Ой тұжырымы туралы жалпы түсінік

 

                           1. Ой тұжырымы туралы жалпы түсінік 

   Ойалаудың үшінші формасы – ой тұжырымы. Ол пайымдау мен ұғымға қарағанда өз құрлымына қарай анағұрлым күрделі.Өйткені бұл олармен теңелмейді, олардан құралады және белгілі бір байланысын болжайды. Осының арқасында ойлауда өзіндік функциялармен сапалы айрықша форма құрылады. Басталған аналогияны аяқтай келе, бізөзіміздің ақыл-ой қызметіміздің атомы - ұғым, ал молекуласы - пайымдау десек, онда ой тұжырымы – сол ақыл-ой қызметінің өзі деген сөз. Талдау, сұрақ қою, жауап іздеу, сұрау, талап ету, тиым салу – барлығы жәнеде басқа ойлау әрекетінің формалары белгілі ой тұжырымының түрлеріне ие болады. Сондықтанда біз ойлау мен ой тұжырымын жасау екеуі бірнәрсе деп қорытуға құқылымыз.

   Ойлаудың  бұл формасында формальді-логикалық талдау: ой тұжырымының мәні неде, оның рөлі мен құрылымы қандай; олардың негізгі типтері нені қамтиды; олар өзара қандай қатынаста болады; олармен қандай логикалық операциялар жасау мүмкіндеген сұрақтарға жауап беруі тиіс.

   Мұндай  талдаудың мәні адамдарды ежелден таңдандырған сөздің зорлық күшінің “құпиасы” осы ой тұжырымында (және олардың дәлелдеуге негізделуінде) жатқандығында болады. Және оған қол жеткізген кезден бастап логика ғылым ретінде басталады деп есептеуінде. Қазіргі кезде біз логиканың күші деп айтатын нәрсені осы ой тұжырымы қамтамасыз етеді екен. Міне, кейде логиканы тұжырымдалган білім туралы ғылым деп атауыда осы себептен шыгар.Мұнда ақиқаттың елеулі үлесі бар. Барлық ұғымдар мен пайымдауда алдынғы пікірлер өз-өзінен маңызды болса да, мәндерінің логикалық функцияларында байланысты тек ой тұжырымына (ендеше дәлелдеулерге) қатысты ғана толығымен ашады.

   Ой  тұжырымы теориясы – логиканың неғұрлым жан-жақты терең қарастырылған  бөлігі. Бұл – тағы да біздің қолымызға  таным мен қарым-қатынастың алып құралын  беретін өте тиімді теория.

   Өмірде  біз білімнің тура және жанама түрдегі  екіі тегімен қаруланғанбыз және соларды пайдаланамыз.

   Тура  білімді біз сезім мүшелері көмегімен  аламыз: “қант тәтті”, “Бұлбұл әдемі сайрайды”, “Қар ақ”, “Раушан гүлдерінен жұпар иіс аңқиды” деп. Олар біздің біліміміздің елеулі бөлігін құрайды және соның негізі болып табылады.

   Бірақ біз әлемдегі нәрселердің бәрі туралы тура талдау жасай алмаймыз. Мысалы, ешкім ешқашан homo sapiens сияқты 

   биалогиялық турдің қалай пайда болғанын бақылаган жоқ. Алайда ол туралы білім бар. Ол басқа білімнен алынған. Мұндай білімдер құрама (тұжырымдалған) деп аталады.

   Жалпы турде белгілі білімнен жаңа білім тұжырымын алатын ойлаудың формасы түсініледі.

   Біздің  ойлауымызда мұндай форманың болуы ұғым және пайымдау сияқты объективті шындықтың өзімен шартталған. Егер ұғым негізіне – шындықтың нәрселік сипаты, ал пайымдау негізіне – нәрселердің байланысы (қатынасы) жатса, онда ой тұжырымының объективтік негізін нәрселердің неғұрлым күрделі өзара байланысы – олардың өзара қатынасы құрайды.

