Әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу

   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

   М.О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI

                                       

             ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КӨЛІК ФАКУЛЬТЕТІ

                             РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: Әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу

   

 

                                        Орындаған: Қырғызбаева Н.

Тобы:           СМ-15-8к2

Қабылдаған: Раматуллаева Л.

 

 

 

Шымкент 2015

 

                                          Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Төтенше жағдайлар
    1. Төтенше жағдайлардың үш негізгі жіктеу белгісі
    2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар             
    3. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар
    4. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңы

3.  Қорытынды

Бақылау сұрақтары

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Кіріспе

       Адамның жұмыстық қызметі экологиялық тепе-теңдікті бұзуға, аномальдік табиғи және техногендік жағдайларға, стихиялық және көптеген адам мен материялдық шығынға әкелуде.

       Адамзат күнделікті көптеген табиғи қауіп–қатермен кездесуде.Жер шарында жыл сайын жобамен 10 мың су тасқыны, 100 мыңнан аса жер сілкінісі, көптеген өрттер мен опырмалар, вулкан атқылауы және тропикалық циклондар болып тұрады. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша соңғы 20 жылда стихиялық апат пен катастрофаның арқасында 3 млн артық адамдар қаза болған. Сол себепті төтенше жағдайдың алдын алу, оның әсерін жою қазіргі уақыттың актуальді проблемалары болып табылады.Төтенше жағдай бола қалған жағдайда адамдарды құтқарудағы білікті қимыл жасау, оларға керек көмек көрсету және апат ошағында құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастыру адам мен материалдық шығынды азайтуға мүмкіншілік жасайды.

       Төтенше жағдайдың болуына негізінен ішкі және сыртқы әсерлер ықпал етеді. Ішкі әсерге технологияның күрделілігі арнайы мамандардың аздығы, жобалау кезіндегі кемшіліктер еңбек және технологиялық тәртіптің төмендігі жатса, сыртқы әсерге кенеттен элекрэнергиясының газдың, технологиялық өнімнің немесе шикізаттың токтауы, сондай-ақ соғыс пен терроризим жатады.

         Төтенше жағдай  дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

      Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:

       1) Пайда  болу саласы бойынша:

          - табиғи( геофизикалық қауіпті құбылыстар , геологиялық қауіпті құбылыстар , метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар , теңіздегі гидрологиядық қауіпті құбылыстар , гидрологиядық қауіпті құбылыстар , табиғи өрттер , адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы ,  ауылшаруышылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы , ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығу жатады.) 
          - техногенді(  өндірістік , транспорттық авариялар , өрттер , ҚӘУЗ тасталуымен авариялар , РЗ тасталуымен авариялар , БҚ тасталуымен авариялар , ғимараттардың кенеттен құлауы , электр-энергетиқалық жүйелердегі , коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар ,  тазартқыш құрылыстардағы авариялар , гидродинамикалық авариялар жатады.) 
          - жанжалды ( қарулы шабуыл , кейбір аймақтардағы толқулар , соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.) болып бөлінеді 
      2) Ведомстволық қатыстылығы бойынша ( құрылыста , өндірісте , халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық қызмети көрсету саласында , көліктік байланыста) 
       3) Аумақтық таралуы бойынша ( объектілік ,жергілікті,аймақтық ,кең ауқымды)

 

 

        Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.   

       Тибиғи сипаттағы төтенше жағдай адам тіршілігі басталғаннан бері қауіпін төндіруде. Табиғи катастрофалардың әсерінен жер шары бойынша әр 100000 адам өлуде. Табиғи катастрофалардың қысқа мерзімде үлкен аумақтағы елді мекенді құртып жіберуге дейін мүмкіншілігі бар. Ол өзінің күтпеген жерден болатындығымен қауіпті. Табиғи катастрофаның тағы да бір қауіптілігі – оның болғаннан кейінгі салдары. Табиғи катастрофа болғаннан кейін ол жерде эпидемиялық аурулар, аштық т.б. жағдайлар орын алуы мүмкін.

