Салықтардың экономикалық мазмұны

Тапсырма

  1. Салықтардың экономикалық мазмұны
  2. ҚР-ның салық кодексі, оның құрылымы және мазмұны
  3. Салық туралы заңның негізгі ережелері.
  4. Салық салу принциптері.
  5. Салық есебін ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі.

 

  1. Салықтардың экономикалық мазмұны 

Салық – мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін төлемдер.

Салықтар – қайтарымсыз, баламасыз және тұрақты сипаттағы құқықтық формадағы мемлекет арқылы белгіленген міндетті төлемдер.

Салықты басқа да төлемдерден  ажырата білуіміз керек. Себебі салық  белгілі бір обьектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі – бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.

Салық материалдық тұрғыдан алғанда, бұл белгілі бір уақытта, белгіленген тәртіппен белгілі мөлшерде салық төлеушінің мемлекетке төлейтін ақшалай сомасы, ал экономикалық мағынада – белгілі уақытта белгіленген тәртіппен белгілі бір мөлшердегі құнының мемлекет пен төлеуші арасындағы бір жақты қозғалысын байланыстарын ақша қатынастары, заңдық не құқықтық мағынада – бұл тұлғаның мемлекетке белгілі бір мөлшердегі ақшалай беретін міндеттемені тудыратын мемлекеттік қарар.

Салықтардың экономикалық мәні салықтарды мемлекеттің өзінің функциялары  мен міндеттерін жүзеге асыру  үшін жұмылдырылатын шаруашылық жүргізуші  субъектіден, азаматтардан ұлттық табыстың белгілі бір үлесін алу жөніндегі  өндірістік қатынастардың бөлігі болып  табылатындығында және мемлекеттің  заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым–қатынастарымен сипатталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралады. Салықтардан мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік–экономикалық мәні, олардың түрлері мен ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Салықты бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерден ерекшелендіретін айрықша белгілері бар, атап айтсақ:

  1. Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;
  2. Салық – ақшалай нысанда төленеді;
  3. Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады;
  4. Салық – баламасыз сипатта болады;
  5. Салық – салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады;
  6. Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;

         Ал, енді осы белгілердің мазмұнын  тереңірек қарастырайық.

1.Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.

Мемлекеттік апппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет заңды және жеке тұлғаларға салық салу арқылы қажетті  соманы өндіріп алып отырады. Мұның  экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу  арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық  өнімнің бір бөлігін өзіне  тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.

2. Салық – ақшалай нысанда төленеді.

Натуралдық нысанда төленуі  де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы  саласында жиналған өнімнің бір  бөлігі салық ретінде төленеді.

Салық кодексінде салық ақшалай  нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.

3. Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады.

Салықты төлеген кезде  ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.

Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:

  • Біріншіден, ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай қозғалады;
  • Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады.

Ал, қайтарымсыздық дегеніміз  – ақшаны мерзімсіз алудыбілдіреді, яғни ол соманы қашан қайтатыны белгісіз.

4. Салық – баламасыз сипатта болады.

Салық  құнның ақшалай  нысанда бірбағытта қозғалысын айқындайды, төлеген салыққа қарсы тауар  түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ  айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем  болып есептелмейді, яғни ақшаның  өтеусіз алынуын көрсетеді.

Сондықтан салық  – баламасыз төлем болып табылады.

5. Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.

Салықты төлеген кезде  меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе материалдық құндылықтарда  жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді. Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді  иеліктен шығарады, ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.

6.Салық – тұрақты экономикалық қатынас тудырады.

Салықты белгілеуде тұрақты  салық қатынастары пайда болады. тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық  міндеттемелерін орындаушы болып  табылады.

Салық қатыастарының тұрақтылығы  салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық  төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік  салығын жеке азаматтар жылына бір  рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады (мәселен, ойламаған жерден жасаған  жұмысына жалақы алады).

Азаматтардың мүлік салығын  төлеген кезде, оның салық қатынастары  қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің  ағымдағы кезеңдегі төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. бұл  процесс салық төлеушілердің  меншік иесі ретінде құқынан айрылғанға дейін жалғасын таба береді.

Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:

    • салықты – мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейлі;
    • салық – құқықтық нысанда жүзеге асады;
    • салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
    • салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;
    • салық – мәжбүрлеме сипатта болады;
    • салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады;

 

Мемлекет салықтарды экономиканы  дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

Салықтардың мәнін толық  түсіну үшін олардың экономикалық маңызын  түсіну қажет. Ал салықтардың маңызы олардың атқаратын қызметіне  тікелей қатысты.

Салықтардың мынадай негізгі қызметтері (функциялары) бар:

    • реттеушілік;
    • фискалдық;
    • қайта бөлу.

Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі қызмет. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін толтыра отырып, экономикада әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Салықтардың реттеушілік функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың ставкаларының, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.

Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы – 19,7%, 1998 жылы – 16,6%, 1999 жылы – 17,4%, 2000 жылы – 22,6%, 2001 жылы – 22,2% болды.

Бұл негізгі функциялармен  қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын да атауға болады.

  1. ҚР-ның салық кодексі, оның құрылымы және мазмұны

Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экоеомиканы дербес түрде  басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше  заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама  өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші  мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын  сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады.

     Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

    Салық саясатының басты мақсаты-салық жүйесін құрү және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

        Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:

  • мемлекеттің саалық жүйесінің қалыптасуы;
  • салық салу саламсында мемлекет органдарының міндетін анықтау;
  • арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;
  • салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

   Салық жүйесі де  өз алдына сала болып қалыптасуы  үшін, біршама қиындықтарды бастан  кешіре отырып, көптеген өзгерістер  мен толықтырулар жасалынып, қазіргі  кезде тұрақты жүйеге түсті.  Қазақстан Республикасынығ салық  жүйесі реформалаудың үш кезеңінен  өтті.

Бірінші кезең.

    1991 жылғы 9 шілдедегі  Қзақ КСР Президентінің «ҚазКСР  мемлекетік салық қызметін құру  туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің  басты мемлекеттік салық инспекциясы  құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық  түрін қарастыратын  салық жөніндегі заң актілер  пакеті қабылданды.

  1991 жылғы қабылданған  Қазақстан Республикасының «Қазақстан  Республикасындағы салық жүйесі  туралы» Заңына сәйкес сол  кездегі және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдердің  түрлеріне тоқталып өтейік.

            /.Жалпы мемлекеттік салықтардың  түрлері:

    1. Қосылған құнға  салынатын салық.

    2.Пайдаға салынатын  салық.

    3.Акциздер.

    4.Бағалы қағаздармен  жасалатын операциялардан алынатын  салық.

    5.Экспорт пен  импортқа салынатын салық.

    6.Кеден тарифі  және баж салығы.

    7.Пайдалы қазбаларды  геологиялық барлау және геологиялық  іздестіру жұмыстарына  байланысты  шығындарды өтеуге жұмсалатын  алым.

    8.Тіркелген (ренталық) төлемдер.

    9.Транспорт құралдарына  салынатын салық.

    10.Автотранспорт  құралдарын сатып алуға салынатын  салық.

    11.Автотранспорт  құралдарының Қазақстан Республикасына  келіп кіргені үшін төленетін  ақы.

     12.Заңды ұйымдардың  мүлкіне салынатын салық.

     13.Қазақстан   Республикасы азаматтарынан, шетел  азаматтарынан және азаматтығы  жоқ адамдардан алынатын табыс  салығы.

     14.Мемлекеттік  баж салығы.

     15.Табиғат ресурстарына  салынатын салық.

     16.Колхозшылардың  еңбегіне ақы төлеу қорына  салынатын салық.

            //. Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:

      1.Жер салығы.

      2.Жеке адамдардың  мүлкіне салынатын салық.

      3.Орман  табысы.

     4.Су үшін  төленетін ақы.

     5.Табысқа салынатын  салық.

     6.Кәсіпкерлік  қызметті тіркеу үшін алынатын  алым.

     7.Кәсіпкерлік  қызметтің субьектілері ретінде  тіркелмеген азаматтардан алынатын  алым.

     8.Заңды ұйымдарды  мемлекеттік тіркеуден өткізгені  үшін алынатын алым.

