"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламент
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Сүт және сүт өнімдері
- Сүттің түрлері
- Сүттің химиялық қасиеттері
- Сүттің кұрамы мен пайдасы
- "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламент
- Сүтті және сүт өнімдерін сату кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- Дайын сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Сүт – бұл табиғат даярлаған ерекше өнім. Сүттің құрамы өте күрделі – химиялық құрамының толықтығы бойынша сүтпен ешбір табиғи тағаммен салыстыруға келмес. Сүттің химиялық құрамына пластикалық, минералды, энергетикалық, реттегіш заттар мен дәрумендер кіреді.
Сүт ақуыздары, ет және балық ақуыздарына қарағанда, әлде қайда толыққанды және тезірек қорытылады. Ақуыз адам ағзасында жаңа жасушаларды түзу үшін қажет. Сүттің ақуыздары үш құрамдастан тұрады: шикі сүтте еріген күйінде болатын казеин, альбумин және глобулин. Сүттің барлық ақуыздары толыққанды топқа жатады, яғни олардың құрамында барлық 20 аминқышқылдары бар. Олардың ішінде – адам ағзасында синтезделмейтін және сырттан тамақ арқылы келуі тиіс 8 ауыстырылмайтын амин қышқылдары. Осы амин қышқылдарының ең болмағанда біреуінің болмауы зат айналымының бұзылуына әкеледі.
Сүттің минералды заттары құрамына Менделеев периодтық жүйесінінің өте көп элементтері кіреді. Оның құрамында кальций, калий, натрий, магний, темір тұздары, лимон, фосфор, тұз және басқа қышқылдарының тұздары бар. Олар сүтте жеңіл сіңірілетін түрінде болады. Сүтте аздаған мөлшерде микроэлементтер: кобальт, мыс, мырыш, марганец, фтор, бром, йод, күшала, кремний, бор, ванадий және т.б. болады. Микроэлементтер қанды, лимфаны, ішек сұйықтығын, терді, жасты және т.б. қалпына келтіру үшін қажет. Олардың қатысуынсыз қалқанша безі, жыныс және т.б. маңызды ішкі секреция бездерінің жұмыс істеуі мүмкін емес болар еді. Микроэлементтердің тағамда жеткіліксіздігі денсаулықтың ауыр дерттеріне әкелуі мүмкін. Мысалы, мыстың гемоглобинді түзу үшін қажеттілігі, кобальттың В12 дәруменінің құрамына кіретіні, мырыштың көбею үрдістеріне қатысатыны, марганецтің тотығу-тотықсыздану үрдістері мен С, В мен D дәрумендерін түзуге қатысатыны анықталған. Ағзада литийдің жеткіліксіздігі ақыл-ес ауруларына әкеледі, фтор тіс жегісінен қорғайды. Ванадийдің жоқтығы өсуді тежейді. Тағамда йодтың жеткіліксіздігі қалқанша безінің ауыр дертін тудырады. Минералды тұздар ағзаның қышқылдық-сілтілік тепе-теңдігін сақтайды. Сүт құрамындағы минералды тұздардың мөлшері салыстырмалы тұрғыда тұрақты болады, себебі тағамда жеткіліксіз болған жағдайда, олар сүтке сүйек ұлпасынан ауысады. Қышқыл сүт өнімдерін пайдалану әртүрлі радионуклидтердің ағзадан шығаруын жеделдетені дәлелденген.
- Сүт және сүт өнімдері
Сүт – басқа ешқандай азық- түлік тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Олай болатын реті де бар. Өйткені организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 проценті сіңеді. Сондай- ақ сүт амин қышқылдарының, макро және микроэлементтерінің, витаминдерінің таптырмайтын көзі.
Сүт табиғаттың ең құнды өнімі. Адам организмі оның құрамындағы коректік заттарының 98-99 % - ін пайдаланады. Сүттің жрғары коректік қасиеттерін келесі деректерге қарап білуге болады; бір литр сүт құрамындағы белок мөлшері – 150 г. Сиыр еті, немесе тауықтың 5 жұмыртқасы, немесе 1 кг. нан құрамындағы белоққа тең.
Сүттің жарты литрі адамның амин қышқылдарында деген тәуліктік қажеттілігін қанағаттандырады, ал сүттің бір литрі адамның май, кальций, фосфор, рибофлавинге қажеттілігін толық, белоққа қажеттілігін жартылай, ал аскорбин қышқылы, ретинол, тиаминге қажеттілігінің1/3 бөлігін қамтамасыз етеді.
Сүт адамның жүрек қызметіне қолайлы әсер етеді. Сүт және сүт өнімдері маңызы жағынан халықты тағаммен қамтамасыз етуде екінші орын алады. Сондықтан сүтті сиыр шарушылығын дамыту, сүт өндіруді ұйымдастыру және оның сапасын жақсарту, шикізаттың алғашқы қасиеттерін сақтай отырып, әртүрлі сүт өнімдерін дайындау технологиясын игеру- малшылардың, әсіресе, мал мамандары- зоотехниктердің басты міндеті.
Сүттің тағы бір қасиеті – түрлі азық- түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Јйткені сүт организмге түсетін қоректік заттардың көлемін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге май, белок, көмірсу, минералды тұздар, тағы басқалармен бірлесе, үндесе отырып, осы коректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады.
Сүттің құрамындағы коректік заттарды тиімді пайдалану, белгілі бір уақыт аралығында оның құрамындағы белоктарды сақтап қалу, қосымша өнімдер шығару жолдары, өндірістің және сүт өнімнің өзгергіштік мөлшерінің жыл мезгілдеріне тәуелдік мәселелері бір бірімен байланысты.
Күніне ішілген жарты литр сүт адамның келесі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді:
30% ақуыз,
25% май,
75% кальций мен фосфор,
50% калий.
- Сүттің түрлері
Жаңа сауылған сүт. Жаңа сауылған сүттің құрамында бірнеше сағат бойы адам үшін өте пайдалы «тірі» антиденелері болады. Жаңа сауылған сүттің ерекше қасиеті болады: оның құрамында жеңіл қорытылуға сеп болатын көмірқышқыл газы, азот және оттегі болады. Бірақ! Кез келген биологиялық өнім сияқты сүтте бактериялар мен патогенді флора болады, сондықтан оны міндетті түрде қайнату қажет.
Майы алынбаған сүт. Майы алынбаған табиғи сүт, яғни ешбір құрамдасы алынбаған және үстемелер қосылмаған сүт және оның жеке құрамдастары, оның ішінде май, ақуыз, казеин, лактоза сүт өнеркәсібінің шикізаты болып табылады. Пайдалану мақсатына байланысты шикізат сүтті әртүрлі көрсеткіштер бойынша бағалайды. Егер сүтті азық-түлік өнімі ретінде пайдаланса, санитарлық-гигиеналық көрсеткіш басты бағалау көрсеткіші болады.
Қайнатылған сүт. Қайнату – сүтті өңдеудің ең көне әдісі. Қайнату көптеген микроағзаларды өлтіреді, бірақ алтын стафиллококк, ішек туберкулезін қоздырушылар сияқты кейбір термотөзгіш микроағзаларды жоймайды. Мысалы, бруцелланы өлтіру үшін сүтті 6 минуттан кем емес уақыт бойы қайнату керек. Онымен қоймай, қайнатқан кезде кальций мен ақуыз ыдырайды.
Пастерленген сүт. Пастерлеудің негізгі мақсаты — патогенді токсин түзуші микрофлораны жою. Нәтижесінде сүт және сүт өнімдері арқылы індетті аурулардың берілуіне шек қойылады және сақтаудың ұзақ мерзімі қамтамасыз етіледі. Пастерлеу үрдісіне сүттің 15–20 секунд бойы 72–°C дейін қыздырылуы және салқындатылуы кіреді. Дәрумендер жоғары температура әсеріне, әсіресе ауа оттегісіне қатыстырылмаған кезде төзімді келеді. Сондықтан пастерленген сүтте сүтке тән барлық минералдар мен дәрумендер тән. Пастерленген сүтті тоңазытқышта бірнеше аптаға дейін сақтауға болады. Пастерленген сүтті қайнатудың қажеті жоқ.
Ультрапастерленген сүт. Ультрапастерлеу немесе жоғары температуралы өңдеу (UHT), табиғи сүтті термоөңдеу үрдісі болып табылады. Денсаулық үшін қауіпті микроағзалар мен сүттің ашуына әкелетін бөгде микрофлора өте қысқа уақыт ішінде (4 с) 137-140°C дейін қыздырғанда жойылады. Өнімді техникалық үрдістің барлық сатыларында микроағзалардың енуінен қорғайтын стерильді және герметикалық жағдайларда сүт орамаларға құйылады, сол себепті ол бөлме температурасында 12 айға дейін сақталады. Ал сүтте мүмкіндігінше барлық дәрумендер мен минералдар сақталады. Орама бактериялардың сырттан енуінен және жарықтың ыдыратушы әсерінен қорғайды.
- Сүттің химиялық қасиеттері
Сүт – өте күрделі коллоидты жүйе. Сүттің құрамындағы су - сүттің құрамдас бөліктерінің еріген күйдегі жүйесі. Сүттің құрамы өте күрделі, құрамында 100-ден аса әр түрлі компоненттер бар. Сүттің құрамындағы судың мөлшері 83,9-89 %.
Сүт құрамында: су, әр түрлі ақуыздар, азотты емес заттар, сүт, бейорганикалық тұздар, микроэлементтер, органикалық экстративті заттар, иммунды денелер, газдар бар.
1.Минералды тұздар
ионды-дисперсті, молекулалық дисперсті
коллоидты жүйеде, сүт қанты молекулалы- дисперсті
жүйе түрінде кездеседі.
2.Коллоидты-дисперсті жүйеде ақуыздар, сүт майы(көбінесе эмульсия, немесе суспензия түрінде кездеседі)
Сүттің электрөткізгіштігі оның құрамындағы тұздың мөлшеріне, тұқымына, жасына және басқа себептерге байланысты. Жануардың ауруына байланысты электрөткізгіштігі жоғары болады. Егер сүттің құрамын сумен араластырса, сүттің электрөткізгіштігі төмендейді. Ал уыздың электрөткізгіштігі төмен болады.
Сүттің қайнау температурасы суға қарағанда жоғары.Сүттің қайнау температурасы - 100,20 С. Қату температурасы керісінше судан төмен - 0,550 С. Сүттің қатуы оның құрамындағы тұзға және жануардың тұқымына байланысты.
Сүттің құрамында қазіргі кездегі белгілі дәрумендердің барлығы кіреді. Олар суда еритіндер және майда ерімейтіндер болып жіктеледі.Сүттің химиялық құрамына пластикалық, минералды, энергетикалық, реттегіш заттар мен дәрумендер кіреді.
Сүттің пластикалық заттары. Сүт ақуыздары, ет және балық ақуыздарына қарағанда, әлдеқайда толыққанды және тезірек қорытылады. Ақуыз адам ағзасына жаңа жасушаларды түзу үшін қажет. Сүттің ақуыздары үш құрамдастан тұрады: шикі сүтте еріген күйінде болатын казеин, альбумин және глобулин.
Сүттің барлық ақуыздары толыққанды топқа жатады. Олардың құрамында 20 амин-қышқылдары бар. Олардың ішінде – адам ағзасында синтезделмейтін және сырттан тамақ арқылы келуі тиіс 8 ауыстырылмайтын амин-қышқылдары бар. Осы аминқышқылдарының ең болмағанда біреуінің болмауы азот айналымының бұзылуына әкеледі. Алмастырмайтын амин қышқылдарының ішінде үшеуі аса маңызды: Метионын-май айналымын реттеп, бауырды май басудан қорғайды. Лизин-қан түзулумен тығыз байланысты. Оның азық-түлік құрамында жеткіліксіздігі, қан түзілуінің бұзылуына, қанның қызыл түйіршіктері*-эритроциттер санының азаюына, гемоглобин мөлшерінің төмендеуіне әкеледі. Тағамда лизиннің жеткіліксіздігі кезінде азот айналымы бұзылып, бұлшық еттің әлсіреуі байқалады, сүйектің кальцификациясы бұзылып, бауыр мен өкпеде бірқатар өзгерістер туындайды.
- Сүттің кұрамы мен пайдасы
Сүт – барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 грамға жуық белок, 3,2 грамм эмуль-гацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәрумендері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл дәрумендер қыстағыдан едеуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт белогы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұ-рады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы ағзаға сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұз- дары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фетмент, әр түрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады.
Сүт – бағалы тағамдық өнім. Ана босанғаннан, мал төлдегеннен кейін алғашқы күндері сүт уыз түрінде шығады. Ана сүттінің уызы сәбиді әр түрлі аурулардан қорғайтын затқа (антиденелерге) бай. 7 – 10 күн өткен соң сүттің әдеттегі құрамы қалыптасады. Ана сүтінің құрамы сәбиге қажетті қоректік заттар, гормондар (әсіресе, қалқанша бездің гормоны), ферменттер, белоктар, көмірсулар мен витаминдерге бай болғандықтан сәбидің организмі оны жақсы сіңіреді. Сондай-ақ сүт құрамындағы минералды тұздардың (кальций мен фосфор) сәбидің қаңқа сүйегінің қалыптасуына әсері зор. Сондықтан баланың дұрыс дамып, өсуі үшін жас сәбиді ана Сүтімен емізудің маңызы өте зор.
Сиыр сүтінің құрамында су (87,5%), сүт қанты (4,7%), май (3,9%), белоктар (3,3%), мениралды заттар (0,7%), витаминдер мен ферменттер бар. Мал сүтінің құрамындағы белоктар: альбумин – жас организмнің өсуі;глобулин – иммунитеттің қалыптасуы үшін қажет. Сүт майы глицеридті қоспалардан тұрады. Салқындатылған сүтте май түйіршіктерінің диам. 0,1 – 20 мкм болатын суспензия, ал жаңа сауылған сүт пен ысытылған сүтте эмульсия түрінде болады. Осы түйіршіктер сүт біраз тұрғаннан кейін оның бетіне кілегей болып жиналады. Сүт лактозасы (дисахарид) – таза күйінде ақ түсті, кристал тәрізді ұнтақ. Оны айран, қымыз ашыту үшін және медицинада, бактериялогияда қоректік орта дайындау үшін қолданады. Сүттің минералдық құрамы: макроэлементтер (калций, фосфор, натрий, калий, күкірт, хлор, магний т.б.) мен микроэлементтерден (цинт, мыс, темір, күміс т.б.) тұрады. Сондай-ақ ферменттер, гармондар, иммунды денелер, газдар да кездеседі. Сүт құрамындағы вегетативті микробты (оның ішінде патогендік түрін) жою үшін пастерлеу әдісін қолданады.
- "Сүт және сүт өнімдерінің қауі
псіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламент
1. "Сүт және
сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар" техникалық
регламенті (бұдан әрі - техникалық
регламент) Қазақстан Республикасының" Ветеринария
туралы " 2002 жылғы 10 шілдедегі, "Техникалық
реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы
және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына
сәйкес әзірленді және сүт және сүт өнімдерінің
(бұдан әрі - сүт және сүт өнімдері) қауіпсіздігіне
қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.
Осы техникалық регламент Қазақстан Республикасының
аумағында айналымдағы сүт және сүт өнімдеріне
қолданылады, олар өнімдердің мынадай
түрлерін қамтиды:
1) сүт шикізаты және кілегей шикізаты;
2) ішетін сүт және ішетін кілегей;
3) сүт қышқылды өнімдер;
4) сүзбе және сүзбе енімдері;
5) қаймақ;
6) сиыр сүтінен жасалған май;
7) алып тасталды - ҚР
Үкіметінің 2010.11.15 N 1201 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап он екі
ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
8) майлы паста;
9) сары май-өсімдік спреді және ерітілген
сары май-өсімдік қоспасы;
10) ірімшік және ірімшік өнімдері;
11) сүтті қайта өңдеудің қайталама өнімдері.
2. Осы техникалық регламенттің
қолданысына түсетін сүт және сүт өнімдерінің
түрлері Кеден одағы сыртқы экономикалық
қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына
сәйкес осы техникалық регламентке қосымшада
келтірілген.
3. Осы техникалық регламенттің
талаптары, сүт және сүт өнімдерін әзірлеумен
(жасаумен), өндірумен (дайындаумен) қайта
өңдеумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын
барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне
қолданылады.
4. Осы техникалық
регламент балалар тағамдарына
арналған, емдік, алдын алу және
диеталық мақсаттағы үй жағдайында
дайындалған сүтке және сүт
өнімдеріне, сүтті және сүтті
құрайтын, құрамында сүт бар консервілерге,
жеке тұтынуға арналған сүт
және сүт өнімдеріне, сүтті және
сүтті құрайтын, құрамында сүт
бар консервілерге, сондай-ақ сүт
өнімдерін өндіруде (дайындауда) қолданылатын
тағамдық қоспаларға, бояғыштар
мен хош иістендіргіштерге қолданылмайды.
4-1. Сүт және сүт өнімдерінің
өмірлік циклы процесінде туындайтын,
адамның, қоршаған ортаның қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін азайтылатын қауіпті
факторларға (қатерлерге): улы элементтердің,
микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклидтердің,
жануарлардың өсуін тездеткіштердің,
гормонды препараттар мен дәрілік заттардың
құрамы, сүт және басқа шикізаттың, технологиялық
құралдардың, азықтық қоспалардың, дайын
өнімдердің механикалық, микробиологиялық
ластануы жатады.
4-2. Ықтимал қатерлер өнімнің
өмірлік циклының мынадай сатылары (процестері)
кезінде туындайды:
1) сүт өнімдерін әзірлеу (жасау);
2) өндіріске дайындауда, қоймаларда, өндірісітік
үй-жайларда болғанда, машиналармен, жабдықтармен,
материалдармен жұмыста;
3) сүт шикізаты мен сүтке жатпайтын шикізаты,
оның ішінде сүт және сүт өнімдерінің
өндірісіне арналған азықтық қоспалар
мен ингредиенттерді қабылдау және дайындау;
4) сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау);
5) сақтау, тасымалдау, сату;
6) кәдеге жарату, жою.
4-3. Сүт және сүт
өнімдерін сәйкестендіру
1) сүт және сүт өнімдерін осы техникалық
регламенттің қолданылу саласына жатқызу;
2) сүт және сүт өнімдерінің, оның ішінде
олардың атаулары мен сәйкестендіру көрсеткіштерінің
осы техникалық регламент талаптарына
сәйкестігін анықтау;
3) сүт және сүт өнімдерінің тұтынушыларға
арналған ақпаратта, дайындаушы немесе
сатушы ұсынған сәйкестік туралы декларацияда
немесе сәйкестік сертификатында қамтылған
мәліметтерге сәйкестігін анықтау;
4-4. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру
осы техникалық регламент талаптарына
сүт және сүт өнімдерінің сәйкестігін
бағалау және растау кезінде, сондай-ақ,
егер ақпаратта сүт және сүт өнімдері
туралы толық емес сипаттама болған жағдайда
жүргізіледі.
4-5. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіруді:
1) сәйкестікті растау жөніндегі органдар
және сәйкестікті растау рәсімін жүргізу
кезінде сынақ зертханалары (орталықтары);
2) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында
бақылауды жүзеге асыру кезінде тамақ
өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы
уәкілетті органдар жүргізеді.
4-6. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру
стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда,
сүт және (немесе) сүт өнімдеріне арналған
ілеспе құжаттарда, сүт және (немесе) сүт
өнімдеріне арналған жеткізу шарттарында,
келісім-шарттарда, өзіндік ерекшеліктерде,
тұтыну орамының затбелгілеріндегі ақпартта
және сүт және (немесе) сүт өнімдерінің
сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттарда
келтірілген белгілерді ескере отырып
жүргізіледі.
4-7. Сүт және сүт өнімдерінің жасандылығын
анықтау мақсатында мынадай сәйкестендіру
көрсеткіштері және басқа да көрсеткіштер
бойынша сынақтар (зерттеулер) жүргізіледі:
1) дайын сүт өнімінде, сүт құрамды өнімдерде
немесе құрамында сүт бар өнімдерде сүттің
құрғақ заттарының (құрғақ сүт қалдығының)
құрамы, олардың дайын өнімдегі пайызбен
массалық үлесі (құрамында сары майы бар
сүт өнімін қоспағанда);
2) сүтке жатпайтын майлардың құрамы және
болуы, олардың сүттегі және сүт өнімдеріндегі
пайызбен массалық үлесі;
3) сүт және сүт өнімдерінің май фазасындағы
май қышқылы құрамы (майдың массалық үлесі
кемінде 1,5 пайызды құрайтын сүт өнімдерін
және майдың массалық үлесі кемінде 8 пайызды
құрайтын балмұздақты қоспағанда);
4) - 5) алып тасталды - ҚР
Үкіметінің 2010.11.15 N 1201 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап он екі
ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
Ескерту. 4-7-тармаққа
өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 N 1201 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап он екі
ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4-8. Сүт және сүт өнімдеріне жүргізілген
сәйкестендіру жүргізу нәтижелері сәйкестендіру
жүргізу хаттамасы түрінде талданады
және рәсімделеді, оның мазмұны мыналарды:
1) сүт және (немесе) сүт өнімдеріне сәйкестендіру
жүргізген ұйым туралы мәліметтерді;
2) заңды тұлғаның тұрғылықты жері (мекен-жайы)
және деректемелері, дара кәсіпкер жеке
тұлғаның мекен-жайы, тегі, аты, әкесінің
аты көрсетілген сүт және (немесе) сүт
өнімдерін дайындаушы туралы ақпаратты;
3) сәйкестендірілетін өнімдердің атауын,
олардың жіктеу белгілерінің атауын;
4) оларға сәйкестендіру жүргізу кезінде
пайдаланылған сүт немесе сүт өнімдері
туралы мәліметтерді;
5) сүт немесе сүт өнімдерінің шығарылған
күні, жарамдылық мерзімі, оларды сақтау
шарттары, нақты таңбалауды, арнайы таңбалауды
көрсету (арнайы таңбалау болған кезде);
6) сүт және (немесе) сүт өнімдерін аккредиттелген
сынақ зертханаларында (орталықта) (өткізу
керек болса) сынаудың (зерттеудің), оның
ішінде органолептикалық көрсеткіштерін
сынаудың (зерттеудің) нәтижелерін;
7) орам туралы, оның ішінде орам түрі туралы,
сүт және сүт өнімдерін тұтыну орамындағы
немесе тасымалдау ыдысындағы таза салмағы
немесе көлемі туралы мәліметтерді;
8) осы өнім партиясының мөлшерін;
9) таңбалаудың Қазақстан Республикасының
техникалық реттеу саласындағы заңнамасында
белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы
мәліметтерді;
10) соған сәйкес осы өнім өндірілген стандарттау
жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің,
нормативтік құжаттардың (олар болған
кезде) немесе осы өнімнің, оның ішінде
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген
өнімнің сипаттамасын қамтитын басқа
да құжаттың (жеткізу келісім-шарты, сәйкестік
сертификаты немесе сәйкестік декларациясы,
қауіпсіздікті растайтын құжат, осы өнімге
өзіндік ерекшелік) атауын;
11) қосымша сынақтар (зерттеулер) (талап
етілген жағдайда) жүргізу туралы қорытындыны,
оның қажеттілігін тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар
белгілейді;
12) осы өнімнің өтінім берілген атауға
және (немесе) осы өнімнің нақты партиясына
және оның декларияланатын көрсеткіштеріне
сәйкестігі туралы қорытындыны қамтиды.
4-9. Сүт және сүт өнімдері Қазақстан
Республикасының техникалық реттеу саласындағы
заңнамасында белгіленген талаптарға
сәйкес келмеген жағдайда өндірістен
және (немесе) айналымнан шығарылуы тиіс.
4-10. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
саласындағы уәкілетті органдар Қазақстан
Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға
сәйкессіздік анықталған жағдайда жалған
сүт және сүт өнімдерін өндіру және (немесе)
өткізуді тоқтату бойынша шаралар қабылдайды
және бұл жөнінде тұтынушыларды хабардар
етеді.
- Сүтті және сүт өнімдерін сату кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Сүт және сүт өнімдерін өткізу, олардың нормативтік құжаттамаларына сәйкес тамақ өнімдерін қабылдау, бақылау, сәйкестендіру және сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ішкі сауда объектілерінде санитарлық-гигиеналық нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырылады.
Сүтті және сүт өнімдерін
өткізу үшін негізгі шарттар мыналар болып
табылады:
1) ілеспе құжаттардың болуы;
2) сүт және сүт өнімдері, оны қолдану
және сақтау шарттары туралы ақпараттың
болуы;
3) сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігін
растайтын құжаттың (санитарлық-эпидемиологиялық
қорытындының, ветеринариялық-санитарлық
қорытындының, ветеринариялық сертификаттың,
ветеринариялық анықтаманың, сәйкестік
сертификатының) болуы.
Сүт және сүт өнімдерін өткізу сүт және сүт өнімдерінің нақты түрлерін сақтау шарттары сақталған кезде нормативтік құжаттармен белгіленген жарамдылық мерзімі шегінде жүзеге асырылады.
Сүт және сүт өнімдері
тұтынушылық немесе топтық орамда (ыдыста),
немесе оларсыз: құйылып немесе таразыға
тартылып өткізіледі.
Сүт және сүт өнімдерін бүлінген және
(немесе) тығыз жабылмаған орамда (ыдыста)
өткізуге жол берілмейді.
Сүт және сүт өнімдерін құйылмалы немесе
таразылап өткізу кезінде кесуге және
таразылауға арналған арнайы жабдық, сондай-ақ
таңбаланған сауда мүкәммалы (төсеніштер,
қысқыштар, қалақшалар және т.б.) пайдаланылуы
тиіс.
Буып-түйілмеген сүт өнімдерін тікелей
таразыларда орама материалдарсыз тартуға
жол берілмейді.
Сүт және сүт өнімдерін
өткізуге белгіленген тәртіппен міндетті
түрде медициналық тексеруден өткен адамдар
жіберіледі.
Сүт және сүт өнімдерін өткізуді жүзеге
асыратын адамдардың арнайы киімі болуы
тиіс.
- Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған сүт-шикізаты және кілегей шикізаты, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жеке тапсырушылардан немесе жұқпалы аурулар бойынша салауатты шаруашылық жүргізуші субъектілерде ұсталатын дені сау жануарлардан алынады.
Жануарларды ұстау, азықтандыру және сауу, жануарлардың жай-күйін бақылау шарттары, шикі сүтті өндірудің технологиялық процестері, шикі сүтті жинауды, суытуды, сақтауды және тасымалдауды қоса алғанда, ветеринарлық-санитарлық және санитарлық- эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың белгіленген талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сүт-шикізат сауылғаннан кейін 2 сағат ішінде кешіктірілмей шаруашылық жүргізуші субъектілерінде сүзілуі (тазалануы) және (4 + 2) оС темпертурасына дейін суытуға қамтылуы тиіс.
Сүт-шикізатын өндірушіде (дайындаушыда) қайта өңдеу жеріне тасымалдауға арналған уақытты ескере отырып, 24 сағаттан аспайтын (4 + 2) оС температурада сақтауға жол беріледі.
Сүт-шикізатын қайта
өңдеу орнына тасымалдау уақытында және
тіпті оны қайта өңдеу басталғанға дейін
оның температурасы
8 оС-дан аспауға
тиіс.
Қайта өңдеу үшін келіп түскен сүт-шикізатты қайта өңдеуші кәсіпорнында сақтауда тұрған сүтпен араластыруға жол берілмейді.
Сүт-шикізатты өндірушіде (дайындаушыда) бұрын сақтауда тұрған сүттен басқа:
1) 4 оС температурасына дейін суытылған - 6 сағаттан аспайтын;
2) 6 оС температурасына
дейін суытылған - 4 сағаттан аспайтын
сүт-шикізатты қайта өңдеушіде сақтауға
(резервтеуге) жол беріледі.
Қабылдау кезінде температурасы бойынша
белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін
сүт-шикізат дереу қайта өңделуі тиіс.
Бұзаулағаннан (төл
алудан) кейінгі алғашқы жеті күнде және
суалту алдындағы соңғы бес күнде сиырлардан
алынған, сондай-ақ нормативтік құжаттарда
анықталған титрленетін қышқылының жоғары
болуынан, термикалық өңдеуге жатпайтын
сүт-шикізаты сүт өнімдеріне және сүті
бар өнімдерге қайта өңдеу үшін қабылдауға
жатпайды.
Ветеринарлық анықтамасы жоқ сүт-шикізат
қабылданбауы тиіс.
Сүт-шикізатты, оның ішінде қайта өңдеу басталғанға дейінгі термикалық өңделген сүт-шикізатты сақтау (резервтеу) оған арналған жекелеген таңбаланған ыдыстарда жүзеге асырылады.
Жұқпалы аурулар бойынша
қолайсыз шаруашылық субъектілері үшін,
сау жануарлардан алынған сүт-шикізатының
өнеркәсіптік қайта өңдеуге жарамдылығы
ветеринарлық анықтамамен және пероксидазасы
жоқ деген сипаттағы термикалық қайта
өңдеудің тиімділігін зертханалық зерттеумен
расталады.
Жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылық
субъектілері үшін сүт-шикізатпен ілесе
жүретін ілеспе құжаттарда өңдеу температурасы
мен уақыты көрсетіле отырып, жүргізілген
термикалық өңдеу туралы белгі қойылуы
міндетті.
Сүт шикізатында және
кілегей шикізатында уытты элементтердің,
микотоксиндердің, антибиотиктердің,
ингибирлейтін заттардың, пестицидтердің,
радионуклидтердің, сондай-ақ микроорганизмдер
мен соматикалық жасушалардың болу деңгейі
ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық
нормалар мен ережелерде белгіленген,
рұқсат етілген шекті деңгейден (нормадан)
аспауға тиіс.
Сүт шикізатында және кілегей шикізатында
жуу, дезинфекциялау, бейтараптандыру
құралдарының қалдықтары болуына жол
берілмейді.
Өндірісте пайдаланылатын сүт шикізаты, кілегей шикізаты, сүтке жатпайтын компоненттер, тағамдық қоспалар, технологиялық заттар кіріс биқылауға ұшырайды. Оларды сақтау және сүт пен сүт өнімдерін өндіруге дайындау қайта өңдеу өнімдерінің адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне ластануды болдырмайтын шарттармен жүзеге асырылады. Технологиялық мақсатта пайдаланылатын су ауыз су қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Ұйытқылар және (немесе) пробиотикалық дақылдардың қауіпсіздігін оларды өндірушілер (дайындаушылар), ал олардан дайындалған өндірістік ұйытқылар - үй-жайларға (олардың өндірістік тізбекте орналасуына, құрамына және жай-күйіне) және жабдыққа (көрінісі мен жай-күйіне) қойылатын техникалық талаптар, сондай-ақ ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар (өндірістің технологиялық режимі мен өндірістік бақылау бағдарламасы) кешенін және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Орамалары (ыдыстары)
ашылған және (немесе) бүлінген және
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен
ұйытқыларды сақтауға және (немесе)
пайдалануға тыйым салынады.
Сүт және сүт өнімдерін өндіруде пайдаланылатын
өндірістік ұйытқыларды дайындауға арналған
ұйытқылардың және (немесе) пробиотикалық
дақылдардың әрбір партиясы белгіленген
нысандағы құжаттармен ілесе жүруі тиіс.
Ұйытқылардан және (немесе) пробиотикалық дақылдардан өндірістік ұйытқыларды және жандандырылған бакконцентраттарды дайындау мен шығару кезіндегі ұйытқылардың және (немесе) пробиотикалық дақылдардың сапасын бақылауды өндірістік циклдің барлық кезеңдерінде арнайы дайындалған және кезеңділігімен аттестатталған персонал жүзеге асырады.
Ұйытқыларды және (немесе) пробиотикалық дақылдарды дайындау процесі (құрғақ азықтық ортаны немесе құрғақ сүтті қалпына келтіруді, пастерлеуді және (немесе) залалсыздандыруды, суытуды, ашытуды, топырақ баптауды және ұйтқыны суытуды қоса алғанда) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізіледі.
- Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Технологиялық үй-жайларда өндіру (дайындау) процесінде бекітілген санитарлық және гигиеналық нормативтерге сәйкес жарықтың, микроклиматтың, шудың, дірілдің және жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттар құрамының қажетті деңгейі қамтамасыз етілуі тиіс.
Технологиялық
үй-жайларда сүт және сүт өнімдерінің
ластануын болдырмау үшін темекі
өнімдерін, сағыз резеңкелерін тұтынуға
және тамақ өнімдерін қабылдауға
медициналық аптечкалар мен жеке
заттарды сақтауға, персоналдың
әсемдік заттар мен бижутерияларды
тағып жүруіне рұқсат етілмейді.
Медициналық аптечкалар технологиялық
үй-жайлар мен учаскелердің тамбурларында
немесе тұрмыстық үй-жайларда орналастырылуы
мүмкін.
Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау)
процесінде персоналдың жеке гигиена
ережелерін орындауын, әсіресе жұмыс алдында,
жұмыстағы үзілістерден және дәретхананы
пайдаланғаннан кейін қол жууға қатысты
қатаң бақылауды жүзеге асырады.
Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау)
жөніндегі технологиялық үй-жайларда
кемірушілер мен жәндіктердің (оның ішінде
шыбындардың, тарақандардың) болуына жол
берілмейді.
Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау)
объектісінің аумағына құстар мен жануарлардың
болуына жол берілмейді.

- Сүт консервілерін өңдіру
- Сүт қышқылды өнімдердің маңызы мен жіктелуі
- Сүт қышқылының ашуы
- Сүт қышқылының ашуы
- Сүт тағамдары
- Сүттен жасалған сусындар
- Сүттің құрамы және қасиеттері
- Суэцкий канал: характеристика, назначение, история создания, обслуживаемые грузопотоки
- Сүзбе мен сүзбе өнімдерінің технологиясы
- Сүйемін туған тілім – анам тілім
- Сүйкімі дүниенің сұлулықта
- Сүймөнкул Чокморов 1939-жылы 9-ноябрда
- Сүт және сүт өнімдері
- Сүт және сүт өнімдері