Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

Еуразиялық гуманитарлық институты

Мемлекеттік –  құқықтық пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

 

 

Тақырыбы: «Қоғамдық  тәртіпке қарсы қылмыстар »

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: ЮКС -12 тобы

                Қыдырбаева А.Б

Тексерген:  Мусынова Г.Е

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА – 2012

МАЗМҰНЫ

1. КІРІСПЕ..............................................................................................................3

          1Бұзақылық және тағылық..........................................................................4

         1.2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының заңы........................................................................7

  2. Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы                                        шаралардың жоспары ...........................................................................................12


2.1 Қоғамдық тәртіпті қамтамасызету.......................................................... ...............................................................................................................17

            2.2  Қорытынды................................................................................. 19

Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    КІРІСПЕ


       1.Қоғамдық тәртіп  азаматтың қадір-қасиеті мен басқа да құқықтарын, меншіктің барлық нысандарын қорғау, қоғамдық орындарда тыныштықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, адамдардың өзара араласуының қалыпты қызметіне жағдай туғызу, адамның жеке басына тиіспеушілікті қамтамасыз ету мақсатында, арнайы нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамдық тәртіп - адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің қоғамда қалыптасқан құқық пен мораль нормаларына немесе қандай да болсын ұйымның талаптарына сай келетін нұсқасы. Қоғамдық тәртіп қоғамның қалыпты тіршілік етуінің қажетті шарты болып табылады. Қоғамдық тәртіп арқасында адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеті тәртіпке келтірілген сипатқа ие болады. Мұның өзі ұжымдық қызметті және әлеуметтік ұйымдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қоғамда әрқашанда жалпыға бірдей міндетті тәртіп пен белгілі бір ұйым мүшелеріне ғана міндетті арнаулы тәртіп (әскери тәртіп, еңбек тәртібі, т.б.) жолға қойылады. Коғамдық тәртіп әрқашанда қоғамдық қатынастармен айқындалады және ол осы қатынастарды қорғауға қызмет етеді. Саналы тәртіп, пайдакүнемдік пиғылдағы және мәжбүрлі тәртіп түрлеріне бөлінеді. Саналы тәртіп — қоғам мүшелерінің мінез-құлық нормаларын терең сезініп игеруі. Тәртіпті адам қоғамдық өмірде қабылданған мінез-құлық нормаларын ұстау қажеттігін іштей түйсініп әдеп ретінде қабылдайды. Оларды сақтай алмаған жағдайда ұяттан қысылып, өзін кінәлі сезінеді. Қоғамдық тәртіп қоғам мүшелерінің жеке мүдделерінің, олардың қажеттіліктерінің және олар орындайтын әлеуметтік мінез-құлық нормаларының бір-бірімен ұштасу дәрежесімен айқындалады. Егер бұл нормалар жеке адам іс-әрекетінің іштей құлшынысына айналмаса, онда мұның өзі мінез-құлықтағы түрлі ауытқуларға апарып соқтырады. Қоғамның әрбір мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін және олардың қалыпты әрекетін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар деп аталады. Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстарды жасағанда зиян нақты бір адамның мүддесіне емес, қоғамдық маңызды мүдделерге — тұтастай қоғам өмірінің қауіпсіз шартты жағдайларына зиян келтіреді.    Қоғамдық қауіпсіздік дегеніміз — азаматтардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және өзге де құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жалпы қауіп-қатер көздерін сақтандыру саласындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қоғамдық тәртіп — бұл адамдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың қалыпты әлеуметтік-пайдалы қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамдық тәртіп құқықтық нормалар кешенімен бірге өмір сүру, адамгершілік, әдет-ғұрып және т.б. ережелермен орнатылады.

 

  

