Сот органдарының түсінігі мен мақсаттары

Сот органдарының түсінігі мен мақсаттары

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:

І –  тарау. Сот жүйесінің бірлігі

1.1.Аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру

1.2.Аудандық соттың құрамы

II – тарау. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру

2.1.Облыстық соттың өкілеттілігі

2.2.Сот  органдарының құқықтық мәртебесі

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 
           Қолданылып жүрген заңдарда құқық қорғау органдары деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады. Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез – құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық – пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.

Құқық қорғау қызметіне тән белгілер: құқық қорғау міндетінің болуы; құқық қатынастарының субъектілеріне ықпал етудің арнаулы заңдық шараларын қолдану; заңмен қатаң түрде регламенттеу; белгіленген рәсім іс – жүргізу тәртібі болып табылады. Белгілерін негізге ала отырып, құқық қорғау қызметін басқа қызмет түрлерінен ажыратуға болады. Мысалы, республикалық Барлау қызметінің негізгі міндеті еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлауды ұйымдастыру мен жүргізу, сондықтан оның құқық қорғау қызметінің бірқатар белгілері (заң негізінде қызметті қатаң регламенттеу, билік сипатындағы өкілеттік беру) болғанымен де, ол құқық қорғау органы емес. Құқық қорғау қызметінің мақсаты құқықпен міндетті қорғау олардың қолданылу пәрменділігін қамтамасыз ету, нормаларды сақтау және олардың сақталмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану.

Конституциялық  бақылау елдің бүкіл аумағында  Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық заңдардан, заңдарға тәуелді  және өзге де нормативтік құқықтық актілерден үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. Оны Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жүзеге асырады.

          Сот төрелігі құқық қорғау қызметі жүйесіндегі іргелі негіз болып табылады. Ол құқық туралы даулардың көпшілігін шешуді, көптеген заңдық мәселелерді анықтауды қамтамасыз етеді, көбінесе заң жүзіндегі жауапкершілік шараларын қолдауға байланысты мәселелерде соңғы саты болады. Мысалы, алдын ала тергеу органдарының қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуы тек сот органдарында ғана қисынды аяқталады. Лауазымды адамдар мен заңды тұлғалардың әрекеттеріне сотқа шағым беріліп, дау айтылуы мүмкін. Прокурорлық қадағалау да құқық қорғау қызметінің маңызды нысаны, өйткені ол Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен алдын ала тергеудің, әкімшілік және атқарушы іс жүргізудің заңдылығына жоғары дәрежеде қадағалауды жүзеге асыру болып табылады. Әділет органдарының қызметін, сөз жоқ, құқық қорғау қызметіне жатқызу керек, өйткені бұл органдар құқықтық нормалардың қалыпты.

 

 

 

 

 

 

Аудандық және оларға теңестірілген  соттарды құру

 

Аудандық  және оларға теңестірілген соттарды уәкілетті органның Жоғарғы Сот  Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастыралы және таратады. Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік- аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік –аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін. Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.

Қазақстан Республикасы сот жүйесінің негізгі  буыны әрбір ауданда немесе аудандық бөлінісі жоқ қалада жұмыс істейтін аудандық (қалалық) соттар болып табылады. Олар барлық азаматтық істер мен көптеген қылмыстық істерді бірінші сатыдағы сот ретінде қарайды. Осы соттардың соттылығына соттардың жалпы құзырындағы ведомстволық бағынысты барлық азаматтық істер жатады. Аудандық соттардың қарауына  барлық қылмыстық істер де жатады. Қазіргі кезде аудандық (қалалық) сот тек бірінші сатыдағы сот болып табылады. Қылмыстық және азаматтық істерден басқа аудандық (қалалық) сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, үкімдердің орындалуына байланысты мәселелерді шешеді  (шартты-мерзімінен бұрын босату, бір режимдегі колониядан екінші режимдегі колонияға ауыстыру және т.б.) Аудандық (қалалық) соттар сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 6-бабына сәйкес «уәкiлеттi органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады». Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Президентi бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін».  Осы Заңның 7-бабына сәйкес «Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады. Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья (бiр құрамды сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады. Аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келiсе отырып, облыс соттарының әкiмшiсi белгiлейдi», «Аудандық соттың  төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар: 1)сот судьяларының сот iстерiн қарауын  ұйымдастырады; 2) соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 3)азаматтарды қабылдауды жүргiзедi; 4)судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады; 5)сот статистикасын жүргiзу мен талдауды ұйымдастырады; 6) өкiмдер шығарады; 7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкiмi бойынша төраға мiндеттерiн атқару осы сот судьяларының бiрiне жүктеледi.  Бiр құрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның мiндетiн атқару аумақтық уәкiлеттi орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот төрағасының өкiмiмен басқа соттың судьяларының бiрiне жүктеледi» (жоғарыда аталған Заңның 9-бабы). Аудандық (қалалық) соттардың сот қызметін қадағалауды облыстық соттар  аппеляциялық және қадағалау тәртібімен жүзеге асырады. Аудандық соттың өкiлеттiгi. Аудандық соттың өкілеттігі осы Заңның  8-бабында белгіленген:  «Аудандық сот бiрiншi инстанциядағы сот болып табылады. 2. Аудандық сот: 1) өзiнiң  қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды; 2) сот статистикасын жүргiзедi; 3) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады». Аудандық (қалалық) соттың заңмен құзыретіне жатқызылған қаралатын мәселелер мен істер шеңбері өте кең. «Аудандық (қалалық) соттар қарайтын барлық істер мен материалдардың жартысына жуығын азаматтық істер құрайды» егер тараптардың бірі азамат, ұйым немесе олардың бірлестігі болып табылса, осындай дауларды шешу заңмен әкімшілік немесе өзге органның жүргізуіне жатқызылған жағдайларды қоспағанда, азаматтық, отбасылық, еңбек және басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша істер; бір жағынан,  мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдар және екінші жағынан, тиісті халықаралық шарттардан туындайтын темір жол немесе әуе көлігі органдары арасындағы тікелей халықаралық және әуе жүгін жеткізуде жүктерді тасымалдау шартынан пайда болатын даулар бойынша істер; әкімшілік-құқық қатынастарынан туындайтын істер (мысалы: сайлаушылардың тізімінің дұрыс болмауына; әкімшілік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне; азаматтардың құқықтарына қысым жасайтын мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне; салық бойынша азаматтардың бересісін өндіру туралы және т.б. шағымдар), сондай-ақ олардың құзыретіне заңмен жатқызылған өзге істер. 2) Басым көпшілігі қылмыстық істер. Қалалық (аудандық) сотарға Жоғарғы, облыстық, сондай-ақ әскери соттың қарауына жатқызылған қылмыстық істер қарауға жатпайды. 3) Тізбесі әкімшілік заңнамада, сондай-ақ басқа да заң актілерінде белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар. Көрсетілген істерден басқа аудандық қалалық соттың құзыретіне құқық туралы даулар байланысты емес, белгілі бір фактілерді анықтауды талап ететін мәселелерді қарау жатады. Осы санатқа мыналар жатады:  - ерекше іс жүргізудегі істер, аралуы заңдық маңызы бар фактілерді анықтауға бағытталған (мысалы: туыстық қарым-қатынастарды, жасты, айырылысу, некелесу, адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы фактілерді анықтау және т.б.);  - үкімді орындауға байланысты мәселелер (мысалы, жазадан шартты- мерзімінен бұрын босату, еңбекпен түзеу мекемесінің түрін өзгерту туралы, жазаның өтелмеген бөлігін аса жеңіл түріне ауыстыру туралы және т.б. туралы)  сонымен қатар, аудандық қалалық соттар қылмыстық істер бойынша анықтау, алдын ала тергеу органдарының және прокурордың іс-әрекетері мен шешімдеріне шағымдарды қарайды.  Барлық аталған істер мен материалдарды қарау сот оытырсында сот жүргізеді, оның тәртібі іс жүргізу заңнамасында егжей-тегжейлі регламенттелген (ҚІЖК, АІЖК).  Бірнеше судьялар жұмыс істейтін аудандық (қалалық) соттарда олардың ішінен біреуін аудандық (қалалық) соттың төрағасы  етіп сайлайды. Ол судья мәртебесін сақтап, осы соттың құзыретіне заңмен жатқызылған істерді қарайды, сонымен бірге оған соттағы жұмыстарды ұйымдастыру жүктеледі, ең алдымен ол судьялар арасындағы міндеттерді бөледі.

  Істерді қараумен қатар әрбір  судья шағымдарға, арыздар мен  ұсыныстарға, заңнаманы түсіндіру  бойынша консультациялар алуға  байланысты жеке мәселелер бойынша  азаматтардың қабылдауын жүзеге  асырады. Аудандық (қалалық) соттың жұмысын ұйымдастыруда судьялар арасындағы істерді бөлудің маңызы зор. Көп құрамды соттарда мәндік, аумақтық, араластық және аймақсыз қағидаттар негізінде судьялар арасында істерді бөлу мүмкіндігі көзделген.  Мәндік (функционалдық) қағидат түрлі санаттағы істерді мәндік қарау бойынша мамандандыруға негізделген, оған сәйкес бір судья (немесе судьялар) тек азаматтық істерді (мысалы, неке-отбасылық, салық және т.б.), ал басқасы (басқалары) – қылмыстық істерді (мысалы, лауазымдық қылмыстар, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар және т.б.) қарайдыү  Аумақтық (аймақтық) қағидатқа сәйкес бүкіл аудан (шартты түрде) сот учаскелеріне – ауданның немесе қаланың нақты  аумағына бөлінеді. Сот учаскелерінде туындаған істер осы участок бекітілген белгілі бір судьяның іс жүргізуіне келіп түседі.  Аралас қағидатқа сәйкес әрбір судья оларға бекітілген учаскелерге келіп түскен немесе қылмыстық немесе азаматтық істерді қарайды. Аймақсыз қағидатқа сәйкес  судьялар арасындағы қылмыстық істерді сот төрағасы бөліп береді, барлық азаматтық істерді жеке мәселелер бойынша азматтарды қабылдау уақытында талап арыз қабылдаған судьялар қарайды. Жұмысты айқын, дұрыс ұйымдастыру үшін сот төрағасы басшылық ететін соттың көмекші аппараты қажет. Ол консультанттардан, кеңсе хатшыларынан, сот отырыстарының хатшысыларына, іс қағаздарын жүргізушілерден тұрады. Төраға оның ұсынысы бойынша тағайындалатын консультанттар мен сот орындаушыларын қсопағанда, қажетті қызметкерлерді іріктейді. Істерді қарау және жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдаумен қатар, аудандық (қалалық) сотта сот төрелігін жүзеге асырумен тікелей  ұштаспайтын басқа да жұмыс түрлері жүзеге асырылады. Соттарда сот төрелігінің тиімділігін арттыру мақсатында сот тәжірибесін зерделеу және жинақтау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ол үшін арнайы әзірленген бағдарламамен сот қателерін анықтау мақсатында нақты істер зерделенеді және содан кейін олардың алдын алу жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірленеді. Заңнама және сот тәжірибесі бойынша анықтау жұмыстары жинақтаушының қарамағында. Оның мәні құқықтың барлық салалары бойынша барлық нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды есепке алудан тұрады. Осы жұмысты жүзеге асыру, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің бақылаудағы даналарын сақтау соттың консультантына жүктеледі. Соттың барлық жұмысын осы үшін заңмен берілген, айқындалған өкілеттіктер кешенімен оның төрағасы ұйымдастырады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық соттың құрамы

 

Аудандық  сот - ортақ заңды құқықтың сотының  соттың жүйесінің негізгі буыны. Аудандық соттар бас-басы ауданда немесе қалада қарастырылады. Азаматтың қылмыстық қал-жағдайының басым көпшілігінің жақындық халыққа есептеу түптерді аудандық соттарға береді 

Аудандық  сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келісе отырып, облыс соттарының әкімшісі белгілейді.

  Аудандық соттың құрамы:

1. Аудандық  сот Конституцияда және осы  Конституциялық заңлы белгіленген  тәртіппен тағайындалатын төрағадан  және судьялардан тұрады. Егер аудандық сотта штат бойынша бір судья (бірқұрамды сот) көзделсе,ол осы соттың төрағасы өкілеттігін атқарады.

2. Аудандық  сотта кеңсе құрылады, оның штат  санын сот төрағасымен келісе  отырып, облыс соттарының әкімшісі  белгілейді.

Аудандық  соттың өкілеттілігі

1. Аудандық  сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады.

2. Аудандық  сот:

1) өзінің  қарауына жатқызылған сот істерін  және материалдарын қарайды.

2) сот  статистикасын жүргізеді;

3) заңда  көзделген басқа да өкілеттіліктерді  жүзеге асырады.

Аудандық  соттың төрағасы

1.Аудандық  соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:

1) сот  судьяларының сот істерін қарауын  ұйымдастырады;

2) соттың  кеңесіне жалпы басшылықты жүзеге  асырады;

3) азаматтарды  қабылдауды жүргізеді;

4) судья  лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан  өтуін ұйымдастырады;

5) сот  статистикасын жүргізу мен талдауды  ұйымдастырады;

6) өкімдер  шығарады;

7) заңда  көзделген басқа да өкілеттіліктерді  жүзеге асырады;

Аудандық  соттың төрағасы уақытша орнында  болмаған жағдайда осы сот төрағасының  өкімі бойснша төраға міндеттерін атқару осы сот судьяларының біріне жүктеледі.

Бірқұрамды  сот төрағасы уақытша орнында  болмаған жағдайда оның міндетін атқару аумақтық уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот  төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларының біріне жүктеледі.

Аудандық сот  әділқазылар алқаларынан құралады. Ара тәуелділік аудандық судья санның жұмысының көлемінің азаматтардың, қылмыстық, әкімшілік және сырттың  қал-жағдайларының қарау үшін түсетін  арызбен әділқазылар алқасының  саны айтылмыш сотта анықталады. Жұмыстың шағын көлеміне  байланысты аудандық сотта бір қазы болады, ол соттың төрағасының болып табылады. Бірақ аудандық соттың көпшілігінде бірнеше әділқазылар алқасы болады. Бірі олардан - соттың төрағасы. Осы уақытты істің әділқазылар алқалары жеке дара қарайды, халықтың мәжіліскерлерімен. Аудандық соттың әділқазылар алқасының өкілдіктерімен сәйкес заңда оның бекітулі міндетімен және құқықтармен анықталады.

Сот төрелігі органдарының халыққа мейлінше жуықтығын және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында және "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Аудандық  соттарға теңестірілген кейбір  соттар олардың құрамынан аудандық соттарға теңестірілген соттарды бөліп шығару жолымен 1-қосымшаға сәйкес қайта ұйымдастырылсын.

2. Қайта ұйымдастырылған  соттардың судьялары 2-қосымшаға  орай осы Жарлыққа сәйкес құрылған  соттардың судьялары болып саналсын.

3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы осы Жарлықтың 1-тармағында аталған соттарға істердің аумақтық соттылығын белгілесін.

4. Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының жанындағы Сот  әкімшілігі жөніндегі комитет  осы Жарлықтан туындайтын шараларды қолдансын.

5. Осы Жарлықтың  орындалуын бақылау Қазақстан  Республикасы Президентінің Әкімшілігіне  жүктелсін.

6. Осы Жарлық  қол қойылған күнінен бастап  күшіне енеді.

Аудандық  соттың судьясы болып жиырма бес  жасқа толған, жоғары заң бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз және заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар, бiлiктiлiк емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкiн.  Көрсетілген талаптармен қатар, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар, соның iшiнде, әдетте, кемiнде екi жыл судья болған азамат жоғары тұрған соттың судьясы бола алады. Көрсетілген талаптарға сай келетін адам резервке тұрады, судья лауазымына үміткерлерді іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі. Осылайша, заңда азаматтықпен қатар, жас, білім, кәсіпқойлық және моральдық шек  қойылады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысымен; - облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттың төрағасы мен судьясына қатысты - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен қабылданады.  Жоғарғы Соттың Төрағасы мен алқаларының төрағалары, облыстық соттың төрағасы мен алқаларының төрағалары, аудандық соттың төрағасы өкiлеттiк мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн, егер олар бұрынғы қызметтерiне немесе басқа соттағы осындай қызметке тиiсiнше қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиiстi соттың судьясы өкiлеттiгiн жүзеге асыруды жалғастырады.

