Созылмалы майлағыштарды қолдану негіздері. Антифрикциялық және консервациялық майлағыштар

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ

««Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасы

 

«Пайдалану  материалдары» пәні

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Созылмалы майлағыштарды қолдану негіздері. Антифрикциялық және консервациялық майлағыштар.

 

 

Орындаған: Муталиева Д.Б.

Тобы:  СМ-10-1к2

Қабылдаған:  т.ғ.к., аға оқытушы Тортбаева Д.Р.

 

 

 

 

Шымкент – 2012

Жоспар.

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

    1. Созылмалы майлағыштарды қолдану негіздері.
  • Майлағыштардың мақсаты және сыныптамасы
  • Майлағыштардың сапасына қойылатын талаптар.
  • Созылмалы майлағыштардағы нанобөлшектер мен нанотехнологиялар.
  • Майлағыштардың негізгі қасиеттері және оларды бағалау әдістері.
    1. Антифрикциялық майлағыштар.
  • Антифрикциялық майлағыштардың  сыныптамасы
    1. Консервациялық майлағыштар.
  • Консервациялық майлағыштардың сыныптамасы.

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Созылмалы майлағыштар – ортадағы қатты қоюлатқыштардың жоғары концентрацияланған тиксотропты дисперсиялары. Әдетте созылмалы майлағыштар құрамында дисперсиялық орта – сұйық негіз (70-90%), дисперсиялық фаза – қоюлатқыш (10-15%), құрылым модификаторлары және қоспалар – қосындылар, толтырғыштар (1-15%) болатын үш құрағышты коллоидтық жүйе. Майлағыштардың дисперсиялық ортасы ретінде көбінесе мұнай тектес және жасанды майларды қолданылады. Жасанды майларға кремнийорганикалық сұйықтықтар – полисилоксандар, күрделі эфирлер, полигликольдер, фтр және хлороорганикалық сұйықтықтар жатады. Қоюлатқыштар ретінде жоғары молекулалы майлы қышқылдың тұздары – сабындар, қатты қосылыстар –церезиндер, петролатумдар және кейбір бейорганикалық (бентонит, силикагель) және органикалық текті заттар (пигменттер, кристалды полимерлер, корбамид туындылары) қолданады.

Мақсатына қарай созылмалы  майлағыштар былай бөлінеді:

  1. антифрикциялық – машина және механизмдердің бөлшектерінің үйкелісі және тозуын азайтуға арналаған, олар өз кезегінде жалпы мақсаттағы  және технологиялық (металдарды қысыммен өңдеуі жеңілдетуі үшін) болып бөлінеді;
  2. консервациялық – металл бұйымдарды коррозиядан сақтауға арналған;
  3. тығыздағыш – үйкелетін беттерді, сальниктерді, саңылауларды және басқа да бөлшектерді герметизациялауға арналған;
  4. арнайы мақсаттағы, мысалы фрикциялық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созылмалы майлағыштарды қолдану негіздері  және оның антифрикциялық және консервациялық түрлері.

Майлағыштардың  құрамы. Созылмалы майлағыштар – ортадағы қатты қоюлатқыштардың жоғары концентрацияланған тиксотропты дисперсиялары. Әдетте созылмалы майлағыштар құрамында дисперсиялық орта – сұйық негіз (70-90%), дисперсиялық фаза – қоюлатқыш (10-15%), құрылым модификаторлары және қоспалар – қосындылар, толтырғыштар (1-15%) болатын үш құрағышты коллоидтық жүйе. Майлағыштардың дисперсиялық ортасы ретінде көбінесе мұнай тектес және жасанды майларды қолданылады. Жасанды майларға кремнийорганикалық сұйықтықтар – полисилоксандар, күрделі эфирлер, полигликольдер, фтр және хлороорганикалық сұйықтықтар жатады. Қоюлатқыштар ретінде жоғары молекулалы майлы қышқылдың тұздары – сабындар, қатты қосылыстар –церезиндер, петролатумдар және кейбір бейорганикалық (бентонит, силикагель) және органикалық текті заттар (пигменттер, кристалды полимерлер, корбамид туындылары) қолданады.

Майлағыштардың негізгі  қасиеттеріне мыналар жатады: беріктілік қасиеттері; тұтқырлық қасиеттері; механикалық тұрақтылығы(майдың тиксотроптық өзгерістері); коллоидтық тұрақтылығы; химиялық тұрақтылығы;  термиялық тұрақтылығы; микробиологиялық тұрақтылығы; радиациялық төзімділігі.

Майлағыштардың коллоидтық құрылымы. Майлағыштардың коллоидтық құрылымы (дисперсті бөлшектердің өлшемдері және пішіндері) 50-100мың есе үлкейтетін электрондық микроскоп көмегімен зерттеледі.

Сабынды майлағыштың  басым көпшілігінің дисперсиялық фазасы анизометриялық пішінді бөлшектерден, таспа және ине тәріздес талшықтардан түзілгендігі анықталды.

Қоюлатқыштың пішіндерінің және бөлшектерінің өлшемдерінің әр алуандылығына қарамастан, оларға ортақ нәрсе құрылымдық қаңқаның түзілу әдісі болып табылады. Коллоидты (сабынды майлар) немесе шын (көмірсутекті майлар) ерітінділерді суыту барысында майда дисперсияланған қоюлатқыш түйіршіктері құрылым түзе бастап, сонымен бір мезгілде түйіршіктер немесе талшықтарды өсіріп, оларды бір-бірімен байланыстырады. Қоюлатқыш бөлшектерінің ауданының және көлемінің қатынасы көп болған сайын майлағыш қаңқасының беріктігі жоғары.

Майлағыштардың ерекшелігі бұзылған құрылымдық қаңқаның қалпына  келуі болып табылады. Майлағыштардың құрылымы және қасиеттері көп жағдайда дисперсиялық ортаға байланысты, оның әсерімен бөлшектердің өлшемдерінің өзгеруіжәне  бір-біріне қатысты бағытталуы (солватация, солюбилизация, адсорбция) жүрүі мүмкін. Майдың шығу тегінің және химиялық құрамының, атап айтқанда молекулалардң полярлығының және ассоциаттану дәрежесінің майлағыш қасиетіне күшті әсері де осыған байланысты.

Майлағыштардың құрылымдылығының түзілуіне органикалық полярлы қосылыстар – қосындылар және құрылым модификаторларының майлағыштарда болуының себебі әр түрді:            1) шайырлар, мұнай қышқылдары тәрізді дисперсиялық фазамен ендіріледі; 2) майлағыштарда оларды дайындау кезінде түзіледі, технологиялық деп аталатын беттік белсенді заттар (дисперсиялық ортаның тотығу өнімдері, майлы шикізаттың артығы және оның айналу өнімдері); 3)майлағыштарды сақтау және қолдану кезінде түзілетін оттекті қосылыстар.

Құрылым түзілуге  аз мөлшерде толтырғыштарда әсер етеді. Толтырғыштар – әдетте бейорганикалық өнімдердің қатты жоғары дисперсиялы бөлшектері; олар майлағыштарда ерімейді және қоюлатқыш әсері онша емес. 
 
                              Майлағыштардың мақсаты және сыныптамасы.

Мақсатына байланысты созылмалы майлағыштар мынандай негізгі функциялар атқарады:

  • бір-біріне қатысты жылжитын беттер арасындағы үйкеліс күштерін азайтады;
  • үйкелетін беттердің тозуын және тырналуын азайтады;
  • металдарды қоршаған ортаның әсерінен қорғайды;
  • іліктес бөлшектердің арасындағы саңылауларды тығыздайды.

Бұл негізгі функциялардан  бөлек, майлар электр оқшаулағыш материалдар  рөлін атқарады, үйкеліс тетіктерінің бөлшектерін соқпалы жүктемелерден  қорғайды, дірілді және шуды азайтады.

Қолдану жағдайларына және мақсатына қарамастан майлағыштар мынандай негізгі талаптарды қанағаттандыруы қажет:

  1. өзінің қызметтерін температуралардың меншікті жүктемелердің және үйкелетін беттердің жылжу жылдамдықтарының кең ауқымында орындалуы;
  2. пайдалану жағдайларында өзінің қасиеттерін неғұрлым аз дәрежеде өзгертуі;
  3. олармен жанасатын материалдарға барынша аз әсер етуі;
  4. техника қауіпсіздігі ережелеріне барынша толық жауап беруі және қоршаған ортаға зиянды әсер етпеуі.

