Шохан Уәлиханов



Шоқан УӨЛИХАНОВ

(1835—1865)

«Еуропаға ашқан терезе»

    Шоқан (Мұхаммедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі. Ол – өз дәуіріндегі орыстың прогресшіл ғылымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүрінде тәрбие алған, әр алуан ғылым саласын меңгерген және оны алғаш зерттеген адам. Оньщ философия, этнография, тарих, экономика, құқық, жағрафия, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы жайындағы кұнды-құнды еңбектері мен пікірлері бар.

       Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға сұлтан болған. Кейін туған елі – Көкшетауға көшіп келіп, Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында өткен.

     Жасында ауыл мектебінде мұсылманша хат таныған Шоқан кейін орыс мектебі тәрбиесінде өскен. 1847—1853 жылдары ол Омбыдағы Кадет корпусында оқиды. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ұштауда бұл оқу орнының мәні ерекше. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген. Корпустың оқытушылар кұрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.

Кадет корпусына алғаш окуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмейді екен. Бірақ ол өзінін зеректігімен тілді тез үйренген. Өзі катарлас окушылардан анағұрлым озық оқыған. Шоқанның корпуста бірге оқыған досы және кейін үлкен этнограф-ғалым болған Г. Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді... Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оку орнына түспей түрып-ақ сурет сала білетін», — дейді.

Екінші курстан бастап-ак Шоқан өзінің таңдаулы үстаздарымен қарым-катынаста болған. Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті тарихының окытушысы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал еткен. Өз дәуірінің алдыңғы катарлы ойшылдарымен пікірлес Костылецкий сабағын Белинский идеяларынын негізінде жүргізген. Ал Гонсевский әр елдің азаттық жолындағы күресі тарихын көбірек әңгімелеген. Осы оқытушыларынын әсерімен Шоқан сол кезден бастап орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін, орыс революцияшыл демократтарының еңбектерін оқыған. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен, Белинский т. б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей окып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын анғара алатын, өз кезінін саналы азаматының бірі болған.

Шоканның зерттеушілік кабілеті де корпуста оқып жүргенде оянған. Жазғы демалыс кездерінде ол ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді, халық жырлары мен дастандарын жазып алумен шұғылданған. Мысалы, Шоқанның алғашқы жазып алған шығармаларының ішінде «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жыры болған.

        1852 жылы Костылецкийдің кемегімен Шоқан кернекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И. Н. Березинмен танысады. Березин Шоқан жинаған қазактың ауыз әдебиеті нұсқаларын, «Қозы Керпеш — Баян сүлу» жырын алған, ал өз тарапынан Шоқанды ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан.

Шоқанның сол кездің алдыңғы қатарлы ой-пікірімен таныстығын оның жолдастарының көбі үлгі тұтқан және Шоқан олардың Еуропа мәдениетіне бет бұруына себепші болған. «Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сыкылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, — деп жазады Г. Н. Потанин. — Өзінің бізден артық білетіндігін, не біздерден білімі жағынан жоғарылығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың арасында болатын жай әңгімелердің өзінде-ақ оның білімінің бізден артықтығы танылып калатын. Жалпы жолдастарына, сонын ішінде маған, ол еріксіз «Еуропаға ашқан терезе» сықылды болды».

Шоқанның сабақтан тыс уақытта көп оқып, зерттеген еңбектерінің бір саласы сол кездегі саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған кітаптар болды. Мұның өзі оған үлкен әсер етеді. Ол саяхатшы болуды, ең алдымен, Орта Азияны аралап, зерттеуді армандайды.

 

 

 

 

 

«Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы»

 

      Кадет корпусын 1853 жылы 18 жасында бітірген Шоқан Омбыда әскери қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарын басқаратын генерал-губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады.

    1855 жылы Шоқан Орталык Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (кұдай)», «Қазақтардағы шамандықтың калдығы» деген еңбектер жазады.

1856 жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен Үлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағы да қырғыз елінде болады. Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстық көл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» атты енбектерін жазуға пайдаланады.

          Бұл еңбектерді орыс ғалымдары аса зор бағалаған. Оларда жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпы жан-жақты зерттеледі. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттеген. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған.

       Шоқанның демократтық, ағартушылық көзқарасын аныктауда бұл еңбектердің үлкен маңызы бар. Оларда Шокан қоғам өмірінің дамуы мен келешегіне орыс революцияшыл-демократтарының тұрғысынан кдрайды. Ой-тұжырымдарын өз халқының тіршілігі мен мәдени дамуының жағдайларына лайық дамытады. Әдебиет мәселелері жөнінде Шоқан сол кездің өзінде-ақ көп тың пікірлер айтқан.

Шоқан әр халықтың әдебиетіне оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыста карайды. Әсіресе, оның қазақ поэзиясының халықтық сипаттары жайлы ойлары қызғылықты. Поэзияның халықтың рухани серігі болып келгендігін айта оты-рып, ол: «Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте

қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жок деуге болады. Олардың бірін суырыпсалма ақындар не жыр-шылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде  ұмытылмастай  етіп  белгілі  бір  сыбызғышы не  қобызшы музыканттар тастап кеткен», — деп жазды.

           «Оңтүстік Сібір руларының тарихы туралы ескертпелер» атты енбегінде ол халық аңыздары мен ертегілерінің негізін де өмірмен, шындықпен байланыстырады. «Егер Гомердің поэзиялык аңыздарынан, Геродоттың ел аузынан жинаған ертегілерінен аздап болса да тарихтық қасиет тапсак, егер өмірді қаншама бұрмалап баяндағанмен, әрбір ертегінін негізінде шындык жатады десек, қазақтардың бір-біріне жалғасып жататын аңыздарында, өмір бейнесінде, қазіргі әдет-ғұрпында бұрынғы ата-бабаларының тарихи мәні бар оқиғалары жататынына күмәнданбауымыз керек», — деп жазады ол. Шоқан еңбектерінде әр дәуірдегі халық әдебиетінің бағалы нұсқаларын жасаған және ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін жырлап жеткізген Орынбай, Шөже, Жанақ, Арыстанбай, Нүрымбай сиякты акындардың есімдері келтіріледі. Шоқан олардың бірқатарынан халық әдебиетінің үлгілерін жазып алған. Солардың ақындық, жыршылык енбектері негізінде ол қазақ өлеңдерінің халыктығы жайлы құнды пікірлер де айтады.

        Осы тектес материалдарға сүйене отырып, Шоқан көшпелі ел-дердің мәдениеті жок деп санайтын және оны менсінбейтін кейбір Еуропа ғалымдарының пікіріне дау айтады. «Көшпелі елдерді аң тәрізді жауыз тобыр санап, беталды жүрген тағылардың есебінде түсінетін жалған ұғым казірдін өзінде де Еуропада үстем болып ке-леді,—деп жазды Шоқан. — Олар көшпелі монғол немесе казақтар дегенді түрпайы, мал тәрізді тағылар деп ұғады. Ал, шындығына келгенде, сол тағылардың көбінің жазба түрінде немесе ауыз әде-биеті, аңыз – әңгімелері бар. Өлеңге, әсіресе, суырып салма өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өздеріне төн ерекшелігі деуге болады».

        Қазақ халкының ауыз әдебиеті мұраларын жинай, зерттей жүріп, Шоқан олардың славян халыктарының, әсіресе, орыстардың ауыз әдебиетімен байланысын анықтайды. Және оның себебін екі халықтың тарихи тағдырластығынан іздейді. «Көп уақыттан бері қазактың ертегілерін, мифтерін, эпикалық жырлары мен аңыздарын жинаумен шұғылдана жүріп,  олардың Еуропа халықтарының, әсіресе, славяндардың осы тектес шығармаларымен бір сарындастығына кайран қалдым», — дейді ол «Жоңғария очерктерінде». Бұл пікірді Шоқан орыс-қазак ертегілерін, мақал-мәтелдерін салыстыра отырып дәлелдейді.

 

       Өмір шындығының үқсастығы әдебиетте де тақырып, сюжет ұксастығын туғызатынын Шоқан казақ пен араб поэзиясын салыстыра отырып айтады. «Дала емірін жырлаған поэзия болғандықтан, бұл екі елдің поэзиясы да бір-біріне өте ұқсас. Екеуінің сюжеті де, дала өмірі тәрізді, үнемі біркелкі боп келеді. Екеуінде де көшпелі тұрмыс, сұлу табиғат, рулардың қарым-қатынасы, талас-тартысы суреттеледі» — деп жазады.

        Шокан көшпелі халықтарда өлеңді суырып салып айту өнерінің күштілігіне назар аударады. «Көшпелі елдердің кай-қайсысының болсын бір өзгешелігі — олар өлең-жырға бай, шебер келеді, — деп жазады ол. — Бәдәуилердің1 акын келетіндігі Еуропа халықтарына әбден мәлім. Арабия даласын аралағандардың бәрі де жас балалардың өздеріне қойылған сұрауларға қисынды, ұйқасты өлеңмен жауап қайтаратынын айтып, ауыздарының суы құриды. Монғол, түрік тектес рулар да дәл осындай... Мүндай касиеттердің болуына көшпелілердің алаңсыз көшпелі өмірі әсер етті ме, әлде ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай тізілген жүлдыздары көп ашык аспанды сұлу табиғаты әсер етті ме, кім білсін!»

      Шоқан тарихи манызы бар шығармаларға көңіл бөлді және олардың жалпы фольклорды, оның өсу кезеңдерін тану, білу үшін ғажап кұнды мұра екенін атап көрсетті. Мысалы, ол қырғыз халқының «Манас», «Семетей» туралы дастандарын эпостың кемеліне келіп жетіскен кезін көрсететін және көлемі жағынан дүние жүзінде теңдесі жоқ, оқиға қүру, адам бейнелерін жасау жағынан да аса құнды туындылар ретінде бағалаған. Жазуы жок, елдердің өткен тарихы мен салтын тануымыз үшін мұндай ұзақ желіге күрылған, күрделі эпостардың үлкен мәні барлығын Шокан дұрыс түсініп, соны «Манас» үлгісінде көрсетпек болған. «Манас», — дейді Шо-қан, — қырғыздардың ескі мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен жиналып, бір адам — Манастың төңірегіне топталған энциклопедия. Бұл жағынан, ол даланың «Илиадасы»2 тәрізді. Бұл аса зор эпопеяда кырғыз халкының өмірі, әдет-ғұрпы, жағрафиясы, діни дәрігерлік ұғымдары, шетелдермен қарым-қатынасы түгел қамтылған. ...Екінші эпос — «Семетей» — «Манастың» жалғасы. Бұл — қырғыздың «Одиссеясы»3.

«Манас» жырын бірінші рет баспаға ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған да Шоқан.

Шоқан әдебиет теориясының да кейбір мәселелерімен шұғылданған. Қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысысын зерттеген, қазақтың өлең құрылысымен орыс ғалымдарын таныстыруды ойлаған.

          Қазақ өлендерін Шоқан жыр, жоқтау, қара өлең, кайым өлең, өлең деп беске бөлед. Олардың қайсысы ескі түр, қайсысы жаңа түр екендігін, қайсысын кімдер айтатынын әңгімелейді. Шоқанның қазақ өлеңдерін бұлай жіктеуі сыртқы түрі жағынан алғанда шамаға келеді. Ол қазақ өлендері құрылысын жыршылардың өлең айтқанда қобыз не домбыраға косып айтуына карап жүйелеген.

Шоқанның демократтық, гуманистік ой-пікірлерінің толысуына оның оқыған кітаптарымен қатар Омбыға жер ауып келген орыс ойшылдары мен жазушылары көп әсер еткен. Бүл жылдары ол петрашевшіл акын С. Ф. Дуровпен, саяхатшы П. П. Семенов-Тянь-Шанскиймен, атақты орыс жазушысы Ф. М. Достоевскиймен танысып, достасады.

        «Сіз мені жақсы көремін деп жазыпсыз, — дейді Ф. М. Дос-тоевский Шоқанға кайтарған жауап хатында (1856). — Ендеше мен туралап-ак айтайын мен сізге ғашықпын. Мен сізді жақсы көргендей ешуақытта да, ешкімді де, керек десе, туған бауырымды да жақсы көрген емеспін... Сіз менен өзіңіздің қызметіңіз жөнінде және жалпы жағдай жайында ақыл сұрайсыз. Менің ойымша істеп жүрген жұмыстарыңызды тастай көрмеңіз. Сіздің материалдарыңыз көп. Қазақ даласы жайында мақала жазыңыз... Қазақ даласының не екенін, оның маңызы және өз халқыңыздың Ресейге қандай қатысы барын Ресей халқына түсіндіріп беретін ең бірінші қазақ болу дегеннің өзі ұлы мақсат, ардақты іс емес пе? Оның бер жағында, орыстар арасында өз Отаныңыздың ағарту жолындағы іздеушісі болуыңыздың өзі қандай игілікті. Еуропаша толық білім алған ең бірінші қазақ екеніңіз есіңізде болсын. Оның үстіне, тағдыр сізге адамгершілік қасиеттер дарытып, тамаша адам етіп жаратқан».

      П.П.Семенов-Тянь-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізгенде Шоқанмен акылдасып отырған. Ыстықкөл сапарында біраз жерлерді екеуі бірге аралаған. Шоқан енбектерін ол аса зор бағалаған. Семенов-Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылғы 27 ақпанда Шоқан Орыс жағрафиялық коғамының толық мүшелігіне сайланады.

1858—1859 жылдары Шоқан өзінің әйгілі Қашқарияға саяхатын жасайды. Қашқария бұл кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Шоқан сол өлкенің жаратылысы, тарихы, этнографиясы жайында көп мәліметтер жинайды, Шығыс тарихына байланысты тың деректер табады. Қашқария мәліметтері Шоқанның дүниежүзілік жағрафия ғылымына қоскан зор жаңалығы болып есептеледі.

 

«Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп»

 

         1859 жылдың аяғында Шокан Петербургке барып, онда 1861 жылдың көктеміне шейін болады. Бұл жылдар Шоқан өмірі мен ғылыми-шығармашылық қызметінің аса елеулі кезеңі.

           Шоқанның Петербургке барған кезі — 1861 жылғы басыбайлылык тәртіпті жою жөніндегі реформаның карсаңы еді. Революциялық ой-пікір мен патша саясатының қатты шиелініске келген тұсы болатын. Чернышевский, Добролюбов, Некрасов сияқты алдыңғы катарлы акын-жазушылар «Современник» журна-лының бетінде басыбайлы қоғамды сынап, шаруаларды патшаға карсы күреске үндеді. Бүл пікірлер Шоқанға қатты әсер етті. Астанада ол ескі достары П. П. Семенов-Тянь-Шанский мен Ф. М. Достоевскийді кездестірді, көрнекті орыс ғалымы А. Н. Бекетовпен, шығыс зерттеушілері Ф. Р. Остен-Сакенмен, И. И. Захаровпен, Е. П. Ковалевскиймен, ақындар А. Майковпен, Н. Курочкинмен, Я. Полонскиймен танысып, араласады. Білімін толықтыру мақсатында Петербург университетінде дәрістер тындайды. Сонымен қатар Шокан ғылыми жүмыс-пен шұғылданып, өзінің саяхаттары жайлы еңбектер жариялайды.

              Петербургтен Шоқан идеялық жағынан көп өсіп, әлеуметтік көзқарасы жағынан толысып кайтады. Ресейдің әлеуметтік өміріндегі өзгерістер, орыстың революцияшыл-демократтарының пікірлері оның демократтық көзқарасын терендете түседі. Шоқан еңбектеріндегі демократтық идеялардын, негізгі бір көзі осымен байланысты болса, екінші жағы — қазақ халқының, әсіресе оның төменгі табының ауыр халі мен қиын жағдайларын көре білуде жатыр.

"Петербургтен денсаулығы нашарлап оралған Шоқан 1861—1863 жылдар арасында елінде болады. Бұл кезде ол сахара өмірінің қайшылықтарын, әлеуметтік теңсіздік пен төменгі таптың жүдеушілігін, үстем тап өкілдерінің мейірімсіздігін көзімен көреді. Әділ басшы болу мақсатымен Атбасар уезіне аға сұлтан болуды да ойлайды. «Мұндағы мақсатым — өз хал-қымды әкімдер мен зорлықшыл бай қазақтардан қорғау еді», —деп жазды Шоқан 1862 жылы Потанинге жолдаған хатында.

       Сол жылы А. Г. Майковқа жазған хатында Шоқан бұл пікірін аша түседі. «Жергілікті сұлтандармен және қара сүйек қазақтардан шыққан байлармен қазір аразбын, — дейді ол. Себебі олар өздерінің бұрынғы құлдарын қазір азат болғанмен, өте жаман халде ұстайды, құлдар олардан калай кетудің жолын білмей, корлыққа көне береді. Мен олардың қожаларынан жалшыларынды жақсы ұстаңдар, еңбек ақысын дұрыс төлеңдер дегенді талай рет талап еттім... Мен даланың пролетариатымен жақсы доспын, өйткені бір-бірімізді жақсы ұғамыз».

     1863—1864 жылдың қысында Шоқан Омбыға барып, Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысады. Осы жолы ол «Сот реформасы туралы жазбалар» атты өзінің атақты еңбегін жазады. Шоқаннын демократтык көзкарасын тануда бұл еңбектің маңызы өте зор. Бұл еңбегінде Шоқан: «Біздін заманымызда халыктың нағыз мұң-мұқтажына тікелей катысы бар, халыққа ең маңызды, ен керекті реформа — экономикалык және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформа сол экономикалық реформаларды жүзеге асырудың құралы есебінде жүргізілмек. Өйткені әрбір адам және бүкіл адам баласы өзінің өрлеу жолында түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады... Ол мақсат — өзінің тұрмысын жақсарту. Прогресс дегеніміздің негізінің өзі — осы. Біз осы тұрғыдан алып қарасак, адамның тұрмысын жақсартуға жағдай туғызатын реформалар ғана керекті де, ал осы мақсатқа қандай болса да кедергі келтіретін реформалар болса, ондайлар халыққа зиянды, керексіз реформа болып табылады», — деп жазды.

Сөйтіп, Шоқан жүргізілгелі тұрған реформаға ерекше мән берді, қазақ халқының азаматтық жағынан есіп, өркендеуіне зор үміт туғызып отырған миллиондардың тағдырымен байланысты мәселенің барынша дұрыс шешілуін көкседі. Сол елдің болашағы үшін келешекте Ресей империясының қамқорлығы керек екендігін, қазақтардың орыс халқын бауыр тұтып, арқа сүйейтіндігін айтты.

«Біз орыстарға тарихи жағынан да және тіпті қан жағынан да араласып, туыс боп кеткен елміз. Азаматтык өркендеуде күдіксіз үміт күткен миллиондаған адамдардың (демек, қазақтардын, — ред.) орысқа туыс болған, Ресейге өз еркімен бағынған адамдардың осы күнгі халі, Шекспир тілімен айтқанда, «не өлім, не өмір». Осындай күйдегі олар орыс үкіметінен зор көніл бөлуді, қамқорлық көрсетуді тілейді», — дейді ол.

«Бізге, қазақтарға, облыстық бастықтар үстірт қарауды әдетке айналдырған, — деп жазады онан әрі Шоқан, — сол үстірт қараушылықтың салдарынан облыстық басқарманың жанындағы комитет сұлтандардың, билердің және басқа да қазақ шонжарларының пікірлерін ешбір талғамастан алып, өз жұмыстарына негіз етеді және сол әбден сүйекке сіңген үстірт қараушылықтың салдарынан ғана өзінің жобасында ол қазақ аристократтары «кара халық» деп атайтын көпшілік үшін керексіз және зиянды құрылыстар мен өзгерістерді бекітіп отыр. Халықтан жиналған пікірлерді дүрыс талдап, бағалау үшін комитеттің, ең болмағанда, казақтардың сословиелік қа-рым-қатынастарына және олардың өз арапарындағы орыс басшыларына қалай қарайтындықтарына назар аудару керек».

Реформа мәселесіне осындай үстірт караушылықты айта келіп, Шоқан бұл мәселеге халықтың, яғни «дәулетсіз карапайым қазақтардың» кеңінен катыстырылуын, солардың пікірлерімен санасу керек екендігін, реформаны ақсүйектер емес, қалың бұқараның тілек-мүддесіне сай жүргізуді талап етті.

1864 жылы наурыз айында Шоқан генерал Черняевтің ша-кыруымен Әулиеатаға (қазіргі Тараз қаласы) келеді. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресейге қосуды жақтаған ол Черняев отрядында біраз уақыт қызмет істеп, бірақ патша генералының жергілікті халыққа жасаған зорлық-зомбылығын көріп, тез бөлініп кетеді. Содан Верный (казіргі Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің аулына барып (бұрынғы Талдықорған облысы, Шокан атындағы шаруашылық) тоқтайды. Сонда үйленіп, тұрып қалады.

Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы кайта козып, Шокан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге койылады.

Шоқан өлімі казақ халқына және оның орыс достарына тым ауыр тиді. Шоқан басына ескерткіш орнатуды ұйымдастыруда және оньщ шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыстың жағрафиялық қоғамы басып шығарған (1904) Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н. И. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлеміне кұйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңальщтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» — деп жазды.

«Нағыз, шын әділдігін айтқанда, Уәлихановты үздік адам деп айтуға болады. Уәлиханов өз еліне шын берілгендігін, оны терең сүйетіндігін, казақтың тұрмысын жақсы көрушілігін сақтай алумен қатар, Батыстың мөдениетін де жоғары бағалады және өз халқының қызықты келешегі тек қана Ресейдің қамқорлығымен болатындығын күні бұрын болжай білді», — деп жазды Орыстың жағрафиялық қоғамы Шоқан өлімі туралы хабарында.

 

Шоқанның өмірі мен еңбектері туралы Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев, П. П. Семенов-Тянь-Шанский, И. Н. Бере-зин, И. И. Ибрагимов, т. б. естеліктер мен мақалалар жария-лады.

ТАПСЫРМА

1.  Шоқан Уәлихановтың өз заманының алдыңғы қатарлы адамы және азаматы ретіндегі еңбегін әңгімелеп беріңдер.

2.  Шоқанның әдебиет туралы пікірлері қандай?

3.  «Шоқан Уәлиханов және оның достары» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар.

4.  Шоқан Уәлиханов туралы жазылған қандай романды білесіңдер? Оқып шығыңдар.

ӘДЕБИЕТ

Муканов С. Жарқын жулдыздар. Алматы,  1964. («Шокан Уәлиханов» бөлімі).

 

 

 

 

 

 

Ыбырай АЛТЫНСАРИН

(1841—1889)

 

«Үміт еткен

көзімнің

нұры — балам»

Үміт еткен көзімнің нұры — балам,

Жаныңа жөрдем берсін хак тағалам.

Атан мұнда анаңмен есен-аман,

Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

Атанды сағындым деп асығарсың,

Окуға көніл бөлсен, басыларсың.

Ата-анаңды өнер білсең, асырарсын,

Надан боп білмей калсаң, аһ урарсың.

Шырағым, мунда жүрсен, не етер едің,

Колыңа кұрык алып кетер едің.

Тентіреп екі ауылдын ортасында

Жүргенмен, не мүратқа жетер едін?!

 

Бүл өленді Орынбор қаласында оқып жүрген жас Ыбы-райға атасы Балқожа би жолдаған екен. Өз заманының беделді адамдарының бірі болған, заман ағымын аңғарғыш, оқу-өнердің маңызын жақсы тұсінген Балқожа би 5 жасар Ыбы-райды (Ол 1841 жылғы 20 казанда казіргі Қостанай облысы-ның Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожанын тәрбиесінде болған) Орынборда ашылмак болашақ орыс-қазак мектебіне жаздырып койыпты. 1850 жы-лы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі — Ыбырай болған.

Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ да-ласын билейтін патша чиновниктеріне көмекші әкімдер даяр-лау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірак Ыбырай мектепті жан-жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте жаксы» деген баға-мен бітіреді.

Содан кейін екі жылдай Ыбырай ез елінде тілмаштык қыз-мет атқарады. Қазақ коғамының қайшылықты тұрмысын те-реңірек түсініп, оның болашағы жайлы ойлануда бұл аз уақыттың өзі Ыбырай өмірінде едәуір із калдырады.

1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы Шекара-лық комиссияға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде ол Шекара-лық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым, профессор В. В. Григорьевпен жақын танысады. Атасы Балқожаны жаксы білетін жөне сыйлайтын Григорьев Ыбы-райға аса ілтипатпен қарап, езінің бай кітапханасын пайдала-нуына оған мүмкіндік берген. Осы кітапханада Ыбырай Григорьевтің көмегімен орыс жазушыларының шығармала-рын, орыс және дүние жүзі ағартушыларының еңбектерін, үлы адамдардын өмірі жайлы кітаптарды кеп оқыған. Өз зама-нының озат ой-пікірімен танысқан. Әдебиет, саясат, ағарту саласындағы журналдарды да қараған.

Осылайша өз бетімен окудың нәтижесінде білім қорын едәуір молайтқан Ыбырай өзінің болашағын тілмаш болудан емес, халыкка пайдалы қызмет істеуден іздейді. Оның бойын-да ағартушылыққа деген ынта туады. Сөйтіп, сол заманньщ прогресшіл ағартушылық ой-пікірі негізінде оның көзқарасы калыптаса бастайды. 1860 жылы Орал сыртындағы казақтар үшін төрт бастауыш мектеп (Троицк, Торғай, Ырғыз және Қа-залы қалаларында) ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұра-нып Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алады.

 

 

«Көптен күткен іс», яғни ұстаздық

Сөйтіп, мектеп ашу мақсатымен 1860 жылы Ыбырай Торғай-ға ауысады. Бірак жергілікті орывдардың жәрдемі жеткіліксіз болып, мектеп ашу ісі біраз созылып кетеді. Соған қарамастан, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, жүрттың оку-ға ынтасын арттыру үшін біраз баланы өз үйінде оқытады.

Ыбырайдын арман еткен мектебі Торғайда 1864 жылы ға-на ашылады. «Осы жылы кднтардың 8 күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 казак баласы кабыл-данды. Бәрі де жаксы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға койға шапқан аш каскырдай өте қызу кірістім», — деп жазды ол белгілі Шығыс зерттеуші, профессор Н. И. Ильминскийте жолдаған хатында.

Ыбырай мектептегі сабақ пен бүкіл тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабакты қазак тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен хабар беруге тырысады. Тәрбие жұмысын Ыбы-рай оқу арқылы әкім даярлау максатына емес, адамгершілігі мол, жана ұрпак тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.

Халықпен етене араласу арқылы Ыбырай мәдениет пен білім жолына ұмтылудағы туған халқының көңіл-күйін жақсы ұғады. Бұл оны ағартушылык іске рухтандыра түседі. «Қазактар мені кұшағын жая карсы алды. Мектепке балала-рын беруге ынталы адамдар толып жатыр», — деп жазды ол Торғайға барған соң-ақ Н. И. Ильминскийге. Ыбырай Иль-минскиймен халықтын жағымды мінез-кұлқы, болашағы жайлы ойларын да бөліседі. «Қазақ даласын үш жылдай ара-лаған Сіздің казақ халкы үғымтал, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған халык дейтініңізге мен сенемін, — деп жазды Ыбы-рай оған. — Қазак халқы қарапайым, өнері жок халык, бірак біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз». Туған халқы туралы мұндай озык ойда болу Ыбырайдың де-мократтык, көзқарастарының негізі болды және оның сенім-мен жұмыс істеуіне көмектесті. Сонымен бірге Ыбырай ел ішіндегі теңсіздік, әділетсіздік, қанаушылыкты да кере білді. Әкімдердің зорлықшыл сорақы кылықтарын сынға алды. Езі-луші бұкараның мүддесін қорғады.

«Кьізмет бабывда мен казақтармен жиі-жиі ұстасып қала-мын, — деп жазды ол 1864 жылы Ильминскийге. — Олардың ішінде менің өз туысқандарым да бар. Олардың сырын жаксы білемін, көбін тіпті жек көремін. Қазак арасындағы Ідызмет адам-дарын да кеңілім тіпті сүймейді. Олар кедей казактарды — қарсы-лық көрсете алмай, қаскырдың аузында жем болатын қорғансыз момындарды — адамшылыктың шегінен шыға арсыздықпен то-найды, талайды. Соларды көргеңде... өте қатты күйінемін. ...Осы елдің күшіі жемқорларының бірі олардың істеп жүрген істерін менін жаратпайтынымды біліп қалды... Совдыктан ол мені бұл арадан куып жіберудің амалын істеп жүр».

Осы негізде Ыбырайдың, ағартушылык, демократтык, көз-карастары қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге карсы күресу үшін ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала окыту жүйесін жақсартуға жұмсайды.

1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан калаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларыньщ еңбектерін зерттейді. Соларға еліктеп, казак тілінде оқу кұралдарын жасауды ойлайды.

25№

ХРЕСТОМАТІЯ

СООТАВИЛЪ

X. ААТЫНСАРИИЪ

ІМИМ 0№вЛЯ

187?

«Қазақ хрестоматиясы»

Оқулық жасау жұмысына Ыбырай мектепте қазак балала-рына білім мен тәрбие берудің ең негізгі шараларының бірі деп қа-райды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен ұйретеді, шағын көркем шығармалар арқы-лы оларды жаксы мінез-кұлыққа баулуды көздейді. Діни мектеп-терде оқытылып жүрген «татар, араб, парсы кітаптарынын бәрі адам баласын дұрыс ойлаудан ша-тастырып, кері кетіретінін» айта отырып, Ыбырай балаларды «он-дай ыкпалдан кұтқару үшін... маз-мұны олардың білімін көтеретін, такырыбы оларды кызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілін-

де... басып шығару керектігін» түсінеді. Сөйтіп, 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.

«Қазақ хрестоматиясы» 1879 жылы Орынборда басыла-ды. «Бұл кітапты кұрастырғанда мен, — деп жазды Ыбырай хрестоматиясынын алғы сөзінде, — біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптын орыс-кдзак мектептерінде тәрбиеленіп жүрген казак балала-рына оку кітабы бола алу жағын, сонымен қабат жалпы ха-лықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім». Сол мақсатпен Ыбырай «Қазақ хрестоматиясын» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрас-тырды. Олардың біркатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан алып, еркін аударды. Сонымен бірге кітапқа казақтың халық әдебиетінің үлгілерін іріктеп кіргізді.

Шохан Уәлиханов