Әдетте, аудандық (қалалық) сотта қылмыстық  және азаматтық істер жөнінде  екі кеңсе бар, олар арқылы хат-хабар  алмасу, соттың іс жүргуінде жатқан сот актілерін тіркеу, есепке алу  және сақтау жүргізіледі. Бұл жұмысты  хатшылар мен іс қағаздарын жүргізушілер орындайды. Қаралған істерді сақтау үшін мұрағат ұйымдастырылады. Соттың кеңсесі. Әрбір аудандық (қалалқ) сотта олардың сот төрелігін жүзеге асыру, сот практикасын жинақтау және сот статистикасын талдау, судьяларды және процестің басқа да қатысушыларын қорғау, сондай-ақ соттың басқа да функцияларын орындау бойынша судьялардың жұмсын қамтамасыз ететін сот кеңесі болады. Әрбір кеңсе қызметкерінің өз міндеттерін айқын, сапалы, тиісті және дер кезінде орындауынан соттардың іс жүргізуіндегі барлық істер мен материалдарды қарау бойынша тұтастай қызметінің деңгейі байланысты. Сот кеңсесінің құрамына аудандық (қалалық) сот төрағасы жұмысқа қабылдайтын қызметкерлер кіреді. Кеңсе қызметкерлерінің құқықтық жағдайы мен ақы төлеу «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен реттеледі, яғни олардың, техникалық қызметкерлерді қоспағанда, мемлекеттік қызметші мәртебесі бар. Аудандық (қалалық) соттың кеңсесі  кеңседен, оған басшылық жасауды жүзеге асыратын меңгерушіден сот отырысының хатшыларынан, іс қағаздарын жүргізушілерден, хатшылардан, консультанттардан және техникалық қызметкерлерден тұрады. Сот кеңсесінің құрылымы мен штат саны әрбір аудандық (қалалық)соттың жұмыс көлеміне байланысты белгіленеді. Судьялардың сотқа келіп түсетін істер мен басқа да материалдарды қарау жөніндегі қызметі құжаттардың көптеген санын ресімдеумен байланысты, сондықтан да сот аппаратына жүргізу тапсырылған іс қағаздарын жүргізудің маңызы бар. Сот кеңсесі құжаттармен болатын барлық мүмкін операцияларды орындайды.  Бұл жерде сотқа келіп түсетін барлық хат-хабарлар  тіркеліп,  жүйеге келтіріледі (мысалы, сотқа келіп түсетін қылмыстық істерді, материалдарды, шағымдарды және сотта қарауға жататын арыздарды есеп алу кітабы, депозиттік сомаларды есепке алу кітабы, нарядтар, карточкалар жүргізіледі), қаралған істердің статистикалық есебі, оларды сақтау жүргізіледі. Төрағаның рұқсат етуімен азаматтарға сот құжаттарының  және т.б. көшірмелері беріледі. Кеңсе меңгерушісі (осы лауазым көзделмеген соттарда – сот хатшысы) кеңсенің жұмысын ұйымдастырады, хатшылық құрамға басшылық етеді және соттың мұрағатын жүргізеді. Сонымен қатар, оған соттағы кадрлық және шарушылық-қаржылық жұмысқа байланысты іс қағаздарын жүргізу бойынша функциялар жүктелген (сот қызметкерлерінің жұмысқа келуін және жұмыстан кетуін жүргізу; есепке алу кітабында сот бойынша бұйрықтар мен өкімдерді тіркеу; қаржылық құжаттаманы жүргізу, сондай-ақ шарашылық хаттар мен кеңсе құралдарын есепке алу). Сот хатшысы іс қағаздарын жүргізуді жүзеге асырады: кіріс және шығыс хат-хабарларды қабылдайды, жібереді және тіркейді; құжатамалардың өту есебі мен картотекасын жүргізеді; ағымдағы мұрағаттың құжаттарын жүйелейді және сақтайды; істер номенклатуралары мен статисткалық есептерді жасайды; атқарушылық құжаттардың есебін және тіркеуді жүргізеді және т.б. Бірнеше хатшылар бар соттарда іс қағаздарын жүргізу олардың арасында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік  істер бойынша жеке бөлінеді. Сот отырысының хатшылары, әдетте, нақты судьяларға бекітіліп берілген, сандық құрамы соттың судьяларының сандық құрамына сәйкес келуге тиіс, сот отырысын жүргізеді, сот ісін қарау аяқталғаннан кейін сот отырысының хаттамаларын жасайды; келіп түскен істер мен олардың қозғалысы туралы мәліметтер енгзілетін сот отырыстарын есепке алу журналын жүргізеді;  процеске қатысушыларға шақырулар мен хабарламалар жасап, жолдайды; судья қараған істерді ресімдейді; атқарушылық парақтарды жазып береді және т.б.  Сот отырысы хатшысы міндетінің аппараттың басқа қызметкерінің міндеттерінен айырмашылығы іс жүргізу заңдарымен реттелетіндігінде. Сот консультанты нормативтік-құқықтық актілерді іріктеуге, есепке алуға және жүйелендіруге байланысты жинақтау-анықтамалық және өзге жұмыстармен айналысады; сот тәжірибесінің материалдарын жинақтау бойынша дайындық жұмыстарын жүргізеді, сот статистикасына талдау жүргізеді және т.б. 

 

 

 

 

 

 

Облыстық соттың өкілеттілігі

 

Облыстық  сот – сот жүйесінің облыстық буыны. Ол өз облысындағы қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың  қараған істерін апелляц. және қадағалау  сатысында, ал бірінші сатыдағы сот ретінде төменгі буын соттары қарайтын істерден гөрі күрделі (ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 291-бабы) істерді қарайды. Облыстық соттың құрылысы азаматтық істер жөніндегі, қылмыстық істер жөніндегі және қадағалау алқаларынан, сондай-ақ соттың жалпы отырысынан, ал құрамы төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Алқалар бірінші сатыда және аудандық соттың заңды күшіне енбеген шешіміне (үкімі, қаулысы, ұйғарымына) шағым не прокурор наразылығы келтірілген істерді апелляц. сатыда қарайды. Қадағалау алқасының құзырына аудандық соттың заңды күшіне енген шешіміне, сондай-ақ азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі алқалардың апелляц. қаулыларына келтірілген шағым не наразылыққа сәйкес енгізілген ұсыным бойынша іс қарау жатқызылған. Облыстық соттың жалпы отырысы қажеттілігіне қарай, кем дегенде жылына екі рет өткізіледі. Онда негізінен ұйымдастыру және сот қызметінің сапасын арттыру мәселелері қарастырылады. Астана және Алматы қалалық соттары облыстық сотқа теңестірілген. Облыстық және оларға теңестірілген соттар (республикалық маңызы бар қалалардың және ҚР әсерлерінің әскери соты) республиканың сот жүйесіндегі екінші буынды соттар болып табылады. Олар әрбір облыста және әкімшілік-аумақтық бөліністе құрылады. Аудандық (қалалық) соттарға қатысы бойынша облыстық соттар жоғары тұрған орган ретінде негізгі буындағы соттар шығарған шешімдердің, қаулылар мен үкімдердің заңдылығы мен негізділіген аппеляциялық және қадағалау тәртібімен қадағалауды жүзеге асырады. Облыстық және оған теңестірілген соттың сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметін бір мезіглде ҚР Жоғарғы соты қадағалайды.  Облыстық соттың құрамы, құрылымы және өкілеттігі. Облыстық соттар төрағадан, сот алқаларының төрағалары мен тұрақты судьялардан тұрады және қадағалау алқасының, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының құрамында жұмыс істейді. Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 10-бабына сәйкес «1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - облыстық соттар) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.   Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.  Әр облыстық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi». Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 11-бабына сәйкес «Облыстық сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады. 

Облыстық  соттың органдары мыналар:  1) қадағалау  алқасы;  2) азаматтық iстер жөнiндегi алқа;  3) қылмыстық iстер жөнiндегi алқа;  4) соттардың жалпы отырысы».  Көрсетілген  Заңның 12-бабына сәйкес Облыстық сот:  1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды;  2) сот статистикасын жүргiзедi; 3) сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн  қарайды;  4) облыс соттарының әкiмшiсi қызметiн бақылауды жүзеге асырады;  5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады».  13-бапта облыстық сот алқаларының өкілеттігі айқындалған: 

Облыстық  соттың азаматтық  iстер жөнiндегi алқасы мен қылмыстық iстер жөнiндегi алқасын - алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады.   2. Әрбiр алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы отырыста белгiленедi.  Сот төрағасы азаматтық iстер жөнiндегi алқа мен қылмыстық iстер жөнiндегi алқада мамандандырылған құрам түзуi мүмкiн.   Облыстық сот төрағасы өкілекттігінің ауқымы осы Заңның 14-бабында белгіленген: «1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның мiндеттерiн атқарумен қатар: 1) судьялардың сот iстерiн қарауын ұйымдастырады; 2) қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот iстерiн қараған кезде төрағалық етуге құқылы;   3) қажет болған жағдайларда бiр алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында iс қарау үшiн тартады;  4) облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етедi;  5) алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның мiндетiн атқаруды алқа судьяларының бiрiне жүктейдi; 6) облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртiптiк iс қозғайды;  7) соттың жалпы отырысының ұсынысы негiзiнде Әдiлет бiлiктiлiк алқасына судья қызметiне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелерi туралы қорытынды жiбередi;  8) сот статистикасын жүргiзудi, сот тәжiрибесiн зерделеудi ұйымдастырады; 9) өкiмдер шығарады; 10) соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 11) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi; 12) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  Облыстық сот төрағасы уақытша  орнында болмаған жағдайда оның  мiндетi өзiнiң  өкiмi бойынша сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеледi.  Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкiлеттiктерiн мерзiмнен бұрын өзгедей тоқтатқан жағдайда, оның мiндеттерi уәкiлеттi органның шешiмi бойынша сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеледi». Барлық судьялар облыстық соттарда тиісті төрағалар басқаратын алқалар бойынша бөлінген. Сот алқаларының құрамын облыстық соттың төрағасы бекітеді. Облыстық соттың сот алқалары  заңмен олардың қарауына жатқызылған қылмыстық, азаматтық істерді қарай әрі шеше отырып, бірніші сатыдағы сот ретінде жұмыс істейді. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқаларының қарауына бірінші саты бойынша тізбесі заңда (ҚР ҚІЖК-нің 291-бабының 2-тармағы) көзделген қылмыстар туралы істер жатады, ал азаматтық істер бойынша соттылық ҚР АІЖК-нің 28-бабында айқындалған. Заңнамада аудандық (қалалық) соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне (шешімдеріне) шағымдар мен наразылықтарды аппеляциялық тәртіппен қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі алқалардың қарауы көзделген. Сот алқалары заңда көзделген жағдайларда жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарауға да құқылы. Істерді қарау нәтижесі бойынша алқалар шығарған сот актілеріне қадағалау тәртібімен ҚР Жоғарғы Сотының тиісті сот алқаларына наразылық және шағым беріле алады. Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 15- бабына сәйкес облыстық сот алқасы төрағасының мынадай өкілеттіктері бар: «1. Облыстық сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар: 1) алқа судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады; 2) алқа отырыстарында төрағалық етедi; 3) сот төрағасына алқа құрамында мамандандырылған құрам жасақтау  жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 4) сот тәжiрибесiн зерделеу әрi жинақтау және сот статистикасын талдау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 5) соттың жалпы отырысына алқа қызметi туралы хабарлама ұсынады; 6) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2. Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның мiндетiн атқаруды алқалар судьяларының бiрiне жүктейдi». Облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырысы соттың төрағасынан, алқалар төрағалары мен облыстық соттың судьяларынан тұрады.  Процессуалды функцияларды жалпы отырыс аудандық (қалалық)  соттардың заңды күшіне енбеген сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін текере отырып, бірінші сатыдағы сот ретінде ғана жүзеге асырады. Сонымен қатар процессуалды заңнамада көзделген жағдайларда жалпы отырыс жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды. Ұйымдастыру функцияларын жүзеге асыра отырып, жалпы отырыс сот алқалары төрағаларының алқаның қызметі туралы есебін тыңдайды, сот аппаратының мәселелерін және сот тәжірибесін зерделеу әрі сот статистикасын талдау материалдарын қарайды, сондай-ақ оған заңмен берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жалпы отырыстың отырыстарында оның мүшелерінің жай көпшілік дауыспен қабылданған шешімдері қаулы түрінде рәсімделеді. Жалпы отырыстың отырысы оың мүшелерінің жартысынан астамы болғанды заңды болып есептеледі. Облыстық соттың жалпы отырысы сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 16-бабына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

Облыстық  сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар  өткiзедi, оларда: 1) алқа құрамының санын  белгiлейдi және қадағалау алқасының  құрамына судьялар сайлайды; 2) сот жұмысының  жоспарын талқылайды; 3) алқалар төрағаларының хабарламаларын тыңдайды; 4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;  5) уәкiлеттi органға белгiлi бiр адамды облыс соттарының әкiмшiсi қызметiне тағайындауға келiсiмiн бередi;   6) облыс соттары әкiмшiсiнiң өз қызметi туралы есебiн тыңдайды; 7) аудандық сот төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындылар жасайды; 8) уәкiлеттi органға облыс соттары әкiмшiсiн қызметтен босату туралы ұсыныс енгiзедi; 9) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және Әдiлет бiлiктiлiк алқасына тиiстi қорытынды бередi; 10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады; 2. Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болады.  3. Облыстық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртiбi ол бекiткен регламентпен анықталады». Облыстық сотта жұмысты ұйымдастыру. Облыстық және оған теңестірілген соттың қызметіне жалпы басшылықты заңмен кең ауқымды өкілеттіктер кешені берілген оның төрағасы жүзеге асырады. Сот алқаларының төрағаларына алқаның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттер жүктелген. Осы мақсаттарда олар сот (алқа отырыстарында төрағалық етеді және істі баяндайды, бірінші саты бойынша істерді қарайды), ұйымдастыру (судьяларды тағайындайды және істерді қарау үшін құрамдарды жасақтайды, азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді, алқаның қызметі туралы есептер ұсынады) функцияларды да жүзеге асырады. Облыстық соттың төрағасы мен сот алқаларының төрағалары  сот кеңсесінің көмегімен жұмысты ұйымдастырады. Аталған соттардың аппараты сот төарағасының көмекшісінен, бас консультанттардан, жетекші консультанттардан, сот отырыстары хатшыларынан, сот алақалары хатшыларынан, аға сот орындаушысынан, сот орындаушыларынан,  сот приставтарынан, кеңсе меңгерушісінен, мұрағат меңгерушісінен, аға инспекторлардан, инспекторлардан және техникалық қызметшілерден тұрады. Сот төрағасының көмекшісі төрағаның зерделеуі үшін істер мен материалдарды дайындайды, олар бойынша қорытынды даярлайды, жеке мәселелер бойынша азаматтардың қабылдауын ұйымдастырады, төрағаға сотқа келіп түскен хат-хабарларды баяндайды, сондай-ақ сот төрағасының жұмысын ұйымдастыруға байланысты басқа да функцияларды жүзеге асырады.  Кеңсе меңгерушісі хатшылық құрамға басшылықты жүзеге асырады, кеңсе қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөледі, олардың жұмысын ұйымдастырады әрі бақылайды, сондай-ақ басқа да функцияларды орындайды. Консультанттар сотқа келіп түскен шағымдар мен арыздарды зерделейді, сот мүшелеріне сот істерін қарауға дайындау кезінде көмектеседі, сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының  жекелеген тапсырмаларын орындайды, сондай- ақ басқа да жұмыстарды орындайды. Сот алқаларының хатшылары сот алқасына келіп түсетін сот істері мен өзге де материалдардың есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етеді. 

 

 

 

 

 

 

Сот органдарының құқықтық мәртебесі

 

           Сот орындаушысы - мемлекеттік қызметте тұратын, және сот актілерін басқа да органдардың актілерін орындау бойынша өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам. Сот актілері мен басқа да органдардың актілерін орындау жөніндегі сот орындаушысының қоятын талаптары барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті. Сот орындаушысының жарияланған конкурстың нәтижесі бойынша аумақтық органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Сот орындаушысының сан құрамы судьялардың сан құрамына сәйкес болуы керек.

Сот орындаушысына қойылатын талаптар:

Сот орындаушысының өзіне жүктелген  міндеттерді лауазымдылық өкілеттіліктерді орындамауы ҚР-ның заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.

Сот орындаушысының құқықтары:

1) Орындауға  қатысты мәселелер бойынша қаулылар  шығаруға құқылы.

2) Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы хаттамалар  жасауға құқылы.

3) Атқарушылық  әрекеттер жасау кезінде туындаған  мәселелер бойынша, ҚР-ның заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, өтеусіз қажет ақпарат, түсініктемелер мен анықтамалар алуға құқылы. Бұл орайда органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар оларды дереу, ал арнайы құжаттарды өңдеуді талап ететін жағдайда 3 күннен кешіктірмей сот орындаушысына беруге міндетті.

4) Атқарушылық  әрекеттер жасағанда негізге  алынған атқару құжаттары түсініксіз  болған жағдайда түсінік алу үшін сотқа немесе атқару құжатын берген басқа да органдарға жүгінуге құқылы.

5) Атқарушылық  әрекеттер жасау кезінде пайда  болған мәселелер бойынша оның  ішінде орындау мерзімін кейінге  қалтыру мерзімен ұзарту туралы, сондай-ақ борышкерлерді іздестіру мәселелері бойынша сотқа ұсыныстар енгізуге құқылы.

6) Іс  жүргізіліп жатқан атқару құжаттары  бойынша азаматтар мен лауазымды  адамдарды шақыруға құқылы.

7) Нақты  атқарушылық әрекеттер жасау  мәселелері бойынша тапсырмалар  беруге құқылы.

8) Борышкерлер сондай-ақ, өздерінде борышкерге тиесілі мүліктің бар екенін растайтын деректер болған жағдайда, басқа адамдар орналасқан немесе оларға тиесілі үй жайлар мен қоймаларға кіруге, қажет болған жағдайда үй-жайлар мен қоймаларды мәжбүрлеп ашып қарауға, айғақ адамдардың қатысуымен тексеруге құқылы.

9) Атқару  құжатын орындаумен байланысты  мәселелер бойынша мемлекеттік  органдардың, ұйымдардың басшыларының  және басқа да лауазымды тұлғалардың  қабылдануына кедергісіз кіруге  құқылы.

10) Борышкердің  банктегі ақшасы мен бағалы қағаздарына атқарушылық іс жүргізу және «сот орындаушысының мәртебесі» туралы заңында көзделген ережелерді сақтай отырып, уақытша тиым салуды қолдануға құқылы.

11) Мүлікке  оның кімге тиесілі екенін  анықтағанға дейін «атқарушылық  іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі» туралы заңында көзделген ережелерді сақтай отырып, уақытша тиым салуды қолдануға құқылы.

12) Тиым  салынған мүлікті алуға, сақтау  үшін беруге және сатуға құқылы.

13) Алынған  мүлікті сақтау үшін ұйымдардың  үй-жайын сол мүлікті тасу үшін өндіріп алушы мен борышкердің көлігін заңда белгіленген тәртіппен пайдалануға құқылы.

14) Қажет  болған жағдайда атқару құжатының  бұлжытпай орындалуын қамтамасыз  ету үшін ІІО-ның қызметкерлерін  немесе бөлімшелеріне жүгінуге  құқылы.

15) Қылмыстық қудалау органдарына сот актілерін орындаудан қасақана бұлтарған адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

Сот орындаушысының міндеттері:

1) Соттың  талапты қамтамасыз ету жөніндегі  шешімдерін, ұйғарымдарын орындауға  міндетті.

2) Тараптарға  немесе олардың өкілдеріне атқарушылық  іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жасауға, көшірмелер  түсіруге мүмкіндік беруге міндетті.

3) Атқарушылық  іс жүргізу туралы арыздар  мен тараптардың өтініштерін  қарауға, оларға шағым немесе наразылық беру мерзімдері мен тәртіптерін түсіндіруге міндетті.

4) «Атқарушылық  іс жүргізу» туралы заңы бойынша  сот орындаушысының атқарушылық  өндірістің әділеттілігіне күмән  туғызатын өзге де мән-жайлар  бар болса, істі қараудан бас  тартуға міндетті.

Еліміздің сот жүйесі туралы жаңа Конституциялық заңында заң шығарушылық, атқарушылық  және сот билігі тармақтарының функциялары  айқын жазылып қоймай, құқық қорғау жүйесін реформалаудың мәселелерді  де шешімін тапқан32.  ҚР Конституциясының 75-бабына және «Сот жүйесі және  судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының сот жүйесін сот билігін жүзеге асыру бойынша өзара белгіленген заңдармен  өзара қарым-қатынаста байланысты республиканың Жоғарғы Сот пен жергілікті соттар құрайды. Қандай да бір атаулармен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді.  Сот жүйесі туралы Конституциялық заңмен республикада алқабилер институты белгіленді. Бастапқы кезеңде жасалғаны үшін қылмыстық заңмен  өлім жазасы түріндегі жаза көзделген аса ауыр қылмыстар туралы істер алқабилерінің қарауында болады33. Одан әрі алқабилерінің  соттылығына қылмыстық әрекеттердің басқа да санатары жөніндегі істерді жатқызу жоспарлануда. Мұндай институтты отандық сот-құқықтық жүйесін реформалау кезеңдерінің бірі ретінде енгізу қажеттігі күмән тудырмайды, сот қорғаушылары қылмыстық сот ісін жүргізуде бәсекелестік негіздерді ынталандыруға, судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың  кәсіптік дағдыларын арттыруға ықпал етіп, ақырында сот төрелігінің сапасын жақсартуға және сот билігінің беделін арттыруға әкеледі.  Қазақстан Республикасының Конституциясы, сондай-ақ жаңа сот төрелігін тұжырымды түрде құруға бағытталған бір топ қабылданған заң актілері сот жүйесін жетілдіруге елеулі әсер етті. Қылмыстық сот ісін жүргізуде соттың орны мен ролі өзгерді. Сот алғаш рет заңнамалық деңгейде айыптауды дәлелдеу міндеттерінен босатылды. Айыптаушы, жазалаушы соттан адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай34тын органға айнала бастады.  Қазақстан Республикасының соттары біртұтас жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының сот жүйесін құрайтын соттар бір-бірінен өз құрылымы мен құзыретінің көлемі бойынша ажыратылады. Сот билігін жүзеге асыру бойынша бірдей құрылымы мен құзыреті бар соттар сот жүйесінің буындарын құрайды. Әдетте, әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте  (ауданда, қалада, облыста) тиісті буындар құрылады.  Негізгі және орта буындағы соттар жергілікті соттар немесе жалпы заң құзырындағы соттар деп аталады. Әрбір буын  құзыретінің көлемі мен мазмұны әр түрлі. Бүгінгі қызметті фрагментарлық зерделеу Қазақстанның кейбір жерлерінде, қазақтар тұратын елді мекендерде би немесе ақсақал соттары  болғанын көрсетеді. Соттың құзыреті  тиісті буындағы соттар үшін бірыңғай сот саясаты айқындайтын міндеттер мен фукнцияларға байланысты олардың қызметінің мәселелерін шешуде заңдармен белгіленген өкілеттіктер жиынтығын білдіреді. Айталық, сот жүйесінің әрбір буыны заңмен оның қарауына жатқызылған істерді ғана қарауға құқылы.  Соттылық – сол немесе өзге сот қарауы мұмкін  істер белгілерінің жиынтығы. Қылмыстық және азаматтық істердің соттылығы әрбір буынның соттарына қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңдарымен айқындалған. Мысалы, облыстық соттың  қарауына ауырлататын мән-жайларда қасақана кісі өлтірген туралы, мемлекеттік опасыздық,  терроризм, жаппай тәртіпсіздік және  толық тізбесі ҚР ҚІЖК-нің 291-бабының 2-бөлігінде белгіленген басқа да қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының  3) тармақшасында:  «Өзiне заңмен көзделген соттылығын  оның  келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне  болмайды» делінген.  Осы конституциялық  ережеге сәйкес төмен тұрған соттың қарауындағы істі жоғары тұрған соттың өзіне іс жүргізуге қабылдау, сондай-ақ істі соттылықты өзгертуге әкеп соқтыратын сол деңгейдегі басқа сотқа беру сотта ісі қаралып жатқан адамның келісімімен ғана мүмкін болады. Іс жүргізу заңдарында сондай-ақ соттардың шешімдердің, үкімдердің және аппеляциялық әрі қадағалау тәртібіндегі өзге де сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру жөніндегі құзыреті айқындалған. Сондықтан, соттарды буындарға бөлумен қатар, оларды белгілі бір сот функцияларын орындауға байланысты сот сатыларына бөлу заңнамалық деңгейде көзделді.  Әрбір сот ісі бір-бірінен көлемімен және істерді сотта қарау бойынша өкілеттіктерінің сипатымен, құзыретімен ажыратылатын бірнеше соттарда (немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінде) заңнамада көзделген кезекпен қаралуы мүмкін. Сот сатылары мынадай түрде құрылған: әрбір кейінгі саты іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіппен  төменгі тұрған соттың үкімдерін, қаулылары, ұйғарымдары мен шешімдерін қарауға құқылы, яғни сот қадағалау функциясын, бірақ істерді қарау және шешу бойынша тек төмен  сатыдағы соттың қызметіне байланысты жүзеге асыруға құқылы. Соттардың заң күшіне енбеген сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігіне  шағымдар мен наразылықтарды тексеруге өкілеттік берілген соттар аппеляциялық сатыдағы соттар деп аталады. Заңды күшіне енбеген сот актілеріне аппеляциялық  тәртіппен шағым беру құқығы сотталғанға, ақталғанға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерше және олардың өкілдеріне жатады. Прокурор әрбір заңсыз және негізсіш сот актісіне наразылық білдіруге құқылы.

Сот органдарының түсінігі мен мақсаттары