      Табиғи төтенше  жағдайдың орын алуына антропогендік  әсердің де ықпалын айта кеткен  жөн.

      Барлық табиғи  катастрофалардың бір бірімен  байланысы бар. Атап айтқанда, жердің  сілкінуі мен цунамидің, тропикалық  циклондар мен су тасқындарының. Жердің сілкінуінен өрттер, газдардың  атылуы платинаның жарылуы орын  алып, ол оқиғалар да өздерінің  күшті әсерлерін тигізіп жатады. Вулканның атқылау жайлауды ластап, жан-жануарлардың өлуіне, аштыққа  соқтырып жатса, екінші жағынан  атмосфералық ауаныда ластайды. Ал көшкіндер (паводок) жер асты  суларын ластап, құдықтарды уландырып, инфекциялық ауруларды ұшқындырады. Осыған орай табиғи стихиялық  құбылыстардың бір-бірімен байланысын  қарастырып көрейік.

     Табиғи катастрофадан  қорғану әрекеттерін жоспарлай  отырып, оның зардабын азайтуға  болады.

     Табиғи төтенше  жағдайдан қорғаудың негізі болып  апаттың себебі мен механизмін  ғылыми түрде зерттеп, білуге  болады. Табиғи апаттың орын алу процессін біле отырып оның қандай мөлшерде, қандай болатын екенін болжауғада болады. Ал уақытылы және дәл болжап, апаттан қорғаудың тиімді жолдарын қарастыруға, шығынды барынша азайтуға мүмкіншілік жасайды.

         Табиғи қауіп қатерден қорғау активті және пассивті болып бөлінеді. Активті қорғауға инженерлік техникалық құрылымдар салу, құбылыс механизмін инвентаризациялау, табиғи объектілердегі құрылымдар мен құрылыстарды реконструкция жасау. Пассивті қорғауға панаханаларды пайдалану. Көп жағдайда табиғи апаттан қорғану кезінде активті және пассивті әдістерді бірге пайдаланады.

 

   Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

 

        Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады.

       Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т.б. апаттар жатады

     Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері

     Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді.

     Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.

                      «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше

жағдайлар туралы» ҚР Заңы

   №19-1 1996ж. 5 шілде

(2006.10.01 берілген  өзгерістер мен толықтырулар)

5-бап. Ұйымдардың табиғи  және техногендік сипаттағы төтенше  жағдайлар саласындағы міндеттері

Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

- өз жұмысының орнықтылығын  арттыру және қызметкерлер мен  халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз  ету жөніндегі шараларды жоспарлап, өткізуге;

- төтенше жағдайлардың  пайда болу қаупі туралы немесе  пайда болуы туралы белгіленген  тәртіппен ақпарат беріп отыруға, қызметкерлер мен халықты бұл  жөнінде хабардар етуге;

- қызметкерлерге төтенше  жағдайлар кезінде әскерилендірілмеген  құрылымдар құрамында қорғану  және әрекет ету әдістерін  үйретуге, төтенше жағдайлар туралы  хабардар ететін жергілікті жүйе  құрып, оны үнемі әзірлікте ұстауға;

- қарауындағы өндірістік  және әлеуметтік мақсаттағы объектілерде, соларға іргелес аумақтарда бекітілген  жоспарларға сәйкес қорғану шараларын  құтқару, авариялық-қалпына келтіру  және төтенше жағдайларды жою  жөніндегі басқа да кезек күттірмейтін  жұмыстарды жүргізуге;

- заңдарда көзделген реттерде, төтенше жағдайлардың салдарынан  қызметкерлер мен басқа да  азаматтарға келтірілген залалдың  өтелуін қамтамасыз етуге, төтенше  жағдайлар жойылғаннан кейін  қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар  мен азаматтардың шаруашылық  қызметін қалпына келтіру шараларын  жүзеге асыруға міндетті.

ҚР Үкіметі белгіленген тізбе бойынша қызметінде төтенше жағдайлардың пайда болу қатері басым ұйымдар қаржы және материалдық ресурс резервтерін жасап, ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі күштер  құрылуын, дайындалуы мен әзірлікте ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті.

13-бап. Облыстардың  (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті  өкілді және атқарушы органдарының  табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше жағдайлар саласындағы  өкілеттілігі

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

- жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;

- төтенше жағдайлардың  пайда болуына әкеп соққан  аварияны, зілзала мен апатты  тергеуге қатысады;

- халықты және ұйымдарды  қажетті қауіпсіздік, ТЖ алдын  алу мен оларды жою жөніндегі  шаралар туралы хабардар етеді;

- ТЖ алдын алу мен  оларды жою жөніндегі шараларды жергілікті қорлардан қаржыландыруды жүзеге асырады;

- материалдық-техникалық, азық-түлік  медициналық және басқа ресурстардың  жергілікті қорларын құрады және  пайдаланады;

- ТЖ салдарынан зардап  шеккен халықтың және қызметкерлердің  әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың  денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған  ортаға және шаруашылық жүргізуші  объектілерге келтірілген зиянның өтелуін, медициналық қызмет көрсетуді, ТЖ аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылар мен жеңілдіктер алуды өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;

- ТЖ жойылғаннан кейін  қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар  мен азаматтардың шаруашылық  қызметін қалпына келтіру жөніндегі  шараларды жүзеге асырады.

15-бап. Ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау мен  табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше жағдайларды болжау

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен  ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік оргндардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.

18-бап. Табиғи және техногендік  сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану  шаралары

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ пайда болған кезде қатер қауіпін, шығындар мен залалды мүмкін болғанынша барынша азайту үшін мынадай қорғану шаралары жүзеге асырылуға тиіс:

- сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық беріктігін күшейту;

- гидротехникалық және инженерлік геологиялық қорғану шаралары;

- көлік қауіпсіздігін қамтамасыз  ету және көлікте ТЖ болғызбау  үшін коммуникациялар жүйелерін  жетілдіру;

- қауіпті өндірістік объектілердегі  қорғану шаралары;

- өрттерге (жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауыл шаруашылық өсімдіктері мен ормандардың кеселдермен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары;

- арнайы уәкілдік берілген  органдардың міндетті күші бар  нұсқамаларында көздеген басқа  да шаралар.

Ұйымдар мен азаматтардың төтенше жағдайлардың пайда болу қатеріне байланысты қызметі міндетті түрде сақтандырылуға тиіс

 

                                                Қорытынды

 

 

Әрбір апат ошақ қүруға алып келеді, бұлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ - бүл төтенше жағдай.

Төтенше жағдай - апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процестерінің жиілігі болып табылады. Бүл процестерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.

Табиғаттағы тосын жағдай - бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай.

Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсімдіктер мен хайуанаттардың уымен улану, табиғи-ошақтық ауруларға шалдығу, тау ауруы, күн өту жәнө дененің суынуы, улы хайуанаттар мен жәндіктердің шағуы, жұқпалы аурулар.

Экологиялық тосын жағдайларға белгілі жайттарда ерекше маңызға ие болатын тосын оқиғалар жатады (суық, ыстық, аштық, шөлдеу, шаршау, экоулану, тән ауруы). Олардың жағымсыз әсер ету деңгейі ерекшелігі соншалықты аурудың асқынуына, сіресіп қалушылыққа алып келеді.

Тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторлары: температура және ауаның ылғалдығы, күн радиациясы, жауын-шашын, атмосфераның барометрлік қысым деңгейі, жел, дауыл. Бүған сондай-ақ жер бедері, су көздері, флора мен фауна, жер магнит өрісінің ауытқуы жатады.

Қорғаныс қызметін қамтамасыз ететін табиғат аясындағы тосын жағдайларды адамның қалыпты тіршілігіне ықпал ететін факторлар: киім, авариялык, жабдық, дабыл мен байланысқа арналған қондырғы, тамақ пен су қоры, авариялық жүзу қүралдары, әр түрлі мақсатқа пайдаланылатын қолда бар заттар.

Материалдық жағдайға (жабдықтау, авариялық қүралдардың болуы) және климаттық - географиялық жағдайлардың ерекшелігіне байланысты нақты бір жағдайдың әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы, үшақтың шөлге амалсыз қонуы, орманды жерге қонғаннан гөрі едәуір күрделілеу болып келеді. Тосындылық деңгейі, әдеттегідей, тірі қалу мүмкіндігін белгілейтін өмір уақытының факторына ықпал етеді.

Қиын жағдайдағы іс-әрекеттерге әрдайым дайын болу керек. Алғырлық сенімділікті тудырады. Сенімділік кез-келген тосын жағдайдан алып шығады. Кез-келген адам өзі күтпеген үлкен іс-әрекеттерді жасайды. Тек не істеу керектігін ғана білу керек. Қайғылы жәйт әркімнің басына туады. Оны күту - еш шарасыз қаза болу деген сөз. Оған дайындалу - тірі қалу деген сөз! Тығырықтан шығуды үйрену керек. Тосын жағдайдан тірі қалудың мысалына Дефоның романындағы Робинзон Крузоны келтіруге болады. Кәсіби саяхатшылардың сансыз армиясына «жабайы» демалыс ауесқойларын жатқызуға болады. Белсенді демалыстың альпинизм, суға шомылу, тауға шығу, шаңғы тебу, жаяу жүру, спелеологиялық туризм, желкен спорты сияқты экзотикалық түрлері қарыштап дамыды.

Қабілетсіздіктен бақытсыздыққа дейін бір-ақ қадам екендігі белгілі. Адамдар жеуге болатын өсімдіктер мен қүстардың арасында аштан өледі. Тұрпайы тұрақ жасауға ойы жетпей, қатып қалады, судан екі қадам жерде шөл қыспағынан жан тәсілім етеді. Амалсыздан жалғыздықта қалған адам ең алдымен тек өзі ғана екенің, тамақ пен түрақ табу және адамдарға оралу керектігін үғуына тиіс. Алғашқыда медициналық көмек көрсетіледі, бұдан кейін байланыс жасауға әрекет жасалады, баспана ұйымдастырылады, су мен тамақ әкелінеді, адамдарға шығатын жолды бағдарлап, іздеу басталады.

 

                          Бақылау сұрақтары:

1. Төтенше жағдайлардың түрлері?

2. Апаттар көлемі мен түрлері?

3. Негізгі ұғымдар мен атаулар

4.Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы заң қашан қабылданды?

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

            Негізгі әдебиет:

  1. Конституция Республики Казахстан. Законодательство: правовой справочник.- Юрист, 2013, Электронный  ресурс.
  2. Республика Казахстан. Законы. О чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера. Ведомости Парламента РК. Закон РК:   принят парламентом  2013, Электронный  ресурс.
  3. Республики Казахстан «О пожарной безопасности». Законодательство: правовой справочник.- Закон  РК Юрист, 2013, Электронный  ресурс.
  4. Республика Казахстан. Законы. О гражданской обороне. Ведомости Парламента РК.- принят парламентом 2013, Электронный  ресурс.
  5. Жантасов Қ.Т., Сүлейменов А.Т., Назарбекова С.П., Маханов Б.Б., Кочеров Е.Н. Төтенше жағдайлардағы тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, ЖШС "Дәуір", 2011.

 

Қосымша әдебиет:

  1. Жантасов Қ.Т., Кочеров Е.Н., Наукенова А.С., Жантасов М.Қ. Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2012.
  2. Арпабеков С. «Өмір- тіршілік қауіпсіздігі». Алматы, 2004.

 

 


Әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу