Психология ғылымының дамуы үлес қосқан ғалымдар

      Психологияадамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

    Психология  ғылымының даму тарихы

      Антикалық дәуірдегі және орта  ғасырдағы философтардың жан  және сана туралы түсініктері.  Тұрмыстық психология ғылыми  психологияның негізі ретінде.  Антикалық дәуірдегі ойшылдардың  идеалистік және материалистік  көзқарастары. Аристотельдің жан  ғылымы. Сократ және Платонның  жан туралы ілімінің молральдық-этикалық  қырлары. Декарт дуализмі.

         Сананы интроспекциялық тұрғыда қарастыру және өзін-өзі бақылау мәселесі. Рефлексия туралы Дж.Локктың ілімі. Интроспекциялық психология. ХVII-XVIII ғасырдағы психологиялық ой-пікірлердің дамуы: Р.Декарт, Дж.Локк, Д.Юм, Ш.Монтескье, Х.Вольф т.б. Ассоциативтік психология. 

      Шет елдегі психологияның дамуы  (ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басы, бихевиоризм, гештальтпсихология, фрейдизм). Бихевиоризм мектебінің өкілдері: Дж.Уотсон, Э.Торндайктың көзқарастары. Олардың психологияны мінез-құлықты  зерттейтін ғылым ретінде қарастыруы.   Гештальтпсихология мектебінің  психологияның дамуына тигізетін  ықпалы, оның көрнекті өкілдері: М.Вертхаймер, В.Келлер, К.Коффка т.б.  Бейсаналық психологиясы (З. Фрейдтің  ілімі).

         Классикалық психоанализ. Психоанализдегі  тұлғаның даму динамикасы және  құрылымдары, зерттеу әдістері, тұлғаның  даму сатылары, осы теорияға сынды  талдау. Психологияда қолданудың  теориялық-қолданбалы аспектілері.  Фрейдтің психиканың қорғаныс  механизмдерін ашуы. Ығыстыру, проекция  және басқа қорғаныс механизмдері  және олардың адаптивті мәндері.  Тұлғаның мінез құлқын жеңетін  механизмдер. Тұлға құрылымындағы  ерік. Тұлғаның белсенділігі және  қажеттіліктері. Психоанализдегі зерттеу  әдістері. Фрейдтің ғылыми кредосы.  Еркін ассоцациялар және түс  көруді анализдеу. Фрейдтің өзін  талдауы. Психоанализдің бүгінгі  статусыф және оның бағасы.

      Ресейде психологияның қалыптасуы. Ресейде психологиялық ой пікірлердің  XVIII ғасырда дамуы. М.В.Ломоносовтың  психологиялық көзқарастары. А.Ф.  Лазурский, В.М. Бехтерев және  т.б. Ресейде психологияның дамуына  тигізген ықпалы. Кеңес психологиясының  қалыптасуы. С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский,  А.Р.Лурияның психологиялық мектептері.

      Психологиялық ой-пікірлердің Казақстанда дамуы. Әль-Фарабидің психологиялық көзқарастары. XI-XII ғ.ғ. Ю.Баласағүни, М.Қашғари, А.Яссауидің психологиялық ой-пікірлері. Қазақ ағартушыларының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары: Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. М.Мұқановтың, Ж.И.Намазбаева, В.К.Шабельников, Н.А.Логинова, С.М.Джакупов, Х.Т.Шерьязданова, Қ.Б.Жарықбаев және т.б. психологиялық зерттеулері. Қазақстанда психологияның қазіргі кезде дамуы. Психологияның экспериментальды ғылым ретінде дамуы (В. Вундт).

       Психологияның жаңа бағыттары  (гуманистік психология, экзистенциалды  психология, когнитивті психология  т.б.). Когнитивті психологияның көрнекті  өкілдері: Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер,  Х.Хайдер, У.Найсердің қосқан үлестері. Гуманистік психологияның негізін  салушы А.Маслоудың  көзқарастары. 

    Психика туралы түсінік және оның пайда болуы.

      Психика туралы түсінік. Психиканың  түрлері, оның көріну формалары.  Психиканың негізгі қасиеттері, жалпы заңдылықтары. Психиканың  атқаратын қызметі: сыртқы ортаны  бейнелеу және мінез-құлықты реттеу. Психиканың қалыптасу деңгейлері  және сапасы. Психиканың пайда  болуы туралы теориялар: антропопсихизм, панпсихизм, биопсихизм, нейропсихизм. Психиканың қалыптасу сатылары  және дамуы. Психиканың нейрофизиологиялық  негізі. Жүйке жүйесі туралы түсінік.  Сана – психиканың ең жоғарғы  формасы ретінде көрінуі. Сананың  әлеуметтік маңызы. Өзін-өзі саналы  сезіну. Санадан және санасыздық  процестері. Психикаға және санаға  психотехнологиялық ықпал ету.  Іс-әрекет  және мінез-құлық. Мінез-құлық  – адамның әлеуметтік маңызды  әрекеттер жүйесі.  
 
 

Анықтамасы

Этимологиялық деңгейде психология рух пен руханиятты (көне грекше: ψυχή — рух) зерттеу (көне грекше: -λογία — сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік (ниет-пиғыл, байым, әрекет), интеллективттік (ақыл-ой) функцияларымен шектеледі. Алайда психология — ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой — тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді.

Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.

Психологияның әртүрлі тараулары қолданған  әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.

Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен  бірге немесе өзара көрші зерттеу  өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату — одан әрі күрделі.

Ақыр соңында  психология мен пәлсапа арасында көп уақыт бойы қарым—қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.).

Психологияны  зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады.

Ең аяғында  психологияны теориялық немесе практикалық  жағынан анықтау — бүгінгі күннің шешілген мәселесі емес. 

Психологияның тарихы 

Ежелгі  дамуы

Бұл "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді. Психологиялық  ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге  бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.

Бұл термин қауымның кең қолданулуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.

Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.

19шы ғасырға  дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды. 

Ерте  жаңа заман

1879 жылы "психологияның  атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.

Вильям  Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.

 
Бұл өріске өздерінің үлестерін  қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген 
Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.

Осы тұста, 1890 жылдары  Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісіпсихоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор. 

Жаңа  заман

Әйткенмен бихейворизм айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі анық көрінді. Ноам Хомскийдің Скиннердің "Ауызша Іс Әрекет" (сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабі жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының бірі болып танылады.

Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді. Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті.

Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.

Бұл мектептің  негізін қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждылығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоу, клиент айналысында орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерс және Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс.

Компьютерлік  технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді.

Ми мен жүйке  жүйесінің әрекеті арасындағы қатынас  кең тарады, бұл бір жағынан Чарльз Шеррингтон және Дональд Хебб сияқты адамдардың зерттеулері, екінші жағынан ми зақымдалуы туралы зерттуелерге байланысты. Ми әрекетін дәлділікпен өлшеу технологияларының дамуымен бірге невропсихология мен когнитивттік невроғылым бүгінгі күннің ең іскер өрісі болып танылды. Басқа ғылымдармен (пәлсапа, информациялық технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан қарым қатынаспен бірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді түрде пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына бекіткен ғылым — когнитивттік ғылым жаратылды. 

Психология  мәселелері

Психология оны  оқыған адамдардың алған жағына қарай  бірнеше мәселелермен кесіп өтілген. Көптеген нәтижелер жинақталған  болып, кейбір гипотезаларды растау немесе қабылдамай тастау мүмкін болса  да, қорытындылардың синтетикалық және рационалдық комбинациясы ортақ  пәтуаға келмеген. 

Психология  ғылым ба?

Әлі күнге дейін  де бұл сұрақ қойылып отыр. Екі  концепциялар бір біріне қарама қайшы, біріншісі психология ғылым ретінде  қалыптасқан десе, екіншісі оны тек  пре ғылым деп, талқыға салады.

Аристотельдік (преғылыми) және галилейлік (преғылыми) ойлау түрлерін салғастырған Курт Левиннің текстіне сүйеніп, бұл мәселені қарастыра  аламыз. 

Психология  ғылым

Психологиялық лабораторияларды жарату бұл методологияға  сүйенген адамдарға психологиялық  ғылым расында бар нәрсе екендігін  тұжырымдайды. Бұл көзқарас мына зерттеу методологиясына сүйенеді:

  1. Гипотезаларды ұсыну
  2. Тәжірибе немесе бақылау
  3. Гипотезаларды түзету, растау немесе қабылдамай тастау
  4. Қорытындылау және бірінші кезеңге қайта өту

Осылай психология статистикалық қайта өндіре алатындай  нәтижелерге тіреле алады. 

Психология  ғылым емес

Грек, латынның кейбір сөздері өз ана тіліне айналып  кеткен Батыс елдері(ағылшын, неміс, француз, итальян, испан, грек) үшін, "психология" сөзі - "руханият" деген мағынада ұғылады. Мысалы, қазақ үшін, арабтың "рух" сөзі қазақтың өз сөзі сияқты ұғылады емес пе?! Дәл сол сияқты, "псюхе" сөзі батыста "рух" деп  ұғылады. Батыс елдері "Ағылшын  руханияты", "Француз руханияты", "Грек руханияты" дегендей етіп өздерінің  ұлттық руханиятын зерттеуге ден  қойған. Яғни батыстағы "руханият жайлы  ғылым" дегенің ақылға қонымды, пайдалы  ғылым бола алады. Ал Кеңестік шекпеннен  шыққан елдер үшін, оның ішінде Қазақстан  үшін "психология" дегеннің не мағына беретіні де бұлыңғыр. Бізде, "псюхе" сөзін "рух" деп санамайды, "жан" дейді; ал "психология" дегенді "руханият" деу орнына "жантану" деп қателеседі. Батыс елдері "рухани даму", "рухани азық", "рухани кесел" дегендей мәселелерді қарастырып жатса, біздікілер олордың атауын ғана алып, "психикалық даму", "психикалық азық", "психикалық кесел" деп, ішкі мәнін дұрыс ұқпай  шала түсінікті сөздерге айналдырады, сосын оның түпкі мәнін жеткізе  алмай сандырақтап кетеді. Осы  сияқты кемшіліктер, дәлірек айтқанда "былықтар" бізде толып жатыр. Сондықтан да Қазақстандағы "психология" ғылымы - ғылым емес. Әлбетте, оның ашқан  жаңалығы да атымен жоқ. Мәселен, шет елдерде жасалып жатқандай кісітануға қажетті сын-сұрақтамалардың бірін де біздің "психологтар" жасай алған жоқ. Біздегілер Батыс елдеріндегі рухани жарамсыз қоқысқа саналған ескі тесттерін аударумен, көшірумен ғана айналысады. Мысалға, Батыс елдеріндегі ғалымдар, төрт темперамент түрін анықтау тесті түгілі, сол темпераменттің төрт түрі бар дегеннің өзін қате деп жоққа шығарған. Ал біздікілер "Айзенктің темперамент түрін анықтау тестін" енді аударып, студенттерге оқытуға кіріскен.  

Психология  салаларының таптастыруы  мен оның әдістемелері

№ САЛАЛАРЫ СИПАТТАМА 1. Еңбек психологиясы Адамның еңбек  іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады . 2. Педагогикалық психология Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз. 3. Медициналық психология Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психофармакология, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді. 4. Инженерлік психология Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор. 5. Жас ерекшелік психологиясы Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; 3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5. Қарт адамдар психологиясы (геранто психология). 6. Арнаулы психология Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары: 1. Олигофрено психология – ми зақымы ауруымен туылған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдо психология – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифло психология – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді. 7. Салыстырмалы психология Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. 8. Әлеуметтік психология Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді. 9. Әскери психология Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.[2] 

Әлеуметтік психология өзге ғылымдармен — социологиямен, педагогикамен, философиямен, саясаттанумен, мәдениеттанумен тығыз байланыста болады.

Социология қоғамның, топтың және жеке адамның құндылықтары мен нормаларының сипатын қарастырса, әлеуметтік психология сол адамдар өмір сүретін микро және макроортаның әсерін ескере отырып, олардың қалыптасуының нақты механизмдерін және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді. Егер социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің түпкілікті қайнарларын ашатын болса, онда әлеуметтік психология олардың пайда болу жолдары мен заңдылықтарын қарастырады, белсенділікті мейлінше толық іске асырудың жағдайларын жасауға көмектеседі. Социология түрлі адамдар топтары мен қауымдастықтарының ішіндегі тұлғааралық байланыстардың әлеуметтік мәнін ашады. Ал әлеуметтік психологияны жеке адамның немесе жеке топтың қызметінен ол мәннің калай және қандай формаларда көрініс беруі, тұлғалық сапалықтардың қалыптасуына қалай әсер ететіні қызықтырады.

Әлеуметтік психологияның философия құрамында ұзаққа созылған даму тарихы бар; Батыста XVIII ғасырдағы ағартушылық кезеңде оған көбірек көңіл бөліне бастады.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтік психология жеке ғылым саласы ретінде орнықты.

XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлеуметтік психология АҚШ, Англия, Германия, Франция, Жапония сияқты дамыған елдердегі психология ғылымының жетекші бағытына айналды.

Әлеуметтік психология бұрынғы Кеңес Одағында да көп көңіл бөлінген. Кеңес билігі тұсында бұл ғылым жетекші салаға айналды. Кеңестік әлеуметтік психологтардың зерттеулерінде тұлға және ұжым мәселелері Батыстағыдай топ динамикасы заңдылықтарынан өзгеше бағдарда алынып, ерекше теориялық құрылғыда қарастырылды. Ұлттардың және өзге ірі әлеуметтік топтардың психологиясы зерттелді. Олардың арасында Қазақстандық ғалымдардың да үлесі болды.  
 
 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
  2. "Қазақ энциклопедиясы"
  3. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.
  4. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
  5. Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
  6. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
  7. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
Психология ғылымының дамуы үлес қосқан ғалымдар