады.
Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің күшейуі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар нарыққа еркін кіріп, еркін шыға алатын болғанда, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздегі әрекеттенеді — өндіріс тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша төмен болуы үшін, өнімдердің бағасы төменгі дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді түрде болады. Таза монополия жағдайында фирма өнім шығару көлемін азайтып, бағаны жоғарылатып, осының нәтижесінде ресурстар шығынын төмендетіп, пайдасын барынша жоғарылата алады. Бірақ, бәсекелестік кезінде шығьндар біресе өсіп, біресе кеміп ауытқып тұрғанда, жағдай шиеленісе түседі.
Бұнда екі жағдай қолданылады — ауқым нәтижесі және "х-тиімсіздік" түсінігі.
Ауқым нәтижесі. Көп фирмалардың өндіріс көлемі, олардың әрқайсына масштабтың өсуінен болып тұрған нәтижені жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал технология және өндіріс шығындары берілген болғанда көп бәсекелес фирмаларды қолдауға тұтынушылық сұраныс жетімсіз болуы мүмкін. Бұндай жағдайда нарыққа қатынасы жағынан фирма ірі монополистік болуға тиісті, шығарылатын өнімнің бірлігіне келетін өндіріс шығындары төмен болғанда өнімді тиімді өндіруге қабілетті болуы керек.
"X — тиімсіздік". Әдетте, өндіріс шығындарын зерттегенде, мына жағдай болады деп есептеледі: барлық технологиялардан фирма ең тиімдісін, шығарылымның әр дәрежесінде оған орташа шығындардың барынша төмен шамасын жұмсалуын қамтамасыз ететінін таңдап алады деп. Ал нақты өмірде, фирманың қандайы болмасын, шығындарды төмендетудің бар мүмкіндігін толық қолданбайды. Шығындарды орташа шығындардың ең төмен дәрежесіне жеткізудің потенциалдық мүмкіндігін бағалау үшін "X — тиімсіздігі" түсінігі енгізілген. Бұл мына жағдайда орын алады — өндірістің көлемі қандай болмасын, фирманың нақты шығындары минималдық мүмкін шығындардан артық болғанда. Осындай артықшылық фирма кәсіпкерлік тәуекелдіктен бас тартқанда, қабілетті төмен жолдас-жораларды, туыстарды жұмыспен қамтамасыз еткенде, фирма жұмыскерлерін орынсыз қолдап ынталандырғанда орын алады.
Сауда-саттық сайысы. Бұл сайыс бағаны қолдану арқылы жүреді. Ал бағаның өзі үш жақты сайыстың нәтижесінде белгіленеді: біріншіден, жоғары бағамен сату үшін сатушылар арасындағы; екіншіден, тауарларды төмен бағамен алу үшін сатып алушылар арасында; үшіншіден, тауарларды қымбат бағамен сату үшін сатушылар және оларды арзан бағамен сатып алу туралы сатып алушылар арасындағы сайысу нәтижесінде.
Осыған байланысты бәсеке бағаға қатысты және бағаға қатыссыз болып бөлінеді. Әдетте, бағаға қатысты бәсеке белгілі өнімнің бағасын әдейі, жасанды түрде төмендетуді көздейді: мұнда бағалық алалаушылық кең колданылады — шығындардың дәрежесінің әр түрлі болуымен дәлелденбесе де, тауарлар әр түрлі бағамен сатылады. Бағалық алалаушылық үш шарт болуын тілейді:
• сатушының монополист болуын;
• сатушының сатып алушыларды төлем қабілеттеріне сәйкес топтарға бөле алатын мүмкіндігінің болуын;
• алғашқы сатып алушы осы тауарды немесе қызметті қайта сата алмауы керек.
Бағалық алалаушылық мынадай жағдайларда кең қолданылады: қызмет көрсетуде (дәрігерлердің, адвокаттардың, қонақ үйлерін басқарушылардың), өнімді көлікпен тасу қызметін көрсетуде; тауарды сатуда, егер оны нарықтың біреуінен екіншісіне жеткізу мүмкіндігі болмағанда (тез бүлінетін өнімдерді бір нарықтан екіншіге көлікпен жеткізуде).
Бағаға қатыссыз бәсеке көбінесе өнім сапасын көтеру, сату жағдайларын жақсарту, сервистік қызметтерді көбейту арқылы жүреді. Сапаны екі бағытта көтеруге болады: бірінші - тауардың техникалық сипаттамаларын жетілдіру; екінші — тұтынушылар қажеттігіне қолайлы қызмет көрсету. Өнімнің сапасын жоғарылату арқылы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке өнім бәсекесі деп аталады. Бәсекенің бұл түрі немесе ескі үлгіден елеулі айырмашылығы бар, немесе, соның модернизацияланған баламасы болып табылатын жаңа тауар шығару арқылы, салалық нарықтың бір бөлігіне ие болуды көздейді. Сапаны жақсартуға негізделген бәсекенің қайшылықтары аз емес. Бір жақтан, сапаның жоғарылауы бағаны бүркемелі түрде төмендетудің және өткізуді көбейтудің әдісі; екіншіден — сапа деген субъективтік бағалау, сондықтан жарнама және көз тартатын буып-оралуы арқылы оны бұрмалауға және көзбояушылыққа мүмкіндік тудырады.
Өнімді
еткізуді жетілдіру туралы жүретін бағаға
қатыссыз бәсеке сату шарттары туралы
бәсеке деп аталады. Бұл бәсекенің негізінде
сатып алушыға жақсарған сервистік қызметтерді
көрсету жатады: жарнама арқылы тұтынушыға
әсер ету, сауданы жетілдіру, сатып алушыларға
тауарды олар алғаннан кейін сол тауарды
қолдануына яғни пайдалану процесінде
қызмет көрсету.
Олигополия (гр. olіgos – аздаған және poleo – сатамын‚ сауда жасаймын) – рынокта аздаған ірі компаниялар мен бірқатар шағын фирмалар әрекет ететін жағдай. Олардың әрқайсысының өнімі ұқсас үрдісте болады‚ сондықтан жеке жеткізушілер сатып алушыны тарту үшін өнімге айрықша сипат беруге күш салады. Мұның өзі саралау деп аталады. Мұндай рынокқа басқа фирмалардың (компаниялардың) кіруі әдетте қиын болады‚ ал бағаны бақылау олардың бір-біріне тәуелділігі себепті шектелген‚ онда бағадан тыс күшті бәсеке әрекет етеді. Олигополия рыноктың қайсыбір тұрақтылығын туғызады. Жеткізуші бағаны төмендетпейді‚ өйткені оның бәсекелестері дереу бағаны түсіреді. Бұдан сатып алушы ұтады. Бағаны көтерудің де мәні жоқ – рыноктан айырылып қалуы мүмкін. Бәсеке бағадан тыс салада – жарнамада‚ өткізімді ынталандыруда‚ сатып алудан кейінгі қызмет көрсетуде‚ кепілдіктер мен несие беруде пайда болады. Рыноктағы бағаны ірі компаниялар айқындайды‚ ал шағын фирмалар солардың соңынан ілеседі. Егер қайсыбір компания рыноктағы өзінің жайғасымын жақсартқысы келіп‚ бағада жетекшілік жасайтын болса‚ онда ол мұны пайданы азайту есебінен жүзеге асырады.Олигополияның дамуына септігін тигізетін факторлар: фирмалардың қосылуы жолымен өндіріс пен капиталды үдемелі түрде шоғырландыру және осы орайда өнімнің бір өлшеміне жұмсалған шығынды азайтудан алынған нәтиже; рынокқа билік жүргізу – рынок пен бағаны бағалау қабілетіне ие болу; баға мен өндіріс көлемін айқындау кезінде бәсекелестердің іс-әрекетін мұқият ескеру.
Олигополия нарығы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
а) бүл нарықта көлемді сату үлесі бар және бір бірімен бәсекелес бірнеше фирмалар болады;
ә) жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе, басым(лидер) фирмалар деп атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемімем өзгеруіне едәуір ықпал етеді;
б) олигополиялық фирманың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс-әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.
Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес фирманың барлық мүмкіндіктерін ескеріп, талдап отырады.
Олигополияның бір ғана моделі болмайды. Фирманың әр түрлі нақты жағдайдағы іс-әрекетін керсететін бірнеше моделдері бар. Олардың әрқайсысы жеке фир-малардың өз бәсекелестерінің іс-әрекеті мен олардың таңдап алған стратегиялық реакциясына байланысты белгілі болжамына негізделеді.
