Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 Заңы
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 05.06.2009 11:13:49
Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының
1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 Заңы
(2008.26.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау.
Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік өкімет органдарының өрт (5 - 8 баптар)
қауіпсіздігі саласындағы өкілеттігі
3-тарау. Қазақстан Республикасындағы (9 - 13 баптар)
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
4-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету (14 - 23 баптар)
5-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы (24 - 25 баптар)
құқықтар мен міндеттер
6-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңдарды (26 - 28 баптар)
бұзғаны үшін жауапкершілік
7-тарау. Қорытынды ережелер
(
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен өзгерістер енгізілді
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша:
«меншік нысанына қарамастан», «меншік нысандарына қарамастан,» ,«меншік нысандарына қарамастан», «Меншік нысанына қарамастан», «меншік нысанына қарамастан,», «Меншік нысандарына және қай ведомствоға байланыстылығына қарамастан» деген сөздер алып тасталсын;
«өртке қарсы қызмет органдарының», «өртке қарсы қызметтің органдарын», «Өртке қарсы қызмет органдарының», «өртке қарсы қызмет органдары», «Өртке қарсы қызмет органдары», «өртке қарсы қызмет органының», «өртке қарсы қызмет органы» және «өртке қарсы орган», «өртке қарсы қызмет органдарында», «өртке қарсы қызмет органдарындағы», «Өртке қарсы қызмет органына», «өртке қарсы қызмет органдарына», «өртке қарсы қызмет объектілері», «Өртке қарсы қызмет органдарындағы», «Өртке қарсы қызмет органдарын», «Өртке қарсы қызмет органдарында», «өртке қарсы қызмет органдарымен» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органына», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органға», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органына», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органының», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органы», «Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның», «өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органымен», «Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органмен» деген сөздер тиісінше «Уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», «уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Заң мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
ерікті өрт сөндіруші - өрттің алдын алу және (немесе) сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде (еңбек шартын жасаспай) тікелей қатысатын азамат;
қоныстану аумағы - елді мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсіптік объектілерді орналастыруға арналған бөлігі;
өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды адамдары өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау мақсатында жүзеге асыратын қызмет түрі;
өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану;
өртке қарсы ерікті құралымдар - азаматтардың елді мекендерде және ұйымдарда өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға қатысу нысаны;
өртке қарсы қызмет - белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы), облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы күштері мен құралдарының, соның ішінде өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жиынтығы;
өртке қарсы шаралар режимі - өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берілмеуін және өрттің сөндірілуін қамтамасыз ететін азаматтардың мінез-құлық ережелері, өндірістік және шаруашылық қызметін ұйымдастыру тәртібі, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды (аумақтарды), өндірістік және арнаулы жабдықтарды күтіп ұстау шарттары;
өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өpттeн қорғалу жай-күйі;
өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнаулы шарттар;
өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды, ережелер мен нұсқауларды орындамау немесе тиісінше орындамау;
өрт қауіпсіздігі шаралары - өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөніндегі іс-әрекет;
өрт сөндіру-техникалық өнімі - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және санаткерлік өнімі, соның ішінде өрт сөндіру техникасы мен жабдығы, өрт сөндіру құралдары, от сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базалары, сондай-ақ өрттің алдын алу мен сөндірудің өзге де құралдары;
өртті сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, мүлікті, меншікті құтқару мен басқа жерге көшіру, өрт кезінде зардап шеккендерге дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі жауынгерлік іс-әрекеттері;
өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының өрт
қауiпсiздiгi саласындағы заңдары
Қазақстан Республикасының өрт
қауiпсiздiгi саласындағы заңдары
Қазақстан Республикасының Конс
3-бап. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң
негiзгi принциптерi
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:
- Өрт қауiпсiздiгi саласында
адамдардың өмiрi мен
- ұйымдар мен азаматтардың қызметiндегi қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру;
- өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару
және басқа қажеттi жұмыстарды
жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық
көмек көрсету, азаматтарды жән
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Қазақстан Республикасындағы өрт
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi
Қазақстан Республикасындағы
өрт қауiпсiздiгi жүйесi - өрттi және одан
келетiн залалды болдырмауға
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, өртке қарсы қызметтiң, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің органдарын, өрттен қорғау-техникалық ғылыми-зерттеу мекемелерiн, өрттен қорғау-техникалық оқу орындарын, өрт сөндiру-техникалық өнiм өндiру кәсiпорындарын қамтиды.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді
2-тарау. Мемлекеттік органдардың өрт қауіпсіздігі
саласындағы құзыреті
16.07.99 ж. № 437-1 ҚР Заңымен; 05.05.00 ж. № 48-II ҚР Заңымен; 29.12.03 ж. № 511-I ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5-бап ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкiметi өрт қауiпсiздiгi саласында:
- мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
- өрт қауiпсiздiгi саласындағы
салалық бағдарламаларды
- мемлекеттiк органдар
- өрт қауiпсiздiгi саласында ақпарат беру, бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету тәртiбiн белгiлейдi;
өртті және оның салдарын мемлекеттік есепке алу тәртібін айқындайды;
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары штат санының лимитін белгілейді;
қоныстану аумақтарының және
өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын
мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды
объектiлердiң тiзбесiн
- Қазақстан Республикасы
аумағында өрттерден
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережені бекітеді.
өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекітеді.
өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру тәртібін белгілейді;
өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленбеген талаптарды келісу тәртібін белгілейді.
- міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс ұйымдар мен объектілерде өрт сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу тәртібін айқындайды;
- мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері үшін нысанды және арнаулы киім-кешектің үлгілері мен тиесілілік нормаларын белгілейді.
09.12.98 ж. № 307-1; 16.07.99 ж. № 437-1; 05.05.00 ж. № 48-II; 29.12.03 ж. № 511-I (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзедi, өрт қауіпсіздігі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2) өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтердi, стандарттар мен ережелердi бекiтедi және келiседi;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) өрт қауiпсiздiгi саласындағы
зерттеу қызметiн, бiлiмдi насихаттауды,
азаматтар мен мамандарды оқыты
5) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред .қара)
6) өз өкiлеттiктерi шегiнде өрттер
бойынша анықтауды жүзеге
6-1) өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарын арнайы даярлау бойынша бағдарламаны, оқу курстарын және біліктілік талаптарын бекітеді;
7) өртке қарсы қызметтердiң
8) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруi туралы ереженi әзiрлейдi;
9) өз құзыретi шегiнде мемлекетті
9-1) осы Заңның 10-6-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайда, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің қаражаттың орнын толтыруы тәртібін айқындайды;
10) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асыруды бақылайды;
11) объектілер құрылысына өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын келіседі.
12) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
13) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
14) өрт қауіпсіздігі ережелерін бекітеді;
15) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүргізеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7-бап. Орталық мемлекеттiк органдардың өрт қауiпсiздiгi
саласындағы өкiлеттiктерi
Орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде:
1) өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтердi, стандарттар мен ережелердi әзiрлеп, келiседi, мемлекеттiк есепке алуды жүргiзедi және оның деректерiн уәкілетті органға бередi;
2) салалық өрттен қорғау-
3) мемлекеттiк органдардағы өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етедi, өрттiң алдын алу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзедi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi
атқарушы органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы
өкiлеттiктерi
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiктерiне мыналар жатады:
1) тұрғын халықты және ұйымдарды өрт қaуiпсiздiгi саласындағы шаралар туралы хабардар ету;
2) өрт салдарынан зардап шеккен
азаматтар мен қызметкерлердiң
әлеуметтiк қорғалуын өз
3) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіру.
2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3-тарау. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мәртебесі мен құзыреті
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мәртебесі
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттің алдын алуды, өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды және өрт сөндіруді жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары уәкілетті органнан, уәкілетті органның ведомствосынан, оның аумақтық бөлімшелерінен және мемлекеттік мекемелерден, оның ішінде өрт-техникалық оқу орындарынан тұрады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының тулары болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-1 бап өзгертілді
9-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының құзыретi
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары :
1) өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды жүзеге асырады;
2) 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4) өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреттер шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асырады;
6) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыру дайындығы және бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдыру, олардың жұмысының орнықтылығын арттыру жөнінде шаралар әзірлейді, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға ұдайы дайын болуын қамтамасыз етеді;
7) 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8) елді мекендерде және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан объектілерде өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы күреске дайындығын бақылауды жүзеге асырады;
9) қоныстану аумақтарын және мемлекеттік меншіктегі ерекше маңызды объектілерді өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.
Ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұруды, субъектілер өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектіні, құрылыстарды, ғимараттарды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігінің талаптары орындалмағанда ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салуды уәкілетті органның және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) , облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өтініші бойынша сот жүргізеді.
Субъектінің жұмысын ішінара немесе толық тоқтату немесе оған тыйым салу туралы талап-арызды уәкілетті орган және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) , облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды
9-2-бап. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-3-баппен толықтырылды
9-3-бап. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-4-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 9-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-4 бап өзгертілді
9-4-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары өртке қарсы қызмет қызметкерлерiне бiлiм беру және олардың бiлiктiлiгiн арттыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мамандықтар бойынша жоғары бiлiмi бар мамандарды даярлау мақсатында құрылады.
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындарының басты мiндеттерi:
1) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң кәсiби өсуi мен біліктілігін арттыруға жағдай жасау;
2) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшiн мамандар даярлау;
3) мамандар даярлау бейiнiне сәйкес қызметтi жетiлдiрудiң өзектi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу, алынған зерттеу нәтижелерiн оқу процесiне және практикаға енгiзу болып табылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-5-баппен толықтырылды ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-5 бап өзгертілді
9-5-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт қауіпсіздігі саласында жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың сақтауын айқындау мақсатында жүргізілетін тексерулер түрінде орындалады.
Мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының басшысы;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторының орынбасарлары - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшысының орынбасарлары;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары;
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары - мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарының басшылары;
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторларының орынбасарлары - мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары;
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) , облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарының мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары жатады.
Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тексеру үшін негіздеме болып табылатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының құжаты тексеру тағайындау туралы акт болып табылады.
Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп өткізілетін, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы жоспарлаған тексеру;
жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактілер бойынша жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
қарсы - тексерілетін кәсіпкерлік субъектісінің шарттық міндеттемелері не өзге де құқықтық қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қайта тексеру не қосымша ақпарат алу мақсатында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы жоспардан тыс тәртіппен жүргізетін тексеру;
рейдтік - бірнеше кәсіпкерлік субъектісінің өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша олардың қызметін бір уақытта қамтитын тексеру.
Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар мынадай актілер:
1) тексеру жүргізу нәтижелері бойынша акт;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқама;
4) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығарады.
Ұлттық қауіпсіздік органдары, қорғаныс, қылмыстық-атқару жүйесі объектілерінде, шахталардың, кеніштердің, кен қазбаларының, ашық көмір разрездерінің жерасты құрылыстарында, орман және тоғай алқаптарының аумақтарында, сондай-ақ әуе, теміржол, теңіз және ішкі су көлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі өкілдіктерінің өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілуін бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-6-баппен толықтырылды ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-6 бап өзгертілді
9-6-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды жүзеге асыру тәртібi
1. Елді мекендердің, сондай-ақ, барлық ұйымдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелерді, техникалық регламенттерді және стандарттарды сақтауы бақылануға жатады.
2. 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Тексерулер жүргізу басталғанға дейін тексеру тағайындау туралы акт шығарылып, тексерулерді есепке алу карточкасы жасалады және ол шығарылған күні тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру орны бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органға тіркеу үшін табыс етіледі.

- Өрт-қорғаныс сигнализациясы
- Өрт сөндіру – құтқару дайындығының мақсаттары мен міндеттері
- өрттен қорғау шаралары білімін тексеру шаралары
- Өрттің химиялық құралдары
- Өсиет бойынша мұрагерлік
- Өсиет бойынша мұрагерлік
- өсімдік
- Өнім сапасын басқаруды ұйымдастыру
- Өңдеу әдісі мен құрал жабдық таңдау
- Өңірлік және халықаралық стандарттау жүйесі
- Өңтүстік өңірінде өсірілетін астық өнімдеріне пестицидтердің әсерін зерттеу
- Өрістің Кванттық Теориясы
- Өркениет
- Өркениет және мәдениет