Рекриациялық аудандар

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ                                                                                                                

І. Қазақстан Республикасындағы  ерекше қорғалатын табиғи аймақтар түсінігі

1.1 Рекреациялық туризм  және табиғатты қорғау түсінігі                              

1.2 Қорықты құрудың негізгі  принциптері және Қазақстан Республикасының  қорықтарына қысқаша сипаттама

II.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану және инфрақұрылымы мен қаржыландыруына сипаттама                                

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы  қорықтардың мәселелері мен болашағы және экологиясы

3.1 Қоршаған ортаның экологиялық мәселелері

3.2 Қорықтардың мәселелері мен болашақтағы дамуы, жаңа ұсыныстар                                                                                                               

 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                               

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

І. Қазақстан Республикасындағы  ерекше қорғалатын табиғи аймақтар түсінігі

 

Биосферадағы экожүйелердің  бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде Жер шарында  адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік  факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін  табиғи эталон ретінде сақтап қалудың  маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек  ықпал еткен аймақтармен салыстыру  үшін қажет. Халықаралық қабылданған  ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің  жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.

Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік  табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние  жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың  жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.

Қазақстанның  бірнеше  табиғи-географиялық аймақтары –  солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай  орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді  қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев  кестесіндегі химиялық элементтердің  бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз  табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің  5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл  бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың  қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл  інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені  кейінгі кезде өзінен-өзі өне  беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде  қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы  бағыттағы шаралардың бірі – «Жер жанатты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру  керек екекнін өмір көрсетіп отыр.

Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық  маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне  сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.

1. Мемлекеттік ұлттық  қорықтар.

2. Мемлекеттік ұлттық  табиғи саябақтар.

3. Мемлекеттік табиғи  резерваттар.

4. Мемлекеттік корықтың  аймақтар.

5. Мемлекеттік табиғи  қорықшалар.

6. Мемлекеттік табиғат  ескерткіштері.

7. Мемлекеттік зоологиялық  бақтар.

8. Мемлекеттік ботаникалық  бақтар.

9. Мемлекеттік дендрологиялық  бақтар және т.б.

 

 

 

1-сурет.

 

Биосфералық қорықтар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне — биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген.

Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған.

 

Мемлекеттік табиғи қорықтар

Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі — мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді.

Далалы аймақта ұйымдастырылған  Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл қорықта 1953 жылы Түрікменстаннан әкелініп құлан жерсіндірілді. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжын қорығы сулы-батпақты алкаптың табиғат байлығын қорғайды. Келешекте Торғай, Сарықопа жәнө Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру көзделуде.

Ұлттық табиғи саябақтар

Ұлттық табиғи саябақтарда  табиғат қорғау жұмыстарымен бірге  табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық  білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі.

Елімізде соңғы жылдары  Шарын (2004 ж.), Сайрам-Өгем (2006 ж.) және Көлсай көлдері (2007 ж.) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды. Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы, Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда.

Табиғи қорықшалар

Табиғи қорықшалар — белгілі  бір ерекше табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында үйымдастырылады. Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.

Табиғат ескерткіштері

Табиғат ескерткіштері —  көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және т.б.) қорғауды көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар.

 

Табиғи резерваттар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі — табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді

  1.1 Рекреациялық туризм және табиғатты қорғау түсінігі

Рекреациялық туризмнің  жұмыстарын жақсартып, дамыту үшін табиғи ресурстарды тиімді пайдалану принциптерін ескеру керек. Рекреациялық аймақтар жұмыс жасау ерекшелігі бойынша алуан түрлі:

1. Көпшіліктің дем алуы адамның шаруашылық әрекетімен тығыз байланыста қарастырылатынын табиғи – шаруашылықтық кешендер         (жасыл белдеулер, туризм мен көпшілік халық дем алуға қажетті орындар);

2. Шаруашылықтық жұмыстар жүргізілмейтін, бірақ ғылыми ізденістер мен туристердің келіп-кетуіне рұқсат етілетін және өсімдігі мен жануарлар дүниесі қорғауға алынған – қорықтар;

3. Табиғи резерваттар – туристік жұмыстарға да рұқсат етілмейді;

4. Ұлттық парктер – қорықтың бір түрі, табиғи комплекстерді зерттеу мен туристік маршруттар рұқсат етілген, кейбір жағдайда бұл территорияларда ауыл шаруашылықтық жұмыстар жүргізуге болады.

Рекреациялық қор түрлері  бойынша (туризм қорлары, емдеу қорлары  және т.б.) және рекреациялық қызмет түрлері  бойынша (курорттық немесе емдік, денсаулықты  жақсарту, спорттық және экскурсиялық-туристік немесе танымдық) болып бөлінеді. Табиғат қорларын топтау бойынша табиғи ортаның қорларымен бірге адамзаттың күнделікті өмірлік ең жақсы жағдайлар жиынтығына, демалыс және емдік табиғи қорларына сәйкес келетін рекреациялық-антроэкологиялық қорлар тобы, сондай-ақ «қорларға қарсы» топ та жатқызылады. Бұған кейбір жағдайларда физикалық және химиялық табиғи қабатпен байланысты (мысалы, табиғаттағы йодтың жетіспеуі жемсауға (зобқа), фтордың кемістігі – тістердің шіруіне (кариес) табиғи-ошақтық дерттер және трансмиссиялық аурулар (жұқпалы) қосылады, бұлар өз кезегінде рекреацияны дамытудағы лимиттелген факторлар ретінде көрінеді. Бұл сияқты шектеулі рекреациялық факторлардың болуы табиғи аумақтың адамға физикалық, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық жағымды әсер ету қабілеттілік көрсеткішін нашарлатады, яғни тұтастай алғанда аумақтың рекреациялық әлеуетін төмендетеді.

Рекреациялық қорларды, оның құрамын, құрылымын және рекреациялық жүйелердің аумақтардағы жұмысын, рекреациялық аумақтардың қасиетін зерделеуші ғылыми бағыт отандық географияда ХХ ғасырдың 60-жылдарының аяғында 70-жылдардың  басында қалыптасты және «рекреациялық география» деген атқа ие болды. Европа мен Американың көптеген елдерінде ішін-ара ұқсас рекреациондық география «туризм мен демалыс географиясы», «еркін уақыт географиясы», «бос уақыт географиясы» деген аттарымен белгілі.

Белгілі жағдайда рекреациялық жұмыс үрдісіне қатыса алатын аумақ  пен жүйенің объектілеріне ең алдымен табиғат пен мәдениеттің  ескерткіштері қосылады. 1981 жылдың 27.04-дегі «Мемлекеттік қорықтар, табиғат ескерткіштері, ботаникалық бақтар мен дендрологиялық парктер, зоологиялық аркілер және ұлттық табиғи парктер туралы типтік Ереже» бойынша табиғат  ескерткіштері «өзін кішігірім шатқалдай көрсетуші (өзендер, көлдер, аңғарлар мен жағалаулардағы учаскелер, көз тартарлықтай таулар) және жеке объектілер (сирек және тірек болатын геологиялық ашылулар, пайдалы кен орындарының өлшемдік учаскелері, сарқырамалар, үңгірлер, минералдық көздер, әдемі құздар, аспан әлемінен жерге түскен шұңқыр тас дене, жеке сирек немесе тарихи бағалы ағаштар және т.б.), ал сондай-ақ қолдан істелген табиғи объектілер (ескілікті аллеялар және парктер, қараусыз қалған канал учакелері, кен шығатын орындар, тоғандар және т.с.), тарихтың немесе, мәдениеттің ескерткіштері мен мойындалмаған немесе бірыңғай табиғи-тарихи ескерткіштер құрамына кірмеген ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулықты жақсарту жөніндегі бірегей немесе типтік, бағалы табиғат объектілері болып жарияланады. Сондай-ақ қорғауға аспан әлемінен жерге келіп түскен заттар да (метеориттер де) жатады». Ұлттық парктер қорықтар және басқа да ерекше қорғалатын табиғат ескерткіштері бола алады. Мәдениет ескерткіштеріне ерекше маңызы заңды немесе дәстүрлі түрде баянды етілген архитектуралық-құрылыс, археологиялық, діни және басқа да ұқсас объектілер жатқызылуы мүмкін. Ескерткіштер бірегейлігіне және бағалылығана байланысты әлемдік мұрадағы немесе ұлттық (мемлекеттік) ескерткіштер тобына да жатқызылуы мүмкін.

Сонымен бірге рекреациялық аумақтардың және ерекше қорғалатын объектілердің арасына теңдік белгісін қоя отырып, соңғысы жөніндегі  экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына  және тіпті әуелі табиғи және табиғи-антропогендік  кешендердің құлдилауына әкелетін рекреациялық пайдалану тәртібін қолданады. Жоғарыда аталған табиғат пен  мәдениет ескерткіштерінің тобы, сондай-ақ «заңды түрде қорғауда тұрған кезкелген  объект немесе табиғат құбылыстары» (ерекше) қорғалатын объектілер тобына жатады және олардың сақталуы мен  бағалылығы қамтамасыз етілген пайдалану  тәртібін талап ететінін есте ұстаған  жөн. Тиістісінше «бағалылығымен ерекшеленетін  кеңістік (акватория, аумақ), оның ішінде тұрғын объектілер және болып жатқан табиғи және антропогендік құбылыстар (бағалы экожүйелер, атқылайтын ыстық  сулар, бау-парк өнерінің немесе қоршаған кеңістікке жағымды ықпал етуші (орман алқабы, жасыл аймақ)» (ерекше) қорғалатын аумақ тобына жатқызылады.

Рекрациялық жұмысты жүзеге асыру үшін толықтай немесе жартылай пайдаланылатын аумақтардың келесі тобын апта бойындағы және демалыс  күндерінде қысқа уақыттық демалуға келіп-кететін табиғи және мәдени-тарихи парктер, орман парктері, теңіз парктері, жалпы мақсаттағы ормандар, сондай-ақ алаңдары әртүрлі көгалдандырылған учаскелер, елді мекендердің ішіндегі әртүрлі дәрежедегі рекреацияланған жайластырулар газон (көгал), саяжай (аллея), кең серуен жолы (бульвар), саябақ (сквер), бақ, парктер құрайды.    Рекреациялық аумақтардың ішінде табиғат және рекреациялық құндылықтары бар көпфункционалдық рекреациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуші (емдік, сауықтыру, спорттық) рекреациялық мекемелермен ұсынушы аумақтық рекреациялық жүйелер  де (АРЖ) бар. Бұл сияқты мекемелердің санына санаторийлер, курорттар, демалыс үйлері, қалалар – экскурсиялық орталықтар, туристік базалар, маршруттар жүйесі жасалған альпинистік және таушаңғысы лагерлері де жатқызылуы мүмкін. Белсенді демалу лагерінің шеңберінде рекеациялық қызметтің туризм сияқты түрі де ерекше дами түсті .

Қазіргі ғылыми әдебиеттер «туризм» түсінігіне бірнеше көзқарастар  жатқызылады. Солардың бірі бойынша  арнайы мақсатпен қабылданған туризм бос уақыттағы саяхат жасау ретінде  қарастырылады. Туризм шаруашылықтың  саласы ретінде тұрақты тұрған жерінен  тыс уақытша жүрген адамдарға  қызмет көрсетуші немесе нарықтың сигменті ретінде туристердің тауарлар мен  қызмет көрсетуге сұранысын қанағаттандырушы деп сипатталады.

Сонымен, 90-жылдардың басынан  бастап экологиялық туризм («экотуризм») шапшаң қарқынмен (жылына 5-тен 7%-не дейін) дами бастайды. Оның маңызды қасиеттері: табиғатқа көңіл-аударушылық, табиғат  қорларын барынша пайдалану; экологиялық  орнықтылық; экологиялық білім мен  ағартушылықты, табиғатпен тең құқықтық бәсекелестік қатынастарды қалыптастыруды нысанаға алу; жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаны сақтау туралы қамқорлық жасау, экономикалық тиімділік пен тұрақты  даму жүзеге асырылып жатқан аудандарды қамтамасыз ету.  Әдебиетте экотуризм  саласына жататын бірнеше терминдер  кездеседі: «жасыл туризм», «табиғаттық  туризм», «жұмсақ туризм», «экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті туризм», «биотуризм», «агротуризм»

Бірқатар орманды далалы жерлерде топырақтың эрозиясы байқалады. Шынымен адамның шаруашылық қызметінің әсері тимеген бірден бір ландшафт жоқ.

