Освальд Шпенглер «Еуропаның күйреуі"

                      Освальд Шпенглер «Еуропаның  күйреуі»

 

 

Шпенглер Освальд (29.05. 1880, Бланкенбург – 08.05.1936, Мюнхен) – немістің идеалист-философы, мәдениет теоретигі, тарихшы, публицист. 1908 – 1911 жылдар аралығында Гамбургтегі гимназияда математика мен тарихтан сабақ берді. 1911 жылдан өмірінің соңына дейін ерікті әдебиетші ретінде Мюнхенде тұрды. Шпенглердің тарих философиясына байланысты негізгі шығармасы – “Еуропаның құлдырауы” (1 – 2-т., 1918 – 22) Германия 1-дүниежүзлік соғыста жеңіліс тапқаннан кейін көп кешікпей жарыққа шықты және зор табысқа жетті. Шпенглер өз еңбектерінде неміс ұлтшылдығын қолдады, бірақ 1933 жылы Германияда ұлтшыл-социалистер билікке келгенде оларға қызмет етуден бас тартты. Гитлершілердің антисемиттік саясаты мен “тевтондық” қиялдарын әжуалағаны үшін оның атын баспасөзде атауға тыйым салды.

 

             «Тарих жайлы қағида бар ма?» Существует превыше всех случайных и не поддающихся учету отдельных событий какое-то, так сказать, метафизическое строение исторического человечества?.. Өмірде болуы мүмкін-адамзат тарихы басқа емес, жеке өмірдің қорытындысы іспеттес, және біздің бірегей ойымыз олар үшін қадайбір «мен» немесе тұлға.   Еуропаның күйреуі антикалық әлемнің күйреуі болып көрінеді.  Батыс мәдениеті қалай басылуда осыған жауап беру үшін бірінші мәдениет дегеніміз не? Халықтар, тілдер мен дәуірлер, күрестер мен идеялар, мемлекет және құдайлар, тегі, өнердің шығуы, ғылым мен  құқық, ұлы адамдар мен ұлы оқиғалардың мәдениеттің символы болып табылады.

               Математикалық заң-өлі формаларды түсінудің жолы болып табылады. Аналогия-тірі формаларды ұғыну амалы болып табылады. Тарихта уақиғалар мен тұлғалар қайталанады деген түсінік қалыптасқан. Мысалы: Напалеонның өзіне оның  өмірі Ұлы Карлдіңкіне ұқсайтын. Швед корольі Карл XII жастайынан қалтасында Курций Руф жазған Александрдың өміржазбасын салып жүрді және барлығы осы жаулап алушыға еліктеді. Ұлы Фридрих өзінің саяси жазбаларында, мысалы «Considerations»  еңбегінде аналогияны сеніммен қолданады, ол әлемдік саясаттағы жағдайды түсіну үшін француздарды македондықтармен, Филип қол астындағы Эльзас пен Лотарингияны, кейіннен Габсбургтер мен Бурбондарды салыстыра қарастырады. Техниканы салыстыра қарастыру әлі қалыптаспаған. Бұдан кейін техниканы жоспарсыз, байланыссыз салыстыра қарастыру көбейеді.

              Үнді мәдениеті өзінің (брахмандық) идеясы нирванамен осы жарқын  сөзімен жанның түгелдей тарихсызын, ешқашан  «қашан» қандай жағдайда  деген түсінік болған емес. Үнді  астрономиясы да, үнді күнтізбесі  де жоқ. Сонымен қатар үнді  тарихын жоққа шығарады. Шпенглер  үнділер мен египеттіктерді салыстыра  отырып үнділер бәрін ұмытатындығын, ал египеттік ешқашан ұмытпайды дейді, және египеттік мумиялауға өте жоғары баға береді. Аменемхет ІІІ пирамидасының гранитінің ұшында мынадай сөзді оқуға болады «Аменемхет видет кросоту солнца», ал келесі бетінде «Душа Аменемхета выше, чем высота Ориона, и она соединяется с преисподней» дейді. Ешқандай гректің ұлы адамдары, Сократ та өз өмірі немесе өткен дәуір жайлы мәлімет қалдырмағанын оларға тарих емес аңыз керек болғанын сынға алады. Еуропа халқы арасынан немістер механикалық сағатты ойлап табушылар болды, ал су және күн сағаттары Вавилон мен Египетте пайда болған. 

              Мәдениет саласында жалпы адамзаттық мирасқорлықтың болуын Шпенглер жоққа        шығарады. Ол мәдениетті тарихи тұрғыдан 8 түрге бөледі. Олар: египеттік, үнділік, вавилондық, қытайлық, антикалық, исламдық, батыс еуропалық және орталық Америкадағы майя мәдениеті. Ол жаңа туындап қалыптасып келе жатқан мәдениет қатарына орыс-сібір мәдениетін жатқызады. Әрбір мәдениеттің өмір сүру ұзақтығын жобамен бір мың жыл деп белгілейді. Олардың арасында өзара тең, мәнді байланыс болуы мүмкін емес деп есептейді. Оның пікірінше, өмір сүруін тоқтатуға бет алған кез келген мәдениет дамудан «тоқырауға» творчестволық шырқаудан «құлдырауға», жаннан «интеллектіге», батырлық іс-әрекеттен «утилитарлық қызметке» айналды. Мұндай жағдайды эллинизм дәуірінде (б.з.д. ІІІ-І ғ.ғ.) грек-рим мәдениеті өз басынан кешірген, ал өткен ғасырда бұл тарихи құбылыстың куәгері батыс-еуропа мәдениеті болған.

                Батыс әлемінің құлауы өркениет  мәселесінің туындауына алып  келеді. Осының қойнауында  тарихи  негізгі бар сұрақ жатыр. Өркениет  дегеніміз не, мәдениеттің бастауы  және күйреуінің қағидалы түсінігі? Себебі әр мәдениеттің өзінің  жеке өркениеті бар. Өркениет  дегеніміз-дарынды адамдар жасайтын өнердің шыңы. Антикалық кезеңде мәдениеттің өркениетке өтуі 6 мыңжылдықты құраса, батыста XIX ғасырда болды. Осы кезеңнен бастап үлкен рухани мәселелердің аренасы барлық елге қатысты болмайды.  Кіші ауылдардың мәртебесі төмендеп кетті. Сол кездегі мәдени қалаларға-Флоренция, Нюрнберг, Саламанка, Брюгге, Прага жатады. Ендігі мәселе философияны әлемдік тарихпен қарым-қатынасын аша көрсету болып табылады. Кез-келген шынайы тарихи зерттеу-нағыз философия болып табылады. Мәңгілік шындық жоқ. Осы кітаптың негізгі тақырыбы батыс еуропа тарихындағы соңғы болуы мүмкін болашақтың «философиялық емес философиясын» жобалау әрекеті. Скептизм таза өркениеттің выражениес3 ол әлемдегі туындаған мәдениеттің бейнесін көрсетеді. Онда барлық өткен мәселердің генетикалыққа айналуы жүреді. Шпенглер 1911 жылы қазіргі таңның кейбір саяси мәселелері жайлы очерк жазбақ болады, бірақ дүниежүзлік соғыстың басталып осы еңбегін жазады.

Бір уақыттағы рухани кезеңнің өмірі

Үнді мәдениеті Х.Т. 1500 жыл бұрын

Антикалық мәдениет Х.Т.  1100 жыл бұрын

Араб мәдениеті 0 жылдан

Батыс мәдениеті 900 жылдан

 

1500-1200жж. «Веда» аңыздары

1100-800жж. Олимпялық миф. Гомер

0-300жж. Ежелгі християндық. Шығыс  империясының табыну кезеңдері  (Изида, Митра)

900-1200жж. Германдық католик. Марияға  табыну. Батыс әулиелері жайлы  аңыз.

Ерте мистика-метафизикалық жаңа әлемге тұжырым

Ригведа және басқа ведалар.

 

 

Плотин (204-269) Ориген (185-254)

Данте (1265-1321) Фома Аквинский (1225-1274)


 

Освальд Шпенглер «Сандар  мағынасы» туралы

Адамзат тіршілігінің келбеті  әрі көрінісі болып табылатын  мәдениет пен қоршаған ортаның кейпіне  сай өзін-өзі қалыптастыруға талпынушы  тірі жан секілді математиканың  кез келген саласына ұйытқы болып  табылатын сандарды да мен осындай  өзіндік элемент деп қарастырады. Әсіресе мұндай ойдың түйінделуіне тереңдей игеру әрбір адам үшін мүмкін бола бермейтін математиканың адамзат рухының өзге жаратуларының ішінде ерекше орын алуы айғақ. Ол логика секілді қатаң ғылым саналғанымен, анағұрлым жан-жақты әрі мәндік тұрғыдан өте бай келеді; бағдар нұсқап шабыттандыруды қажет ету мен дамуындағы көлемді конвенциялық (шартты) формалардың болуына қатысты икемділік (пластика) және музыкамен қатар нағыз өнер туындысы; және де Платон, әсіресе Лейбниц дәлелдегендей, математика жоғары тәртіп метафизикасы болып табылады. Осы уақытқа дейін күллі философия сәйкес (арнаулы) математикамен өсіп отырды. Сан дегеніміз – бұл себеп-салдар қажеттігінен туындаған белгілі бір бейне (образ/тұрпат) алған идея. Ол әр мәдениетте жаңадан туындап отыратын құдай туралы ойдың тағдыр қажеттігіндегі образға ие идея болуы секілді. Осы тұрғыдан қарастырғанда сандардың өмір сүруін құпия деп атау орынды, ал барлық мәдениеттердегі діни ой-толғаныс осылардың әсерін бастан кешірді.

Готикалық соборлар (жиылыстар) мен дорикалық храмдар – бұл  тасқа айналған математика.

Өз ішінде сан тіршілік етпейді және тіршілік ете алмайды. Бірнеше мәдениеттің орын алуына сай бірнеше сандар әлемі бар. Үнді, араб, антикалық, батыс еуропалық  сандық типтерді кездестіреміз. Олардың  әрқайсысы өзіндік сипатқа ие әрі жалғыз, әлемді сезінудің ерекше нұсқасы болады, шектеулі мән символы, сонымен қатар ғылыми тұрғыдан алғанда ол - сәйкес мәдениеттің терең келбетін көрсететін тәртіптік принцип. Осылайша, бірнеше математика болады. Эвклид геометриясының архитектоникалық жүйесі картезияндық нұсқадан анағұрлым айырмашылық жасайды, Архимед анализі Гаусс анализінен мүлдем өзге нәрсе және бұл алшақтық форма, мақсат және қолдану аясына ғана емес, мәні, санның алғашқы феномені жағына да байланысты. Бұл сандық кейіптегі/формадағы рух, ішкі қажеттілігінен сан арқылы көрнекілікке ие болған, сонымен қатар белгілі бір математика саласы үшін ғана қол жетімді түсінік арқылы пайда болған образ, күллі табиғат, қоршаған ортаны қамтитын әлем – осының баршасы жалпы адамзатқа тән емес, дегенмен әрдайым нақты күш.

Әрбіп қалыптасушы математиканың  өзіндік стилі оның қай мәдениеттен  негіз алатынына әрі ол туралы қандай тұлғалар ойланатынына байланысты болуы керек. Себебі сан ақылдан  бұрын келеді. Ақыл формальды қабілеттердің ғылыми ашылуына алып келуі мүмкін, оларды қолданып, қолдану аясында жоғары кемелділікке жетеді; дегенмен оларды мүлдем өзгерте алмайды. Орнаментика және архитектура, дорикалық колоннада және соборлар (жиілістер) готикасында аталмыш мәдениеттердің тұңғыш математиктері пайда болғаннан жүздеген жылдар бұрын-ақ эвклидті геометрия мен шексіз бірліктер идеясы болған еді.

Кішкентай баланы ересек жасқа  жеткізіп, тиісті мәдениетінің мүшесі ретінде қалыптастыратын өзіндік менннің оянуы, тереңдей ішкі жан құбылысы сандық әрі сөздік (ауызекі/ауызша) түсініктің бастамасы болып табылады. Осы тұстан бастап заттарды барлық жағынан шектеулі және оңай ажыратылатын нарсе ретінде тани бастау, түсініктің нақты айқындалған қасиеттері пайда болу, қоршаған әлем жүйесі, ғаламшар формасы, ғаламдық заңдылықтар секілді құбылыстар орын алады - «заңдылық» өзіндік мәні табиғаты тұрғысынан шектеулі, қозғалмайтын тұрақты, сандарға тәуелді болады - және кенеттен жалпы сандар қандай мән-мағына беретіні ашылады, сол мән-мағына пластикалық өнер формаларында ма, не математикалық білімде ме. Әрине, мұның алғашқы адам мен кішкентай бала үшін түсініксіз екені сөзсіз, биографиялық немесе тарихи тұрғыдан қарастырсақ та шешуші кезең тұлға бойында ұғынылған есептеу, өлшеу, суреттеу және қалыптастыру әрекеттерінің жаңа дүниенің туындауына негіз салғанда басталады. Ол жаңа дүние ішкі жан әлемінің кезекті мәрте ақтарылуынан, ашылуынан пайда болған дүние. Нәтижесінде үлкен стиль қалыптасатын осы жан құбылысы жан мәдениеті мен типтерін қарапайым адамзат әдетінен ерекше индивидуумдар ретінде бөліп қарастырады.

 

       Математика астрономия, немесе минералогия секілді қарапайым ғылым болғанында зерттелу пәнін оңай ажырату мүмкін болар еді. Дегенмен мұны ешкім де жүзеге асыра алмады, асыра алмайды да. Егер біз, батыс еуропалықтар, өзіміздің сандық түсініктерімізді Афина немесе Бағдад математиктерін толғандырған ұғымдармен мәжбүрлі сәйкестендіретін/ендіретін болсақ та, сол атпен белгілі ғылымның тақырыбы, мақсаты мен әдістері аталмыш жерлерде мүлдем өзгеше сипат алғаны күмән келтірмейтін нарсе. Бір математика ғылымы ғана өмір сүрмейді, көптеген математикалар бар. Жалғыз әрі прогрессивті идеалды тексеруді білдіретін математика тарихы деп атайтынымыз негізінен өздігінен аяқталған, тәуелсіз процестердің/үрдістердің көптігі, жаңалардың туындап, формалардың жат әлемдерінің жойылуы, таза органикалық, белгілі ұзақтықпен шектелген гүлдену/өркендеу, ер жету, солу және өлімге бас ұру болып табылады. Қателікке берілмеу керек. Тарихи гректік рух/жан өз математикасын ештемеден, бостан шығарды, кірме – іштей емес, сырттай игерілген - антикалық ғылымды иеленген Батыстың тарихи икемделген рухы эвклидтік заңдылықты бұзу арқылы өзгерістер мен жандануларды өзіндік жолмен иемденуге тура келді. Біреуі Пифагормен, келесі біреуі Декартпен түйінделді. Түптей келгенде екі құбылыс та өзара ұқсас.

 

Математика формаларының тілі мен көршілес ірі өнер салалары формаларының тілі бір-бірімен туыстас  екендігі күмән келтірмейді. Барлық математикалардың мақсатына өз ішінде аяқталған ережелер/қағидалар жүйесі жатады. Ол барлық қозғалмайтын, созылмалылардың  синтетикалық априорлы тәртібі, яғни әрбір  көркем өнердің формасы мәселесінде, әрбір жеке суретшінің өз кәсібінде  техникалық біліктілікке қол жеткізудегі  күресінде кезігетін синтезді үздісіз  іздеу болып табылады. Мүсінші, суретші  әрі композитордың формалық сезімі/жан  құбылысы шынайы алғанда математикалық  сипатқа ие. XVII ғасырдың сараптамалық/аналитикалық және сызба геометриясында өмірге шақырған, өзіне ұштасқан жаңа заманғы аспаптық музыкаға шылғи/толықтай енуге ұмтылған тәртіп байқалады: бірінші кезекте  дыбыстық кеңістік геометриясының контрапнкт ережелері көмегімен, екінші тұста  сурет/картина кеңістігі геометриясының Батысқа ғана белгілі /мүмкіндіктері/келешегі арқылы. Бұл Гете атаған идея болып табылады. Аталмыш идеяның образы тікелей сезімде пайымдалған, ал ғылым жеке алғанда пайымдалмайды, тек қана бақылайды және ажыратады/бөлшектейді. Дегенмен маткматика бақылау мен бөлшектеуден одан әрі тереңдей түседі. Шарықтау шегіне жеткен кезде ол абстракциялау жолымен емес, көкейкөз, интуиция негізінде әрекет етеді. Математика неғұрлым жетілген болса, ол өз бойында соғұрлым ақиқат көркемдігін сезінеді деген Гетенің сөзі терең мағынаға ие. Бұл жерде біз байқайтынымыз, сандар феноменінің көркем сурет формасы құпиясына жақын екендігі. Бұл тұста да басты мақсат – көп мәнді шексіздік, керемет өлшем, тұрақты биіктік, қатаң байланыс, үйлесімділік, қысқасы, сезімталдықтың жетілген тәртібі. Осылайша, туа біткен математик сүргі, қасапшы әрі қышқаламның ұлы шеберлерімен бір орынға/қатарға шығады. Олар да барлық заттардың тәртібін/заңдылықтарын символға салуға, жүзеге асырып, өзгелерге жеткізуге тырысады. Осылайша сандар патшалығы дыбыстар, сызықтар мен түстер патшалықтарымен қатар әлемдік форманың интуициялық көрінісіне айналады. Сол себепті математикаға қатысты «шығармашылық» сөзі нақты ғылым түрлеріне қарағанда анағұрлым кең мағынаны қамтиды. Ньютон, Гаусс, Риман шығармашыл көркемөнер болмысының иелері болды. Оларға өздерінің ұлы концепциялары өң берген кезеңдерді еске түсіру жеткілікті. «Өң бойында ақындық сезімі жоқ математик, - дейді қарт Вейерштрас, - нағыз математик бола алмайды».

Сонымен, математика да өнер. Оның өзіндік стильдері мен стильдік кезеңдері/периодтары бар. Ағартушылыққа кері немесе философқа қайшы ұғымға сәйкес ол мәні жағынан өзгермейтін емес, дегенмен кез келген өнер секілді бір дәуірден екінші дәуірге өткен сайын елеусіз өзгерістерге ұшырап отырады. Ірі өнер салаларының дамуын суреттегенде қазіргі заманғы математиканы есепке алған жөн. Орландо Лассодан бастап музыка теориясының түрлі бағыттары мен функция теориясының даму фазалары арасындағы өзара терең байланысты егжей-тегжейлі қарастыру зерттеу нысаны болған емес, бірақ эстетика бұл тұстан қандай да бір «психологиядан» гөрі біраз пайдалы нарселер алар еді. Ферма, Паскаль және Декарттан (1630 ж.) бастап барлық ұлы математиктер трансценденталды аналитиктер/сарапшылар болды, ал Пифагордан (540 ж.) бастап барлық ежелгі өкілдер – көзбен, тәнмен толғанатын тұлғалар. Аталмыш қабілеттердің бірінші жағдайда жаңадан гүлденіп келе жатқан аспаптық музыкамен, екінші жағдайда индық мәрмәр мүсін өнерімен терең байланысын тағы бір мәрте нұсқау қажет пе? Антикалық математика алғашында толықтай планиметриялық сипатта, Пифагордан Архимедке дейінгі аралықтағы өзінің дамуында барлық есепке келетін тұстарда сереометриялық түсінікке жақын болу үрдісін/тенденциясы байқалады. Бұған жазықтыққа салынған рельефтің аралық сатысы арқылы толық пластикаға қатысты аттикалық-коринфтік жазықтықтық сұңғат өнері тенденциясы сай келеді. Мүсін пішінделген, рельеф секілді жасалған бағана бөлігінен (Гера Херамия), қабырға безендірілуіне рпайдаланылған ағаш немесе қола пластиналардан (Артемида Никандры) пайда болды. Ағаш та, қола да кескіш көмегімен өңделінді, дегенмен қашау арқылы көркемделген мәрмәр ғана тәнді суреттеудегі көркемдік сезім талаптаырна сай болды. Осыған ұқсас құбылыс Батыста да орын алды. Геометрия таза кеңістік анализіне ауысқан сайын, нәтижесінде барлық оптикалықтар біріне соң бірі алшақтайды – мысалы, Декарттағы координата түсінігі Фермамен салыстырға ілгері кетті – бір уақытта аспаптық музыка да бейнеленудің жаңа құралдарына ие бола бастайды. 1520 жылдан бері Жоғарғы Италияда ойлап шығарылған скрипка қатаңдылық орнын ауыстыра бастады. Фагот 1525 жылдан белгілі болды. Германияда XVI және XVII ғасырлар аралығында орган кеңістікті бағынышты ететін аспапқа айналды. Өзінің хроматикасы негізінде доминантсепт-аккорд туындыларына бастау салған Монтеверди (1567-1643) өз қарамағында нағыз оркестрге иелік етті, ал 1630 ж. Фрескобальди түрінде аталмыш органда ойнайтын алғаш ірі виртуоз туындады. Лейбниц шығармашылығының жемісі болып табылатын analysis situs-пен қатар 1669 жылы дүние салған Рембрандтың соңғы туындыларының, атап айтқанда Мюнхендегі автопортреті, Дармштадтық Христос пен Матфей Евангелист қуатты кеңістіктік символикасы тұр.

Кез келген математиканының  формаға ұмтылысы кез келген физика мен химияның ғылыми мақсаттарынан  тағы да бір жайт бойынша айырмашылық  жасайды әрі оны көркем сурет  өнеріне жақындата түседі: математиканың  элементтері, соның ішінде тұрақты  сандар. Бұлар өз кезегінде қандай да бір эмпирикалық шынайылық  емес, орнаменттік сызықтар немесе музыкалық үйлесімділік секілді  таза шексіздік формасы болып  табылады, ал оның әдістері, Кант сөзіне жүгінсек, синтетикалық болады, немесе көркем өнер тілімен айтқанда, өдігінен композиция құрайды. Кез келген математиканың  қазіргі заманғы тұстарында салыстырмалы аз байқалса да, жоғары тәртіптің сандық құраулары, үнді децималды жүйесі, конустық ұштасулардың, қарапайым сандар мен  дұрыс полиэдрлардың антикалық  топтары, Батыстағы сандық денелер, көптеген өлшемдердің кеңістіктері, трансформациялар мен көптік туралы оқулардың трансцентенталды/ірі  құраулары, эвклидті емес геометрия  тобы – бұлардың барлығы тек қана ақыл-парасаттық негізде емес, және олардың терең, метафизикалық негіздерін толықтай түсіну үшін көзбен көргендей  сезіну қабілеті қажет. Мұнда мән-жадай  танып-білуге емес, ішкі жан құбылысына/ішкі жан сезіміне келіп тіреледі. Сандардың үлкен символикасы өз бастауын осы пунктан ғана алады. Ұлы шеберлер жүрегінде белгілі бір мәдениет үшін туындаған аталмыш формалар әлемді сезінудің терең құпиялары көрінісі ретінде ағартушы қауымға өмір сүру ұйытқысын ашқанмен тең болады. Бұл жаратылыс/болмыстар жанымызға собор/жиілістің ішкі көрінісі секілді, «Фауст» прологындағы періштелер сөзі немесе Бах кантанты секілді әсер етуі тиіс. Ол үшін бақытты әрі қайталанбас/сирек уақыт тұстары қажет. Осындайға қол жеткізе білетін ғана – кемелге жету барлығының қолынан келе бермейді – Платон өзінің дүниетанымының идеяларын неліктен сандар деп атағанын түсіне алады.

Бір математиканың екіншісінен, әсіресе антикалықтың қазіргі заманғы  математикадан қандай айырмашылық  жасайтыны енді түсінікті бола бастады. Өзіндік дүниетанымына сәйкес антикалық  ойлау математиканы физикалық денелердің биіктері, өлшемдері мен формаларының арақатынасы туралы ілім деп қана қарастыра алды. Осындай түсінік  негізінде Пифагор өзінің басты  формуласын ойлап тапты. Ол үшін сан  жалпы форма немесе абстрактілі  сезім емес, оптикалық символ болды. Күллі антикалық кезең толықтай дерлік сандарды өлшем, көлем, ұзындық  және жазықтық бірлігі ретінде қарастырады. Басқаша ойлау оған жат нарсе. Барлық антикалық математика өз негізінде  стереометрия болып табылады. Барлық жүйені іс жүзінде аяқтаған ІІІ ғасырда  өмір сүрген Эвклид үшбұрыш жайлы  сөз қозғағанда, үш өзара қиылысқан  тура сызықтарды немесе үш кеңістіктегі үш нүкте жиынтығын емес, ішкі қажеттілігінен денені шектейтін жазықтықты елестеді. Сызықты ол «ені жоқ ұзындық» (μηκος απλτες) деп қарастырады. Біздің түсінігіміз бойынша аталмыш ұғымды қолдану орынсыз көрінер еді. Антикалық математика аясында бұл керемет ұғым саналады.

Кант пайымдауына, Гельмгольц көзқарасына да қарама-қайшы келетін  батыстық сан «уақытты сырттай ұғынудың априорлы формасынан» дамыған емес, бірақ біртекті көлемдер тәртібі  тұрғысынан арнаулы кеңістіктік  нарсе ретінде қарастырылады. Одан әрі түсінікті болатындай, уақыттың математикалық заттармен ешқандай ортақ сипаты жоқ. Сандар толығымен  шексіздік саласына жатады. Дегенмен қанша мәдениет болса, сонша шексіздікті  жүйелі түрде көрсетудің мүмкіндіктері  мен сәйкесінше қажеттіліктері бар. Антикалық сан кеңістіктік қатынастар туралы ой-толғаныс емес, көзбен көру мүмкіндігі шектелген, байқалатын/сезілетін бірліктер  туралы ойлау. Сол себепті антика кезеңі тек табиғи сандарды (оң, бүтін сандар) ғана біледі/қамтиды. Бұл сандар батыс математикасындағы сандардың абстрактілі топтары, мысалы кешенді, гиперкешенді, архимедтік емес және өзге де жүйелер ішінде қарапайым, ешбір жағдаймен ерекшеленбейтін орынды иеленеді.

Иррационалды сандар, немесе біздің атау бойынша шексіз ондық  бөлшектер туралы түсінік грек рухы үшін қол жетпес ұғым болып қалды. Бұл түста Эвклид сөзі орынды. Шындығында да, иррационалды сандардың терең мәнінде сан түсінігі көлем/өлшем түсінігінен алшақ жатыр; себебі иррационалды сан, мысалы π ешқашан белгілі бір қашықтықпен шектелмейді немесе нақты берілмейді. Бұған ежелгі грек мифі де дәлел. Оған сәйкес иррационалдылықты алғаш шешкен адам кеме апатында жантапсырды, себебі «айтылмайтын әрі образға келмейтін нарсе әрдайым құпия қалуы керек». Аталмыш миф негізінде жатқан қорқынышты кім сезе білсе, соған антикалық сан мәнін түсінеді. Гете өзінің жаратылыстану-тарихи зерттеулерінде осы көзқарасты ұғынды. Осыдан оның қорқынышқа толы математикаға қарсы, барлық антикалық емес математикаға қайшы бағытталған полемикасы белгілі.

Антикалық діни ұстаным белгілі  бір орынға қатысты әрдайым жақын  құдайға табынушылық жанында  шоғырланған. Абстрактілі кеңістіктегі қандай да бір қиялға берілген догматтар оған жат еді. Эвклид математикасында әрине осындай антикалық діни ұстанымның белгісі сақталғаны байқалады. Вольтер, Лагранж және д'Аламбер – жаңа заман өкілдері. Бұлардың түсінігінше, иррационалдылық принципі, яғни жұп сандар қатарын бұзу құдайға қарсы қандай да бір киелілілік болып табылады. Платонның «Тимеесінде» осы сезім анық орын алған. Осыдан антикалық математика үшін біздің ойымызға ешбір қиындықсыз ене алатын кері сандар, нөлді сан ретінде есептемеген жағдайдың өзінде, мүлдем орынсыз екені анық байқалады. Кері өлшемдер болмайды. (-2) · (-3) = + 6 өрнегі көрнекі де емес, өлшем бірлік те емес. + 1 –мен өлшемдер қатары аяқталады. Кері сандардың нөлден есептегендегі (+3--, +2--, +1--, 0--, -1--, -2--, -3) графикалық көрінісінде қашықтық кенеттен оң өрнектерге айнала бастайды. Олар бір нарсені білдіргенімен, шынайы өмірде орын алмаған.

Біздің қолданыстағы формулалаарда  жиі кездесетін е-ix, немесе XIV ғасырда-ақ Оресм қолданған 5Ѕ өрнегі антикалық ұғым бойынша толықтай сандырақ көрінер еді. Өзінің айналасында жасап қойған әлем ішінде антикалық математика аяқталған болып саналады. Жеткіліксіз, аяқталмаған болып ол бізге ғана көрінеді. Ал вавилондық және үнді математикалары өз дүниетанымдарында антикалық сандық дүниетанымда әлдеқайда мәнсіз саналатын біраз нарселерді қамтиды. Ортақ/біртұтас математика – бұл елес қана екенін тағы бір мәрте атап өтейін. Батыстық рухани жоғары жетістіктердің бірі болып табылатын жаңа заманғы математика – кем дегенде біз үшін «ақиқат» - Платонға күлкі келтірер әрі нәтиже бермейтін адасушылық көрінер еді. Өзіндік ойлау қабілетімізбен шектелген біз сол жат мәдениеттерді игере алмадық, оларды жалған, артық әрі мән-мағынасыз санадық.

Шамамен 54 ж. Антикалық жан  Пифагор тұлғасында аполлондық сан  концепциясын өлшенетін шама ретінде  жасап шығарса, батыс еуропалық  жан Декарт пен оның ізбасарлары (Паскаль, Ферма, Дезарга) атынан дәлме-дәл  сәйкес дәуірде ынтық фауст ұмтылысынан  шексіздікке ұштасқан сан идеясын  ашты. Тек эвклидтік, яғни жалпы адамзаттық белгілі геометрия ғана емес, соымен қатар архимедтің қарапайым есептеу  саласы, яғни арифметика да Батыс Еуропаның  шынайы мән-мағынаға ие математикасы үшін өмір сүруін тоқтатады. Антикалық адам геометрия мен арифметиканы жоғары тәртіптің ғылыми кешендері деп  таниды, бұл екеуіне графикалық әрі  есептік әдіс-тәсілдер көмегімен  назар салынды; біз үшін олар күнделікті өмірдің практикалық құралы ғана.

Бірінен соң бірі қарқынды кезектесіп отырған Ренессанс дәуірінен  бастап, 1550 жылдың өзінде ғылымға енген  Карданнның кешенді сандары, 1666 ж. Ньютонның  заңы ашылуымен нақты теориялық  негізге ие болған шексіз тібектер қатары, 1610 ж. Логарифмдердің ашылуы, дифференциалды геометрия, Лейбниц интегралы, Декарт бастамалары - барлық терең ойлайтын жаратылыстар жанымызға сіңіп қалған сандарды сезінуді жеңе білудің нәтижесі.

          Батыс еуропалықтың антикалық мәдениетпен байланысындай әлдеқашан ұмытылып кеткен мәдениет жаратылыстарына тең құрметпен қараған және сол көне мәдениеттің елеулі көлемде ғылымға әсер етуіне жол берген өзге мәдениет әлі болған емес. Осылайша, жаңа математкианың дамуы көлем/шама түсінігіне қарсы күрес негізінде, ұзақ әрі құпия түрде жүзеге асты.

         Негізінен адамзат тарихында антикалық және батыстық рухани өмірдің арақатынасы секілді соншалықты бір-бірінен алшақ, өзара қайшы келетін нарсе табылмайды. Аталмыш мәдениеттердің, екі тарихи бірліктердің бірі кейінгі микендік дәуірде қалыптасса, екіншісі саксондық императорлар кезеңінде пайда болды. Дегенемен екеуі де өз шарықтау шектеріне Аристотель мен Кант, Платон мен Гёте, Фидий мен Бетховен, Александр мен Наполеон тұлғасында жетті.

Математика барлық ұштасып  жатқан өнерлермен бір тілде, яғни терең  тән стихиясы бір уақытта байқалатын әрі білінбейтін формалар/пішіндер тілінде қатынасатынын көріп  отырмыз.

Макрокосм

Антикалық мәдениетті, Элладаны еуропалық, Батыс мәдениетімен салысытыру және салаластыру өзінің «Еуропаның өшуі» еңбегінде берілген әлемдік мәдениеттің шпенглерлік морфологиясында анағұрлым жарқын әрі әсер қалдырарлық орын алған. Шпенглер өзге де, мысалы египеттік немесе араб мәдениетіне қатысты дәл пайымдаулар бере алғанымен, автордың басты қызығушылығы, атап айтқанда антикалық (аполлондық) және батыстық (фаусттық) адам арасындағы принциптік айырмашылық пен алшақтықты табуға бағытталған қадамдары айқын байқалады.

Антикалық кезең – бұл  тарихи зердеге ие болмағанымен, Шпенглердің  пайымдауынша, «нақты уақытпен» өмір сүргендіктен толық дәуір болып  табылады. Бұл автордың айтуынша, эллиндік символдармен, соның ішінде ең ұлысы  дорикалық бағанамен белгіленген. Шпенглердің келесі бір түйіні назар  аударарлық: «антикалық адамның ойлауының  бастауы мен аяғы жекелеген денелер  мен оларды шектеуші беттер/жазықтар айналасында» (143 – б.). Шпенглердің «Еуропаның өшуі» еңбегін толықтай зерттеу нәтижесінде дене түсінігінің грек мәдениетіндегі негізгі қағида екендігі туралы ой қалыптасады.

Эллиндік храм массивті дене ретінде жасалғанын ескере кете, Шпенглер антикалық көркемдік  өнердің жалғыз идеалы жөнінде сөз  қозғайды. Оның мәні: «таза заттық болмыс түріндегі адам денесі». Бір ғана - «таза заттық» мақсат, Шпенглер жазғандай, «жансыз дене», «сома» (308 – б.).

Дегенмен адам баласы өз жан дүниесіне біртұтас тамаша топқа біріккен космос деп  қарайды. Бұл жерде автор Платонның  «Федр» диалогындағы атақты жан образын  келтіреді. Ол бойынша жан екі  атпен (олардың бірі мейірімді, екіншісі қаскүнем) жегілген дөңгелек арбаға теңеледі. Фаусттық «жан кеңістігіне» (баытс  еуропалық психология) қарама-қайшы  Шпенглер «жан денесі» жайында сыр  шертеді. Аталмыш толғаныстар антикалық  адамның ешқандай зердеге, тарихқа  ие болмауы және оның тек қана нақты  уақытпен өмір сүруіне байланысты. Себебі антикалық көзқарас бойынша  күллі өткен нәрсе нақты осы  шақпен жқтылып отырады.

Антикалық адам өзін субъект емес, объект ретінде сезінеді, ол өмірде белгілі бір орынға ие бола алады, нақты белгіленген масканы  білдіретін рөлге ие. Сөздің мәні жан  статикас жайында, оған қатысты «тұлға»  сөзі шартты ғана, ал просопон, персона  сөздері «рөл», «маска» мағынасында. Аталмыш сөздік қолданыс «қоғамдық  көрінуді білдіреді, сол арқылы антикалық  адам болмысының дәл сипатын береді». Шпенглер түсінігінше, антикалық тұлға  әрдайым «жұрт» (публика) көзіне көрінуді ойлайды. Осы контексте автор  адамды денемен, сомамен теңдестіре келе оны қала азаматы атап маңызды  түйін жасайды.

Буркхардт Я., Корнфорд Ф., Не-стле В., Поленц М., Йегер В., Властос Г., Эренберг В., Хайдис М., Вернан Ж.-П. секілді эллиндік зерттеушілер еңбектеріне жүгінсек, антикалық мәдениет көрінісі елеулі көлемде өзгеше көрінеді. Антикалық адамның образы мен ойын, миф пен логос арақатынасын, гректердегі рационалдылық пен иррационалдылық арасын олар әр түрлі бағалағанымен, ешқашан антикалықты мәңгілікке қатып қалған әрі өзгермейтін форма деп қарастырмайды.

Антикалық мәдениетті полистердің рационалды даму контексінде  антропологиялық зерттеу қажеттігі  туындайды. Полис – бұл шектелген  географиялық қана емес, сонымен қатар  саяси, азаматтық та, себебі әрбір  толық құқылы қала тұрғыны мемлекет азаматы болып табылады. Бұл жерде  Шпенглер екі әр түрлі мәдениет антикалық  және Египетті салыстыра қарастырады. Үлкен басқару әрі бақылау  құрылымдары және күрделі жазу жүйесі бар монументалды шығыс деспотияларымен  салыстырғанда грек полисіне тән  «шағындау әсері»/«миниатюризациялау эффекті» назар аударады. Дегенмен Шпенглер айтқандай, тұлға жетістігі  мен осы мағынадағы «сомалылық»  қоғамдық саламен байланысты болады.

Сонымен, дене, сезім  мен көруге келетін космос – бұл  әлемдік дене, денелер жиынтығы ғана емес, бұл шекара және рухани өмірдің  ішкі кеңістігінің сырттай шектелуі. Онсыз антикалық мәдениетті, дионисийлік  бетбұрыстың орын алуы мүмкін болмайтын  еді. Антикалық дүниетанымдағы күшті  онтологизм туралы түсінікті ескергенімен, онтологизм, космологизм және мифологизм Шпенглерде біртұтас жаопы антикалық  мәдениетке топтастырылған. Өзінің «Антикалық символизм және мифология очерктері» (1928) деген орынды атпен белгілі  басты еңбегінде Лосев А.Ф. былай  деп жазған болатын: «Мен антикалық  кезеңді біртұтас мәдени тип ретінде  қарастырғым келеді, және осы жарияға  сәйкес антикалықтың «осы мәдениеттің  негізі деп адам денесінің интуициясын  болмыстың жалпы басты сипаттамасы  ретінде тануды» пайымдадым» (67 –  б.).

Шренглер өз кезегінде  басқа жайтты, яғни «өмірдің аполлондық және фаусттық ағымдары арасындағы айырмашылықты» келтіреді. Осы айырмашылық «біреуі  тарихи-мифтік, екіншісі тарихи-генетикалық  орналасуға ие болуында және соның  негізінде ір минут сайын біреуі көз алдында болмысты көрсе, екіншісі қалыптасуды байқайды...» (410 – б.).

«Макрокосм» бөлімінде автор  Кантка сілтеме жасай, кеңістік пен  уақытты сипаттайды. Кеңістік пен  уақыт сезімталдылықтың априорлы формалары  ретінде аяқталу мазмұнына ие. Шпенглер кеңістіктің қалыптасуын  «өмірдің белгісі мен көрінісі», «өмірдің барлық символдары арасында ең қуаттысы» деп бағалайды. Осылайша прасимволы арқылы, кеңістіктік өзін-өзі  шектеу және адамды осы мәдениетпен  байланыстыратын форманы сезіну қасиеті арқылы мәдениеттің өздігінен қалыптасуы мәлімделеді. Мұнда екі әрекет байланысы көрінеді, олар: «ішкі өмірдің жандануы/оянуы» және «сыртқы әлемнің пайда болуы». Дегенмен Шпенглер бойынша прасимвол қандай да бір анықтамаға салынбайды, сол себепті ол үшін басты міндет – антикалық дүниетаным мен дүниені сезінудің толық көрінісін беру емес, антикалықтың фаусттық адамның дүниетанумы мен дүниені сезіну қасиетінен принцитік айырмашылығын көрсету.

Освальд Шпенглер «Еуропаның күйреуі"