Саяси партиялар жөне партиялық жүйе. 2
Саяси партиялар жөне партиялық жүйе
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Саяси партия: ұғымы, белгілері, саяси
жүйедегі орны.
2. Саяси партиялардың жіктелуі.
3. Саяси жүйелер: типологиясы
мен салыстырмалы анализ.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.
Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестіккүресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:
1) Авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;
2) Сайлаушылар партиясы. Олард
3) Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;
4) Қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.
Партияларды таптық негізде жіктеу: жұмысшылар,
- Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері
Қазіргі типтегі саяси партиялар
мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі
XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық
революциялар дәуірімен тікелей байланысты.
Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар
саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан
мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік
топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына
айналды.
"Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы сая¬си партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады.Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ға¬сырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:
1. Аристократиялық үйірмелер.
2. Саяси клубтар.
3. Көпшілік партиялар.
Мұнда аристократиялық үйірмелер
жер иелерінің мақсатын қорғаса,
саяси клубтар буржуазияның мүддесін
корғады. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен
байланысты болады. Барынша өз қатарына
көбірек адамдарды тартады. Бұл
кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық(виги)
және консервативтік (тори) партиялары
ғана басынан өткізген. Басқа партиялар
әр түрлі даму жолдарынан өткен. Біразы
бірден көпшілік партияға айналды.
Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы
Ұлыбри¬танияның либералдық партиясы
құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы
жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы
құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде
құрыла бастады. Американың саясаттанушысы
Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай
4 белгімен сипатталады:
1. Партия белгілі бір идеологияны қорғайды;
2. Партия - адамдарды жергілікті
ұйымнан бастап , халықаралық дәрежеге
дейін ұзақ біріктіретін ұйым.
3. Партияның мақсаты - билікті колға алып.
жүзеге асыру:
4. Әр партия өзіне халықтың дауыс
беруінен. Мүше болуына дейінгі колдауын
қамтамасыз еткісі келеді.
Партиялардың өмір сүру ұзактығы дау-жанжалдардын
тууы мен оларды шешу қажеттігінен
туады. Жалпы сая¬си партиялардың. мынандай
сипатты белгілері болады:
1. Партия бағдарламасынын болуы;
2. Саяси билік үшін күрестің
болуы:
3. Партиялық тәртіптің болуы:
4. Партияға мүшелік ету;
5. Мүшелік жарна төлеу;
6. Партияның жарғысының болуы:
7. Баспа органдарының, болуы;
8. Партия басшылығының көптеген
өкілеттігі;
9. Кәсіптік негіздегі партия
Осындай белгілері
бар саяси партиялар тапты
немесе
әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына
мақсаттылық-сипат береді, белгілі бір
идеологияны қорғайды, бағыт береді.
2. Саяси партиялардың
негізгі қызметтері
Поляктың саясаттанушысы
А. Боднардың ойынша, қазіргі қоғамда саяси
партиялар мынадай қызметтер атқарады:
1. Саяси идеология мен саяси ілімдерді
жасау;
2. Қоғамның ірі топтарының
3. Олардың белсенділігін
4. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
5. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;
6. Жалпы коғамды. топты саяси тәрбиелеу:
7. Саяси жүйелерді, онын принциптерін,
элементтерін. күрылымдарын калыптастыруға
қ атысу;
8. Мемлекетте билік үшін күреске
қатынасу және онын жұмысының
бағдарламасын жасау;
9. Мемлекеттін, кәсіподактарының, коғамдық
ұйымдарының аппараты үшін
Қазіргі демократиялық қоғамдағы
партияның маңызды міндеті азаматтық
қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты
баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі
әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын
мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық
саясатты одан әрі жүргізу немесе оны
өзгерту керектігі жөнінде өздерінің
көзқарастарын білдіреді. Сонымен саяси
партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:
Теориялық: Қоғам дамуының, негізгі салалары
бойынша жәңе оның даму жолдарын талдап,
тео¬риялық жағынан бағалау. Әр түрлі
әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап
үйлестіру. Қоғамды жаңартудын стратегиясы
мен тәсілін тұжырымдап бүқараны қимыл
бірлігіне теориялык жағынан әзірлеу.
Идеологиялық: Еңбекші бұқара арасында өз
көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны
іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы
мен саясатын насихаттау. Азаматтардың
түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз
бағытын қолдауға жұмылдыру және партия
қатарына тарту. Қорыта келе, партия деп
- мемлекеттік билікті колға алуға немесе
билік жүргізуге қатынасуға бағытталған,
ортақ мүдде, бір идеология негізінде
құралған адамдардың ерікті одағын айталы.
3. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері
Саяси партияларды жіктеп. жүйелеудің
көтеген өлшем және белгілері бар.
Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар
мен белсен ділер санына қарай екіге бөлген:
Кадрлық:
Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын
мүше саны аз,ұйымдастырушылық жағынан
жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық
билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын
мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық
одағы, Жапония либералдық-демократиялық
партиясы, Француз коммунистік партиясы.
Бұқаралық: Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері де көп. Партия¬лық билеті жоқ мүшелік жар¬на төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы АКШ-тың республикалык және демократиялық партиялары.
Сайлаушылар партиясы – бұл партияның, негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелік жоқ ұйымдық құрылым жоқ.
Парламенттік партия – екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.
Авангардтық партия – орталықтанған өзінің барлық мүшелерінен партиянын жұмысына белсенді катынасуын талап етеді.
Қауымдастық партиясы – ортақ көзкарас, ұқсас мүд-делеріне орай маңызды мәселелерді талқылау үшін бірік-тіріледі.
Коммунистік партиялар — К.Маркстің ілімін басшы-лыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.
Социал-демократиялық
Буржуазиялық-демократиялық
— билік үшін ашық күрес жүргізеді.
Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы
жетеді. Заң алдында бәрінің, де тең болғанын
қалайды.
Консервативтік партиялар – ірі буржуазияның
мүдде¬сін қорғайды. Тенсіздікті сақтағысы
келеді.
Фашистік партиялар – адам құқықтары мен бостанықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде жоғары тұрады. Күштеу басым болады.
Билеуші партиялар – билік
қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты
бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік
туады. Яғни, басқа партиялардың үстінен
билік жүргізеді.
Оппозициялық партиялар – олар басқарушы
партияның саясатын сын көзбен бағалайды.
Қарсыластық қасиет тән.
Ресми партия – жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жартылай ресми партия
– формалды түрде рұқсат етілген, кейбір
жұмысына шек қойылған.
Құпия партиялар – заң бойынша тыйым
салынған, жұмысын жасырын жүргізеді
Бірпартиялық – өзінен баска партияның
болғанын қаламайды. Мұндай партия тоталитарлық
және авторитарлық коғамға тән. Мысалы:
бұрынғы КСРО-дағы коммунистік партия.
Екіпартиялық – мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі пар¬тия арасында болады. Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі бір-бірін сынға алып отырады. Мыса¬лы: АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялары. Ұлыбританиядағы консерваторлар мен лейбористер партиялары, Германиядағы христиандық демократтар мен социал-демократтар.
Көппартиялылық – мүнда
үш немесе одан да көп пар¬тиялар болады.
Саяси мәселелер жан-жақты қаралады, бюрократияға
тежеу салынады. Билік басына нағыз дарынды
адамдардың келуіне мүмкіндік туады. Мысалы:
қазіргі Қазақстан Республикасы. Мемлекеттік
билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция
құруы мүмкін.
Коалиция деп жалпы мақсатқа жету
үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады.
Мынандай түрлері бар:
1.Парламентке қатысатын партиялардың, ешқайсысы өз алдына бөлек басқара алмаған уақытта құралған көппартиялық коалиция;
2. Екіпартия бірігіп үкіметті
баскара алатындай уақытта
3. Билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса, екі блоктық коалиция болады;
4. Егер дербес|:Партия ұзақ уақыт
билік етсе оны басымдық коалициясы дейді.
Барлық саяси партияларын жұмысы Конституцияға
қайшы болмауы керек.
Саяси партия ұғымы. Қазақстан өз дамуының жаңа белестерін бастан кешіріп жатыр. Саяси партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгісі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-саяси институттар орнығып жатыр. Демек, оның іргетасы әлдеқайда сенімді болмақ.
Елімізде демократиялық
қоғам және құқықтық мемлекет құру
кезеңінде саяси партиялардың тиімді
қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын
қалыптастыру ерекше маңызды. Қазіргі
уақытта республикамызда заңда
белгіленген тәртіппен
Шетелдерде конституциялық (мемлекеттік) құқық ғылымындағы саяси партияның түсінігі мынадай: саяси партия – мемлекеттік өкіметті иеленуді мақсат тұтатын, немесе соны жүзеге асыруға шешуші ықпал жасауға тырысатын, ортақ мүддеге біріккен, қоғамның белсенді, әрі ұйымдасқан бөлігі болып табылады. Саяси партиялар осы терминнің қазіргі ұғымында алғаш рет Еуропада пайда болды. Сонда буржуазиялық революциялармен тығыз байланыста сайланбалы өкілдер арқылы жүзеге асырылған халық өкіметі жүйесі – халықтық өкілдіктер құрылған болатын. Әрі қоғам екіге жарылып, әлеуметтік қайшылықтар тереңдеп, мемлекеттің саяси өміріне бұқараның белсенді араласуы партия рөлін арттырып, өз кезегінде партиялар демократиялық мемлекеттің негізгі саяси тұлғасына әрі ажырамас бөлігіне айнала бастайды. Саяси партия мемлекет басындағыларды біржақты жақтау үшін, не болмаса біржақты жамандау үшін тумайды. Ол қоғамдағы процестерді реттеуге араласу үшін туады. Қоғамда биліктен өзге, бірақ билікке әсер ете алатын институттар болуы тиіс. Олардың қатарына саяси партиялар жатады. Сонда халыққа жасалатын игіліке билік басындағылар бөгет болса, оларға партия қарсы тұрады. Ал билік басындағылар халыққа игілік әкеліп жатса, партия оларды қолдайды. Сонымен қатар өзге қоғамдық бірлестіктерден (кәсіподақтар, мәдени және діни қоғамдар, экологиялық ұйымдар, кәсіпкерлер одақтары, қайрымдылқ және бейбітшілік қорлары, мүдделілік жөніндегі қауымдастықтар және т.б.) партияның айырмашылығы ол мемлекет басқаруға тікелей мүмкіндік беретін парламенттегі және өкіметтегі орындар үшін ашықтан-ашық күреседі. Сөйтіп, партиялар сайлауларға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзінде асыруға белсене қатынасады. Қоғамдық бірлестіктердің көншілігі саяси өмірде белсенділік танытқанымен, тікелей саясатқа араласу олардың түпкі мақсатына жатпайды, бұлар негізгі мақсаттарына жету жолындағы қосымша құралдары ғана іспетті. Саяси партиялар мемлекеттік билікті тікелей иеленуге ұмтылса, қоғамдық бірлестіктен мемлекетке тек сырттай ғана ықпал жасауға тырысады. Сондай-ақ саяси партияларды қысымшы топтардан да ажырата білу керек. Іс жүзінде қысымшы топтар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құрылады. Қысымшы топтар өз аттарынан сайлауға қатынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап сатып алуға дейінгі қысым көрсету түрлерімен шұғылданады. АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды парламент агенттері дейді. Әлемдегі саяси партиялардың атқаратын қызметі туралы. Бұл ретте ең алдымен саяси партиялардың түпкі мәнін, қызметін ажыратып алудың маңызы зор.
1) Бұл ең алдымен партияның
көздеген мақсатында көрініс
табады. Сонымен қатар партия
сайлауда өздерін жақтап дауыс
берген жақтастарының
2) Саяси партиялардың
мәні оның қызметінде
Ұйымдық қалыптаспаған партияның айқын мысалы ретінде АҚШ-тың республикалық және демократиялық партияларын алуға болады. Екеуі де үлкен ұйымдар. Тиісті партиялар тізіміне сайлауларда дауыс беруші барлық сайлаушылар әлгі партияның мүшесі болып есептелінеді. Партия мен оның мүшелері арасында ұйымдық байланыс болмайды. Бұл партиялардың аппарттарының ұйымдық құрылымы аса күрделі де қым-қуат. Тұтастай алғанада ол ең алдымен сайлаудағы күрестерге лайықталған. Аумақтық партиялық құрылымдардың сайлау округтері орналасуымен сәйкес келуі де осыдан. Ресми партиялық тетік жеке әрекеттік ұйымдармен толығып жатады. Бұларға, мысал үшін, Калифорния республикалық ассамблеясы, Калифорния демократиялық кеңесі жатады. Президент сайлау кезінде «Тәуелсіздер Никсон үшін», «Заңгерлер Хемфри үшін», «Бизнесмендер Кеннеди үшін» және т.б. ұйымдар құрылған. Шетелдердегі саяси партиялардың әркелкілігі. Әлемдік іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, саяси партиялардың орнығуы, жетілуі тоқтаусыз жүріп жатыр. Егер ХІХ ғасырдағы конституцияларда қоғамдық-саяси және мемлекет өмірінде елеулі ықпал бола тұра саяси партияларға пәлендей мән берілмесе, ал қазір олар толыққанды конституциялық-құқылық институттар құрып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі шетелдерде қабылданған барлық конституциялардың барлығында дерлік саяси партиялар жөнінде ережелер бар.
Шетелдерде саяси партяларды заңды инстиуализациялау әдетте саяси партиялар мәртебесіне төмендегі маңызды элементтерді қамтиды:
1) Саяси партиялар түсінігі, саяси жүйе мен мемлекеттік механизмдегі оның орны мен рөлін белгілеу;
2) Партия қызметін құру мен тоқтату тәртібі мен шарты;
3) Партия идеологиясы мен бағдарламалық тәртібіне қойылатын талаптар;
4) Партияның ұйымдық құрылымы
мен қызмет тәртібіне талаптар;
5) Партияның қаржылық –
6) Бұқаралық өкіметпен қарым – қатынастары;
7) Сайлауға қатынасуы;
8) Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқарудағы өкілетті органдар қызметіне қатынасуы.
