Президенттің құқықтық мәртебесі
Мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы өкілетті мемлекеттік-биліктік құрылымдардың қалыптасуынсыз мүмкін емес. Құқықтық мемлекет құру жағдайында мемлекеттік биліктің үш тармағы бірдей күшті болуға және өз функциясын қалыпты орындайтындай жағдайда болуға тиіс. Дегенмен, заң шығарушы және атқарушы билікті байланыстырушы звено тек Президент болуы мүмкін.
Мемлекет басшысы институты тұңғыш рет Қазақ ССР-інің Президенті ретінде 1990 жылдың 24 сәуірінде 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясына толықтыру түрінде енгізілді.
Мен бұл семестрік жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасының президенті» болғандықтан, мен президенттің құқықтық мәртебесін, шығаратын- нормативтік құқықтық актілері мен сайлау тәртібі жайлы жоспар құрдым. Осы жоспарды орындай отырып, жалпы тақырыпты толық аша аламын деген үміттемін.
Жоспары:
1. Президенттің құқықтық мәртебесі.
2. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәртібі.
3. Президенттің өкілеттігі .
4. Президенттің шығаратын- нормативтік құқықтық актілері.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің құқықтық мәртебесі
ең алдымен Қазақстан
Республика Конституциясының ІІІ бөлімі Президенттің құқықтық мәртебесін бекітеді. Президент ең алдымен мемлекет басшысы және оныі ең жоғары лауазымды тұлғасы. Мемлекет басшысы ретінде Президент ішкі және сыртқы саясаттың негізігі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымыд тұлға болып табылады. Конституцияға сәйкес Президеттің абыройы мен ар-намысына қол сұғылмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің нышаны, халық пен мемлекеттің бірлігінің Конституциялық мызғымастығының, адам және азамат құқықтарымен бостандықтарының кепілі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің міндетіне
Конституциялық заңдылықтармен Президент билігін шектеуші кепілдіктер жүйесі белгіленеді. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмілетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды (41-б, 1-т). Екіншіден, бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Прзиденті болып сайлана алмайды (42-б, 5-т). Үшіншіден, мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда Президентті қызметінен кетірудің конституциялық механизмі қарастырылған (47-б, 2-т). Төртіншіден, Президенттің нормативтік құқықтық актілерін Конституцияға сәйкес келмейді деп танудың конституциялық механизмі қарастырылған.
Президенттікке кандидатқа
Конституция белгілі бір
Қазақстан Республикасы Президентінің тұрғылықты орны, оның резиденциясы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы болып табылады. Сонымен бірге Президенттің Алматы қаласында да резиденциясы бар. Президент ресми тұратын ғимараттың үстін Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтеріледі. Президенттік биліктің рәміздеріне, айырым белгілеріне – Қазақстан Республикасы Президентінің омырауға тағатын белгісі мен байрағы болып табылады. Сонымен бірге Республика Президенті лауазымы бойынша «Алтын қыран» орденінің иесі болады.
Конституцияда Президенттің қызмет өкілдігі мерзіміне байланысты бірқатар шектеулер көзделген. 43-бапқа сәйкес Президенттің өкілді органның депутаты блуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады.
Президенттің өкілеттігі
мынадай жағдайларда
а) Жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен сәттен бастап;
ә) Президентті қызметінен мерзімінен бұрын босатқан жағдайда;
б) Қызметінен кетірген жағдайда;
в) Президент қайтыс болған жағдайда.
Президент өз міндеттерін
атқара алмайтын барлық жағдайларда
оны уақытша Парламент
- Республика Парламентінтаратып жіберуге;
- Республика Үкіметінің өкілеттігін тоқтатуға;
Пезиденттің Конституциялық құқықтық мәртебесі 2000 жылдың 20 маусымындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық заңы одан әрі дамытылды. Аталмыш заң Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің өз қызметін тоқтатқаннан кейінгі алатын құзыреттері мен кепілдіктерін анықтайды. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық заңның қабылдануы Тұңғыш Президенттің Қазақстан ме млекеттілігін қалыптастыру мен дамытудағы айрықша тарихи рөлімен негізделеді. Аталмыш заңда еліміздің дамуындағы республикаының ішкі және сыртқы саясатын анықтаудағы сабақтастық мәселелері қамтамасыз етілген.
Конституциялық заңның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті өмір бойы Қазақстан халқына мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша бастамалар жасауға хақылы. Тұңғыш Президенттің Қазақстан Республикасының Парламенті мен палаталарының алдында, Республика Үкіметінің отырыстарында ел үшін аса маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу құқығы бар. Сонымен қатар оған Қазақстан халықтары Ассамблеясын басқару, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі.
Қазақстан Республикасының Президенті туралы Конституциялық заңның 3-бабы бойынша елімізідің Тұіғыш Президентіне ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік берілген.
2. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәртібі
Мемлекеттің және атқарушы
билдіктің басшысы ретінде
Мемлекеттік органның Конституциямен
белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік
билік органдары жүйесінде
ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент мемлекет билігінің кепілі болып табылатынының себебі, ол билік тармақтарының бірде-біріне жатпай, оның барлық тармақтарының келісімімен қызмет етуін қамтамасыз етуі тиіс.Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Президентін сайлау Конституцияға және Президенттің "Сайлау туралы" Жарлығына сәйкес белгіленген.
Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын негізгі талаптарды белгілеп берді. Мемлекеттің басшысы және жоғары лдауазымды тұлғаның қызметін тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа келген, өмірлік мол тәжірибе жинақтаған болуы керек. Осыны ескере келе, Президенттікке Қазақстан Республикасының кемінде 40 жасқа толған азаматының сайлана алатындығы белгіленді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы
Президенттікке үміткер адам, міндетті
түрде тумысынан Қазақстан
Конституцияда Қазақстанда кемінде 15 жыл тұру қажеттігі Қазақстан Республикасының Президентіне қойылатын талаптардың бірі болып табылады. Мұндай талаптың қойылуы дұрыс, себебі мемлекет басшысы лауазымына үміткер адам елді, халықты, оның тарихын, экономикасын, ұлттық ерекшеліктерін және басқаларын жақсы білуі тиіс.
Конституция Қазақстан Республикасы Президенттігіне мемлекеттік тілді еркін меңгерген азаматтың сайлана алатындығын белгілейді. Мұндай талап, Қазақстан мемлекеті байырғы қазақ ждерінде құрылғандықтан, қазақ ұлты сақталуын қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі - оны сақтау болып табылатындықтан, тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететін барлық қызметті атқарудан туындайды. Ел Президенттігіне үміткер азамат қазақтармен еркін сөйлесу үшін, мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс. Бұл арада Қазақстан Республикасының Конституциясы Президент лауазымына үміткерге ұлттық шек қойып отырған жоқ. Кез келген ұлттың мемлекеттік тілді еркін меңгерген азаматы Қазақстан Республикасы Президенті бола алады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы Президентті сайлау үшін барынша көпшілік дауыстың мажоритарлық жүйесін белгіледі. Егер дауыс беруге сайлаушылардың 50 проценттен астамы қатысса сайлау өткізілген болып есептеледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50 процентінен астамын алған кандидат сайланған болып есептеледі. Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала-алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауыс алған кандидат сайланды деп есептеледі.
Президентті лауазымынан босату және кетіру жөніндегі институты Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапты. Президентті лауазымынан бостау және кетірудің айтарлықтай күрделі тәртібі белгіленді. Сырқаттығына байланысты өз міндетін жүзеге асыруға жұмыс қабілетінің үнемі болмауы кезінде Президент мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда Парламент депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы және Конституциялық Кеңестің конституциялық рәсімінің сақталғаны туралы қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік дауысымен қабылданады. Конституция Президентті лауазымынан кетіруге қатысты ерекше тәртіп белгіленген. Президент өзінің міндетін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді. Осы үшін Парламент Президентті лауазымынан кетіруі мүмкін. Кінә тағу және оны тергеу туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылдануы мүмкін. Тағылған кінәні тергеуді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижесі Сенат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысының қарауына беріледі. Мұндай жағдайда Жоғарғы Соттың тағылған кінәнің негізділігі туралы қорытындысы және Конституциялық Кеңестің белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы қорытындысы болуы тиіс. Егер кінә тағылған кезден бастап екі ай мерзім өткенше Парламент түпкілікті шешім қабылдамаса, Президентке қарсы қойылған кінә қабылданбай тасталған деп танылады. Мұндай жағдайда Президенттің мемлекетке опасыздық жасағаны туралы мәселе көтерген Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігі мерзімнен бұрын тоқтатылады.
ҚР-сы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚР-ның Президенті туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіліктер берілген:
1.Мемлекеттік билік органдарының құру жұмыстарына байланысты Президент өкілеттіктерге ие.
2. Атқарушы билік тармағы
саласында Президентке өте көп
өкілеттіліктер берілген. Президент
Үкімет жиналыстарында
3.Мемлекет басшысы
ретінде Президент сыртқы
4.Президенттің өкілеттілігіне азаматтық мәслесі, саяси баспана беру, ҚР-сы мемлекеттік наградаларымен марапаттау, жоғары әскери және арнаулы шен, дәреже беру, кешірім жасау сияқты өкілеттіктер кіреді.
3. Қазақстан
Республикасындағы
Қазақстан Республикасы Конституциясында Президентке оның мемлекет басшысы ретіндегі жағдайымен байланысты кең ауқымды өкілеттіктер шеңбері белгіленген.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы ретінде Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Осыған байланысты Президент жыл сайын Қазақстан халқына жолдау арнайды, онда елдегі жағжай сипатталып, ішкі және сыртқы саясаттың стратегиялық бағыттары тұжырымдалады. Мұндай жолдау бағдарламалық сипатқа ие және Парламенттің, Үкіметтің, мемлекеттік биліктің және басқа орталық органдардың қызметінде көрініс табады. Мемлекет басшысы ретінде Президент Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді.
а) Президенттің Үкіметке қатысты өкілеттіктері.
Президент атқаркшы билікті
құру бойынша өте ауқымды
Президент Парламенттің
келісімімен Республиканың
Президент аса маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді. Президент үкімет актілерінің күшін жоюға не толық немесе ішінара тоқтата тұруға хақылы («Қазақстан Республикасының Президенті туралы Конституциялық Заңның 10-бабына сәйкес»).
ә) Заң шығарушылық саласындағы өкілеттіктері.
Президенттің заң шығарушылық саласындағы өкілеттіктері де өте ауқымды. Жалпы Президентті заң шығарушы органдарға жатқызуға болатынын айта кету қажет. Құқықтық жүйе құруға Президен барынша ықпал ете алады. Конституция мен көзделген жағдайларда Республика Президенті заңдар шығаруға хақылы. Парламент Президенттің бастамасы бойынша бір жыл мерзімге дейін заң шығарушылық өкілеттігін беруі мүмкін (53-бап, 3-тармақ). Конституцияның 61-бабының 2-тармағына сәйкес заң жобасының шұғылдығы туралы Президент талабын орындамаған жағдайда Президенттің заң күші бар жарлық шығаруға құқығы бар. Президент заңдарды пайдалануға тікелей де, оған заң жобасын Парламент мәжілісінетенгізу туралы тапсыра отырып Үкімет арқылы да ықпал ете алады.
Президент ең алдымен Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге бастамашы болады (53-бап 1- тармақ), заң жобасының шұғылдығын жария етеді, сондай-ақ заң жобаларын ҚР Парламентінде қараудың басымдығын белгілейді.
Президент кейінге қалдырушылық ветосы құқығына ие бола отырып заң шығару процесіне қатысады. Президент Парламент Сенаты қол қоюға және жария етуге ұсынған заңды қайтарып беруге хақылы. Преидент он бес күн ішінде заңды не оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады. Президенттің кейңнге қалдырушылық ветосы егер Парламентте әрбір Палата депуттарының жалпы санының үштен екісі бұрынырақта қабылдаған шешімді жақтап дауыс берсе алынады. Бұл жағдайда Президент жеті күн ішінде Парламент ұсынған заңға қол қояды.
б) Парламентке қатысты өкілеттігі.
Президенттің заң шығарушылық билікті атқарушы Республика Парламентіне қатысты бірқатар өкілеттіктері бар.
Республика Президенті:
- Парламентке кезекті
және кезектен тыс сайлау
- Сенаттың өкілеттік мерзіміне Сенаттың он бес депутатын тағайындайды;
- Парламенттің бірінші сессиясын шақырады;
- Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды;
- Парламент Сенатының
төрағасы ауазымына
- Парламент сессияларын ашады және Парламент Палаталарының кез келген отырысына қатысуға құқығы бар, т.б.
в) Сыртқы саясатқа және қорғаныс саласына қатысты өкілеттігі
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы ретінде сыртқы саясат және қорғаныс саласында бірқатар құқықтармен міндеттерге ие. Сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыра отырып Президент мынадай өкілеттіктерге ие болады.
- келіссөздер жүргізеді және ҚР халықаралық шарттарына қол қояды;
- республика жасасқан халықаралық шарттарды бекіту немесе денонсациялау туралы Парламентке ұсынысенгізеді;
- бекіту грамоталарына қол қояды;
- ҚР дипломатиялық
өкілдіктерінің басшыларын
- республика жасасқан,
бекітуге жатпайтын
- сенім грамоталары
мен кері шақырып алу
Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы ретінде Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшылық құрамын тағайындайды және қызметтен босатады. Мемлекет басшысы ретінде ҚР Әскери доктринасын бекітеді.
Президент Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізу, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялауға құқығы бар. Бұл жағдайда ол туралы Республика Парламентіне дереу хабарлауға тиіс.
Президент Парламент
Палаталарының бірлескен
г) Соттарға және судъяларға қатысты өкілеттігі.
Қазақстан Республикасының Президенті сот билігін құруға қатысады, ол мынадай өкілеттіктермен негізделеді:
- Жоғарғы Сот Кеңесінің
кепілдемесін негізге ала
- Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойыша облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын, облыстық және оларға теңестірілген соттар алқаларының тқрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды.
- Әділет министрінің
Әділет біліктілік алқасының
кепілдемесіне негізделген
Сонымен қатар Президент Жоғары Сот Кеңесін құрады, оның төрағасын тағайындайды, ол өз кезегінде судьялар копусын құруға тікелей ықпал етеді.
Мемлекет басшысы ретінде Президент азаматтық жөніндегі, саяси баспана беру, сондай-ақ азаматтарға кешірім жасау туралы мәселелерді шешеді.
Президенттің республикалық референдумға қатысты біршама өкілеттіктері бар:
- референдум өткізу туралы;
- референдум өткізуді кейінге қалдыру туралы;
- конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы мәселелерді шешеді.
Референдумға шығарылатын мәселелердің тұжырымын, оның бастамшыларының келісімімен, нақтылайды.
Президенттің Конституциялық Кеңеске де қатысты өкілеттіктері бар:
- оның төрағасы мен
екі мүшесін қызметке
- Конституциялық Кеңеске
жүгінуге және Конституциялық
Кеңестің шешіміне қарсылық
4. Қазақстан
Республикасындағы
Қазақстан Республиксының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында норма шығарушылық қызметті жүзеге асырады.
ҚР Президенті ҚР Конституциясы 53-бабының 3-тармағына сәйкес заңдар, сондай-ақ 61-баптың 2-тармағына сәйкес заң күші бар жарлықтар шығара алады. Басқа жағдайларда Президент заңға қарасты сипаты бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Жарлықтар мен өкімдер ҚР барлық аумағында орындалу үшін міндетті.
Президент жарлықтары Республиканың Конституциясы және заңдары негізінде және соларды орындау үшін шығарылады. Президент жарлықтарының нормативтік құқықтық акт күші бар.
Президент жарлықтары мынадай мақсаттарда шығарылады:
- Президенттің конституциялық өкілеттіктерін жүзеге асыру;
- Мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелерін шешу;
- Парламенттің, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органдардың заңдық құзыретіне кірмейтін мәселелерді құқықтық реттеуді жүзеге асыру;
- ҚР экономикалыө және әлеуметтік, саяси дамуының стратегиялық мәселелрі бойынша шешімдер қабылдау.
Президенттің өкімдері әкімшілік-әкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу мақсатында шығарылады.
Актілерді шығарған кезде Республика Президенті констрасигнатура институтының жекелеген элементтерін пайдаланады. Республика Президенті қол қоятын Парламент актілері, тиісінше осы актілердің заңдылығы үшін заңдық жауапкершілік жүктелетін Парламенттің әр Палатасы Төрағаларының Премьер-Министрдің алдын ала қолдары қойылып тиянақталады.
Президенттің нормативтік сипатағы атілері, егер Президент басқаша белгілемесе, олардың ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен ейін Республиканың бүкіл аумағында бір мезгілде күшіне енгізілді.
Бұл семестрлік жұмысты жаза отырып,
Қазақстан Республикасының
Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің нышаны, халық пен мемлекеттің бірлігінің Конституциялық мызғымастығының, адам және азамат құқықтарымен бостандықтарының кепілі. Конституциялық заңның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті өмір бойы Қазақстан халқына мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша бастамалар жасауға хақылы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.«Қазақстан Республикасының
конституциялық құқығы». С.К.Ам
2.«Қазақстан Республикасының
3.«Қазақстан Республикасының

- Президент Украины – глава государства
- Президент України
- Президент України (1)
- Президент Франции
- Президенты Америки
- Президенты США
- Презумпция авторства
- Президентство Д.А. Медведева: основные векторы развития РФ
- Президентство Дж.Кеннеди, Линдона Джонсона,Билла Клинтона
- Президентство Клинтона и Буша
- Президент США Джон Фицжеральд Кеннеди
- Президент США особенности избрания на материалах избирательной компании 2008г
- Президент США – Рональд Рейган
- Президенттік институттың тарихы және қазіргі кезең