   Ой  тұжырымы ғылымй және күнделікті ойлауда  кең пайдаланады. Олар біздің білімімізді  аяқталған кешенге қатысты күрделі  ой конструкциясына байланыстырып  қана қоймайды, сондай-ақ, оларды байытып, осы білімдерді ары қарай күшейтеді.

   Ұғымдарымен, пайымдауларымен бірге ой тұжырымы сезімдік танымның шекткулілігін жеңеді. Сезім мүшелерінің шамасы келмейтін жерлерде: қандайда бір нәрсенің немесе құбылыстың пайда болу себкптнрін, оның мәні мен тіршілік ету формасын, даму заңдылықтары және т.б. анықтауда олар таптырмас құрал.

   Ой  тұжырымы енді тура бақылауға болмайтын өткенді тану құралы ретінде пайдаланылады (мысалы, Күн жүйесінің пайда болуы). Оның үстіне олар әлі бақылауға келмейтін, болашақты түсінугеде де өте маңызды рөл атқарады. Әдетте болашақтағы кейбір дамуды алдын-ала болжау, көрегндік таныту сияқты азамат қоғамның даму заңдылықтары негізінде болжамдар жасалады.

   Күнделікті  өмірде сіздер мен біз қадам басқан сайыыын ой  тұжырымдарын жасаймыз. Көшеде адамдардың, машиналардың, жол полициясы қызметкерлерінің, дәрігерлердің жиналып қалғанаң көргенде біз, сірә, жол апаты болған-ау деп болжаймыз.

   Үйге  келіп есіктің ашыық, пәтердің қаңырап босап қалғанын көргенде біз тонау болған ғой деген ой тұжырымға келеміз.

   Заң тәжрибесінде ой тұжырымдары айрықша рөл атқарады. Әдебиат жанры ретінде детектив және кино өте әйгілі. Өйткені ой тұжырымы өнерін меңгергендіктен бізге қадағалап бақылау үнайды. Белгілі ізкезушілер ең күрделі таңңғажайып қылмыстық оқиғалардың түйінін шешеді. Шын мәнінде заңгерлердің құралы тек қана логика: онда ол алдын-ала тексеру болжаған қылмыскр, қылмыстық әрекеттің құрылу механизімі, қылмысқа итерген түрткі туралы барлық мүмкін ой тұжырымын құрумен көрінеді. Ал сот дегнніміз белгілі тұжырымды алу мақсатындағы деректерді талдаудан озге ештеңе де емес. Тіпті, жалпы кінәлау қорытындысы тек ой тұжырымының бір формасы ғана. 

                                      Ой тұжырымының құрылымы 

          Ой тұжырымында төмендегілерді  айырып көрсетуге болады:

  1. Соңғы пайымдау қорытылытын пайымдау.
  2. Алдыңғы пайымдаудан шығатын пайымдау.
  3. Бірінші мен екіншінің арасындағы логикалық байланыс.

      Егер біздің сөзімізде ой тұжырымының  алдыңғы екі элементі айқын  басым болса, онда үшінші элемент  айқын көрінбейді. Бітақ ойлаудағы барлық пайымдауларды біртұтас етіп, яғни ой тұжырымын “тастан қалағандай” етіп біріктіреді.

      Соңғы пайымдау тұжырымдалатын пайымдау  а л ғ ы ш а р т   деп аталады.

     Алдынғы пайымдаудан  тұжырымдалатын пайымдау    қ о р ы т ы н д ы (немесе тұжырымдау) деп аталады.

Ой тұжырымының  үшінші элементі оның сыртқы құрылымында  әдетте                                                                                              “сондықтан”, “яғни”, “сол себептен”, “өйткені”, “не”, т.б. сөзедрімен көрінеді. Бұл сөздер пайымдаулар арасындағы логикалық байланыстың бар екенін нұсқайды. Біз үшін мұнда ой тұжырымының бар екенін білдіретін белгілер болып есептеледі.

