Отбасы әлеуметтануы. Астана қаласы бойынша ана мен бала денсаулығы туралы зерттеу
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
МехМат
факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Отбасы әлеуметтануы.
Астана қаласы бойынша
ана
мен бала денсаулығы
туралы зерттеу»
Тексерген: Тәжібаева Г.Д
Орындаған: Шаймерденова Г.С. М-31 тобы
Астана
2011 жыл
Жоспар:
І.
Кіріспе.
ІІ.
Негізгі бөлім.
- Отбасының әлеуметтік мәні
- Отбасы құрылымы
- Ана мен бала денсаулығы
- Астана қаласы бойынша Ана мен бала денсаулығы жайлы статистикалық мәліметтер.
ІІІ.
Қорытынды.
Кіріспе
Біз қазіргі отбасы өзімен өзі қайнап жатқан әлем екендігіне көніп алдық. Ал, ол болса – көптеген жақсылықтар, қателіктердің жемісі. Жалпы әлеуметтануда отбасы және отбасы қатынастары терең зерттелген тақырып. Адамдар бір-бірімен араласада, кездеседі, танысады, достасады, т.б. Жастар неке қидырады. Осылардың негізінде берік немесе әлсіз отбасы құрылады.
Әлеуметтанушылар отбасын ерекше бір құбыдыс, әлеумттік жүйе ретінде қарайды да, оны әлеуметтік институт және кішігірім топ ретінде талдап, зерттейді.
Отбасы
– бұл адамдардың некелік және
туыстық, жалпы тұрмыстық байланысқа
және өзара жауапкершілікке
Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметінен көрінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі – ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып отырады. Отбасының объективтік өзгеру процесі оның топ ретіндегі сипаттамасымен байланысты болады. Қазіргі отбасы – неке және балалардың денсаулығын сақтау, оларды тәрбиелеу құқықтық және моралбдық жауапкершілігі бар институционалдық бірлік ретінде зерттеледі.
Американ әлеуметтанушысы Хилдың көзқарасына сәйкес, қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендегідей жалпы белгілері болады.
- Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің мінез-құлқы өзгерсе, ол басқаларының да мінездерінің өзгеруіне әкеледі.
- Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас және жеке болады, оның басқалармен байланысы белгілі дәрежеде шектеулі болады.
- Отбасы – бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе-теңдікті сақтауға тырысады.
- Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға байланысты міндеттерді орындаумен бірге, әрбір отбасы өз мүшесінің талап тілегін мұң, мұқтажын орындауды қамтамасы етеді.
Отбасы
жеке дара институт ретінде – оның
тұрмыстық салты қоғамдық мүддеге сәйкес
немесе сәйкес келмейтін жағдайларды
зерттеледі. Отбасын әлеуметтік институт
ретінде осылай зерттеу арқылы болашақ
отбасының өзгеру үлгісін жасайды.
Негізгі бөлім
І. Отбасының әлеуметтік мәні.
Зерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдардың тәртіп үлгілеріне, ондағы адамдардың атқаратын қызметіне, баса назар аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы, ондағы ережелердің, жыныстық тәртіптің, болашақ ерлі-зайыптылар өздерінің туыстарымен қатынасының жиынтығы ретінде қаралады.
Ерлі-зайыпты
адамдардың арасындағы қатынастар некелесу
(үйлену, тұрмысқа шығу) алуан түрлі
тәртіп бұзушыларға қарсы
Неке әлеуметтік институт ретінде қоғамның дамуы мен өзгеруіне, оның қажеттілігіне, мұң-мұқтажына, талап-тілегіне байланысты өзгеріп отырады.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі талдау оның қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді: қоғамның некелік қатынастарға, тұрмыс-салтына қарай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелері мен бағалы құндылықтары қалай ерекшеленіп отырады, отбасындағы тәртіп, қатынастар әлеуметтік тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын, т.б айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен талап-тілекке отбасындағы тәртіп типтерінің қайсысы сәйкес, қайсысы сәйкес еместігі т.б жатады.
Отбасын кіші топ ретінде зерттеу - өзінің құрылымы жағынана азғана адамдар тобының, оның мүшелерінің жалпы әлеуметтік іс қызметінде бір бірімен тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық қарым қатынастың, топтық ереже және топтық процесстің қалай пайда болатынын анықтау. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым қатынастарды зерттегенде отбасы кіші топ ретінде қаралады. Бұл кезде 3 негізігі сипаттамалық тұрпатын бөліп қарау қажет: 1) Топты жалпы сипаттау, яғни отбасы тобының мақсаты мен міндеті, отбасының құрылымы мен мүшелері. 2) Отбасы тобының басқа өзінен үлкен топтармен байланыс, қатынас түрлерінің сипаты. 3) Отбасындағы индивидтердің өзара іс әрекеті, топқа енуі, қызметі.
ІІ. Отбасы құрылымы.
Отбасы мүшелерінің арасындағы барлық қатынастардың, атап айтқанда, рухани, адамгершілік, билік, бедел т.б қатынастардың жиынтығы отбасы құрылымы деп аталады.
Отбасы құрылымы және оның іштей ұйымдастырылуы көптеген факторларға байланысты. Отбасы құрылымы, ең алдымен, ерлі зайыптылардың типіне байланысты болады. Тарихта ерлі зайыптылық тың моногамдық (біркелкілік) және полимамдық ( көпнекелілік) түрлері болған. Ерлі зайыптарды сұрыптау барысында некелік эндогендік, яғни белгілі бір топтың, кастаның ішінен болуы. Бұл алғашқы қауымдық қоғамға тән. Экзогомдық некелікті білгілі бір топ немесе кастаның ішінен сүрыптап алуға тиым салу, мұнда некелі әрбір топтан серіктестік негізінде құрылады.
Отбасындағы билік құрылымы демократиялық немесе авторитарлық болып екіге бөлінеді. Отбасындағы авторитарлық билік әйелдің еркекке қатаң бағынуын, осыдан барып отбасы мүшелері арасындағы қарым қатынастар қатаң тәртіп арқылы сипатталады. Отбасындағы демократиялық билік ерлі зайыпты адамдардың қабілеттеріне қарай басшылық рөлдерді бөлуге негізделген. Мұнда әрбір отбасы шешім қабылдауға қатаысады, балаларды сендіру, нандыру негізінде тәрбиелейді, мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды.
Отбасындағы ролдік ( атқаратын қызметі) құрылымы деп, ондағы жеке мүшелердің белгілі бір қоғамдағы ереже нұсқауларға, әдет ғұрыптарға т.б негізделген өзара іс әрекет қатынастардың жиынтығын айтады.
Отбасы идеологиясы деп, әрбір отбасында қалыптасқан белгілі бір қарым қатынастар мен құндылықтар жүйесінің жиынтығын айтамыз. Неке – бұд қоғам тарапынан ретке келтірілген әлеуметтік қатынастар, мүнда жеке дара құштарлық сезім тұрақтылыққа, өзара бейімділікке және неке шарттары ерлі зайыптылардың нақты әрекетіне айналады.
Отбасының даму кезеңдері - отбасының өзгеру серпінін, оның пайда болуы мен адырауының арасындағы уақытты қамтиды. І кезең некеге тіркелуден және бірігіп өмір сүруден бірінші бала туғанға дейінгі уақыт. ІІ кезең ең соңғы баланың мектепке баруымен, ал ІІІ кезең соңғы баланың әлеуметтік ер жетуі, табыс табуы мен оның экомикалық тәуелсіздігі, дербестігі, өз бетінше күн көруі арқылы анықталады. Отбасының тіршілік кезеңдері оның ең басты функциясын орындаумен, яғни адам санын көбейтумен байланысты болмақ.
ІІІ. Ана мен бала денсаулығы
Қазақстан Республикасында соңғы жылдардағы әлеуметтiк-экономикалық жаңарулар кезеңiнде бала туудың (1995 жылдан бастап бала туу 9%-ға қысқарды), халықтың табиғи өсiмiнiң төмендеуi байқалуда. Әйелдер мен балалар денсаулығының индексi төмендеуде. Ана мен бала өлiмiнiң көрсеткiштерi жоғары деңгейде қалып отыр. Нәресте шетiнеуiнiң ішiнде өлi туу, туғаннан кейiнгi алғашқы тәулiктерде және нәрестелiк кезеңде шетiнеу өсiп отыр. Төмен дене салмағымен, дамудың туа бiткен кемiстiктерiмен туған балалардың пайызы жоғары күйiнде қалуда. Мұның бәрi ана мен нәрестенiң үйлескен патологиясының өсуiн сипаттайды. Республикада бала туу жасындағы әйелдер денсаулығының индексi төмен күйiнде қалуда және бар-жоғы 20%-ды құрайды, Семей полигоны мен Арал өңiрiндегi аймақтарда 10%-ға дейiн жетедi. Әйелдер ауруларының арасында әлеуметтiк маңызды аурулардың үлес салмағы өсiп отыр. Аборттар проблемасы шешiлуi қиын болып қалуда. Балалардың арасындағы сырқаттану өсiп отыр. Жыл сайын 2 миллионға жуық бала тыныс алу органдарының күштi ауруларымен, 600 мың бала - бiр жастағы балалардың қайтыс болуының негiзгi себептерiнiң бiрi болып табылатын күштi ішек инфекцияларымен ауырады. Соңғы жылдары балалар әлеуметтiк маңызды ауруларға көп ұшырайтын болды. Республикада, әсiресе, экологиялық жағынан қолайсыз аймақтардағы балалардың арасында тамақтану мен зат алмасудың бұзылуларымен, тұқым қуалаушылық факторларымен, оның ішiнде туа бiткен аномалиялармен байланысты аурулармен сырқаттану оқиғалары жиi кездесетiн болды. Селолық жерлерде ерте жастағы балалардың 80%-ы қан аздығынан, психофизикалық дамуда кейiн қалушылықтан, мешелден зардап шегедi. Бозбалалардың көпшiлiгi денсаулығындағы әр түрлi ауытқушылықтардың болуына байланысты өзiнiң конституциялық әскери борышын өтей алмайды. Соңғы уақытта республикадағы балалардың ауруларында созылмалы өту үрдiсi бар. Осылайша, ауруларының созылмалы нысандарға өту мектепке дейiнгi балалардың жиырма пайызында және мектеп жасындағылардың елу пайызында байқалады. Көру, сөйлеу, есту және мүсiн бұзылулары бар балалардың саны өсуде. Жыл сайын 800 мыңға дейiн бала диспансерлiк есепте тұрады, және олардың бар-жоғы 5-6%-ы ғана сауықтыру бейiнiндегi ұйымдарда ем алады. Жыл сайын, бүгiнгi күнi саны 50 мыңға жуық жеткен, мүгедек балалардың саны өсуде. Оларды оңалту мен белсендi өмiр сүруге тарту ерекше назар аударуды талап етедi. Жабдықтарды сатып алу мен жөндеу жұмыстарын жүргiзуге арналған мақсатты қаржыландырудың қиындығынан аналар мен балаларды қорғау ұйымдарының материалдық-техникалық базасы қанағаттанғысыз жағдайда болып отыр. Бұл балалармен және бала туу жасындағы әйелдермен профилактикалық жұмыс істеу тетiктерiнде, емдеу-диагностикалық көмектiң сапасында көрiнiс табады. Көптеген облыстарда санитарлық авиацияның, жедел медициналық көмектiң мамандандырылған бригадаларының қызметтерi тоқтаған. Балалар мен бала туу жасындағы әйелдерге көрсетілетін санаторлық және оңалту көмектерi дағдарыстық жағдайда қалып отыр. Бұрын жұмыс iстеген соматикалық бейiндегi 45 балалар санаторийiнiң қазiргi уақытта 12-сi ғана жұмыс істейдi. Денсаулық сақтау мен бiлiм беру органдарының арасындағы қызметтi ведомствоаралық үйлестiрудiң бұзылуы салдарынан ұйымдастырылған балалықты медициналық қамтамасыз ету нашарлады. Санаторлық-оңалту ұйымдарында жұмыс істейтiн мектептер материалдық-техникалық жарақтануға, мектептiк және әдiстемелiк құралдармен жабдықталуға қатысты қанағаттанғысыз жағдайда болып отыр. Тастанды балалар санының өсуi балалар үйлерi желiсiнiң дамуын басып озуда, соның салдарынан балалар стационарларда жатып қалады, бұл аурухана ішiнде инфекцияларды жұқтыруына және психофизикалық дамуында кешеуiлдеуiне ықпал етедi. Айтылғандарды ескере отырып, қазiргi уақытта балалар мен аналардың денсаулығын сақтауға арналған құқықтарын қорғау және болашақ ұлттың денсаулығын жақсарту үшiн "Ана мен бала денсаулығын қорғау" бағдарламасын әзiрлеу қажеттiгi пiсiп-жетiлдi.
Республикада ана мен баланың өлім-жітім көрсеткіші тұрақсыз күйінде қалуда (8 айда бір жасқа дейінгі 3 мыңнан астам бала және 98 ана қайтыс болды). Ана мен баланың өлім-жітімі мәселесі ағымдағы есеп беру кезеңінде Қызылорда қаласында көшпелі алқа отырысында және Министрліктің емдеу-алдын алу кеңесінде, облыстардың, Астана және Алматы қалаларыденсаулық сақтау департаменттерінің басшыларының қатысуымен қаралды. Аналар мен балаларға медициналық көмектің сапасын артыру үшін босану ұйымдарының практикасына жаңа заманғы және тиімді перинаталдық технологиялары енгізілуде. Босану және балалар ұйымдарын жабдықтауға 2007 жылы 3785,1 млн. теңге бөлінді. Жүкті әйелдерді құрамында темір және йод тапшылығы жағдайының алдын алу үшін, сондай-ақ жекелеген ауру түрімен диспансерлік есепте тұрған 5-жасқа дейінгі ауру балаларды тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Медициналық тексеруден өткен 1,7 млн. әйелдің 20%-ан көбінде ұрпақты болу жүйесінің дерті анықталды, қажетті сауықтырудан өтті. 2,2 млн-нан астам медициналық тексеруден өткен балалардың төрттен біріннің дерті анықталды, қазір олардың жартысынан көбі сауықтырылды.
2006
жылы Қазақстанда бірінші рет
Мыңжылдықтың даму
Зерттеу барысында сұралған әйелдер арасында 59.1% қазақ әйелдер, 30.8% орыс әйелдері. Жалпы сандағы ұрпақты болу жасындағы әйелдердің саны 54.9% құрады. 5 жасқа дейінгі балалар саны 7.8% құрады. Балалардың 51% қала тұрғындары, 49% ауылдықтар болып табылады. Балалардың жас құпамына келетін болсақ, 6 айға дейінгі балалар 8.7%, 6-11 айлық балалар 10.5%, 12-13 айлықтар 21.9%, 24-35 айлық балалар 21.5, 36-47 айлықтар 19.4, 48-59 айлықтар18% құрады.
ІV. Астана қаласы бойынша Ана мен бала денсаулығы жайлы статистикалық мәліметтер.
Әйел мен балаларға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін ағымдағы жылы Астана қаласында дүниежүзілік стандартқа сәйкес 300 төсектік республикалық балаларды оңалту орталығы, 500 төсектік ана мен бала денсаулығын сақтау ұлттық орталығы іске қосылды.
Астана
қаласының статистика басқармасының
маманы Жеңіс Кәрібаев ана мен
бала денсаулығына қатысты мынандай деректер
келтіреді:
- 2004 жылы 7972 сәби дүниеге келсе, 3353 адам
қайтыс болды. Оның 93-і бір жасқа дейінгі
балалар. Ал 2005 жылдың соңғы төрт айында
2983 бала дүниеге келсе, 1238 адам бақилық
болып, бір жасқа толмағандар бала саны
39-ды құрады.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің
мәліметіне сәйкес, 2006 жылы арнаулы сауықтыру-емдеу
бағдарламасы бойынша елде 12-18 жас аралығындағы
жасөспірімдерге, 35-49 жас аралығындағы
әйелдерге медициналық тексеру жүргізуге
республикалық бюджеттен 4 млрд теңге
қаржы бөлініпті.
Ана
мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында
Астана қаласының медициналық
Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу аясында қала емханаларында, перзентханаларда, қалалық онкологиялық диспансерде артериалдық гипертонияның алдын алу, глюкометриямен қандағы қант деңгейін, глаукоманы анықтау мақсатындағы дәрігерлік тексерістер өткізіліп жатыр.
Бүгін қалалық №1 перзентханада жаңа туған сәбилерге аудиометрия тексерісін өткізу бойынша ашық есік күндері өтіп жатыр.
«Аудиометриялық тексеріс ерте жастан балалардың есту қабілетін тексеру, туа біткен және тұқым қуалайтын патологияларды анықтау мен алдын алу арқылы дер кезінде дәрігерлік көмек көрсету үшін ұйымдастырылады. Дер кезінде жасалған тексеріс пен уақытылы емдеу кей жағдайларда есту қабілетін қалыпқа келтіруге септігін тигізеді
Баланың
денсаулығын қорғауға бағытталған
алдын алу іс-шараларын
Алайда, іріңді-қабыну аурушаңдықтары
қазіргі замандағы акушерлік және педиатрия
саласындағы өзекті мәселелердің бірі
болып қалуда.
Босанғаннан кейінгі іріңді – қабыну
аурушаңдықтары - әйелдерде босанғаннан
кейін болатын аурулар, тікелей жүктілікке,
босануға байланысты, яғни, жұқпа, көбінесе
бактериалды жұқпадан пайда болады.
Жаңа
туған нәрестелердегі іріңді – септикалық
жұқпалар – сәби туғаннан кейінгі
алғашқы 28 күнде пайда болатын
жұқпалы – қабыну аурушаңдықтар,
өзіндік клиникалық белгілермен сипатталады.
Босанған әйелдер мен нәрестелер арасындағы
Іріңді – септикалық жұқпалы (ІСЖ) аурушаңдықтар
бойынша облыстағы эпидемиологиялық жағдай
қанағаттанарлықтай деп бағалануда. Нәрестелер
арасында іріңді – септикалық аурушаңдықтың
50 жағдайы тіркелді (2009 ж. 7 айында – 66 жағдай),
яғни, аурушаңдық көрсеткіші 24 пайызға
төмендеді.
Нәрестелер
арасындағы жұқпалы аурулар ішінде
жатыр ішкі жұқпасы – 66 пайызды,
учаскелердегі ІСЖ – 34 пайызды
құрады, ауруханаішілік жұқпалар жағдайы
тіркелген жоқ (2009ж. 7 айда – 4 жағдай).
2010 жылғы 7 айдың қорытындысы босанғандар
арасындағы іріңді-септикалық жұқпалардың
асқынуы 1 жағдайға артқандығын көрсетеді.
Аурушаңдық құрылымы бойынша маститтер
– 50 пайызды, эндометриттер – 50 пайызды
құрады. ІСЖ пайда болуының басты себебі
– жүкті әйелдерде созылмалы жұқпалар
ошағының болуы, есепке кеш тіркелуі, босанғаннан
кейінгі кезең ережелерін сақтамау болып
табылады.
Нәрестелер мен босанған әйелдер арасындағы ІСЖ алдын алудың негізгі шаралары.
- «Ана мен бала» қағидатымен жұмыс істейтін перзентхана, бөлімшелерде бала мен ананың болуы.
- Баланы емшек сүтімен ерте емізу.
- Омырау ұштарының жарылуын және сүттің қатуын болдырмау үшін дұрыс емізудің ережелерін сақтау.
- Босанғаннан кейінгі жұғу қаупін төмендету мақсатында жүктілік кезінде қабыну аурушаңдықтарын ерте анықтау және тиімді емдеу.
- Стационардан ерте шығаруда клиникалық негіздеме жасау және ана мен баланы үйіне барып тексеру.
- Медициналық персоналдың асептика мен антисептиканы сақтауы.
| Салмақталған
пайызы |
Салмақталған
15-49 жастағы әйелдер саны |
Салмақталмаған 15-49 жастағы әйелдер саны | |
| Әйелдердің негізгі сипаттамалары | 2.5 | 368 | 766 |
| Балалардың негізгі сипаттамалары | 2.0 | 90 | 185 |
Балалардың жеткіліксіз тамақтануы. Жеткіліксіз тамақтанудан қауіпті немесе орташа дәрежеде зардап шегіп отыран жасы 0-59 айлық балалардың пайыздық үлесі.
| -2 SD | -3 SD | |
| Бала саны: | 84 | |
| Салмақтың жасқа қатынасы: | 3.5 | 0.6 |
| Бойдың жасқа қатынасы: | 11.6 | 4.1 |
| Салмақтың бойға қатынасы: | 4.7 | 0.6 |
Емшек сүтімен алғаш қоректендіру. Зерттеу жүргізгенге дейінгі екі жыл ішінде баласы тірі туған, жаңа туған нәрестені босанғаннан кейін бір сағаттан және тәуіліктен кешіктірмей емшек сүтімен қоректендірген әйелдердің пайыздық үлесі.
| Бір сағаттан кешіктірмей қоректендірген | Бір тәуіліктен кешіктірмей қоректендірген | Баласы тірі туған әйелдер саны |
| 82.1% | 91.7% | 40 |
Тиісті
деңгейде йодтандырылған тұс тұтынатын
үй шаруашылықтарының пайыздық үлесі.
| Тұзы тестіленген үй шаруашылықтарының | Сауалданған үй
шаруашылықтарының саны |
Тұзы жоқ | Тұзды пайдаланбайтын үй шаруашылықтарының саны | Барлығы |
| 98.8% |
334 |
1.1% |
333 |
100 |
Туғанда
салмағы төмен, яғни 2500 г аз тірі
туған нәрестелер ұлесі.
| 2500
г аз нәресте
пайызы |
Туған кезде өлшенген нәрестелер үлесі | Тірі туған нәресте саны |
| 6.4 |
100 |
40 |
Қорытынды
Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген отбасы толық бақытты бола бермейді. Отбасында ыдыс аяқ сылдырламай тұрмайды, бірақ ерлі зайыптылардың арасындаңы түсінбеушіліктер біржола жоғалып та кетпейді немесе бейбіт түрде толық шешіліп те тұрмайды.
Индустриялық құрылымның дамуы, демографиялық құрылымның өзгеруі, қоғамдық топтардың, таптардық қайта құрылуы, әлеуеттік өзгерістер әр уақытта отбасының өзгеруіне тікелей әсер етіп отырады. Кейінгі бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдар аралығында жұмыр жер бетін мекендейтін көптеген халықтар мен мемлекеттерде отбасы дағдарысы белең алып бара жатыр деген пікірлер жиі айтылып жатыр. Қазіргідей өркениеттің аса дамыған кезеңінде отбасы өзінің негізгі атқаратын қызметі өмірге ұрпақ әкелуді қойды, бұл құбылысты отбасын ыдыратушы, құлдыратушы институтқа айналдырды деп даурығады. Дегенмен, әрбір елде неке қидырушылар саны көбейіп келеді. Отбасының іштей байланыс қатынастары күшеюде, мұның өзі сырт кұштердің отбасын белгілі бір әлеуметтік институт ретінде жоюға шамасы жоқ деп батыл болжау жасауа, тұжырымдауға дәлел бола алады.
«Ана мен бала денсаулығын сақтау» бағдарламасын іске асырудан күтiлетiн нәтижелер:
Бағдарламаны iске асырудың нәтижесiнде өзiнiң басымдықты бағытымен және қаржыландырудың орталықтандыруымен бiрге ана мен бала денсаулығын қорғаудың тұрақты жұмыс істейтiн жүйесi қалыптасатын болады.
Ана мен бала денсаулығын қорғаудағы проблемаларды шешу:
1) әйелдер
мен балалар арасындағы
2) ана, нәресте және бала
3) балалар
мен аналарға медициналық
5) балалар мүгедектiгiн азайту үшiн жағдайлар жасауды;
6) балалар мен әйелдерге
7) оқыту
және әйелдер мен балаларды емдеудiң
қазiргi заманғы, тиiмдi және шығыны аз әдiстерiн
практикалық қызметке енгiзу кезiнде акушер-гинекологтар
мен педиатрлардың, жалпы практика дәрiгерлерiнiң,
басқа мамандықтағы дәрiгерлердiң бiлiктiлiгiн
арттыруды көздейдi.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
- Сейтахметов Н.К. Социокультурные проблемы и развитие личности. Общение и личность. - Алматы, 1996.
- Икенов А.И. Әлеуметтану негіздері / Икенов А.И., Жүсіпова А.Д.- Алматы: Экономика.- 208 б. 2004.
- Социология: Лекциялар курсы / Жалпы ред. бас. Ә.Х. Тұргынбаев.- Алматы: Білім.- 160 бет. 2001.
- Аберкромби Н. Социологический словарь: Пер. с англ. /Аберкромби Н., Хилл С., Тернер Б.С.; Под ред. С.А. Ерофеева.- М.: Экономика.- 428 с. 1999.
- Социология: Учеб. для вузов / Волков Ю.Г., Мостовая И.В.; Под ред. В.И. Добренькова.- М.: Гардарики.- 432 с. 2002.
- Марат Тажин «Социология негіздері».
- Қазақстандағы балалар мен әйелдердің жағдайын Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (МИКЗ) 2007 жыл

- Отбасы әлуметтік институт
- Отбасыдағы қолайсыздық құқық бұзушылық пен суицидтің негізгі себептері
- Отбасы денсаулығы
- Отбасы жане неке тусиниги
- Отбасы және неке құқығы
- Отбасы және оның тарихи негіздері, құқығы
- Отбасы және отбасындағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық негізі
- Отаным-Қазақстан
- Отауска
- Отбасы алеуметтануы
- Отбасы әлеуметтануы
- Отбасы әлеуметтануы
- Отбасы әлеуметтануы
- Отбасы әлеуметтануы