Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы
Айналым капиталы — өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Оның құрамына тұрақты капиталдың шикізат, материалдар, отын, өндірістің аяқталмаған элементтері және өзгермелі капитал (жұмысшы күшіне жұмсалатын шығын) кіреді.
Тұрақты капиталдың
материалдық элементтерінің бір бөлігі
(шикізат, материалдар) өндірілген өнімге
өз құнын көшіре отырып, оның материалдық
субстанциясын (алғашқы негізін) жасайды,
ал басқа бөлігі (отын) тек өз құнын көшіреді,
бірақ сол субстанцияны (зат негізін) жасауға
қатыспайды. Айналым капиталының шикізат
пен материалдар түріндегі құны өндірістің
толық уақытына авансыланады. Сондықтан тұрақты
капиталдың ұзақ кезеңді салалардағы
айналым шапшаңдығы өндірістің қысқа
кезеңді салаларына қарағанда аз болып
келеді. (қ. Капитал айналымы). Тауар сатылған
соң айналым капиталының құны айналым
саласынан ақшалай күйде толық қайтып
оралады және қайтадан өндіргіш капитал
элементтеріне айналуы мүмкін.
Қолданыстағы айналым капиталының мөлшері
өндіріс көлемі мен айналым уақыты арқылы
анықталады. Ауыспалы айналым процесінде
капитал құнының бір бөлігі өндірістік
айналым капиталының материалдық қоры
түрінде болады. Егер капитал айналымы
бәсеңдесе өндіріс процесінің тоқтап
қалмауын қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер
айналым капиталына қосымша қаржы жұмсауға
мәжбүр болады. Ал айналым тездеген жағдайда,
керісінше, айналым капиталы құнының бір
бөлігін босатуға мүмкіндік туады.
Негізгі капиталдың қорлануы мен өндірістің
өсуі өндіріске қажетті қорларды көбейтуді
қажет етеді. Мұны жүзеге асыру үшін таза
пайданың бір бөлігін капиталға айналдыру
немесе несие алуға тура келеді. Егер айналым
капиталының кейбір элементтерінің бағасы
өссе, кәсіпкерлер нақты өнім көлемін
бұрынғы деңгейде сақтау үшін қосымша
қаржы жұмсауы керек.[1]
Кәсіпкерлік
іс-әрекет және жеке
шаруашылық принциптерінің
негізі. Кәсіпорын капиталының
ауыспалы айналымы.
- Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.
- Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы.
- Капитал айналымы
Мақсаты: Студенттерде кәсіпкерліктің негізгі экономикалық жағдайын: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қазметтердің алуан түрлері; тұтынушылардағы ақша –қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық –кемдігі; еңбек ақы қорының артық –кемдігі; қарыз (несие) беретін мекемелердің ақша ресурстардың болуы керек екендігін түсіндіру. Кәсіпкерлік қабілет, тәуекелділік, кәсіпкерліктің түрлері, Кәсіпорындардың негізгі формалары, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы, капитал айналымы жайлы түсіндіру.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Акционерлік қоғам; Белсенділік;
Кәсіпкер; Кәсіпорын; Өндірістік кооператив;
Серіктестік; Унитарлы кәсіпорын; Ұжымдар;
Фирма; Капитал; Айнымалы капитал; Негізгі
капитал; Қорлану; Тиімділік; Амортизация
Дәріс мән-мәтіні
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
- Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
- Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытынайқындайды.
- Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
- Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей –тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді). Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерліктің түрлері
- Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.
- Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
- Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.
- Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.
Ұжымдық – құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктектер – адамдардың бірлетігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиісілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп табылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленгенмөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады.
Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады, және ашық және жабық түрде болады.
Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.
Акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арсында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олрадың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік үлестерін біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық – экономикалық формалары.
- Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
- Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми –техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
- Консорциум – бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
- Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
- Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандардын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
- Финанс - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.
Нарықтық
экономиканың негізгі экономикалық буыны
болып кәсіпорын (фирма) табылады. Кәсіпорын
(фирма) дегеніміз - бұл пайда табу
мақсатымен өндіріс факторларын қолданып
шаруашылықта еркіндік алған экономикалық
субъект. Ұйымдастыру формасына байланысты
кәсіпорындар әртүрлі формаларға бөлінеді,
олардың ішінде ең бастылары: жеке бизнес,
серіктестік, акционерлік қоғам.
8.1. кесте
Кәсіпорындардың
негізгі формалары
| Формалар | Артықшылықтары | Кемшіліктері |
| Жеке шаруашылық -бизнем, иесі бір адам. |
|
|
Серіктестік
дегеніміз -бірнеше адамның немесе заңды
тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу
үшін ұйымдастырылған фирма:
|
|
|
| Акционерлік қоғам- акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық. |
|
|
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік, мемлекеттік кәсіпорындар түрде болуы мүмкін. Нарықтық экономика жағдайында формалар бизнес-жоспар жасайды. Өндірістің мақсаттарын анықтау және оларды орындау шараларын белгілеу үшін бизнес жоспарды жасау – жалпы қолданатын құрал. Бизнес-жоспар инвестицияның қажеттілігін дәлелдеу үшін қолданатын фирманың негізгі құжаты болып табылады және ол 3-5 жылға жасалады.
Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық – праволық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.
- Шаруашылық серіктестік – толық серіктістік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
- Командиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
- Жауапкершілігі шектелген серіктестік. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
- Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
- Ашық және жабық акционерлік қоғам.
- Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
- Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік правосы (құқұғы) жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.
Төменгі кестеге баса көңіл аударып көрсеңіз және кәсіпкерлікпен айналасуға ойыңыз болса, барлық жоспарды осыдан бастаған жөн болады.
Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды.
Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері: тәуекел; белсенділік; тәуелсіздік; тапқырлық; жауапкершілік; белсенді түрде іздену.
Кәсіпкерлікті іс-әрекеттің мәніне байланысты төмендегі түрлерге жіктеуге болады:
- өндірістік – тауар, қызмет өндіру процесін жүзеге асырумен байланысты;
- коммерциялық - өндіріспен байланыста емес тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу операциялары арқылы жүзеге асады;
- каржылық – бұл коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі бірақ айналым объектісіне ақша ,валюта, бағалы қағаздар жатады;
- делдалдық – сатушылар мен сатып алушыларды табыстыратын, кездестіретін, келістіретін байланыс түрінде жүзеге асады;
- сақтандыру – кәсіпкерліктің ерекше формасы оның мағынасы: әсіпкер сақтандыру жарнасын алып, оны кауіпсіздендірілген жағдайда ғана қайтарады;
Фирма
көлеміне байланысты: шағын, орта және
ірі бизнес болып бөлінеді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:
Кезкелген жағдайларда өзгерістерге жеңіл бейімделеді.
Тұтыну сұраныстың өзгеруіне тең жауап береді.
- Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады.
- Бәсеке дамуының негізін құрайды.
- Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады.
Қазақстан
республикасындағы
Экономикалық теорияда капиталға беретін екі негізгі анықтама бар:
- капитал – деген құрал – жабдықтар жиынтығы,
- капитал деген ақша сомасы.
Бірақ, капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады.
Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдайды.
Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатысатын өнеркәсіптік каиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ. оны мынадай түрге бөлуге болады:
А - Т …Ө ... Т1 - А1
Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:
А- Т ...
Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.
Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы - ондіріске жағдайлар жасау:
... Ө ...
Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн ондіру функциясын атқарады:
... Т1 - А1
Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталыньң функциясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.
Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп тұр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:
d=А' - А
Мұнда: А—бастапқы жұмсалған капитал, d—үстеме құн.
Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады.
Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды.
Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып болінеді.
Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.
Негізгі капитал - бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.
Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.
Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.
Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:
- жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;
- табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.
Материалдық тозудың екі жағы болады:
- техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;
- құндық - құнның жаңа өнімге көшуі.
Моральдық тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:
- еңбек өнімділігінің
өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары
арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;
құны бұрынғыдай машиналар
өндіріледі, бірақ техникалық
жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі
жогары болады.

- САУ дизельного двигателя
- Саудовская аравия
- Саудовская Аравия
- Саудовская Аравия
- Саудовская Аравия
- Саудовская Аравия
- Саудовская Аравия
- Сатурн - планета солнечной системы
- Сатып алу циклы шоттарының өзара байланысы
- Сатып алушының мінез-құлқына әсер ететін факторлар
- Саудадағы тауарлы-матеиалдық құндылықтар есебі
- Сауда қызметiн реттеу туралы
- Сауда қызметінің негізгі түрлері және түсініктері
- Сауданы басқару