Салық салу принциптері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А.БӨКЕТОВ
АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: « Салық салудың принциптері»
ТЕКСЕРГЕН: Орынбасарова Еркеназым Дулатовна
ДАЙЫНДАҒАН: Жұматаева Назгүл
Э-21 тобы
ҚАРАҒАНДЫ – 2011
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Салық және салық салуға қатысты түсініктер
- Салық салу дегеніміз не?
- Салық салуды ұйымдастыру
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Салықтың әлеуметтік-экономикалық мәніне тоқталатын болсақ, салықтар дегеніміз – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады,бұл бір жағынан оның экономикалық мәнін айқындай түседі.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгереді, игеріледі, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып,олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңартылуымен қабаттаса жүреді.
Енді, салық салуды ұйымдастыру дегеніміз не соған тоқталсақ. Салық салуды ұйымдастыру дегеніміз – салық қатынастары нысандарының элементерін, яғни салық түрлерінің нақты алауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылдарының тәсілдерін кіріктіретін салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды.
Салықтар
барлық елдерде олардың қоғамдық-
Осыған
орай, белгілі ағылшын экономисті
Адам Смит: «Салық төлеу – құлдықтың
белгісі емес, еркіндіктің негізі»
десе, әйгілі философ Фрэнсис Бэкон
: «Салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті
борышы» деген еді.
Негізгі бөлім
- Салық және салық салуға қатысты түсініктер
Салықтар – мемлекеттік бю
Барлық өркениетті елдерде салықтардың
бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша
жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен
бірге пайда болады және мемлекеттің өмір
сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет
құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан
да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен,
жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір
мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын
жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы
көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы
дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты
экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңы
Бұл Карлл
Маркске сол
кездегі капиталистік коғам салықтарының мәнін
былайша білдіруге негіздеме берді: «Салық
- бұл меншікпен, отбасымен, тәртіппен
және дінмен қатар бесінші кұдай»; одан
ары: «Салықтарда мемлекеттің экономикалық
тұрғыдан айтылған өмір сүруі жүзеге асады». Мемлекет құрылымының
өзгеруі, өркендеуі әркашан салық жүйесінің
қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса
жүреді.
Салықтар мемлекеттің қаржылық ресурстарын
қалыптастыруда заңи және жеке тұлғалардың
қатысу міндеттілігін білдіреді. Белгілі
философ Фрэнсис
Бэкон салықтарды
төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы
деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының
35-інші бабында: заңды түрде белгіленген
салықтарды, алымдарды және өзге міндетті
телемдерді телеу әркімнің борышы әрі
міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Қайта бөлудің тетігі бола отырып, салықтар
бөлу жүйесінде пайда болатын жаңылыстарды
«өшіруді» және экономикалық субъектілер кызметін
ынталандыруды немесе тежеуді талап етеді.
Мемлекет қаншама ғасыр өмір сүрсе, салықтар
соншама ғасыр өмір сүреді және мемлекет соншама оңтайлы салық
салудың кағидаттары мен әдістерін, яғни
салық төлеушілер салық төлеу үшін, ал
казына көптен-көп кіріс алу үшін салық
жинауды қалай ұйымдастыру керектігін
іздестірді.
Мемлекеттік салық салу саясаты- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай : қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б-лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор. Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық. Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.
Салық салу элементтері
Салық салу элементтері мыналар: субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
- Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
- Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
- Салық көзі – салық салынатын табыс.
- Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
- Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.
- Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.
- Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды. Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады. Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады. Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.
- Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.
- Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.
- Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.
- Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
- Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:
- салық
заңдарының орындалуын
- уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
- мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
- белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
- атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге;
- салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;
- Салық салу дегеніміз не?
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы 24-інде қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды. Қазақстан Республикасы Президентінің бұл жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы 440-1 заңына сәйкес мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Салық салу не екеніне жоғарыда тоқталған болатынбыз. Ал, салық салу объектісіне келетін болсақ, олар екіге бөлінеді: тура және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тура салықтар - салық төлеушінің кіріс мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілерінің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй,жер,кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с) салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылағы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы ен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар – бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлешінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі,экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық салудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу,патенттік негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асады.
Мағлұмдама жағдайында салық төлеушілер табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлерін бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер салық органдарына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-наурызына дейін береді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді).
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріск алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады.
3.Салық салуды ұйымдастыру
Салық салуды ұйымдастыру дегеніміз – салық қатынастары нысандарының элементерін, яғни салық түрлерінің нақты алауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылдарының тәсілдерін кіріктіретін салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылады.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібі белгілейді.
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі, салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі, салық мөлшерлемесі,үлес, салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.
Салықтарда ежелден
салық жүктемесін (салық
ауыртпалығын) бөлудің
екі қағидасы калыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер) кағидасы;
2) «қайыр көрсету» (төлем қабілеттілігі)
кағидасы.
Бірінші жағдайда салық субъектілері
салықтарды мемлекеттен алатын пайдаларға
үйлесімді түрде төлеуі тиіс, яғни кімде-кім
едәуір пайда алған болса, осы пайданы
жасауды қаржыландыруға қажетті салықтар
төлеуі тиіс деп топшыланады. Мысалы, кім
жақсы жолдарды пайдаланғысы келсе, ол
бұл жолдарды колдап, ұстауға жұмсалынған
шығындарды төлеуі тиіс.
Сонымен бірге бұл тұжырымдаманы жалпылама
колдану белгілі бір киыншылықтармен
байланысты: мемлекеттің ұлттық қорғанысқа,
ақысыз денсаулыққа, білім беру
Екінші қағидатқа сәйкес «кайыр көрсету»
субъектілер үшін колайлы болатындай
етіп оларға салық салынуы тиіс, яғни салық
ауыртпалығы нақты табыс пен әл-ауқатка
байланысты болуы тиіс. Бұл қағидат мынаны
білдіреді: жоғары табыстары бар жекелеген
адамдар, кәсіпкерлер және кәсіпорындар
табыстары аздарға қарағанда абсолюттік,
сондай-ақ салыстырмалы тұлғалауда неғұрлым
жоғары салықтар төлейді. Сөйтіп, салықтарға
ұшырататын табыстар алу кезіндегі нұқсанды
теңгеру үшін алынатын табыстардың мөлшеріне
сәйкес салықтардың беліну мүмкіндігі
қарастырылады, яғни бұл тұжырымдамаға
сәйкес заңи және жеке тұлғалар алынған
табыстың тура мөлшеріне қарай салықтар
төлеулері тиіс. Сән-салтанат заттарына
жұмсалатын кажетті шығыстардан төленетін салық пен
ең қажетті заттарға жұмсалатын болжамды
шығыстардан ұсталатын салықтың арасында айырма болатындықтан,
әрине, бұл тұжырымдама үлкен ұтымдылығымен
және әділдігімен ерекшеленеді.
Алайда бұл тұжырымдаманы да енгізгенде
іс жүзінде ең алдымен тұлғаның салықтарды
төлеу мүмкіндігін өлшеуге катаң ғылыми тәсілдеменің
жоқтығына байланысты белгілі бір проблемалар пайда болады. Тек орташа тұтынушы ғана
әркашан ұтымды іс-әрекет ететіндігі анық,
яғни бірінші кезекте өзінің табыстарын
ең қажетті тауарлар мен кызметтерге,
тек сонан кейін онша маңызды емес игіліктерге
жұмсайды.
Сонымен бірге табыс салығының жоғары мөлшерлемесі
кезінде (50%- дан жоғары) жалпы фирмалар
мен халықтың іскерлік белсенділігі
шұғыл төмендейтіндігі белгілі. Мұны профессор
А. Лаффер бас болып америкалық экономистер т
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың
кағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелері
Шотланд экономисі және философ
1) салық салу төлеушінің әркайсысының табысына сәйкес
алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі
алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық
кағидаты);
3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым
қолайлы уақытта және әдіспен алынуы .тиіс
(қолайлылық кағидаты);
4) салықты алудың шығындары өте аз
болуы тиіс (үнем кағидаты).
Бұдан басқа, салықты төлеудің тәсілі салық телеушінің
ұғуы үшін түсінікті болуы тиіс, ал салық
объектінің қос салық салудан корғанышы
болуы тиіс. Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы
зорлық-зомбылықты жоқ егті, бұл үдеріске
регламенттеуді енгізді және А.Смитке
«...салықтар оларды төлейтіндерге құлшылықтың
нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп
қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың
кейінгі даму барысында кағидаттардын
тұжырымдамалары нақтыланды, толықтырылды.
Салық салудың қазіргі
кағидаттары мыналарға
саяды. 1. Салық салудағы әділдік қағидаты
екі аспектіде карастырылады: а) «деңгейлес
теңдікке» жету салық төлеушілердің табыстарына
тең жағдайда біркелкі салық салуды талап етеді.
э) «сатылас теңдікті» сақтау жеке тұлғалар
2. Қарапайымдылық қағидаты. Салықтық механизм салық төлеуш
3. Салықтардың анықтылығы - алдын ала
белгіленген шарттар мен талаптардың
мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында
және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер
үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
4. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер
кұндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу
субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі
қояды. Белгілі бір өнімдерді, кызметтерді,
тіршілікті немесе әлеуметтік топтарды
салықтан беталды босатудан қашкақтау
қажет. Әлеуметтік саясатты, де
5. Салық салудың экономикалық қолайлылығы.
Салықтар экономиканын жұмыс істеуін
жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы
тиіс. Жұмысты көп істейтіндерге прогрессивті сал
6. Экономикалық қатынастар бойынша
осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың
негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің
салыстырмалығы. Қазақстанның салық заңнамасында
сонымен бірге салық және бюджетке төленетін
басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі,
салық салудың айқындығы, салық жүйесінің
біртұтастығы және салық заңнамасының
жариялығы қағидаттарына негізделеді.
Салық салу міндеттілігі салық төлеуші
салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемені, салық агенті салықтарды есептеу,
ұстау және аудару бойынша міндетті толық
көлемінде және белгіленген мерзімдерде
орындау міндеттіліпн айқындайды. Еліміздегі
салық салу жатыға бірдей және міндетті
болып табылады. Жеке сипаттағы салық
жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Салық
және бюджетке төленетін басқа міндетті
төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың
ақындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемесі
туындауының, орындалуының және тоқтатылуының
барлық негіздері мен тәртібін, салық
агентінің салықтарды есептеу, ұстау және
аудару бойынша міндетін салық заңнамасында белгілеуді
білдіреді.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында
барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне)
қатысты бірыңғай болып табылады. Салық
салу мәселелерін реттейтін нормативтік
құқықтық ақтілер ресми басылымдарда
міндетті түрде жариялануға жатады. Мемлекетке
түсетін салықтық түсімдердің сипатты
ерекшелігі олардың сан алуан коғамдық
қажеттерге кейін иесіз пайдаланыуы болып
табылады. Осысымен салықтардың мемлекет,
сондай-ақ басқа жергілікті орғандар белгілейтін
түрлі міндетті мақсатты жарналардан,
төлем аударымдарынан айырмашылығы болады;
бұған әлеуметтік сақтандыруға аударылатын
қатаң мақсатты аударымдар, арнаулы корларға
төленетін жарналар мен аударымдар, соның
ішінде өнімнің, жұмыстардың және кызметтердің
өзіндік кұнынан, пайдадан (табыстан),
еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден
есептелетін бюджеттен тыс қорлар жатады.
Салықтардың
мәні олардың функцияларында көрінед
Фискалдық функция - барлық мемлекеттерге
тән тарихи және негізгі функция.
Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады,
мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттер
Салықтардың реттеушілік функциясы мемлекет
Қайта бөлгіштік функция арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі
мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның
іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде
салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады;
ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу
дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1998 жылғы
- 16,6%- дан 2ОО8 жылы 22,0%-ға дейін болды (ал
Ұлттық корды есепке алғанда - 26,4%).
Жалпы қаржыларға сияқты салықтарға да
бақылау функциясы тән, ол қаржылық көрсеткіштерді
сандық бейнелеу аркылы бюджетке салық
төлеушінің салықтық төлемдерді төлеудің
дұрыстығы мен уақыттылығын тексеруді
қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Салықтардың
аталған функциялары олардың әлеуметтік-экономикалық
мәні мен мазмұнын толық аша түседі. Мемлекет
салықтық саясатты - салық саласындағы
шаралар жүйесін қоғамның онын нақтылы
кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық
және басқа мақсаттар мен міндеттеріне
қарай әзірленген экономикалық саясатка
сәйкес жүргізеді. 2007 жылдан бастап салықтық
саясат экономиканың жекелеген секторларының
әлуетін іске асыруға және жекеше кәсіпкерліктің
еркін дамуына кедергі келтіретін әкімшілік
рәсімдеуді оңайлатуға бағытталған. Сонымен
бірге қосылған кұн салығының мөлшерлемесі
14%-ға, 2008 жылы 13%-ға, 2009 жылы 12%-ға дейін
төмендетілді; ең аз жалақыны шегерімге
жатқыза отырып барлық жеке тұлғалар үшін
10% денгейінде жеке табыс салығының тіркелген
мөлшерлемесі енгізілді; шағын бизнес субъектілері
үшін патент негізінде 2%-ға дейін
арнаулы салық режімінде салық
Қорытынды
Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түрлері бойынша тым сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының салық кодексіне сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық службасы органдары уәкілетті мемлекеттік органдар мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады.
Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
Қорытындылай келе біз мынадай тұжырымға келеміз: «салық» және «салық салу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағадайда – бұл экономикалық және қаржы категориясы, екінші жағдайда – экономикалық құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу процесі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
2. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
3. Қаржы оқулығы.
(Жоғары оқу орындарына

- Салық саясаты
- Салық саясаты
- Салық саясаты
- Салық саясаты механизмі
- Салықтар
- Салықтардың әлеуметтік экономикалық мәні. Салық нысандары
- Салықтардың әлеуметтік экономикалық мәні. Салық нысандары
- Салық мәні,мазмұны және элементтері
- Салық механизмі
- Салық оның түрлері және түсініг
- Салық, оның түрлері және түсінігі
- Салық салудың мән-жайы,ұғымның заңды және әлеуметтік мағынасы
- Салық салудың экономикаға және әлеуметтік салаға әсері
- Салық салу механизмі және қағидалары