Нашакрлыкка карсы

 Ауырып ем ізденгенше,

 Ауырмаудың  жолын ізде. 

 Бірінші байлық  – денсаулық дейміз. Бірақ осы  сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін  көбіне сезбейтін де, мойындамайтын  да сыңайлымыз. Айтылған сәтте  көңілімізге қонады, құлағымызға  жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.

 “Тәннен  жан артық еді, - дейді Абай  атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса  керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…”

 Тәннен жан  артық… Билік жанда ғой. Бірақ  ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік  жанда емес тәнде Пендешіліктен  тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар  қатарын молайтып жүрген жай  бар. Тым болмаса, жан мен  тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.

 Денсаулық  - тән, рухани және әлеуметтік  игіліктің жиынтығы. Денені үнемі  ширықтыру, шынықтыру, сананың  сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.

 Қазіргі уақыттағы  әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік  деңгейінің құлдырауы және экологиялық  қолайсыздық Қазақстан Республикасының  бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

 Ел Президентінің  “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы  ұзақ мерзімді басымдықтың бірі  – “Қазақстан азаматтарының  денсаулығы, білімі мән әл ауқаты”  тармағында,“…азамат-тарымыздың өз  өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

 Қазақстан  азаматтарының денсаулығын нығайту,  салауатты өмір салтын ынталандыру  туралы елбасының жолдауын, егемендіктің  кілтін ұстар жастардың болашағына  апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

 “Дені сау  адам - табиғаттың ең қымбат жемісі”  деп тегін айтылмаған.

 Қазіргі қоғамымызда  халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім  деңгейі арта түсті. Әсіресе,  балалар мен жастардың денсаулығы  қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.

 Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының  дерегі бойынша халық денсаулығының  49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.

 Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.”

 Құрбы - құрдастар,  егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман  әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі.  Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.  

 Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.

 Досың спорт,  таза ауа, өсімдік.

 Ала жүріп,  осылардың сыйлығын –

 Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.  

 Халықтың  денсаулығы – ел дамуының аса  маңызды тұтқасы, болашағымыздың  кепілі.

 Атамыз қазақтың  «Бірінші байлық - денсаулық», яки  болмаса «Денсаулық – терең  байлық» деген даналық мәтелдері  тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.

 Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Қолымызда тек ВОЗ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қалыптастырған анықтама бар. Бұл бойынша Денсаулық – жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының қоңдылығы. Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген.

 Жуырда ғана  өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп тағы да айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті.

 Бірінші:  балалар мен жасөспірімдердің  денсаулығына айрықша көңіл бөлу.

 Екінші: халықты  қол жетерлік және саналы медициналық  көмекпен қамтамасыз ету.

 Үшінші: отандық  медицина ғылымын дамыту.

 Осы бағыттама  аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек!

 Жастар –  болашағымыздың алтын тірегі. Жастар  арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің  алдын алу үшін мен мынадай деректер мен цифрларды ұсынғым келіп тұр.

 Жасыратыны  жоқ бүгіндері елімізде осынау  қауіпті нашақорлықпен айналысатындар  саны өсіп барады. Есірткінің  медициналық-әлеуметтік проблемалары  республика орталығының мәліметіне  қарағанда, бұл кеселге тәуелді болғандардың саны 250 мыңнан асады екен. Ал 1,5 млн-дай адам нашақорлыққа бейімділік сәтінде отпен ойнағандай әрі-сәрі күй кешуде. Әсіресе кәмелетке толмағандардың әлгіндей қатерлі дертке әуестене түсуі қатты ойландыруы тиіс. Міне, сондықтан да қоғамымызда ертеңгі болашағы үшін мұндай тағылымды шаралардың өткізіліп тұруы ғанибетті іс болмақ. Жылына БҰҰ-ның сараптауы бойынша есірткінің негізгі массасы 65% Орта Азия арқылы өтеді, ал Қазақстан арқылы жылына 150 тонна өтеді. Қазақстан Республикасы бойынша 47 мың адам есірткіні қолданатындар тізімінде. Қазақстан жерінде жеңіл есірткіден гөрі өте улы түріне көбірек сұраныс болып жатыр. Республикадағы есірткіні көп пайдаланатын нашақорлар саны қарқынды өсіп келе жатқан қара дақтар. Мысалы: Теміртау қаласында 9 ай ішінде 633 нашақор бар екені анықталып, 111 заңды бұзғандықтан істері сотта қаралған. Өз облысымызда 20 мың 732 нашақор, 637 СПИД ауруына шалдыққандар тіркелген. Осылардың 48%-ы қылмыскерлер.

 Тағы да  айтарым, өкінішке орай көптеген  азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді. Мысалы: К-деген гипертониямен кісі жағдайы бақуат бола тұра өз (денсаулығына) кеселіне бір тиын жұмсағысы келмейді, тек үкіметтің қаражатына иек артқысы келеді. Кейбір аналарымыз қонақ келгенде көл-көсір дастархан жасап, ал өз денсаулығына аса қажет анемияға қарсы бір дәріні де сатып алып ішкісі де келмейді. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Себебі бұл қаражат халықтікі, әрбір салық төлеушінің үлесі екенін ұмытпағанымыз жөн. Нашақорлық адам ағзасын, ақыл-ойын, сана-сезімін, ойлау қабілетін, ар-ұятын улайды. Адами қасиеттен айырып, ардан жұрдай етеді. Есірткіге есі кеткен адамның айығуы екіталай. Нашаның, ішімдікке салынған адамның қасіреті, оның қоғамға тигізер зиянын, олардан тараған ұрпақтың кембағал болатынын мысал келтіре отырып нарколог-дәрігер Болат Нұрдаулетов айтып берді.

 Жас кезінен  аурушаң болған Поль Брегг  «Өзіңді өзің жасай біл» деген  қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Ия, кіснің болса да денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды.

 Салауатты  өмір салтына денешынықтыру, спорт,  дене тәрбиесі, туризм, халықаралық  туризм, табиғатқа серуен, таза ауада  жүру жатады. Кешкі тамақтан соң,  таза ауада бір-екі сағат серуен  құрып, ұйықтаудың пайдасы зор.  Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.

 Адам денсаулығына  зиянын тигізетін жат әдеттерден  аулақ болғаны жөн. Енді оларға  не жататынына тоқтала кетейік:  Олар – темекі тарту, спирттік  ішімдіктерге, есірткілік заттарға  салыну. Арақтың орнына қымыз  бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ. 
 
 
 
 

Есірткі  

  Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен.

    Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болды. XX ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл   жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды.

   Есірткіге  қарсы күрес XX ғасырдың басында  халықаралық сипат алып, арнайы  құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан  бақылау Біріккен Ұлттар   Ұйымының  құзырына көшті.

   Нашақорлыққа  көбінесе жасөспірімдер шалдығады,  алайда осы кезенде ересектер арасында да ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Нашақорлардын саны 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 98% өскен. Сондықтан әңгімеміз тек жасөспірімдср арасындағы нашақорлыққа салынудың себептері неде?

   Жастардың  арасында есірткіге әуестік көп  ретте білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне адам ойына келмейтін жауап кайтарады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Жасөспірімдер өздерінің ержүректігін, дербестігін танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді. Мұндай   топтар үй жақта, би алаңдарында, мектепте де ұйымдасады және топ ішінде алғашқы "тексерістер" болып өтеді. Топтық психология, еліктеушілік, ермелік топ ішінде біреуі есірткі немесе шарап дәмін татқан болса, уақыт өткен соң топтың барлық мүшелері есірткі мен алкогольге әуестенуге соқтырады. Бұзақылар арасына түсудің де себептері көп. Бұл отбасындағы кикілжің де, ата-аналардың, мұғалімдердің бала бос уақытын калай өткізетініне назар аудармауы да, тіпті баланың қолында артық ақшаның жүруі де болуы мүмкін. Кеш болысымен жиналатын жасөспірімдер музыка тыңдап, бейне таспаларын көріп немесе көше кезіп уақыт өткізеді. Ал бұл болса адамның ішін пыстырады. Қазір спорт, музыка, өнер мектептерінде оқу қымбат, барлық ата-ананың қаржысы жете бермейді. Сөйтіп күндердің күнінде топқа бұрын есірткінің дәмін татқан "білгіш" қосылады. Бір ерекшелігі нашақорлар басқаларды есірткіге әуестендіру әрекетін әдейі жасайды. Өйткені нашақор еңбек етуге дәрмені жоқ адам, ол есірткі сатып алуға қажетті ақша іздейді де жүреді. Нашақор қаражатты ұрлықпен табудан басқа амалын білмейді, ал ұрлык әрдайым жазасыз болмайды. Сондықтан нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіге әуестендіруге, соның арқасында өзінің "қамын" ойлауды мақсат етеді. Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол. Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады. Еліктегіш жастар дәм тата бастайды. Олардың бірі қызық көруді қаласа, екіншісі басқалардан қалмауды, тағы бірі өзін ересек көрсетуге тырысуды, ендігі біреуі бар қиындықтан қашып, ләззат аламын дейді. Бара-бара жасөспірім нашақорға, есірткінің құлына айналады.

    Есірткінің   ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ  рет дәмін татқаннан кейін  әуес болып калады. Міне, адамдардың  нашақор болуы себептерінің бірі  сонда жатыр. Танысы, бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең, шексең нашақор болмайсың, қиындықтардың барлығын ұмытасың, ләззат аласың, жаның тыныштық табады деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Ал әлеуметтік қиындықтардан, отбасындағы ұрыс-керістен, жұмыссыздықтан немесе қызметіндегі жанжалдан шаршаған азамат қиындықтан аз уақытқа болса да "қашып кетуді" ойлап, есірткінің дәмін татады да, нашақор санатына қосылғанын білмей қалады.

   Нашақордың, мейлі ол тек марихуана шеккеннің  өзінде жасы ұзаққа созылмайды. Марихуана шегетіндердің ең алдымен өкпесі қабынады, бронхит, одан әрі өкпе рагі дамиды да адам өлімге дайындалады. Соңғы кезде ғалымдар марихуананың бауыр мен жүрекке де кері әсері бар екенін дәлелдеді. Ал осы есірткі түрінің  миға кері әсерінің салдарынан адамның жаттауға қабілеті нашарлап, ұмытшақ етеді.

   Марихуана  шегушілердің басқалармен қарым-қатынас  жасауға құлқы болмайды. Есірткінің  опиат тобындағы түрлерін қолдану  нашақорлар арасындағы өлімнің  және мүгедектің басты себебі  болып табылады. Опиатты есірткілерді (морфин, героин, кодеин, метадон) және басқалары ең алдымен ине шаншу арқылы колданады. Сондықтан оларды қолдану кезінде ең қауіпті аурулар — СПИД, сифилис жөне гепатит жұқтыру мүмкіндігі күрт жоғарылайды. Нашақорлардың көбісі осы үш аурумен ауырады. Гепатит, оған қоса есірткі заттармен улану бауырдың дистрофиясына алып келеді де, адам мүгедек болып қалады. Көкнәр шикізатын ацетон, бензол, толуол, уксус ангидриді секілді органикалық еріткіштермен өндейтіндіктен қолданылатын есірткіде олардың 5% қалады. Есірткі қанда қалады да, еріткіш заттар бауырды күйдіріп, сонда шөгеді. Әрине, нашақор есірткі қолданып жүргенде оны байқамайды, ол есірткімен уланған кезінде ауыртпалықты сезбейді. Нашақор өзінің мүгедектігін тек екі жағдайда байқайды: өзі іріңдеп, шіри бастағанында немесе нашақорлықтан емделіп, есі орнына келген кезде. Органикалық еріткіштер мен уксустік ангидридтен тек қана бауыр емес жүрек, ми, өкпе де зардап шегеді.

   Адам  нашақорлыққа қандай жолдармен  келеді. Жасөспірімдер арасында  нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай:

- ата-ананың  баласын тәрбиелеуге уақытынын  болмауы, жасөспірімнің үйден  тыс өмірін қадағаламауы;

- отбасы мүшелерінің  бірі арақ-шарап ішуі немесе  есірткі колдануы;

- әкесі мен  шешесінің жиі жанжалдасуы;

-ата-ананың бірі бала тумай тұрғанда

маскүнем немесе нашақор болуы;

-отбасы мүшелерініц  бір-біріне деген сүйіспеншіліктің  болмауы, отбасындағы   түсініспеушіліктің  орын алуы;

- мектепте мұғалімдердің  нашақорлық мәселелеріне көңіл  бөлмеуі,

жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбеуі;

- достарының  арасында нашақорлардың бар болуы;

-өзінен жасы  үлкен достарынын жетегінде жүруі;

-алкоголь   мен   есірткіге    қол  жеткізудін оңай болуы;

-әлеуметгік-экономикалық  жағдайының төмендігі.

   Ал енді  жастарды есірткіден қалай қорғап қалуға болады? Қазіргі жастар тез өсіп, дене бітімі тез жетіледі. Алайда олардың сана-сезімі мен дүниетанымы әлі де болса балалықтан асып кете алмайды. Біздің айналамызда еңгезердей балақайлар жиі кездеседі. 9-12 жасар балалар есірткіге сирек әуес болады. Олардың әуестендіру әдейі жасалған әрекет бол-маса, бұл жастағылар темекі шегуді де мәртебе санайды. Олардың кейбіреулері шарап та ішеді. Тоғыз-он екі жасарлар үй жақта немесе мектепте арзан улы химикаттарды иіскеуі мүмкін. Сондықтан ата-ананың міндеті осы жастағы балаға көбірек көңіл бөліп, темекі, спирттік ішімдік және есірткінің зияны туралы жиі айту. Мұндай әңгімелер іш пыстыр-майтын болғаны абзал және де бостан бос миды ашытпай, жәй айтып кана қоймай, мысал да келтіру кажет.

   Аталмыш  жастағы балалардың психикасы сезімтал болады, олар көргенін өмір бақи ұмытпайды. Осы жастарда баланызға аса көңіл аударыңыз, өйткені оның болашағы, оның болашақта дені сау азамат болып өсу мәселесі дәл сол кездері шешіледі.

   13-15 жастағы  жасөспірімдер есірткі туралы ересек замандастарынан естіп біледі. Олар нашақорлықты ауыр, емделуі қиын індет екенін түсінбейді. Анаша шегуді нашақорлыққа жатқызбайды, оған тәуелді емеспін, кез келген уақытта шегуді тоқтата аламын деп ойлайды. Бұларға барлық нашақор "жеңіл" есірткіден бастағанын, содан бірте-бірте нашақорға айналғанын түсіндіру кажет. Кез келген есірткі адамның денсаулығын, психикасын бұза-ды, адамды қуатсыз, әлсіз, жігерсіз ететіндігін жеткізу керек. Бұл жастарда жасөспірімдер өтпелі кезеңде болғандықтан олардың немен әуестенетіндігіне, достарының кім екендігіне, достарының арасында есірткі мен алкоголь қолданатындардың бар-жоқтығына көңіл бөліп, мінез-құлқының өзгерістеріне назар аударған дұрыс.

    Енді 16-18 жасар жастардың арасында  нашақорлық пен оның салдары туралы жақсы білетіндер көп. Жастардың арасында есірткіні жақтаушылар, оған қарсы тұрушылар мен екі ойлылары бар. Сонымен қоса есірткі мен алкогольге салынып кеткендер де кездеседі. Оларды қалай анықтау керек? Жастардың тәлім-тәрбиесінде түрмеде отырған құрдастары мен таныстары үлкен әсер етеді. Ондай адамдар жастарды өз өмірінің "романтикасын" айтып қызықтырады, ұрлыққа, есірткіге баулиды. 16-18 жасарлармен әңгімелесу қиын, олар сізді өмір ағымынан қалып қойған "ежелгі санауы" өздерінің ержеткен ересек азамат екенін алға тартуы әбден мүмкін. Сондықтан олармен ересек азаматпен сөйлескендей әңгімелесу кажет. Әдейі қорқыту, бос ойбай көмектеспейді, ал нашақорлық туралы тым аз білу тіпті арадағы түсіністікті жоқ етеді. Оларға нақты мысал келтіріп, нашақорлық қаупін жете түсіндірген жөн. Әңгіме арқауында қылмыстық және әлеуметгік мәселелер жиі естілуі тиіс. Басты айтатыным, ата-ана өздеріңіз арақ ішіп, темекі тартып, есірткі қолданып ұрпағыңызға "өнеге" көрсетпеңіз. Әрбір бала ата-анасына ұқсауға тырысады, бұл әсіресе 14 жасқа дейінгі кезеңде айқын көрінеді. Жас балалар арақ-шарап ішу, темекі тарту және есірткі қолдану оларды ересек етеді деген ойда жүреді, оларға арақ ішу мен темекі тарту баланы ересек етпейтіндігін түсіндіріп отыру артық болмайды. Сонымен бірге есірткі колдану, оны сақтау немесе сату заңмен қудаланатынын жиі есіне салып отыру керектігін де естеріңізге сала кетейік. Жасөспіріммен алкоголь, темекі, есірткі және барлық тәрбиелік мәні бар әңгімені тиімді уақытта бастаған дұрыс. Оның барлық назары тек сізде болуы кажет, сонда ғана арада түсіністік болады.

  Жасөспірімнің  есірткіге әуестенгенін анықтау  киын емес. Ең алдымен жасөспірімнің  мінез-құлқы өзгеріске ұшырайды. Ол ашушаң бола бастайды. Кез  келген нәрсе қанын қайнатып, жүйкесін тоздыратынды шығарады. Жасөспірім айналасындағылардың барлығын жау санап, айбат көрсетуді, аты-жөні жоқ қаһар шашуды әдетке айналдырады. Сабақтан қалуды жиілетеді, пәндерден алатын бағалары төмендейді, білімі тайызданады. Үйге кеш оралып, түс ауғанша ұйықтауды көбейтеді. Көшеден келісімен екі-үш күн тамақ ішпеген адамдай суыған асты қомағайлықпен жей бастайды. Ал кей кезде тіпті тамаққа қарағысы да келмейді. Мұндай мінезді көбінесе наша шегетіндерден байқауға болады. Егер шегіп келген болса, онын киімі темекіден басқа, ерекше түтін иісін шығарады. Көздері қанталап, бұлыңғыр тартып тұрады, қайта-қайта сұрауы да мүмкін. Жауабын ұзақ ойланып, сөйлесем біліп қояды деген оймен қорқынышқа бой ұсынады.

   Шеккенімді  біліп қояды деп, ол оңаша  қалуға тырысып бағады. Қасынан кетпей қойсаңыз өзін қоярға жер таппай тыпыршиды, тіпті ашулана бастайды. Егер наша іспеттес есірткі шегетіні ұзаққа созылған болса, жасөспірімдердің бет-әлпеті де өзгеріске ұшырай бастайды. Есірткіні ине арқылы қабылдайтын нашақорларды да тануға болады. Олар ауа райы мен жағдайға байланыссыз әрдайым ұзын жеңді киім киеді. Мұны олар ине шаншылған мүшелерін көрсетпеу мақсатымен істейді. Киімі мен пошымына немкұрайды қарайды. Шаштары өсіп, түсін жоғалтады, тістері сарғайып, қажетті минералдар жетіспегендіктен ұнталып кетеді. Әңгімесі мағынасыз, мәнсіз. Көз қарашықтары шамадан тыс кеңейіп немесе жіңішкеріп кетеді. Аузынан арақтың иісі шықпаса да мас адамға ұқсап теңселеді. Бір нүктеге қарап ұзақ тұрып қалады, немесе жатып алады. Есірткі жоқ бола қалса тез ашуланғыш болады. Жаз болса да тұмау тиген адамдай мұрнын тарта береді, көзі жасаурап жүреді. Еңсесі түсіп, екі иығы түсіп, мойынын ішке тартып, бүкірейіп жүре бастайды. Ұйыктап жатқанда денесін қарасаңыз ине шаншылған іздерді оңай табасыз. Қаржы сұрауы да орын алады. Өмірге деген қызығушылығы да жоғалады. Есірткіге қол жеткізе алмаған кездері суық терге батып, аяқ-қолы дірілдеп, бұратылып қалады. Оған қоса іші өтеді, тамақ ішсе де лоқсып, құсқысы келеді. Міне осындай белгілерді байқасаңыз сіз нашақорға кездескен болуыңыз әбден мүмкін. Мұндай жағдайда ең бастысы саспай, салмақтылықты жоғалтпау керек. Сіз тез арада дәрігер -наркологпен акылдасыңыз. Алғашқы кездесу тек сіз бен дәрігер арасында өткені жөн. Дәрігерге қандай себептермен келгеніңізді түсіндіресіз. Тек мәселенің мәні ашылғаннан кейін барып балаңызды дәрігерге алып келесіз. 
 
 
 

Темекі мен ішімдік 

 Темекі мен ішімдіктің зиянын барлық мамандандырылған дәрігерлер айтып әлек. Темекіге әуес әйелдің етеккір циклі өзгеріске ұшырап, жатырдан тыс жүктілік қауіпі күшейеді, жатыр түтікшелері түрлі ауруға шалдығады.

 Репродуктивты технологияны көмекші ретінде пайдаланатындар осы темекі тартатын әйелдер. Жүктілік кезінде дүние есігін ашатын балаға темекінің залалды екені мәлім. Бұл дәлелденген де. Темекі тартқан келіншектен салмағы жетпей қалған сәби туылады. Толғақ кезінде ана қатты қиналады. Ал, еркектерді аталық ұрықтары әлсізденіп, оның қызметі төмендейді. 

 Алкоголь, марихуана,  есірткі заттарды пайдалағандар  мен түрлі дәрілерді ішкендер  белдеулікке жиі ұшырайды. Өйткені бұлар ұрықтың жиналуына себепкер болатын гармондар мен хромосомалардың қызметін бұзып, сексуалдықты төмендетеді.

 Кофе

 Кофені құмартып  ішетін аруларда денеге бала  біту мүмкіндігі аз. Аяғы ауыр  әйелге кофеден бас тарту оңайға  соқпас, әлбетте оны аз мөлшерде ішу қажет. Кофеинді кофенің де зияндары жетерлік. Газдандырылған сусындар мен шоколод құрамында да кофеиннің бар екенін естен шығармаңыз.

 Бүгінгі таңда  медицина қарқынды дамып кеткен. Бала сүю мәселесі де дұрыс  жолға қойылуда. Бедеулікке шалдыққандар күйзелмей медикаментозды терапия және репродуктивты технология көмегіне жүгінуге болады-дейді дәрігерлер.

 Әйел мен  баланың денсаулығын жақсарту. Ана  мен баланың денсаулығын қорғау  біздің мемлекетіміздің, денсаулық  сақтау органдарының, жұртшылықтың тікелей назарында болуға тиіс. Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз. Біз бұрынғы уақыттан бері және қиындықтарға қарамастан бүгін де осындай көмекті көрсетіп келеміз. Мен балалы болғысы келмейтіндерге салық енгізу туралы ұсынысты көпшілік талқысына саламын. Одан түскен қаржыны көп балалы отбасыларды қолдауға жұмсар едік.

 Бізге жергілікті  деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешімді көрсетіп, ол отбасы туралы заңда бейнеленуге тиіс.

 Салауатты  тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына  үлгі көрсетіп отырған ата-аналарды айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар мен жұмыс берушілерге осы тұрғыдан көтермелеудің тиісті нысандарын іздестіруді ұсынар едім.

 Елімізде  жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа тыйым салу  керек пе, жоқ па деген мәселе  пікірталасына түсуі керек. Мұндай өте нәзік мәселеде де, басқа мәселелерде де мен көпшілікті қолдаймын. Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек.

 Жас шамасына  қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз.

 Тамақтануды,  қоршаған орта мен экологияның  тазалығын жақсарту.

 Экологиялық  нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 процентіне себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз-суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады.

 Сондықтан  біздің әрқайсымыз тамақтану  мен ауызсуға ерекше көңіл  бөлуге тиіспіз. Біздің мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенін, табыс дәрежесіне қарай өз рационын қалай құру керек екенін қазіргі заманғы жеке басының тазалығы ережелерін орындауды, сапасы төмен ауызсудың зиянын қалай тигізбеуді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіруден жалықпауы керек. Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргізуге тиіс. Кез келген сапасыз тамақ өнімдерін өткізушілер мен жасап шығарушыларға, табиғи ортаны ластаушылардың бәріне берік және қат-қабат тосқауыл қойылуы қажет.

 Мемлекеттік  ведомстволардың басшылары осының  бәрінде де үлгі көрсетуге  тиіс. Сонымен қатар дінбасылар  мен қоғамның басқа да құрметті  адамдарын осы процеске қосылуға  шақырамын. Бұл - маңызы зор  мәселелер. Адамдардың денсаулығы мен оны мыңдаған отандастарымыздың өмірі осы шараларға тікелей байланысты

 Ащы судың  азабы көп

 Енді этил  спиртінің (“самопалдағы” мұнайдан  жасалған техникалық спиртті  қоса алғанда) адам ағзасына  тікелей қалай әсер ететінін  білгіңіз келсе, мынаған назар аударыңыз:

1. Рактың тууына  бірден бір себепкер – алкоголь. Көптеген зерттеулердің қорытындысына  сүйенсек, арақ ауыз, өңеш, жұтқыншақ,  кеңірдек, асқазан, ішек рактарымен  қоса, тері рагінің 50-70 пайыз, қалқанша  безі рагінің 100-150 пайыз, әйелдерде сүт безі рагінің 60 пайыз жиілікте пайда болуын арттырады.

Нашакрлыкка карсы