 

                                 2. Ой тұжырымының   типологиясы  

    Ұғым  мен пайымдауға қарағанда неғұрлым күрделі ойлау формасы болғандықтан ой тұжырымы өзінің көріну  формасы бойынша айтарлықтай бай. Әрі мұнда белгілі бір заңдылықта бар.

      Ойлау тәжірибесін шола келе, ой тұжырымының соншама сан алуан түрлерін көруге болады . Олар: алғышарттарының санымен – бір, екі және одан да көп;

    Пайымдау  типімен – қарапайым немесе күрделі; пайымдау түрімен –   атрибутивтік не релятивтік; тұжырымның ықтималдық дәрежесімен – нанымды, ықтимал және т.с.с. болып бөлінеді.

    Сонда ой тұжырымын типтерге бөлуде осы  белгілердің қайсысын негіз етіп алуға болады? Әлбетте , әңгімені ең алдымен ойлаудың бұл формасының сонау терең мәнінен бастау керек.Өйткені, жалпы кезкелген ой тұжырымы оның формасына қатыссыз, өздері бір білімнің басқадан шығыуын көрсетеді. Демек , осы салдардың сипатына байланысты. Яғни, ой тұжырымымыңдағы ойдың өрбу бағытынан барлық келесітұжырымдалған білімді талдаудың негізін қалайтын түбірлі, іргелі үш типін атауға болады екен.Бұлар дедукция индукция және

      традукция ( немесе аналогия бойынша ой тұжырымы).

    Дедукция  дегеніміз(латында deductio – шығару, қорту ) –неғұрлым жалпы білімнен жалқыға жылжитын ой тұжырымы. Дедукцияға ежелден келе жаткан типтік мысалды келтірейік:

    Барлық  адамға өлім хақ.

    Сократ-адам.

    Сократқа  өлім хақ.

    Индукция  дегеніміз (латында inductio – кіргізу, әкелу) – жалқы білімнен неғұрлым жалпыға қарай өтбитін ой тұжырымы.

    Мысалы, жинақ ведомостінде сіздердің топтың әр студентінің қысқы сессияны тапсырған  нәтижесін жазып және барлық пандердің  жақсы бағаға тапсырылғанын көздері  көрген деканат қызметкерлері “Барлық топ қысқы сессияны табысты аяқтады” деген жалпы қортынды жасайды.

    Традукция дегеніміз (латында traductio – аудару, ауыстыру, алмастыру) – алғышарттарды да, қорытындысы да жалпылықтың бірдей дәрежесінде болатын ой тұжырымы. Тағыда классикалық мысал келтірейік: “Жерде атмосфера, күн мен түннің, жыл мезгілінің ауысуы бар сияқты, сондай-ақ тіршілік болуы мүмкін”  (біз білгендей, тұжырым бекітілмеді).

    Егер  ой тұжырымының осы типтерін теориалық-танымдық тұрғыдан қарастырсақ, онда біз дедуктивтік  ой тұжырымының білімді өзгерту құралы екенін көреміз.Ол алғышарттары ақиқат болғанда қортындының да ақиқаттығына кепілдік береді. Яғни,сенімді болып табылады. Алайда сенімділік үшін әр кез ақы төлеу қажет. Дедутивтік ой тұжырымының сенімділігі ой тұжырымын жасаған субъектінің ой тұжырымын жасаған субъектінің білім көлемін кеңейтпеуге негізделеді.Қорытындыдағы ақпараттар алғышарттағы ақпараттардың тек аздаған бөлігін ғана құрайды. Біз жоғарыда келтірген мысалдардағы, Сократқа өлім қақтығы туралы білім барлық адамдарға да өлім хақ деген білімнен шығып тұр және “Сократ – адам” дегенде де ой меңзейді.

    Дедуктивтік ой тұжырымының бұл белгілерін XVII ғасырдың өзінде- ақ Френсис Бэкон мен Рене Декарт атап көрсеткен.Олар индуктивтік ой тұжырымдары туралы сындарын осы бақылауға негіздеген және осыдан барып Бэкон жаңа индуктивтік, ал Декарт конструктивтік логика қажет деп қортындылайды.

    Дедуктивтік ой-тұжырымдарының теориялық-танымдық сипттамасы олардың құндылығын едәуір төмендететіндей көрнеді.Себебі, ғылымда да, күнделікті өмірде де біз жаңа ақпараттар алуға ұмтыламыз. Дегенменен жаңаны  ашу біздің ғылымымыз бен әдеттегі қарым-қатынасымыздың тек бір бөлігін ғана құрайды. Олардың басқа маңызды құраушысы ашылған теоремалар мен заңдардың дәлелденуінде. Біздің бағалауымыз бен бақылауымыздың дұрыстығында.Өзіміздің және басқа адамдардың көзін жеткізуімізде болып табылады. Тура осы аумақта дедуктивтік ой тұжырымы өзінің қолданылу артықшылығына ие болады. Оның үстіне бұл заң тәжірибесіне қатысты. Оны белгілі Шерлок Холмстың қалай керемет  қолданғанын еске түсірсеңіздер де жеткілікті. Индукция мен традукция   дедуктивті емес ой тұжырымына жатады. Дедукциаға тән сенімділік    дедуктивті  емес ой тұжырымдарында жоқ.  Бірақ бұл – оның орнына олар басқа бір артықшылыққа ие шығар дегенді білдіреді. Олай болмағанда, бізге сенімсіз ой тұжырымдары не үшін керек еді.

    Дедуктиииивті емес ой тұжырымдары біздің білімдерімізді кеңейтеді. Міне, сол себептен олар ғылымда, шешендік тәжірибеде және біздің күнделікті өмірізде қолданылады. Ендеше, дұрыс дедуктивті емес ой тұжырымында алғышарттары ақиқат болғанда қортындының жалған болуы мүмкін. Яғни, олардың ықтимал сипатта болу қаупі бар. Бұл қауып  олардың көмегімен біздің білім көлемімізді кеңейтуіміздің төлемі болмақ.

    Ол  тұжырымының әрбір типі өз кезегінде айрықша түрлер мен әр түрлілікке ие.Оларды кезекпен қарастыруға көшеміз.

                         

                                     2.1. Дедукция 

                          2.1.1. Тура ой тужырымы 

      Біз айтқандай, ой тұжырымын  сан алуан түрге бөлудің негізі әр түрлі

белгілер, соның  ішінде алғышарттардың саны да болуы  мүмкін. Сонымен, тұжырым жасауға  болатын алғышарттарының санына қарай, дедуктивтік ой тұжырымдарын тура және құрама ой тұжырымы деп бөледі.

   Тура ой тұжырымы дегеніміз – бұл бір ғана алғышарттан, яғни бірден жасалатын ой тұжырымы.

   Құрама ой тұжырымы – бұл бірнеше (екі не одан да көп) алғышарттардан жасалатыной тұжырымы.

         Қарапайым паиымдаулардан  жасалған тура  ой тұжырымы 

    Тура  ой тұжырымын ең алдымен атрибутивтік те, релятивтік те қарапайым пайымдаулардан алуға болады.

    Атрибутивті пайымдауларға байланысты бұған екі жолмен қол жеткізуге болады:

    1) пайымдауларды өзгерту арқылы;

    2)пайымдаулардың қатынастары (“логикалық квадратта”) арқылы.

    Пайымдауларды өзгерту арқылы тура ой тұжырымы. Пайымдауларды өзгерту, ауыстыру және айналдыру формасында өтеді. Үйлестіру негізінде субъектіге және предикатқа қарсы қою мүмкін.

    Мұндай  ой тұжырымы мүмкінбе?

    Бізге пайымдау субъектінің (S) предиктқа (P)қатынасы белгілі. Осы негізде пайымдаудың осындай құрлымдық элементтерінің басқа қатынстары туралы жаңа білім шығаруға болады.

    Тура  ой тұжырымының жалпы ережесі: алғышартта таратылмаған терминді қорытындыда  да таратуға болмайды дейді. 

                                              Айналдыру 

    “Барлық  жақсы нәрсе бізге оңай келмейді” пайымдауын қарастырайық. Берілген пайымдаудың негізінде жақсы және оңай туралы не айтуға болады? Төмендегідей: “Ешбір жақсы нәрсе бізге оңай келген жоқ” деген пайымдау шығатынын байқау қиын емес. Осылайша біз айналдыру (латынша obversio) деп аталатын ой тұжырымын жасадық.

    Айналдыру дегеніміз --- бұл  кейбір кесімді пайымдауда сапасы бойынша предикатпен  қарма – қарсы, бастапқы пайымдаудың  предикатына қайшылықта болатындай өзгертуден тұратын ой тұжырымы.

    Кесімді пайымдаудың барлық түрін айналдыруға болады.Оларды жеке – жеке қарастырайық.

    А: Барі өзгереді.┴ Еш нәрсе өзгеріссіз қалмайды.

    Е: Бірде – бір адам кемшіліксіз  емес. ┴ Барлық адамдарда да кемшілік болады.

    І: Кейбір адамдар әділетті. ┴ Кейбір адамдар әділетті болмайды.

    О: Кейбір құжаттар жарамды болмайды. ┴ Кейбір құжаттар жарамсыз.

    Әрине, айналандыру көмегімен біз айрықша  жаңа ештеңе де алмаймыз деуге болады.Дегенмен, ғылымда да, өмірде де кейбір пайымдаулар  мағынасын толық әрі жан –  жақты талдау керек болатын міндеттерде кездеседі. Мұндай жақдайда тура ой тұжырымы мен оны пайдалану дағдылары бізге оны тез әрі дәл жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

    Келтірілген мысалдар негізінде айналдырудың жалпы  схемасын көрсетуге болады: 

       

                                                    А         Е-ге айналады

    Барлық  Sд еген P.                                      Бірде-бір S P болмайды

                                                      Е          А-ға айналады

    Бірде-бір  Sдеген P емес                             Барлық  S деген P болады.

                                                     І           О- ға айналады                

    Кейбір  S деген P.                                         Кейбір S деген P боламайды.

                                                    О          І – ға айналады

   Кейбір  S деген P емес.                                Кейбір S деген P болады. 

   Осылайша  айналдыруды орындау үшін бастапқы пайымдауды төмендегідей етіп:

     1) бастапқы пайымдаудың жалғаулығын сапасы бойынша қарама –қарсы ауыстыру ( яғни “ деген ” – “ деген емес” және керсінше);

     2)бастапқы пайымдаудың предикатын оған қайшы ұғымға ауыстыру ( яғни P – P емес немесе P емес – P -ға), өзгерту қажет.

    Айналдыру нәтижесінде біз бастапқы пайымдау субъектісінің бастапқы пайымдау предикатына қайшы ұғымға қатынасын анықтаймыз.

     Сонымен  қатар құптаушы пайымдаулар терістеушіге  айналады және керсінше болады. Ал нәтижесінде бастапқыға эквивалентті  пайымдау шығады.                                      

                                        

                                                Ауыстыру 

   Келесі  есепті қарастырайық. “ Барлық эпузалар гантирленеді” пайымдауынан “ Гантирленгендердің барлығы эпузалар болады” логикалық пайымдауы шыға ма? Біз жалпы зкпузалар дегеннің кімдер екенін білмейміз. Онда гантирлену дегеннің өзі не екені де белгісіз. Бізге тек пайымдаулардың логикалық формасы негізінде ғана талқылауға тура келеді. Бірақ бізге                                    ( латынша conversio) деп аталатын, яғни субъекті мен предикаты орындарын ауыстыра алатын ой тұжырымдарын анықтамайынша, ауыстыру деп аталатын ой тұжырымының жалпы заңдарын логикалық форма негізінде талқылау қиынға соғады.                      

   Егер  мейлінше абстрактілі ммысал алсақ, онда бізге ауыстыру соғұрлым түсінікті болады. “Барлық адвокаттар – заңгерлер ” пайымдауын қарастырайық.  Одан “Барлық заңгерлер –адвокаттар” деген пайымдауға шығама? Бұл сұраққа біз бірден  - жоқ деп нақты жауап бере аламыз. Соңғы пайымдау ақиқат болуы үшін пайымдаулардың терминдері теңкөлемді ұғымдар немесе “ адвокат ” ұғымы “ заңгер” ұғымына қарағанда өз көлемі бойынша үлкен болу керек.

   Алайда  бұл мысалда ондай қатынас  болуы мүмкін емес. Сондықтан, “ Барлық  адволаттар  - заңгерлер” пайымдауыннан “ Барлық заңгерлер - адвокаттар” пайымдауын алуға болмайды. Енді ой тұжырымдарының мұндай ерекшеліктері есепке алынатын теорианы қарастыру керек.

   Ауыстыру  –бұл кесімді пайымдауды субъект бастапқы пайымдаудың предикаты  болатын, ал предикаты - бастапқы пайымдаудың субъекті болатын пайымдауға өзгертуден тұратын ой тұжырымы.

   “ Бірде – бір трапеция теңжақты фигура болмайды” деген пайымдауды қарастырамыз. Одан “ Бірде – бір теңжақты фигура трапеция болмайды ” пайымдауы шыға ма? – деген сұраққа біздің логикалық интуицямыз сұраққа құптаушы белгі береді. Біз жалпытерістеуші пайымдауды ауыстырудан ерекшеленатініне көзіміз жетті. Атвокаттар туралы мысалға оралайық. “Барлық адвокаттар – заңгерлер” пайымдауының логикалық салдары “ Кейбір заңгерлер – адвокаттар” пайымдауы болатынын болжау қиын емес. Осылайша, сіздер мен біз жай ауыстыру және шектелген ауыстыру деп аталатын ауыстырудың екі түрімен кездестік.

   Жай (немесе таза ) – бұл бастапқы пайымдаудың саныа өзгетпей ауыстыру.

   Жай ауыстыруға Е және І типіндегі пайымдаулар  жатады. Сонымен қатар Е Е-ге, ал І тағы да І-ға өзгереді.

      Мысал. Е: “ Бірде – бір адам кемеліне жеткен емес”  “ Бірде – бір кемеліне жеткен тірі жан адам емес” деп Е-ге өзгереді.

       Түсініктеме. Бастапқы пайымдауды ауыстырып, біз “ тірі жан” сөзін қостық, бірақ та өзгерген ойға бұдан еш нәрсе қосылмайды. Ол тек ойдың тілдік көрнісі аумағына жатады.

        Мысалы, І: “ Кейбір заңгерлер – сенаторлар” ” Кейбір сенаторлар - заңгерлер” деп І-ға өзгереді.

        Шектеулі өзгерту -  бұл бастапқы пайымдаудың санын өзгерте отырып өзгерту.

        Жалпықұптаушы пайымдауларға алынған мысалдардан біз оларды тек шектеулі өзгерту мүмкін екеніне көз жеткіздік. Нәтижесінде жекеқұптаушы пайымдаулар шығады. Дегенмен мұндай шектеулі өзгертуге жеке баса көрсетілген пайымдаулар да сәйкес келеді. Оларда предикат субъектіге бағыныңқы қатынаста, яғни көлеиі бойынша одан кіші болады.