          1.2 Қорықтың құрудың негізгі принциптері және Қазақстан

          Республикасының қорықтарына қысқаша  сипаттама

Адам қызметі Қазақстанның табиғи ландшафтарының көрінісі қатты  өзгертті. Ерекше қатты өзгерістерге тірі табиғат ұшырады: өсімдіктердің сиреп кетуі, жануарлардың таралу аймағының қысқаруы, тіпті көптеген түрлерінің жойылып кетуі. Ормандар және бұталардың көлемі азайды. Бірқатар шөлейтті және таулы жерлерде табиғи жем шөпті пайдалы жерлердің өнімділігі азайды. Белсенді айналымға қолданылатын көп ғасырлық жер асты су қоймаларының күйзелісі байқалады, Қазақстанның өзен және көлдерінің өндірістік және тұрмыстық ағымдармен ластануы. Ланшафтар өндірістік қалдықтарымен ластануы, жер қыртысы бір тұтастығының бұзылу нәтижесіндегі шыққан шаңмен және т.б.

Бірқатар орманды далалы жерлерде топырақтың эрозиясы байқалады. Шынымен адамның шаруашылық қызметінің әснрі тимеген бірден бір ландшавт жоқ.

Бұндай ландшафтардың  қорғалуы қажет. Табиғи ландшафтардың  болашақтағы дамуын болжау өте маңызды, табиғи тепе –теңдіктің  сақталуы және оны бұзылғаннан кейін қайта  қалпына келтіру.

Осы мәселелерді зерттеу  аяқ баспаған табиғат эталоны  болып табылатын географиялық және биологиялық стационарларда, мемлекеттік  қорықтарда жүргізіледі.

Қорықтар – бұл табиғи ландшафтары бар немесе ғасыр  бойы шаруашылықтан қолданудан алшақтатылған  сирек кездесер және құнды жануарлардың мекендейтін орындары бар жер  тілімдері.

 

Қорықтардың басты мақсаты  – табиғи ландшафтылар эталонын, мұндағы  тіршілік ететін өсімдіктермен жануарлар  дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.

Қорғау мен ғылыми функцияларын орындаумен бірге, қорықтар табиғи-танымдық және экологиялық туризм орталықтары  болып табылады. Алайда, қорық шеңберіндегі барлық туристік желілер арнайы жабдықталған жол-соқпақтармен өтеді. Туристердің  түнеуіне қорық аумағында тыйым  салынады.

 

Біздің елде олар ғылыми зертемелік мекемелер болып табылады, олар табиғатта болып жатқан үдерістердің негізін зерттейді және сақталған  жабайы табиғат эталондағы табиғи өзара  байланыстарды анықтайды, табиғи ресурстардың кең молынан қолдану жолдарын табады.Бұндай ландшафтарды ғылыми зерттеу негізгі әдісі болып табылатын, ал қаоғалатын табиғат телімдерін қандайда бір адамның шаруашылық қызметінің әсері тиген сондай –ақ көршілес табиғатпен салыстыру. Қорықтардың жқмысында табиғатты қорғау жайлы насихат және популяция маңызды рөл атқарады. Қорықтарда барлдық табиғи үдерістер адам қызметінің араласпаусыз өткізіледі. Мұнда кез келген ресурс түрлерін қолдануға тиім салынады. Табиғаттың бір тұтастығын бұзатын қандайда бір биотехникалық іс-шаралардың өткізілуіне жол берілмейді. Қорықтар адам баласының қызметінің ықпалы тиетін табиғи табиғат процесін салыстыруға қажет. Қорықтарда эксперимент, ғылыми зерттеу жұмыстары фауна мен флораның өзгерту жағдайын зертеуге, пайдалы жануарлардың климатқа үйретуін орманды отырғызу мен шабуды, сол жерге лайықты өсімдіктерді отырғызуды көздейді.Қорықтардың іс тәжірбиедегі маңызды фазаның шынайы резерватор ретінде пайдаланады. Мұнда дала, шөл дала, таулы, орманды ландшафтар түзеледі, сонымен қатар сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік пен жануарлар, балықтардың суда мекендейтін суда жүзуші құстардың қыстайтын және ұя салатын құстар күзетіледі. Алайда қорықтардың саны Республиканың табиғат жағдайының керемет түрлілігін бейнелейді. Жұмыс жасап тұрған қорықтардың әрқайсысының әр түрлі ерекшеліктері бар.

Алматы қорығы – Іле  Алатауының орталық бөлігіндегі  табиғат байлығын қорғау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 ж құрылған мемлекеттік қорық. Ауданы 15000 гектар. 1935 жылы оның ауданы 40 000 гектарға ұлғайтылды, содан кейін 856680 гектар болғанда ол Алма-Ата деп аталды. Оның аумағына Кіші Алматы бассейнінен басқа Жалаңаш және Сөгетін аңғарлары да кірді. Бірақ, 1939 жылы оның территориясының әртүрлі ұйымдарға бөлініп, таратылуы басталды, ал 1951 жылы қорық мүлдем жойылды.

1961 жылдың 31 шілдесінде ғана  Қазақ ССР Министрлері советінің  №524 қаулысының шығарылуымен қорық  қайта құрылды, бірақ енді Шелек,  Табанқарағай және Таушелек орманды  саябақтарының территориясында.  Үш жылдан соң, 1964 жылы, қорықты  Талғар жіне Есік өзендері  бессейнінің қазіргі территориясына  көшірді. Қорықтың қазіргі ауданы  71700 гектар жерді алып жатыр. Орталық мекені Талғар қаласында, Алматы қаласынан 25км жерде орналасқан.

Іле Алатау жотасы – қорықтың орналасу орны болып табылады, ол Тянь-Шань таулы жүйесінің солтүстігінде  жатыр. Өзінің орталық бөлігінде  Ол Талғау таулы торабын құрайды. Сонда оның биіктігі максимумға жетеді (Талғар шыңы – теңіз деңгейінен 4979 метр биіктікте). Қорғауға алынған территориясында негізгі Іле Алатау тізбегінен басқа бірнеші мықты сілемдер де көзге ілінеді, олар өзендердің негізгі айрығы. Суы мол өзендері – Оңтүстік-Шығыс, Сол, Ортанғы және Оң жақ Талғар мен Есік және Оңтүстік Есік. Су энергиясы соншалықты күшті болғандықтан, өзен жағаларындағы қатты, тұтас шыңдар желініп, қирап, құмға айналып жатады.

Ең ірі Мұзкөл өзені  Есік өзенінің бастауында орналасқан (теңіз деңгейінен 3600км), оның ауданы 46300 м2құрайды, ал тереңдігі – 25,5 метр. Осы өзеннің бассейнінде опырмалы тектоникалық шығу тегі бар, Есік және Ақкөл екі көлдері бар. Есік әдемі көлі өзінің пайда болған қалпында 1963 жылға дейін пайда болған. Шілденің ыстық күндерінде болған селден кейін көркем табиғаты жер бетінен жойылды. Сол кезде сақталып қалған көлдің шығыс шығынағы қазіргі уақытта суға толып, ұлғайып келеді.

Қалқан тауларының арасында әйгілі «әуенді бархан» орналасқан, оның биіктігі 150 м, ал оның құзды бөктерімен қозғалыс кезінде дыбыс шығарады. Мұнда құландарды кездестіруге болады. Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар көптеген кесірткелер және т.б. қорықта таулы және шөлейтті мекндерде өмір сүретін организмдердің өзара қатынастарын анықтау бойынша үлкен жұмыс жасалып жатыр. Қызықтыра түсетін жағдай, Тянь шандағы Қодас және т.б жануарларды аклиматациялау сынақтары және құнды қылқан жапырақты ормандары қайта қалпына келтіру жұмыстары.

Қорықта өсімдіктің 1300-ден  аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар  мен бұталар. Алматы қорығы жануарлар  дүниесіне де бай. Онда сүтқоректілердің 40 (барыс, қоңр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін және т.б.), құстардың 200-дей түрі (самырсын құсы, шырша  торғай, үкі,кептер,қара және сары шымшық, құр, ұлар, қозықұмай, ссушыл торғай, арша ементұмсығы және т.б.) бар. Бауырымен  жорғалаушылардан: алай кесірткесі, қалқантұмсқты  жылан; қосмекенділерден: көлбақа мен  жасыл құрбақа кездеседі. Қорықта  ғылыми жұмыстар жолға қойылған. 

Қорық өсімдіктердің бағалы түрлерімен, әсіресе азықтықпен бай: вейник надземный, мятник, ежа сборная, пырей ползучий, клевер ползучий және т.б. Қорықта көптеген емдік шөптер (53 түрі) де бар: баярщмк, живокость, валериана, пижма және т.б., әр түрлі жәндіктерді  еліктіретін бал тасушылар да кездеседі(40 түрден астам). Сирек болып 50 түрі есептелінеді, оның 26 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Қорықта 20 түрге жуық улы  өсімдіктер бар, олардың әйгілісі жоңғарлық  аконит. Ол шыршалы орман, ірі шөпті  жайылым, өзен бойында кездеседі. Аконитті жас шағында марал, аю және т.б. жабайы жануарлар қорекетенеді.

