Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау

2. Негізгі құралдардың жіктелуі.

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

«Негізгі құралдарға»- қозғалмайтын мүлік,жер учаскілері,үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатады.     

 Көлеміне немесіне бағасына қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай -ақ құрылыс -монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар,яғни мал төлдері де жатпайды.                                                                                                                                                Барлық  «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді.Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін , яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал -саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй- жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы  да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларында және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық- техникалық жабдықтау және сату- өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалары бойынша топталады.     

 «Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырылған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.     

 Егер  кәсіпорындар мен ұйымдардағы  негізгі құралдардың бәрі тек  қана ұйымның негізгі шаруашылығының  түріне ғана қызмет істейтін  болса,онда бұл ұйымдағы негізгі  құралдардың барлығы түгелімен  сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.     

Мысалы:өнеркәсіптік ұйымдағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы халық шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.    

 Егер  кәсіпорынның балансында осы ұйымның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылығы саласы қызметі түріндегі топқа жатады.                                                                                                                                        

 

 

     Кәсіпорынның  балансындағы тұрғын үй шаруашылығының  негізгі құралдары халық шаруашылығының  тұрғын үй шаруашылығы және  халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.                                                   

 Негізгі  құралдар алдына қойған мақсатына  және атқаратын қызметіне қарай  мынадай топтарға бөлінеді:                                                                                                   

    а)үйлер  (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма  және тағы басқалар);                                                 

 ә)ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар және тағы басқалары);

       б)өткізгіш  тетіктер (жұмыс машиналары, энергия  бөлетін тетіктер, құбырлар және  тағы басқалары);    

      в)машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын двигательдер, электроаппаратық трансформаторлар, экскаваторлар,грейдірлер,бульдозерлер,бетон араластырғыш машиналар, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар,монометрлер,таразылар,кассалық апараттар мен тағы басқалар);                         

      г)тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер,көлікке тіркемелер(прицеп),тракторлар және тағы  басқалар);

     ғ)құрал- саймандар мен жабдықтар(шкафтар, бактар,контейнерлер және тағы басқалар);                                                                                                                

  д)шаруашылық  құрал- жабдықтар (жиһаздар, креслолар, кілемдер, сейфтер және тағы басқалары);                                                                                           

 е)жұмыс және  өнім малдары;                                                                                                        ж)көп жылдық  өсімдіктер мен көшеттер;                                                                         

 з)жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны);        

  и)жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;                               

   к)басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары  және тағы басқалары);                       

        Негізігі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне  қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның  өзіне тиісті және уақытша  жалға алынған негізгі құралдарды баланс сыртындағы «Жалға алынған негізгі құралдар» деп аталатын шотта есептейді.     

       Сонымен қатар  пайдалану барысына қарай негізгі  құралдар жұмыс істейтін,жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үшке бөлінеді.                                                                 

      Жұмыс істейтіндерге  өндіріс үдерісіндегі,яғни қолданыстағы  негізгі құралдар жата. Жұмыс істемейтін  негізгі құралдардың қатарына  тоқтатылып қойылғанда, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.                                                                                                                    

   Сақтауда тұрған  негізгі құралдарға келешекте,яғни  алдыңғы уақытта тозып немесе  басқа да жағдайларға байланысты  істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал- жабдықтар жатады.                                                      

    Материалдық  активтер сатып алыну мақсатына  қарай былай бөлінеді:                             

  а)негізгі құралдар;                                                                                                              

  ә)тауарлық- материалдық қорлар;                                   

   б)қаржылық  инвестициялар.                                                                                                     

Мысалы: кәсіпорынның шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алыған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлық- материалдық қорлар құрамында есептеледі. Кәсіпорынның өз қызметіне пайдалану үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алған жер учкаскелері мен қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.                                             

 

 

 

 

5. Негізгі құралдарды түгендеу

 

Мемлекеттік мекемелерде  ғимараттар мен құрылыстарды түгендеу кезінде комиссия құқық белгілейтін құжаттардың болуын, объектілер бойынша мемлекеттік мекеменің балансында есептелгендерді табуды тексереді.

Сондай-ақ мемлекеттік  мекеменің баласында тұрған жер  учаскелеріне, су қоймаларына және өзге табиғи ресурстар объектілеріне  құжаттардың болуы тексеріледі.

Негізгі құралдарды түгендеуді бастағанға дейін мыналарды:

түгендеу карточкаларының, тізімдеменің және өзге талдамалы есептеу  тіркелімдерінің болуын және жағдайын;

техникалық  паспорттардың және басқа да техникалық құжаттардың болуын және жағдайын;

мемлекеттік мекеме жалға тапсырған, жалға, сақтауға және уақытша пайдалануға қабылдаған активтерге құжаттардың болуын тексеру  қажет.

Бухгалтерлік  есептің немесе техникалық құжаттаманың тіркелімдерінде айырмашылықтар мен  дәлсіздіктер табылған кезде тиісті түзетулер мен нақтылаулар енгізілуі  тиіс.

Ұзақ мерзімді активтерді (ғимараттарды, құрылыстарды, тапсырылатын қондырғыларды, машиналар  мен жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандарын, кітапхана қорын және өзге де ұзақ мерзімді активтерді) түгендеу деректерін ресімдеу үшін осы Қағидаға 4-қосымшаға  сәйкес түгендеу тізімдемесі (салыстыру  ведомості) қолданылады, олар негізгі  мақсатына сәйкес атаулары мен олардың  түгендеу нөмірлері бойынша жасалады.

Техникалық  құжаттама болмаған жағдайда ол туралы тізімдемеде «Ескертпе» бағанында  көрсетіледі.

Машиналар, жабдықтар  мен көлік құралы әзірлеуші –  ұйымның техникалық паспорты бойынша  зауыттық нөмірін, шығарылған жылын, мақсатын, қуатын көрсете отырып, тізімдемеге  енгізіледі.

Бір уақытта  түскен және топтық есептеудің үлгілік  түгендеу карточкасында есептелетін  құны бірдей біртекті шаруашылық мүкәммал құралдары, керек-жарақтар мен өзге негізгі құралдар түгендеу тізімдемелерінде осы заттардың саны мен түгендеу нөмірлерін көрсете отырып, атауы  бойынша келтіріледі.

Қалпына келтіруге, қайта жаңартуға, кеңейтуге немесе қайтадан құруға ұшыраған, соның салдарынан оның негізгі мақсаты өзгертілген  объект жаңа тағайындауға сәйкес атаулар  бойынша тізімдемеге енгізіледі.

Жүргізілген күрделі  жұмыстар (қабаттар қоса салу, жапсарлас  жаңа үй-жайлар салу) немесе құрылыстар мен гимараттарды ішінара бұзу (жеке конструктивтік элементтерді бұзу) активтерді тану критерийлеріне сәйкес мемлекеттік  мекеменің балансында көрсетілмеген  жағдайда, түгендеу комиссиясы тиісті құжаттар бойынша тізімдемеде көрсете  отырып, объекті құнының өзгеру сомасын  және жасалған объектілерді өзгертулер мемлекеттік мекеменің балансында көрініс таппау себептерін айқындауы  тиіс.

Есепте жоқ  объектілерді, сондай-ақ есептеу тіркелімдерінде  олар бойынша оларды сипаттайтын  деректер жоқ немесе дұрыс емес көрсетілген  объектілер айқындалған кезде комиссия түгендеу тізімдемесіне жетіспейтін  мәліметтерді және осы объектілер бойынша  техникалық көрсеткіштерді, мысалы: ғимараттар бойынша – олардың тағайындауларын, олар соғылған негізгі материалдарды, көлемін (сыртқы және ішкі өлшеу бойынша), ауданын (жалпы және пайдалы), қабаттар санын (жертөлесіз, жартылай жертөлесіз), соғылған жылын және т.б. енгізуі  тиіс.

Соңғы түгендеу жүргізу сәтінен бастап айқындалған  және ескерілмеген объектілерді бағалау  Қазақстан Республикасының бағалау  қызметі туралы заңнамасына сәйкес нарықтық құн бойынша жүргізілуі тиіс.

Соңғы түгендеу жүргізу сәтінен бастап айқындалған  және ескерілмеген негізгі құралдардың  өзге де объектілерін және материалдық  емес активтерді бағалау іс жүзіндегі  техникалық жағдай бойынша белгіленетін нарықтық құн бойынша жүргізілуі тиіс.

Түгендеу жүргізілген  сәтте активтері мемлекеттік  мекемеден тысқары болған негізгі  құралдар (күрделі жөндеуге жіберілген машиналар мен жабдықтар, теміржол көлігінің жылжымалы құрамы) олардың  уақытша болмаған сәтіне дейін түгендеуге жатады.

Пайдалануға жарамайтын және қалпына келтіруге жатпайтын  негізгі құралдар, жылжымайтын мүлік  пен материалдық емес активтер бойынша  осы объектілерді пайдалануға беру уақыты және жарамсыз болуына әкеп соқтырған себептер (тозғаны, толық  жарамай қалғаны) көрсетіле отырып жеке тізімдеме жасалады.

Негізгі құралдарды түгендеу жүргізу кезінде осы  Қағиданың 15-тарауына сәйкес бухгалтерлік есепте көрсетуге жататын мемлекеттік  мекемелердегі артық, пайдаланылмайтын объектілер айқындалады.

Мемлекеттік мекеменің  балансында тұрған негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлік пен материалдық  емес активтерді түгендеумен бірге  жалға алынған және жауапты сақтауда тұрған объектілер тексеріледі.

Көрсетілген объектілер бойынша жеке тізімдеме жасалады, онда осы объектілерді жауапты сақтауға немесе жалға алғанын растайтын  құжаттарға сілтеме беріледі.

Материалдық емес активтерді түгендеу кезінде мыналарды:

мемлекеттік мекеменің  оны пайдалануға арналған құқығын  растайтын құжаттардың болуын;

материалдық емес активтердің баланста дұрыс және уақтылы көрсетілуін тексеру  қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Қаржылық инвестициялар  есебі

 

          Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.      

        Нақтылық  инвестиция дегеніміз – шаруашылық  субъектісіндегі белгілі бір  материалдық, өндірістік қорлардың,  яғни активтердің өсуіне, дамуына  жұмсалыну үшін салынатын салымдар  болып табылады.

        Қаржылық  инвестиция дегеніміз – акционерлік  қоғамдар немесе мемлекет шығарған  акцияларға, облигацияларға және  басқадай құнды қағаздарға банктердің  депозиттеріне салынған салымдар  болып табылады.

        Қандай  да бір  кәсіпкер  құрылысты   салу үшін  қаржы керек етеді.  Мұндай жағдайда  құрылыс  нақты   инвестицияның  объектісі болып  табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты  қаржыландыру үшін  өзінің  акцияларын  шығарып, басқа біреулерге сатуы  мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің   құрылысқа салған салымы  нақты  инвестиция, ал қатысушының  акцияны  сатып алуға  жұмсаған шығыны  қаржылық  инвестиция болып саналады.

        Жоғарыда  аталған  инвестицияның  қай  түрінің болмасын  алдына қойған  мақсаты  салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін   өнімдердің, дайындалатын  бұйымдардың   сапасын барынша  жақсарту, яғни  олардың халықаралық стандартқа  сай етіп  сыртқы рынокта сата  алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске   жаңа техникалар мен  технологияны  қолдану  арқылы  табыс табу  болып табылады.

