Рузвельттин жана багыт саясаты
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе
Бірінші дүниежүзілік соғыс АҚШ-ты халықаралық қатынаста түбегейлі өзгеріске әкелді АҚШ соғысқа Антанта жағында 1917 жылы сәуір айында кірдi. 1918 жылы көктемде Америка әскерлері Еуропа құрлығына келiп, шілде-тамыз айларында соғыс майдандарына қатысты. Соғыс АҚШ-тың жерін қамтыған жоқ, экономикасы ешқандай зиян шекпеді. АҚШ-тың соғыста адам шығыны өте аз болды. Соғыс майданында 50 мың адам өліп, 230 мың адам жараланды.
Ф.Д.Рузвельттiң АҚШ
Соғыстан кейін АҚШ президенті Вудро Вильсон (1856-1924) болып қалды. Ішкі саясатта либерал-реформаторлық бағыт ұстап, Американың қаржы капиталының мүддесін қолдады. Сыртқы саясатта Латын Америкасы елдеріне қарсы экспансиялық саясат жүргізді. 1918 жылы қаңтарда атақты «14 пункт» бағдарламасын ұсынып, Париж конференциясына қатысты.
1920-1921 жылдарда АҚШ-та
экономикалық дағдарыс кең
1919 жылы елде 210 мың өнеркәсіп орындары болса, ол 1921 жылы 192 мыңға қысқарды. Жұмыссыздық 5-6 млн адамға жетті. Ереуілдік қозғалысқа қатысқан адамдар саны 4,5 млн.-ға жетті. 1921 жылы АҚШ-та екі коммунистік партия бірігіп, бір партияға айналды. АҚШ-та дағдарыс жылдарында демократиялық қозғалыс кең етек алды. Ереуілдік қозғалысқа Америка Еңбек конфедерациясы (АЕК) кәсіподақ ұйымы басшылық жасады. Экономикалық дағдарыс президенттік сайлау қарсаңында демократиялык және республикалық партия арасында саяси күресті күшейте түсті. Вильсонның демократиялық партия үкіметінің, халықтың алдында беделі түсе бастады.
1920 жылы қараша айының 2-і күні АҚШ-та президенттік сайлау өтті. Сайлауда республикалық партияны қолдап 16 млн дауыс берсе, демократиялық партияны қолдап 9 млн сайлаушылар дауыс берді. 8 жыл елді басқарған демократиялық партия жеңіліс тапты. АҚШ президенті болып республика партиясынан Уоррен Гардинг (1865-1923) сайланды. Вице-президенгі болып Калвин Кулидж болды. Республикалық партия үкіметі келгеннен кейін де елдегі экономикалық дағдарыс жалғасты. Ірі монополияға сенім артқанымен, Гардинг үкіметі қарсылыққа душар болды. 1923 жылы елді аралап жүрген кезде, аурудан Гардинг қайтыс болып, оның орнына вице-президент Кулидж тағайындалды.
1-тарау. Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты
1.1 Ф.Д. Рузвельт өкiмет басына келер кездегi АҚШ-тың саяси-экономикалық жағдайы
1924 жылы АҚШ-та президенттік
сайлау болып, республикалық
1924 жылы АҚІІІ-та капитализм
уақытша тұрақтану кезеңіне
1928 жылы АҚШ-та кезекті
президенттік сайлауда
Гувер үкіметінің сыртқы саясаты
20-жылдары басталған
1929 жылы шет елге шығарылған инвестиция мөлшері 16.5 млрд. доллардан 27 млрд. долларға өсті. Американ капиталы Латын Америкасы елдеріне көптеп шығарылды. Бұл АҚШ монополистеріне шексіз пайда әкелді. Экономикалық экспансия саясаты бұл елдерде әскери бақылауын күшейтті. АҚШ үкіметі Қиыр Шығыста Жапонияның ықпалын әлсіретіп, Вашингтон конференциясынан кейін Қытайда өз беделін көтеруге қол жеткізді. Бұл саясат Қытайда 1924-1925 жылдарда халық көтерілісінің басталуына әкеліп соқты. 20-жылдарда АҚШ-тың Еуропа елдерінде беделі нығая түсті. Оған 1924 жылғы Дауэс жоспарының Германияның экономикалық дамуын күшейтуі әсер етті. Германияға АҚШ-тың займы, несие, қаржы-ақша көмегі берілді. Еуропада Германия арқылы АҚШ-тың гегемондық саясаты басталды. 20-жылдарда АҚШ өзінiң антисоветтік саясатын жалғастыра берді.
1929 жылы АҚШ-та экономикалық дағдарыс басталады. Біріншi дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең бай ел АҚШ-та дағдарыстың басталуына не себеп болды? Бұл сұраққа жауап беру үшін дағдарыстың қалай басталғанына және АҚШ экономикасының даму ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Экономикалық дағдарыстың басталуына 1929 жылғы Нью-Йорк қаласындағы қор биржасындағы оқиға себеп болды. Бұл былай болған еді. 20-жылдарда Нью-Йорк қор биржасында дүниежүзінде сатылатын акция (қағаз ақшаның) мол қоры болды. Оның мөлшері 1927 жылы 27 млрд. доллар болса, 1929 жылы 87 млрд долларға жетті.
1929 жылы қазан айының 24-і күні қор биржасында 12.4 млн. акция сатылса, бес күннен кейін 16,4 млн. акция сатылды. Қағаз ақша құнсызданып, акция иелері 32 млрд. доллар жоғалтты. Сөйтіп, 1933 жылы Ныо-Йорк қор биржасында 19 млрд. доллар қалды. Бұл процесс АҚШ-тың экономикасының дағдарысқа ұшырауына әсер етгі. Сөйтіп, дүниежүзілік капитализм дағдарысы басталды.
Ол АҚШ-тың өнеркәсіп
Экономикалық дағдарыс еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын төмендетті. Әлеуметтік қайшылық өсті. 1929-1932 жылдарда жұмыссыздардың саны 17 млн. адамға жеттi. Жұмыссыздық 30-жылдардағы АҚШ-тың күнделікті өміріндегi қалыпты көрініске айналды. Жұмысшылардың жалақысы 60% -ға қысқарды.
АҚШ-тың ауыл шаруашылық саласы дағдарыс жылдарында зардап шекті. Ауыл шаруашылық өнімдері артық шығарылып, өтпей қалды. Ауыл шаруашылық тауарларының бағасы үш есе арзандап кетті. Бұл фермерлердің жағдайын күйзелтті. Дағдарыс жылдарында 900 мың фермерлік шаруашылық қысқартылды.
1929-1933 жылдарда АҚШ-тың банк жүйесі
айтарлықтай дағдарысқа жетті.
Осы жылдарда 5800 банк жабылды.
Миллиондаған американдықтар
АҚШ-тағы дағдарыс жылдарында кезекті Президент сайлауына дайындық басталды. Президенттік сайлау қарсаңында республикалық партия Гувердің ел алдындағы атқарып жатқан қызметін мақтаумен ғана шектелді. Елдегі экономикалық дағдарыс әрбір сайлаушының көз алдында өтіп жатты. Күн санап республикалық партияның беделі түсе берді. Демократиялық партияның сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысы халық арасында жандана түсті. Олар экономикалық дағдарыс жылдарындағы республикалық партияның саясатын күн санап әшкерелеп жатты. Демократиялық партияның сайлау бағдарламасы еңбекші халық алдында жаңа реформалық бағытты ұсынды. Демократиялық партия АҚШ президенттігіне Нью-Йорк штатының губернаторы Франклин Делано Рузвельттің кандидатурасын ұсынды.
Ф.Рузвельт сайлау алдында өзiнiң жаңа экономикалық реформасын ұсынды. Реформаның негізгі бағыты, миллиондаған кедейленген халықтың мүддесін қорғау деп түсіндірді. Реформаның жаңа ұраны тарихта «жаңа бағыт» деп аталды. Ф.Рузвельтгің жаңа бағытын американ қоғамы онша түсіне алған жоқ. Сондықтан бірден саяси қайраткерге айнала алмады. Бірақ та сайлау қарсаңындағы үгiт-насихат жұмысының барысында экономикалық дағдарыстан шығудың жолы мемлекеттiк тұрғыдан реттеу екенін түсіне бастады. Мемлекеттік реттеу -экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден-бір жолы екенiн сайлаушылар да түсініп, осыған орай Ф.Рузвельттiң саяси беделi өсе бастады. Сайлаушылар алдында сөйлеген сөзінде Ф.Рузвельт елдегі азаматтық құқықтың сақталуын, оған мемлекеттiк жауапкершілікті күшейтуі керектігін айтып отырды. 1932 жылы қыркүйек айының 23-і күні Сан-Франциско қаласында сөйлеген сөзінде «экономикалық жоспарлау» идеясын ұсынды. XX ғасырда американдықтар үшін тәуелсіздік Декларациясына өзгерістер еңгізудің қажеттілігін айтты. «Әрбiр адам өмiр сүруге құқықты, сондықтан үкімет әрбір адамға еңбек етуге, еңбегiнiң нәтижесін көре білуге көмектесуi керек, қоғам байлығы халық үшін қызмет жасауы, қажет», - деді. Америка мемлекетi халықтың әлеуметгік мақсаты үшін жұмыс атқаруы керек әрбір адамды қорғау үшін мемлекеттік әлеуметтік жүйе қалыптасуы қажет екенін айтып отырды. Жаңа бағыт саясатының негiзгi мәні - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реформа жүргiзу екенін сайлаушылар алдында сөйлеген сөздерінде әр уақытта ескертіп отырды. Республикалық партияның сайлау бағдарламасы халық алдында сенімсіздік тудырып, демократиялык партияның өкілі Ф.Рузвельттің беделі өстi. Ол либералдық реформа саясатын батыл жүргiзуді талап еттi.
1932 жылы қазан айында
АҚШ-та президенттік сайлау
Ф.Рузвельт жеңіске жетті. Демократиялық партия конгресінің екі палатасында да көпшiлік орын алды. 1932 жылы наурыз айының 4-і күні Ф.Рузвельт президенттік қызметке кiрісті.
1.2 Рузвельттің «Жаңа бағыт» саясатының маңызы
1933 жылы наурыз айының 9-ы күні Рузвельт үкіметі АҚШ парламентінің арнаулы сессиясын шақырып, «жаңа бағыт» саясатын жүзеге асыру үшiн жаңа заңдарды қабылдады. Жаңа бағыт саясатының біріншi кезеңі 1933-1934 жылдарда жүзеге асуы қажет болды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты АҚШ-тың қаржы-экономикалық дамуында корпоративтік құрылымын нығайту болды. Капитализмнің әлеуметтік негізіне өзгерістер жасау арқылы, либералдық реформалар жасауға кірісті. Жаңа бағыт саясатының алға күнінен бастап АҚШ-та қаржы-банк жүйесінде қайта құру шаралары жүргізілді. Мемлекет қаржы-банк жүйесін өз қолына алу үшін қаржы корпорация мекемесін құрды. Мемлекеттiк қаржы корпорациясы (МФК) арқылы банктер заем алу құқына ие бола алды. Ол үшін тек қана ірі банктердің мүмкіндіктерi болды. Мемлекет банктерге субсидиция беру үшін 5 млрд. доллар бөлді. Бірақ мемлекеттің көмегін кез келген банк алу құқына ие бола алмады. Банк жүйесін ірілендіру арқылы жүзеге асыра алды. Сөйтіп, АҚШ-та банк жүйесіндегі реформа арқылы 25 мың банктен, бар болғаны 15 мың банк қалып, мемлекеттен көмек ала бастады. 1934 жылы доллардың алтын баламасын 40% арзандатты. Банк жүйесінде мемлекеттің ықпалын күшейтiп қаржылық қорды нығайтты. Мемлекет толық қаржы-банк жүйесiн өз қолына алды. Коммерциялық банктердегі халық салымын биржаларда сатуға тыйым салды. Банктердің акцияларына мемлекет қатал бақылау жасады. Сөйтіп, қаржы-банк жүйесі толық мемлекеттің бақылауына көшті.
Әлеуметтік-экономикалық салада 1933 жылы маусым айының 16-ы күні жаңа заң қабылдады. Бұл ұлттық өнеркәсіптi қайта құру заңы (НИРА) деп аталды. Жаңа заң бойынша өнеркәсіпті қайта құру үшін мемлекет бақылау жасап, өндірілген өнiм мөлшері мен бағасын анықтап отыратын болды. Өнеркәсiп иелерi корпоративтік бизнес жасауға еркіндік алды1.
НИРА заңдарының негізгі бағыты
жұмысшы табының әлеуметтiк
Өнеркәсіпті қалпына келтіру НИРА заңы жұмыссыздықты азайту туралы да шаралар жүргізді. Бүл шараларды жүргізу үшін қоғамдық жұмысты әкімшілік реттеу (PWA) заңын қабылдады. Мемлекет бұл саладағы жұмыстар үшін 3,3 млрд доллар қаражат бөлді. Жаңа бағыт саясатының алғашқы айларында жұмыссыз жүрген 4 млн. адамға жұмыс тауып берді. Жұмыссыз жүрген жастарға арнаулы мекемелер құрып, оңтүстік америка штаттарында жер қазу, жерді суландыру үшін каналдар қазып, тас жолдар салатын ауыр қол күш еңбегі арқылы жұмыс тауып берді. Сөйтіп, дағдарыс жылдарындағы 12 млн. адам жұмыссыз болса, жұмыссыздықтың санын 25% азайтты. Буржуазиялық реформа барысында АҚШ-тың әлеуметтік-экономикалық саласында алға басушылық жүзеге асып, дағдарыстың бәсеңдегені байқалды. Өндірісті реттеу реформасынан кейін, Рузвельт әкімшілігі ауыл шаруашылық саласында жаңа бағыт саясатын жүргізуге кірісті. 1933 жылы мамыр айының 12 күні фермерлерге көмек заңын қабылдады. Бұл заң бойынша ауыл шаруашылық тауарларының бағасын өсірді. Фермерлер мемлекеттен ақша алу үшін егіс көлемін, мал басын азайту арқылы мемлекеттен арнаулы ақшалай сыйлық алу құқына ие бола алды. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіру бағдарламасын қабылдады.
1933 жылы жаз айында фермерлер
егіс көлемін және мал санын
азайтуға кірісті. Елде азық-
Фермерлердің мемлекетке қарызы кешіріліп, көмек ретінде 1,5 млрд доллар көмек көрсетілді. Ұсақ фермерлер мемлекетке қарыздарын өтей алмай, шаруашылықтарын сатып, қалаға кетуге мәжбүр болды. Сөйтіп, 1933-1934 жылдарда АҚШ-та 6001 мың фермер шаруашылығы қысқартылды. Бұл барлық фермерлердің 10%-ын қамтыды. Жаңа бағыт бағдарламасы алғашқы жылдары халықтың қолдауына ие болса, 1934 жылдан бастап бұл саясатқа қарсы оппозиция күшейе түсті. Жалпы капитализм дағдарысы халықтың жағдайын жақсартуға мүмкіндік бере алмады. Сондықтан еңбекші халықтың наразылығын күшейтті. 1933 жылы елде 1 млн. адам ереуілге қатысты. 1934 жылы ереуілге 1,5 млн. адам шықты.