Ясенец гүлдеген кезде  таудың көркі болып саналады, бірақ  адамға қауіпті, егер денеге тиігізілсе көпке созылатын күйік пайда  болады.

Жапырақты орманда жабайы алма, Шренктің жекелеген ағаш топтарын кездестіруге болады.  Ғалымдар орманның қалыптастыру заңдылықтарын, жануарлар  мен өсімдіктер экологиясын және олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Қорықта көп жылдан бері «Табиғат шежіресі» атты күнделік жүргізіліп, онда жинақталған ғылыми мәліметтер Алматы қорығы туралы 9 томдық кітапта баяндалады [8,9].

Қазақстан аймағында орналасқан 10 қорық, табиғат жағдайының әр түрлігін толықтай қамти алмайды. Сондықтан  тағы бірнешеуін ұйымдастырған дұрыс  болар еді. Бірінші кезекті оларды Орал өзенінің маңында, Торғай өзенінің төменгі  бөлігінде, Солтүстік Қазақстанның орманды далалы аумағында, ТМД аймағында  терең құйылым аумағында. Жоңғар Алатауында, Саур және Тарбағатай тауларында орталық Қазақстандағы Ермектау және Кент тауларының төменгі бөлігінде, Қаратау тауларында Қызылқұм құмды  жерлерінде және бірқатар Қазақстандағы  басқа ландшафтар аумағында ұйымдастыру.

 

 

 

II.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану және

инфрақұрылымы мен  қаржыландыруына сипаттама  

1.1Қорықтың инфрақұрылымын, материалдық - техникалық базасын

дамыту 

Осы бағытта:

– қорықтағы объектілерді жаңарту мен салу үшін отандық  және шет елдік инвестицияларды  тарту жолымен Қорықтың материалдық-техникалык, базасын дамыту;

– көлік қызметін көтеру, автомобиль және басқа да көлік түрлерін одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

– Қазақстан Республикасының  аумағына қорықтарды перспективалық орналастырудың және туристік инфрақұрылымды дамытудың схемаларын әзірлеу;

– Ерекше қорғалатын аймақтардағы жерді пайдалану және құрылыс  ты, яғни зертханалар мен турбазаларды салудағы нормалардың қолданылуын  бақылау;

– қорық кешенін әлемдік  стандарттарға сәйкестендіру, туристік кешендердің, этнографиялық мұражайлардың және демалыс аймақтарының желісін құру;

– ілеспе инфрақұрылымды: сумен, электрмен жабдықтау, қолданыстағы және әлеуметтік туристік аймақтарда телекоммуникацияны дамыту;

– шетел инвестициясын  тарту жолымен жұйе құраушы ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды дамыту:

Ерекше қорғалатын аймақтарға баратын туристер мен экскурсанттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бағдарлама қорық саласындағы қауіпсіздіктің деңгейін көтерудің мынадай басым бағыттарын айқындайды:

– туристің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі;

– өрт қауіпсіздігі;

– туристердің таудағы  орналасу қауіпсіздігі;

– көліктегі қауіпсіздік;

– жабайы аңдар мен жәндіктерден сақтану;

– Табиғи ортаны қорғау және сақтау;

– Қорғау және қауіпсіздік  мәселелері жөнінде хабардар ету;

– Жергілікті халықты қорғаудың  және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жергілікті жүйесін құру.

Ерекше қорғалатын аймақтардағы инфрақұрылымды дамыту. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар жасалынуда:

– Қазақстан Республикасының  ерекше қорғалатын аймақтардың, табиғи және мәдени – тарихи жерлерді неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында интерактивті геоақпараттық жүйенің негізінде туристік рыноктың жай-күйіне және болжамды дамытуға кешенді талдау жүргізу;

– көлік жолдары, инженерлік және инфрақұрылымдық объектілерді бірге ала отырып, барлық аймақтар бойынша ерекше қорғалатын аймақтарды  бөлудің моделін әзірлеу;

– Қорықмен сабақтас салалардың барлығына интерактивті геоақпараттық  жүйені енгізу қажет.

Бағдарламаны іске асыруға қажетті техникалық және экономикалық шарттар. Осы бағдарламаны іске асыруға арналған техникалык,- экономикалық негізгі шарттар мыналар болып табылады:

– саладағы бірыңғай ақпараттық кеңістік жүйесін дамыту;

– ірі халықаралық туризмге және табиғатты қорғауға байланысты  көрмелерге қатысу және жыл сайын қазақстандық халықаралық туризм мен экологияға байланысты көрме өткізу;

– көптеген халықаралық жобаларды әзірлеу және іске асыру:

Мүліктің құрылу тәртібі және Мекеме қызметін қаржыландыру:

I. Мекеме мүлкі оған  мемлекет тарабынан мүліктін  есебінен құралады, сонымен қатар  негізгі және айналым қаражаты, құны Мекеменің дербес теңгерімінде  көрсметілген өзге де мүліктен  тұрады.

II. Мекеменің мүлкі жедел  басқару құқығында оған беріледі және республикалық меншікке жатады.

III. Мекемені қаржыландыру  төмендегі есептік сипаттармен  суреттеледі:

1) Республикалық бюджет қаржысынан;

2) Мекеме рәзімдерін пайдалануға рұқсат етуден түскен қаржыдан;

3) Ғылыми, мәдени – ағартушылық, оқып – тану және туристік қызметін жүзеген асыру нәтижесі мен жекеше және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуден түсетін қаржылар;

4) Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өз еріктерімен жасаған қайырымдылық қаржылары;

5) Заңнамамен тиым жасалмайтын өзге де қаржыландыру деректемелерден.

IV. Мекемеде бухгалтерлік  есеп жүргізіледі және заңнамаға сәйкес есептер беріледі.

V. Мекеменің қаржылық  – шаруашылық қызметінің тексерісі  мен бақылауы заңнамада белгіленген  тәртіптер негізінде уәкілертті  органдармен немесе Қазақстан  Республикасы Ауыл шаруашылығы  министірлігінің Ішкі бақылау  бақылау қызметімен жүзеге асырылады

Қоршаған ортаның ресурстарын  қорғау және оларды қаржыландыру үшін мекемеге мелекеттен белгілі бір қаржы бөлінеді. Қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасын іске асыру үшін қажетті мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыру сомасы 2005 жылға дейін 3 92148,5 мың. теңгені құрады. Қоса беріліп отырған іс-шаралар жоспарының жобасына сәйкес, осы Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен болжанатын шығындардың сомасы: 2003 жылы - 32604 мың. теңгені; 2004 жылы - 32604 мың. теңгені, 2005 жылы - 32604 мың. теңгені құрай-ды. Жергілікті бюджеттен 2003 жылы - 125 989,7 мың. теңге, 2004 жылы - 84 98,5 мың. теңге, 2005 жылы - 83 448,3 мың. теңге қажет.

Бағдарламаны іске асыру  жөніндегі іс-шаралар тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде қаралатын қаражат есебінен және соның шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы жүзеге асырылады. Мысал ретінде Алматы қорығының қаржы есебіне тоқталып көрелік:

Кесте 1-2008 жылдық Алматы қорығының жылдық қаржылық жоспары, мың теңге

Шығын ерекшелігі-нің аталуы

Жылдық қаржы-лық жоспа-рының  бекітілуі

Есептік кезеңін-дегі қаржылық жоспардың бекітілуі

Жыл-дық келісім

Касса-лық шығын

Фактіге негіздел-ген шығын-дар 

 

                    

Міндет-

телген 

Төлем-дер

1

2

3

4

5

6

7

Негізгі жалақы

95305,0

47652,0

47652,0

47652,0

46793,7

46793,7

Қосымша ақшалай төлем

           

Компенсациялық төлем

11347,0

4699,0

6642,0

4699,0

4646,2

4646,2

Әлеуметтік салық

9435,0

4716,0

4716,0

4716,0

4509,7

4509,7

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар

2383,0

1188,0

1188,0

1188,0

770,4

770,4

Азық - түлік өнімін алу

1747,0

1747,0

30,0

1747,0

30,0

30,0

Басқа да тауарларды алуы

360,0

360,0

360,0

360,0

360,0

360,0

Байланыс қызметінің төлем  ақысы

925,0

925,0

462,0

925,0

371,1

371,1

Электр жарығының төлем  ақысы

849,0

849,0

420,0

849,0

420,0

420,0

Қосымша қызмет және жұмыс

21102,0

21102,0

7090,0

21102,0

6700,6

6700,6

Барлығы

143453

83238

68560

83238

64601,7

64601,7

Рекриациялық аудандар