Егер ұйым ұлттық саяси партия ретінде тіркелгісі келсе, онда міндетті түрде қызметінің принциптер жиынтығын, бағдарламасы мен жарғысын тапсыруы қажет. Декларацияда конституция мен мемлекет заңдылығын сақтауға: саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда идеологиялық негіздер, халықаралық ұйымдар мен шетелдік мекемелер немесе саяси партиялар ықпалына түсіп кетпеуге; бейбіт және демокартиялық жолдармен қызмет жасауға міндеттіліктер қамтылған. Қызмет бағдарламасына принциптерді жүзеге асыру және көздеген нысанаға жету, ұлттық проблемаларды шешудегі саяси ұсыныстар, сондай-ақ партия мүшелеріне идеологиялық басшылық жасау әдістері, оларға саяси білім беру, сайлауға қатынасуға жұмылдыру енеді. Жарғыда бірқатар міндетті реквизиттерді, соның ішінде кандидаттарды сайланбалы мемлекеттік органдарға ашық ұсынуды қарастыруы керек. Заң сондай-ақ жарғыда партия органдарының жүйесін ашық көрсетуді көздейді. Заңға сәйкес саяси партия Федеральдық сайлау комиссиясында тіркеледі. Партиялардың айталық: радио мен теледидарға тұрақты шығуы, басылымдарға жариялануы үшін қаржысы, сайлау науқанына қаржысы, алым-салықтардан босатылуы, байланыс-телеграфқа жеңілдіктері сияқты құқықтар мен міндеттерді заңда айқын белгіленеді. Ұлттық саяси қауымдастықтар идеялары талқыланып, идеологияны таратуға лайықталған азаматтық бірлестіктер болып табылады. Алайда, олар сайлауларға тек партиялармен блок құру арқылы ғана қатынаса алады.Шетелдерде партиялар аумақтық принцип бойынша құрылады, партия ұйымдарының құрылымдары сайлау округтерімен және елдің саяси-аумақтық бөлінуімен белгіленеді. Сонымен қатар аумақты-өндірістік үрдістің де кездесіп қалатыны бар. Әдетте, бұл коммунистік партияларға тән. Бірқатар елдерде сайлау науқанында тең жағдайды қамтамасыз ету үшін партиялардың мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатыны да болады. Мысалы, Дания, Германия, Италия, Швеция, Норвегия, Финляндия және т.б. елдерде сондай. Бірқатар елдердің (Ұлыбритания, Германия, Франция, Үндістан) заңдарында радио мен теледидарды кеңінен пайдалануға зор құқық белгіленген.
Қорытынды.
Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бүл мэселеге эр жақтан қарайды, әр түрлі өлшемді пайдаланады. Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыққа алып оны қүлдық, феодалдық, капиталистІк жэне коммунистік саяси жүйе деп бөледі.Ал У. Ростоу жэне т.б. «экономикалық өсу сатысы» деген тұжырымдаманы алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттыңдаму тарихы мынандай бес сатыдан түрады: 1)дәстүрлі қоғам; 2)өтпелі қоғам; 3)алға басу қоғамы; 4)индустриялдық және 5) индустрияланғаннан кейінгі қоғам. Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмүны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1)либералдық демократия. Ол саяси,мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі,жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 2)коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды; 3)дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси жэне экономикалық үстемдігіне негізделеді; 4)дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5)авторитарлық-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады. Қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топақа бөлінеді. Демократилық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісізжұмыс істейді. Саяси өмір демократиялық негізде кең өріс алады. Саясат мәселелері ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтіндей тетік жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқындалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады. Сонымен қатар демократиялық тәртіп мынандай белгілермен сипатталады:
- Адал,шынайы сайыс арқылы,жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал – айласыз қулық-сүмдықсыз жүргізілсе және оны шынайы өткізудің жолы табылғанда ғана адал болады.
- Үкіметтің сайлау арқылы дүниег
е келуі. Демократияны қамтамасыз ету үшін сайлаудың жүйелі жүйелі түрде жүргізілуі жеткіліксіз. - Демократия жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды. Әдетте, демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуын айтады.
- Демократиялық тәртіп президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
- Чиркин В.Е. Нетипичные формы правления в современном государстве //Государство и право. –1994г. -№ 1.
- Юдин Ю.А. Новое законодательство о политических партиях (Политико-правовой анализ) //Государство и право. –1992. -№ 7.

- Саяси партиялар жөне партиялық жүйе
- Саяси партиялар жөне партиялық жүйе
- Саяси партиялар жөне партиялық жүйе
- Саяси партиялар жөне партиялық жүйе Саяси партиялар жөне партиялық жүйе
- Саяси партиялар – Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында
- Саяси процесс
- Саяси процесс туралы ұғым
- Саяси мәдениет
- Саяси ойлар және қазіргі кездегі саяси мектептедің тарихы
- Саяси партиялар
- Саяси партиялар
- Саяси партиялар
- Саяси партиялар және партиялық жүйе
- Саяси партиялар жөне партиялық жүйе