         Сондықтан бұл түрде пайымдау  тура солай аталғанымен,өзгерту  шектеулі емес, кесінше “ кеңейтумен” болады.

         Мысалы, жекеқұптаушы пайымдау “ Кейбір заңгерлер –тергеушілер “ “Барлық тергеушілер – заңгерлер ” деген жалпықұптаушыға өзгереді.

         Ал жекетістеуші пайымдаулар ше?

      Мысалы, “ Кейбір адамдар бай емес” пайымдауын алайыққ. Егер оны қарапайым өзгертуге жеткізсек, онда “ Кейбір байлар – адам емес” деген пайымдау шығады. Мұндай қатаң тұжырымға келетіндей біздің негізіміз жоқ. Сондықтан, жекетерістеуші пайымдаулар мүлде өзгеріске ұшырамайдй деген қортындыға келеміз.

    Неге  жалпықұптаушы пайымдаулар шектеулі өзгеріске ұшырайды, ал жекетерістеушілер  мүлде өзгермейді? Бұл сұраққа жауап беру үшін жай өзгере салатын пайымдаулар типтерін қарастырамыз. Е жәәне І типіндегі пайымдаулардйң  екі тирмені де (Е-дегідей) таратылған немесе ( І-дағыдай) таратылмаған. Мұнда терминдердің ттаратылуы мен таратылмауының қатысы не?

    Егер термин пайымдаудың бүкіл көлемінде алынса, сонда ол таратылған болып есептелетіні біздің есімізде. Егер біздің қортындыда таратылған, ал алғышартта таратылмаған термин пайда болса ой тұжырымы бұрыс болады. Онда біз алғышартта барлық көлемде алынбаған терминді қортындыда барлық көлемде алған боламыз. Сондықтан алғышарттан қортындыға өтуде ешқандай негізсіз ақпарат қосқан боламыз. Осыдан барып алғышарт ақиқат болғанда да, қортынды жалған болып шығады. Міне, сондықтан тура қорытындыда біз басында айтқар:

    “ Алғышартта тартылмаған термин қортындыда да таратылмауы тиіс”, - деген ереже бар.

    Е типі пайымдауда екі термині де таратылған болғандықтан, біз бұл пайымдауды батыл өзгерте аламыз. Сол сиақты І пайымдауын да батыл өзгертуге  болады. Өйткені қортынды – сында  бірде – бір термин таратылмаған.

    Енді  жалпықұптаушы пайымдауларды қарастырайық. Онда әдетте субъект таратылған, бірақ предикат таратылмаған.Өзгерту кезінде предикат пен субъект орындарын ауыстыратын болғандықтан, біздің терминдер ережесі бойынша, қортындыда субъект таратылмаған болу тиіс.

    Дегенмен  жалпықұптаушы пайымдаудың субъекті таратылған болып табылады. Бұл жалпықұптаушы  пайымдау мұрдай ой тұжырымының  қортындысы бола алмайтынын білдіреді. Сонымен  бірге жекеқұптаушы пайымдауда екі термин де таратылмаған. Сондықтан жекеқұптаушы қортындылы ой тұжырымы біздің ережені бұза алмайды. Ал осы, жекеқұптаушы пайымдау жалпықұптаушы пайымдаудан алынған заңды тұжырымды құрайтынын білдіреді.

    Енді  жеке терістеуші пайымдауды қарастырайық. Онда субъект таратылмаған, ал предикат таратылмаған. Бірақ егер біз тек субъект пен предикаттың орнын ауыстырсақ, онда S термині алғышарт-та таратылмаған, қортындыда тартылғар болады. Ал бұл біздің ережені бұзады. Сондықтан, біз жекетерістеуші пайымдауды жекетерістеушіге өзгерте алмаймыз.Өйткені оида пайымдау санын заңсыз кеңейту болар еді, әрі біз оны құпталатын пайымдауға айналдыра алмаймыз. Себебі, ол пайымдау санын заңсыз кеңейту болады. Сондықтан, жекетерістеуші пайымдау мүлде өзгермейді.