Мақсатына қарай  созылмалы майлағыштар былай  бөлінеді:

  1. антифрикциялық – машина және механизмдердің бөлшектерінің үйкелісі және тозуын азайтуға арналаған, олар өз кезегінде жалпы мақсаттағы  және технологиялық (металдарды қысыммен өңдеуі жеңілдетуі үшін) болып бөлінеді;
  2. консервациялық – металл бұйымдарды коррозиядан сақтауға арналған;
  3. тығыздағыш – үйкелетін беттерді, сальниктерді, саңылауларды және басқа да бөлшектерді герметизациялауға арналған;
  4. арнайы мақсаттағы, мысалы фрикциялық.

Мақсатына қарай сыныптаудан  басқа, жағар материалдың құрамы бойынша сыныптау қолданылады. Қоюлатқыш  типі бойынша органикалық және бейорганикалық (силикагель, бентонит, техникалық көміртегі, сабындар органикалық қатты қосылыстар, пигменттер ).

Сабынды майлағыштар, өз кезегінде катион типі бойынша кальциийлі,  натрийлі,  литийлі, барийлі, алюминийлі және т.б.деп бөлінеді. Сабынды қоюлатқышты дайындау үшін қолданылатын майлардың құрамына байланысты жасанды майлық қышқылдағы (парафиндердің тотығуы кезінде алынатын әр түрлі фракциялар), табиғи майлардағы, сондай-ақ техникалық майлы қышқылдағы (стеарин,12 – оксистеарин және т.б.) деп бөлінеді.

Майлағыштардың  сұйық жағар майлардың артықшылығы:

  1. еңіс және тәк беттерде жақсы тұруы ;
  2. жоғары майлау қасиеті ( тозуға қарсы және тырналуға қарсы);
  3. металл беттерді қоршаған орта коррозиясының жақсырақ сақтауы;
  4. үйкеліс тетіктерін жақсы герметизациялауы;
  5. жұмыс қабілетінің кеңірек температуралық ауқымы және жақсырақ тұтқырлық - температуралық  қасиеттері;
  6. пайдаланудың қатаң жағдайларына ( жоғары температура, қысым, соқпалы жүктеме, және т.б.бір мезгілде әсер етуі) сенімдірек және тиімдірек жұмыс істеуі;
  7. ұзағырақ жұмыс істеу қабілеті және аз жұмсалуы есебінен үнемді қолданылуы.

Кемшіліктері:

  1. майланатын бөлшектерден жылуды әкетпейтіндігі;
  2. созылмалы жағар материалды үйкелу тетігіне берудің  күрделірек жүйесі;
  3. сабынды майлағыштың химиялық тұрақтылығының төмендігі.

 

 

Майлағыштардың  сапасына қойылатын талаптар.

Майлағыштардың пайдалану  қасиеттері деп тек оларлы қолдану  кезінде байқалатын және машина мен  механизмнің сенімділігі мен  ұзаққа төзімділігін анықтайтын қасиеттерін  түсінеді. Майлардың басым көпшілігі үшін негізгі пайдалану қасиеттеріне тұтқырлық – температуралық, беріктік – температуралық, майлағыш және герметизациялаушы қабілеттері, тотығуға қарсы тұтқырлық, қорғау және коррозиялық касиеттері жатады.

Майлағыштардың пайдалану  қасиеттерін физика – химиялық әдістер,модельді қондырғылардағы сынаптар және реалды машина мен механизмдерде сынау жолымен анықтайды. Кейбір пайдалану қасиеттерін ( майлау қабілеті, қорғау қасиеттері) анықтау қиын және ұзақ, мұндай жағдайда жанама көрсеткіштер, яғни сыналатын және эталонды майлағыштардың физика – химиялық көрсеткіштерін анықтайды.

Майлағыштардың рецепттері және дайындау режимін бақылауға  арналған кәсіпорындарда қолданылатын бірқатар көрсеткіштер бар ( су, мехникалық қоспалар, бос қышқыл, сілтілер мөлшері). Олар бойынша кейбір пайдалану қасиеттері туралы түсінік алуға болады. Мысалы, қышқылдық саны майлағыштардың ең алдымен түсті металдарғаәсерін жанама түрдесипаттайды, механикалық қосылыстар мөлшері майлару қабілетіне әсер етеді және т.б. алайда жаңа майлағыштарды қолдану мүмкіндігі туралы тек ұзақ уақыт бойы іс жүзіндегі немесе біліктілік сынақтары бойынша түсінік алады.