Рузвельттің «жаңа бағыт» саясатының негізгі қорытындысы қалай аяқталды? Мемлекеттің өнеркәсіп саласында белсенді араласуы дағдарыстан шығуға мүмкіндік жасады. Өнеркәсіп өнімдері 1929 жылғы өндірілген деңгейдің 80%-ына жетті. 1933 жылы өнеркәсіп өнімдері 63% жеткен болатын. Жұмыссыздықты азайтқанымен, ол толық жойылған жоқ. 1935 жылы АҚШ-та 7 млн. адам жұмыссыздар қатарында болды. «Жаңа бағыт» саясаты қалай десек те АҚШ-тың экономикалық дағдарыстан шығуына көмектесті. XX ғасырдың 30-жылдарындағы АҚШ-тағы «жаңа бағыт» капитализмді сақтап қана қойған жоқ, мемлекеттік реттеу арқылы капитализмнің жаңа жолмен дамуына мүмкіндік жасады. Буржуазиялық реформа капитализмнің жаңаша дамуына жол ашты. Ал Еуропа елдері - Германия мен Италия корпоративтік жолмен дамуға көшті. Мемлекеттік реттеу идеясы жаңа бағыт саясатының негізгі бағыты болды.
2-тарау. “Жаңа бағыт“ саясаты
2.1 Ф.Д. Рузвельттiң «Жаңа бағыт» саясатының жүзеге асуы
«Жаңа бағыттың» реформалары тек республикандықтардың ғана емес, сонымен қатар демократтардың да қатты сынына түсті. Соған қарамай 1936 жылғы сайлауда Рузвельт 1932 жылға қарағанда сенімдірек жеңiске жетті.
1932-1938 жылдары АҚШ-тың саяси және
экономикалық өркендеуіне «
1938 жылы радиодан сөйлеген
Рузвельттің екінші мерзімдегі президенттігіне дейін-ақ оның ішкі саясатына жай американдықтар әлі сезбеген Жапония, Италия мен Германиядағы тоталитарлық режимдердің экспансионистік жоспарлары әкелген қауіп төнген болатын. 1931 ж. Жапония Маньчжурияны басып алып, Қытайды соққыға ұшыратып, бірінші болып соғысқа шықты. Келесі жылы ол басып алған жерлерде қуыршақ мемлекет Маньчжоу-Гоны құрды. Италия фашистік мемлекетке айналып, Ливиядағы өзінің өктемдігін күшейтіп, 1935—1936 жылдары Эфиопияны басып алды. Германияда Адольф Гитлер ұлтшыл-социалистер партиясын құрып, ел басқаруды басып алды да, Рейн облысына әскерлер енгізіп, оны кең көлемде қайта жарақтандыра бастады. «Германия, Италия мен Жапония жауыздықтарын одан әрі жалғастырып, тоталитаризмнің шын беті көрiне бастады, бұл американдықтардың наразылығын күшейтті. 1938 жылы Гитлер Германия рейхына Австрияны қосқаннан кейін Чехословакияның Судет облысына деген талаптары Еуропаны кез келген уақытта басталып кетуi мүмкін соғысқа алып келді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі демократия үшін жүргізілген сәтсіз крест жорығынан» түңілген Америка халқы өз заң шығарушыларының аузымен соғысып жатқан жақтардың ешқайсысы, қандай жағдайда болмасын, олардан көмек сұрап өтінуге құқықты емес деп жариялады. 1935—1937 жылдар аралығындағы бөлшектеніп қабылданған бейтараптық туралы заңдар американдықтарға қандай да болмасын соғысып жатқан елдермен сауда-саттық қатынаста болуға немесе оларға несие беруге тыйым салды. Ол құрама Штаттардың өз шекарасынан тыс жерлердегі соғыстарға тікелей немесе жанама қатысуын тойтарды1.
2.2 «Жаңа бағытты» сынау
Президент Рузвельт пен мемлекеттік хатшы Хэлл әуел бастан-ақ мұндай заңдарға қарсы болды. Американың әскери-теңіз флотын жасауға көп күшін жұмсаған Рузвельт Маньчжоу-Гоны мойындаудан бас тартты. Хэллмен қосылып Батыс жарты шардағы мемлекеттермен достық қатынастарды ұлғайтуда жетістіктерге жетті. 1935 ж. Хэлл баяғыда қол қойған сауда келісімдері ұзартылғанда, АҚШ алты латынамерикандық елдермен территорияларды басып алу принципін қолдамауға келiсiп, жаңа келісімдерге қол қойды.
1939 жылы нацистер Польшаға басып
кіргенде, сөйтiп екінші дүниежүзілік
соғыс басталғанда,
Франция құлатылып, 1940 жылы Англияға әуе шабуылдары басталғанда, Еуропаның демократиялық тәртіптеріне көмек беруді жақтаушылар мен «Ең бастысы Америка» деп аталатын комитеттің жанына топтанған изоляционистер арасында айтыстар басталды. Соңғысы Орталық Батыстың консерваторларынан бастап солшыл пацифистердің қолдауына дейін ие болды. Ақыр соңында «Одақтастарға көмектесе отырып, Американы қорғаймыз» атты комитеттің қолдауымен интервенционистер жеңді.
АҚШ Канадамен қосылып өзара Қорғаныс басқармасын құрды, сөйтіп латынамерикандық республикалармен Батыс жарты шарының демократиялық мемлекеттерiн ұжымдық өзін-өзі қорғау жүйесін кеңейту туралы келісті. Конгресс жаңадан басталған экономикалық күйзеліс шарттарында қайта қарулануға ақшалай мол қаржы беруге келісімін берді, ал 1940 жылдың қыркүйегінде АҚШ тарихында бірінші рет бейбіт уақытта әскерге шақыру туралы хабарланды. 1941 жылдың басында Конгресс президент Рузвельт жасап жатқан әрекеттер Құрама Штаттар қорғанысы үшін өте маңызды деп санауға болатын елдердің барлығын қарумен және басқа да керек-жарақтармен қамтамасыз ету құқын беретін ленд-лиз бағдарламасын қабылдады (ең бірінші орында Ұлыбританияға, КСРО-мен Қытайға көмек беру тұрды). Американың бүкіл соғыс бойы ленд-лиз бойынша берген барлық көмегі 50 миллиард доллардан асты.
І940 жылы президент сайлауы айғайшыл зор изоляционистердің ізіне ерушілер санының өте аз екенін көрсеттi. Рузвельттің бәсекелесі Уэнделл Уилки назар аударарлық бағдарлама ұсынған жоқ, өйткені оның өзі президенттің сыртқы саясатын қолдап, негізінен ішкі саясатын жақтады. Қараша сайлауы Рузвельтке қосымша дауыстар беріп, Америка тарихында бірінші рет орындаушы өкіметтің басшысы үшінші мерзімге қайта сайланды.
Қорытынды
1933-1939 жылдарда Ф.Рузвельт үкіметі сыртқы саясатта жаңа бағыт ұстады. Экспансиялық саясаттан толық бас тарта алмағанымен, 30-жылдардағы Европадағы фашистік үкіметтердің агрессиялық саясаты АҚШ үкіметінің сыртқы саясатына біршама өзгерістер жасауға мәжбүр етті. Бұрынғыға қарағанда өте сабырлы саясат жүргізуге тырысты. Ең алғашқы қадамдарының бірі - антисоветтік саясаттан бас тартуы болды. Сөйтіп, 1933 жылы 16 қарашада АҚШ үкіметі КСРО-ны мойындап, елшілік қатынас орнатты. Бұл сол жылдардағы сыртқы саясаттағы ірі жеңісі, Ф.Рузвельттің көрегендік ақыл-ойының нәтижесі еді.
30-жылдардағы АҚШ-тың Латын
Рузвельттің ішкі саясатта сіңірген еңбегі орасан мол болды. Ол ең бастысы елді «Ұлы депрессиядан» алып шықты. Оның президенттікке келісімен бастаған ісі банктері уақытша жапқызып, бүкіл федералдық банк жүйесін түбегейлі түрде қайта құруды бастағаны экономиканы сауықтырудағы негізгі шаралар болатын. Бұл істің артынша бүкіл елді жайлаған жұмыссыз адамдардан топтар құрып оларды ел экономикасына жұмыс істеуге жұмылдыруы, сөйтіп көптеген өмірден түңілген әлеуметтік топтарды еңбек етуге ынталандыруы оның атын тарихқа таңба басқандай етіп қалдырды. Сол кезден бастап нарықтық экономиканы мемлекеттік тұрғыдан реттеп отыру керек екендігі айқын болды.
Ф.Д.Рузвельтті американдықтар ерекше
құрметтеп өздерінің ұлы
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi:
- Дуглас С. Стивенсон. Америка: халық пен ел. – Алматы: “Ғылым”, 1995.
- Мәшiмбаев С.М. Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы (1918-1945 жж.).- Алматы, 2003.
- АҚШ. Қысқаша тарих. – Алматы: “Ғылым”, 1996.
- Бомье Ж. Гитлерден Труменге дейiн. - Алматы, 1952.
- Актуальные проблемы новейшей истории. - М.,1991.
- Сучков М.Е. Хрестоматия по новейшей истории. Ч. 2. - М., 1976.
- Хрестоматия по новейшей истории. Т. 3. - М., 1960.
- Конституция 16 стран мира. Алматы, 1995.
- Брант В. Воспоминания // Вопросы истории. 1991. Т 1.
- Коваль Б.И. Революционный опыт XX века. - М., 1987.
- Громыко А., Кокошин. Братья Кеннеди - М., 1989
- Фурсенко А.А. Президенты и политика США 70-е годы. - Л., 1989.
- Амрекулов Н.А. Культ личности и ее разоблачение. Алма-Ата, 1981. Хроника текущих событий. М., 1970.
- Очерки новой и новейшей истории. Т. 2. VI., 1960.
- Сивачев Н.В., Языков Е.Д. Новейшая история США. М., 1980.
- История рабочею движения в США (1939-1965). - М., 1971. Т. 2.
- Шреплер Х.А. Международные организации. - М., 1995.
- История новейшего времени стран Европы и Америки (1918-1945). - М., 1984.
- Языков В Ф. Историл стран Европы и Америки в новейшее время (1918-1945): Курс лекции. - М., 1998
- Кредер А.А. Новейшая история XX века. - М , 2000.
- Новейшая история отечества: В 2-х томах. Т. 1, 2 - М., 1999.
1 Мәшiнбаев С.М. Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы (1918-1945 жж.).- Алматы, 2003.–71.
1 История новейшего времени стран Европы и Америки (1918-1945). - М., 1984.- 59 с.
1 АҚШ. Қысқаша тарих. – Алматы: “Ғылым”, 1996. –151 б.

- Рузвельт Франклин Делано
- Рузвельт Франклин Делано (1882—1945), 32-й президент США (1933—1945 гг.)
- Рузский, Николай Владимирович
- Руины древнего города Мачу-Пикчу
- Руїна (2)
- Руїна в Україні причини зміст наслідки
- Руйнівні сили суспільного розвитку: поняття, загальна характеристика
- Рудольф Челлен – автор категории «Геополитика»,закона автаркии
- Рудольф Челлен и Фридрих Науманн "Средняя Европа"
- Рудольф Штайнер
- Рудольф Эрих Распе
- Руды месторождения «Шалкия»
- Руды цветных металлов
- Рузвельт, Теодор