Моңғол мемл құрылуы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағвы Батыс
Қазақстан Мемлекеттік
Тарих және құқық факультеті
ҚР тарихы кафедрасы
Тақырыбы: Моңғол мемлекетінің құрылуы
Орындаған:Шаймұратова
А.А
I курс 03101 группа
Тексерген: Тарих ғылымдарының
магистрі Айбекова Г.Ю
Орал 2013
Жоспары:
1.Моңғол және татар рулары мен тайпалары ,олардың қоныстануы, қоғамдық саяси құрылысы (XII-XIIIғ.ғ)
2.Темучин(Шыңғысхан) басқарған моңғол мемлекетінің құрылуы мен нығаюы
3.Темучиннің көршілес
феодалдық мемлекеттермен
4.Шыңғысханның Орта Азия
мен Қазақстанды жаулап алуы
5.Қазақстан аумағындағы
Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарының
құрылуы және олардың
6.Шыңғысханнан кейінгі
Моңғол империсының
7.Моңғол империясына қарайтын
ұлыстардың мемлекеттік
Халқымыздың
ежелгі тарихын білуді мақсат
етсек,Шыңғысханның
VII-VIIIғ.ғ Ұлы қытай қорғанынан Байкалға дейінгі, моңғол жерінің солтүстік жағындағы Қытай шекрасымен шектесетін яғни, Ұлы Қорғанға барып тірелетін кең алқапты мекен еткен халықты қытайлар “ақ татарлар”деп атады.Бұл -моңғолдарға Қытай мәдениеті өз ықпалын тигізген аймақ.Байкал көлінің айналасын мекендеген Солтүстік моңғолдарды қидандар немесe “орман қара татарлар”деп атаған.
Бұлар қандай халық және қайдан пайда болды?Татарлар- халықтың аты,әр кезеңде әр түрлі мәнде қолданылған “Оғыз-татар”және “Тоғыз-татар” деген татрлардың біріккен екі тайпасы б.з VIIIғ. Орхон жазбаларында кездеседі. Сол кезде жазба осы атпен түркілердің немесе моңғолдардың бір бөлігін атаған,татарлар Байкал көлінің солтүстік батысынан Керуленге дейінгі аралықта өмір сүрген.
(1)Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде оған табынған халықтар.
“моғул”немесе “моңғол ”деген атты қабылдап алған. Моңғол нәсілі-көне заманда қалыптасқан адамзат қауымының аса үлкен нәсілдерінің бірі. Бүгінгі моңғол нәсілі негізінен шашының тік, қара,қалың көзінің қара, қоңыр түсті, бет,дене түгінің аз,жоғарғы қабағының қыртысты,кішкентай болып келуімен сипатталады.Моңғол нәсілі континентальды және тынық мұхиттық болып 2 бөлінеді.Алғашқысының беті өте ірі,терісі мен түсі ақшылдау, шашы көзі пигментті,еріндері жұқа болып келеді. Континентальды топ солтүстік азиялық және орталық,ал тынық мұхиттық солтүстік және оңтүстік болып ішией тағы да бөлінеді. Арктикалық(эскимостық) конт.және тынық мұхиттық топтардың арасынан орын алды.
VII-VIIIғ.ғ моңғол шапқыншылығы жайындағы әңгімелерде шапқыншыларды “татарлар”деп атайды. Арабтар Сирия мен Египетте түркі халықтарын “татарлар” деп атаған.Бір ғажабы,моңғол тілінде сөйлейтін,моңғол тегінен шыққан халықтар да өздерін татарлар дейтін.
Шыңғысханнан кейін бұл сөзді(татар) Моңғолия мен Орта Азияда моңғол деген сөз ығыстырып шығарды.(Мұсылман жазбаларында “моңғол”не болмаса “моғул”сөздері бұрынғысынша әлі сақталып келе жатса, Ауғанстанда тұрып,өз тілдерін сақтап қалған моңғол қазірге дейін өздерін моғол деп атап келеді. )Бірақ кейбір саяхатшылардың (Ионна де Корпини Рубрука)сөзіне қарағанда ,бұл сөз ресми түрде енгізілген.Алтын Орда мемлекетінің халықтары сонымен қатар кейінгі осы аймақтағы шағын мемлекеттің халықтары әр заманда өздерін “ татарлармыз ”деген. Сонымен қатар Қырым халықтары,османдықтар да өздерін “ татарлармыз ”деп атаған.Бұған Санкт-Петербургтегі Пушкин кітапханасында сақталған кітаптар куә.
Татар-Моңғол тайпалары XIIғ. қазіргідей мал шаруашылығымен жіне аң аулаумен айналысқан. Олар көшпелі тайпаларға тән ерекшеліктермен өмір сүрді. Моңғолдар рулық тұрмыс деңгейінде болды. Олар руға,тайпаға,ұлыстарға бөлінді.XIIғ.моңғол қоғамы жікке бөлінді: 1)дала ақсүйектер, 2)қарапайым халық,3)сатылмайтын құлдар. Ол кезде моңғолдар шамандыққа табынатын, ал буддизм,яғни, ламаизм дініне XIIғ.екінші жартысында –Алтын хан(1) тұсында өтті.Бұл дінді қабылдау XIII ғ. Шыңғыс хан немересі Құбылай ханның кезінен өріс алды.
(1)Алтын хан (IX-X)моңғол тегінен шыққан қара татарлар немесе қара қытайлар(қидандар). Қазіргі моңғол жеріндегі қырғыз мемлекетін жойып,оларды Енисейге ығыстырды. Мемлекет атын Алтын хан деп қойды.Қырғыздар қидандарды қара қыталар деді,себебі:олар қара татарлардан болса керек.Атаудың мағынасы-жыртқыш зиянды аң. Басып жаншуға дағдылы зиянды аң.
XIIғ.2 жартысында Далайнұр және Буйрнұр өзендері маңында моңғол тайпаларының құрамына кіретін татарлар көшіп-қонып жүрді. Олардың батысына қарай Теле өзенінің бойындағы түркілер керейттер деп аталатын. Ал бұлардың батысындағы Алтай жоталарында найман тайпалары өмір сүрді. Татарлар Онон өзенінің маңында өзіндік моңғол тайпалары өмір сүрді. Моңғолдардың батысына қарай Хангай тауларында және Байкал көлі маңында меркіттер қоныстанды. Саян таулары мен Байкал көлінің аралығын ойраттар деп аталатын тайпа жайлады. Жоңғар тауларын негізінен шығу тегі жағынан түркі халқының тармағынан тараған, мәдениет пен жазуды Қытайдан емес, Батыстан алған ұйғырлар мекендеді. Шығыс Түркістан мен Жоңғария және Жетісу аудандарының үлкен бөлігін, сондай-ақ Байкал көлінің маңайынан тұратын орасан кең аймақты Қарахан мемлекеті ұстап тұрды. Осы жерлерде түркі тайпалары мекендеді. Міне, осы ұлы дала халықтарының барлығы салт аттылар мен жауынгерлер болды.
Оларда бекіністі
қалалар жоқ, бірақ үнемі
Моңғолдар
туралы алғашқы мәліметтер
Бұл саясаттың мықтылығы Ұлы Қытай қорғанынан да асып түсті. XII ғ.осы саясатты берік ұстанған цзиньдықтар ақ татарларды қара татарларға айдап салды. Осының әсерінен Қабул қаған тұсында өзінің гүлдену дәрежесіне жеткен және бірталай тайпалардың басын қосқан, өздерін “қара татарлар” деп атаған моңғалдар күйреді. Алайда Шыңғысханның ел басына келуінің алдында татарлардың өзі цзиньдықтардың қауіпті жауына айналған болатын. Осыдан соң цзиньдықтардың қарсы позицияға өтіп, моңғолдарға көмек беруі де, татарлардың күшін моңғолдар арқылы бәсеңдету еді.
Осындай жағдайда
тарих арнасына алғашқы істі
өзінің туыстас тайпаларын
“Құпия шежіренің” қытай әрпімен жазылған нұсқасы Еуропада мәлім болғанына да 150жылдай уақыт өтті. Орыс ғалымы Палладий Кафаров Пекинде тұрғандақытайдың көптеген таризи шежірелерін зерттеп, Маньчжурдың Богда ханының кітапханасынан “Моңғолдың құпия тарихын” кездейсоқ ұшыратып, ешкімге білдірмей алады да, оны орыс тіліне аударып, 1866ж.бастырып шығарады. Бұл тарихи шежірені Кеңесғалымы С.А. Козин 15 жыл зерттегеннен кейін,1941ж. “Құпия шежірені”орыс тіліне қайта аударып, қосымша зерттеулермен бірге жеке кітап етіп бастырды. Және бұл шежіренің алты бөлімін өытай тарихын зерттеуші француз Пеллио 1913ж. фрацузша бастырса, Германның Хени деген қытай зерттеушісі бірнеше тармағын, ал қытай ғалымы Ей-Дә-Хүй 1908ж. латын әрпіне түсіргені де мәлім.
“Құпия шежіреде” Темучиннің өсіп ержеткені, одақтастарымен (қоңырат,меркіт, керей, найман,жалайыр тайпалары ),қалай шайқасатыны туралы,ақыры Темучин атты Есугэй Ұлы киіз-туырлықтар әулетінің қара шаңырағын көтеріп,күллі көшпелілердің тұңғыш мемлекетін қалай орнатқаны туралы тарихи көркем туынды ретінде айдай әлемге әйгіленіп кетті.
Шыңғысхан империясын айтқанда, ескерте кететін бір жайт бар: Қытай тарихында Шыңғысхан дәуірін Юань дәуірі дейді. Қытай тілінде осы дәуірдің 16томдық тарихы бар. Соның 11-13 томдары Шыңғысханның керей,найман, қыпшақтарды бағындыру тарихын баян етеді- Түркі қалаларын қалай бағындырғаны туралы айтылады. Әсіресе найман елімен болған соғыстың сұрапылдығы ерекше. Олар Найман ханы Инанш (Диан хан) Білге Бұқа ханды жеңгеннен кейін найман жазуын мемлекет жазуы етіп қолданады. Найман ханының хатшысы Тәте Тұңғаны тірідей қолға түсіріп,содан найман жазуын үйретеді.Шыңғысхан бүкіл найманның мемлекет басқару жүйелерін де қабылдайды. Тіпті өзінің әскер басыларына Бұқа деген ат береді. Қытайдағы Чынду қаласын жеңіп алған батырын “Чынду Бұқа” деп атайды.
Темучин(Шыңғысхан) басқарған моңғол мемлекетінің құрылуы мен нығаюы
XIIғ. аяғы мен XIIIғ.басындағы Орта Азия мен Қазақстан қалаларында билік үшін тайпалар арасындағы күрес асқынып кетті. Күрес барысында моңғол тайпалары көсемдерінің бірі Темучиннің(Шыңғысхан)мерейі үстем болып, ол Орта Азия тайпаларының басын қосқан құдіретті билеушіге айналды.
Ол моңғол билеушісі ноян Есугэй(Есікей) бахадүр отбасында кейбір мәліметтер бойынша 1162ж. екінші дерек бойынша 1155ж.дүниеге келіпті. Моңғол аңызына сүйенсек,Темучиннің әкесі қият-борджигин руынан екен де, шешесі қоңыраттың қызы екен. Әкеден ерте айырылып Темучин жастайынан көп қиыншылық көріп өсті. Ер жеткен соң сенімді жігіттерден қол жиып,ержүрек жауынгер деген атаққа ие болады. XIIғ.ақырында Орта Азия далаларының ықпалды көсемдері дәрежесіне дейін көтеріледі.
Темучиннің мәртебесін
көтеруде оның керейіттер
1185ж.Ван хан, Темучин және моңғол тайпасы джаджираттан Джамуха Селенга өзенін сағалаған меркіт ұлысын талқандайды. Жеңіс Темучиннің құдіретін арттырып, оны басқа да белгілі билеушілер қатарына қосқан болатын.
1198ж.Ван ханмен қазіргі
Манчжурия территориясындағы
1199ж. Темучин мен Ван
хан найман хандарының бірі
Бұйрыққа шабуыл жасады. Әскерін
жинап үлгермеген Бұйрық хан
Алтай сыртына қашқанымен тас-
1220ж. ақпанында Отырар
толығымен жау қолына көшті.
Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы
Сыр бойындағы қыпшақтар
Шыңғысхан қолы Сырдың
бойымен төмен жүріп отырып,
Мұсылман жылнамашысы Жүзжани бұл жөнінде: “Қыпшақ даласының ауасы мен суын көрген Жошы әлемде бұдан көркем жер, бұдан кең жайылым болуы мүмкін емес деген екен”-деп жазды. Жебе ноян мен Сүбедей батыр басқарған 30мың әскер Солтүстік Иран арқылы 1220ж. Кавказға баса көктеп кірді,алаңдарды,қыпшақтарды талқандаған соң, Қазақстан арқылы Шыңғысхан ордасына 1224ж. оралды. Осылайша, 1219-1224ж.ж.моңғол шапқыншылығы нәтижесінде қазіргі Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына кірді.
Моңғол шапқыншылығына қарсы шыққан арғы аталарымыздың күресі бұдан кейін де жалғасып жатты.1241-1242ж.ж. қыпшақтар Жошы ханның баласына үлкен қарсылық көрсетеді. Деректерде қаңлылыардың да үсті-үстіне наразылық көрсеткені айтылған.
Жаулап алудың барысында моңғол шапқыншылары халықты бағындырудың сан алуан түрлерін (дипломатиялық тәсілді,жансыздарды, үрей туғызуды,арандатуды, кепілдік, аманат алуды,т.б) қолданды. Сырдария өңіріндегі қалалар мен қазіргі Оңтүстік Қазақстан елді мекендері осындай саясаттың құрбаны болды.
Қорыта келгенде бұл кезде Шыңғысхан жағында көптеген жергілікті феодалдар болды. Жергілікті халық басқыншыға қарсы ерліпен күресті. Парсы тарихшысы Жувейнидің айтуынша 5 ай қоршауда тұрып, қалың жаумен айқасқан Отырар халқында аштық басталады. Осыған шыдамаған қолбасшылардың бірі – Караджа хаджиб түн ішінде қаланың “Суфихана” қақпасын ашып беріп, жау қолына қосылады. Соған қарамастан Отырар әкімі Ғайирхан бастаған қала халқы тағы да 1ай ерлікпен күресті. Нисавидің жазбасында Ғайирханның қарауында 20мың әскер,ал Жувейни жазбаларында Хорезм шахы оған 50мың әскер, Отырар қоршауда қалар алдында тағы да Караджахад бастаған 10мың әскер жіберген. 1220ж.ақпанда моңғолдар жойқын күшпен Отырарды әзер алып, халқын қырғынға ұшыратады. Отырарды жер мен жексен еткен Шағатай мен Үгедей жасағы Бұхара мен Самарқан аралығында Шыңғысхан әскеріне қосылды.
Шыңғысхан бастаған моңғол армиясының бас легі 1220ж. Орта Азия аймағын Әмударияға дейін қаратты. 1220-1221ж.ж.қысында Хорезмді басып алумен олардың Орта Азияға шабылы аяқталды. Орта Азия билеушісі Хорезм шахы Мұхаммед күресті дұрыс ұйымдастыра алмады. Қарамағындағы феодалдардың күш бірікітіруінен қауіптеніп, әскери күштерін қалаларға, қамалдарға бөлек –бөлек топтастырды. Бұл моңғолдың жаулап алуын жеңілдетті.Бұхара, Самарқан сияқты қалалар жауға қарсылық көрсете алмай, ұрыссыз-ақ берілді.
Қазақстан аумағындағы Жошы, Шағатай,
Үгедей ұлыстарының құрылуы
Моңғол империясының құрамына
кірген Қазақстан жері Шыңғысханның
3 ұлының ұлысына бөлініп берілді.
Үлкен(далалық)бөлігі Жошы ұлысына(1243ж.ьастап
Алтын Орда),Оңтүстік және Оңтүстік-
Шығыс Қазақстан Шағатай
Отпен өртеп, қылышпен қырып,орасан зор империя құрған Шыңғысхан өзінің 4 ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді:кіші ұлы Төле Шыңғысханның негізгі жұртын - Моңғолияның өзін, сондай-ақ моңғолдың тұрақты 129мың адамдық армиясының 101мыңын алды. Моңғолиядан батысқа қарай жаулап алынған ұлан-ғайыр аймақ үлкен ұлдарына бөлінді. Шыңғысханның 3ші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен ұлысының орталығы орналасқан Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарайтын болды.Өзін ұлы хан деп жариялағаннан кейін(1228-1229-1241ж) Үгедей Орхонда, Қарақорымда тұрды.
Шыңғысханның 2ші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі “ұйғырлар өлкесінің шекарасынан Бұхара мен Самарқандқа дейінгі жерлерді”,яғни Шығ. Түркістанды, Жетісу мен Мауараннхрға дейін қамтыды. Жамал Қаршидің деректері бойынша, Шағатай иеліктерінің негізгі бөлігін құралған өлке аларғу д.а.: оның басты қаласы Алмалық,Шағатайдың жазғы ордасы Іле өзенінің алқабындағы Құяш деген жерде.
Шыңғысханның үлкен ұлы
Жошының үлесіне Жетісудың
Шыңғысханның тірі кезінде бөлініп берілген жерлер олар үшін тек қана пайда көзі болды, бірақ империя басшысына бағынышты болып қала берді. Ол өлгеннен кейін де жағдай біршама өзгерді. Шыңғысхан ұрпақтарын өз әулеттерін билеп-төстеп алуға,ал ұлыстарды тәуелсіз иеліктерге айналдыруға итермеледі. Ұлыс билеушілерінің қолына біртіндеп бүкіл билік толығымен көшіп,империя бірнеше дербес мемлекетке ыдырады. Оның ыдырауының негізгі себептері : халық бұқарасының моңғол езгісіне қарсы күресі,көптеген елдер мен халықтады қарудың көмегімен қаратып алған империяның іргесінің берік еместігі, қырық қырау болып,үнемі жалғасқан өзара қырқыстардың бітпеуі ,экономикалық байланыстардың,мәдени тарихи дәстүрлердің болмауы еді.
Шыңғысхан тұсында-ақ
моңғол феодалдарының арасында
қарама-қарсы саяси 2 бағыт
байқалған еді. 1ші жаулап алушылардың
көшпелі тұрмыс пен қырдағы
патриархаттық дәстүрлерді
Құрылтай . Моңғол импертясының саяси өмірінде Шыңғыс ұрпақтарының және көшпелі моңғол шонжарларының жалпы империялық жиналысы-құрылтай зор рөл атқарды. Құрылтай ресми түрде жоғарғы өкімет билігінің жоғарғы органы болды, құрылтайда ірі әскери істерге байланысты мәсеселер, ішкі саясат,Шыңғыс ұрпақтары арасындағы өлкелерді бөлу мәселелері шешіліп отырды. Құрылтайда хан сайлау және оны салтанатты түрде таққа рәсімдері жасалады. Құрылтайға империяның, ұлыстың, басшысы немесе билік жүргізіп отырған рудың жасы жағынан үлкен мүшесі шақырылатын. Оның шақырылу мерзімі күні бұрын белгіленіп, ұлыстарға адам жіберу арқылы жарияланатын.
Ұлыстық құрылтайлар мақсаттарының бірі өзара қырқыстарға жол бермеу болатын.
Яса . XIIIғ.басында Моңғол мемлекетінің құрылуы мемлекетті басқару үшін ортақ жазбаша баянды етілген құқықтық нормалар мен заң ережелерін әзірлеу қажеттігін туғызды. Жаңа жағдайларға сай келетін,жинақталған әрі өзгерістерге ұшыраған әдеттегі құқық осы мақсатқа орайластырылды. Заңдар мен ережелердің жиынтығы Шыңғысханның “Ұлы Яссасы” д.а.
Яса
–қаулы,заң мағынаны деген

- Моңғол шапқыншылығы
- Моңғол шапқыншылығы
- Моңғол шапқыншылығы
- Моралес, Эво
- Мораль
- Мораль
- Мораль
- Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуы
- Моңғолдар жаулап алуының зардаптары
- Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы
- Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы
- Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы
- Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы
- Моңғолияның этнографиялық туризм дамуы