 

Созылмалы майлағыштардағы  нанобөлшектер мен нанотехнологиялар.

Қазіргі кезде мұнай  химиясы өнімдерінің жартысынан көбін нанотехнологияларды қолдану арқылы алады.

Классикалық  және нанотехнологиялар  арасындағы шекараны ауыспалы аймақта  дисперсті фаза бөлшектерінің функциясы  болып табылатынтермодинаикалық параметрлердің өзгеруі бойынша тағайындауға болады.

Нано бөлшектердің ерекше қасиеттері беткі жақта орналасқан атомдар нанобөлшектерді құрайтын атомдардың жалпы санының едәуір бөлігін құрайтындығына байланысты. Мысалы, өлшемі шамамен 1нм сфералық нанобөлшектер үшін беткі  атомдар санына қатынасы бірге тең. Мұндай бөлшектерде барлық атомдардың бір-біріне жақын юолғандығы соншалық, олардың әрқайсысы басқалармен әрекеттесуі олардың қасиеттеріне едәуір әсер етеді.

 

Неғұрлым кеңінен таралған жағар материалдар – майлар мен  майлағыштар дисперсиялық ортасы май (мұнай, жасанды немесе өсімдік майы) , ал дисперстік фаза ретінде жеке нанобөлшектер немесе өзара байланысқан, біртұтас қаңқа түзетін нанобөлшектер қызмет ететін наножүйелер болып табылады.

«Жағар» наноматериалды шартты түрде төрт топқа бөлуге болады:

    • майларға арналған күлді детергентті – дисперсиялы қосындылар ретінде қолданатын жер – сілтілік металдардың жоғарғы сілтісі сульфонаттары мен алкилсалитилаттарының нанодисперстік коллоидты ерітінділері;
    • майлар мен майлағыштарға арналған толтырғыштар ретінде қолданылатын нанодисперстік материалдар;
    • созылмалы майлағыштардың сабынды және сабынсыз қоюлатқыштары болып табылатын нанодисперстік материалдар;
    • майларға арналған микрокрокапсуланған қосындылар.

Майларда гетерогенді  наноқұрылымдар түзетін заттар төмендегідей.

Майларға арналған жоғары сілтілі детергентті- дисперсиялы қосындылар мицеллалары бетте жер-сілтілік металдардың сульфонаттары немесе алкилсалицилаттарының молекулаларымен олеофилизацияланған нанодисперстік карбонатты ядродан тұратын коллоидты жүйелер болып табылады.

Үйкеліс модификаторалы мұнайхимиясында майлар мен майлағыштарға арналған толтырғыштар ретінде белгілі.Бұлар молибден екі-және үшсульфидінің,олеофизацияланған графиттің С60, СeFе3,нанодисперстік СаСО3 және жоғарыдисперстік олеофильдік дисперсиялары.

Металлжабынды қосындылар – үйкеліс  тетіктері беттеріндегі  микрожарықшақтары  толтыру үшін қолданылатын пластикалық металдардың (мыс, қорғасын,қалайы,күміс және алюминий)наноөлшемді олеодисперсиялары.

Қосымша әсерлі қосындылар- үйкеліс беттерінің шығыңқы тұстарын кесіп түсетін нанодисперстік абразивтер,мысалы,алмаз ұнтағы.

Микрокапсуланған қосындылардың өлшемдері микроауқыммен өлшенгенмен, қосындының  немесе оның  ерітіндісінің әрбір микродисперстік  бөлшегі  қосындының жұмсалуын реттейтін нанокеуекті полимерлі  қабықшамен қапталған,өйткені микрокапсуланың ішіндегісінің біртіндеп бөлінуі қосындының  шығындалуын баяулатады.

 

Майлағыштардың  негізгі қасиеттері және оларды бағалау  әдістері.

Беріктік қасиеттері. Қоюлатқыштың бөлшектері майда құрылымдық қаңқа түзеді, соның арқасында майлар тыныштық жылжуға арналған беріктік шегіне ие болады. Беріктік шегі – соны түсірген кезде майлағыштың қайтымсыз деформациясы жүретін ең аз жүктеме. Беріктік шегі арқасында майлар еңіс және тік беттерден ағып кетпейді, герметизацияланбаған үйкеліс тетіктерінен шығып кетпейді.

Тураның жоғарылауымен майлағыштардың берітік шегі азаяды. Беріктік шегі нөлге жақындайтынтемпература майлағыштың  созылмалы күйден сұйық күйге  өтуінің шынайы температурасы болып  табылады. Бұл температура майдың жұмыс қабілетінің жоғарғы температуралық шегін сипаттайды.

Майлағыштың құрылымының  түзілуіне әсер ететін барлық факторлар  олардың беріктігіне де әсер етеді. Оларға қоюлатқыштың типі және концентрациясы, дисперсиялы ортаның химиялық құрамы және қасиеттері , беттік белсенді заттар құрамы мен концентрациясы және майларды дайындау режимі.

Созылмалы майлағыштардың беріктілік шегін анықтау үшін СК беріктік өлшегішін (1 - сурет) қолданылады. Осы мақсатпен беріктік өлшегіш датчигінің ішкі цилиндрінде пайда болатын және датчиктің ішкі және сыртқы цидиндрлері арасындағы майлағыштың беріктік шегіне сәйкес келетін ең жоғарғы айналым моментін өлшейді.

1-сурет. СК-1М беріктік  өлшегіші:

1-корпустың алдыңғы  панелі; 2-температура датчигі; 3 –  тығын; 4 - датчик; 5 – өлшегіш пружиналы  редуктор; 6 – ұстағыш; 7 – термостат; 8 – фиксатор.

 

Тұтқырлық қасиеттері. Тұтқырлық майлағыштардың төменгі температурадағы ағындылығы бастапқы кездегі сипаттамаларын және орныққан жұмыс режиміндегі айналуға  кедергіні сондай-ақ  үйкеліс тетіктерін толтыру мүмкіндігін анықтайды. Жағар майлардан айырмашылығы, майлағыштар температурадан басқа жылжу жылдамдығының градиентіне де байланысты. Деформация жылдамдығын ұлғайтқанда тұтқырлық күрт төмендейді, сондықтан әдетте берілген жылдамдық градиентіндегі D және тұрақты майлардың тиімді тұтқырлығы  η туралы айтады. Тұтқырлыққа температура едәуір әсер етеді, оның ұлғаюымен майдың тұтқырлығы төмендейді.

Механикалық тұрақтылығы (майдың тиксотроптық өзгерістері). Майлағыштардың реологиялық қасиеттерінң, яғни пайдалану жағдайындағы механикалық және температуралық әсер кезінде олардың қасиеттерінің өзгеруі – маңызды сипаттамаларының бірі. Майлағыштарды үйкелу тетіктерінде қолданған кезде олардың беріктік шегі және тұтқырлығы азаяды, механикалық әсер ету тоқтағаннан соң бұл көрсеткіштер жоғарылайды. Мұндай өздігінен қалпына келетін дисперсиялық жүйелерді тиксотропиялық деп атайды.                                                       

Майлағыштардың механикалық  тұрақтылығын бағалау оларда ротациялық приборда – тиксометрде (2 сурет) бұзуға және олардың механикалық қасиеттерінің өзгеруін бұзылу үрдісінде немесе ол аятала салысымен анықтауға негізделген. Механикалық тұтқырлық есептелетін арнайы коэффициенттермен бағаланады: Кк - бұзылу (күйреу) индексі, Кқ – тиксотроптық қалпына келу коэффициенті.

2  сурет – Созылмалы  майлағыштардың механикалық тұрақтылығын  анықтауға арналған ТМС типті  тиксометр:              1 – муфта; 2 – бір фазалы реверсивті қазғалтқыш; 3 – бұранда; 4 – ілгек; 5 – гайка;  6 – кронштейн;  7 – поршень;  8 – статор денесі;  9 – статор;  10,13 – капиллярлар;         11 – ротор;  12,14 – подшипниктер;  15 – корпус;  16 – электр қозғалтқышы;

Пенетрация. Бұл көрсеткішті майлағыштардың берітілігін бағалау кезде оларды бір-бірімен салыстыру үшін қолданады. Конустың (стандартты массаның 5с бойынша) милиметрдің оннан бір бөлігімен өрнектелген майлағышқа ену тереңдігі пенетрацияны саны деп аталады. Майлағыш неғұрлым жұмсақ болса, соғұрлым конус тереңдей еніп пенетрация саны жоғары болады. Пенетрация – физикалық мәні жоқ және майлағыштардың пайдалану кезіндегі күйін көрсетпейтін шартты көрсеткіш. Реогиялық қасиеттері әр түрлі майлағыштардың пенетрация сандары бірдей болу мүмкін, бұл олардың пайдану қасиеттері жөнінде дұрыс емес түсінік қалыптастырады. Сонда да болса пенетрацияны майлағыштарды дайындау технологиясын бағалау үшін тез анықталатын көрсеткіш ретінде жиі қолданады. Майлағыштардың пенетрация саны 170-420 аралығында болады.

Коллоидтық  тұрақтылығы. Майды ұстап тұру, сақтау және пайдалану кезінде оның бөлініп шығуына кедергі келтіру қабілеті майлағыштардың коллоидтық тұрақтылығын сипаттайды.

Майлағыштардың коллоидтық тұрақтылығы құрылымдық қаңқаның жетілу дәрежесіне, ол өз кезегінде, құрылымдық элементтердің өлшемдеріне, пішіндеріне және өзара байланыстың беріктілігіне байланысты. Коллоидтық тұрақтылыққа едәуір дәрежеде дисперсиялық орта тұтқырлығы әсер етеді: майдың тұтқырлығы жоғары болған сайын, оның майлағыш көлемінен ағып кетуі қиынырақ.

Коллоидтық тұрақтылығын анықтаудың ең қарапайым әдісі ( КСА) – сүзгі қағазының қабаты арасына  орналасқан майды сығып шығару. Сонымен  қатар коллоидтық тұрақтылықты АКС  – 1 аппаратында (3- сурет) анықтайды.

3 сурет – Созылмалы майлағыштардың тұрақтылығын анықтауға арналған АКС-1 аппараты:                 1- температура датчигі; 2 – салқындату түтігі; 3 – термостат моншасы; 4 – электр қозғалтқышы;    5 – басқару тақтасы; 6 – ұяшық; 7 – магнитті араластырғыш; 8 – электр қозғалтқыш;                        9 – температура реттегіші, 10 – потенциометр.

 

Химиялық тұрақтылық – 1000С-тан жоғары температурада қолданылатын барлық майлағыштардың маңызды пайдалану сипаттамасы. Әдетте химиялық тұрақтылық деп майлағыштардың ауа оттегісімен тотығуға қарсы тұрақтылығын түсінеді. Тотығу майлағыштарда құрамында оттегі бар беттік белсенді заттардың түзілуіне және жиналуына, майлағыштардың реологиялық қасиеттерінің өзгеруіне, коллоидтық тұрақтылығы нашарлауына, тамшы түсу температурасының, майлау қасиетінің және бірқатар басқа да қасиеттерінің төмендеуіне байланысты. Мысалы, қола, қалайы, қорғасын және басқа да бірқатар металдар майлағыштардың тотығуын үдетеді.

Термиялық тұрақтылығы. Майлағыштарға жоғары температураның қысқа уақыттағы әсері кезінде өздерінің қасиеттерін өзгертпеу қабілеті оның химиялық тұрақтылығын сипаттайды. Жасанды майлы қышқылдардың сабындарынан жасалған майлағыштар, сондай-ақ кейбір кешенді майлағыштар жоғары температураларда созылмалылығын жоғалтуға дейін қатаюы мүмкін. Майлардың термиялық қатаюы олардың  үйкеліс тетігіне түсуін қиындатады, адгезиялық қасиеттерін нашарлатады.

Микробиологиялық  тұрақтылығы. Майлардың құрамының және қасиетінің өзгеруі микроағзалар әсерінен болады. Микроағзалар – ұсақ саңырауқұлақ, бактериялар майларға түсіп не жойылады, не қарқынды дами бастайды. Бұл олардың биологиялық қасиеттеріне, майлардың құрамына ( қоректендіргіш пен заттардың болуына) және қоршаған жағдайға (температура, ылғалдылық және т.б.) байланысты. Микробиологиялық күйреуге тұрақты жағар материалдарды жасау үшін оларға антисептиктер ендіріледі. Мұндай ретінде органикалық заттарды, мысалы, бензой және салицил қышқылдарын, фенолдарды және олардың туындыларын, металорганикалық қосылыстарды – сынап, қалайы,т.б.туындыларын қолданады.

Радияциялық төзімділігі. Жағар материалға жоғары энергия сәулелерінің әсері ( – сәулелер, альфа және бетта бөлшектер, еркін электрондар) олардың құрылымдарының және қаиеттерінің терең өзгерістеріне әкеледі. Радияциялық төзімділігі жағар материалдардың химиялық құрамына байланысты.  Радияциялық  төзімділігі бойынша майдың дисперсиялық ортасы былай орналасады:   кремнийорганикалық сұйықтықтар күрделі эфирлер мұнай майлары қарапайым эфирлер.

Антифрикциялық  майлағыштар.

Әр алуан тетіктер мен үйкелетін беттердің үйкелісі мен тозуын азайту үшін антифрикциялық созылмалы майлағыштар кеңінен  қолданылады. Негізгі үйкеліс тетіктері  – сырғанау және тербелу подшипниктері, шарнирлері, тісті, бұрандалы берілістер, электр  контакілер  және басқада кейбір механикалық жүйелер мен конструкциялар.

Мақсатына қарай  антификциялық  майлағыштар жалпы мақсаттағы  және арнайы деп бөлінеді.Өз кезегіне бірінші топ кәдімгі температураға (70 0С-қа дейін) және жоғары температураларға (120 0С-қа дейін)арналған, арнайы топ –термртұрақты (150 0С-тан жоғары), аязда төзімді (-40 0С және төмен ), тозуға қарсы, тырналуға қарсы, химиялық және радиациялық төзімді деп бөлінеді. Қолдану  саласына қарай- өнеркәсіптік,автомобиль және темір жол.

Жағар материалдардың үйкелетін  және тозуды азайту, үйкелетін беттердің  ілігуін азайту қабілеті модельді қондырғыларда  – үйкеліс машиналарында және натуралы механизмдерге бағаналады. Неғұрлым кеңінен  таралғандарды  төрт шаршалы механиздер (ЧШМ).

Антифрикциялық  майлағыштардың  сыныптамасы.

Антифрикциялық майлағыштардың түрлері 100 – ден астам.

Кальций майлағыштар. Неғұрлым кеңінен таралған жалпы мақсаттағы сабынды майлағыштарға солидолдар - гидратацияланған кальцийлі жатады. ТМД- да негізінен жасанды солидолдар – пресс-солидол С және солидол С, пресс-солидол  УС-1 және солидол УС-2 (УС-универсальная среднеплавкая) дайындайды.

Солидардардың артықшылықтары суға төзімділігі , коррозияға және тырналуға (тозуға)қарсы жоғары қасиеттері. Кемшіліктері –балқуының төмен темрпературасы және механикалық тұрақтылығының нашарлығы.

Кешенді кальцийді майлағыштар  пайдалану қасиеттері бойынша солидолдардан  күрт ерекшелінеді. Олардағы  қоялатқыштар  ретінде  жоғары және төмен  молекулалы  майлы қышқылдардың (мысалы,сірке және стеарин )кешенді  сабынды қолданылады. Бұлардың кәдімгі сабынды  толтырғыштардан айырмашылығы  олардың жоғары  термиялық тұрақтылығы: тамшы түсу  температурасы 200 0 С (солидорларда 80-90 0С).

Натрийлі және натрий кальцийлі майлағыштар. Көбірек қолданылатын натрийлі майлағыштарға консталин жатады.

Солидолдардан айырмашылығы олар 1150С температурада жұмыс істеуге қабілетті. Натрийлі майлағыштарда қоюлатқыштың мөлшері едәуір, сондықтан -200С-тан төмен температурада қолданылмайды.

Литийлі майлағыштар. Шет елдерде созылмалы майлағыштардың негізгі типі литийлі майлағыштар (70-80%) болып табылады. Олар кәдімгі және кешенді болып бөлінеді. Бұл майлағыштар температураның, жүктемелердің және жылдамдықтардың кең интервалында жұмыс істеуге қабілетті, су төзімділігі, механикалық, термиялық және тотығуға қарсы тұрақтылығы жақсы. Олардың ерекшелігі құрамындағы қоюлатқыштың мөлшерінің аз болуы (8-12%), бұл оларды  -500С температурада қолдануға мүмкіндік береді (ЦИАТИМ-21, литол-24, фиол-24, фиол-3 және т.б.).

Алюминийлі  майлағыштар.  Алюминийлі майлағыштар қарапайым және кешенді болып бөлінеді. Жоғары қорғаушы қасиеттері мен су төзімділігіне байланысты оларды негізі теңіз суында және олармен жанаса жұмыс істейтін механизмдерде, бұрандалы қосылыстарда сондай-ақ түсті және қара металлдан  жасалған бұйымдарды пайдалану, тасымалдау және ашық алаңқайларда сақтау кезіндк коррозияның алдын алу үшін қолданады. АМС-1,3 майлағышы теңіз суында жұмыс істейтін механизмде қолданады. Алюминийлі майлағышты ротациялық машиналардың подшипниктерін майлау үшін қолданылады.

Антифракциялық ретінде  бейорганикалық қоюлатқыштар – силикагель, бентонит, полимочевина, пигменттер және т.б.қоюлатқыштар қолданылады.

Консервациялық  майлағыштар.

Майлар мен механизмдер  жұмысының сенімділігі мен ұзаққа шыдамдылығы металл беттерді коррозиядан сақтаудың тиімділігімен анықталады. Коррозия деп металлдардың қоршаған ортамен химиялық немесе электрохимиялық әрекеттесуі салдарынан өздігінен күйреуін ионды (тотыққан) күйге өтуге ұмтылады.

Металдарға коррозиялық әсерінің болмауы және оларды сыртқы ортаның коррозиялық-агрессивтік құрағыштарынан қорғау – барлық жағар металдарға қойылатын талаптар, бұлар әсіресе консервациялық майлағыштар үшін өте жоғары.

Консервациялық майлағыштар  өндіру көлемі бойынша антифрикциялық майлағыштардан соң екіншк орын алады  - шамамен 15%. Консервациялық майлағыштардың негізгі мақсаты – металл бұйымдарды, машина және құрал-жабдықтарды сыртқы ортаның коррозиялық әсерінен, яғни атмосфералық коррозиядан сақтау.

Консервациялық майлағыштардың сыныптамасы.

Консервациялық майдың ішінде кеңінентаралғандары – көмірсутекті майлағыштар. Көмірсутекті майлағыштардың балқу температураның төмен болуы (40-700С) оларды  бетке бөлшектерді майлағыштардың балқымасына батырып алу немесе шашырату әдісімен жағуға мүмкіндік береді.

Көмірсутекті консервациялық майлағыштарға – ПВК, ГОИ-54П, зеңбірек (УНЗ), техникалық талшықты вазелин ВТВ-1, ВНШИСТ-2 және т.б.

ПВК петролатымның (60-70%), церезиннің (4%), тұтқыр цилиндр майының  және қосындының балқымасы болып табыладыПВК металл бұйымдарды коррозиядан 10 жыл бойы сақтауға мүмкіндік береді. Кемшілігі минус 100С-тан төменде қозғалмалылығын жоюы.

ГОИ-54П майлағышын МВП  майы (23%), церезинді және қосынды  қосып дайындайды. Ол минус 500С-қа дейін жұмыс істеуге қабілетті, алайда +500С-тан жоғарыда қолдануға болмайды.

ВТВ-1 майлағышын аз тұрақтылықты өнеркәсіп майларна церезин мен  парафин қоспасын және қосынды қосып  дайындайды. Автомобильдің аккумуляторларының клеммаларын майлау үшін қолданады.ПВК-дан  артықшылығы – төменгі температуралық қасиеттері жақсырақ.

Көмірсутекті майлағыштармен қатар сабынды майлағыштар АМС-1, АМС-3, МС-70, ЗЭС және т.б. қолданылады.

АМС майлағыштарын цилиндр  майларын стеарин және олеин қышқылдарының  алюминий сабындарымен қоюлату арқылы алады. Жабысқақтығы және суға төзімділігі жоғары.

ЗЭС майлағышын электр желілерін  және жоғары вольтты аппараттарды коррозиядан  сақтау үшін қолданылады. оны тұтқыр майларды жасанды майлы қышқылдардың алюминий сабындарының және петролатумның  қоспасымен қоюлату жолымен дайындайды.

Созылмалы майлағыштарды қолдану негіздері. Антифрикциялық және консервациялық майлағыштар