Ирина Эланс
Семей ядролық полигоны. Невада-Семей антиядролық қозғалысы
Қазақстан Республикасыны білім және ғылым министрлігі.
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық
Унивеситеті.
Реферат
Тақырыбы: Семей ядролық полигоны. Невада-Семей антиядролық қозғалысы.
Тексерген:Бекішев.Қ.Б.
Орындаған:Адилханов.М.М.
Мет-13-4 тобы.
Қарағанды 2014 жыл.
Жоспар
1 Семей полигонының инфрақұрылымы
2 Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
3 Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
4 Суарылған ядролық темірмен
5 Невада - Семей
Семей полигоны
Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Семей полигонының инфрақұрылымы
Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.
Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
Суарылған ядролық темірмен
Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.
Невада - Семей
«Невада — Семей» қозғалысы туралы көп айтылды — мақалалар, сұхбаттар, түсініктемелер жарияланды, деректі фильмдер түсірілді, олардың ішінде шетелдік авторлар да бар. Сондықтан «Невада — Семей» туралы көлемді әңгімеге бармай-ақ, қазіргі заманның осы қозғалысына үстірттеу ғана сипаттама бере кеткім келеді. Бұған мені итермелеген осы қозғалысқа, оның жетекшілеріне деген құрмет қана емес, тікетірес және шиеленіс кезеңінде полигон төңірегінде болған оқиғалардың бәріне де әділ баға берудің өте қажеттігі міндеттеп отыр.
Бұл айтулы оқиға 1989 жылдың 28 ақпанында, менің 20 ақпанда полигон жабылсын деген Орталыққа жіберген хатымның талабымен Семейге В. Букатов бастаған үкімет комиссиясы келген күні болған еді. Сол күні ақын әрі жалынды шешен Олжас Сүлейменов Қазақ теледидары арқылы мәлімдеме жасады. О. Сүлейменовтың сол жалынды сөзінен кейін Семей полигонындағы ядролық сынақтарға қарсы бағытталған ашу-ыза өрті қаулап кетті деуге болады.
Дәл сол күні Алматыдағы көп адам жиналған митингте О. Сүлейменов еліміздің барлық қоғамдық, шығармашылық, діни ұйымдарына, советтік бейбітшілік қорғау Комитетіне, халықаралық «Жасыл әлем» ұйымына, «Адамзатты аман алып қалу» халықаралық қорының Комитетіне, Невада штатында (АҚШ) сынақтарға тиым салу қозғалысын жақтаушыларға Үндеуін оқып, Қазақстанда ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етті.
Үндеу адамдардың, әсіресе ядролық жарылыстардың ауыр жүгін қырық жыл бойы көтеріп келгендердің жүректеріне бірден ұялап, көпшілік тарапынан қызу қолдау тапты.
Тек наурыз айыңда ғана Үндеуге қозғалысты қолдаған миллионнан астам қол қойылды, ал қозғалыс қорына көптеген қайрымдылық қаржысы келіп түсті. Ал 11 наурызда қозғалыстың құрылғандығы туралы шетел ақпарат агенттіктері хабар берді — планетамыздың бейбітшілік сүйгіш халықтары өздерінің ынтымақтастықтарын білдіре отырып, қозғалыстың мақсаты мен міндетін мақұлдады. Қозғалыс халықаралық мойындауға ие болды.
Елімізді және бүкіл әлемді дүр сілкіндірген қазіргі саяси белдесуде «Невада — Семей» қозғалысы өзінің асқан гумандығымен және адам сүйгіштігімен ерекше көзге түседі және осы үшін ғана құрметтеуге әрі қолдауға лайық.
Қозғалыс, бейнелеп айтқанда, жұртты ұйқысынан оятты. Мен ядролық жарылыстарға қарсы қозралыстың аяғына еріп, күреске қосылған ондаған адамдардың атын атай аламын. Жазушылар, көсемсөзшілер, тарихшылар әлі өз сөздерін айтады, осы қозғалысқа арналған ядролық сынақтарға қарсы тарихтың тың беттерін толтырады.
Қозғалыс қатарына қосыла отырып және оның тіршілік болмысын қолдай отырып, көптеген семейлік белсенділер, еңбек коллективтерінде және тұрғын үйлерінде айтарлықтай еңбек етті және жаңа қолдаушылар қатарын көбейтіп отырды.
Семей цемент заводының бригадирі В. С. Белоусовты алайық. Жаны жарқын, турасын айтатын, өз қағидасына берік адам, ол полигон жөнінде ойланбастан берік байлам ұстады. СОКП Орталық Комитетінің мүшесі бола жүріп, үкіметтің және ВПК-ның мәртебелі әрі беделді адамдарына жалтақтамастан, СОКП Орталық Комитетінің Пленумдары мен үлкен кеңестерде айбынды ведомствоны қатты сынға алды. Ядролық сынақтарға қарсы делегацияның құрамында Москваға барды, әртүрлі кездесулерде зардап шеккен аймақтың мүддесін қорғап сөз сөйледі.
СОКП XXVIII съезінде Валентин Сергеевич сөз алуға тырысып бақты. Ол Горбачевқа және съезде төрағалық етушінің алдына бірнеше рет барды, біраң оған қасақана сөз бермей қойды,
Әңгіме жоғары басшылықта белгілі бір пікірдің қалыптасып қалғандығында болып отыр: егер Семей облысының өкілдері сөз сұраса, полигон туралы айтады деп қорқады. Халық депутаттарының съездерінде де, одақтың деңгейдегі басқа жиындарда да біздің мінбеге көтерілуімізге жол берілмеді. Бұл жолы Белоусов өз бетінеп қайтпастан сөз алды. Оның жалынды сөзін делегаттар зейін қоя тыңдады және ізсіз қалған жоқ қой деп ойлаймын.
Курчатов қалалық атқару комитетінің төрағасы Е. Чайковский ядролық жарылыстарға қарсы белсенді күрес жүргізді, ол Курчатов қаласының азаматтық тұрғындарын ядролық жарылыстар жалғасқан жағдайда әскерлерге бағынбауға шақырды. Ол әртүрлі жиындарда, соның ішінде халықаралық форумдарда да сеніммен, жасқанбай сөйлеп, ядролық жарылыстарды тоқтатуды талап етті.
Қозғалыс қаузауымен өткізілген көптеген қарсылық митингтері, баспасөз конференциялары, халықаралық жиындар, Семей полигонындағы және бүкіл дүние жүзіндегі ядролық сынақтарға қарсы күресте топтастырғыш күшке айналды.
Полигонға қарсы күрес жүргізілген осы жылдардың бәрінде де біз ортақ бір ғана мақсатты — сынақтарды тоқтатып, полигонды жабуды көздеген «Невада — Семей» қозғалысымен бір қатарда, бір сапта болдық.
Өкінішке қарай, полигонды жабу туралы мәселе іс жүзінде айқындалған шешуші кезеңде: бұған кімнің еңбегі сіңді?— деген сұрақ төңірегінде кикілжің басталды. Баспасөз беттерінде біржақты баға берілген жарияланымдар қаптап кетті. Олар: тек қана «Невада — Семей» қозғалысының арқасында деп жауап берді.
Бұл қозғалыстың әрбір әрекеті дәл осындай пікір туғызатын рухта жарияланып отырды. Қозғалыс өзін-өзі жарнамалау жағына бірден ауа бастады. Оның көптеген белсенділері, олардың ішінде кездейсоқ адамдар да бар, өз міндеттерін, реті келсе де, келмесе де, тек митингтерге шақыру деп білді және кей кездерде жалған сыбыс таратуға да барды. Ал алшақ кеткен митингтік толқын қажеті жоқ айғайшуға, кейде тіпті тәртіпсіздікке, шынайы өмірден қол үзуге әкеп соқтырды. Солай болды да. Облыс басшылырының еншісіне қара жұмыс тиген еді, оны болашақ ғимараттың ірге тасын дайындау үшін жер қазатын адамның еңбегімен ғана салыстыруға болады. Біз өз жұмысымызды жарнамалаудан аулақ болдық. Керісінше, менменсіген өкіметтің бұлтақтары мен бұрылыстарын жақсы біле отырып, өзіміздің қиын жұмысымызды дабырасыз-ұрансыз тындыруға тырыстық. Шын мәнінде, жұрт біздің қандай шытырман жолдардан, биік-биік бөгеттерден өткенімізді білген жоқ.
Тікетірес жылдарында полигон төңірегіндегі оқиғалардың ортасында болған адам ретінде, мен Семей ядролық полигонын жабу жөніндегі тарихи жеңіске, ядролық сынақтарға қарсы қозғалысқа қатысушылардың барлығының Қазақстан Президентінің, республика Жоғарғы Советінің және барша халықтың бірлесе отырып күш жұмсауының арқасында жеттік дегенді атап айтқым келеді.
Біз «Невада — Семей» тәрізді қозғалысты қолдаймыз, оның бұқаралығы мен адамгершілік мақсаты қоғамға қажет-ақ. Біз бәріміз де өз халқымызға қызмет етеміз, біздің мақсатымыз ортақ болуға тиіс және оған біз бір-бірімізге сенімді тірек бола отырып, қол ұстасып баруымыз керек. Бұған қарсы әрекеттердің бәрі де орынсыз.
1989 жылдың ақпанында Семейдегі
атом полигонын табу үшін күресті
бастауға ұйғарған «Невада - Семей»
қозғалысының алғашқы митингісі
өткізілді. Оны басқарған – белгілі
қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов.
Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының
Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға
мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты
КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды.
Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз
ядролық жарылыстардан қалтырап бітті,
сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу
мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған
Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен
күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ
ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес
болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды
тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік
пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз
үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей»
қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін
үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан
«ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын»
деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері
жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары
құралдарында, телевидение мен газеттерде
әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері
өз сессияларында қозғалыс ұрандарын
талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің
зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың
ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті.
Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы
сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың
бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі
ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий
жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан
Республикасының егемендігі туралы Декларацияда
ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды.
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей
полигонын жабу туралы Жарлық шығарған
күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық
пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы
өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып,
атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала
бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін
Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында
ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды.
1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны
жабылып, 1992 жылдың мамырында о Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаевтың биылғы
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы
БҰҰ-ның толыққанды мүшесi бола отырып, Қазақстан жаһандық серiктестiктiң негiзiнде
Қазақстанның әлемдiк қоғамдастыққа барған сайын таныла түскенiн ескере отырып,
Адамзаттың ғаламдық экологиялық проблемаларының ішіндегі адамның және қоғамның өміріне
Қазақстанда ядролық қарусыз әлем үшін күрес «Невада-Семей» халықаралық ядролық
1989 жылы Семей полигонында жоспарланған 18 ядролық жарылыстың тек
Аталған қозғалысқа Қарағандының 130 мың шахтерлері қызу қолдау көрсетті..
1989 жылғы 20 қарашада Кеңестер Одағының парламенті ядролық сынаққа
1996 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы ядролық сынаққа жаппай
Осы процестің бастаушысы болуға Қазақстанның толық моральдық құқы
Дипломдық жұмыстың мақсаты. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын әлеуметтік
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы басты проблема - әлемде қауіпсіздікті
Дипломдық жұмыстың міндеттері.
- Невада – Семей антиядролық
қозғалысының пайда болу тарихын
- Ядролық қозғалыстарды
саяси институт ретінде қарастыру;
- «Невада-Семей» қозғалысының әлемдік тұрғыдағы маңызына талдау жасау;
- «Невада-Семей» қозғалысының негізгі тәжірибесін бағалау;
- «Невада-Семей» қозғалысының бүгінгі таңдағы проблемалық жағына тоқталу
Зерттеудің объектісі: «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының біздің еліміз үшін маңыздылығын
Дипломдық жұмыс тақырыбының ғылыми зерттелу деңгейі: Дипломдық жұмыс тақырыбының
Президент Н.Назарбаевтың бірқатар еңбектерінде жалпы ядролық қаруды таратпау тәртібін
Мемлекет қайраткері Қ.Тоқаевтың еңбектерінде Қазақстанның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
Ө.Қасенов өзінің мақалаларында Орталық Азиядағы геосаяси және геостратегиялық жағдайға
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды
Дипломдық жұмысымның кіріспесінде айтып кетуді жөн көргенім: «Невада-Семей» қозғалысының
-Бірінші Конгресс — 1990 жылғы мамырда Алматыда;
-Екінші Конгресс — 1993 жылғы тамызда Алматыда;
-Үшінші Конгресс — 2000 жылғы 17-20 мамырда Астана қаласында
Конгресс жер шарындағы бес полигонда ядролық сынақтың тоқталғанына, ядролық
Үшінші Конгресс БҰҰ-на жалпыға бірдей ядролық қарусызданудың мүмкін боларлық
Қазіргі кездегі ядролық қаруды қолдануға ұмтылып отырған АҚШ басшысының
Вашингтон осы уақытқа дейін ядролық сынақты жалпыға бірдей тыйым
2005 жылы Пентагон РҚҚ қажетіне 9,1 млрд. доллар бөлмекші.
АҚШ президенті Джордж Буш ядролық қарудың жаңа түрлерін жасап
Бомбы жарылған кезде гафниден қырғынға ұшырататын гамма - сәуле
АҚШ-тың әскери ведомствосы жаңа ядролық зарядты маңызды әскери әзірлемелердің
Халықаралық «Невада-Семей» қозғалысы өз міндетін атқарды. Семей ядролық сынақ
Сондықтан Қазақстанда жасалған ядролық сынақтардың зардабын жоюға, халықтың денсаулығын
Қазақстанның «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына жақында ғана Қазақстанды дүр
Ел Президенті О.Сүлейменовтің 70 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзінде былай
«Невада-Семей» Халықаралық қозғалысы Семей өңіріне қолдау көрсеткені үшін басты
Алайда, планетарлық масштабта проблема көлемдірек болып көрінуде. Америка үкіметі
Егер планетаның қоғамдық ұйымдары көңіл бөліп, бас қосып іздесе
1989 жылы жетекші мемлекеттер қару - жараққа 1 триллион
Ал енді өз еліміз Қазақстанның нақты жағдайына келсек, 1992
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен
Кіріспеде Қазақстанда ядролық сынақтан зардап шеккен өңірлерде табиғатты да,
ІІ. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ
1.1 Экологиялық саясат: түсінігі және мәні
Қоршаған табиғи ортаны
• мемлекеттік
• табиғатты пайдаланудың
• қоршаган
• міндетті экологиялық
• табиғатты
• қоршаган
• халықаралық
Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарды пайдалану және оны қорғау министрлігінің,
• қоршаған табиғи
• қоршаған табиғи
• мемлекеттік экологиялық
• қоршаған табиғи
• табиғатты қоргау
• табиғат қорғау
• халық
• қоршаган табиғи
Қоршаған табиғи ортаны қорғауды басқарудың мақсаты мен әдістері осы
Бүгінде экологиялық қауіпсіздікке және оны тұрақты дамытуға өту Қазақстанның
2030 жылдарға дейін қоршаған ортаны жақсарту жөнінде төрт
1 Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін
2. Табиғи ресурстарды
3. Түрлі-түрлі жануарлар
4. Экологиялық білім беру.
Ұзақ мерзімді стратегия төрт кезеңге
• бірінші кезең —
• екінші кезең — 2001—2010
• үшінші кезең —
• төртінші кезең —
Әр кезеңдердің өз мақсаттары және оларды іс жүзіне асыру
1.2 Қазақстан Республикасының
экологиялық саясаты және бағыттары
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1998 жылдың сәуір айында халықтық экологиялық
Соңғы жылдары Қазақстанда республикалық және жергілікті бюджеттер табигатты қорғау
Қорлардың дербес болмауы едәуір қаржылардың бір бөлігін мақсатсыз пайдалануға
Осыған орай, «Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау» туралы Заңына
сияқты «Мемлекеттік қор жөнінде ереже және қоршаған ортаны қорғау
Табиғи ортаны қорғау қорларының қаржылары басқа қаржылардың көздерін есепке
• қоршаған ортаның
• ғылыми-техникалық зерттеулерге,
• қоршаған ортаның
• заңды
• мемлекеттік
• ластанудың
• қоршаған ортаны
• экологиялық
• қорлардың басқару аппараттарын
• ауыртпашылық
Қоршаған ортаны қорғаудың Республикалық қоры жергілікті қорлардың аударған ақша
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы "Экологиялық сараптама туралы";
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қарашадағы "Жануарлар дүниесін қорғау,
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпанындағы "Өсімдіктер карантині туралы"
Экологиялық талаптардың бұзылуы орыналғандығы Қазақстан Республикасының "Экологиялық сараптама туралы"
Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарды пайдалану және оны қорғау министрлігінің,
• қоршаған табиғи
• қоршаған табиғи
• мемлекеттік экологиялық
• қоршаған табиғи
ІІ. НЕВАДА – СЕМЕЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ
1.1. Невада – Семей антиядролық
қозғалысының пайда болу тарихы
Антиядролық қозғалыс - әлем халықтарының ядролық соғыс қаруын жасауға,
Бейбіт өмірді тілеген елдер үшін ядролық қозғалыстардың болуы заңды
Полигон бұл - ғалымдар мен мамандарды, олардың болашақ үшін
Полигонның тағы бір маңызды жері бар: онда радиациялық техниканың
Тағы бір маңызды жері, Семей полигоны халықты атомнан
Сондықтан атомнан безу- біздің өз мәселелерімізді шешу мүмкіндіктерінен безу
Невада – Семей антиядролық қозғалысының пайда болу тарихы: О.Сүлейменовтің
Семей полигоны Қазақстан жеріне, халқына материалдық, әлеуметтік-экономикалық қанша зиян
Семейдегі қырық жылдық ядролық сынақ қоршаған орта мен ондағы
1-ші сызба:
Семей полигоны: қырық жылға созылған қасірет
Аймақтарды бөлу Тұрғындарға әсер Облыс, аудан елді
ету дозасы мекендері
Төтенше 100 Семей облысы:
радиациялық ықпал
Абай, Бесқарағай,
ету аймағы
Жаңасемей
аудандары.
Радиациялық ықпал 30-100 Бесқарағай, Жаңасемей
аудандары, Абай және
Абыралы аудандарының
бір бөлігі.
Радиациялық ықпалы 7-35 Семей, Курчатов
жоғары аймақ
қалалары, Шұбартау,
Жаңа Шульба,
Бородулиха, Шар,
Жарма, Аягөз аудандары
Радиоактивті тозаң жер қыртысын, топырақты, өсімдіктерді, су көздерін ластады.
Облыстық онкологиялық диспансерден алынған мәліметтерге қарасақ, «Семей облысы бойынша
Семей полигонының адам денсаулығына зияндылығы туралы Семей медициналық институтының
Полигон жабылып, ядролық сынақтар жасау тоқтатылғанымен жергілікті халықтық азап
Қатерлі ісіктердің қатарына ақ қан (лейкоз) ауруы да жататыны
Ең алдымен бұл арада Семей ядролық полигонындағы сынақтар кезінде
Одан әрі айтсақ – 1945 жылғы атомдық бомбалардан зардап
Семей өңіріндегі тұрғындарының қатерлі ісікпен ауырғандары мен
өлгендерінің 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіші төмендегідей:
2-ші сызба:
Семей полигоны зардаптары
Ауру түрлері Ауырғандардың көрсеткіштері Өлгендердің көрсеткіштері
1990, 1989, 1988 1990, 1989, 1988
Қатерлі ісікпен
ауырғандардың саны, соның ішінде әртүрлі рак ауруларымен ауырғандар және
а) тыныс жүйесінің рагі 34,9
ә)асказан рагі б) кылтамақрагі 28,8 24,1
Семей полигонының ықпалы мен себеп-салдары облыс, қала тұрғындары арасындағы
Көшіп-қонушылардың басым көпшілігі еңбек жасындағыларды құрайды. Қалалық жерге келгендердің
Қаладан көшіп кеткендердің 73 пайызы, ауылдан кеткендердің 75 пайызы
Ауылдық жердегі әлеуметтік-тұрмыстық, экономикалық жағдайдың төмен болуы, жұмыссыздық, мектепке
1990 жылдардағы көші-қон дәрежесінің осыншалык, сандық сипат алуы кейінгі
Қазақстан мен полигон кешенінің байланыс тарихы сан алуан, бірақ
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы басты проблема - әлемде қауіпсіздікті
КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасы аумағында қалып қойған ядролық,
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет болуы
-Бірінші Шарт- ядролық қаруы бар мемлекеттер тарапынан Қазақстанға болашақта
-Екінші Шарт — ракеталардағы уран құнының Қазақстанға қайтарылуы. 1992
-Үшінші шарт — Қазақстан
экономикасына қаржы жұмсау жөніндегі
келісімнің
1995 жылғы сәуір айында Қазақстан аумағынан континентаралық баллистикалық ракеталардың
Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан дүниежүзіндегі бірінші
1991 жылғы 29 тамыздан бастап Семей полигоны жабылды. Бұдан
2002 жылғы шілде айында «Үлкен сегіздік» басшыларынын бас қосуында
1972 жылғы 26 мамырдағы АҚШ пен КСРО арасындағы ракетаға
Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт 1996
2002 жылғы мамыр айында АҚШ пен Рссей арасында стратегиялық
Енді биологиялық қаруды жою бағытында әлемде нендей іс-шаралар жүргізілуде
Қазіргі кездегі соғыс қаупінен кем түспейтін проблемалардың бірі –
Сондай –ақ теңіз ортасынан орын тепкен «Возрождение» аралының
«Аральск-7» аталған биологиялық қаруға сынақ алаңы болған «Возрождение»
1988 жылы Ресейден Возрожденияға «Сібір жарасы» тиелген 24
«Сібір жарасы» қалбырларының осы аралдың астында көмілгені айтарлықтай
Арал өңірінің экологиялық зардабы туралы Иоханнесбургте өткен жаһандануға арналған
Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері Қасымжомарт Тоқаев өзінің «Беласу» атты
Химиялық қаруды өндіруді тоқтату және оны жою жөніндегі Конвенцияға
Ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қол қою 1968 жылы
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер: «Барлық елдердің ядролық қаруды
Қазақстан мен Қытайдың өзара қатынасы қаяу түсірген ядролық қауіпсіздік
Қытайда 1980-1996 жылдар арасында атмосферада қуатты бір мегатонналық
1994 жылғы 10 маусымда Қытайда ядролық қарудың жер астында
Корея Халық Демократиялық Республикасы 2003 жылғы қаңтарда елдің ұлттық
- Біріншіден, АҚШ Президенті Джордж Буш 2002 жылдың 30
- Екіншіден, 1994 жылы АҚШ Солтүстік Кореямен Ионбендегі атом
Әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке жеңіл атыс қаруын заңсыз тарату
2001 жылғы шілдеде Нью-Иоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының арнаулы Конференииясында
Сонымен, адамзаттың алдындағы ең кезек күттірмейтін міндеттің бірі -жаппай
Семей ядролық полигоны қай кезден бастау алады? Семей
1949 жылғы 29 тамыз күні
Семей ядролық полигонында алғашқы
-біріншісі, сынақшыларды ордендермен марапаттауға ұғыну туралы;
-екіншісі, сәтсіз болған жағдайда, ату туралы еді.
Осы күннен бастап КСРО әскери-өнеркәсіп кешені Қазақстан тұрғындарына қарсы
Полигонда алғашқы 14 жылда уран, сутегі және плутон бомбаларын
Аудан, ауылдың адамдарына, аудан орталығында әдейі қалдырылған 40 адамға
1987 жылы қуаты 20 килотоннадан 150 килотоннаға дейін жететін
Енді жаңа проблема –бізді қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз
Маршал Г.К.Жуков өзінің естеліктерінде былай деп жазады: «Қай күн
Сол сәтте У.Черчилль қайтер екен дегендей, И.В.Сталиннің бетіне қадала
Іс жүзінде 1943 жылы, неміс коммунист-физигі К.Фукстың АҚШ-та үлкен
Әлем тарихында бірінші ядролық қаруды сынауды АҚШ 1946 ж.
Бірақ адамзат Хиросима қасіретінен Семей қасіреті алыс емес екенін
Біріншіден, ядролық жарылыстар өте көп жасалды.
Екіншіден, бұл жарылыстар 40 жыл бойына әртүрлі қуатта жасалып
Үшіншіден, адамдар радиация сәулесін ондаған жылдар бойына көп
Төртіншіден, семейліктер зардап шеккен жапон қалаларының тұрғындары сияқты сәуле
Екі қала – Хиросима мен Семей арасын жарты ғасыр
Ал қырықыншы жылдың аяғында Сарыарқаның төрінде халық үшін жұмбақ
ССРО-да бірінші атом бомбасын жасаушылардың бірі өз естеліктерінде Берия
Ондаған жылдар бойы ядролық қару жасаумен шұғылданып келген полигон
Бас конструктор Б.В.Литвиновтың: полигонда күрделі физикалық зерттеулерге арналған аспаптар,
Ядролық қаруға келетін болсақ, оны тек есі ауысқан адам
Адамзат баласы дүние жүзінде ядролық қарудың аз болуы,

- Семена масличных культур, как вид сырья для предприятий малого бизнеса
- Семен Герасимович Зыбелин
- Семен Иванович Дежнев
- Семен Иванович Дежнев
- Семенов Николай Николаевич
- Семеноводство многолетних трав
- Семеноводство полевых культур
- Семейство протоколов TCP/IP. Структура стека
- Семейство Розовые
- Семейство розоцветные
- Семейство сложноцветные
- Семейство сложноцветные
- Семейство Хвощовые
- Семей ядорлық полигоны