Сұраныс пен ұсыныс

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ..................................................................................................3

        1 СҰРАНЫС .........................................................................................................5

              1.1 Сұраныстың шамасы. Сұраныс заңы ....................................................5

               1.2 Сұраныс факторлары  .............................................................................7

               1.3 Икемділік..................................................................................................8

        2 ҰСЫНЫС..........................................................................................................12

                2.1 Ұсыныстың шамасы. Ұсыныс заңы.................................................... 12

                2.2 Ұсыныс факторлары ............................................................................14

                2.3 Ұсыныстың баға бойынша икемділігі.................................................15

        3 СҰРАНЫС  ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ.........................17

                3.1 Нарық тепе-теңдігі................................................................................17

                3.2 Тепе-теңсіз жағдайлар: тапшылық  пен артылып қалу......................18

        ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................20

        ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Сұраныс пен ұсыныс бүкіл  нарықтық экономикалық жүйенің ырғақты  жұмыс жасауын көрсететін басқа  тұтқа. Нарық, өндірушілер мен тұтынушыларды  өзара байланыстыратын ерекше нысан  ретінде өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті қажет етеді. Бұл теңдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік  түрінде көрінеді. Әр экономикалық жүйе негізгі 3 сұраққа жауап береді:

1) Көптеген тауарлар мен  қызмет қаншама мөлшерде, не өндіру керек.

2) Қоғамның өндіріс факторларын қалай пайдалану керек.

3) Өндірілген ұлттық өнім  әртүрлі адамдар арасында кім үшін бөліну керек.

Нарық дегеніміз тауар, қызмет көрсетулерді, сатып алатын-сататын, сауда мәмілесін жасайтын орын.

Нарықтың түрлері: өндіріс  факторлары нарығы және қызмет көрсету  нарығы.

 

Кесте 1- Нарық түрлерінің айырмашылығы

Өндіріс факторларының нарығы

Тауар және қызмет көрсету  нарығы

• Жер және жылжымайтын  мүлік нарығы: Жер участкілері, қызметтік  және тұратын үй-жай (сатып алу-сату немесе жалға алу-жалға беру туралы хабарландырулар БАҚ-та жарияланады)

• Тұтыну тауарларының нарығы: Күнделікті сұранымға ие тауарлар (азық-түлік, тұрмыстық заттар, киім-кешек)

• Еңбек нарығы: Адамдардың дене және ақыл-ой жағынан еңбек  ете білу қабілеті (еңбек биржасы, бос тұрмыс орындары туралы БАҚ-та жарияланады)

• Инвестициялық тауарлар нарығы: өндіріс құралдары (шикізат, машина, құрал-жабдық)

• Қаржы капиталының нарығы: Кредиттер мен құнды қағаздар (акциялар, облигациялар)

 

 

 

Нарықтағы басты қатысушылар  кімдер? Сатушылар мен сатып алушылар. Сондықтан экономистер нарық деп сатып алушылардың сұранысы мен сатушылардың ұсынысының өзара әрекет ету тетігі деп біледі. Нарыққа қатысушы қандай да бір топтың мүддесі өзара кереғар: сатушы тауарын қымбатқа сатқысы келсе, сатып алушы арзанырақ алып қалуға тырысады. Бұл жерде сатып алушы мен сатушының арасындағы «бүлік алмасы» тауар мен көрсетілетін қызметтің бағасы болып отырғандығын көреміз.Баға дегеніміз тауар бірлігінің ақшаға шаққандағы құны. Сатып алушы мен

 сатушының мүддесі қалай үйлеседі? Бұл сұраққа жауап беру үшін сатып алушы мен сатушының экономикалық іс-әрекетінің қисыны түсіну керек.

1 СҰРАНЫС

1.1 Сұраныстың шамасы. Сұраныс  заңы

Адам өзінің жан-жақты  сұранымын қалай өтейді? Себебі кісінің  күн көріп, одан әрі дамуына көп  нәрсе қажет: азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар, кітаптар, киноға, театрға бару... Біз қашанда өзімізге қажет нәрсені барып сатып  аламыз. Бірақ қалтамызда ақша болса ғана, тауар (қызмет) сатып алуға бір ғана ынта-тілек аздық етеді, оған қоса көрсетілетін игілікке ақы төлеу мүмкіндігі де, төлемге дайын болу (төлем қабілеттілігі) да қажет. Қандай да бір бағамен игілік иеленгісі келетін және иелене алатын, яғни соған қазір сатып алушылардың нарықтағы «іс-әрекетін» экономистер әдетте сұраныс ұғымының көмегімен сираттайды.

Бұл жерде сұраныс және сұраныс шамасы ұғымдарының ара-жігін  ажыратып алу керек. Олардың қандай айырмашылығы бар екенін келесі кестеден көруге болады.

Кесте 2-Сүраныс пен сұраныс  шамасының айырмашылығы

Сұраныс

Сұраныс шамасы

–бұл сатып алушылар белгілі  бір уақытта және белгілі бір  орында сатып алуға әзір (алғысы келетін немесе сатып ала алатын) тауар (қызмет саны мен сол тауардың бағасы арсындағы бүлік тәуелділік

–бұл сатып алушылар белгілі  бір уақытта және белгілі бір  орында айтылмыш баға бойынша сатып  алуға әзір тауардың нақты саны


 

 

Сұранысты үш тәсілде көрсетуге болады, оны Сұранысты көрсету тәсілдері кестесінен көре аламыз.

Кесте 3- Сұранысты көрсету  тәсілдері

Кесте түрінде

Графика түрінде

Талдау арқылы

Сұраныс шкаласы — бұл  сұраныс шамасының тауар бағасына тәуелді екенлігін көрсететін кесте

Сұраныс қисығы — бұл  сұраныс шамасының баға деңгейіне  тәуелді екендігін көрсететін график

Сұраныс атқарымы — бұл  сұраныс шамасынынң бағаға тәуелді  екендігін көрсететін математикалық  формула


 

 

Сұранысты көрсету тәсілдері кестесінде көрсетілген тәсілдердің әрқайсысын қарастыру үшін шартты жағдайлар пайдаланамыз. Айталық сіз жеміс-жидек өсіріп, шырын жасаумен айналысатын кәсіпкерсіз. Өзіңіз көздеген нарық (поселок, қала) қандай сыйымдылыққа ие екендігі жөнінде, яғни апта ішінде шабдалы шырынының қанша литрі әр түрлі бағамен өтетіндігі жөнінде дәл мәлімет алғыңыз келеді. Осы оймен мүмкіндігі бар сатып алушылардың арасында сауалнама өткізіп, оның мәліметтерін «Сұраныс шкаласы» кестесіне енгіздіңіз, мұндағы Р(prise) — баға; Q(quantity) — саны; D(demand) — сұраныс.

 

Кесте 4- Сұраныс шкаласы

Р, (бағасы, 1 литр үшін теңгемен)

Qd (апта ішіндегі, литрге шаққандағы сұраныс шамасы)

100

80

110

120

120

160

130

200

140

240

150

280

160

320

170

360

180

400

190

440

200

480


 

Сұраныс пен ұсыныстың  өзгеруі кестесінен сатып алушылар апта ішінде 100 теңге бағамен 400 л шырын сатып алуға дайын екендігі көрініп тұр. Бағаны 110 көтеру сатылу көлемін 360 литрге дейін қысқартады, яғни тауар бағасының өсуі оған сұраныстың шамасын азайтады. Осыдан тауарға деген сұраныстың шамасы оның бағасына байланысты екендігін және бұл байланыс кері (жағымсыз) екендігін көреміз, яғни сұраныстың шамасы мен баға өзара қарама-қарсы бағытта өзгеріп отырады: тауар бағасы қымбат болған сайын сұраныстың шамасы азая түседі және керісінше баға арзындаған сайын сұраныс шамасы көбейеді.

Мұндай бақылау сатып  алушының нарықтағы іс-әрекетінің заңдылығын тұжырымдауға мүмкіндік береді: арзан бағамен тауар жоғары бағадағы тауарға қарағанда көбірек сатып алынатын болады(сұраныс заңы).

Сатып алушының «нарықтағы іс-әрекетін» түсіну үшін келесі кестемен танысуымыз керек.

