Радиоактив

ЖОСПАР:

І. КІРІСПЕ:…………………………………….…………………..1

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1.Радиaция…………………………………………………………2

2 Әлемдегі радиациялық жағдай...................................................4

3 Қазақстандағы радиациялық жағдай

4. ШҚО – дағы радиациялық жағдай

5 Риддердегі радиация

6. Радиоактивтің адам өміріне тигізетін әсері.....……….……….7

7. Қорғану тәсілдері ………….........………….....…......................9

ІІІ. ҚОРТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:…………...…..…...15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Кіріспе

    Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр. Ағаштарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені артпайды.

     Космостан келетін космостық сәулелерден практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралды. Космонавтарды да космос сәулесінен қорғау оңай шаруа емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

      Әлем ғалымдарының болжаулары бойынша 21 ғасырдың алғашқы ширегінде планетамызда энергетикалық қордың тапшылығы сезілу қаупі бар, оның шикізатына деген талас күшеюде. Мұндай адамзат цивилизациясына төңген экологиялық қауіп-қатер ең жоғарғы мемлекетаралық деңгейде мойындалып отыр. Тіпті, экологиялық апаттың туындауы ғылыми-техникалық прогрестің «даму» құбылысына деген көзқарасты дүдәмалдыққа әкеліп отыруы жер-жерде байқалуда. Сөйтіп адамзат құндылығының кейбір шкалаларын қайта қарастыру қажеттілігі пайда болуда.

     Бүгінгі таңда иондаушы сәулелердің антропогендік көздері көптеп табылуда. Олар қоршаған ортаны ластаумен қатар әртүрлі биологиялық кері нәтижеліктің басты себепкері болуы әбден мүмкін.

 

 

 

 

 

 

ІІ Негізгі бөлім

1. Радиaция

        Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радиация қабылдайды.

       Табиғи және жасанды радиоактивті изотоптарда ядролардың өздігінен ыдырау процесі үздіксіз жүріп жатады. Демек, олар сыртқы ортаға туынды бөлшектерді, гамма кванттарын үнемі атқылаумен болады. Радиоактивті сәулелер кейде радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады. Олардың кинетикалық және электромагниттік энергиялары үлкен шама құрайды. Сондықтан ондай бөлшектер жолындағы денелердің атомдары мен молекулаларының химиялық-физикалық касиеттерін өзгертіп иондайды, олардың араларындағы қалыпты байланыстарды үзеді. Сөйтіп, биологиялық денелер де, басқа табиғи денелер де өзгеріске ұшырайды. Әсіресе тірі табиғат: адам мен жан-жануарлар, өсімдіктер мен басқа да тіршілік иелері зор зардап шегеді.

       Атом бомбалары мен уран кеніштерін айтпағанның өзінде, атомдық реакторлар мен атомдық электр станциялары да радиацияның көзі болып табылады. Сондай-ақ Күн радиациясының, ғарыштан келетін басқа да бөлшектердің зиянды әсерін де білуіміз қажет. Ол үшін изотоптардың сәуле атқылау белсенділігін, сондай-ақ радиацияға душар болған денелердің алған сәулелерінің мөлшер-дозасын нақты білу қажет. Қандай доза шегінде жұмыс істеуге болады, қандай доза денсаулыққа зиян немесе адам өміріне қауіпті деген сұрақтарға да жауап беруіміз керек.

       Мемлекеттердің кейбір құжаттарында радиацияның нағыз мөлшері белгіленген. Халықаралық деңгей бойынша қазіргі кезде адамдарға радиациялық доза 0,1 бэрден аспауы керек. Профессионал мамандар дайындау оқу орындарына ППД-ның (предельно допустимая доза) 5 бэрден аспауы тиіс, иондалған сәуле тарататын аймақта да тұратын адамдардың ағзасында радиацияның мөлшері 0,5 бэр болуы мүмкін.        

70 жыл өмір сүрген адам  радиациялық қайнар көздерінен 14-15 бэр алуы мүмкін. Бұл көрсеткіш  ағзаларға онша қауіп төндіре қоймайтыны анықталған. Жер шарында тіршілік ететін әрбір адам өзінің өмір сүру кезеңдерінде жылына 250-400 м бэр радиация алатыны сөзсіз.

        Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір кедергісіз ене береді. Ал одан қорғаныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғылым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәулеленгенін сезбейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар қозғалады да, биохимиялық процестер өзгереді. Оның соңы ағзаның тұтастай жүйесі бұзылуына, ішкі органдардың істен шыға бастауына апарып соғады. Ми, жыныс бездері, аш ішек, сілекейлі жерлер, тамыр жүйесі, ағзаның эндокриндік мүшелері, қалқанша безі, бауыр, бүйрек радиацияны тез сезіп, қабылдауға бейім. Радиоактивті сәулеленген адам өмір бойы түрлі жұқпалы аурулардан, қоздырғыш таяқшалардан қорғанып жүруге мәжбүр. Себебі иммундық жүйенің жасушалары тез қырыла бастайды. Ақыры ағза жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмай қалады. Радиация іштегі шарана мен жаңа туған нәрестенің иммундық жүйесін жойып жібереді.

         Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.

        Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі:

1) Радиоактивті заттардың  бөлінуінің нәтижесінде пайда  болатын альфа — (гелий ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);

2) Қоршаған ортадағы радиоактивті  заттардың мөлшерінің көбеюіне  байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі).

         Ортаның радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның түсуіне әкелді. Радионуклидтер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс иондар жұбын түзуімен қоса қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенді болып табылады. Атап айтқанда, оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев кестесінің полонийдан басталып трансурандылармен бітетін барлық элементтері жатады.

         Гелий ядроларының (альфа –сәулелену) немесе жылдам электрондардан (бетта – сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену деп атайды. Электромагнитті иондаушы сәулелену – бұл гамма — сәулелену мен оған жақын рентгендік сәулелену. Альфа және бетта-сәулелену организмнен тысқары тұрып та оған әсер ете алады.

         Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, бірінші кезекте – адамға аса күшті әсер етеді. Оған микроағзалар төзімдірек келеді. Эксперименттік зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің (кобальт-60, цезий-137) қуатты көздерінің қасында жоғарғы топтағы бірде-бір өсімдік немесе жануар тірі қалмайтындығын көрсеткен. Түрлі радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшеленеді, әйтсе де жалпы алғанда, оларға мутагенді және бластомогенді эффект тән. Мысалы, 131-иодтың аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі бұзылады, ал көп мөлшерінде – зиянды ісіктер түзіледі.

         Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:

 • Атом өнеткәсібі;

 • Ядролық жарылыстар;

 • Ядролық энергетика;

 • Медицина мен  ғылым.

        Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радияциялық сәулелермен ластайды. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиоактивті қалдықтардың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіп және әлі шешімін таппаған мәселені – оларды көму мен жою мәселелерін алып келді.

        Келесі бір қауіпті радионуклид – стронций-90, ол ядролық сынақтардың нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға асқазан-ішек трактісі , өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жиналады. Стронций қанда патологиялық құбылыстар тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрылысының бұзылуына әкеледі. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы мүмкін.

        Радиациялық ластанудың баска ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электрмагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы — радиактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды (клеткаларды) бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.

         Радиациялык ластанудың негізгі көздері — альфа, гамма және бэта, сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермеш жоне басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.

        Қазіргі гигиена ғылымының өзекті мəселесі адам өмір сүретін ортаның зиянды жəне қауіпті факторларын анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың халық денсаулығына тигізетін қауіп-қатерін бағалай білу болып табылады. Қауіп-қатер туғызатын əртүрлі факторлар нақты елдің, аймақтың жағдайларына да тəуелді екенін ескеру қажет.

2.Әлемдегі радиациялық жағдай.

          Қазіргі уақытта дүние жүзін радиацияға байланысты үрей жайлаған. Жапониядағы атом электр станцияларындағы апат салдарынан радиоактивті тозаң АҚШ, Ресей, Қытай жерлеріне түсіп жатыр. Ол желмен, жаңбырмен жетеді. Құдай бетін аулақ етсін, ондай тозаң Қазақстанға жетпейтінін Қоршаған ортаны қорғау министрі мен «Қазгидромет» мекемесінің директоры айтып отыр.

         Жапонияның зерттеушілері 1945-жылы  атомдық шабуылға ұшыраған Хиросима  және Нагасаки тұрғындарының  иммундық жүйесі 35 жылдан кейін  де қалпына келмегенін анықтаған. Ал Қазақстандағы Семейдің осы күнгі тұрғындарының қанында ағзаның қорғанысы үшін өте қажетті ақ жасушалар жетіспейді. Ол аймақтағы қатерлі ісік ауруына шалдыққандарға лейкоз, яғни қан ісігі тән. Зерттеулер көрсеткеніндей, лейкоз ауруы әлі 10 жылға дейін көбейе береді, ал алдағы 40 жыл бойы семейліктердің ісік ауруының өзге де түрлеріне шалдығу көрсеткіші арта түсетін көрінеді.

      Украинада  іштегі шараналардың омыртқаларынан  радиация табылыпты. Бұл – әлдеқашан  өтіп кеткен Чернобыль атом  электр станциясындағы апаттың салдары. Сол шараналар өмірге келеді-ау, бірақ есейгенде қатерлі ісік ауруларына шалдығатынын мамандар осы бастан болжап отыр. Шарананың сүйегіне жүргізілген зерттеу нәтижесі Чернобыль аймағында радионуклидтер омыртқаға, тіске және қабырғаға өте тез жиналатынын көрсеткен. Болашақ сәбилердің үлкейгенде ісік ауруларына шалдығу мүмкіндігінің жоғары екені жергілікті тұрғындарды қатты алаңдатып отыр. Украинада қалқанша без қатерлі ісігі ауруының көбейгені Чернобыль АЭС-інде болған апатпен тікелей байланысты екен.

         Радиактивтік ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау  реакциясы ашылғаннан бастап  пайда болған. Атом энергиясын  американдықтар соғыс максатында, ал 1945 жылдан бүрын Кеңес дәуірінде  оны бейбіт максатка пайдалана  бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сактандыру шаралары коса жүргізіледі. Өйткені, атом қондырғылары жұмыс істеу кезінде, адам өміріне қауіпті радиактивті шлак түзіледі. Ал оны залалсыздандыру оңай шаруа емес.

        Радиактивті  калдықтарды теңізге, мұхитқа, өзенге тастауға рұксат етілмейді. Әрине, бұл жағдай кейбір капиталистік елдерде сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған. Жыл сайын мүхит түбіне радиактивтік қалдықтар тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген санитарлык нормаға дейін радиактивті заттардьң концентрациясын азайтатын тазарту қондырғыларын салынған. Қалдықтар баллондарга салынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясындағы ешуакытта болмаған апат.

3. Қазақстандағы  радиациялық жағдай

       Қазақстан  территориясында қуатты ядролық  сынақтардың ең көп мөлшері  жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген. Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған. Радияциялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.

        Қазақстан  территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады:

 Ø Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары

 Ø Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық өнеркәсіп орындары

 Ø Ғаламдық жауындар

 Ø Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар

 Ø Табиғи радиоактивтілік

 Ø Радиоактивті қалдықтар.

           Халық шаруашылық мәселелерін  шешу мақсатындағы жер асты  ядролық жарылыстар. 1995 жылға дейін  Қазақстан территориясында әскери  полигондардан тыс 32 жер асты  ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық шаруашылық шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл территориядағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген.

         Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын  атомдық кәсіпорындар. Қазақстан  территориясының техногенді қызмет  әсерінен радиоактивті ластануы  уран өндіру кен орындарымен, ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және өндеу жұмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғарғы болуымен сипатталады. Республикамызда 80000-нан астам кәсіпрындар жұмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі 250 мың кюриден астам. Аталған иондаушы сәулелер көздерінің жалпы санынан, шамамен 20000 (80 мың кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі қажет.

          Ғаламдық жауындар. 1995 жыл бойында цезий – 137 концентрациясы 0-0,42 Бк/кв м шамасында ауытқиды. Ал жалпы β – белсенділік айына 0,4-0,9 Бк/кв м өзгереді. Бұл республика халқына қауіп туғызбайды. Ауадағы радиоактивті аэрозольдердің мөлшері рұқсат етілетін мөлшерден артық емес.

          Радиоактивті қалдықтар. Қазақстан  территориясының табиғи радиоактивтілігі  оны құрайтын метерологиялық  әртектіліктің түзілуімен генетикалық  байланысты, сонымен қатар уран, радий мен торий қатарының  элементтерімен және космостық  сәулеленумен байланыты. Табиғи радиоактивтік фон әр түрлі болуы мүмкін: ірі су қоймаларының акваторияларында (Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі) 6-8 мкр/сағ болса, граниттік массадан тұратын территорияда 50-60 мкр/ сағ құрайды. Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын табиғи радиоактивті фон 18-22 мкр/сағ, ал күшті қазіргі тұңбалық түзілістердің табиғи радиациялық фоны 10-18 мкр/сағ құрайды.

       Космостық  сәулелердің жалпы табиғи радиациялық  фондағы үлесі 3-8 мкр/сағ. 1995 жылы  зерттеулер нәтижесінде Көкшетау  облысының Арықбалық және Сарытүбек мекен-жайларындағы барлық ғимараттарда радиоактивті газ радонның жоғары концентрациясы анықталған. Мысалы, Арықбалық селосында екі балалар бақшасы жабылған (радонның концентрациясы 4000 Бк/куб м-ге жеткен, қалыпты мөлшерде 200 Бк/куб м.

       Елімізде  үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың  қызметін саяси, құқықтық негізде  дамытуға да қолайлы жағдайлар  жасалуда. «Қоршаған ортаны қорғау  туралы», «Экологиялық сараптау  туралы»заңдарда жұртшылықтың қатысу  ережесі, ақпарат туралы негіздер қаланған. Республикамызда 200-ден аса үкіметтік емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім беру, радияциялық қауіпсіздік, экологиялық ағарту сияқты бағыттарда жұмыс істеді.

      Қаладағы  ауаның ластануы, жердің тозуы  мен шөлейттенуі, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, жер асты және үсті су көздерінің ластануы, Ертіс, Жайық, Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің ластанған сулары негізгі экологиялық мәселелер болып отыр. Ауаның ластануы 15 қалада нормадан асып кеткен, Өскемен, Ленинагор, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз, Петропавл, Қарағанды т.б. бұрынғыға қарағанда қазіргі үлкен деңгейде болып отыр. Арал өнірінің 59,6 млн.-ға жері азған. Сонымен қатар көтерілген тұзды шұаңның ағындары 300 шақырымға, ара қашықтығы 500 шақырымға дейін таралып жатыр. Республикамызда 20 млрд. тоннадан астам өндіріс және тұрмыс қалдықтары жиналып қалған. Жыл сайын 14 млн. Куб м тұрмыстық және 700 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар, олардың ішінде 84 млн. Тонна уландырғыш т.б. жиналады. Сонымен қатар зауыт, фабрикалар өндеген рудаларын өндіріс қалдықтарының 1-18 үйіндісі жалпы көлемі 56 млн. текше метр алып жатыр, радиоактивті фоны 35 мкр/сағаттан 3000 мкр/сағатқа жетіп, халық денсаулығын бұзуда.

2010 жылдың 9 айы бойынша  облыстың санитарлық- эпидемиологиялық жағдайы туралы айта кететін болсақ:  Облыстағы санитарлық –эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деп саналады. Облыс халқының жұқпалы аурушаңдығы әкімшілік аумақтар бойынша әркелкі таралудың түрлі деңгейінде анда-санда кездесетін жағдайлар түрінде тіркелген.

 Қызылша, қызамық, эпидемиологиялық  паротит, трихинеллез, күйдіргі, ботулизм, карантиндік жұқпалар, ұйымдасқан  балалар мен жасөспірімдер ұжымдарында, тамақтану, сауда өнеркәсіптерінде, қоғамдық тамақтану нысандарымен  байланысты аурушаңдықтың өршуі тіркелмеген.

 Туберкулез, кене энцефалиті, менингококтық жұқпа, көкжөтел, тұмау, жоғарғы тыныс жолдарының вирусты  жұқпалары, вирусты гепатиттің барлық  түрлері, қантышқақ, сарып аурушаңдығының  деңгейінің төмендегені байқалады.

 Сонымен қатар, қышыманың 6%-ға, тамақтан улану – 10 жағдайға, жіті жұқпалы қантышқақ -19 жағдайға және сальмонеллез аурушаңдығының Шемонаиха, Зырян, Глубокое аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының есебінен 1,5 есеге өскені байқалады.

 Вирусты гепатит аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық. 47,3 %-ға төмендегені тіркелген, Қазақстан Республикасы бойынша жіті вирусты гепатит аурушаңдығының деңгейі 3 есеге орташадан төмен.

  Аурушаңдық көрсеткіші облыс бойынша Абай ауданында -2,2 есе, Бородулихада -3,5 есе, Жарма ауданында 2,8 есе, Риддер қаласында – 1,8 есе, Өскемен қаласында – 1,4 есе, Шемонаиха ауданында – 1,4 есеге артқан.

 Тәжікстанда полиомиелит  аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық  жағдайдың нашарлауына байланысты, қыркүйектің 6-нан 10-ы аралығында ШҚО аумағында, жалпы Республикада 0 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды полиомиелитке қарсы қосымша бір реттік егу жүргізілді. Осы жастағы балалардың 99,2 % егумен қамтылды.

 Жоғарғы тыныс жолдарының  вирусты жұқпалы ауруларының  аурушаңдық деңгейі өткен жылдың өтпелі кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 111.9 %-ға төмен.

 

Тұмау мен жіті тыныс алу жолдарының вирусты жұқпасының кезеңдік өсуіне дайындық жұмыстары жүзеге асырылуда. Бюджет қоры есебінен әлсіз балаларды, халықты тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде.

 14 қазан бойынша облыс аумағында тұмауға қарсы екпелер жүргізетін 65 ақылы егу кабинеттері ашылды. 2010 жылдың 1-18 қазаны аралығында барлығы 8626 адам ақылы негізде егілді.

 Кене энцефалитін жұқтырудың қауіпті кезеңі аяқталды, белгілі бір мекен-жайларда емдеу алдын-алу ұйымдарына кене шағумен қаралғандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 6,7%-ға төмен, кене шағуымен зардап шеккендердің 49% серопрофилактика алған, қалғандары кеш қаралу себептерінен иммуноглобулин алмады.

 Жазғы мерзімде базалар  мен аймақтар қызметтеріне бақылау  жүзеге асады. Демалушылар арасында  жаппай улану мен жаппай аурушаңдық  жағдайлары тіркелмеген.

 Сарып аурушаңдығы 12%-ға  төмендеген, оның ішінде балалар  арасында 2,1 есеге төмендеген. Үржар, Көкпекті, Зайсан, Тарбағатай, Аягөз аудандарында шиеленіскен жағдай сақталып отыр, облыстағы аурушаңдықтың 82,7 % солардың үлесінде.

 

           ШҚО аумағында адамдардың құтырма аурушаңдығы тіркелмеген, алайда құтырмаға күдікті 10 жануар анықталған . Қазіргі уақытта облыста қаңғыбас жануарларды аулау мен пайдаға асыру бойынша 73 бригада жұмыс атқарады, олардың 41-үнемі және 29 уақытша. Ауланған және пайдаға асырылған қаңғыбас жануарлардың саны өткен жылмен салыстырғанда 16,8 % көп.

 Туберкулез аурушаңдығының 2,4 % шамалы өскені байқалады. Глубокое, Зайсан, Бесқарағай, Көкпекті аудандары  мен Өскемен қаласы бойынша  аурушаңдықтың облыстық көрсеткіші  орташадан жоғары.

 Ауруханаішілік жұқпалар  бойынша өлім-жітім мен аурушаңдық 33% , нәрестелердің іріңді-септикалық аурушаңдығы 22% азайғаны байқалады.

 Халықты су құбырындағы  сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 79,7 % құрайды, ал өткен жылдың өтпелі  кезеңінде сумен қамту нысандарын  қайта жөндеу мен қалыпқа келтіру  бойынша жұмыстар жүргізу есебінен 76,9%. Жылдың соңына дейін мақсатты бағдарламалар ойдағыдай жүзеге асса, сумен қамту жағдайы тағы 13 мың адамға жақсарады деп күтілуде.

Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша су құбырындағы судың сапасы тұрақты болып қалуда және сынаманың сәйкес келмеуі 1,7% құрады, бұл өткен кезеңдегі көрсеткіш деңгейі 1,6%. Үржар, Катонқарағай, Аягөз, Абай, Күршім аудандарында су құбырындағы судың микробиологиялық ластануы облыстық көрсеткіштен жоғары. Сумен қамту жүйелері мен құрылымдарының тозуы, суды дайындау мен суды залалсыздандыру процестің болмауы (бұзылуы), апаттық жағдайлар,судың жүйесіз берілуі - микробиологиялық ластанудың негізгі себептері болып табылады.

 Тамақ өнімдерінің  микробиологиялық қауіпсіздігін  сипаттайтын көрсеткіштер тұрақты  болып қалды. Нормативтік талаптарға сай келмейтін сынаманың үлес салмағы 6 пайызды құрайды.

 Сақталу мерзімі мен  шарттары бұзылған, сапасы мен  қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз  сатылатын қауіпті өнімдердің  тұтыну базарларына түсуін болдырмау  мақсатында, сатылудағы 123 тонна қауіпті тамақ өнімдер алынды.

Солтүстік Қазақстан облысының территориясында Смирнов поселкесінің элеваторынан қуатты 200-3000 мкр/сағ. йондаушы сәулелер шығаратын құралдар табылған. Павлодар облысының құрлыс кәсіпорындарында кейбір құрлыс материалдардың түрлерінің радиациялық сапа сертификаты жоқ. Қарағанды облысында кәсіпорындар йондаушы сәулелердің көздерінде кезінде жоюға арналған приборлары мен аппаратураларымен қамтамассыз етілмеген. Семей облысында кедендік бақылау жүйесімен бірлесе отырып жүргізілген тексеру нәтижесінде Қазақстан территориясынан сыртқы радиоактивті ластанған сым кабельдерінің шығарылуының 3 факторы тіркелген.

2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда  Астана, Теміртау, Павлодар қалаларында  атмосфералық ауаның ластану-деңгейі едәуір артты. Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Қостанай, Петропавл, Риддер, Тараз, Орал, Екібастұз қалаларында және Глубокое кентінде атмосфералық ауаның ластану-деңгейі аса өзгерген жоқ, Алматы, Қарағанды, Семей, Өскемен және Шымкент қалаларында — төмендеген.

Республикада жерлердің ластануының негізгі көздері өнеркәсіп, энергетика кәсіпорындарының қалдықтары және басқалары болып табылады. Экономиканың өндіріс қалдықтарының ең үлкен көлемін құрайтын салалары қара және түрлі-түсті металлургия және көмір өндіру өнеркәсібі болып табылады. Түрлі-түсті металлургия қалдықтарын жинақтауыштар алып жатқан аудандар15 мыңға жуық га. құрайды, оның ішінде тау жыныстарының үйінділері 8 мың га., байыту фабрикаларының қалдықтары — 6 мыңға жуық га. және металлургия зауыттарының үйінділері — 500 астам га. Қоймаланатын қалдықтардың тұрақты өсіп отырған көлемі қоршаған ортаға кері әсер ете отыра, жаңа техногендік ландшафттарды құрады.

Ірі қалалардың барлығында дерлік қарқындап өсіп келе жатқан тұрмыстық қалдықтарды сақтау және қайта өндеу мәселелері маңызды болып отыр. Оларды қоймалау орындары санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейді, қоршаған ортаға, оның ішінде жерлердің жай-күйіне-де кері әсер етеді.

Қазақстанда 2000–2006 жылдар мерзімі ішінде 197 мыңнан астам төтенше жағдайлар және табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалар тіркелген, зардап шеккендердің жалпы саны 117 мыңнан астам адамды құраған. Ірі көлемді табиғи және техногенді төтенше жағдайлар негізінен ауыр экологиялық салдармен ілеседі. Әсіресе залалы 2000 жылдан бастап 2 млрд. теңгені құраған орман өрттері үлкен зиян келтіреді. Төтенше жағдайлардың 2003 жылы 33375-тен 2006 жылы 23835-ке дейін едәуір азағаны байқалып отырғанын атап өту қажет.

Атмосфералық ауаның ластануы проблемасы бұдан әрі өз шешімін талап етеді. Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы бойынша орташа, бір тұрғынға есептегенде, атмосфераға жылына 200 кг-дан астам әртүрлі химиялық қосылыстар шығарылады, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш 163 кг-ға тең болатын

        Қазақстанда АЭС құрлысын салу туралы әңгімен, сонау Кеңес Одағы тұсында жиі қозғалатын. 1995 жылы бұл мәселе Үкімет басқармасында қайта қаралып, Оңтүстік Қазақстан облысында Шардара АЭС-ін салу көзделген-ді. Ғалым-мамандардың айтуынша, тәуелсіз, егеменді ел ретінде, әлемдік өркениеттің бір бөлігі салынатын Қазақстанда атом электр станциясының болуы қажет. Тіпті, Балқаш көлінің жағасында «Үлкен» атты елді мекенде салынады деген әңгіменің ұшы шығып жатыр. Бірақ, арнайы жұмыс жоспары жасалып, мамандар ірітелмеген. АЭС-тің қоршаған ортаны ластайтыны, өзен, көлдердің жағасында салуға болмайтыны тағыда дәлелденіп отыр. Шетелдерде, мәселен, Францияда электр энергиясының 90 пайызын АЭС өндіргенімен, есесіне адам өміріне қауіпсіздігі жан-жақты қаралған. Демек,, АЭС құрлысын салмай-ақ, электр энергиясын өндірудің басқаша көдерін қарастыру қажет. Бұған қосымша бас қосуға қатысушылар жалғыз түйін – қазақстан қазіргі АЭС салуға дайын емес деген қортынды жасады.

4. ШҚО – дағы  радиациялық жағдай.

Семей ядролық полигоны. 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма, спектрографиялық суреттер жер бетіндегі цезий – 137 активтілігі 65 – 100 мкр/сағ. болғаның көрсетті. Кейбір жерлерде 120-500 мкр/сағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий 137 радиациялық фоны 120-150 мкр/сағ. құраған.

        Бұрын  жүргізілген ядролық жарылыстар  табиғи сулардың, тек ядролық  полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияда  да қалыптасуынан теріс әсер  етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері  Сарыөзек жылғасы мен Мұржық  тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған. α және β белсенділіктің жоғарғы деңгейі Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған. Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су алмасу белсенді жүретін аймақта — α және β белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған.

Радиоактив