Сопылық философиясы Араб
Жоспар:
Кіріспе:………….……………………………………………
Негізгі бөлім:........................
- Араб тілді философияның тарихи әлеуметтік, мәдени және теориялық алғышарттары………………………………………………
…..….……….4-5 - Араб тіліндегі философияның бағыттары…………………..…..………..5-6
- Араб тілді философиядағы перипатетизм …………………..….….…….6-9
- Сопылық философиясы.………………………………...………
….……10-11 - Ислам Философиясы…………………………...………………
…….….11-14 - Калам – ислам қағидаларын рационалды түсіндірудің жолы…..…....14-15
- Араб ойшылдары………..…………………..…………………
….……..15-18
Қорытынды:....................
Пайдаланылған әдебиеттер:...................
2
Кіріспе:
Ислам діні негізгі діні, араб тілі Құран тілі болған Араб халифатында мұсылман философиясы өзінен VI ғасыр бұрын дүниеге келген христиан дінімен күрес нәтижесінде қалыптасты. Өзінің таралу барысында, әсіресе кіші Азияда ислам антика философиясының ошақтарымен бетпе-бет келіп отырды. Қазіргі заманғы белгілі қазақ философы Ғ. Есімнің пікірінше, әлемді күшпен ғана емес, философия мен ғылымды тарату арқылы да билеуге болатынын ұғынған халифтер грек және үнді философиясын тереңдеп зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Адам, оның тағдыры мәселесін түсіндіруде, оған рухани басшылық жасауға моральдық жауапкершілік ісінде олар антика, философиясының категориалдық аппаратына жүгінді. Сондықтан да философияның практикалық қажеттілігінен грек философтарының еңбектері әуелі сирия, кейін араб тіліне аударылды. Тіпті Византиямен соғыста олар тұтқындарды қолжазбаларға айырбастап алып отырды. Осы араб тіліне аударылған еңбектер кейін Европаға жетті. Яғни, Европа өркениеті үшін антика философиясың сақтап қалған араб ойшылдары деуге болады.
Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:
* ислам дінімен тығыз
байланыстылығы. Ғылым мен діннің
бірін-бірі үйлесімді
* көпұлттылық – араб, парсы, түркі және т.б. ұлт философтары.
* негізгі философиялық
тіл – арабтілі. Араб тілінде
философия «фалсафа» деп
* Басты мәселелер – адам және оның тағдыры, адам және Құдай, адам және қоғам, онтология мәселелері.
3
Негізгі бөлім:
Орта ғасырлардағы араб тілді философия.
Орта ғасырлардағы араб тілді
философия мен мәдениеттің
Мұхаммед (570-632) көшпелі
араб тайпаларын біріктіруге
тырысты. Арабтардың рухани
Меккедегі Кааба храмы халифаттың діни орталығына, Шығыста – Багдад, Батыста, Кордова білім мен өнердің ошағына айналды.
VIII-XII ғасырлар аралығында араб әлемінде, алдымен Шығыста, сонан соң батыс облыстарында, әсіресе Испанияда ғылымдардың дамуы басталады.
Алдымен тригонометрия, алгебра, сонан соң оптика мен психология, астрономия, химия, география, зоология, медицина дамиды. Бірте – бірте философиялық, діни сипаттағы ізденістер де пайда болады.
Араб – мұсылман
философиясын қызықтырған
Жалпы араб философиясында
екі түрлі ағым қалыптасты. Бірінші
ағым грек философиясының
Шығыс – араб
Бірінші кезең –
IX-X ғасыр. Бұл Шығыстың атақты
философтары әл – Кинди, әл
– Фараби, ибн – Сина есімдерімен
тығыз байланысты. X ғасыр араб
мәдениетінің гүлденген кезеңі,
не болмаса А. Мец айтқандай:
«Мұсылмандық ренессанс»
Екінші кезең XII-XIII
ғасырлар мұсылмандық
4
Екінші ағым – мұсылмандардың негізгі қасиетті кітабы – Құранға сүйенген философиялық концепциялар, мүтәкәлімдер, мүтәзәлиттер (VIII-IX ғасырлар), калам доктринасы (X-XII ғасырлар).
Орта ғасырлық араб
мәдениеті көптеген
Көп жақты және әртүрлі
мәдени дәстүрлердің өзара
Араб орта ғасырлық
ойлау мәдениетінің ерекшелігі
– оның дін догматтарынан тыс,
дербес дамуы. Сондықтан да
жалпы орта ғасырларға тән
теологиялық сипаттағы құдай
және оған адамның қатысы
2. Араб тіліндегі философияның бағыттары
X-XIII ғасырларда араб тіліндегі философияның мынадай бағыттары болған: 1). Шығыс перипатетизмі; 2). “Таза ағайындар” ілімі; 3). Сопылық ілім; 4). Мұсылман философиясы. Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған филос. мектеп. Мұның басында әл-Кинди (9 ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. “Таза ағайындар” ілімі — оқу жүйесіне арнап жазылған 51 томдық энциклопед. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу әрі оны оқыту мәселесіне арналған. Сопылық ілім — Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Иасауи, Ибн Араби т.б. Мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі — әл- Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп.Араб тіліндегі философияны ғылымда “фәлсафа” деп те атайды. Бұл, әсіресе, Шығыс перипатиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның философиядан өзгешелігі — ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда аталған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл грек философиясын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, философияның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі философияның тарихи маңызы — Ф.Бэконнон
5
(1561 — 1626) Спинозаға (1632 — 1677) дейінгі мерзімді қамтитын
Жаңазаман философиясы көтерген басты-басты мәселелерді шығыс перипатетиктері мен мұсылман дін танушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен Батыс философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (қ. Схолостика) мен Сигер Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады. Араб философиясының тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. IX-X ғасырларда Араб философиясының орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты X-XI ғасырларда ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқанд, Мерв, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадон, Отырар сияқты қ-ларда ғылым, білім өріс алды. Араб философиясының 3-орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай Араб философиясысы тұтастығынан айрылып, ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы ибн Халдун (1332 — 1406) есімін ғана атаймыз. Араб тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды. Иасауи ілімі бүкіл түркі халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті.
3. Араб тілді философиядағы перипатетизм
Араб тілді философиядағы перипатетизм әл - Кинди шығармашылығынан басталған. Әл – Кинди Птоломей, Эвклидтің жаратылыстану саласындағы еңбектерін жақсы білген. Аристотель шығармаларына және Порфирийдің «Кіріспесіне» түсініктеме жазған. Әл-Кинди философияны жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста қарастырған.
Философиямен терең
айналысу үшін математиканы
Математиканың ерекше проподевтикалық ролін көрсете отырып, әл – Кинди философияның рационалдық табиғатына көңіл бөледі. Философия – барлық нәрсе туралы білім. Сонымен қатар, ол – материя, форма, орын, қозғалыс
6
және уақыт сияқты болмыстың жалпы анықтамалары туралы ілім.
Әл – Кинди идеяларын
одан әрі дамытушы әл – Фараби.
Оның даңқы әлемге тарап,
Аристотельден негізгі
айырмашылығы әл – Фараби, ең
алдымен, әлемнің пайда болуы,
әсіресе адамның пайда болуы,
иерархиялық болмыстағы
Аристотельдікі сияқты
әл – Фараби космосында да
жоғары құбылыс - аспан аяқталған,
ал төменгі құбылыс – жер
аяқталмаған. Аспан
Фарабидің пікірінше,
әлемнің жоғарғы, төмен, оңды -
солды бөліктері өзара бір
зат, нәрсе арқылы немесе күш
жәрдемімен байланысады.
Әл – Фарабидің
пікірі бойынша, бірінші
Әлемнің шыққан тегі,
негізі бір – ол әлемдік
нұр. Әлемдік нұр деген ұғым
Плотиннің эманация теориясын
бірден еске түсіреді. Әлемдік
нұрдан бүкіл тіршілік
Фарабидің әлемдік
ақылы өзін өзі бейнелеп қана
қоймай, тануға да жетелейді. Оның
өзіндік болмысын қамтамасыз
ететін бірінші әрекеті,
7
табылатын жанды тудырады.
Осыған ұқсас эманация процесі одан әрі жалғасып, қозғалысқа келтіріп, жан бітіретін өзіндік күштері бар Сатурн, Күн, Шолпан, тағы басқа планеталар дүниеге келеді. Ай астындағы соңғы сфераның ақылын әл – Фараби әрекетшіл ақыл деп бағалайды. Өйткені, ол әлемдік ақылды да, жеке адамның ақылын да тудырады.
Сонымен қатар, ол
аспан денелерінің көмегімен
адамдар, жануарлар,
Бұл әлемдік үлгіде адамға ерекше көңіл бөлінген.