        Қаржылық  инвестициялар  иелену  мерзіміне   қарай мынадай  категорияларға  жіктеледі: 

                   а)  қысқа мерзімдік – иелену  мерзімі бір жылға дейін;

                   ә)  ұзақ  мерзімдік – иелену  мерзімі бір жылдан  артық.

        Жылжымайтын  мүліктерге салынған ивестицияларды  иеленуші  субъектілер  ұзақ  мерзімдік  ретінде  есептейді.     

Еншілес, тәуелді  және бірлесіп бақыланатын  заңды  тұлғалардың инвестицияларының  есебі

 

        Қазақстан  Республикасының  Азаматтық Кодексіне  сай  шаруашылық тараптарды  серіктестігі, егер басқа (негізгі  немесе бас) шаруашылық серіктестігінің,  оның  жарғылық  капиталындағы   үлесінің  басымдылығына байланысты  немесе олардың өзара келісіміне  орай немесе өзгеше  жолдармен,  шешімдерді  айқындауға  мүмкіндігі  болса, онда  ол  еншілес деп   есептелінеді;  тәуелді  акционерлік  қоғам, яғни  бірлесіп бақыланатын   заңды тұлғалар  деп жасалған  келісімдер нәтижесінде инвестицияланған  объектіге қатысты  қаржылық  және  өзге аспект  деңгейін  анықтау құқығына  ие болған  басқа заңды  тұлғалардың   ықпалына  түсіп  қалған  серіктестерді   айтамыз.

        Инвестициялардың  есебі 2000 «Инвестициялар» бөлімшесінің  шоттарында  жүргізіледі,  оның  құрамына мынадай  синтетикалық  шоттар  кіреді: 2120 «Еншілес  серіктестерге   салынған инвестициялар», 2140 «Тәуелді  серіктестіктерге салынған инвестициялар»,  2130 «Бірлесіп – бақыланатын заңды  тұлғаларға  салынған инвестициялар», 2180 «Басқа инвестициялар».

2120-2180 шоттар  активті   және күрделі  болып келеді. Талдамалы  (аналитикалық)  есеп  инвестицияланған  кәсіпорындар  мен  инвестициялар түрлері  бойынша жүргізіледі. 

        Инвестицияларға   есеп  жүргізілгенде төмендегідей  әдістер қолданылады:

        Үлестік  қатысу әдісі  - инвестицияларды  иеленген мезетте  сатып алу   құнымен көрсетіп, кейінірек   тәуелді  шаруашылық  серіктестерінің  таза  активтеріндегі  өзгерістерде  инвестордың  үлесі  мойындалуына  байланысты  олардың  құнының  өсуін  (кемуі)  есепке алу әдісі.  Тәуелді  шаруашылық серіктестестігінің  таза кірісінде (шығынында) инвестор  үлесінің  өзгеруі қаржылық – шаруашылық  қызмет туралы  есепке табысқа жатқызылады.

        Үлестік   қатысу  әдісін  қолданған   кезде  инвестициялардың  баланстық   құны  тәуелді  шаруашылық  серіктестіктерінің  таза  табысындағы   инвестордың үлесін   сараптағандағы  өсуі (кемуі)  табысқа жатқызады. 

        Еншілес  ұйымдардың  жинақталған таза  табысының  жалпы  сомасынан   тиісті  дивидендтер  инвестициялардың  баланстық  құнын кемітеді.

        Еншілес  ұйымдардың  шаруашылық серіктестігінің   активтерінің  қайта  бағалануына   байланысты  инвестордың  үлесінің  өзгеруі, инвестициялардың  баланстық  құнын көтереді (кемітеді) және меншікті  капиталдың  бөлімшесінде көрсетеді.

       Инвестор  өзінің еншілес ұйымдардың  таза  табысында үлестік қатысын қайта  жаңғыртуға, тек таза табыс үлесі,  таза шығындар үлесіне тең  болғанда ғана мүмкіндік алады. 

        Құн әдісі - инвестицияларды иелену мезетінде сатып алу құнымен көрсетілетін есеп әдісі. Инвестордың қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте, инвестиция табысы деп, тәуелді шаруашылық серіктестігінің, жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивидендтердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады. Инвестицияланған кәсіпорын өте қатаң, ұзақ мерзімді, шектеулі жағдайларда жұмыс істеп, инвесторға табыс бере алу қабілеті төмен болса, инвестицияға иеліктің құны сатып алу құнымен есептеледі. Мұндай шектеулерді тудыратын төмендегідей себептер: реттеуші органның бақылауында болса, кәсіпорын дивидендтері бөлу аспектісіне араласуы мүмкін; кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) шетелге аударуға шек қойылған немесе валюта бағасы жедел кеміп кететін елде жүргізілуі мүмкін.       

Еншілес ұйымдардың  шаруашылық серіктестігіне инвестициялар оларды болашақта сату мақсатында алғаннан басқа жағдайда үлестік қатысу әдісі  бойынша біріктірілген қаржылық есепте есептеледі; тәуелді шаруашылық серіктестігі инвесторға қаражат беру қабілетін төмендететін қатаң ұзақ мерзімді жағдайда жұмыс істейді. Бұл  жағдайда олар құн әдісімен есептелуі  тиіс.   

Бөлек қаржылық есеп-беруді жүргізуші инвестор, еншілес ұйымдарға  біріктірілген қаржылық есеп – беруді жасаған кезде, тек өзінің инвестициясы туралы мәліметті ғана беруі керек. Біріктірілген қаржылық есеп-беруді жасамайтын инвестордың есебі, жеке қаржылық есеп беруден тұрғанымен, ол мынадай жайларды ескереді: үлестік  қатысу әдісімен немесе құн әдісімен (тәуелді шаруашылық серіктестігі қатал  ұзақ мерзімді шектеулер жағдайында қызмет істесе немесе инвестициялар  жақын болашақта сату мақсатында алынса); сатып алу құнымен немесе қайта бағалау құнымен немесе ұзақ мерзімді инвестицияларды есепке алудың қабылданған есеп саясатына  сай сатып алу мен ағымдағы құнының ең төменгі бағасы бойынша  есептеледі.    

 

Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі

Қаржылық инвестициялардың есебі 1100 "Қаржылық инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 2040 "Акциялар", 2020 "Облигациялар" және 2010 "Басқа қаржылық инвестициялар" шоттары кіреді.

2040-2010 шоттары активті,  күрделі, негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық  салымдардың айдың басы мен  аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың  ұлғаю операциялары; кредит бойынша  қаржылық инвестициялардың кему  операциялары жазылады.

Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы  инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.

Қаржылық инвестициялар  сатып алу кезінде ол оның сатып  алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондықтөлемдері кіреді.

Құнды қағаздар инвестициясының  өтелу құны мен оның сатып алынған  құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі  иеленген уақыт ішінде амортизацияланады.

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.

Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты  түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп  отыруға тура келеді, мысалға, қор  биржасындағы инвестицияның котировкасы  сияқты.

Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.

Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының ең теменгі  бағасымен алынса, онда оның баланстық  құнын келесі негізде анықтайды:

- жалпы қоржындық (портфельдік)  жиынтығымен;

- инвестицияның түрі бойынша  қоржындық жиынтығымен;

- жеке инвестициялары (әрбір  инвестициясы) бойынша.

Бұл кезде сатып алынған  бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан  жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше  жағдайда — табыс ретінде табылады.

Қысқа мерзімді инвестицияларды  ұзақ мерзімді инвестицияға аударсақ, онда: олар сатып алу және ағымдағы құнның ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы құны бойынша (егер де олар бұрындары осы құны бойынша көрсетілген болса) бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау