Отан отбасынан басталады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ
АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ.
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Отан
отбасынан басталады
Жоспар
- Кіріспе
1.1
Отбасы - Отанымыздың ошағы
2 . Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан-менің Отаным.
2.2 Қазақстан
жеріндегі ұлт өкілдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ОТБАСЫ
– ОТАНЫМЫЗДЫҢ
ОШАҒЫ
Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.
Отанға
деген ыстық сезім –
туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген.
Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген.
Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90ға жетеді.
Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады.
Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Шаңырақ
– шағын мемлекет. Сондықтан мемлекет
тірегі-отбасы.Қоғамның қолайлығының
көрсеткіші де – отбасы.Қоғамдағы
өзгерістер отбасына әсер етпей қоймайды.Демографтар
есебі бойынша,ТМД елдерінде
Ал 2011 жылдың 1 қаңтарындағы санақ бойынша 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын.Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
2006 жылдың
қаңтар-маусым аралығында
Қазақстан – менің Отаным
Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.
1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.
1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жыл 4 маусым — Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, елтаңбасы және Гимні қабылданды.
1992 жыл наурыз — Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
1993 жыл 28 қаңтар — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.
1994 жыл 6 шілде — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.
1995 жыл 29 сәуір — Республикалық реферундумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.
1995 жыл 30 тамыз — Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.
1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.
1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.
1999 жыл 10 қаңтар — Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып қайтадан сайланды.
2005 жыл 4 желтоқсан — Қазақстан Республикасының президенті сайлауында Н. Ә. Назарбаев Президент болып сайланды.
2007 жыл 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.
Елде бейбітшілік пен келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізілді. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы белгіленіп жүзеге асырылды.
Тәуелсіздік — ғасырлар бойы аңсаған арманын жүзеге асырып, Ұлы Евразияның төсінде егемен, тәуелсіздік мемлекетін Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды.
Қазақстан Республикасы — Евразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 2724,4 мың шаршы км. Халқы — 16,1968 млн. Адам (2009 жылғы санақ бойынша). Ұлттық құрамы жағынан: қазақтар — 53,4%, орыстар — 30,0%, украиндар — 3,7%, немістер — 2,4%, ұйғырлар — 1,4%, корейлер (кәрістер) — 0,7%, өзге ұлттар — 5,9%.
Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Қазақстан Республикасы — демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Ел тұрғындары негізінен ислам және христиан дінін ұстанады. Басты қаламыз — Астана. Мемлекет басшысы — Президент. Заң шығарушы жоғарғы өкілді органы — Сенат (39 депутат) пен Мәжілістен (77депутат) тұратын Парламент. Атқарушы билік органы — Үкімет. Ақша бірлігі — теңге.
Парламент — заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілеттік орган болып табылады.
Үкімет дегеніміз — мемлекеттік атқару билігінің ең жоғарғы органы. Үкіметке министрліктер, агенттіктер, комитеттер, облыстық, аудандық және қалалық әкімшіліктер бағынады. Үкіметті ең басты министр — Премьер -Министр басқарады. Оны бұл лауазымға Парламенттің мақұлдауымен ел Президенті тағайындайды.
Ұлттық ақша — теңге. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы пайдалануға 1993 жылдың қарашасында енгізілді. Ақша белгілерін — теңге мен тиындардың түрлерін Қазақстанның ең таңдаулы суретшілерін қатыстыра отырып, Ұлттық банк жасаған болатын.
Мемлекеттік наградалар болып танылатын мынадай ордендер мен медальдар бар.Жоғарғы деңгейдегі айырым белгілері «Алтын қыран» ордені, «Халық қаһарманы» атағы.«Отан», «Даңқ», «Айбын», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендері.Ерлігі үшін, Жауынгерлік ерлігі үшін, Ерен еңбегі үшін, Шапағат медальдары бар.
Қазақстанда 14 облыс, 87 қала (оның екеуі республикалық дәрежеде), 159 аудан, 195 аудандық деңгейдегі елді мекен, 2150 ауылдық әкімшілік округ бар. Республика аумағы батыста Еділдің төменгі ағысынан шағыста Алтайға, 3000 км-ге дейін, солтүстікте Батыс-Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шань таулы жоталарына 1600 км-ге созылып жатыр.
Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол. Оның ішінде хромның әлемдік қорының жартысынан астамы Қазақстан аумағында болса, одан өзге де қорғасын, мырыш, мыс, алтын мен күмістің бай қоры бар. Вольфрам қоры бойынша екінші, марганец қоры бойынша үшінші, қорғасын мен молибден қоры бойынша төртінші, темір кентасының қоры бойынша сегізінші орын алады.
Қазақстанның батысы мен солтүстік Ресей Федерациясымен, оңтүстігі Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, шығысы Қытаймен шектеседі. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралия кейінгі 9-орын алады. Климаты — барынша континентальді.
Қазіргі уақытта 2700 кәсіпорын өнеркәсіп өнімдерін өндірумен айналысады. Бұл кәсіпорындарда өндіріс 812 мың адам жұмыс істейді.
Жетекші өнеркәсіп салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Жоғары сапалы мыс пен мырыш, қорғасын мен кадмий әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие.
Қазақстан — дәнді дақылдар (негізінен астық), азық түлік пен техникалық дақылдардың (күнбағыс, мақта) ірі өндірушісі. Ауыл шаруашылығындағы негізгі салалардың бірі — жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен, халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін мал шаруашылығы.
Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемнің көптеген мұнай өндіруші елдерінен алда тұрды. Республикада қазіргі уақытта барланған және табылған 2,8 млрд. тонна мұнай мен конденсат қорынан және 1,9 триллион текше метр газ қорынан тұратын 172 мұнай, 42 конденсат және 94 газ кен орны бар. 1993 жылы сәуір айында Қазақстан мен «Шеврон» компаниясы мұнай мен барлау ісі бойынша — «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісім жасады. Қазақстанның газ өндірісінің болашағы үлкен. Әлемдегі ірі кен орындарының қатарына жататын негізгі газ кен орындары Қарашығанақта орналасқан. Қазақстанмен арада жасалған келісімдерге сәйкес «Бритиш газ» бен «Аджип» компанияларының осы кен орны аумағында жүргізілетін жұмыстары басталғаннан кейін республикада газ өндіру айтарлықтай өсетін болады. Өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе, оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болса қызықтырары сөзсіз. Ең алдымен ол, ұлт тағдыры үшін шешуші рөл атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешекте дүниеге келер жас ұрпағы үшін қымбат. Уақыт озған сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне, яғни іргетасының қайта қалану кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылықтарға толы күрделі де маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық.
Қазақстандағы білім беру жүйесі бір-бірімен өзара байланысты бірнеше деңгейден тұрады, олар: мектепке дейінгі тәрбие орындары, жалпы білім беру мектептері, кәсіптік — техникалық мектеп, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындары жұмыс істейді. Олардың арасында Қазақ ұлттық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті, Евразия ұлттық университеті т. б. тәрізді жоғары сапалы мамандар даярлап келе жатқан оқу орындары бар.
Қазақстан ғылымы әлемдік ғылым қазынасына зор үлес қосты, іргелі ғылымдарды түбегейлі зертеуге бағытталған ірі институттар жұмыс істейді.
Республиканың ғалым-археологтары әлемдік маңызға ие сақ дәуірінің ғажайып ескерткіштерін — Есік және Берел қорғандарын іздестіріп тапты. Есік қорғанынан біздің заманымызға дейін 5 ғасырға жататын «Алтын адам» мүрдесі табылды.
Денсаулық сақтау саласы мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларға бөлінеді. «Қазақстан — 2030» Стратегиясына сәйкес салауатты өмір салты мемлекет дамуындағы аса маңызды бағаттардың бірі болып жарияланды.
Республиканың мәдени өмірі сан салалы. Елде 52 театр (оның екеуі опера және балет театры, 15-і қазақ, 14-і орыс, ұйғыр, корей және неміс драма театры, жетеуі қуыршақ театры), 15 филормония, 64 музей, 10 мыңнан астам кітапхана (оның 3066-сы мемлекеттік), 2227 мәдени-сауық мекемелері, 271 кинотеатр, 24 концерттік мекемелер бар.
Әлемнің 120-дан астам мемлекеттері ресми түрде таныған Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (1992ж.), басқа да халықаралық ұйымдарға мүше.Қазақстан — ядролық қарудан бас тартқан ең алғашқы мемлекет.Ел тәуелсіздік мемлекет ретінде дамыған жылдары құқықтық және азаматтық қоғам құру жолында елеулі табыстарға жетті.
Табиғаты: Қазақстанның жер бедері барынша әр алуан. Оның кең-байтақ аумағында таулар да, орман-тоғайлар да, кең жазықтар да бар. Жер бедері Қазақстанның батыс және солтүстік аудандарынан шығыс және оңтүстік-шығысына қарай биіктей түседі. Маңғыстау түбегіндегі теңіз дейгейінен 132 м мөмен жатқан Қарақия ойысы мен Қазақстанның ең биік жері — республиканың оңтүстік-шығысында орналасқан Хантәңірі шыңының (абс. биіктігі 6995 м) арасындағы биіктік айырмашылығы 7127 м. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің ең терең жері 600 м-ге жетеді.
Республика аумағының солтүстік-батысын Каспий жағалауы ойпаты (абс. биіктігі 28 м-ден +50 м-ге дейін) алып жатыр. Әлемдік мұхит деңгейінен төмен жатқан Каспий ойпатының ені теңіздің солтүстік жағалауында 250 км-ге, ал солтүстік-шығысында 120 км-ге жетеді. Жайық Маңғыстау тауларымен (300м) шектеледі.
Оңтүстік Орал және Мұғаджар таулары мен Сарыарқа шоқылары арасында ені 250 -500 км-ге жететін Торғай қолаты меридиандық бағатта созылып жатыр.Солтүстік тізбекте Сарымсақты (3373), Нарым (3483 м) және Күршім (2645 м) жоталары енеді. Оларды Күршім өзенінің аңғары бөліп жатыр. Ертіс өзенінің аңғары арқылы бөлінген Сауыр (2053) және Тарбағатай (2992 м) тауларынан Зайсан көлі орналасқан қазаншұңқыр (400 м) бөліп тұр.
Алтайдан солтүстік-батысқа қарай, Орталық Қазақстанда Шыңғыстау созылып жатыр. Тарбағатай жоталары мен одан оңтүстікке қарай орналасқан Жетісу (Жоңғар) Алатауының аралығындағы кең алқапта Алакөл ойпаты (340 м) бар, ол оңтүстік-шығысында Жетісу (Жоңғар) қақпасы (600 м) деп аталатын сүйірленіп келген тауаралық аңғар түзеді.
Жетісу таулы аймағына оның басты тізбегін (ең биік тұсы — Бесбақан шыңы, 4464 м) жанай орналасқан Тоқсанбай (3600м), Тышқантау (4359 м), Алтынеміл (293 м) жоталары енеді.
Қазақстан, Қырғызстан және Қытай мемлекеттері шекараларының түйісінде жатқан Хантәңірі шыңы (6995 м) Орталық Тянь-Шаньнің Қазақстандағы бөлігі болып табылады. Тянь-Шяньның тармақтары — Үлкен және Кіші Қаратау жоталары Тұран жазығына ішкерілей еніп, толығымен Қазақстан аумағында жатыр.Менің елім — менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ… Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке- бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.
Отансүйгіштік рух-қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер қатарына қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш.Отансүйгіштік сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Кейде,шіркін, бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытыртпай қалай аман сақтаған деп таңданамыз?! Шынында, талай зобалаң кезеңді бастан кешірген қазақ жері «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» өзінің жер көлемін сақтап қалған.
Отансүйгіштік — рухтың аса бір қасиетті тірегі демекші, Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіздік жолында ту етіп көтерген идеяларының бірі «Қазақстандық отансүйгіштік» ұғымымен жалғасып жатыр. Президентіміз ұсынған жаңа ұлттық идеяның мазмұны да қоғамдық дамуға басқаша, осы заманғы тұрғыдан қарау үлгісіне сай айқындалған. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Көп ұлтты Қазақстанда жалпы ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол қазақ ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың теңдігін қамтамасыз ету», — деп жазды.
Біз бақытты ұрпақпыз! Себебі, ата-бабаларымыз қанын төгіп, жанын беріп аңсап кеткен Тәуелсіздікке біз қол жеткізіп, ешкімге тәуелді болмай, еркін өмір сүріп келеміз. Бабаларымыз басынан не кешпеді, не өткермеді? Екі жүз жылдық жоңғар-қазақ тартысында Абылай хан сияқты жандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке би секілді шешен де көсем билер, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Қарасай сынды қас батырлар өз жерін ерлікпен қорғады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Шоқан, Ыбырай, Абай аталарымыз халықты озық елдер қатарынан қалыспауға, білімге шақырса, ХХ ғасырдың бірінші жартысында Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Мағжан Жұмабаев сияқты халық ұлдары ұлт санасын оятты, «елім» деп еңіреп, «халқым» деп қайысты. «Отан үшін отқа түс — күймейсің»,-деп Бауыржан атамыз айтқандай, азаттық жолында құрбан болған, азап шегіп, қасірет тартқан аға-апаларымыздың ерлігін қалай ұмытармыз! Әрине, біз, кейінгі ұрпақ, халқымыздың ерлік дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз. Аңсап жеткен Тәуелсіздігіміз орнықты, аспан түстес көк туымыз бейбітшілік көгінде желбіреп, Әнұранымыз асқақтата шырқалуда. Алғашқы жылдардағы аласапыран тірлік қалыпты өмірге ұласты. Халқымыз өтпелі кезеңнен абыройлы өтіп, экономикамыз өрлеу жолына түсті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен әр жыл ел дамуына ерекше орын алатын бағыттарға арналып, тарихымыз таразыланды, бірлігіміз бекіп, мәдениетіміз өсіп, денсаулық саласы нығайып келеді. Осының бәрі — тұңғыш рет әлемдік дәрежеге көтерілген мемлекеттің түтінін түзу шығарып, іргесін бекітудегі алдыңғы толқын ағалардың он төрт жылдан аса уақыт ішінде атқарған жұмыстары. Ендігі жерде сол алдыңғы толқыннан үйренетін, үлгісін, тәлімін алатын, қанатты ісін жалғастыратын дәстүр біздің еншімізге де тигелі отыр. Сол жақсы үрдісті жалғастыру біз үшін перзенттік қарыз да парыз болып саналады.
Осы арқылы кейінгіге біз де із қалдыруға тиістіміз. Ол үшін жастықтың жалынымен, бойдағы күш-қуат, қарым-қабілетпен, ойдағы ұшқынмен Отан-ананың тірегі болуымыз керек. Оның үстіне Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, ХХІ ғасыр — білім, ғылым, бәсеке ғасыры болмақ. Оған төтеп беру үшін рухтың мықтылығы, ұжданның күштілігі, елге, жерге деген адалдық керек. Әрбір азамат өзін мемлекетінің өткеніне, бүгініне және ертеңіне тікелей қатысын сезініп, Отан тағдыры үшін өзіне жеке жауапкершілік жүктелетінін терең білуі керек деп ойлаймын.
Бірлік — халық салты. Бұл — өмір заңы. Ел болу ерлікке, еңбекке, бірлікке байланысты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады. Өйткені «бірліксіз тірлік жоқ, тірліксіз бақыт жоқ». Бірлік салтын, яғни ел бақытын сақтау үшін жан аямай күресу, еңбек ету — әрбір адамның міндеті.
Халқымыздың берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізіп, жеріміздің кеңдігін, еліміздің елдігін сақтап қалуға үлкен тірек болады.
Біздің еліміз тәуелсіз Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқаны мәлім. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең бейбітшіл, саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық өркендеу қалыптасқан мемлекет ретінде танылып отыр. Бұл жетістік барша қазақстандықтардың көздің қарашығындай сақтайтын байлығы деп түсінуіміз керек.
Қазақстан-көп ұлтты мемлекет
Қазақстан
территориясында 130-дан астам ұлт
пен ұлыс өкілдері,ұлттық және этностық
топтар өмір сүреді.Жер шарының 2 пайызын
құрайтын қазақ жерінің батыстан
шығысқа дейінгі ара қашықтығы
2500,солтүстік пен оңтүстігі 1700 шақырым.
Еркектер мен әйелдердің ара қатынасы әйел жынысының сәл басымдылығынан (51,8%) құралады. Жалпы халық санының өзгеруі, бірінші ретте, халықтың тууы мен өлімінің санының өзгеруінен қалыптасып отырған, табиғи өсімнің әсері. 1999-2008 жж. жалпы республикадағы халықтың табиғи өсімі 1141,6 мың адамға тең болды, 1999 жылмен (70,2 мың) салыстырғанда 2008 жылы 204,2 мың адамға дейін өсті.
1999-2008 ж. республикада 2671,3 мың адам өмірге келді. Халықтың 1000 адамына шаққандағы туудың жалпы коэффиценті 1999 жылы – 14,6, 2008 жылы – 22,9 промиллеге тең болды.
1999 жылғы
халықтың орташа өмірінің
Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.Отансүйгіштік рух-қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер қатарына қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш.Отансүйгіштік сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Кейде,шіркін, бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытыртпай қалай аман сақтаған деп таңданамыз?! Шынында, талай зобалаң кезеңді бастан кешірген қазақ жері «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» өзінің жер көлемін сақтап қалған.
Менің
елім — менің Қазақстаным! Осы құдіретті
сөзді әрбір Қазақстан Республикасының
әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен
айта алары хақ… Өйткені біздер, асқақ
арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен
ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиетті
қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп,
береке- бірлікте, достық қарым-қатынаста,
тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз.
Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
жан-жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың
жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық
саясатының нәтижесі деп білеміз.
Пайдаланған әдебиет тізімдері
- Әбсаттаров.Р Саясаттану негіздері.Алматы,2011
- М.Т.Мағзумов. Саясаттану негіздері – Оқу құралы, Өскемен,2007 ж – 203 б.
- Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003
- Нысанбаев А. Н. Саясаттану. А., 1997

- Отан тарихы
- Отан туралы
- Отаншыл адам – өз елінің лайықты азаматы
- Отаным-Казакстан
- Отаным қазақстан
- Отаным-Қазақстан
- Отауска
- Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
- Ось мировой истории и осевое время в исторической концепции К. Ясперса
- ОСЭР - характеристика, основные показатели
- Осязание глухих
- Отаман Іван Сірко
- Отандық телеарналардағы қазақ тілді тікелей эфир хабарлары
- Отанды-олар қорғады