    1. БҰЗАҚЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫҚ

қоғамдық тәртіпке карсы  қылмыстар (бұзақылық, тағылық және т.б.); әр түрлі өндіріс қызметіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (кен өндіру немесе құрылыс жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерін бұзу);   Бұзақылық   Бұзақылық қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ең көп таралған түріне жатады. Бұзақылық жасағанда қоғамдық тәртіптің, еңбек пен тыныштықтың қалыпты жағдайы өрескел бұзылады. Бұзақылық әрекеттер жасау кезінде азаматтардың денсаулығына жиі зиян келтіріледі, сондай-ақ бөтеннің мүлігі жойылады немесе бүлдіріледі. Бұзақылық, ең алдымен, қоғамды анық құрметтеушілікті білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылықпен сипатталады. Арсыздықпен ерекшеленетін қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушылыққа мыналар жатқызылады: зорлықпен ұштасқан әрекет (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру), ұзақ және қасарыса созылған бұзақылық әрекеттер, азаматтарды жәбірлеу, мүліктерді жою, көпшілік шараларды болдырмау, мекеменің, кәсіпорынның немесе қоғамдық көліктің қалыпты қызмет етуін уақытша тоқтату. Ерекше арсыздық деп, мысалы, ұятсыздығын білдіру, науқас, кәрі, дәрменсіз күйдегі адамдарды келемеждеп қорлау және т.б. айтуға болады. Зорлық жәбірленушіні ұрып-соғу немесе денсаулығына жеңіл зиян келтіру нысанында күшпен әсер етумен сипатталады. Ұрып-соғу, зиян келтіру отбасына, жеке жек көрушілік әсерінен туыстарына немесе таныстары-на қатысты жасалса, бұзақылық деп      сараланбайды. Бұзақылық жасағанда бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы материалдық залал келтірілуі мүмкін. Бөтеннің мүлкін жою — мүлікті толықтай жарамсыз етуді, ал бүлдіру— мүліктің тұтастығын бұзуды білдіреді.

    Тағылық дегеніміз — мәдени және материалдық құндылықтарды мағынасыз бүлдіруді, сәулет, мәдениет, өнер туындыларына жасалған тағылық пен қатыгездікті білдіреді. Бұл қылмыстың объектісі — қоғамдық тәртіп. Ғимараттар немесе басқа да құрылыстар, сондай-ақ қоғамдық мүлік қылмыс заты болып табылады. Ғимараттарға тұрғын үйлер, санаториялық-курорттық, мәдени-ағартушылық, өндірістіқ басқару орындары және т.б. объектілер жатқызылады. Басқа құрылыстарға ерекше қорғаудағы және құрмет тұтатын объектілер жатады, мысалы, ескерткіштер, ескерткіш тақталар, мемориалдық кешендер және т.б. Мүлікке тек қоғамдық көліктегі немесе қоғамдық орындардағы мүліктер ғана жатқызылады. Қылмыс ғимараттарды немесе басқа да құрылыстарды қиратудан, қоғамдық көліктегі немесе басқа да қоғамдық орындардағы мүліктерді бүлдіруден тұрады. Қорлау деп ғимараттарды немесе өзге де құрылыстарды неше түрлі жазулармен, суреттермен немесе белгілермен бедерлеген тағылықты айтады. Мүлікті бүлдіру деп оны қоғамдық көлікте немесе басқа да қоғамдық орындарда бүлдіруді айтады. Сонымен, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар деп қоғамның әрбір мүшесінің қауіпсіз өмір жағдайын және олардың қалыпты әрекеттерін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық құқықтық тәртіпті және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қоғамға қауіпті ерекеттерді айтады. Бұл қылмыстар Қылмыстық кодексің жеке тарауында қарастырылған және оларды жасағаны үшін айыппұлдан бастап, өлім жазасына дейінгі жазалар көзделген.

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   1.2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы  
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №590 заңы

     Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы  
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №590 заңы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркімен қатысуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.  
1-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының заңдары.  
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.  
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.  
3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы  
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №590 заңы заңның күші жедел-іздестіру қызметіне байланысты туындайтын, Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттелетін құқықтық қатынастарға қолданылмайды.  
2-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы.  
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың ішкі істер органдарына ерікті түрде жәрдемдесуі арқылы жүзеге асырылады.  
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар өз қызметін заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптері негізінде жүзеге асырады.  
3-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы оргадардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу мәселері жөніндегі құзіреті.  
1. Жергілікті өкілді органдар:  
1. тиісті әкімдіктер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде ішкі істер органдарына жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеуге қаражат бөлуге қатысты әзірлеген бюджеттік бағдарламаларды қарайды және бекітеді;  
2. тиісті әкімдіктердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияларының қызметін бақылайды.  
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары:  
   Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тіркейді және олардың дербес есебін жүргізеді;   
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қалалардағы қалалық) комиссияларды құрады;  
3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындайды.  
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушыоргандары: 
1) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың өңірлік есебін жүргізеді;  
2) Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияларын құрады.  
 3) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындайды.  
4-бап. Ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың қатысу мәселелері жөніндегі құзіреті.  
Ішкі істер органдары:  
1) бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібін, нысандары мен түрлерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкесайқындайды;  
2) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар куәлігінің үлгісін және эмлемасының нышанын әзірлейді және бекітеді;  
3) жергілікті атқарушы органдармен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;  
4) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;  
5) полицияның учаскелік пункттері базасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды құқықтық даярлауды ұйымдастырады;  
5-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тіркеу тәртібі.  
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуға ниет білдірген азамат ішкі істер органына өтініш береді, оған Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің не паспортының көшірмесін қоса береді. Азамат көрсетілген құжаттарға өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлігінің көшірмесін қоса беруге құқылы.  
Ішкі істер органы өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде азаматты наркологиялық, психоневрологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексереді, одан кейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті қолдаухат беріп, оған ұсынылған құжаттардың көшірмелерін қоса тіркейді, не қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша түрде бас тартады.  
 2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы келіп түскен қолдаухатты жеті жұмыс күн ішінде қарайды, азаматты тіркеуді жүргізеді және оны қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есебіне қояды, бұл туралы ішкі істер органын жазбаша түрде хабардар етеді.  
1. Кәмелетке толмаған азаматтардың және өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, сондай-ақ наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын не соттың шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуына жол берілмейді.  
2. Өтінішті қабылдамай тастау бас тартуға негіз болған себептер жойылған жағдайда өтініш берушінің қайта өтініш жасауына кедергі болмайды.  
3. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтың қатысуын тоқтатуға негіз болатын жағдайлар мыналар:  
Азаматтың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге одан әрі қатысуға ниетінің жоқтығы туралы өтініші;  
Қылмыстық жауапқа тартылуы;  
     Бірнеше рет (бір жыл ішінде екі және одан да көп рет) қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;  
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуі;  
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге одан әрі қатысуын болдырмайтын мән-жайлардың туындауы (психикасының бұзылуы, маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыру не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес айналасындағы адамдар үшін қауіп төндіретін ауру, не өлім)  
7. Осы баптың 6-тармағында аталған мән-жайлар туындаған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы тиісті ішкі істер органының ұсынымы бойынша бұл азаматты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар есебінен шығарады.  
6-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамсыз етуге қатысатын азаматтардың қызметін шектеу.  
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға:  
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың айрықша құзіретіне жатқызылған іс жүргізу қызметі мен өзге де қызметті жүзеге асыруға;  
2) Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өкілеттігін иеленіп алуға;  
3) Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі жасауға;  
4) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысу кезінде куәгер болуға;  
5) Адам мен азаматтық ар-ожданы мен қадір-қасиетін қорлайтын не азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектейтін іс-әрекеттер жасауға;  
6) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысу кезінде осы Заңның 7-бабының 3 тармақшасында аталған құралдарды қоспағанда, құқық қорғау органдары қаруланатын арнаулы құралдарды пайдалануға тиым салынады.  
7-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамсыз етуге қатысатын азаматтардың құқықтары мен міндеттері  
1 Қоғамдық тәртіпті қамтамсыз етуге қатысатын азаматтардың:  
1) бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларда ішкі істер органдарына жәрдемдесуге;  
2) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алуға және жолын кесуге;  
3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында; егер аталған мақсаттарға өзге тәсілдермен қол жеткізу мүмкін болмаса, дене күшін және басқа құралдарды қолдануға құқығы бар. Бұл орайда ол үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмеуге тиіс. Әйелдерге, мүгедектік белгілері айқын адамдарға, жасы белгілі немесе анық көрініп тұрған кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қаруланып не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, дене күшін және басқа құралдарды қолдануға тиым салынады;  
4) заңдарда көзделген жағдайларда қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға және құқық қорғау немесе өзге мемлекеттік билік органдарына алып келуге құқығы бар. Қажет болған жағдайда, ұсталған адамды қару немесе өзге де қауіпті заттар не қылмыстық іс үшін мәнді нәрселер бар деп ұйғаруға негіздер болған кезде, ұсталған адамның киімін тексеруге және аталған органдарға тапсыру үшін оларды алып қоюға;  
1) Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан, жол-көлік оқиғаларынан, дүлей зілзалалардан және өзге төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға медициналық және өзге де көмек көрсетуге қатысуға;  
2) Құқық бұзушылық, маскүнемдік, нашақорлық және уытқұмарлық профилактикасы жөнінде түсіндіру және құқықтық жұмысты жүзеге асыруға;  
3) Азаматтардан қоғамдық тәртіпті сақтауды талап етуге құқығы бар;  
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар:  
1) Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;  
2) Ішкі істер органдарын өздеріне мәлім болған дайындалып жатқан не жасалған қылмыс фактілері туралы дереу хабардар етуге;  
3) Заңдарда көзделген жағдайларда азаматтардың талап етуі бойынша өзінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуының заңдылығын растайтын куәлігін көрсетуге;  
1) Қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған азаматтарға мәжбүрлеу шараларын оларға қолданудың негіздерін түсіндіруге;  
2) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысуы алдында құқықтық дайындықтан өтуге міндетті.  
8-бап. Көтермелеу шаралары.  
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар:  
1)Алғысжариялау;  
2)Грамотамен  марапаттау;  
3) Ақшалай сыйлықақы беру;  
4) Жергілікті өкілді және атқарушы органдар өз құзіреті шегінде айқындайтын өзге де шаралар.  
5) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін тиісті жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылатын комиссия ішкі істер органының ұсынымы бойынша қарайды.  
6) Комиссияның құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ азаматты көтермелеуге ұсынған ішкі істер органының өкілдері енгізіледі. Комиссия жергілікті атқарушы органдарда тіркелмеген азаматтарды да; егер олар қылмыстардың алдын-алуға, жолын кесуге немесе оларды ашуға септігін тигізсе, осы заңда белгіленген тәртіппен көтермелеуге құқылы.   
9-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасыны заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық.  
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапты болады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   2.Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с  
N

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1. Қоғамдық тәртіпті  бұзуға қарсы іс-қимылды күшейту

1

Күзет қызметі  субъектілері үшін күзетілетін объектілерде және оған жақын аумақтарда жасалған барлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарлау жөніндегі міндеттерді белгілеуді көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу

Заң жобасы

ІІМ

2009 жылғы қазан

2

ІІМ-нің Біріктірілген деректер банкі базасында қиын өмір жағдайындағы кәмелетке толмағандардың бірыңғай есебін жасау жөнінде шаралар қабылдау

Бірлескен бұйрық

ІІМ (жинақтау), БҒМ

2010 жылғы наурыз

3

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық жұмыстың іс-шаралар кешенін әзірлеу және іске асыруға кірісу

Медиа-жоспар

МАМ (жинақтау), ІІМ, БҒМ

2010 жылғы қаңтар

4

Белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтары жұмысының тиімділігін арттыру

Қазақстан Республикасының  Үкіметіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей

2. Көшелер мен  басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

5

Жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ішкі істер органдары әкімшілік полициясының штат саны лимитінің шегінде қайта бөлу есебінен патрульдік полицияның штат санын көбейту жөніндегі мәселені қарау

Қазақстан Республикасының  Үкіметіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей

6

Көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды талдауды ескере отырып, штаттық саны шегінде неғұрлым криминогендік учаскелерде патрульдік жасақтар санын көбейту

Полицияның кешенді күштерінің бірыңғай орналасу жоспарына түзетулер енгізу

ІІМ

Тұрақты

7

Ішкі істер органдары мен Ішкі әскерлердің барлық құрылымдарын тарта отырып, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті нығайтуға және қылмысқа қарсы күресті күшейтуге бағытталған ірі ауқымды кешенді операцияларды кезең-кезеңімен өткізу

Қазақстан Республикасының  Үкіметіне ақпарат

ІІМ

Жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей

8

Учаскелік полиция инспекторлары жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттарын, сондай-ақ қызметтерін бағалау өлшемдерін айқындай отырып, олардың қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау

Бұйрық

ІІМ

2009 жылғы қыркүйек

9

Өңірлік, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық орындары мен неғұрлым криминогендік учаскелерінде бейнебақылау жүйелерін; сондай-ақ көшелер мен аулаларды жарықтандыру жүйелерін орнату және пайдалану жөніндегі жұмысты жалғастыру

ІІМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 10 қаңтардан кешіктірмей

3. Құқық қорғау  бағытындағы қоғамдық құрылымдардың  санын кеңейту

10

Құқық қорғау бағытындағы  қоғамдық құрылымдардың әрбір түрі бойынша үлгі ереже әзірлей отырып, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тарту жөніндегі жұмысты жандандыру

Бұйрық

ІІМ

2009 жылғы желтоқсан

11

Ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыскерлерін қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі іс-шараларға тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде осы мақсаттар үшін халықты еңбекпен қамту орталықтарының мүмкіндіктерін пайдалану жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының  Үкіметіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей

12

Тұрғын үй алаптарында құқық бұзудың алдын алуға пәтер иелері кооперативтері мен жеке күзет құрылымдарын тарту мүмкіндігін пайдалану

Қазақстан Республикасының  Үкіметіне және Алматы ақпарат қалаларының әкімдері

ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей


 

     

ІІМ       - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  
БҒМ       - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
МАМ       - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

    2.1 Қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бұл полиция қызметінің негізгі бағыты. Басқа мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, жедел жағдайды тұрақтандыруға зор ықпалын тигізетін полиция қызметкерлері мен қоғамның өзара тығыз қарым-қатынас жасауы. Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы полицияға өз еркімен көмек көрсетуі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының ІІМ учаскелік полиция инспекторларының қызметіне азаматтарды тартудың тағы бір тармағы- көп қабатты үйлердің кіреберістері мен аулаларын күзететін консьержі ретінде азаматтарды жұмылдыру. Алматы және Сарыарқа АІІБ-ға азаматтардан 160 арыз келіп түсті. Бүгінгі күні консьержілер мен үй коменданттарын іріктеу жұмысы белсенді жүргізілуде. Ағымдағы жылдың тамыз айында 53 консьержі мен 5 ерікті қоғамдық көмекшілерге қызметтік куәліктер тапсырылды. Консъержі қызметіне зейнеткерлер, еңбек ардагерлері және саналы тұрғындар қатарынан іріктеліп алынады, пәтер ұрлықтарының алдын алуда және қоғамдық тәртіпті күзетуде арнайы көмек көрсетеді.    «Қылмысты тергеуден, оның алдын алу жақсы»,- деп тегін айтылмаған. Құқықтық реформаны толыққанды жүзеге асыру үшін қоғамдық тәртіп орнату қажет. Өз үйім - өз қорғаным дейміз, алайда бүгінгі күні осы айтылған сөзге бәріміз сенімдіміз бе? Кей кезде үйлердің кіреберістеріне жас жігіттер жиналып алып, спиртті ішімдік ішіп жатады, осындай жағдайда біз өз үйімізге кіруге қорқамыз. Пәтеріміз күндіз қараусыз қалса, мазасызданамыз.

Консъержілер институтын енгізу кездейсоқ жағдай емес. Полицияға  көмегін тигізуге ниет білдірген  азаматтар ішкі істер органдарына  тұрғылықты жері бойынша арыз береді. «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге  азаматтарды қатыстыру туралы»  Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 09 шілдедегі Заңына сәйкес азаматтардың арыздары бойынша ішкі істер органдарының барлық есептері бойынша тексеріс жүргізіледі. Тексергеннен кейін қажетті құжаттар қолдаухатпен бірге Астана қаласының  Әкімі аппаратының мемлекеттік- құқықтық бөліміне жіберіледі.Қоғамдық тәртіпті күзетуге азаматтарды қатыстыру -бақылау және қадағалау қызметтерімен  байланысты емес тәртіпті, оның нысандары  мен түрлерін белгілейді. Алдымызда қоғамдық тәртіпті ретке келтіру және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары тұр.

Ақтау көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті атты әскерлер бақылайды.

ОсыданбіржылбұрынМаңғыстауоблысыішкіістердепартаментіпатрульдікполиция батальонынынаттыәскерлербөлімшесіқұрылғалыполицияқызметкер-лерітеңізжағасындажаяужүріпқоғамдықтәртіптісақтап, құқықбұзушылықтардыанықтайтын. 
Жылқылар Жамбыл облысынан сатып алынған. Барлығы 25 жылқы бар, патрульдік полиция сақшылары өздерінебекітілген сәйгүліктерімен түскісағат 13:00-ден бастап кешк ісағат 19:00-ге дейінАқтауқаласыныңтеңізжағалауындатәртіпсақтайды. 
«Аттытұлпарменжүріпқоғамдықтәртіптісақтағанедәуіртиімдіәріқылмыскерлерді қуып жетіп құрықтауға оңай»,- дейдіполицейлер. 
«Полицияқызметкерлеріастындағысәйгүліктерінқызметкешығаралдындажуындырып, тазалапбаптапшығады.

Тәртіп (лат. disciplina) – адамдардың белгілі бір қауымдастығындағы, тіршілік қарекеті саласындағы реттіліктің, жөн-жосықтылық пен ұйымшылдықтың сапалық сипаты; адам мінез-құлқының қоғамда қалыптасқан құқық, мораль нормаларына не әлдебір ұйымның жарғылық талаптарына сәйкестігі. Тәртіп тұлғаның ұстамдылығын, іштей ұйымдасқандығын, жауапкершілігін, өз мақсаттарына бағыну мен қоғамдық нұсқауларға (заңдар, әлеуметтік нормалар, қағидалар) бағынуға әзірлігі мен дағдысын қамтиды. Қоғамдық тәртіп адамдардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрысына үйлесімді сипат береді, ұжымдық іс-әрекеттің өнімділігін, әлеуметтік инабаттардың қалыпты қызмет атқаруының, тұлғааралық қатынастың дұрыс болуының алғышарты болып табылады.[1]

Тәртіп - қоғамда қалыптасқан құқық, мораль нормаларына немесе қандай да болсын ұйымнын жарлық талаптарына адамдардыңмінез-құлығының сәйкестігін бейнелейтін қандай да болсын қауымдастықта, адамдардың тіршілік әрекеті сферасында реттіліктің ұйымшылдықтың сапалық сипаттамасы. Оқушылардың тәртібі - оқу орынында белгіленген тәртіпті қатаң және дәл сақтау, өз міндеттерін, мұғалімдер мен оқушылар ұжымының талаптарын мүлтіксіз орындау, өз борышына саналы қарау. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       ҚОРЫТЫНДЫ

     Менің курстық жұмысым қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың сипаттамасы. Республикамыздағықоғамдық тәртіпті сақтау мақсатымен, өзіне тән қоғамдағы әлеуметтік экономикалық жаңару кезеңіндегі ерекшеліктерді ескере отырып, құқықтық қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық әрбір қазақстандықтың түбегейлі қағидасы болатынына сенімім мол. Қылмыстық заңның қоғам алдында атқаратын қызметі құқықтық нормалар арқылы туындайтыны баршаға мәлім. Қазақстан Респуликасының Президенті Н. Назарбаевтың дәстүрлі қазақстан халқына арналған Жолдауында қоғам, мемлекет алдында ең басты қазына адам өмірі, денсаулығы, оның меншігі екендігі баса айтылады. Сондықтан да адамзат тіршілігіне, меншігіне, мүлкініне,оның жеке қазынасына қиянат жасаумен күресу баршаның іс екендігі белгілі, қоғам үшін не нәрсе қауіпті, ненің қауіпті емес екендігі жөніндегі мәселенің шешімі заңның құқықтық реттеу мүмкіндіктеріне байланысты емес ол эволюциялық құбылыс болып табылады. Елбасымыздың халқына жолдауындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдік бәсеге барынша қабілетті 50-елдің қатарына кіру стратегиясында «Лаңкестікке, ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз қару-жарақ таратуға,есірткі саудасымен басқа осындай қатерлерге қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту Қазақстанның тиісті халықаралық шарттарымен келісімдер әзірлеуге және нақты іске асыруға белсене қатысуын қарастырды.Біз қазіргі заманның осындай қыр көрсетулерінеқарсы тұру үшін ҰҚШҰ және ШЫҰ шеңберінде бірлескен оқу жатығу шараларына сондай- ақ лаңкестікке қарсы НАТО мен бірлескен бастамалар мен операцияларға қатысу арқылы Орталық Азия өңірі мемлекеттерінің ынтымақтастығын нығайтуға тиістіміз» делінген [1].

    Ғасырдың аяғына таман, атап айтқанда, 1898 жылы Рим қаласында Италия мемлекетінің ұсынысымен алғаш рет лаңкестікке қарсы күресу қажеттілігі туралы дүниежүзілік І-ші Халықаралық конференция өткізілген болатын. Осы конференцияның жұмысына қатысқан 20 мемлекет өкілдері лаңкестікке қарсы қолданылатын әкімшілік, құқықтық және саяси сипаттағы актілерге қол қойды. Бірақ өкінішке орай, көп ұзамай дүниежүзілік соғыстың басталып кетуі, дүниенің екі жүйеге бөлінуі лаңкестікке қарсы І-ші Халықаралық конференцияда қабылданған қаулы-қарарлардың іс жүзіне асырылуына бөгет болды. Міне, сонан бері, 100 жылдан астам уақыт өтсе де лаңкестік дуниежүзілік масштабта күн тәртібінен түспей келеді. Бүгінгі таңда да лаңкестік адамзат баласының өркениет жолымен бірқалыпты дамуына қатер тудырып отырғаны анық [2].

    Қазақстан көп ұлтты ғана емес, көп дінді мемлекеттердің бірі болып тұр. Әрине, бізде дін мен мемлекеттің арасы ажыратылған. Басқаша айтқанда, мұнда қанша дін түрлерін ұстанушылар өмір сүріп жатқанымен, Қазақстан діни мемлекет емес. Алайда, бұдан "ел ішіндегі діни қайшылықты мәселелерге мемлекет көзін жұма қарап, еркімен жібереді екен" деген ой тумаса керекті. Өйткені, сол мемлекеттегі кез келген бірі-бірімен ымыраға келуі қиын, қарама-қайшы сенім-нанымдағы ортаның болуы – мемлекеттің қауіпсіздігіне төнген қауіп. Оның үстіне соңғы жылдарда кейбір ірі мемлекеттер дінді саясат құралына айналдырып алды. Кейбір экстремистік ниеттегі діни ағымдарды әдейі қаржыландырып, "қорғансызды" қорғаған, "әлсіздің" сөзін сөйлеген болып, тәуелсіз елдердің ішкі ісіне араласып, сол мемлекеттерді құрайтын ұлттардың құқығына қол сұғып отырған елдер де бар. Әртүрлі өркениетті даму жолдарын ұстанғанмен, түпкі мақсаты халқын тойындырып, елін өркендетіп, гүлдендіру болып табылатын Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстанда да тұрақсыздықтың уын шашуға мүдделенген террористік топтар өз әрекеттерін жандандыра бастады. Дей тұрғанмен, террористік-лаңкестік, діни-экстремистік топтардың Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан аумағына ене бастауын тек қана олардың түпкі мақсат-мүдделерінің тереңдігінен, залымдығынан іздестіру аз.Мінекей осындай көкейтесті қоғамдағы мәселерді заң тұрғысында саралап, зерделей ашуды көздедім.

     «Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенінде пәннің оқу бағдарламасы, курстың тақырыптық жоспары, студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар, пән бойынша есептік жұмыстарды орындаудың және тапсырудың кестесі, өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары, жазбаша жұмыстардың тақырыптары мен емтихан сұрақтарының тізімі берілген. 
Оқу-әдістемелік кешен 050301 – «Юриспруденция» мамандығына арналған «Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген. 
«Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар» қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің тарауларының бірі болып табылады. Бұл тарауда терроризм, бандитизм, жаппай тәртіпсіздік, заты рабиоактивтік материалдар, жарылғыш заттар болатын қылмыстар, сонымен бірге негізгі белгілері қылмысқа қатысу нысандары болып табылатын қылмыстар қарастырылады. 
Оқу пәнінің мақсаты – студенттерге терең теориялық білім беру және оның негізінде сот және құқық қорғау органдарына жүктелетін міндеттірді табысты орындауға қажетті біліктілік пен дағдыларды орнықтыру. 
Негізгі міндеттері: қылмыстық жазаланушы әрекеттердің түрлері туралы жүйелендірілген теориялық білім алу; қолданыстағы қылмыстық заңнаманы және сот-тергеу тәжірибесін еркін қолдана білу; ҚК Ерекше бөлімінің нормаларын қолдану және талқылау, қылмыстарды саралау қабілеттіліктеріне үйрету; қылмыстық заңды азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғаудың бірден-бір құралы ретінде құрметпен қарауды қалыптастыру. 
     Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды.      Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.    

 Әскери демократияның дамуы  қоғамда саяси ұйымның – мемлекеттің  пайда болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның  жаңа негізде қайта құрылуы  нәтижесінде, ал екінші жағынан,  жаңа басқару органдарының пайда  болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет  – адам баласы бірлестігінің  жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан  мынадай белгілермен өзгешеленеді:

1.     Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі – мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз.

2.     Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.    

3. Мемлекетте қоғамды басқаратын  өкімет билігінің белгілі бір  дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір  тобы – шен иелері немесе  мемлекеттік қызметкерлер жұмыс  істейді.    

4. Қоғамның өмір сүріп, тіршілік  етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік  актілер шығарып, солар арқылы  қоғамдық қатынастарды реттеп  отырады, белгілі бір қоғамдық  тәртіпті қалыптастырады.    

 Марксизм мемлекетті тек  бір ғана топтың – байлар  тобының мүддесін қорғау үшін  жаратылған саяси ұйым ретінде  сипаттайды. Құл иеленушілік дәуірінде  мемлекет құл иелерінің мүддесін  қорғады, сондықтан ол құл иеленушілер  мемлекеті деп аталады, феодализм  дәуірінде ол феодалдардың мүддесін  қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен: құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері.    

 Марксизм мемлекеттің осы  аталған үш түрін де қанаушылардың, езушілердің мемлекеті деп сипаттайды.     

 Алайда мемлекет жағдайындағы маркстік ілімінің осал жерлері бар. Айталық, мемлекеттің осы үш тсатысын, үш түрлі тұрпатын халықтардың барлығы бірдей бастан өткерген жоқ.    

Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.    

Заңдар адамның құқықтық дәрежесін  анықтайды. Құқық тек заңдардан  ғана тұрмайды. Құқық дегеніміз – белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент – нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, Министрліктер – нориативтік буйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер т.б. қабылдайды.   Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі – объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы.  Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз – мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп  пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.    

 Құқықтық нормалардың жиынығы  ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады. Адамдар бір-бірімен экономикалық қатынаста, яғни материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі қатынастарда болады. Мысалы, заводтарда, фабрикаларда нормативтік құқық актілері аоқылы белгілі бір реттілік, еңбек тәртібі орнатылады. Материалдық игіліктерді бөлу мәселесінде де экономикалық қатынастар пайда болады. Қызметкерлер өздерінің еңбегі үшін сияпат ақы алуға тиіс. Бұл да тиісті нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірімен неше түрлі шарттық қатынастарға түсіп жатады. Олардың арасындағы сату-сатып алу, айырбас, жоралғы, қарыз т.б. әрекеттер құқық нормаларының шеңберінде ғана хатталуға тиіс.    

 Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдардың құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері (сайлау, тағайындау

, олардың билік аясы (өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің түрлері мен әдістері т.т. құқықтық нормалар арқылы анықталады.     

 Қоғамдық тәртәп (демократиялық немесе халыққа қарсы бағытталған) тек қана құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз етеді. Азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатынасу үшін пайдаланатын саяси құқықтары мен бостандықтары тек қана нақ осы құқықтық актілер арқылы белгіленеді.    

 Құқық қоғамның әлеуметтік  өмірінде де зор рөл атқарады. Құқықтық нормалар білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып, оны нығайтудың т.б. қажеттіктердің заңдық шарттарын белгілейді.    

 Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, оларға күштеу шараларын қолдану т.с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес. Азаматтар өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар құқық нормаларының талаптарын бұзған адамдарға шара қолданып, тиісінше жазалап отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып табылады.

  Қоғамның әрбір мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін және олардың қалыпты әрекетін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар деп аталады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстарды жасағанда  зиян нақты бір адамның мүддесіне  емес, қоғамдық маңызды мүдделерге — тұтастай қоғам өмірінің қауіпсіз шартты жағдайларына зиян келтіреді.

Қоғамдық қауіпсіздік дегеніміз  — азаматтардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және өзге де құндылықтарды  сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жалпы қауіп-қатер көздерін сақтандыру саласындағы қоғамдық қатынастардың  жиынтығы. Қоғамдық тәртіп — бұл адамдардың, мекемелердің, кәсіп орындардың, ұйымдардың қалыпты әлеуметтік-пайдалы қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамдық тәртіп құқықтық нормалар кешенімен бірге өмір сүру, адамгершіліқ әдет-ғұрып және т.б. ережелермен орнатылады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын барлық қылмыстарды  мынадай топтарға бөлуге болады:

1) қоғамдық кауіпсіздікке қарсы  қылмыстар (терроризм, кепілге адам алу, бандитизм және т.б.);

2) қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар  (бұзақылық, тағылық және т.б.);

3) әр түрлі өндіріс қызметіндегі  қауіпсіздік ережелерін бұзуға  байланысты қылмыстар (кен өндіру немесе құрылыс жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерін бұзу);

4) қауіпті заттарды қолдану ережелерін  бұзуға байланысты қылмыстар  (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, қаруды заңсыз жасау, қаруды ұрлау не бопсалау және т.б.).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.↑ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ЫСБН 9965-36-002-2

2.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6

3. Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет

 

4.↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға жалпы  сипаттама

5.↑ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2

6.Основы  гражданского  право. М.Г. Маркова.

7.Гражданский    Кодекс   РК    коментарии.  Общая   часть.  Алматы.

        М.К. Сулейменов,   Ю.Г. Басин.

8.Гражданское  право.  Е.А.Суханов.

9.Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства.   Алматы,  «Әділет-Пресс»,  1997 г.

10.Гражданское   право. Учебник / Под ред. А.П. Сергеева,  Ю.К. Толстого. М., 1997г.

11.Юридическая ответственность и законность. Братусь С.Н. Москва, 1996 г.

 

12.Гражданское  право,  часть  вторая в вопросах и ответах.   Москва   юристь  2001г.

 

 

Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар