Мухаммед Хайдар Дулати (1499–1551 гг.)
Мухаммед Хайдар Дулати (1499–1551 гг.)
Мухаммед Хайдар Дулати, мырза Мухаммед Хайдар бен Мухаммед Хусайн Курекандуглат родился в 1499 г. в Ташкенте, умер в 1551 году в Кашмирском валаяте в Индустане. Знаменитый историк, литератор. В литературе известен как Хайдар мырза, Мырза Хайдар. Мухаммед Хайдар Дулат является автором дастана «Джаханнама», вошедшего в исторический справочник по Могулистану и приграничных ему областей — «Тарихи Рашиди».
Предки Мухаммед Хайдара
Дулати были видными
Дедушка Мухаммед Хайдара
Дулати — мырза Мухаммед
Детство Мухаммед Хайдара
Дулати приходится на времена
заката государства династии
Тимура в Средней Азии, произошедшего
под давлением узбекских
По словам Бабура, Мухаммед
Хайдар Дулати обладал
«Тарих-и Рашиди» содержит
много сведений о формировании
Казахского ханства, о дальнейших
событиях в Жетысу и Восточном
Дешт-и-Кыпчаке, падении Могулистана,
феодальных войнах, установлении
дружеских союзов между
«Тарих-и» состоит из
двух тетрадей. В первой подробно
описывается история
Абу-ар-Рашид, вновь воссевший
на трон в 1533 году, опасаясь своих
соплеменников, стал их преследовать.
Двоюродный брат Мухаммед
Мұхаммед Хайдар Дулати
Мұхаммед Хайдар Дулати,
Дүниеге келгені: 1499
Ташкент
Қайтыс болғаны: 1551
Үндістан, Кашмир уалаяты
Мансабы: Әйгілі тарихшы, әдебиетші
Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Тарихи Рашиди
3 Мұхаммед Хайдар Дулати Фильм
4 Cілтемелер
Өмірбаяны
Мұхаммед Хайдардың ата – бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркстан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін атқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады.
Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың немере ағасы – Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі.
Тарихи Рашиди
"Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті— Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.
Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады. Мұхаммед Хайдар Дулати құрметіне аты Тараз мемлекеттік университетіне берілген.
Мұхаммед Хайдар Дулати Қазақ хандығының тарихын алғаш зерттеуші.
ҚАДЫРҒАЛИ ЖАЛАЙЫР: ШЫГУ ТЕГІ МЕН ЕҢБЕГІ ЖӨНІНДЕ Махмуд бен Уәли еңбегі мәліметтерінің Қазақ хандығының құрылу тарихын зерттеудегі маңызы Мұхаммед Хайдар Дулати Қазақ хандығының тарихын алғаш зерттеуші. С.К.Ибрагимов және XV-XVI ғғ. Қазақстан тарихының мәселелері.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі 20 жылдан сәл ғана астам уақыт ішінде еліміз бірнеше жиырма жылдарға тұрарлықтай кезеңді басынан өткеріп, адам танымастай өзгерді деуге болады. Ол өзгерістер қоғамдық қатынастардан бастап қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыды. Тәуелсіз елдің жаңа жас буыны өсіп жетіліп, олардың өздері ел ішіндегі қайнаған қызу өмір мен үдемелі үдерістерге белсене араласа бастады. Жалпы ғылымдар мен қоғамдық ғылымдар секілді отандық тарих ғылымы да осы жылдары сандық жағынан да, сапалық жағынан да анағұрлым жоғары көтерілді. 20 жыл ішіндегі Отандық тарих ғылымының жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері ұшан-теңіз. Ал енді тарих ғылымының қай дәуірі мен кезеңі, оның қандай мәселелері жақсы зерттелді деген сауалға келсек, оған бірден және біржақты жауап бере қою қиын. Өйткені тарих ғылымының барлық мәселелері бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер жетерлік. Соның біріне – кейінгі ортағасырлардағы Қазақстан тарихының мәселелері жатады.
Ортағасырлық Қазақстан
Алдыменен қысқаша автор туралы айта кетсек.
Мұхаммед Хайдардың ата-
Мұхаммед Хайдар қолбасшы, мемлекет басшысы, философ, дінтанушы ғана емес, сонымен бірге дастан жазған ақын, тарихи шығарма жазған ғалым - тарихшы да. Оның қаламынан «Жахан-наме» атты поэма, «Тарих-и Рашиди» атты тарихи туынды дүниеге келген. Жалпы алғанда, Мұхаммед Хайдар Дулатидың өмірі мен оның «Тарих-и Рашиди» еңбегі тарих ғылымына XІХ ғасырдың 50-шы жылдарынан бері жақсы таныс [1, 14-27 бб.; 2, 131-133 бб.; 3, 598-599 бб.; 4, 91-100 бб.; 5, 78-87 бб.; 6, 22-23 бб.; 7, 829 б.; 8, 190-203 бб.; 9,176-197 бб.;]. Соңғы жиырма жылдық кезеңде тарихшыларымыздың ізденістері арқасында Мұхаммед Хайдар Дулатидың есімі мен оның «Тарих-и Рашиди» еңбегі Отан тарихында өзіне лайықты бағасын алу үстінде деуге болады.[10,176-197 бб.; 11,12, 13, 14, 15.]. Осы бүгінгі болып жатқан ғылыми басқосу және бұған дейін 1997-2000 жылдар аралығында Тараз бен Алматы қалаларында Мұхаммед Хайдар Дулатиға арнап өткізілген халықаралық ғылыми конференциялар соның көрінісіне жатады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашидиі» - автордың көзімен көрген және құлағымен естіген тарихи оқиғаларды баяндап қана қоятын шығарма емес. Шығарманың құрылымы, екі бөлімде де хронологиялық, жүйелілік принциптердің сақталынуы еңбектің ғылыми сипатын көрсетеді. Жалпы шығарманың ғылыми құнылықтарының бірін – онда қолданылған деректік негіздер анықтайды. Жас ғалым, дулатитанушы Манзура Калиекованың дәлелдеп көрсетуінше, Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашидиді» жазу барысында үш түрлі дерек көздеріне сүйенген:
1) діни деректер, олардың саны – 9;
2) тарихи деректер,олар – 12;
3) әдеби шығармалардың деректері,
олар – 6.[15,38-56 бб.] Сонымен қатар
Дулати жазба деректерден
Енді «Тарих-и Рашиди»
«Тарих-и Рашидидің» екі
Қазіргі кездегі Отандық
тарихнаманың осы мәселе
1) «Есенбұға ханға әмірлердің
қарсылық көрсеткен күндерінен
әңгіме» атты тарауда XY ғасырдың
30-50-шы жылдарындағы
2) Есенбұға ханның Мауереннахрдағы саяси дағдарысты пайдаланып, ол жаққа жасаған жорықтары туралы, Әбу Сайд мырзаның Есенбұға ханның жорықтарына қарсы ойластырған жоспарлары, темірлік мырзаның моғол әскерлерін Ианги (Тараз) түбінде жеңіліске ұшыратуы туралы мәліметтер [14, 108-110 бб.]. Бұл мәліметтерден біз Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Моғолстан мен Мауереннахрдағы Темір әулеті мемлекеттері арасындағы саяси қатынастардың әбден ушыққанын, жетер шегіне жеткенін көреміз. Өз кезегінде бұл жағдай Қазақ хандығының Жетісу аймағының батыс бөлігінде шаңырақ көтеруіне тікелей себепші болады.
3) XY ғасырдың орта тұсында Шығыс
Дешті Қыпшақ аумағында өз
билігін толықтай орнатқан Әбілқайыр
хан және одан бөлініп
4) Мұхаммед Хайдар Дулатидың
«Қазақ сұлтандарының алғаш
«Тарих-и Рашидидің» біз
Қазақ хандығының құрылу кезеңіне – 1457-1470/71 жылдар аралығы жатса, 1470/71-1521 жылдар аралығы хандықтың күшею кезеңі болып саналады. Бұл кезеңнің басты оқиғалары, олар –XV ғасырдың соңғы 30 жылдығында хандықтың Сыр бойындағы қалалар мен жайылымдар үшін Темір әулетімен жүргізген күрестері, XVI ғасыр басында Мауереннахрда билікке келген Шибан әулетімен болған күрестер және Қасым ханның билікке келіп, қазақ халқының аумағын біріктіру жолындағы жүргізген күрестері. Мұхаммед Хайдар Дулати бұл кезеңнің де оқиғаларын өз еңбегінен тыс қалдырмайды. Алғашқы екі күрес оқиғалары жөнінде ештеңе айтылмайды да, Қасым ханның билікке келген кезінен бастап қазақ мемлекетінің күшеюі мен нығаюын өте тәуір баяндайды. Ол кезеңнің деректері мынадай сипатта болып келеді.
Керей ханнан соң билікке оның ұлы Бұрындықтың отыруы, әкесі Жәнібек хан секілді Қасым ханның Бұрындық ханды тыңдап бағынғандығы туралы мәліметтер.
Қасым ханның Жүніс ханның қыздарының бірі – Сұлтан Нигар ханымға үйленіп, шағатайлық әулетпен туысқандық байланыстар орнатуы туралы мәліметтер.
Қасым хан билігінің күшейіп, Бұрындық ханның Мауереннахрға кетуі туралы мәліметтер.
Қасым хан билігін бағалап, оны XIII ғасыр басындағы Жошы ханның билігімен теңестіруі және Қасым хан әскерінің саны мен қазақ халқының санын көрсетуі.
Қазақ Ордасына шағатайлық Сұлтан Сайд ханның келуі, Қасым ханның оған көрсеткен қошеметтері және соған байланысты кейбір оқиғалар туралы кең мазмұндағы мәліметтер.
Қасым ханның қайтыс болған жылына байланысты мәлімет [14,306-307 бб].
Көріп отырғанымыздай, Қазақ хандығының Қасым хан тұсындағы күшеюі Мұхаммед Хайдар Дулатидың еңбегінде біршама көрініс тапқан. Кейіннен бұл мәліметтер басқа жазба деректерге негіз болып алынады.
Қасым ханның қайтыс болуынан
кейін Қазақ тарихында «
Қасым ханның қайтыс болған
жылын айта келе, Мұхаммед Хайдар
Дулати одан кейін болған
Отыз мыңға жуық адам тағы да Моғолстанға жиналды. Тахир ханның бауыры Буслаш (Бұйдаш ханды айтып отыр.- Б.К.) хан таққа отырды. Ең ақырында сәтсіз тағдырдың қырсығынан соншама халықтан міне, бүгін төртінші жыл болып барады (Кітап 1541 жылы жазылған. – Б.К.), ешбір жерде із де қалмапты. Отызыншы жылдары (930 (1524 жылы) қазақ саны мың-мың (миллион) болатын. Қырық төртінші жылы (944 (1537) сонша халықтан бұл жерде еш белгі қалмаған» [14,306-307 бб.].
«Тарих-и Рашидидегі» осы келтірілген мәліметтердің шынайылығына көңіл қойып көрелік.
Біріншіден, Мұхаммед Хайдар Дулати «отызыншы жылдар» мен «қырық төртінші жылды» нақты атап, қазіргі тарихнамада «уақытша әлсіреу» кезеңі деп аталатын кезеңнің басталуы мен аяқталуын көрсетіп отыр. Қазақ хандығының әлсіреуінің басты себебі - билеуші әулет өкілдері арасында бірліктің болмай, тақ үшін күрестердің күшеюі болатын. Дулати мұны нақты атап айтып отыр. Мамаш ханның осындай күрестің құрбаны болғандығын да ол баяндап береді.
Екіншіден, қазақ халқының тарихи санасында әр кезеңдердегі аса ауыр жылдар белгілі бір атаулармен, сөз тіркестерімен сақталынып қалып отырғаны белгілі. Мысалы, XVIII ғасырдың 20-шы жылдарындағы ауыр кезең – «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама», XX ғасырдың 20-шы жж. соңы мен 30-шы жж. басындағы аштық жылдар «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген сөздермен қалғаны белгілі. Ал XVI ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ халқы үшін қайғылы жылдарды Мұхаммед Хайдар Дулати «тағдырдың қырсығынан соншама халықтан ...ешбір жерде із де қалмапты» және «...сонша халықтан бұл жерде еш белгі қалмаған»- деп қинала баяндайды.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың мұндай сөз тіркесін жайдан жай қолданбағанын Қадырғали Жалайыр деректері дәлелдейді. Оның мәліметтері бойынша дәл осы жылдары қазақтың хандары мен сұлтандары сыртқы жауларымен соғыстарда көп қаза табады. «Тоғым хан, оның ұлдары «тоғыз сары» деп аталды. Мәлік сұлтанның баласы Башыбек сұлтан тоғыз сарымен бірге Жағат уалаятының жанында шахит болды, [сол ұрыста] әйгілі әрі даңқты отыз жеті сұлтан шәйіт болды...» Және де «Жәдік хан. ...Шағым мырзамен соғысып, Жыланды төбеде бір ұлымен бірге шахит болды»[16, 121 б.]. Әдік сұлтанның ұлы Бұйдаш хан осы жылдары Ташкент билеушісі Дервиш ханмен (Сүйініш қожа ханның немересі, Барақ ханның ұлы) болған ұрыстардың бірінде 24 қазақ сұлтанымен бірге қаза табады[16, 121 б. ]. Жәнібек ханның тағы бір немересі Ахмет хан (кей деректе Қожахмет хан) ноғай мырзасы Сейдақтан жеңіліс тауып 15 сұлтанмен бірге тұтқынға түседі. Көп ұзамай Ахмет ханды Алшағыр бидің ұлы Орақ батыр өлтіреді [2, с.275; с.325]. Т.И.Сұлтановтың пікірі бойынша осы кезеңде 60-тан астам қазақ хандары мен сұлтандары сыртқы жаулармен болған соғыстарда қаза тапқан екен.[17, 184 б.] Ал біздің есебіміз бойынша Мамаш ханның өлтірілуімен басталған «уақытша әлсіреу» кезеңінде тақ үшін болған күрестер мен жауларға қарсы жүргізілген соғыстарда билеуші әулет өкілдерінен 80 астам хандар, сұлтандар әр түрлі жағдайларда қаза табады. Бұл сан жазба дрек мәліметтері арқылы белгілі болғаны, ал белгісіз болғандары қаншама. Ал қаза болған немесе тұтқынға түскен қарапайым халықтың санын ешкім де айта алмас, тек болжаммен қаза тапқан билеуші әулет өкілдерінен бірнеше жүз есе көп болған деуге болады. Міне, осындай ауыр да қиын жылдары Жетісу жеріне моғол хандарының саяси билігі, Сыр бойындағы қалалар мен өңірлерге шибанилық әулеттің билігі, Қазақстанның батыс бөлігінде ноғай мырзаларының үстемдігі қалыптасады. Осылайша, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік биліктің жойылып, тақ үшін күрестердің өршіп, сыртқы жаулармен болған соғыстарда үнемі жеңіліске ұшырап отырған тұста қазақ халқының жағдайы өте қиын болатын. Дулатидың «...сонша халықтан бұл жерде еш белгі қалмаған» деуі артық айтылса да, оның астарында осындай тарихи ащы шындық жатқан болатын.
Осылайша, біз Мұхаммед Хайдар
Дулатидың Қазақ хандығы
Мұхаммед Хайдар Дулатидың
«Тарих-и Рашидиінде» Қазақ
1.Валиханов Ч.Ч. Из «-Тарих-и Рашиди». Собрание сочинаний. –Алма-Ата; 1985. том 4.
2. Вельяминов-Зернов В.В. Исследование
о Касымовских царях и
3. Бартольд В.В. Хайдер-мирза. Сочинения. т. YІІІ. – Москва; 1973.
4.Прошлое Казахстана в
5. Марғұлан Ә. Мұхаммед Хайдар Дулати - қазақтың тұңғыш тарихшысы. // Әдебиет және исскуство. -1941. № 4. –Алматы,
6. Марғұлан Ә. Мұхаммед Хайдар (Дулати). // Білім және еңбек. 1963. №7
7. Масанов Э.А. Мухаммед Хайдар, Доглат Мырза Хайдар. // Советская историческая энциклопедия. – Москва; 1966. т.3. С.829.
8. Мингулов Н. Мухаммед Хайдар Дулати. // Великие ученые Средней Азии и Казахстана. (YІІІ- ХІXвв.) – Алма-Ата; 1965.
9. Тарих-и Рашиди. Мына жинақта:
Материалы по истории
10. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының
жұлдыздары (тарихи-филологиялық зерттеу)
/Арнаулы редакторы және
11.Дербісәлиев Ә. Мұхаммед Хайдар Дулати: өмірбаяндық-библиографиялық анықтамалық. –Алматы; 1999. – 160 б.
12.Мырза Мухаммед Хайдар. Тарих-и Рашиди /Введ. перевод с персидского. А. Урунбаева, Р.П. Джалиловой, Л.М. Епифановой. – Ташкент, 1996. - 728 с
13.Мырза Мұхаммед Хайдар. Тарих-и Рашиди /Введ. перевод с персидского. А. Урунбаева, Р.П. Джалиловой, Л.М. Епифановой. Примечание и указат. Р.П. Джалиловой, Л.М. Епифановой. Предисовие ко второму изданию М.К. Козыбаева, К.А. Пищулиной. – Алматы, 1999.
14.Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. (Хақ жолындағылар тарихы). – Алматы, 2003. -616 б.
15. Қалиекова М. МұхаммедХайдар Дулати. Өмірі мен шығармашылығы. Алматы: Атамұра,2010. – 176 бет.
16. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы / Шағатай-қазақ тілінен аударып, алғы сөзін жазғандар Н. Мингулов, Б. Көмеков, С. Өтениязов. – Алматы, 1997. –128 б.
17. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. – Алматы, 2001. –276 с.

- Мухаммед Хайлар Дулати
- Мухтар Ауезов (1897-1961)
- Мухтар Ауэзов
- Мухтар Шахановтың әлеуметтік жұмысы
- Муҳољирати байналхалќї
- Мучные блюда
- Мучные вредители и борьба с ними
- Муфта подвижная
- Муфты в приводе технологических машин
- Муфты назначение классификация виды
- Мухаджирство
- Мухаммад – печать пророков
- Мухаммед Али-шах
- Мухаммед Ибн Муса Аль-хорезми - родоначальник и основоположник алгебры