Монополия кезінде келесі моделдерді қарасту қажет: Курно дуополиясы, қарама-қарсы мақсаттары бар екі жақтың ойъіны, нарықта үстемдік жүргізіп тұрған фирманың моделі және картель. Баға белгілеу мен әнім көлемін анықтауда олигополия нарығы жетілген бәсеке мен монополия аралығында орын алады. Барлық моделдерді қарастырған уақытта олигополиялық бәсеке пайданың азаюына, ал келісім мен бірігу пайданың өсуіне әкеліп соқтыратынын көрсетеді. Пайда қуған жеке фирмалар бір-бірімен қатаң қақтығысқа түсуі мүмкін («баға қақтығысы»), бүл кезде олардың әрқайсысы нарықты жаулап алу мақсатымен бағаны төмендетеді. Баға бірте-бірте төмендеп, орташа шығын деңгейіне жетеді де нәтижесінде бүл фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады. Ал кейбір жағдайда фирмалар бір-бірімен келісімге келіп, бағаны жоғарылатып пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізеді. Бұл уақытта нарықты бөлу туралы келісім жасалады, басқаша айтқанда, фирмалар бірігіп картель құрады. Сонымен фирмаларға өнімді сату көлемі мен баға туралы жасырын немесе ашық келісімге келу тиімді, бірақ бәсекелестіктің күштілігіне байланысты картель ішкі тұрақсыздықпен сипатталады. Қорыта келе, төмендегідей шешім айтуға болады: бірде-бір модель олигополиялық нарықтагы фирмалардың өзара қатынасы қандай деген сұраққа нақты жауап бере алмайды. Сондықтан белгілі бір моделді қолданбас бүрын қарастырып отырған жағдайды, баға мен шекті шығындардың қатынасын, өндіріс саласындағы шоғырлануды және де фирманың іс-әрекетін анықтайтын басқа да маңызды жағдайларды тыңғылықты талдау қажет.
1. Курно дуополиясы.
Олигопология нарығының теориясын Курно дуополиясын қарастырудан бастайық. Екі фирма (А және В) бірдей технологияны қолданады және біртектес өнім өндіреді делік. Бұл фирмалардың әрқайсысы шығарылатын өнім көлемін анықтаулары керек және олар шешімді бір уақытта қабылдаулары қажет.
Курно дуополиясы моделінің негізі мынада: әрбір фирма өнімді шығару жайлы шешім қабылдаған кезде бәсекелесушілердің өндіріс көлемі түрақты деп санайды және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан, Курно моделінде фирмалардың өзара қатынасы тұрақты баға кезінде өндіріс көлемін тандау арқылы жүзеге асырылады.
Бір фирманың негізгі мақсатын көрсетейік (басқа фирма үшін де осыған ұқсас болады).
А фирмасы белгілі сұраныс функциясы Р=P (Qа+Qв) және В фирмасьтның өнім шығаруы (QВ) тұрақты болған кезде, өзінің пайдасын (ПА) барынша көбейтетін өндіріс көлемін (QА) таңдауы керек:
ПА(QA,QB)→max;
ПА=P(QA+QB)*QA-c(QA)
Мұнда, с(QА)-А фирмасының шығындар функциясы. Берілген есептің шешімі бірінші қатарлы ұтымдылық шартынан табылады:
Р'*QА+Р-с'(QА)= 0.
Бұл тендеу А фирмасының реакция қисығын бейнелейді немесе В фирмасыньтң өнім шығару көлемі өзгереді деп болжамдаған кезде А фирмасының өнімі қалай өзгеретінін көрсетеді. Осындай жолмен В фирмасы үшін де тендеу алуға болады:
P**QB + P-c¹(QB)=0
Курно тепе-теңдігі. Екі фирма бір уақытта пайдасын жоғары деңгейге жеткізетін өнім көлемдерін 0*А, Q*В тандайды және бұл кезде жоғарыдағы (2), (3) тендеулердің шарттары орындалуы керек, яғни бір фирма екінші фирманың өнім шығару көлемі белгілі бір тұрақты шама деп болжайды. Курно тепе-тендігі нүктесінде фирманың ешқайсысы да өнім көлемін өзгертпейді, себебі оларды ынталандыратын ешқандай себептер жоқ.
Модельдің негізгі кемшілігі - әр фирманың өзімен бәсекелес фирма өнім көлемін өзгертпейді деп болжам жасауы. Ал күнделікті өмірде фирмалар бағаның өзгеруін, бақталастарының өнім шығару көлемін, өндірістік жағдайларын және т. б. ескеріп отырады.
Енді
сызықтық сұраныс функциясы үшін
Курно тепе-теңдігі қалай
Төмендегідей сүраныс және шығын функциялары берілсін делік:
Р(Q)= К-QА-Qв;
мұнда, Q = QА+Qв; К=сопst,
С(Q) = С*QB
мүнда, С = соnst.
Онда
ұтымдылықтың шартынан мынаны аламыз:
А фирмасы үшін: К - QВ
- 2Qа=C

- Монополиялық кірісті реттеу ережесі
- Монополия на отраслевом рынке
- Монополияның мәнi
- Монополияның мәнi
- Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi
- Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi
- Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi
- Монополия и конкуренция: сущность и взаимодействие
- Монополия и монопольная власть
- Монополия и олигополия в рыночной экономике
- Монополия и причины ее возникновения
- Монополия и рынок
- Монополия и рынок. Причины несовместимости двух явлений. Антимонопольное государство
- Монополия как форма организации производства