Шағын және орта бизнесті дамыту жолдары
Кіріспе.......................
1. Шағын және орта бизнес түсінігі......................
1.2 Қазақстан экономикасындағы
шағын және орта бизнестің
рөлі ..............................
2. тарау. ҚР шағын және
орта бизнестің даму тенденциялары
..............................
3. ҚР – дағы шағын және
орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары..................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
К і р і с п е
Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2010 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 27% - ды құрады, ал 2011 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 30 % - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2012 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 40% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.
Сонымен қатар шағын жәнеи орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы бітіру жұмысының өзектілігін анықтайды.
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ – ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды етеді.
1. Шағын және орта бизнес түсінігі.
Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р.Контильион (XVIII ғ.) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұның дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Йозеф Шумпетер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.
Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар – эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассортиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, формальділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес ( жалпы бөлім ): « кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады ».
Соған қарамастан, тәжірбиеде « кәсіпкерлік » пен « бизнес » терминдері бірін – бірі алмастыруда. Нақтылап кететін жағдай, « кәсіпкерлік » және «шағын бизнес» бірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мотиві ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.
2. ҚР – дағы шағын және орта бизнестің даму тенденциялары.
Бұл сұрақта Қазақстандық кіші және орта кәсіпкерліктің қазіргі кезедегі мен соңғы жылдардағы жағдайы қарастырылады.
Дамыған индустриалды мемлекеттерде шағын бизнестің өзі ғана жалпы ішкі өнімнің 50% - дан астамын алады. Біздің елімізде болса, шағын бизнесті және оған орта бизнесті қосқанның өзінде олардың ЖІӨ - гі сыбағалы үлесі 40% - дан аспайды. Мәселен, 2010 жылдың нәтижелері бойынша еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы іші өнімдегі үлесі 27% болды, ал 2011 жылы бұл пайыздық қатынас 30% шамасында болды. Бұл статистикалық мәліметтер осы сектордың ұлттық экономикасындағы елеулі еместігін көрсетеді. /1.,2../.
Бірақ шағын бизнес субъектілерінің елеулігі бөлшек сауда саласында байқалады. Осы саладағы олардың үлесі 90% - ға жетеді.
Мұндай жағдайдың қалыптасуын ең алдымен осы сектордың бәсекелестік еместік қабілетімен байланысты.
Шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы қалыптасып отырған жағдайдың қандай екенін көру үшін енді статистикалық мәліметтерді келтірейік.
Қазақстандық экономиканың соңғы бес жылдағы қарқынды өсуі өзінің бастауын әлемдік рыноктардағы шикізат ресурстарына бағалардың шарықтауынан және үкіметтің сауатты нарық реформаларды жүргізуінен алады. Олардың нәтижесінде Қазақстандық экономикаға ақша массасының (мұнай долларының түсімінен) қысымы артып барады. Сол себепті қазіргі кезде біздің елімізде инвестициялау объектілерінің тапшылығы байқалуда. Сондықтан көптеген тұлғалар өз істерін ашуға тырысуда.
Статистика бойынша ҚР – сы агенттігінің мағлұматтары бойынша 2010 жылғы 1 қаңтар қарсаңында біздің елімізде шағын бизнестің 130779 субъектілері тіркелген. Олардың 71,5% әрекет етеді. Бұл өткен периодтағы осы көрсеткіштегі 11,8% көп. 2010 жылдың 1 қаңтарында белсенді кіші кәсіпорындарының 42,2% саудаға, автомобильдерді жөндеуге және үй шаруашылығы қолдамындағы өнімдерді өндіруге мамандырылған. Ал өнеркәсіптік бағыттағы әрекет ететін белсенді шағын кәсіпорындардың үлесі 12,5% , ал осы кәсіпорындардың 90,2% өңдеу бойынша өнеркәсіптік қызметті жүзеге асырады /3./.
Жоғарыда келтіріліп кеткен статистикалық мәлеметтерден көріп отырғанымыздай шағын бизнес субъектілері көбінесе сауда мен қызмет көрсету саласында әрекет етеді. Ол көбінесе шағын кәсіпорынды ашушылардың бастапқы капиталдарының аздығымен байланысты. Сондай–ақ, өнеркәсіптік қызметті жүзеге асыратын кіші бизнес субъектілерінің аз үлесі мемлекеттік реттеудің жетілмегендігімен және құрал – жабдықтармен технологияларды импорттауға кедендік төлемдердің ауыртпалығымен түсіндіріледі.
Одан ары біз Қазақстанда әрекет ететін шағын кәсіпорындардың салалар бойынша ұсынысының құрылымын қарастырамыз. Олардың ұсыныстарының салалар бойынша құрылымы келесі (2.1. кесте) кестеде берілген /1/.
2.1. кесте. Салалар бойынша кіші бизнес субъектілерінің ұсыныс құрылымы. (01.01.11)14
|
Қызмет ету сферасы |
Үлесі, % |
Орташа құны |
Сауда |
28,9 |
94300 |
Аптекалар, формакология |
2,5 |
90100 |
Ойын - сауық индустриясы |
4,2 |
527500 |
Қоғамдық тағамдану |
11,3 |
240800 |
Өндіріс |
23,1 |
418300 |
Ауыл шаруашылығы |
10,0 |
222100 |
Сервис сферасы |
19,5 |
428050 |
Барлығы |
100 |
288736 |
Келесі статистикалық мәліметтерде біз шағын бизнестің сфералары бойынша инвесторлардың артықшылықтарын беруді қарастырамыз. Олар келесі кестеде (2.2) берілген:
2.2 кесте. Шағын бизнестің сфералары бойынша инвесторлардың артықшылық берулері. (2011ж. 1 қаңтар)
Қызмет ету сферасы |
Үлесі, % |
Сауда |
17,6 |
Аптекалар, формакология |
8,8 |
Ойын – сауық индустриясы |
5,9 |
Қоғамдық тағамдандыру |
17,6 |
Өндіріс |
29,4 |
Ауыл шаруашылығы |
10,0 |
Сервис сферасы |
20,6 |
Барлығы |
100 |
Көріп отырғанымыздай кіші бизнес субъектілерінің ұсынысындағы сауданың алатын сапалық үлесі ең жоғары болып тұр. Екінші орында өндіріс секторы – 23,1% , ал үшінші сервис секторы - 19,5%. Төртінші орында қоғамдық тағамдандыру 11,3% - бен алады.
Сапалар бойынша инвесторлардың артықшылық беруіне келетін болсақ, инвесторлар қазіргі таңда шағын бизнес секторы бойынша өндіріске капитал салымын жасағанды қалайды. 2.2. кесте бойынша ол өндіріс секторына инвесторлардың артықшылық беруі 29,4% - ды құрады. Мұндай тенденцияның қалыптасуы біздің пікіріміз бойынша ақша массасының тез өсуі мен экономикадағы сапаны инвестициялық объектілер мен жобалардың тапшылығымен байлынысты. Сондай-ақ сауда секторы бойынша қазіргі кезде бәсекелестік өте күшті және рентабельділік төмен, сол себепті бірінші орында болып келген сауда секторына инвестициялау қазіргі кезде төмендеп, шағын бизнестегі инвестиция тарту бойынша сауда 3-ші орынға түсіп қалып отыр. Инвестиция тарту бойынша шағын бизнес секторында 2-ші орында қызмет көрсету секторы ашады. Көптеген дамыған елдердің көпжылдық тәжірибесі көрсетіп отырғандай экономика дамыған сайын, оның басым бөлігін қызмет көрсету сапасы ала бастайды. Статистикалық қорытындыларға сәйкес мұндай тенденция бізде де орын алып келе жатыр, инвестициялық тартымдылығы жағынан өткен жыл бойынша 3-ші орынға сауда секторымен қоғамдық тағамдандыру бөлісіп тұр.
2012 ж. 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны бойынша 1-ші орынға Алматы қаласы алады. Осы кезде Алматы қаласында 75512 кіші кәсіпорындар тіркелген. Алматы қаласы бойынша шағын бизнесте жұмысбастылардың саны 184435 адам болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп. Егер 2008 ж. Алматы қаласы бойынша шағын бизнесте 180 мың адам жұмыс басты болса, 2011ж. осы сектордағы жұмыс бастылар саны 475 мыңға жетті. Ал жаңа жұмыс орындарының саны 195 мыңды құрады. Оңтүстік Астанада баршыға 42 мың кәсіпорындар тіркелген. Олардың 27677 нақты әрекет етеді. 20602 жеке кәсіпкер тіркелді. Бұл 2009 жылдың ұқсас периодымен салыстырғанда 48 %-ғы көп. Жалпы Алматы қаласы бойынша кіші бизнес қазынаға 30 млрд теңге түсім түсірген. Бұл қашанда бюджет бойынша шығындарын жабады.
Сондай-ақ шағын кәсіпорындардың тіркелуінің көптігі Астанада, Оңтүстік Қазақстан облысында, шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында бақыланады.
Ал өткен жыл бойынша шығыс кәсіпорындарында ең аз тіркелуі батыс- қазақстан, солтүстік – Қазақстан, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарында болды. Статистика көрсетіп отырғандай тіркелген шағын кәсіпорындар көбінесе өнеркәсіптік базасы және сауда-делдалдық қызмет дамыған аймақтарда шоғырланған. Оны біз келесі кестеден көре аламыз
(2.3 кесте): Шағын бизнес кәсіпорындарының саны.
№ |
Барлық тіркелген қожалықтар |
Олардан әрекет етушілердің саны | |||||
барлығы |
|||||||
бірлік |
Бар/на % |
бірлік |
үлесі |
бірлік |
үлесі | ||
1 |
Республика бойынша |
132308 |
100,0 |
94696 |
100,00 |
46745 |
100,00 |
2 |
Ақмола облысы |
4365 |
3,3 |
3523 |
3,7 |
2174 |
4,7 |
3 |
Ақтөбе облысы |
4921 |
3,7 |
3787 |
4,0 |
1520 |
3,3 |
4 |
Алматы облысы |
5844 |
4,4 |
4673 |
4,9 |
3181 |
6,8 |
5 |
Атырау облысы |
3385 |
2,6 |
2911 |
3,1 |
1044 |
2,2 |
6 |
Шығыс Қазақстан |
8971 |
6,8 |
6282 |
6,6 |
3674 |
7,9 |
7 |
Жамбыл облысы |
4027 |
3,0 |
2817 |
3,0 |
1131 |
2,4 |
8 |
Батыс Қазақстан облысы |
2848 |
2,2 |
2389 |
2,5 |
1296 |
2,8 |
9 |
Қарағанды облысы |
8590 |
6,5 |
6585 |
7,0 |
2849 |
6,1 |
10 |
Қостанай облысы |
5336 |
4,0 |
4038 |
4,3 |
1981 |
4,2 |
11 |
Қызылорда облысы |
2593 |
2,0 |
2157 |
2,3 |
1269 |
2,7 |
12 |
Маңғыстау облысы |
3639 |
2,8 |
2922 |
3,1 |
1270 |
2,7 |
13 |
Павлодар облысы |
6549 |
4,9 |
5009 |
5,3 |
2832 |
6,1 |
14 |
Сол.т Қазақстан облысы |
3055 |
2,3 |
2470 |
2,6 |
1238 |
2,6 |
15 |
Оңт.т Қазақстан облысы |
11971 |
9,0 |
7737 |
8,2 |
3180 |
6,8 |
16 |
Астана қаласы |
10082 |
7,6 |
8646 |
9,1 |
4582 |
9,8 |
17 |
Алматы қаласы |
46132 |
34,9 |
28750 |
30,3 |
13524 |
28,9 |
Статистикалық тіркегіш деректерінде республика бойынша 2009 ж. Ақпан айының 1-ші жұлдызына дейін бизнеспен айналысытанын 132,3% мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген бұл көрсеткіш өтен жылғы осы кезеңдегі деңгейден 11,8% –ға жоғары. Тіркелген кәсіпорынның 71,6% –ға жақыны жұмыс ісьтейтін (экономикалық жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын ) кәсіпорындар. Осы кәсәпорындардың жұмыс істемейтін кәсіпрындар қатарын құрайды. Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындырдың көпшілігі(42%) саудаға автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына (12,7%) және жылжымайтын мүліктер мен аперацияларға жасауға жолдау тұтынушыларға көрсететін көрсететін сапаларға (13,2%) тиесілі.
Өткен жылдың оны кезеңмен салыстырғанда, Алматы (34, 3%), Оңтүстік Қазақстан (22,4%), батыс Қазақстан (18,7%) және шығыс Қазақстан (16,8%) облыстарында және Алматы (15,6%) қаласында белсенді жұмыс істемейтін кәсіпорындар саны қарқынды өскені байқалады.
Республиканың шағын бизнес кәсіпорындар 2010ж. 1 ақпанға есептелген дерек бойынша 478,5 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңіндегі 5,8 %-ға артты. Есептелген дерек бойынша 2009 ж. қаңтар айында өткізілген. өнімнен түскен табыс 48651,3 млн теңге болды, бұл көрсеткіш өткен жылдың өткен жылдың осы кезеніңдегіден 10,9%-ға жоғары .
Ауылшаруашылық саласында шағын бизнес жағдайы шаруа қожалықтарының өркендеуімен сипатталады. Республика бойынша 2009 ж. ақпан айының 1-ші жұлдызына дейін 149,8 мыңнан астам шаруа (фермер) қожалығы тіркелген. Оның 81,2%- дан астамы экономикалық қызметтері белсенді түрде іске асыруда. Шаруа қожалықтарында малдары бойынша, немесе егін алқаптарын пайдаланатын болса, онда мұндай қожалықтар жұмыс істемеейтін шаруа қожалықтар қатарына іледі.шаруа қожалықтары туралы деректер әр облысқа жеке-жеке есептеу арқылы беріліп отыр.
Жалпы тіркелген шаруа қожалықтары мен оларда жұмыс істемейтін адамдардың саны келесі аймақтық кескін бойынша құрылған кестеден көруге болады (2.4 кесте):
Шаруа қожалықтары мен олардағы жұмыс бастылар.
№ |
Барлық тіркелген қожалықтар |
Олардан әрекет етушілердің саны |
Әрекет ететін қожалықтарда жұмбастылар | ||||
бірлік |
Барлығына % - да |
бірлік |
үлесі |
Адам |
Үлесі | ||
1 |
Республика бойынша |
149830 |
100,00 |
121730 |
100,00 |
371890 |
100,00 |
2 |
Ақмола облысы |
4455 |
2,97 |
2805 |
2,30 |
10540 |
2,83 |
3 |
Ақтөбе облысы |
4587 |
3,06 |
3273 |
2,69 |
9179 |
2,47 |
4 |
Алматы облысы |
39195 |
26,16 |
31744 |
20,08 |
96800 |
26,03 |
5 |
Атырау облысы |
1466 |
0,98 |
1039 |
0,85 |
2261 |
0,61 |
6 |
Шығыс Қазақстан |
13029 |
8,70 |
12218 |
10,04 |
35338 |
9,50 |
7 |
Жамбыл облысы |
10641 |
7,10 |
8009 |
6,58 |
26700 |
7,18 |
8 |
Батыс Қазақстан облысы |
3748 |
2,50 |
2799 |
2,30 |
9557 |
2,57 |
9 |
Қарағанды облысы |
5540 |
3,70 |
4690 |
3,85 |
18350 |
4,93 |
10 |
Қостанай облысы |
7887 |
5,26 |
4170 |
3,43 |
10250 |
2,76 |
11 |
Қызылорда облысы |
1792 |
1,20 |
728 |
0,60 |
3334 |
0,90 |
12 |
Маңғыстау облысы |
727 |
0,48 |
345 |
0,28 |
660 |
0,18 |
13 |
Павлодар облысы |
3526 |
2,35 |
2294 |
1,88 |
7850 |
2,11 |
14 |
Сол.т Қазақстан облысы |
6050 |
4,04 |
4630 |
3,80 |
13000 |
3,50 |
15 |
Оңт.т Қазақстан облысы |
47115 |
31,45 |
42974 |
35,30 |
128025 |
34,43 |
16 |
Астана қаласы |
25 |
0,02 |
3 |
0,00 |
4 |
0,00 |
17 |
Алматы қаласы |
52 |
0,03 |
9 |
0,01 |
42 |
0,01 |
Қазақстандағы қазіргі таңда кіші және орта бизнестің жағдайы дамыған мемлекеттермен салыстырғанда нашарлау болып табылады. Себебі, кіші және орта бизнестің дамуындағы кедергілер өте көп. Бұл кедергілер мемлекеттің саясатымен рыноктың инфрақұрылымының жетілмегендігінен./4/
Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік жаңа даму сатысында. Осы секторларға елеулі үлкен қаражаттар инвестициялануда. Бірақ бұл инвестициялау ассиметриялы болып отыр. Капитал салымдары көбінесе осы сектор бойынша, яғни кіші және орта кәсіпкерлік сферасында сауда саласына және сервиспен шағын және қызмет көрсету бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Оның себебі, шағын және орта бизнестің осы сфераларында инвестициялы ақталу мерзімі қысқалау және бұл сфераларда өтемпаздықты көтеретін айналым қажаттары көп болғандықтан.
Сондай-ақ біздің еліміздегі кіші және орта кәсіпкерлік секторында инновациялық қызметті жүзеге асыру дамымаған. Жалпы инновациялық қызмет айналысатын венчурлық кәсіпорындар біздің елімізде жоқтың қасы. Бірақ болашақта мемлекеттің жүргізіп жатқан ұлттық экономиканы диферсификациялау мен модернизациялау юойынша қабылданған тұрлі бағдармалар мен жүргізіліп жатқан саясатына байланысты мұндай кәсәпорындар көбейді деген үміт бар. Ал мұндай кәсіпорындар үшін кіші бизнес субъектісі болуы тиімді, себебі, венчурлық кәсіпорындар сыртқы орталық түрлі өзгерістеріне тез бейімделеді.
Жоғарыда жасалған талдау келесі тендецияларды көрсетеді:
- Белсене жұмыс істейтін кәсіпорындардың аз үлесі кезінде шағын кәсіпкерлік объектілерінің тұрақты сандық өсуі;
- Сауда мен қызмет көрсету сферасында шағын кәсіпкерлік объектілерінің шоғырлануы;
- Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу мен салық салуды, несиелеудің шешілмеген проблемалары;
- Үлкен қаржылық мүмкіндіктері бар адамдардың осы секторға инвестициялауды жүзеге асыра бастауы;
- Шағын бизнеспен орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолданудың тиімсіздігі /5/
3 .Қ.Р. шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары.
Дағдарыстар мен күзелістерді спонтанды түрде пайда болған жағдай мен статикалық процес ретінде қарастыруға болмайды.
Кәсіпорынның нормалды дамуы түрлі ауытқуларға ие болып, оның өсуіндегі қателіктерге алып кешуі мүмкүн де, кәсіпорынның өмір сүруі екі талай болуы мүмкүн. Курстың дұрыс коррекциясын әзірлеу үшін дағдарыстың және дағдарыстық процестің дамуы сатыларының барысы жөніндегі нақты білімдер мен дағдыларға ие болу керек /6/.
Дағдарыстың процесі
Кәсіпорынның дағдарысы әдетте уақыты жағынан шектелген болады. Күйзелістен процесінің кәсіп орында оның құрлымына иновациялық әлеуетіне және т.б. байланысты түрлі созылмалылығымен, интенсивтілігімен және түрлі ауырлығы түрлі дәрежеге салдармен сипатталады.
Кәсіпорынның дағдарысын сипаттайтын түрлі динамикалық түрдегі қойымдылары мен көзқарастары болады.
Мюллер өзінің зерттеулерінде
стратегиялық дағдарыстар,
Дағдарыстың мұндай турлерінің туындау процесі келесіні білдіреді: Мюллер бойынша кәсіпорын табыстардың дені сау жағдайында назар аударатын табысталыққа жетудің потенциал түсінігін қолданады. Бірақ потенциал біртіндеп таусылады және егер жақсы айналымды берген ескірген кеткен Өнімдер-киделер орнына жаңа ауыстырмалы табылшасы, кәсіп орнына стратегиалық дағдарыс бойында болады. Нәтижелердің дағдарыс, мысалы бұрынғы Өнім-лидер қоймалық шығындардың жоғарлағында туындайды, ол өз кезінде сыртқы көздерден алынатын инвестицияларды таныр етеді. Ал өтемпаздық дағдарысы классикалық түрде, мысалы кәсіпорындағы барлық процестер сыртқы көздерден қарастырылғанда несие берушілердің шектеулерінен туындайды
(3.1сурет)/6/.Мюллер бойынша дағдарыстың процесі.
Бұл сурет бойынша ерекше момент – бұл дағдарыста айқындаудың дағдарыстың даму процесіне қайшылығы, яғни кәсіпорын өзінің дағдарыс жағдайында екенін, көбінесе күйзелістің «Нәтижелер дағдарысы» мен «өтемпаздық дағдарысы» сатыларында түсіне бастайды.
Дағдарыстық процесті түрлі сатыларға бөлудің қажеттілігі ең алдымен, дағдарысқа ықпал ету және дағдарысты болдырмаумен одан өті бойынша шараларды қолданудың кезі мен уақытын анықтау мен байланысты.
Крисиек бойынша дағдарыстың процестің сатыларын дағдарыстан өту потенцияның, мүмкіндігі және оны ертерек анықтау тұрғысынан сипаттайды. (3.2.)
3.2. сурет. Дағдарыстық процестің сатылары.
Кристек бойынша дағдарыстық процестің сатыларын келесідей түрде сипаттауға болады:
- Саты: потенциялды дағдарыс. Мұндай дағдарыс- тізбекті процес секілді өзін мүмкінді, потенциялды фазада тауып, ол кәсіпорынның нақты дағдарысы ретінде айқындалмайды. Дағдарыстың айқын сипаттарының жоқтығынан кәсіпорынның мұндай жағдайы квазинормалды деп сипатталады, яғни әдетте кәсіпорын басталғанын көрсететін уақытынан сипатталады.
- Саты: латексті көрінбейтін дағдарыс. Дағдарыстық бұл фазасы енді басталып келе жатқан дағдарыстың асқынуы бойынша ықтималдықтың үлкен шамасымен сипатталады. Мұндай дағдарыс сатысында кәсіпорын оны стандартты инструменттер көмегімен ықпал етуі қолдану арқылы дағдарыстың осы сатысына белсенді әсер ету алдын – ала айқындау шараларын жүзеге асыру көмегімен болады. Жалпы дағдарыстың осы кезеңінде оны жоюдың потенциясы толығымен пайдаланбайды. Бұл әсерде ең негізгісі ертерек айқындау жүйесіне сүйену керек.
- Саты:өткір өтуге болатын дағдарыс. Бұл сатыда кәсіпорын дағдарыстың негативті әсер етулерін сезе бастайды. Сонымен бірге бұл сатыда кәсіпорынға бағытталған деструктивті ықпал етудің интенсивтілігі күшееді. Ол болса уақыттың тапшылығына, қысымына, тезділігіне шешім қабылдаудың тезділігіне алып келеді. Дағдарыстың бұл кезеңінде одан ары проблемаларды (дағдарыстан өту факторлары) шешудің әрекет етуші жолдарын табуға талаптар уақыттың тығыздығына байланысты жоғарлайды. Сондай-ақ бұл кезең барлық үлкен күштерді жұмылдыру арқылы дағдарыстан шығу бойынша шаралар мен қолда бар резервтердің таусылуымен сипатталады. Бұл жағдайда жалпы өткір дағдарыстан шығудың мүмкіндігі жоғары болады. Тағы да дағдарыстан өтуге талаптар шегіне дейін жоғарлап, аз уақыт аралығында ситуацияны жақсарту үшін шаралар өзінің нақты қабілеттілігі мен әрекеттілігін көрсету қажет.
- Саты: өткір өтуге болмайтын дағдарыс. Егер дағдарысты локализациялау жүзеге аспаса, онда кәсіпорын жоюмен аяқталатын дағдарыстық процестің соңғы сатысына көшеді. Бұл сатыда дағдарыстан өту үшін кәсіпорынға қойылатын талаптар оның потенциялынан әлдеқайда жоғары болады. Бұл жағдайда кәсіпорынның дағдарыстан шығуы мүмкін емес болады. өйткені осы кезеңде нақты әрекеттер болмайды немесе олар потенциалдың төмендігіне байланысты тиімсіз болады және уақыттың күшті қысымымен кәсіпорынға қарсы де структивті ықпал етушілердің интенсивтілігі күшееді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктермен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың 3 түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын, олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар-нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар-экономика «қанқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисы.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассортиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кзінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтінің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады.Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру.Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдікттер тәртібін тағайындау керек.
Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтың арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі-ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу-шағын және орта бизнес қызметі.
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.

- Шағын және орта бизнесті несиелендіру. Жекелеген түрлерін ұйымдастыру
- Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері
- Шағын және орта бизнестің мәні және қызмет атқару ерекшеліктері
- Шағын және орта бизнес түсінігі
- Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы мен дамуын талдау
- Шағын және орта кәсіпкерлік
- Шағын және орта кәсіпкерлік
- Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау
- Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау
- Шағын және орта бизнес
- Шағын және орта бизнес
- Шағын және орта бизнес
- Шағын және орта бизнести несиелеу ерекшеліктері
- Шағын және орта бизнесті дамытудың шетелдік тәжірибесі