                                       

                                   Предикатқа қарсы қою. 

    Кесімді пайымдаудың мағынасын анықтау  үшін бастапқы пайымдаудың предикатына  қайшы ұғымның оның субъектісіне қатынасқан, яғни Р еместі S-қа анықтауға болады.

    Нәтижесінде субъект болып предикатқа қайшы келетін ұғым,ал предкат болып- батапқы пайымдау субъектісі болатын пайымдауды өзгерту предикатқа қарсы қою деп аталады.

    Предикатқа  қарсы қоюды екі түрлі жолмен орындауға болады. Осы пайымдау бойынша  оны предикатқа қарсы қоюды бірден құруға болады. Алайда бұл жеткілікті шығармашылық іс. Алдымен бастапқы пайымдауды айналдыруды, содан соң өзгертуді орындаған жеңілдірек. Нәтижесінде біз предикатқа қарсы қоюды аламыз.

    Мысалдар. А: “ Барлық өтірікшілер адамкершілігі жоқ адамдар болады”. Айналандыру - “ Бірде – бір өтірікші адамгершілікті адам болмайды”.Ауыстыру- “ Бірде – бір адамгершілікті адам өтірікші болмайды”.

    Е: “ Біздің топтың бірде – бір студенті шахмат ойнамайды”. Айналдыру - “ Біздің топтың барлық студенттері шахматшылар емес”. Ауыстыру – “Барлық шахматшылар біздің топтың студенттері емес”.

    О: “ Кейбір куәгерлер – есі дұрыс еместер”. Айналдыру – “ Кейбір куәгерлер - ессіздер”. Ауыстыру – “ Кейбір ессіздер –  куәгерлер болып есептеледі ”.

    І типті пайымдауды предикатқа қарсы  қою мүмкін емес, өйткені айналдыруда  О типті пайымдау алынады, ал естеріңіізде болса оларды ауыстыруға болмайды.

    Біздің  предикатқа қарсы қою туралы мәліметтерімізді төмендегі кестемен көрсетуге болады.

        

      

Бастапқы  пайымдау Предикатқа  карсы қою
А: Барлық  S деген P Е: Бірде-бір Р емес деген S емес
Е: Бірде-бір S деген P емес  І: Кейбір  Р емес деген S
О: Кейбір S деген Р емес  І: Кейбір  Р емес деген S

 

         І – ды предикатқа қарсы  қоюға болмайды.

                                      

                                          Субъектіге қарсы қою 

     Ауыстырып, одан соң айналдыру жолымен пайымдауды өзгерту субъектіге қарсы қою деп аталады.

       Яғни, тура ой тұжырымының бұл   түрі алдыңғы сиақты. Тек пайымдаулармен  ерекшеленеді. Бір ғана мысал  келтірейік. Егер “ Барлық адвокаттар- заңгерлер” пайымдауын алдымен “ кейбір заңгерлер адвокат еместер емес” ( прокурорлар, судьялар және т.б. болса да) десек, онда субъектіге қарсы қоюды аламыз. Қортынды предикаты - “ адвокат еместер”

Бастапқы пайымдаудың  субъектісі – “ аддвокаттар” дегенге қарсы қойылады. Логикалық операция мен тура ой тұжырымының бұлай аталуы осыдан барып шыққан.

        Субъектіге қарсы қою кестесі мынадай: 

      Бастапқы пайымдау     Субъектіге қарсы қою
      A: Барлық S деген P Е: Кейбір Р емес деген S емес
     E: Бірде-бір S P деген емес     А:  Барлық Р деген S емес
      I: Кейбір S деген P     О:  Кейбір Р емес деген S емес
Ой тұжырымы туралы жалпы түсінік