Әл – Фараби адам
жанының тәннен басқа мәні
бар екенін айтады. Бірақ бұл
мәселеде Шығыс елдерінде өте
ықпалды болған неоплатонизм
дәстүрін қолдамайды. Ол жанның
тәннен бұрын немесе кейін
өмір сүретінін мойындамайды. Жанның
қызметтерін анықтауда оған «
Адамның таным функциялары
сезімсіз іске аса алмайды.
Қабылдау мен қиял – сезімдік
білімнің негізгі құралдары.
Ақылда ғана адамның жоғары танымдық қабілеттері дами алады. Өйткені ақыл болмыстың мәнін игереді.
Ибн-Сина (980-1037) – ғалым
– философ, дәрігер, Шығыс
Ибн Сина барлық
ғылымдарды теориялық және
8
Теориялық ғылымдарға метафизика, математика, физика жатқызылған.
Авиценаның ғылым теориясы
әлемнің танылатына
Авиценна логиканы жоғары бағалаған. Аристотель сияқты ол да логиканы теориялық ғылымдардың қатарына қоспаған, бірақ барлық негізгі философиялық еңбектерінде оны философияға кіріспе ретінде алған. «Даниш – намеде» ибн – Сина логиканы «ғылым - өлшемі» деп атаған. Өйткені кез келген білімнің нақтылығы, танымдық деңгейі логика арқылы белгілі болады.
Метафизика болмыс туралы жалпы ілім деп анықталады.
Метафизика зерттейтін
төрт түрлі болмыс бар.
Ибн Синаның пікірінше,
әлем құдайдың эманациясы
Араб перипатетизмнің
шыңы – ибн Рушд немесе
Осыған сәйкес жеке
адамның жанының мәңгілік
Ибн - Рушд «екі жақты
ақиқат» ілімін жасады. Мұның
көмегімен философия мен
9
4. Сопылық – исламдағы мистикалық бағыт. Оның тану объектісі - Құдай. Оны танып білудің өзіндік ерекшелігі бар, өйткені Құдай сияқты өте қасиетті объектіні тануға логикалық ойлау немесе парасаттың шамасы келмейді. Ол үшін ерекше бір жағдай – адам жанының терең түкпірінде жататын бір киелі күш қажет. Ондай күш бар ма? Бар болса, ол қандай күш деген сұрақтар бірден көкейге оралады. Иә, адамды адам ететін, оған ерекше рухани қуат беретін, оның өмірін мәнді де сәнді ететін, жүрегігің түкпірінде нәр алып, әрдайым жанып тұратын ерекше күш – ол сүйіспеншілік Құдайтану адамнан ерекше әсерленушілікті, сүйіспеншілікті, онымен ерекше сырласуды қажет етті.
Құдай тану – ерекше
сүйіспеншілік сезімін бастан
кешіру. Құдай, ең алдымен, сүю
объектісі, ал оған шын
Сопылық жолына түсіп, құдай сұлулығын танудың алғы шарттарының бірі – Аллаға махаббат болып табылады. Махаббат бар жерде үлкен пәктік те, терең жан тәрбиесі де, тұнық сезімталдық та бар.
Соплық жол – Алла тағалаға жетудің, Құдайды танудың сүйіспеншілік жолы.
Сопылық жолының төрт сатысын көрсетуге болады:
«шариат» - мұсылман дінінің заңдарын бұлжытпай орындау;
«тарикат» - беделді
қария сопының айтқанын
«марифат» - ақылмен
емес жүрекпен құдайдағы
«хакикат» - құдаймен танып болғанның толық бірігуі.
Сопылар жалғыз беп көптің, құдай мен адамның қатынасын ерекше атап, соның мәнін іздегендіктен көптеген адамгершілік этикалық ұғымдарға кезігеміз.
Сопылық өз бетінше ойланып, еркіндікке ұмтылатын адамдарды қызықтырды. Өйткені ол таяу Шығыста әруақытта бағаланатын бейтарап ой 10
– қиялмен емін – еркін айналысуға мүмкіндік берді. Сопылық ұғымдарын пайдалана отырып, сырт көзге исламның аясында қалып, бірақ іс жүзінде одан шығып кетуге болатын еді.
5. Ислам Философиясы – ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді.
Ислам философиясының даму кезеңі үшке бөлінеді:
Ислам философиясының классикалық кезеңі (VII-XVғасырлар);
кейінгі (XV-XIX ғасырлар)
қазіргі заман (XIXғасыр –XXғасырлардың 2-жартысы).
Кеңестік кезең тұсындағы қазақстандық философияда Ислам философиясы. ретінде “мұсылмандық ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған ислам мәдениетінің классикалық даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Көрнекті орта ғасыр ойшылдары Әбу Наср әл-Фараби, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Сина, Әбу Әли ибн Рушд және т.б. ұстанған перипатетизм ислам өркениетінің талаптары мен ізденістеріне сай келетін көне философия дәстүрді мирас ете отырып, орта ғасырлық Батыс Еуропа ғалымдарының философиясы ой-пікірлеріне ықпал етті. Сондай-ақ, қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиясына өз әсерін тигізді. Ислам философиясында перипатетикалық бағыттан өзге кәлам, сопылық, исмаилшылдық, т.б. қалыптасқан дәстүрлердің әрқайсысының өз тарихы бар. Олардың кейбірі (мысалы, исмаилшылдық пен сопылық) өз ықпалын күні бүгінге дейін жойған жоқ. Енді біреулері (мысалы, кәлам) ислам әлемінің әр түкпірінде қазір де өзінің гүлдену дәуіріндегіден аз ықпал етпейді, үшіншілері белгілі бір даму сатыларынан өте келе, қазіргі заманның діни-идеологиялық жүйелерінің
11
құрамына енді, я болмаса сопылық идеялармен ұштаса отырып, қазіргі заманғы көрнекті ислам ғалымдарының ой-пікірлерінен орын алып келеді. Ислам философиясы. дін (ислам), құқық (фикї) және теориялық ғылымдармен тығыз байланыста қалыптасып, дамыды. Олардың құрамына жаратылыстану, медицина, математика, филология (грамматикадан бастап риторика мен поэтикаға дейін қамтитын тіл туралы ғылым білімдер жинағы), практикалық ғылымдар (этика, саясат) енеді. Ислам философиясының айрықша ерекшелігі – оның пікірталастық сипаты. Әуел бастан сұхбаттық философия дискурсқа баруына, оның жалпыға бірдей міндетті қағидадан азаттығы түрткі болды. Идеологиялық және таза ұйымдық шектеулердің жоқтығы көптеген бағыттардың пайда болуына мүмкіндік туғызды және діни-философиялық ой-пікірдің еркін дамуына жол ашты. Христиандық діни ой-пікірден айырмашылығы, бұл бағыттарды сектанттық-еретиктік деп атауға болмайды. Ислам философиясындағы елеулі айырмашылықтар (хариджиттер, сунниттер, шииттер) билік мәселесін шешумен байланысты. Ислам мемлекеттері мен олардың идеологиясының дамуы ислам қоғамында метафизика мәселелеріне қызығушылық туғызды. Ол Ислам философиясының дамуына жаңа дем берді. Мәселен, сенім мәселесін шешудегі пікір алшақтығымен – Ислам философиясының хариджиттер, мурджиттер, мутазилиттер және т.б. ағымдар; Алланың мәні мен сипаттары мәселесін шешудегі алшақтықтармен – сифатиттер, джахмиттер, хашвиттер, сопылар және т.б.; қоғамды құқықтық реттеу мәселелеріндегі алшақтықтармен ханафиттер, ханбалиттер, шафииттер, маликиттер көзге түседі. Идеялық алшақтықтар салдары 8 ғасырлардың өзінде-ақ кем дегенде бес ағымның пайда болуына әкеп соқтырды (сунниттер, шииттер, хариджийалар, мутазилалар, муржиалар). Олардың барлығы өз сенімінің дұрыстығын дәлелдей отырып, бірін-бірі “бұрмалаушылар” немесе “адасушылар” деп айыптап, бір-бірінің көзқарасына күмән келтірді. Сондықтан “дұрыс сенім” мен “адасу” мәселесі Ислам философиясында басты орын алды. Бұл X-XI ғасырлар тоғысында “дұрыс сенім” ретінде “сенімнің кадириттік белгісінің” жариялануына әкеліп соғып, одан ауытқу сенімсіздік ретінде қарастырылды. Алайда, бұл шара “бастапқы исламға” оралып, бірлікті нығайту талабын қайта жаңғыртқанымен, діндарлар таласындағы алауыздыққа шек қоя алмады. Ислам өркениетінің тарихында XIX ғасырлардың басы – X ғасырлардың ортасы – нарық қатынастарының дамуына, ұлттық буржуазияның қалыптасуына, ұлт-азаттық қозғалыстарға байланысты күрделі де қайшылыққа толы “реформалар” кезеңі. Ғасырлар
12
бойғы оқшаулықтан арылу мен техногенді өркениет жетістіктеріне, дүниежүзілік мәдениетке қосылу процесі Ислам философиясында дәстүрлі қағидаларды жаңаша ой елегінен өткізу қажеттігін тудырды. Дәстүрлі философия ой-пікірдің іргесі шайқалып, зайырлы білімге, ғылым мен техникаға қызығушылық оянды. Бұл процесс Батыс идеяларының ықпалымен жүргізілді, сондықтан “Шығыс – Батыс” мәселесі бүкіл философияның мәселесі ішіндегі ең өзектісі болып саналды. Егер XIX ғасырлардың басында Ислам философиясында дін мәселесі басты үстемдікке ие болса, XIX ғасырлардың 2-жартысынан бастап конституционализм, парламентаризм, бостандық, ұлт, т.б. мәселелер қозғалды. XX ғасыр қарсаңында Ислам философиясының, әсіресе, Египет пен Сирияда, еуропа филосының ой мен мәдениетке қызығушылықтың оянуынан, Батысты мадақтаудан отаршылдыққа қарсы күрес пен еур. өркениетті сынауға қарай ойысты. Әлеуметтік-саяси мәселелерді шешудегі ағартушылық көзқарас жаңа заманғы Ислам философиясының айрықша белгісіне айналды. Басты назар қоғамға пайдалы тұлға ретінде адам мәселесіне, адамгершілік мәселелеріне аударылды. Алайда, бұл Ислам философиясының дәстүрлі құндылықтарын мүлдем ұмытты деген сөз емес. Ол Батыстың философиялық идеяларын ислам өркениеті негіздері тұрғысынан, дәстүрлі ислам дүниетанымы тұрғысында қарастырды. Әлеуметтік-саяси және мәдени жағдайлардың өзгеруі барысында ынтымақтастық мәселесі жаңаша қарастырылды. XX ғасырлардың 2-жартысы Ислам философиясының алдына мүлдем жаңа – демократия, философиялық-теологиялық және әлеуметтік ойды нарықтық өзгерістер мен индивидуализм тұрғысынан дамыту мәселелерін қойды. Олар ең алдымен, әлеуметтік-саяси дамудың социализмнен де, капитализмнен де өзгеше “үшінші жолын” іздестірумен сипатталды. Соның негізінде “ислам мемлекеті”, “ислам экономикасы” және т.б. тұжырымдамалар жасалынды. Партикулярлық ұлтшылдық пен панарабшылдық түріндегі ұлтшылдық әлеуметтік-философиялық ойдың үстем формасына айналды. Батысқа қатысты екіжақты ұстаным қалыптасты: прогрессивті даму мақсатында Батыстың оңды жетістіктерін пайдалануға ұмтылыс арта отырып, сонымен бірге батыстық өмір салтына сенімсіздік көрсету, оны қабылдамау күшейе түсті. Саяси және әлеуметтік тұрғыдан алғанда, ислам дербестіктің, философилық-этикалық тұрғыдан – рухани және адамгершілік құндылықтардың символы болып қала берді. Батыстық рационализм мен прагматизмді сынай отырып, Ислам философиясының өкілдері батыстың философиялық ой-пікірлеріне де жол беріп, әдістерін
13
қолданды. XX ғасырлардағы Ислам философиясының дамуы ұлттық егемендікке жету, ислам әлемі елдерінің экономикалық және саяси тәуелсіздігін нығайту үрдісін қалыптастырумен сипатталады. Бұл ислам өркениеті мен Ислам философиясының қарқынды дамуын білдіреді.Дәстүрлі Ислам философиясында Әбу Наср әл-Фараби идеяларының рөлі мен маңызы ерекше. Еуропаға табынушылық бағыттағы көзқарастар, әдетте, орта ғасырлардағы ислам философтарының, соның ішінде әл-Фарабидің де еңбегі мен жетістігі, көбінесе, тек қана гректер мұрасын жеткізуінде деп қате тұжырым жасайды. Анығында, оның еңбегінің мәнін пайғамбардан кейінгі кезеңнен бастап өз дәуіріне дейінгі тарихи тұрғыдан жаңа, рухани шындықты ұғынуынан, адам өмірінің шынайы ақиқатын түсінуге ұмтылуынан іздеген жөн. Мұны философия тілінде жүзеге асыруға мүмкіндік берген әдіс – Платонның, Аристотельдің және олардың ізбасарларының ізденістеріндегі ойлар мен дәлелдер жүйесін түсіндіру еді.
6. Калам - мұсылмандық қағидаларды рационализм тұрғысынан түсіндіру. Оның негізін әл—Ашари қалаған. Өзінің ізденістерінің негізгі нысаны ретінде Құранның қасиеттілігі, Алланың атрибуттары, әлемнің жаратылуы және оның ақыры, күшті жаза сияқты мәселелері алынған.
Каламдағы ең іргелі ұғым – Алланың жалғыздығы мен біртұтастығын негіздеу.
Ислам VII ғасырдың бірінші
жартысында пайда болып, Шығыс
мәдениетіне үлкен өзгеріс
Адамзат баласы «Алланың
жалғыз екенін мойындап, оның
елшісі Мұхаммед» белгі
Каламды басқаша мүтәкәлімдер деп атайды. Калам деген араб ұғымы қазақ тілінде – сөз деген мағына береді.
Калам әлемнің атомистік
құрылымын қабылдайды. Заттар атомдардан
құралады. Бірақ оның пайда болуы
құдайдың еркіне тәуелді.
14
Шексіздік Құдайдың қасиеті, өйткені заттар табиғатынан тұрақсыз.
Адамдардың себеп,
салдар деп жүргені түк емес,
шын мәнінде, құдай олардың
санасында сондай дағдыны
- Араб ойшылдары
Аль-Кинди (800-870 ж.ж.) – араб
философы, астрологі, математигі әрі
дәрігері, «арабтардың философы»
деген құрметті атаққа ие. Аль-Кинди
өзінің дүниетанымына негіз етіп
жалпыға ортақ себептілік байланыс
идеясын алады, бұл идеяға орай, кез
келген бір затты ақырына дейін
ой елегінен өткізетін болса, онда бұл
зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай
тануға мүмкіндік береді. Құран жолын
ұстанушылар Аль-Киндиге
Шығыс перипатетизмнің
одан әрі дамуы Әль-Фараби мен
Ибн Синаның есімімен
Әл-Фараби Әбу Нәсір
Мухаммед ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы
Фараб қаласында дүниеге келіп,
950 ж. Дамаскіде дүниеден озады)
– Шығыс философы, ғалым-энциклопедист,
шығыс аристотелизмінің аса
15
Ибн Сина Әбу Әли (лат. айтылуы
– Авиценна, 980-1037ж) ортағасырдағы
тәжік философы, дәрігері және ғалымы.
Бухарада, Иранда өмір сүрген. «Білім кітабы»
(«Даниш намаз»), «Емдеу кітабы», «Медицина
каноны» және т.б. еңбектердің авторы.
Ибн Сина Ислам дінін жақтай тура,
көне дүние философиясы мен ғылымын
арабтарға, Еуропа елдеріне таратуда игі
ықпал жасайды. Ол өзінің философиялық
ілімінде Аристотельдің материалистік
және идеалистік бағытын ұстады, ал
кейбір мәселелерде аристотелизмнен
бас тартып, неоплатонизм жағына шығады.
Аристотельдің логикасын, физикасын
және метафизикасын жетілдірді. Ол
материяның мәңгілігін мойындады, оған
бір тектес заттардың әрқилы себептері
деп қарады және астрлогиямен басқа
да сәуегейліктерге қарсы шықты.
Әл-Фараби мен Ибн Синаның

- Сорап компрессорлық құбырлары және оның мұнай-газ кәсіпшілігіндегі маңызы
- Сорап тегеуріні
- СОРБЕНТИ НА ОСНОВІ ПРИРОДНИХ ГЛИН, ЦЕОЛІТІВ, ІОНООМІННИХ СМОЛ І АКТИВНОГО ВУГІЛЛЯ
- СОРБЕНТИ НА ОСНОВІ ПРИРОДНИХ ГЛИН, ЦЕОЛІТІВ, ІОНООМІННИХ СМОЛ І АКТИВНОГО ВУГІЛЛЯ
- Сорбенты
- Сорбционное цианирование золота
- Сорбционные геохимические барьеры
- Сопутствующие аудиту услуги
- Сопутствующие аудиту услуги
- Сопутствующие аудиту услуги
- Сопутствующие аудиту услуги
- Сопутствующие аудиту услуги
- Сопутствующие аудиту услуги
- Сопутствующие услуги аудита