     9.Елтаңбалық  алым.

     10.Мұрагерлік  және сыйға тарту тәртібімен  ауысқан мүлікке салынатын салық.

            ///. Жергілікті салықтар мен алымдар:

      1.Курорттық  аймақта өндірістік мақсаттағы  обьектілер құрылысына салынатын  салық.

      2.Курорттық  алым.

      3.Азаматтардан  алынатын мақсатты алым.

      4.Жарнамаға  салынатын салық.

      5.Автотранспорт  құралдарын,есептеу техникасы және  жеке компьютерлерді қайта сатуға  салынатын салық.

      6.Автотранспортты  аялдауға қойғаны үшін алынатын  алым.

      7.Жергілікті  символиканы пайдалану құқығы  үшін алынатын алым.

      8.Ипподромдарда  ат жарысына қатысқаны үшін  алынатын алым.

      9.Ат жарысындағы  ұтысы үшін алынатын алым.

     10.Ипподромдарда  тотализатор ойынына қатысу адамдардан  алынатын алым.

     11.Тауар биржаларында  және валютаны сату және сатып  алу кезінде жасалған мәмілелерден  алынатын алым.

      12.Аукциондық  сатудан алынатын алым.

      13.Кино-телетүсірімдер  өткізу құқығы үшін алынатын  алым.

      14.Пәтер  алуға берілген рұқсат қағаз  үшін алынатын алым.

      15.Ит иелерінен  алынатын алым.

      16.Спиртті  ішімдіктермен сауда-саттық жасау  құқығы үшін алынатын лицензиялық  алым.

       17.Жергілікті  аукциондық өткізу және лотореялар  ойнату құқығы үшін алынатын  лицензиялық алым.

 

       Екінші-кезең.

   Қазақстан Республикасының  Үкіметі 1995 жылдың басында салық  реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын  қабылдады, онда еліміздің салық  жүйесі мен салық заңнамасын  бірте-бірте халықаралық стандарт  салық салу принциптеріне сәйкестендіру   көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде «Салық және  бюджетке  төленетін басқа да міндетті  төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлығы шықты.  Бұл өз қаржы жүйемізді құруға  ықпал етті. Ең бастысы, салық  төлеу жүйесі ықшамдалып,салық  саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды.Оның  ішінде бесеуі мемлекеттік,алтауы  жергілікті салықтар.

       Жалпы мемлекеттік салықтар:

1. Эаңды және жеке тұлғалардан  алынатын табыс салығы.

2.Қосылған құнға салынатын  салық.

3.Акциздер.

4.Бағалы қағаздармен  жасалатын операцияларға салынатын  салық.

5.Жер қойнауын пайдаланушылардың  арнайы салығы мен төлемдері.

      Жергілікті салықтар мен алымдар:

  1.Жер салығы.

  2.Заңды және жеке  тұлғалардың мүлкіне салынатын  салық.

    3.Көлік құралдарына  салынатын салық.

    4.Кәсіпкерлік  қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды  және заңды тұлғаларды тіркегені  үшін алынатын алым.

    5.Жекелеген қызмет  түрлерімен айналысуқұқығы үшін  алынатын алым.

    6.Аукциондардан  алынатын алым.

 

  Қазақстан Республикасы Президентінің бұл Жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі ғ440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды.

 Осы кезде Қазақстан  Республикасында салықтар,алымдар  және басқа да міндетті төлемдердің  мынадай түрлері қолданылды:

   1.заңды және жеке  тұлғалардан алынатын табыс салығы;

   2.қосылған құнға  салынатын салық;

   3.акциздер;

   4.бағалы қағаздар  эмиссиясын  тіркегені және мемлекеттік  тіркеуге жатпайиын акциялар  эмиссиясының ұлттық бірыңғайландыру  нөмірін бергені үшін алынатын  алымдар;

   5.жер қойнауын  пайдаланушылардың арнаулы төлемдері  мен салықтары;

   6.әлеуметтік салық  ;

   7.автокөлік құралдарының  Қазақстан Республикасының аумағы  бойынша жүргені үшін алынатын  алымдар;

   8.жер салығы;

   9.заңды және  тұлғалардың  мүліктеріне салынатын салық;

  10.-1 бірыңғай жер салығы;

  11.кәсіпкерлік қызметпен  айналысатын жеке тұлғаларды  және заңды тұлғаларды тіркегені  үшін алынатын алым;

  12.қызметтің жекелеген  түрлерімен айналысу құқығын  бергені үшін алынатын лицензиялық  алым;

  13.аукциондық сатудан  алынатын алым;

  14.Қазақстан Республикасының   базарларында тауарларды сату  құқығын  бергені үшін алынатын  алым;

  15.Қазақстан Республикасының  радиожиілік ресурстарын пайдаланғаны  үшін төленетін төлем;

  16.заңды және жеке  тұлғалардың Алматы қаласының  рәміздерін өз фирмалық атауларында,  қызмет көрсету таңбаларында, тауар  таңбаларында пайдаланғаны үшін  алынатын алым;

   16-1.заңды  және  жеке тұлғалардың «Қазақстан»,  «Республика», «Ұлттық» деген сөздерді  өздерінің фирмалық атауларында,қызмет  көрсету таңбаларында пайдаланғаны  үшін алым;

   17.жеке тұлғалардың  ставкасы есептеу базасының 1 пайызынан жоғары белгіленбейтін  қолма-қол шетел валютасын сатып  алғаны үшін алынатын алым.

        Үшінші- кезең .

  2001 жылы 12 маусымда Қазақстан   Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

    Қазақстан   Республикасының Салық кодексіне  сәйкес салықтың 9 түрі бар.2005 жылы  акциз салығын қосымша ретінде  экспортталатын шикі мұнайға,  газ конденсатына рента салығы  қосылды.

             Салықтың түрлері:

   1.Корпорациялық табыс  салығы.

   2.Жеке табыс салығы.

   3.Қосылған құн  салығы.

   4.Акциздер.

   4.1. Экспортталатын  шикі мұнайға, газ конденсатына  рента салығы.

   5.Жер қойнауын  пайдаланушылардың салықтары мен  арнайы төлемдері.

   6.Әлеуметтік салық.

   7.Жер салығы.

   8.Көлік салығы.

   9.Мүлік салығы.

 

     Алым дегеніміз-белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.

  Сонымен қатар алым-анықталған  құқықтық мәртебені бергені үшін  төлем болып саналады.

   2002 жылы алымның  13 түрі болды. 2003 жылдан бастап  «елтаңбалық алым» алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер  енгізілді, яғни: «жылжымалы мүлік  кепілін мемлекеттік тіркегені  үшін алым» және «кеменің немесе  жасалып жатқан кеменің ипотекасын  мемелекеттік тіркеу үшін» және  туындылар мен сабақтас құқықтар  обьектілерін пайдалануға лицензиялық  шарттарды мемлекеттік тіркеу  үшін алымдары қосылды.

           Алымдардың түрлері:

   1.Заңды тұлғалардың  мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   2.Жеке  кәсіпкерлерді  мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   3.Жылжымайтын мүлікке  құқықтарды және олармен жасалған  мәмілелерді мемлекеттік тіркегені  үшін алым.    

   3.1. Жылжымалы мүлік  кепілін мемлекеттік тіркегені  үшін алым(2005 жылдың 1қаңтардан)

   4.Радиоэлектрондық  құралдарды және жиілігі жоғары  құрылғыларды мемлекеттік тіркегені  үшін алым.

   5.Механикалық көлік  құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік  тіркегені үшін алым.

   6.Теңіз,өзен кемелері  мен шағын көлемді кемелерді  мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   6.1.Кеменің немесе  жасалып жатқан кеменің ипотекасын  мемлекеттік тіркеу үшін алым (2005 жылдың 1 қаңтардан)

   7.Азаматтық әуе  кемелерін мемлекеттік тіркегені  үшін алым.

   8.Дәрі-дәрмек құралдарын  мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   8.1.Туындылар мен  сабақтас құқықтар обьектілеріне  құқықтарды,туындылар мен сабақтас  құқықтар обьектілерін пайдалануға  лизензиялық шарттарды мемлекеттік  тіркеу үшін алым(2006 жылы 1 қаңтардан)

   9.Автокөлік құралдарының  Қазақстан Республикасының аумағы  арқылы жүру алымы.

  10.Аукционардан алынатын  алым.

  11.Жекелеген қызмет  түрлерімен айналысу құқығы үшін  лицензиялық алым.

  12.Телевизия және радио  хабарларын тарату ұйымдарына  радиожиілік спектрін пайдалануға  рұқсат бергені алым.

 

       Төлемақы-белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.

Төлемақының 9 түрі бар.2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді. Радиожиілік  спектрін пайдаланғаны үшін төлемақыға қосымша ретінде «қалааралық  және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы» төлейді.

          Төлемақының түрлері:

  1.Жер учаскілерін  пайдаланғаны үшін төлемақы.

  2.Жер бетінде көзердің  су ресурстарын пайдаланғаны  үшін төлемақы.

   3.Қоршаған ортаны  ластағаны үшін төлемақы.

   4.Жануарлар дүниесін  пайдаланғаны үшін төлемақы.

   5.Орманды пайдаланғаны  үшін төлемақы.

   6.Ерекше қорғалатын  табиғи аумақтарды пайдаланғаны  үшін төлемақы.

   7.Радиожиілік спектрін  пайдаланғаны үшін төлемақы.

   7.1.Қалааралық және  халықаралық телефон байланысын  бергені үшін төлемақы (2005 жылдың 1қаңтардан)

    8.Кеме жүретін  су  жолдарын пайдаланғаны үшін  төлемақы.

    9.Сыртқы жарнаманы  орналастырғаны үшін төлемақы.

     Мемлекеттік баж дегеніміз-уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

      Баж салығы-алып келінген,сыртқа шығарылатын,сондай-ақ транзитті тауарлар,бұйымдар мен қызметтерден алынатын салықтар.                                    

      «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

     1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде  тұңғыш салық жүйесі жұмыс  істей бастады. Ол «Қазақстан  Республикасындағы салық жүйесі  туралы» заңға негізделді. Бұл  заң   салық жүйесін құрудың  қағидаттарын, салықтар мен алымдардың  түрлерін, олардың бюджетке түсу  тәртібін белгілеген алғашқы  құжат аді. Осы заңға сәйкес  Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың  1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік  салық, 18 жергілікті салықтар мен  алымдар енгізілді.

     Қазақстан  Республикасының Үкімеі 1995 жылдың  басында салық реформасының ұзақ  мерзімді тұжырымдамасын қабылдап,онда  еліміздің салық жүйесі мен  салық заңнамасын бірте-бірте  халықаралық салық салу қағидаттарына  сәйкестендіру көзделді.

  Осыған байланысты  Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер  туралы 1995 жылғы сәуірдің 24-інде  Қазақстан Республикасы Президентінің  заң күші бар жарлығы шықты.  Енді бұрынғы 42 салықтар мен  алымдар едәуір қыстартылып, олардың  саны небәрі 11 болып қалды. Қазақстан  Республикасы Президентінің бұл  жарлығы Қазақстан Республикасының  1999 жылғы шілденің 16-сындағы ғ440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін  алды. Осы уақыт аралықтарында  Президент жарлықтарымен және  Қазақстан Республикасының заңдарымен  бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар  енгізілді.

   Салықтардың,оларды  төлеушілердің, салықтарды алу  әдістерінің, салық жеңілдіктерінің  жиынтығының болатындығынан салық  жүйелерінің әжептәуір күрделі  үлгілері болуы мүмкін. Барлық  өркениетті елдерде салықтардың  бүкіл жиынтығы әр түрл қағидаттар  бойынша жіктеледі:

   -салық салу обьектілері  бойынша;

   -салықты алатын  және салықтан жиналған сомаға  билік жасайтын органға қарай;

   -пайдалану тәртібі  бойынша;

   -обьектінің экономикалық  белгісі бойынша.

  Салықтарды салу обьектісі бойынша олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.

Тура  салықтар-салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі.                                                                                                          Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне (үй,жер,кәсіп,ақшалай капитал,және т.с.с.) салынады.                                                                                                                             Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.

Жанама  салықтар-бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық,  акциздер жатады. Жанама слықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі,экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.

Салықтардың экономикалық мазмұны