Педагогикалық зерттеу әдістері. 4
Педагогикалық
зерттеу әдістері
1.Педагогикалық
зерттеулерді ұйымдастыру
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу
тұрғысынан педагогикалық зерттеулер
іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне
болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі
болып үш топқа бөлінеді. Іргелі
зерттеулер нəтижесінде педагогиканың
теориялық жəне практикалық жетістіктерін
қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады
немесе болжам жобалаумен педагогикалық
жүйелерді дамытудың моделдері
ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер –
бұл педагогикалық процестің
кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан
қырлы педагогикалық қызметтің
заңдылықтарын ашуға
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық жəне іс-əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары жасалады.
Зерттеу
көкейкестілігін негіздеудің
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды.
Егер
əлеуметтік тапсырыс педагогикалық
практиканы талдаудың нəтижесінде
ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың
өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым
құрал-жабдықтарын пайдалана
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Зерттеу мақсаты, объекті жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылыми
жаңалылық тиегі аяқталған
Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нəтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, əдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар жəне т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалылық тиектері, теориялық жəне практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына да тəуелді келеді.
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі (динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-теориялық немесе теориялық, прогностикалық- жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің
эмпирикалық сатысында зерттеу
нысанының қызметтік бағамы алынады,
шынайы оқу-білім тəжірибесі, ғылыми
білімдер деңгейі мен құбылыс
мəнін түсіну қажеттігі арасындағы
қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми
проблема өрнектеледі. Эмпирикалық
талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің
алғашқы тұжырымдамалары
Гипотетикалық
сатыдағы ізденіс жұмыстарының мəні:
зерттеу объектті жөніндегі деректік
болжамдар мен олардың мəнін
айқындап алу қажеттігі арасындағы
қарама-қарсылықтарды шешіп
Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық жəне гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
Теорияның
белгілі қалыпқа келуі
2. Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі
Зерттеу
əдістемесінің (методика) дайындығы
ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі.
Бұл əдістеме өте күрделі де сан
қилы қызметтермен байланысты нысан
болған білімдену процесін аса жоғары
шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік
беретін теориялық жəне эмпирикалық
əдістер (метод) тобынан құралады. Əдістердің
тұтастай бір бөлігін қолданудан
назарға алынған проблема жан-жақты
айқындалады, оның барша қырлары
мен шектері түгелдей зерттеуден
өтеді. Педагогикалық зерттеу
Педагогикалық
тəжірибені зерттеу əдістері – білім
беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда
қалыптасқан тəжірибесін зерт-
Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу; 4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы бақылау.
Бақылау
– орындалуы тұрғысынан ең оңай
əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі
де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау
барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің
тұлғалық-əлеуметтік жеке –дара бітістері
(көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы)
ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан
ауытқуына себепші болуы
Сұхбат
əдісі - қажетті ақпаратты алу
немесе бақылау барысында
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды
материал оқушылардың шығармашылық
туындыларын зерттеу əдісімен де
алынады. Олар: шəкірттер орындаған
жазба, графикалық, шығармашылық жəне
бақылау жұмыстары; балалардың суреттері,
сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер,
кейбір пəн дəптерлері. Мұндай жұмыстар
оқушылардың даралық
Педагогикалық
зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің
педагогикалық тиімділігін
- əдістемелік
(зерттеу əдістемесі мен оның
оның жоспарын айқындау, бағдарлама
түзіп, алынған нəтижелерді
- эксперимент жұмысы – бірнеше тəжірибелік зерттеу əрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тəжірибені басқару жəне зерттеушілердің жауап əрекеттерін бағалау);
- талдау
– сандық жəне сапалық сарапқа
салу; алынған деректерге
Эксперимент
түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тəрбие
процесі жағдайында) жəне зертханалық
– қандай да əдістің тиімділігін
тексеру үшін жасанды жағдайлар
түзу (экспериментке алынған
Егер
эксперимент педагогикалық
Жоғарыда
аталған əдістер тобы педагогикалық
құбылыстар танудың эмпирикалық
мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке-дара
ғылыми-педагогикалық
Теориялық талдау – педагогикалық құбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, əрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен ұстамдарға келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық құбылыстың мəн-жайына енеміз.
Индуктив
жəне дедуктив əдістер – эмпирикалық
жолмен алынған ақпаратты
Теориялық əдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық əдіс көптеген əдебиеттермен таныс болуды талап етеді:
- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
- жалпы
жəне арнайы педагогикалық
- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;
- педагогикалық мерзімді басылымдар ;
- мектеп, тəрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
- педагогикалық анықтама құралдары;
- педагогика жəне онымен сыбайлас пəндер бойынша оқулықтар мен – əдістемелік қолданбалар.
Əдебиеттермен танысудың арқасында қай проблеманың қандай тараптары жақсы зерттелгенін, қандай проблемалардың дау-дамайлы жəне қай мəселелердің əлі тың жатқанын білуге болады.
Əдебиеттермен жұмыс істеу əдістерінің түрі сан-алуан. Олар арасында көбірек қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін мəселеге байланысты іріктеліп алынған деректік əдебиеттер тізімі; реферат жазу – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны; конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар; аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпар жазу; сілтеме (цитата) беру – əдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мəтінге ендіре жазу.
Педагогикадағы математикалық жəне статистикалық əдістер сауалнама, эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу үшін, сондай-ақ зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы сандық тəуелділіктерді анықтау мақсатында қолданылып, эксперимент нəтижесін бағалауға, қортындылар сенімділігін арттыруға, теориялық тұжырымдарды негіздеуге жəрдемдеседі. Математикалық əдістер арасында педагогикада ең көп қолданымға келетіндері: тіркеу (регистрация), ранжирование (тəртіпке келтіру), өлшемге түсіру (декодирование). Статистикалық əдіспен қолға түскен көрсеткіштердің орташа сандық шамасы айқындалады: орта арифметикалық (салыстырып бақылау жəне эксперименттік топтардың жазба жұмыстарында жіберілген қателердің орташа санын шығару үшін); медиана – тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш (топта он екі оқушы болса, бағаның өсу дəрежесімен өрнектелген тізімде алтыншысының бағасы - медиана ); таралу дəрежесі – дисперсия немесе орташа квадраттың ауытқу, баламалар коэфиценті жəне т.б.
Мұндай есептерді жүргізу үшін белгілі формулалар, анықтама таблицалар қабылданған. Осы əдістермен жинақталған көрсеткіштердің сандық тəуелділіктері графиктер, диаграммалар, таблицалар түрінде өрнектеледі.
Педагогика
ғылымында жас зерттеушілердің араласуын
күтіп жатқан, əлі анықталмай елеусіз
болған құбылыстар байланысы мен тəуелділіктері
ұланғайыр, тың халінде. Педагогиканың
жемісті дами түсуінің басты шарты – ғалымдар
мен педагог-практиктердің бірлікті іс-əрекеті.
Егер осы теориялық жəне тəжірибелік ізденістер
аталған педагогикалық əдістер жүйесін
жете білумен жүргізілетін болса ғана,
педагогтың өз тəжірибесі де, басқалардың
да педагогикалық ұсыныстары мақсатты
бағытта зерттеліп, талданады, соның нəтижесінде
оқу-тəрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары
мен жаңалықтары ғылыми тұғырға орнығуы
сөзсіз.

- Педагогикалық зерттеу әдістері
- Педагогикалық зерттеулер әдіснамасы
- Педагогикалық зерттеулер әдіснамасы
- Педагогикалық іс әрекеттің құрылымы
- Педагогикалық іс әрекеттің құрылымы
- Педагогикалық іс әрекет тұралы түсінік
- Педагогикалық қабілет
- Педагогика Конфуция
- Педагогикалық антропология мен педагогикалық іс – әрекет арасындағы байланыс
- Педагогикалық басқарудың функциялары
- Педагогикалық диагностика және оқытудың түрлері
- Педагогикалық ЖОО мамандыруға дайындықтарындағы студенттің ғылыми жұмыстары
- Педагогикалық зерттеу
- Педагогикалық зерттеу әдістері