Нарықтағы экономикалық жүйе және нарық тетігі
Нарықтағы экономикалық
Экономикалық
әдебиетте «нарық»
Сұраныс пен ұсыныс
Сұраныс – сатып алушы осы баға бойынша алуға дайын тауарлар саны. Сұраныс міндеті – тауарға сұраныс пен оның шамасы мен көлемін анықтайтын факторлар араларындағы тәуелділік. Оны мына түрде көрсетуге болады:
Qd = f (P, I, T, Ps, Pс, N), мұнда
Qd – тауарға сұраныс (guantity of demand)
P – тауар бағасы (price)
I – сатып алушының кірісі (табысы)
T – сатып алушылардың ұнатулары
PS– субститут – тауарлар (substitutes) бағасы
PC – тауарлар – комплементарийлердің (комплементтер – complements) бағасы
N – нарықтағы сатып алушылар саны (number).
Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуекелділік (оның шамасын анықтайтын негізгі факторы) сұраныс заңымен білініп, теріс ылдиі (еңкіші) бар сұраныс қисық сызығы түрінде көрсетіледі (бейнеленеді)
Р
Сұраныс қисық сызығы
Сұраныс қисық сызығының практикалық мәні: оның көмегімен өндірушілер тауарлардың осы санын сатып алғысы келетін ең жоғарғы баға – сұраныс бағасы туралы айта алады. Ол сатып алушының кіріс (табыс) шамасымен анықталады.
Сұраныс заңының әрекеті 3 фактормен түсіндіріледі:
- сатып алушының психологиясымен – сатып алушылар негізінде көптеу тауарларды төмен бағамен алғанды ұнатады.
- кемитін (азаятын) шекті пайдалылық заңымен – оған сәйкес, тауардың келесі даналары тұтынушы үшін азайған пайдалылыққа ие болады (керегі аздау қажеттілікті қанағаттандырады), демек, оларға баға кеміген (азайған) жағдайда алынады.
- кіріс (табыс) әсері және ауысу әсерімен. Кіріс (табыс) әсерінің мәні: тұтынушының тұрақты кірісі шартында (жағдайында) тауар бағасының төмендеуі оны сатып алу қабілетін жоғарылатады да көп тауарды сатып алуға мүмкіндігі болады және керісінше. Алмасу әсері: тауардың бағасын көтергеннен ол қымбат зат болып саналады да, тұтынушы арзандау ауыстырушы – тауарларды алуын ұнатады. Кіріс (табыс) және алмасу әсерлері келесі тақырыптарда тыңғылықты (толық) қаралады.
Бағалардан
басқа, сұранысқа бағалық емес детерминаттар
да әсер етеді, олар: сатып алушының
табысы, оның ұнатымдары, нарықтағы
сатып алушылар саны, солармен қатар,
ұштасқан тауарлардың бағалары. Бағалық
емес детерминаттардың өзгеруі сұраныс
көлемін өзгертеді де графикте сұраныс
қисық сызығының жылжытуымен бейнеленеді.
Сұраныс көлемінің үлкеюі қисық сызықты
жоғарыға және оңға жылжытады (Ддан
– Д1 ге дейін), ал азаюы –
төмен және солға (Ддан – Д2
ге дейін).
P
Сұраныс қисық сызығының
Кейбір жағдайларда сұраныс заңы әрекет жасамайды. Мұндай ахуалдар сұраныс заңының парадоксы (қайшылығы) деп аталады. Олар 4 жағдайда айқын білінеді, әр қайсысын бөлек қарастырайық.
1. Бай сатып алушыларға көзделген тауарлар немесе әдемілік, салтанат заттары, олардың тартымдылығы – бағасында. Бұл тауарлар мәртебелі, қадірлі болып саналады да, бай, ауқатты сатып алушылардың «көпшілік алдында көрсету үшін», үлкен әсер ету үшін сатып алынады. (Веблен әсері). Сондықтан, оларға бағаның түсуі тартылымдылығын азайтып, сату көлемін кемітеді.
2. Бағасы бойынша сапасы жөнінде айтылатын тауарлар. Сатып алушыларда тауар туралы аз мәлімет болғанда (ақпараттың бейсимметриясы), олар бағаға қарап, тауарды сынайды. Тауардың төмен бағасы сәйкес сапасы туралы белгі беріп, сұраныс заңының әрекетіне қарама-қарсы (қайшы) әсер тудырады.
3. Гиффен тауарлары. Ағылшын статисті әрі экономисті Р.Гиффеннің байқауы бойынша, ХІХ ғасырдағы Англияда «нан неғұрлым қымбат болса, соғұрлым көп сатып алынады», кейін бұл байқаулар «Гиффен парадоксы» (қайшылығы) деп аталатын болды. «Гиффен парадоксының» мәні мынада: табыстарының деңгейі өте төмен Англия халқының негізгі бөлігінің ең басты тамағы – нан. Нанға бағалардың өскен жағдайында нан жалғыз, қол жетерлік тамақ болып саналады, өйткені басқа тамақ өнімдеріне (ет, көкөністер, жемістер) бағалар одан да жоғары. Осы себептен нанға деген сұраныстың көлемі өсе береді. «Гиффен қайшылығы, парадоксы» тұтынушылар табыстарының өте төмен жағдайында ең қажетті тауарларға қатысты пайда болады да табыс әсері ауысу әсеріне қарағанда сұранысқа үлкен ықпал жасауымен түсіндіріледі. Сонымен, ол сұраныс заңының әрекетіне қайшы келмейді, өйткені салыстырмалы арзандаған тауарға (бағасы көтерілсе де), сұраныстың өсуі орын алады.
4. Инфляциялық күтулер – инфляция кезінде бағалардың көтерілуі сұраныстың үлкеюіне әкелуі мүмкін, себебі тұтынушылар келешекте бағалардың одан да жоғарылауын күтеді.
Жеке сұраныс (бір тұтынушының сұранысы) пен нарықтық (салалық) сұранысты (осы нарықтағы немесе саладағы барлық тұтынушылардың сұранысы) айыру қажет. Нарықта сатушылар ұсыныс жасайды. Ол (ұсыныс) өндіріс нәтижесі және де сатушы осы баға бойынша сатуға дайын тауарлар саны болып келеді. Ұсыныс функциясының түрі:
QS = f (P, PS, PC,pres, K,T,N), мұнда
QS – тауар ұсынысы (supply)
P – тауар бағасы
PS, PC – субститут – тауарлары мен комплементарий – тауарлардың бағалары
Pres – ресурстар (қорлар) және өндіріс факторларының (resources) бағасы
K – технология деңгейі
Т – салықтар мен жәрдемақылар (taxes)
N – нарықтағы сатушылар саны
Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады да графикалық – ұсыныстың қисық сызығы түрінде бейнеленеді. Ұсыныс қисық сызығының оңды ылдиі, еңкіштігі бар.
P
Ұсыныс қисық сызығы
Ұсыныс көлемінің өзгеруі ұсыныстың бағалық емес детерминаттары ықпалымен болып жатады – өзара ауысатын және өзара бір-бірін толықтыратын тауарлардың бағасы, ресурстарға (қорлар) және өндіріс факторларына қойылған бағалар, технологиялар, салықтар мен жәрдемақылар, нарықтағы сатушылар саны, бұл графикта ұсыныс қисық сызығының жылжуымен бейнеленеді.
Ұсыныстың бағалық емес факторларының кез келген өзгерістері (соңғыны санамағанда), экономикалық мағынада өндіріс шығындарының өзгеруінін білдіреді, яғни тауар өндірісінің арзандауын немесе қымбаттауын. Сонымен, нарықтық ұсынысының қисық сызығы ұсыныс бағасының қисық сызығы болып келеді – сатушылар тауардың осы санын сатуға дайын ең төмен бағасы. Ұсыныс бағасы тауарды өндіру шығындарын жабуға тиісті, сондықтан, неғұрлым ол төмен болса, нарықта тауардың соғұрлым аз саны сатылады және керісінше.
P
.
Ұсыныс қисық сызығының жылжуы.
Ұсыныс қисық сызығы нарық сұранысының сипатына байланысты өз кескінін, пішінін өзгертеді. Қисық сызықтың ең көп таралған түрі мына жерде көрсетілген: алдында ұсыныс шамасы өседі, бірақ белгіленген шектен кейін ұсыныс қисық сызығы тік болып кетеді. Бұл өндірістік ресурстар (қорлар) таусылып, өндірістің өсуіне мүмкіндіктің жоқ екендігін білдіреді.
P
.
Ұсыныс қисық сызығының
Кей жағдайларда ұсыныс қисық сызығы кері еңкішті болуы мүмкін: бағаның өсуіне қарай ұсыныс белгіленген деңгейге дейін өседі, ал оған жеткенде – қысқарады. Қисық сызықтың мұндай пішіні ауысу әсерімен (А1 нүктесінен В нүктесіне дейінгі аралықтағы) және де табыс әсерінің кейінгі әрекетімен (А1 нүктесіне дейінгі аралықтағы) түсіндіріледі.
P
А1
А
S
Мысал
ретінде еңбек нарығындағы
Қысқа мерзімді кезеңде (SR – short run), кейбір факторлардың өзгермелі (құбылмалы) жағдайында сұраныстың қисық сызығы жайпақтау болып келеді. Ұзақ мерзімді кезеңде (LR – long run) өндіріс факторлары құбылмалы, айнымалы жағдайында ұсыныс қисық сызығы одан сайын жайпақ болады.
P
S
P
S P
. Ағымдағы қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі
ұсыныстың қисық сызығы.
Нарықтың тепе-теңдігі
Нарық тепе-теңдігінің моделі А.Маршаллдың неоклассикалық синтез деп аталатын теорясында ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрсетілген. Нарықтық баға белгілеудің мәні мен табиғаты жөніндегі мәселе көп уақыт бойы экономика теориясының негізгі мәселесі болған. Саяси экономия классикалық мектебінің өкілдері осы мәселені тек қана (ұсыныс) өндіруші тұрғысынан зерттеген, олардың пікірі бойынша – баға белгілеуінде негізгі рөл өндіріс шығындарына берілуі керек. Маржиналистер, керісінше, өз назарын игіліктің пайдалылығына аудара, оны нарық бағасын белгілейтін негізгі фактор ретінде санап, яғни сұраныс (тұтынушы) тұрғысынан ойлаған.
Неоклассикалық мектебінің негізін қалаушысы ағылшын экономисті А.Маршаллдың бейнелі, нақысты сөзі (сөйлемшесі) бойынша сұраныс пен ұсыныс «бір қайшының екі жүзі» болып, нарықтық бағаның белгілеуінде бірдей қатысатынын дәлелдеді. Бір тауардың сұраныс қисық сызығы графигін осы тауардың ұсыныс қисық сызығына жатқызып, біз жартылай нарықтық тепе-теңдік моделін (үлгісін) – бір тауар нарығындағы тепе-теңдікті аламыз.
Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының нүктесі – нарық тепе-теңдігі нүктесі, ол теңсалмақты баға мен тауардың теңсалмақты санына сәйкес келеді, яғни сатушы мен сатып алушыны қанағаттандыратын баға мен санға.
P
S
D
Q
.
Жартылай нарық тепе-теңдік
Егер тепе-теңдік бағадан немесе саннан ауытқу байқалса, нарық тепе-теңдік жайынан (күйінен) шығады. Тепе-теңдікке жетудің 2 балама жолдары – Вальрас бойынша тепе-теңдік және Маршалл бойынша тепе-теңдік деп аталады. Швейцар экономисті Л.Вальрас әзірлеген моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу нақты нарық бағасының тепе-тең бағасынан ауытқу нәтижесінде болады (9 сурет). Нақты нарық бағасы (Р1) теңсалмақты баға (РЕ) деңгейінен төмен белгіленді дейік. Бұл жағдайда сұраныс ұсыныстан асып (QD > QS), сұраныс артылып қалады, ол сатып алушылар арасында бәсекелестік туғызып, нарық бағасын теңсалмақты баға деңгейіне дейін жоғары итермелейді. Егер нарық бағасы (Р2) теңсалмақтыдан (РЕ) жоғары болса, ұсыныс молшылығы (артылып қалуы) орын алып, сатушылардың бәсекелестігі нарық бағасын теңсалмақты деңгейге дейін төмендетеді. Вальрас бойынша сұраныс пен ұсыныс функцияларының түрі:
QD = f (P); QS = f (P); тепе-теңдік шарты QD = QS
P2
P2
E PE E
PE
P1
QS QE
QS'
QS QE
QS'
. Вальрас бойынша Маршалл бойынша
тепе-теңдік
Маршалл моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу ұсыныс нақты шамасының тепе-тең шамасынан ауытқуынан болады . Егер ұсыныс нақты шамасы тепе-тең деңгейінен төмен болса, сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан жоғарылап кетеді (Р2 > Р1). Жоғары баға ұсыныстың өсуіне әкеледі. Маршалл бойынша, сұраныс пен ұсыныс функциялары мен тепе-теңдік шарты мынадай болады:
PD =f (Q); PS = f (Q); PD= PS
Нарық тепе-теңдігінің модельдері (үлгілері) статикалық болып келеді, өйткені олар уақыт факторын есептемейді. Тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) мысалы – «өрмекші тәрізді» модель. Оны көрсету үшін сұраныс ағымдағы кезеңнен (t), ал ұсыныс – өткен кезеңнің бағасынан тәуелді дейік (t-1).
P
S
Pt
P*
P*
Pt-1
а) Qt-1 Q* Qt б) Q*
P
Нарық тепе-теңдігінің «
Нарық бағасының тепе-теңдік бағасымен сәйкес келмеу динамикасының 3 ахуалы мүмкін:
а) тепе-теңдіктен ауытқу қысқарады
б) тепе-теңдіктен ауытқу өсуде
в) нарық тепе-теңдік нүктесінің айналасында, оған жетпей, құбылып тұр
Сонымен, тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) талдауы бойынша, нарықта оның жоқ болатын ахуалдары мүмкін (тепе-теңдік емес). Олар көбінесе пайда болады:
1.Егер сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары бірдей еңкіштігінен қиылыспайды. Бұл жағдайда тұрақты тепе-теңдікке жетпей:
а) нарық D мен S қисық сызықтар арасында тұрақсыз түрде қалыптасады.
б) нарық мүлде қалыптаспайды, өйткені не сатушылар, не сатып алушылар оған ешқандай қызығушылық білдірмейді.
D
a)
б)
Сұраныс
пен ұсыныс қисық сызықтары
қиылыспайды.
2.Әр түрлі еңкіштігі (наклон) болса да, сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының ортақ нүктелері жоқ:
а) қандай баға болса да, ұсыныс сұраныстан асып түседі
б)
кез келген (оң) көлемде ұсыныс бағасы
сұраныс бағасынан жоғары – мұндай
жағдайда сұраныс қисық сызығы төмен
болса да, нарық пайда болуы мүмкін
D
S
а)
.
Сұраныс пен ұсыныс қисық
Орындаған:
Қуанышева Балнур

- Нарық:түрлері,құрылымы,үлгілері
- Нарық түсінігі мен мәні
- Нарықты зерттеу және сегменттеудің пәні мен әдістері
- Нарықтық бәсеке
- Нарықтық бәсекелестік
- Нарықтық инфрақұрылым
- Нарықтық инфрақұрылымның ұйымдастырылуы
- Нарық заңдылықтарының негізгі сипаты. Сұраным мен ұсыным теориясының негіздері
- Нарық инфрақұрылым
- Нарық инфрақұрылымы
- Нарық: мәні, пайда болуы, қызметі
- Нарық: мәні, пайда болуы, қызметі
- Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері
- Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері және маркетингтегі баға қалыптастыру саясаты