Өсімдіктер кадастрі
Ақтөбе облысының өсімдіктер кадастры
Орындаған: Сабырқұлов А.У эко-106к
Кіріспе
Қазақстан аймағы өте сирек, ерекше шөл даладан биік тауларға дейін жəне ішкі теңіздер экожүйесін құрайтын ландшафтық кешен жиынтығына ие. Ел экономикасының қарқынды дамуы жəне табиғи ресурстарды пайдаланудың күшеюі өзекті мəселелердің бірі бола отырып, болашақта да табиғатты аймақтық қорғау жүйесін жетілдіре түсу мемлекеттің биологиялық əртүрлілігі болып табылады. 1997 жылы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы жарияланды, бұл бағдарлама бойынша Қазақстан 2030 жылға дейін мөлдір суы, таза ауасы бар жасыл жəне таза елге айналуы керек. Бұл күрделі мəселенің орындалуын қатал, қарама-қарсылы қысым жағдайында шешуге тура келеді.Мұндай жағдайда ерекше жəне сирек түрде кездесетін өсімдіктер мен жануарлар əлемін қорғау іс- шараларын жүргізу арқылы сақтау,ерекше өсіру мен сақтауды қажет ететін биологиялық түрлерді қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға репрезентативтік жүйе ұйымдастыру. Ақтөбе облысы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы ерекше шапшаң дамып келе жатқан аймақтың бірі. Мұнай өндіру мен кен руда өнеркəсібі жоғары қарқынмен өсуде.Соған сəйкес мұнда миллиондаған жылдардан бері қалыптасқан дала, шөлейт, жартылай шөлейт жəне су айдындарының ерекше биоценозына да қауіп төнуде. Соларға ұқыппен қарауды үгіттеу мақсатында осы кітап жазылды. Мұнда Қазақстан Республикасы аймағындағы жануарлар əлемінің жалпы жай-күйі, қорғау мəселелері, Ақтөбе облысының фаунасы, аулаудың нысаны болып табылатын негізгі түрлері, мемлекет қорғауына алынған жануарлар түрлері сипатталады. Берілген басылым жануарлар əлемін орынды пайдалану мен қорғау туралы пікірді көпшілікке таратуға арналады.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысы— Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан. Терістігінде — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында — Маңғыстау облысы, Атырау және Батыс Қазақстан, шығысында — Қостанай, оңтүстік-шығысында — Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр. Осындай үлкен аймақты алып жатқан облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 2 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.
Қазақстанның өсімдіктері
Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, шығысында Алтай жоталарының, оңтүстігінде Тянь - Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 12 түрлі қос мекенділер болса, өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі бар.
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан - ақ ата - бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып - біліп, оларға ат қойып, жеміс - жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі - дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер - оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.
Республика тереториясынан 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті.Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден - ақ кеңінен таралған.
Ертеде өмір сүрген әл - Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл - Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. Әр облыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін. Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасиеттері бар.Аюбұлақ – биіктігі 0, 4 - 1, 2 см, қалын қабығы түктеніп тұратын екі жылдық өсімдік. Жапырағы ұзынша, кезектесіп орналасқан. Гүлі ашық сары түсті, өсімдік сабағының басында масақ тәріздене орналасқан, маусым - тамыз айларында гүлдейді.
Еліміздің Европалық бөлігінде орталық және Оңтүстік аудандарында, көбінесе шабындық, тоғайлы құмды жерлерде өседі.
Ақтөбе облысының өсімдік жамылғысы
Облыстың өсімдік жамылғысы әртүрлі. Облыстың орталық бөлігінде дала және шөл аймағының арасынан ірі ботаникалық-географиялық шекара өтеді. Климаттық жағдайлардың ендік бөлінісіне сәйкес дала өсімдіктерінің төрт: қуаң, қоңыржай құрғақ, құрғақ және шөлге айналған аймақшалық түрі және екі далаға айналған және дала аймақшалық түрлері бөлініп шығады Бұдан басқа, өзендердің аңғарларында, сайлардың түбінде, жыраларда, сорларда өсімдіктердің интра аймақтық түрлері бар. Аймақтық суреті (аймақтық жолақтар жиынтығы, олардың пішімі және ендік ұзындығы) климаттық (климаттың аридтігінің өсуі) және орографиялық себептерге (бедердің өзгешелігі, қыраттардың, қырқалардың, ойпаңдардың және басқалардың барлығы) негізделген. Осы факторлардың барлығы өсімдіктер қауымдастығының Флоралық және доминанттық құрамын, олардың кеңістіктік құрылымын және динамикасын белгілейді.
Дала аймағы
Шөлейт даланың өсімдік жамылғысы
Біркелкі қуаң даланың өсімдіктер жамылғысы
Қуаң даланың өсімдіктер жамылғысы
Шөлге айналған даланың өсімдіктер жамылғысы
Шөлді аймақ
Шөл дала өсімдіктері
Нағыз шөлдің өсімдік жамылғысы
Дала аймағы
Ақтөбе облысы аумағының жартысынан астамын алып жатыр және
Орал маңы және Торғай үстірттерін, Мұғалжар сілемдерін қамтиды. Осыған байланысты дала солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла отырып 4 аймақшаға бөлінеді:
- оңтүстік қара топырақты қуаң, әртүрлі шөпті-бетегелі далалар;
- қара каштан топырақты қоңыржай – құрғақ шым қабат дәнді өсімдіктер далалары;
- каштан топырақты қуаңжерөсімдіктері - шым қабат дәнді өсімдіктер далалары;
- ашық - каштан топырақты шөлге айналған жусанды - шым қабат дәнді өсімдіктер далалары.
Шөлейт даланың өсімдік
Қызыл бетегелі алуан шөптерден, шымдық дәнді дақылдардан, садақбоз, қызылбоз, Лессинг бозы басым түсетін алуан түсті құрамалардан тұрады. Алуан шөптердің арасында ксерофиттер: қызылбояу, қазтабан, түйнекті зопник, асыл мыңжылдық және басқалары басым түседі. Ішінде тұзға төзімді түрлері – ақжусан және көкшіл изен, татар кермегі, мыңжапырақ түймешетен, төскейшөп, сортаң кездеседі.
Ұсақ шоқылылардағы қиыршықтасты жерлерде бетегелі-сұлыбасты алуан түрлі
шөпті дала кең тараған. Олардағы өсімдіктердің құрамында қызғылт, құмдақтық, мұртты бетеге, сондай-ақ боз, шөл сұлысы, келери және алуан түрлі шөптер бар.
Құмдақты және құмды жерлердегі өсімдіктер жамылғысында құмдақтық бетеге,
боз, еркек, шисабақ және алуан түрлі шөптер қатысатын құмдық бетегелі-шымдық дәнді-дақылдар құрамалары басым түседі.
Ойпауыттар мен жайылмаларда шалғындық түріндегі өсімдіктер: шырмауық,
айрауық, қоңырбас, сіпсебас және алуан түрлі шөптер таралған.
Қазтабан
Қазтабан - раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Бір-екі жылдығы өте сирек кездеседі. Қазақстанның биік таулы аймақтарында орман-тоғай шетінде, далалы жерлер мен шалғындықта, су жағасында өсетін (тек шөлді жерде өспейді) 48 түрі бар. Олардың биікт. 3-70 см. Тамыры жуан, тамырсабағы түйнек тәрізді болады. Сабақтары тік, кейбір түрлерінде төселмелі келеді. Жапырақтары үшқұлақты, саусақ салалы, қауырсын тәрізді күрделі. Ақ, сары, қызыл гүлдері қалқанша - сыпыртқы гүлшоғырын құрайды, кей түрлерінде жеке орналасады. Гүліндегі тостағанша жапырақшалары 5 немесе 4-тен сыртқы және ішкі шеңбер құрып орналасады. Күлте жапырақшаларының саны 5, кейбір түрінде — 4. Аталық саны 10-нан 30-ға дейін, басым көпшілігінде 20. Аталық жіпшелері біз тәрізді жіңішке. Гул табаны дөңес, ойыс келеді. Көктемнен қоңыр күзге дейін гүлдейді. Жемісі - құрғақ келген, көп жаңғақша. Қның шөбінде, әсіресе түйнек тәрізді тамырсабағында илік заттар мол, балауыз, крахмал, қына қышқылы бар. Қ. — дәрілік өсімдік, оның суда дайындалған тұнбасын тырыспаға, ішек түйілгенде және асқазан ауруларына қарсы қолданады. Сондай-ақ, сіңір тартылғанда, тері ауруларына қарсы ванна немесе компресс жасауға болады. Жапырақтары мен жас өркендерін үй құстарына жем ретінде береді.
Біркелкі қуаң даланың өсімдіктер жамылғысы
Біркелкі қуаң даланың өсімдіктер жамылғысы бетеге-бозды, селеулі-жусанды, бозды-бетегелі құрамалардан көрініс табады. Дәнді-дақылдардан садақбоз немесе Лессинг көдесі басым. Алуан түрлі шөптер құрғақшылықты ұнататын далалық түрлерден тұрады.
Шалғындық қатардың топырағындағы от өскінді арпабас, шалғындық түлкіқұйрық, шырмауықтан, айрауықтен тұрады. Алуан шөптердің арасында бұршақ тектестер –жоңышқа, атбұршақ, оралдық мия көп, арамшөптер де бар – сүттен, Британ андызы, асқазан шөбі.
Арпабас
Арпабас (Bromus) – астық тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Еуразия мен Африкада, сондай-ақ Жерорта теңізі жағалауларында кездесетін 44-тей түрі белгілі. Қазақстанда 20 түрі бар. Жиі кездесетіні орманды дала, қуаң дала мен таулы алқапта өсетін – қылтансыз Арпабас (В. іnermіs). Биікт. 80 – 160 см, сабақтары тік, тықыр, кейде жапырақты. Жапырағының пішіні таспа тәрізді, түкті. Гүлшоғыры – шашақ. Тұқымы ірі (6 – 8 мм), қос бүйірінен қысыңқы. Маусым айында гүлдеп, тұқымы шілде – тамызда піседі. Қазақстанда Арпабастың 2 сорты аудандастырылған. Жылына 2 рет оруға, орта есеппен га-нан 17 – 45 ц пішен жинауға болады. Көк шөп құрамында: 2,9 – 4,4% протеин, 0,4 – 2,3% май, 5,9 – 10,5% клетчатка, 7,6 – 18,3% азотсыз экстрактивтік заттар, 1,7 – 2,6% күл бар. Құнарлы мал азығы
Қуаң даланың өсімдіктер жамылғысы
Қуаң даланың өсімдіктер жамылғысы бетеге басым түсетін бозды-бетегелі-жусанды, бозды-жусанды құрамалардан көрінеді. Бетегенің арасында қау, тырсық, камфоралық және жусанды құрамалар қатысы бар көде басым. Жусандар арасында ақжусан, ақтікен, аз гүлділер басым. Ксерофитті алуан шөптер тапшы және олар төскей, түймешетен, қызылбояу, сары жоңышқа, кейде ебелек, австриялық және ақ жусан.
Құмды және құмдақты жерлерде құмдақтық бетегесі, тарбиған змеевка, Беккер бетегесі, еркек өсетін псаммофитті далалар тараған. Бұзылған құмдарда өсімдік сирек, қияқ пен бұта тектес – жүзгін, құмдық қараған өседі.
Шабындықтарда шырмауық, қияқтың, арпабастың, айрауықтың; сортаңдалған шабындықтарда - ақмамық, қосымша өскінді және Богдан арпасы, қияқтар қатысы бар дәнді-дақылдық от басым.
Ақтікен
Ақтікен (Nіtrarіa) – түйетабандар тұқымдасына жататын бұта; өсімдіктер туысы. Батыс, Орта және Орталық Азияның, Оңтүстік-Шығыс Еуропаның және Солтүстік Африканың далалы, шөлді аймақтарында кездесетін 10 түрі белгілі. Қазақстанда шөл даланың сортаң жерлерінде, өзен бойларында, тау бөктерлерінде өсетін 2 түрі бар. Жиі кездесетіні – Шовер Ақтікені (Nіtrarіa schoberі). Оның биіктігі 2 м-дей, тарбиған бұташықтарының ақшыл көк қабығы бар. Жапырақтары 2 – 4-тен шоғырлана орналасқан (ұзындығы 15 – 25, ені 4 – 7 мм). Ақшыл сары гүлдері өте қысқа гүлтабанында орналасып, шатырша гүлшоғырына топталған. Гүлдеген кезде өте әдемі өсімдік. Жемісі – боз қызғылт шырынды ірі сүйекше, жеуге жарамды. Ақтікеннің күлінен сабын жасау үшін сақар, жіп, мата бояйтын бояу алынады. Шовер Ақтікені Солтүстік Үстіртте өте сирек кездесетін түр болғандықтан, Маңғыстау облысының «Қызыл кітабына» енгізілген.
Шөлге айналған даланың өсімдіктер жамылғысы
Шөлге айналған даланың өсімдіктер жамылғысы жартылай бұта тектестерден және далалық шымдық, борпылдақ шымдық және тамырлы өсімдіктерден қалыптасқан кешендерден көрінеді. Далалық қауымдастықта бетеге, тырсық, қау, көде, шөл және тараққа ұқсас бидайық басым болып табылады. Шөлді қауымдастықтарда Лерхов, аз гүлді, ақтікенді және сор жусаны, сүйелді алабота, сор итсигегі, көкпек және басқалар басым түседі.
Ұсақ шоқылы жерлерде даланың сирек шымдық дәнді-дақылдары өсімдіктер жамылғысының негізін құрайды. Ылғалды ойпауыттарда айрауық, шырмауық, атқонақ, түлкіқұйрық, сан түрлі шөп басым түсетін шалғындық өсімдіктер кездеседі.
Көкпек
Көкпек (Atrіplex) – алабұта тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін немесе көп жылдық бұташық өсімдік. Жер жүзіне белгілі 225 түрінің 25-і Қазақстанның барлық аймағына тараған. Биіктігі 10 – 150 см, жапырақтары кезектесе орналасқан, олардың табақшалары тегіс, кейде тілімделген. Гүлдері дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Аталық гүлдері 3 – 5 мүшелі гүлсерікті, 5 аталықты, аналық гүлдері негізінде гүлсеріксіз болады. Қазақстанда жиі кездесетін түрі – боз Көкпек, алабота (A. сana). Ол жазық далалы аймақтарда, тау бөктерлерінде, борпылдақ, сортаң топырақты, сазды ойпаң жерлерде, өзен, көл аңғарларында өседі. Биіктігі 20 – 50 см бұташық. Сабағының түп жағы тармақты, сұрғылт қоңыр түсті. Жапырағы сопақша келген, едәуір қалың, кезектесе орналасқан. Гүлшоғыры жапырақсыз. Шілде – қазан айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы жирен түсті, жалпақ, дөңгелектеу. Тағамдық (бақ көкпегі) – мал азықтық, дәрілік, бояулық, тех. өсімдіктер. Шөл далалы аймақтарда Көкпекті адамдар отынға пайдаланады, күзде түйе жейді.
Шөлді аймақ
Шөлді аймақ Үстірт жонын, Торғайдың жазықты жағының оңтүстік бөлігін – Тұран ойпатын (Арал маңы) қамтиды және екі тармаққа – далаға айналған (солтүстік) және нағыз (орталық) шөлге бөлінеді.
Өсімдік жағылғысы қуаң дала аймағынан ерекшеленеді және гидро-термиялық жағдайлардың ауысуына байланысты солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеріп отырады. Шымдық дәнді-дақылдар және алуан шөптер жоғалады, жусан, сорлық шөптер және эфемерлер басым түседі.
Шөл дала өсімдіктері
Шөл дала өсімдіктері далалық дәнді-дақылдардың толық жойылуымен ерекшеленеді. Бұл жерде жартылай бұта тектестер – жусан мен сорлы жер шөптері билік етеді. Жусан ішінде ақжерлік, лерхов, тұран және қара жусан, сорлы шөптер ішінде – бұйырғын, қараматау, теріскен, күйреуік басым. Жер отында міндетте түрде эфероидтер және эфемерлер – баданалы қоңырбас, шөлдік жауылша, ранга, мортықтар, колподиума, жуалар, қызғалдақтар және басқалар болады.
Құмдардың өсімдік жамылғысында бұта тектестердің (жүзгін, ақтікен, құмдық қараған, таспа) және қара мен ақ сексеуілдің қатарында жартылай бұта тектестер – теріскен, изен, жусандар және далалық дәнді дақылдар – құм бетегесі, боз, тырсық, Беккер бетегесі қатысады. Шабындықтарда шырмауық, қамыс, айрауық, түйнекті қамыс, қияқ, ақмамық, ажрек басым түседі.
Таспа
Таспа(Astragalus) – геодезияда – сызықтың ұзындығын тұрған орнында өлшеуге арналған геодезиялық аспап. Таспаны болаттан немесе ені 15 – 20 мм, қалыңд. 0,3 – 0,4 мм және ұзындығы 20 – 50 м, кейде 100 м-ге дейін жететін инвардан жасайды. Өлшеу дәлдігі жер бетінде тікелей бөлу кезінде 1:1000-нан 1:3000-ға дейін, өлшеудің басқа әдістерінде 1:20000 және одан жоғары болады.
Нағыз шөлдің өсімдік жамылғысы
Нағыз шөлдің өсімдік жамылғысы сорлы-жусанды қауымдастық арқылы көрініс табады. Жер оты сирек, теріскен, күйреуік, боз жусан және тұран жусандары; ергежейлі жартылай бұта тектестерден – тас бұйырғын, бұйырғын, сексеуілшік, көптеген біржылдық сор өсімдіктері - климакоптерлер, петросимонийлер, галимокнемистер және басқалар басым. Эфемерлер қысқы және көктемгі кезеңдерде жауын-шашын мол түскен жылдары ғана дамиды.
Бұйырғын
Бұйырғын (Anabasis salsa) — алабұта тұқымдасына жататын бұта, бір жылдық немесе көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанның қуаң дала және шөлейт өңірлерінде 17 түрі кездеседі. Сирек кездесетін эндемик түрлері: сырдария Бұйырғыны (A. jaxartіca), торғай Бұйырғыны (A. turgaіca) және гипсті бұйырғын. Бұйырғынның сабақтары бунақты, бытыраңқы келеді, жапырақтары жетілмеген, тікенге ұқсас, көбіне қабыршақ сияқты. Гүлі қос жынысты, бес мүшелі, гүлсерігі бар. Жаз бойы гүлдейді. Көп тараған түрінің бірі — сортаң Бұйырғын (A. salsa) — шөлді аудандардың тегіс жерлерінде, кейде аласа тауларда өседі. Оның бір жылдық өркендерінде 7,1 — 14,8% протеин, 18,2 — 31,0% күл, 11,7 — 26,0% клетчатка, 1,5 — 3,2% май болады. Бұйырғынды сиырдан басқа мал жақсы жейді. Бұйырғынның га-нан 1,5 — 4,6 ц құрғақ шөп алынады. Ол — құрғақшылыққа, сортаң топыраққа төзімді өсімдік, тұзд. 45% топырақта да өсе береді.
Шабындық
Далалық аймақтың нағыз шабындықтары жеткілікті ылғалдылық жағдайында шабындықтық қатардағы топырақта қалыптасады. Шырмауық (Elytrigia repens), айрауық (Calamagrostis epigeios), арпабас (Bromopsis inermis), қоңырбас (Poa serotina), шалғындық және құрақтық түлкіқұйрық (Alopecurus pratensis, A. arundinaceus) және басқалары фитоценоз эдификаторы болып табылады. Субдоминант ретінде шалғындық және шоқылық қазтамақтар (Geranium collinum, G. pratensis), шыбық жылауық шөп (Lythrum virgatum), емдік қарабас шөп (Sanguisorba officinalis), тобылғы (Filipendula ulmaria) және басқалары кездеседі.
Ылғал аздау болғанда жайылмалардың жекелеген учаскелерде ксеромезофитті және галомезоксерофитті шабындықтар пайда болады, онда фреатофитті алуан шөптер басым түседі (Glycyrrhiza yralensis, G. glabra, Alhagi pseudalhagi). Leumus multicaulis қосымша доминант ретінде көрінеді.
Су басатын арна маңы бөлігіндегі құмдарда жалғыз жиде талды шилер (^ Achnatherum splendens) және көпжылдық биік шөпті мия (Glycyrrhiza), түйежоңышқа (Melilotus), эстрагон жусаны (Artemisia dracunculus) басым.Шөлді аймақта өзендердің аңғарлары бойындағы жайылмалық шабындықтар сорланған және флора жағынан жұтаң. Қауымдастықтарда галофитті дақылдар басым.
Аллювиалды-эолов жайылмаларына біткен ендік шабындықтардың өсімдіктері ақбақай ^ Petasites spurious), ащылауыт (Leumus ramosus) және бидайық (Agropyron fragile) қауымдастығы арқылы көрініс табады.
Дәрілік өсімдіктер
Бай өсімдік әлемі ежелден адамға қызмет көрсетіп келеді, ол оның пайдалы қасиеттерін өзінің күнделікті өмірінде пайдаланады. Мысалы, ағаштар – бұл құрылыс материалы және отын. Жуаның көптеген түрлері және жабайы сарымсақ асқа тұтынылады. Қазақ халқына дәстүрлі қолөнер кәсіпшіліктері – кілем тоқуда және тері-тон бұйымдарын жасауда әркезде жабайы өсімдіктер пайдаланылған. Кілемдерге, киіздерге арналған ең берік және әдемі бояуларды жартылай сақалды тегеурінгүлден, жай адыраспаннан, бояу алынатын маренадан алады. Өсімдіктерден тұрмыстық ыдыс-аяқтар, жіптер, себеттер, сабындар және басқалары жасалады. Тобылғының сабынан қамшы сабы кесіп алынады, киікотының түтінімен қымыз сақтайтын ағаш ыдыстарды ыстайды. Және өсімдіктердің емдік қасиеттері ежелгі замандардан бері белгілі.
Дәрілік өсімдіктердің
50 түрінің ішінде анағұрлым көп тарағандары
мыналар:
1. Дәрілік тікенек -– ^ Althea officinalis L. (Құлқайыр тұқымдастары - Malvaceae). Көпжылдық шөптесін өсімдік құлқайыр тұқымдастарына жатады. Шағын өзендердің аңғарларында, бұлақ көздеріне жақын шабындықтарда, тоғайларда, бұта тектестер арасында ұшырасады. Ірі қопа құрамайды, шағын шоғырмен кездеседі. Медицинада дәрілік тікенектің тамыр сабағы және тамыры қолданылады. Тамырлар мен тамыр сабақтарында көмір сулар, органикалық қышқылдар, тері илейтін заттар және құнарлы майлар бар. Ұнтақ, тұнба, сұйық сірінді, шәрбат түрінде, тыныс алу жолдарының талаурауы кезінде салқын тиюге қарсы дәрі ретінде пайдаланылады.
2. Жай адыраспан, адыраспан - Peganum harmala L. Көпжылдық шөптесін өсімдік түйетабан тұқымдасына жатады, ұсақ көктасты баурайларда өседі, сорланған топырақты талғайды. Улы өсімдік, елді мекендердің айналасындағы мал жайылымының орындарында арамшөп ретінде өседі, қараусыз қалған қыстақтарда, қираған орындарда және қорымдарда кездеседі. Халықтық медицинада тамырлардан, шөптен және тұқымдардан жасалған қайнатындылар мен тұнбалар пайдаланылады. Онымен безгекті, сарп ауруын, құяңды, түрлі жүйке ауруларын, адамдар мен жануарлардың қышымаларын емдейді. Тұқымында бояушы заттар мен сабын дайындауға жарамды құнарлы май бар.
3. Қара андыз – Inula helenium L.Көпжылдық шөптесін өсімдік күрделі гүлді тұқымдастарына жатады. Ылғалды шабындықтарда, өзендердің жағалауларында, жапырақты ормандарда және тал-шілік арасында өседі. Бұл аса бағалы дәрілік өсімдік. Оның тамырында және тамыр сабақтарында эфир майлары, полисахаридтер, атап өткенде, инсулин, витамин және басқа белсенді зат тектер бар. Халықтың арасында тоғыз аурудың емі деп есептеледі – тұқымдастың орысша атауы осыдан шыққан. Одан жасалған препараттар асқазан және ішек жарасы, бауыр мен бүйрек ауруларына, бойға қуат беретін дәрі ретінде кеңінен пайдаланылады
4. ^ Дәрілік түйежоңышқа – Melilotis officinalis (L) Poll.Екіжылдық шөптесін өсімдік бұршақ тұқымдасына жатады. Медицинада гүлдену кезінде жинап алынған жоғарғы жағын (тұрпайы сабақтарсыз) пайдаланады. Оның құрамында кумарин, холин, аллантоин бар. Тұқымында құнарлы май бар, оның құрамына: полимитин, стеарин, олеин, линол және басқа қышқылдар кіреді. Ұйқысыздық, метеоризм, жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпе аурулары және т.б. кезінде қолданылады.
1. Дәрілік тікенек -– ^ Althea officinalis L
2. Жай адыраспан, адыраспан - Peganum harmala L
3. Қара андыз – Inula helenium L.
4. ^ Дәрілік түйежоңышқа – Melilotis officinalis (L) Poll.
5. ^ Жай жұпаргүл – Origanum vulgare L.Көпжылдық шөптесін өсімдік, күшті хош иісі бар ерін түстес тұқымдастарына жатады. Құрғақ жерлерде, алаңқайларда, орман шетінде, төбелердің етектерінде, бұталар арасында өседі. Гүлденудің бастапқы кезінде жиналған шөптің гүлді ұшар басы пайдаланылады. Жұпаргүл тұнбасы орталық нерв жүйесіне тыныштандырушы әсер етеді, қақырық түсіретін қасиеті бар, тәбетті күшейтеді, асқазан сөлі жеткіліксіз бөлінген кезде астың қорытылуын жақсартады, өт айдайтын, тер шығаратын және басқа қасиеттерге ие.
6. Шайқурай – Hypericum perforatum L. Көпжылдық шөптесін өсімдік шайқурай тұқымдастарына жатады. Медицинада гүлдеу кезінде жинап алынған жерасты бөлігін пайдаланады. Өсімдіктің бойында көмір сулары, сапониндер, алкалоидтер, эфир майы, С витамині, фенолдар, флафоноидтер, тері илейтін зат тектер және басқалары бар. Шайқурай тұнбасын ауыз қуыстарының түрлі аурулары кезінде уылдыратын және ішектер катары, қабынуы кезінде антисептикалық зат ретінде пайдаланады. Қайнатынды – асқындырмайтын және сергітетін жүрек, өкпе, бауыр аурулары кезінде және т.б. пайдаланылады.
7. ^ Дәрілік сиыр сілекей - Sanguisorba officinalis L. Көпжылдық шөптесін өсімдік күлгін қызыл түстілер тұқымдастарына жатады. Медицинада тамыр сабақтары мен тамыры пайдаланылады. Халықтық медицинада қатерлі ісік, тері аурулары кезінде пайдаланылады. Тамыры (қайнатынды) сатқақ кезінде уылдыратын және ішкі қансырау кезінде гемостатикалық ем ретінде қолданылады.
8. ^ Тобылғы _Filipendula ulmaria (L.). Maximum Көпжылдық шөптесін өсімдік күлгін қызыл түстілер тұқымдастарына жатады. Маусым-шілдеде гүлдейді, тамызда жеміс береді. Медицинада шөпті, гүлдерін және тамыр сабақтарын пайдаланады. Өсімдіктің жерасты бөлігі тұз байлану, сарп, тері ауруы кезінде гомеопатияда қолданылады. Өсімдік қайнатындысы жұқпалы іш ауруы кезінде пайдаланылады.
9^ . Жай өгейшөп – Tussilago farfara L. Көпжылдық шөптесін өсімдік күрделі гүлді тұқымдастарына жатады. Ежелгі дәрілік өсімдік. Оның жапырақтары мен гүл тостағаншасы бронхит, ауатамырлары демікпесінде, жоғарғы тыныс алу жолдарының және өкпенің қабынуы, ларингиттер және т.б. кезінде пайдаланылады және «кеуде жинағы» құрамына кіреді. Бұдан басқа халықтық медицинада оны тер шығарушы, ішек-қарын жолдары ісіну ауруларын асқындырмайтын және орап алатын, тәбет ашатын және ас қорытуды жақсартатын зат ретінде пайдаланады. Жапырақтары жарақаттарға, жараларға, сыздауықтарға, сүйелдерге басылады.
10. ^ Жай бақ-бақ –Taroxacum officinale Wigg.Көпжылдық шөптесін өсімдік күрделі гүлді тұқымдастарына жатады. Арықтардың жағалауларында, үйдің жанында, жол бойында, ормандық және жайылмалық шабындықтардағы тыңайған жерлерде өседі. Медицинада бақбақтың тамыры тәбет ашуға, ас қорыту жолдарының қызметін жақсартуға арналған кермек және өт айдайтын зат ретінде пайдаланылады. Бақбақтың тамыры инсулин алу көзі болуға мүмкін.
11. Жер қына – Parmelia vagans Myl.Жер қына (қына) – далалық аймақта тараған, тасты, құмақты жерлерде өседі. Қазақстан мен Қырғызстанның тұрғындары жер қынаны сүтке қосқан қайнатынды түрінде өкпе туберкулезін емдеуге; тез әсер ететін қан тоқтатушы зат ретінде пайдаланады.
12. ^ Жай түймешетен - Tanacetum valgare L. (Күрделі гүлді тұқымдастары -Asteraceae). Көпжылдық шөптесін өсімдік күрделі гүлді тұқымдастарына жатады. Далалық аймақтарда өзендердің жағалауларында және жайылмаларында, арамшөп ретінде жол бойларында, егістіктердің шеттерінде және тыңайған жерлерде өседі. Шілдеде-қыркүйекте гүлдейді, жемістері тамыз - қазанда піседі. Медицинада гүл шоғырлары пайдаланылады.Өттің секрециясын асқындырмаушы, күшейте түсуші, ішек құрттарға қарсы зат ретінде, сондай-ақ қышқылы төмендеген гастриттерде, бауыр, өт іркілетін қалта және өт тармақтары аурулары кезінде шағын мөлшерде қолданылады.
13. Үлкен жолжелкен – Plantago major L. (Жолжелкен тұқымдастары – Plantaginaceae). Көпжылдық шөптесін өсімдік жолжелкен тұқымдастарына жатады. Мамырдан бастап тамызға дейін гүлдейді. Жемістері шілдеден күзге дейін піседі.Медицинада жапырақтары пайдаланылады. Үлкен жолжелкеннің су сіріндісінен жасалатын түйір түріндегі плантоглюцид препараты созылмалы гипоцидті гастритпен ауыратын, сондай-ақ қышқылдығы қалыпты және төмен асқазан жарасы және ұлтабар ауруларымен ауыратын сырқаттарды емдеу үшін пайдаланылады. Жапырақтар тұнбасы қақырық түсіруші зат ретінде пайданылады. Жапырақтар сіріндісі тыныштандырушы және ұйқы келтіруші әсер етеді, артериалдық қысымды төмендетеді.Халықтық медицинада жапырақтар қан тоқтатушы және жарақаттарды емдеуші зат ретінде қолданылады. Тамыры қанды жөтел кезінде ішіледі.
14. ^ Ащы жусан – Artemisia absinthium L.Көпжылдық шөптесін өсімдік өзіне тән қуатты иісі бар күрделі гүлді тұқымдастарына жатады. Жусан - ежелгі дәрілік өсімдік. Жапырақтары мен өскіндердің гүлдеуші жоғары жағы пайдаланылады. Ертеден-ақ тәбет ашатын және асқазанның қорытуын жақсартатын зат ретінде кеңінен танымал. Ащы жусанның жапырақтары мен шөбі көптеген тәбеттік және өт айдайтын жинақтардың құрамына кіреді. Кейде хош иісті ащы дәм, асқындырмайтын, өт бөлуге септесетін зат ретінде пайдаланылады.
15. ^ Дәрілік қояншөп – Asparagus officinalis L. Көпжылдық шөптесін өсімдік лалагүлдер тұқымдастарына жатады. Тамыр сабақтары мен тамыры және жас өскіндері пайдаланылады. Негізгі әсері - несеп айдау.
16. Қызыл мия –Hycyrrhiza glabra L. (Бұршақ тұқымдастары-Fabaceae). Көпжылдық шөптесін өсімдік бұршақ тұқымдастарына жатады. Мамыр-маусымда гүлдейді, жемістері шілде-тамызда піседі. Медицинада қызыл мия және қызыл мия тамыры деп аталатын тамыры және тамыр сабақтары пайдаланылады.
17. ^ Жай ақбас жусан – Archillea millefolium. Көпжылдық шөптесін өсімдік күрделі гүлді тұқымдастарына жатады, құрғақ шабындықтарда, орман шетінде, бұта қопаларында өседі. Ежелгі замандардан бері оны қан тоқтатушы, тәбет ашушы зат ретінде пайдаланған. Медицинада ақбас жусанның гүлдеп тұрған жер бетіндегі бөлігі гастрит, асқазан жарасы, сондай-ақ атеросклероз кезінде, тұмау және жоғарғы тыныс алу жолдарының катары кезінде қан тоқтатушы және жара жазатын зат ретінде пайдаланылады.
18. Жай цикорий –Cichorium intybus L.Көпжылдық шөптесін өсімдік күрделі гүлді тұқымдастарына жатады. Маусымда - қазанда гүлдейді, шілдеде - қазанда жеміс береді. Медицинада тамырын және шөбін пайдаланады. Тамырын кофенің жасанды өнімін жасау үшін немесе табиғи кофеге жағымды кермек дәм беру үшін қосымша ретінде, сондай-ақ қант және спирт алу үшін пайдаланылады. Балғын жапырақтары салат есебінде қолданылады. Халықтық медицинада ас қорыту ағзаларының қызметін жандандырушы кермек алу үшін, сондай-ақ бауыр, талақ, бүйрек ауырған кезде және сусамырда пайдаланылады. Дене жарақатын жуып-шаятын, теріні тазартушы тартпа ретінде қолданылады.
19. ^ Салаубас, солмас – Helichrysum arenarium (L) Moench.Көпжылдық шөптесін өсімдік күрделі гүлді тұқымдастарына жатады. Маусым-шілдеде гүлдейді, шілде - қыркүйекте жеміс береді. Медицинада сабағы қысқа жұлынған (1 см аспайтын) гүл шоғыры пайдаланылады. Несеп айдайтын препарат (фламин және басқа) алуға арналған керемет шикізат болып табылады. Бұдан басқа тұнбасы мен қайнатындысы несеп айдайтын жинақтың құрамына кіреді. Салаубастан аренарин антибиотигі алынды.
20. ^ Маршаллиев жебірі–Thymus marschalloanus Wolld. Тал-шілік тау қалақай тұқымдастарына жатады. Мамырда - тамызда гүлдейді, маусымда - қыркүйекте жеміс береді. Медицинада жебірдің шөбі пайдаланылады. Жебіршөп майы бактерияға қарсы зат тек ретінде пайдаланылады. Жапырақтардан жасалған сұйық сірінді петруссин препаратының құрамына кіреді, ол бронхит және көкжөтел кезінде қақырық түсіреді.

- Өсімдіктер мен жануарлар
- Өсімдіктер экологиясы
- Өсімдіктің қоректенуі
- Өсімдік шаруашылығы
- Өсімдік шаруашылығында класстерлік жүйені дамытудың бағыттары
- Өсіп – өнудің денсаулықпен байланысы және мінез – құлық
- Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы
- Өсиет бойынша мұрагерлік
- өсімдік
- Өсімдік биотехнологиясының даму тарихы
- Өсімдіктер
- Өсімдіктердің зоналарға бөлінуі
- Өсімдіктердің топтасуы
- Өсімдіктер және жануарлар экологиясы