Кесте 5- Себептер мен оның салдары

Себеп

Салдар

"Бағаның шектеу эффектісі": тауардың қымбат тұруы

Сатып алушы бір нәрсені  сатып алудан мүлдем бас тартады  немесе өзі тұтынатын игіліктің  санын азайтады, себебі бағаның қымбат болуы - әр адамның еңсеруіне қиын өзінше бір кедергі 

"Табыс табу эффектісі": тауардың арзан тұруы

Сатып алушы баға арзандаған кезде сол тауар мөлшерін сатып  алуға аз ақша жұмсайды, яғни бюджеттегі шығатын шығынның үлесі азаяды

"Алмастыру эффектісі": тауардың қымбат тұруы

Сатып алушы тауар қымбат тұрған кезде оны бағасы қол жетерлік, оның үстіне әлгі сұранымды дәл сондый өтейтін басқа тауарға ауыстыра алады ("сұранымның басқаға ауып кетуі")

"Қанығу эффектісі": шекті пайдалылықтың төмендеуі

Адам тауарды түтынуды баға арзандағанда ғана көбейеді, яғни одан кейінгі әр игілік бірлігі оның алдындағы тауарға қарағанда қанағаттандыра қоймайды (бөлешек және көтерме бағалар)


 

 

Сұранысты Сұраныс шкаласының мәліметтерін пайдалана отырып сұраныс  қисығы түрінде графикалық тұрғыдан бейнелейік. Кестелердегі мәндерді графикке көшіреміз, онда абсцисс осі бойымен  сұраныс шамасын, ал ординаттар осі  бойымен бағаны көрсетеміз.

                                     

200

160


140

120

0           

              80    160   240  320   400      Q(л)



 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

График 1- Сұраныс қисығы

Сұраныс қисығы графигінде сұраныс қисығы D көрсетілген . Қисықтың D әр нүктесіне сатып алушылар әлгі бағамен сатып алуға дайын тауардың белгілі бір саны сәйкес келеді. Сұраныс қисығы кері көлбеуге түскен, бұл баға мен сұраныс шамасы арқасындағы кері тәуелділіктен орын алған (P  Q  ; P   Q  ). Сұраныс қисығының кері көлбеуі сондай-ақ шекті пайдалылықтың азаю эффектісімен түсіндіріледі. Пайдалылық дегеніміз тауардың қандай да бір қажеттілікті өтеу қасиетін білдіреді. Барынша көп пайдалылықты бірінші игілік бірлігі береді (біз ол үшін қымбат баға төлеуге дайынбыз). Бірақ одан кейінгі әр бірлік алдыңғы игілікке қарағанда бізді онша қанағаттандырмайды. Егер сұраныс шкаласы не сұраныс қисығының графигі берілсе және сұраныс атқарымы тіке сызық түріне ие екендігі мәлім болса, яғни у=kx+b теңдеуімен сипатталса, мұндағы у- сұраным шамасы (Qd); х- баға(P), онда сұраныс атқарымы мына түрге ие болады: Q=k*P+b.


 

1.2 Сұраныс факторлары

Экономистер сұраныстың өзгеру себептеріне мынадай сұраныстың бағалық емес факторларын(детерминанттарды) жатқызады: нарықтағы сатып алушылардың саны, сатып алушылардың табысы, сатып алушылардың талғамы мен не нәрсеге ілтипат білдіретіндігі, өзара байланысты тауарлардың бағасы, тұтынушылардың алда не күтетіндігі.

Нарықтағы сатып  алушылардың саны. Елдің орталық қаласын Алматыдан Астанаға көшіру жаңа астанада және осы аймақта тұратын халықтың санын көбейтті. Жаңа жерге көшіп келгендер тұрғын үйге ғана емес, адамға күнделікті қажет азық-түлік тауарларына, киім-кешекке, тұрмыс заттарына және басқа да толып жатқан игілікке ділгер болды. Соның нәтижесінде барлық тауар мен көрсетілетін қызметке сұраныс едәуір артты. Сол сияқты жұрт «тозған» жерден жаппай көше бастағанда тауарға деген сұраным дәл солай күрт төмен түседі.

Сатып алушылардың табысы. Егер мемлекет кедейшілікке қарсы күрес шараларын жүргізіп, әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін өсіріп отыратын болса (төменгі жалақы, зейнетақы, шәкірақы, жұмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы өссе), онда бұл жағдай халықтың кірісін көбейтуге әкеледі. Халықтың табысының өсуі неғұрлым сапалы өнімге сұранысын күшейтіп, сапасыз тауарға сұранысын азайтады.

Тұтынушылардың  талғамы мен ілтипат беруі. Тұтыну талғамы өзгермелі, тұрақсыз болып келеді. Олар сән, алынған ақпарат, жарнама ықпалымен әсерленгіш, яғни бәсеке, пайдалылқ жөніндегі ұйымдарға бой алдырып отырады.

Өзара байланысты тауарлар бағасы. Өзара байланысты тауарларға өзара қандай да бір белгі бойынша «байланысты» тауарлар жатады. Өзара байланысты тауарлар нарығы өзара тәуелді болып келеді, яғни әлгі нарықтың біреуінде жағдайдың өзгеруі екіншісінде ахуалдың өзгеруіне әкеп соғып отырады.

Алмастырғыш тауарлар (субституттар) дегеніміз қандай да бір нақты қажеттілікті өтеу кезінде бірін-бірі алмастыра алатын тауарларды білдіреді(шай мен кофе, алма мен алмұрт, йогурт пен айран, т.б).

Толықтырушы тауарлар (комплементтер) дегеніміз қандай да бір қажеттілікті өтеу кезінде бірін-бірі толықтыратын тауарлар (перде мен гардин, аспашам мен шамдар, т.б).

Тұтынушылардың  алдағы уақыттан күтетін нәрсесі. Бағаның көтерілуі, алда түсетін табыс, ауа райы мен экология, саяси жағдайдың өзгеруі жөніндегі мәліметтерді негіз ететін сатып алушылардың алдағы күнді күтуі сұранысты өзгертіп жіберуі мүмкін. Егер сатып алушылардың алдағы күнге деген тілегі тауар бағасының қымбаттауымен байланысты болса, олар әлгі тауарды көп сатып алу арқылы оны дәл сол сәтте көбірек тұтына алады.

 

 

 

 

1.3 Икемділік

Өзара байланысты тауарлар нарығында әр турлі тауарға сұраным  ондағы бағаның, табыстың және жағдайдың  өзгеруіне байланысты. Экономистер  сұраныстың осындай өзгеріске үн қатуын икемділік деп атайды.

Сұраныстың икемділігі дегеніміз  бағаның, табыстың өзгеруіне сұраныстың үн қатуы, сезгіштік дәрежесі. Сұраныс икемділігімен келесі сызбадан толық түсінуімізге болады.

Кесте 6- Сұраныс икемділігі

Сұраныс икемділігі


 

 

Сұраныстың төте (бағалық  емес) икемділігі

Сұраныстың табысқа икемділігі

Тоғыспалы икемділік

тұтынушының бағаның өзгеруіне  қалайша үн қосқанын көрсетеді

тұтынушының өз табысындағы  өзгерістерге қалайша үн қатқаны  көрсетіледі

басқа тауар бағасының  өзгеруінен сұраныстың тауар бойынша  сезгіштігіне үн қатуын көрсетеді


 

 

Сұраныс алдымен тауар  бағасының өзгеруіне үн қатады: біз  затты бағасы арзандағанда көбірек  алып, бағасы қымбаттағанда алуды  азайтамыз. Сондықтан сұраныстың төте не баға бойынша икемділігі деп сол тауар бағасының өзгеруіне байланысты туындаған тауарға деген сұраныс шамасын өзгеру дәрежесін атайды.

Сұраныстың баға бойынша  икемділігі тауар бағасы 1%-ға өзгерген жағдайда сол тауарға сұраныс шамасы нше пайызға өзгеретіндігін көрсетеді.

Сұраныстың бағаның өзгеруіне  үн қатуының «өлшегіш безбені» сұраныс  икемділігінің еселігі(EDP) болып саналады.

Сұраныс икемділігінің еселігі  дегеніміз сұраныс шамасының бағаның өзгеруіне жауап түрінде өзгеру дәрежесін көрсететін сан.

Тұтас алғанда сұраныс  икемділігі сұраныс шамасының бағаның  пайыздық тұрғыдан өзгеруіне қарай  пайыздық өзгерісінің қатынасы ретінде  белгіленеді:

             (1)

 

Cұраныстың баға бойынша икемділігінің факторлары

Алмастыратын нәрселердің  болуы және оларға қол жеткізудің жеңілдігі                                                  өнімнің алмастырғышы көп болған сайын оған сұраныс та икемді бола түседі: бағаның қымбаттауы сұранысты  сол қажеттілікті бірдей өтейтін  басқа тауарға "аударып" жібереді(икемді сұраныс тауарлары -- сабын, тіс пастасы, кір жуатын ұнтақ және т.б.). Тауарды алмастырушы аз болған сайын оған сұраныс та икемсіз(икемсіз сұраныс тауарлары -- тұз, сіріңке, электр қуаты).

Тауардың қажеттілік деңгейі. Егер әлгі тауар(қызмет көрсету) бірінші қажетті зат болмаса өнімге деген сураныс неғұрлым икемді болады: алтыннан жасалған бұйымдар бағасының не туристтік агенттер қызметінің ақысыныңартуы(сәндік заттар) көптеген сатып алушылардың олардан бас тартуына әкеледі. Егер әлгі тауар(қызмет көрсету) бірінші қажетті зат болса өнымге деген сұраныс икемсіздеу болады: азық-түлік, медициналық қызмет бағасының қымбаттауы тұтыну көлемінің елеулі түрде азаюына әкелмейді.

Тұтынушы бюджетіндегі шығатын шығынның үлесі.  Тұтынушы бюджетінде өнімнің бағасы көбірек, оғансұраныс та соғұрлым икемдірек бола түседі: қымбат тұрмыстық техника, автомобиль, жылжымайтын мүлік бағасының қымбаттауы көптеген сатып алушыларды сатып алуды кейінге қалтыруға мәжбүр етеді, сұраныс шамасы елеулі түрде өзгаріске ұшырайды. Тұтынушы бюджетінде өнімнің бағасы аз орын(улес) алған сайын оған сұраныс та соғұрлым икемсіздеу бола түседі: арзан тауарлардың бағасының қымбаттауы тұтынушының бюджетіне елеулы әсер етпейді, сол өнімдерге сураныс елеулі өзгеріске ұшырамайды.

Уақыт. Сұраныс қысқа мерзімдік кезеңде икемсіздеу және ұзақ мерзімдік кезеңде икемділеу: әдете қандай да бір тауар бағасының қымбаттауы сатып алушы үшін "күтпеген жағдайда" болады, тұтынушының шешім қабылдауына уақыт керек. Пәтердің жалға беру ақысының, көлік қызметі ақысының қымбаттайтындығы туралы хабар таяу уақытта сұранысқа онша әсер ете қоймайды. Бірақ уақыт өте қымбаттап кеткен тауардың орнына бір алмастырғыш табуға тырысамыз: бағасы арзандау үй іздестіріп, қоғамдық көлікті пайдалануға көшеміз.                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Сұраныстың табыс бойынша икемділігі

Сұранысқа әсер етуші бағадан  тыс факторлардың бірі сатып алушының табысы екендігі белгілі. Сұраныстың табыс  бойынша икемділігі тауар тұтынушының  өз табысындағы өзгерістерге қалайша  үн қататындығын көрсетеді. Сұраныстың табыс бойынша икемділік еселігі  (ЕDI) тауарға деген сұраныс шамасының пайыздық өзгерісінің өзге тең жағдайларда сатып алушының табысының шамасының пайыздық өзгеруіне тең болады(I-income -- сатып алушының табысы):

       (2)             немесе            (3)

Формула (2) сұраныс пен табыс шамаларының пайыздық өзгерістері келтірілген кезде есептеу жасағанда ыңғайлы. Мысалы табыстың 25% өсуі тауарға сұранымды 10% өсірді. Бұл жағдайда сұраныстың табыс бойынша икемділіг мынаған тең:

(3) формула табыс бойынша сұраныс икемділігінің көрсеткішін есептеп шығаруға мүмкіндік береді, егер өзгеріске дейінгі және өзгерістен кейінгі сұраныс пен табыс шамаларының абсолют мәні белгілі болса. Мысалы, орташа табыс деңгейі айына 9000 теңгеден 15000теңгеге көтерілді. Отаудың шабдалы шырынына сұраныстың шамасы айына  4 литрден 6 литрға өсті. Сұраныс бойынша сол тауарғы сұраныс икемділігін анықтау үшін (3) формуланы пайдаланымыз:

 

 

Сұраныстың тоғыспалы  икемділігі

Сұранысқа әсер етуші бағадан  тыс факторлардың бірі өзара байланысты бағалар болып саналады.

Өзара байланысты тауарлар нарығының өзара тәуелді екендігі мәлім, яғни бір тауар нарығындағы  өзгеріс екінші тауар нарығын  өзгеріске түсіреді.

Өзге тауар бағасының  өзгеріске түсуінен бір тауар  сұраныстың сезімталдықпен осындай өзгеріске түсуін тоспалы сұраныс икемділігі көрсетіп береді.

Сұраныстың тоспалы икемділігі(EDC) дегеніміз бір тауарға сұраныс шамасының пайыздық өзгерісінің басқа тауар бағасының сәйкес пайыздық өзгерісіне қатысына тең еселік.

Комплементерлық не бірін  бірі алмастыратын тауарлар арасындағы өзара тәуелділік дәрежесін тоғыспалы  икемділік еселігінің абсолют мені боцынша анықтауға болады: сол  еселік нөлге жақын болған сайын  бұл тауарлардың өзара тәуелділігі  соғұрлым аз және керісінше ЕDC мәні нөлден «жырақтаған» сайын әлгі тауарладың өзара байланысы нығая береді. Мәселен сүт пен йогурттың тоғыспалы икемділік еселігі «Мумуня» және «Айналайын» маркалы сүттің ЕDC мәніне қарағанда төмен болады, яғни нөлдік мәнге жақын тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

2 ҰСЫНЫС

2.1 Ұсыныстың шамасы. Ұсыныс заңы

Тауар сатушылардың нарықтағы  қисыны ұсыныс ұғымымен сипатталады.

Ұсыныс дегеніміз сатушылар  нарыққа шығаруға әзір тауар саны мен сол тауар бағасының арсындағы тәуелділік.

Ұсыныс шамасы дегеніміз  сатушылар сол бағамен ұсынуға  әзір тауардың белгілі бір саны.

Сатушыларды(сізді) сатып алушылар тілеген баға қанағаттандырмауы да мүмкін. Сіз пайданы көбірек тапқыңыз келеді. Сондықтан шығаратын шығыныңызды есептей келіп жұртшылық арасында жүргізілген сауалнама мәліметтерін және шабдалы шырынын шығаратын басқа кәсіпкерлердің пікірін топтаған бір кесте жасадыңыз. Ұсыныс шкаласында сатып алушылар нарыққа әр нақты баға бойынша қанша өнім шығаруға дайын екендігін көрсеттіңіз, мұндағы Р (price -- баға), Q(quantity -- саны), S(supply -- ұсыныс).

Кесте 7- Ұсыныс шкаласы

Р, (бағасы, 1 литр үшін теңгемен)

Qs (апта ішіндегі, литрге шаққандағы сұраныс шамасы)

100

80

110

120

120

160

130

200

140

240

150

280

160

320

170

360

180

400

190

440

200

480


 

 Ұсыныс шкаласы кестесінен сатып алушылар литріне 100 теңге бағамен нарыққа 80 л шырын шығаруға әзір екендігі көрінеді. Бұл анықталған заңдылық мынадай қорытынды жасауға негіз береді: ұсыныс шамасы тауардың бағасына байланысты және бұл тәуелділік -- тура(жағымды), яғни ұсыныстың бағасы мен шамасы бір бағытта өзгаріп отырады: тауардың бағасы жоғары болған сайын ұсыныс шамасы да көбейеді Р   Qs    . Бұл көрсеткіштер сатып алушының нарықтағы қисығының заңдылықтарын тұжырымдауға мүмкіндік береді: сатып алушылар төмен бағаға қарағанда қымбат бағамен көбірек тауар ұсынуға құштар(ұсыныс заңы).


Сатушының «нарықтық әрекетін» түсіндіру үшін келесі кестені зерттеуіміз қажет.

Кесте 8- Сатушының нарық  әрекеті

Баға эффектісі                                                                                        

 Тауарғаүнемі жоғарылап отыратын  қымбат бағаның болуы пайданың  көбеюіне есептеседі:   Р=>  Pr ,   Р*Q=  TR,   Pr =  TR-TC. Көбірек пайда табу пиғылы өнім өндірушілерді тауарды көбірек шығаруға, өндірісті ұлғайтуға итермелейді. Осы тауар нарығындағы бағаның жоғары болуы басқа салалардан тауар шығаруларды осы нарыққа әкеледі, олар өздеріндегі ресурстарды әлгі тауар шығаруға көшіреді, соның нәтижесінде әлгі нарықтағы ұсыным артады.


 

 

Ұдайы өсіп отыратын шығын                                                                                                Өнімнің әр қосымша бөлігін шығару өнім өндірушінің жалпы шығаратын шығынының арта түсетіндігін білдіреді, яғни   ΔQ       TC. Өнім өндіруге шыққан шығынды өтеп отыратын неғұрлым қымбат баға ғана өндірісті кеңейту ісін ынталандырмақ.


 

 

Шабдалы шырынының ұсынымын график бойынша ұсыныс қисығы түрінде  көрсетейік. Кестедегі мәліметтерді графикке көшірейік, мұндағы абсцисс сызығымен ұсыныстың шамасын, ал ординаттар сызығымен бағаны көрсетеміз.

 Р(теңге/л)                       



200     

180    

160

140

120

     

      


        80   160   240   320   400 Q(л)


График 2- Шабдалы шырынының ұсыныс шкаласы (л,апта)

Шабдалы шырынының ұсыныс шкаласы графигінде ұсыныс қисығы S. Қисықтың S әр нүктесіне сатып алушы бір бағамен сатуға шығаруға дайын тауардың белгілі бір саны сәйкес келеді. Бағаны 140 тг/л-ден 180тг/л-ге қымбаттату ұсыныс шамасының 240-тан 400л-ге өсуіне әкеледі (ұсыныс қисығы бойымен А нүктесінен В нүктесіне қозғалу-баға факторының әсері). Ұсыныс қисығы жағымды горизонталь жағдайға ие, мұның өзі баға мен ұсыныс шамасы арасындағы тікелей тәуелділікке байланысты: Р Q ; Р Q сондай-ақ ұсыныстың көтеріліп келе жатқан (өсу үстіндегі) қисығы табыстың қысқару заңымен түсіндіріледі, оған сәйкес әр қосымша өнім бірлігін шығару шығынды көбірек тілейді: TR  , себебі ТС  .


Ұсыныстың ұсыныс шкаласы, ұсыныс қисығы түрінде ғана емес, сонымен  бірге аналитикалық тұрғыдан, математикалық формула түрінде көрсетуге болады. Егер ұсыныс атқарымы линиялар түрінде берілсе және тым болмағанда екі комбинация белгілі болса, онда сұраныс функциясы формуласын есептеп шығарғанымыз тәрізді ұсыныс функциясын да табамыз: у=kx+,мұндағы у -- ұсыныс шамасы(Qs), х -- баға(P). Ұсыныс функциясы мына түрде болады: Qs= =kP+b.

 

2.1 Ұсыныс факторлары

Эконмистер ұсыныстың  өзгеру себептеріне ұсыныстың бағадан  тыс факторларын (детерминанттарды) жатқызады: басқа тауарлардың бағасы, ресурстар бағасы, технологиялар, салық пен дотация, нарықтағы сатушылар саны, алдағы уақыттан күту.

Басқа тауарлардың  бағасы. Тауар шығарушы пайда табу мақсатында өзінде бар шектеулі ресурстарды орналастырудың неғұрлым тиімді нұсқаларын іздейтіндігін бұған дейін айтқанбыз. Сол себепті өндірілуі кезінде тектес (сондай) өндіріс факторлары пайдаланылатын сипаттас өнім бағасының өсуі тауар шығарушыны өзіндегі ресурстардың бір бөлігін пайданы аз беретін өндіріс саласынан пайдасы көбірек болуы мүмкін салаға көшіруге әкеледі. Мәселен Қазақстанда 2003 жылғы жаз-күз айларында бидай бағасының рекордтық дәрежеге жетуі басқа дәнді дақылдар өсірумен айналысатын фермерлердің дереу бидай өсіруге көшуіне күшті түрткі болды. Соның нәтижесінде басқа дәнді дақылдардың ұсынымы азайып, бидай ұсынымы көбейді.

Ресурстар бағасы. Өнім шығару үшін ресурс (өндіріс факторлары) қажет. Өндірістік ресурстар қымбат болған сайын өнім өндіруші нарыққа да соғұрлым аз тауар шығарады, яғни ұсыным азаяды, ал керісінше ресурс бағасының төмен болуы өнім өндірушілерге өндірісті кеңейтуге мүмкіндік жасайды (ұсыныс көбейеді).

Технологиялар. Технология дегеніміз 1) шикізатқа, материалдарға әсер ету тәсілдері туралы ғылым; 2) өнім шығару барысында шикізатты, материалды өңдеу, әзірлеу тәсілдерінің жиынтығы. Технологияларды жақсартып отыру(жетілдіріп отыру) әр өнім бірлігін шығаруға шығатын ресурстарды азайтуға мүмкіндік береді.

Салықтар мен  дотациялар. Салық дегеніміз заңды және жеке тұлғалар мемлекетке төлейтін міндетті төлемдер.

Сондықтан салықты көбейту  өнім шығару ммкіндігін азайтады, ал салықтың азаюы керісінше кәсіпорынның өнімді көбірек шығаруына жағдай жасайды. Дотациялар және субсидиялар дегеніміз  қандай да бір кәсіпорынды, саланы қолдауға, «сауықтыруға» мүмкіндік беретін мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдер. Сондықтан дотациялар өндірісті ынталандырады, соның нәтижесінде аталған саладағы, кәсіпорындағы шығарылған өнім ұсынысы көбейеді.

Сатушылар саны. Бизнесті дамытудағы қолайлы жағдайдың бірі -- бір тауарды шығарушы санының көп болуы. Қандай да бір тауар түрін шығарумен айналысатын кәсіпорындар санының көп болуы түтас алғанда тауардың нарықтағы ұсынысын көбейтуге әкеледі.

Келер күннен үміт ету. Бұл ұсыныс факторы ең алдымен кәсіпкерлік шешім қабылдауына мүмкіндік беретін ақпаратпен байланысты. Айталық, ТМД елдері аумағында бірнеше жыл қатарынан дәнді дақыл шықпай қалуы мүмкін екендігі туралы болжамда деректер, яғни соған орай оған бағаның өсу мүмкіндігі фермерлерді алаңдатып, олар бидай алқаптарын көбейтуі мүмкін. 2003 жылғы қуаң жыл салдарынан бидай бағасының өсуі және одан әрі өсу мүмкіндігі фермерлердің өз өнімдерінің бір бөлігін алда баға өскенде пайда табу ойымен қамбада сақтап қалуына әкелді.

 

2.3 Ұсыныстың баға бойынша  икемділігі

Сатушылардың қымбат бағамен  көбірек тауар сатуына келіп тірелетін нарықтық қисын ерекшелігі жөнінде ілгеріде айтылды. Графикте бағаның өзгеруінен туған ұсыныс шамасының өзгеруі ұсыныс қисығы бойымен бір нүктеден екінші нүктеге қарай қозғалу түрінде көрінеді және ол сатушылардың тауар бағасының өзгеруіне қарай өзгеру дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін.

Ұсыныстың баға бойынша икемділігі тауар бағасы 1% өзгергенде тауар ұсынысының шамасы қанша пайыз өзгеретіндігін көрсетеді.

Баға бойынша ұсыныс икемділігі мына формуламен есептеп шығарылады:

Сұраныс пен ұсыныс