Стандартты мультимедиялық құралдары
АҚ «Астана Медицина Университеті» Информатика және математика кафедрасы медбиофизика курсымен
Тақырыбы: «Стандартты мультимедиялық құралдары»
Орындаған:
Тексерген:
Топ:
Астана 2011жыл
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
1.Компьютерді жүйелеу
2.ДК туралы түсінік.ДК-дің құрылымы
3.ДК-дің негізгі құрлығылары.
а)Жүйелік блок.
ә)Монитор.
б)Пернетақта. Пернетақта құрылысы.
ІІІ.ДК-дің қосымша құрлығылары.
ІV.Қорытынды.
V.Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
21-ші ғасырда адамзат дамуының жаңа сатысы-ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады.Сондықтан да, таза қазақ тілінде сөйлеуге тиісті салалардың бірі- компьютерлік техника.
Қазіргі уақытта адам іс-әрекетінің барлық салаларына компьютерлік технология кеңінен қолданылады және оның маңыздылығы барған сайын артып келеді. Ғылыми-техникалық прогресс әр түрлі есептеу машиналарын құруға себепші болды. Олар өздерінің арналуы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дерге, мини-ЭЕМ-дерге, микро-ЭЕМ-дерге және дербес компьютерлерге (ДК) бөлінеді.
Үлкен ЭЕМ-дер –
бұл өте қуатты компьютерлер (суперкомпьютерлер),
олар ірі мекемелерге,
Микро ЭЕМ-дердің
өнімділігі үлкен ЭЕМ-дерге
Компьютерді жүйелеу
Мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғылардың жиынтығын есептеу техникасы деп атайды. Өзара тығыз қарым-қатынаста болатын құрылғылар мен программалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған программа бойынша адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғылар жасау болды. Алғашқы программалық басқарылатын есептеу машинасын құрастыру идеясын 1821 жылы ағылшын математигі Чарльз Беббидж өзінің аналитикалық машинасында ұсынған болатын. Беббидждің аналитикалық машинасы – ақпаратты өңдеп қана қоймай, оны жадында сақтап, адамның тікелей араласуынсыз алдын-ала жазылған программамен жұмыс істейтін алғашқы әмбебап құрылғы болатын. Бұл машинада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандармен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген программа бойынша есептеу барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды. Басқару программасы перфокарта деп аталған қатырма қағаздардағы тесіктердің көмегімен кодталды. Бэббидждің идеясы өз уақытынан озық еді. Оның машинасы өте күрделі құрылғы болғандықтан, ол кездегі техникалық мүмкіндік мұны жүзеге асыра алмады. Беббидждің машинасы 1860 жылдары ғана құрастырылып іске қосылған болатын. Осы машинаға қажетті программаны 1846 жылы ағылшынның әйгілі ақыны Джордж Байронның қызы Ада Лавлейс жазды. Сондықтан Ада Лавлейсті алғашқы программалаушы десе де болады.
Өткен ғасырдың 70-жылдары мини-ЭЕМ-дер жедел дами бастады. Бұл компьютерлер үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда көлемі шағын және бағасы арзан болатын. 1971 жылы американдық Intel фирмасы өзінің микропроцессорды ойлап тапқанын мәлімдеді.
Микропроцессор - бір пластинада миллиондаған электронды схемаларды өзара байланыстыратын үлкен интегралды схемалардан жасалды. Микропроцессор компьютерлердің жылдамдығын секундына бірнеше миллиард операцияға дейін арттырды. Есептеу жүйесінің негізгі құрылғысы- компьютер болып табылады.
Компьютер қолданылуына қарай мыныдай топтарға бөлінеді: үлкен ЭЕМ, мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес компьютерлер.
Микропроцессорды енгізу-
Қазіргі ЭЕМ-дердің ең көп таралған түрі - дербес компьютерлер болып есептеледі. Алғашқы дербес компьютер 1976 жылы пайда болды. Apple-1 деп аталған бұл компьютерді американдық Стив Джобс пен Стив Возняк ойлап тапты.
Қазіргі ЭЕМ-дердің ең көп таралған түрі - дербес компьютерлер болып есептеледі. Алғашқы дербес компьютер 1976 жылы пайда болды. Apple-1 деп аталған бұл компьютерді американдық Стив Джобс пен Стив Возняк ойлап тапты.
1999 жылдан бастап
дербес компьютерлер үшін
- Бұқаралық дербес компьютерлер
- Іс дербес компьютерлері
- Ықшам компьютерлер
- Жұмыс бекеті
-Ойын дербес компьютері
Қазіргі қолданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің құрамында байланыс құралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бетіне жататың компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік , ықшам, қалталық деп бөлуге болады.
Үйлесімдігі бойынша жүйелеу.
Әлемде компьютерлердің көптеген түрлері мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі бөлшектерден жиналған, әр түрлі рпограммалармен жұмыс істейді. Мұндай жағдайда компьютердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып келеді.сан алуан компьютерлерге арналған құралдарың өзара ауыспалылығы , программалардың бір компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттілігі, әр типтес компьютерлердің ортақ мәліметтермен бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктері олардың үйлесімділігіне тікелей байланысты.
Ақпараттық үйлесімділік.Ақпараттық үйлесімділігі бойынша компьютерлер ақпараттық плптформаларға бөлінеді. Дербес компьютерлер саласында кең тараған екі негізгі ақпараттық платформа бар: ІВМ РС және Apple macitosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региондар мен салаларда ғана қолданылатын ақпараттық платформалар да бар. Компьютерлердің бір ақпраттық платформаға жатуы олардың үйлесімділігін күшейтеді.
Ақпараттық үйлесімдіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі үйлесімділік, программалық үйлесімдік, мәліметтер деңгейіндегі үйлесімдіктер де бар.
ДК туралы түсінік.ДК-дің құрылымы.
Дербес компьютер - бұл электрондық аспаппен орындалатын, программалармен басқару арқылы информацияны автоматты түрде түрлендіруге арналған құрылғы. Компьютердің синонимі – есептеуіш машина, электрондық есептеу машинасының бұйымы. Дербес компьютер әмбебап техникалық жүйе. Оның конфигурациясын (жабдықтың құрамын) қажеттілікке қарай икемделікпен өзгертуге болады. Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьтерді бір ғана адам басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай алады. Дербес компьютерлер тұрмыстық, оқу жүйесіне арналған және кәсіби деп аталатын үш түрге бөлінеді.
1.Тұрмыстық компьютерлер –компьютерлердің қарапайым түрлері.Олардың жадтарының сиымдылығы үлкен емес, орындайтын іс-әрекеттері де шамалы болып келеді.
2.80-жылдардың бас кезінен бастап 90-жылдардың бас кезіне дейін оқу орындарында информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін оқып-үйрену үшін жад көлемі 64, 128 Кбайт шамасындағы Корвет,УКНЦ, Ямаха МSX-2, т.б. оқулық компьютерлер пайдаланылып келді.
3. Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануға болатын, қазіргі кездегі оқу орындары толық қамтамасыз етілген, жұмыс істеу мүмкінділігі жоғары және әрекет жылдамдылығы үлкен дербес компьютерлер әмбебап не кәсіби дербес компьютерлер деп аталады. Мұндай машиналарды және олардың негізгі құрылғысы –процессорларды шығарумен алғашқы рет дүние жүзінде Apple, Intel, ІВМ, т.б. фирмалар айналысқан болатын. Қазіргі кезде ПЕНТИУМ сияқты жаңа жетілдірілген нұсқаулары пайдаланылуда. Пентиум сияқты кәсіби компьютерлер күрделі әр түрлі математикалық, физикалық есептерді шешіп қана қоймай, логикалық операцияларды да орындай алады.Мысалы, автоматты түрде технологиялық процестерді басқарады, шахмат ойнайды, күрделі жоспарлауда , медицинада, биологияда, ауа райын болжауда, мекеменің айлық ақпартізімін жасауда, кітапхана жұмысын ұйымдастыруда және т.б. салаларда ойдағыдай пайдаланылып келеді.
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары.
Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтары қажетіне қарай өзгеріп отырады. Оның құрамына кіретін құрлығылары компьютердің конфигурациясы деп аталады. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары классикалық Нейман архитектурасына негізделген. Дербес компьютердің негізгі құрылғыларына:
-жүйелік блок
-пернетақта
-монитор жатады.
а) Жүйелік блок. Жүйелік блок – ақпаратты өңдеуге, сақтауға және
тасымалдауға арналған компьютердің маңызды бөлігі.
Жүйелік блок ішінде компьютердің ең маңызды компоненттері орналасқан негізгі торапты білдіреді. Бұл топтардың ішінде орналасқан маңызды компаненттер:
-компьютерлердің жұмысын басқаратын электрондық схема (микропроцессор, оперативті есте сақтау, құрылғылардың бақылаушысы және т.б.);
-Компьютердің электрондық схемасына берілетін кернеуі аз тұрақты токтағы электрмен қоектендіетін желілерді қалыптастыратын қоректену блогы;
-икемді магниттік дискіге (
-алынбайтын қатқыл магниттік
дискіге жазылуда және оқуға
арналған қатқыл магритік
Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.
Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғы ішкі құрылғы, ал оған сырттан қосылатын құрылғы сыртқы құрылғы деп аталады.
Деректерді енгізетін және шығаратын , ұзақ уақытқа сақтайтын сырттқы қосымша құрылғы, сонымен қатар , шалғай (периферийное) құрылғы деп атайды.
Жүйелік блоктың ішінде орналасатын барлық құрылғыларды ішкі құрылғылар деп атайды. Ішкі құрылғыларға аналық плата, процессор, оперативті жад, қатқыл диск, видеоадаптер, дыбыстық адаптер, желілік карта, компакт дискілерді оқитын CD-ROM немесе DVD-ROM құрылғысы, 3,5-дюймдік дискетаны оқитын дискжетек (floppy) және процессорды сыртқы құрылғылармен байланыстыратын әр түрлі коммуникациялық порттар жатады.
Аналық плата – дербес компьютердің ең маңызды құрылғыларының бірі. Аналық платада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна – басқаша айтқанда «шина» орналасады. Шина сонымен қатар компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын бір-бірімен байланыстырып тұрады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады.
Чипсет – процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғыларменбайланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы.
Бұрынғы компьютерлердің аналық тақшасында 200-ге жуық микросхемалар орналасатын. Қазіргі компьютерлерде екі негізгі чипсет микросхемасы орналасады:
· жад контроллері немесе Солтүстік көпір (North Bridge), процессордың жадпен және бейненің қосалқы жүйесімен жұмысын қамтамасыз етеді
· енгізу-шығару контроллері немесе Оңтүстік көпір (South Bridge), сыртқы құрылғылармен жұмысты қамтамасыз етеді.
Солтүстік және оңтүстік көпірлер екеуі екі микросхемада орналасады. Аналық тақшаның техникалық мүмкіндігі осы екі көпірге байланысты болады. Екі көпірдің техникалық сипаттамаларына қарап аналық тақшаға қандай құрылғыларды қосып-қоспауға болатындығын шешуге болады.
Процессор, дәлірек айтсақ микропроцессор – дербес компьютердің басты микросхемасы. Компьютердегі барлық программалардың командаларын осы микропроцессор орындайды. Микропроцессорды компьютердің «миы» десе де болады. Микропроцессор аналық платаның орта тұсында орналасады. Жұмыс кезінде қатты қызатындықтан оны салқындату үшін бетіне кішкене желдеткіш орналастырылады. Қазіргі кездегі процессорларда кремнийдің өте кішкене кристалында ойып жасалған миллиондаған транзисторлар бар. Оның өлшемі қолдың үлкен саусағының тырнағындай-ақ.Процессордың негізгі сипаттамасы – оның тактілік жиілігі. Тактілік жиілік мегагерцпен және гигагерцпен өлшенеді. 1 мегагерц - процессор секундына 1 миллион операция орындайды деген сөз. Микропроцессордағы транзисторлардың саны неғұрлым көп болған сайын оның тактілік жиілігі, сәйкесінше оның жылдамдығы да соғұрлым жоғары болады. Мысалға, қазіргі ең танымал процессорлардың бірі Pentium 4 процессорында 42 миллион транзистор орналасады.
Сипаттамасы |
Pentium II |
Pentium III |
Pentium 4 |
Транзисторлардың саны |
7.5 млн. |
9.5 млн. |
42 млн. |
Тактілік жиілігі |
0.45 ГГц |
1 ГГц |
1.4 ГГц және одан жоғары |
Оперативті жад (ОЖҚ) – процессор жұмыс істеп тұрған кезде пайдаланылатын барлық бағдарламалар мен деректерді cақтауға арналған негізгі жад. Оперативті жадты осы бағдарламалар мен деректерді сақтау үшін қолданылатын ұяшықтардың жиынтығы десе де болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде процессор өзіне қажетті деректерді осы ұяшықтардан алып отырады. Оперативті жадта деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен қоректендіріп отыру керек. Компьютерді ажыратқанда – оперативті жадтағының бәрі өшеді, ал компьютерді қосқанда – барлық бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі үшін оперативті жадқа қайта жүктейді.Қазіргі операциялық жүйелер бірнеше бағдарламаларды қатар орындауға мүмкіндік береді және әрбір бағдарлама (немесе деректер файлы) жадтың өзіне бөлініп, арнайы бөлігіне жүктеледі. Оперативті жадтың көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым көп бағдарламаны қатар орындауға болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде қолданылатын барлық деректер мен командаларды оперативті жадты қолданбай-ақ неге қатқыл дискінің өзінде сақтамасқа деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл мүмкін емес, өйткені процессор қатқыл дискінің жадымен салыстырғанда оперативті жадтың ұяшықтарымен мыңдаған есе жылдам байланысады.
Компьютердегі
бағдарламалар мен деректерді
ұзақ уақытқа сақтау үшін қатқы
Компьютерді өшіргенде қатқыл дискідегі ақпарат ешқайда жоғалмайды. Қатқыл диск бір емес, сырты магнитпен қоршалған айналмалы бірнеше дискілерден тұрады. Қатқыл дискінің басты параметрі ретінде оның ақпарат сыйымдылығын айтуға болады. Қатқыл дискідегі ақпарат гигабайтпен (1 гигабайт = 1024 мегабайт) өлшенеді. Қазіргі қатқыл дисклерде 80-160 гигабайтқа дейін ақпарат сыйғызуға болады. Қатқыл дискіге «винчестер» деген атау әуелі қалжың ретінде берілген болатын, өйткені бұл құрылғының кейбір техникалық сипаттамалары шынында да осы бір американдықтардың сүйікті мылтығына ұқсас келетін. Кейін бұл атау үйреншікті болып кеткендіктен, винчестер деп тек қана мылтықты емес қатқыл дискіні де атайтын болды. Қатқыл дискінің «қатқыл» деген атауына қарамастан, бұл құрылғы аса күтімді қажет етеді. Қатқыл дискіні қатты соққылардан, вибрациядан, магниттік өрістерден және суық пен ыстықтан қорғау қажет. Қатқыл дискіні басқа жерге тасымалдағанда аса ұқыпты, абай болу қажет.
Видеоадаптер (графикалық карта, видеокарта) – процессордан немесе оперативті жадтан мониторға келіп түсетін ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын ішкі құрылғы. Аналық тақша қосқыштарының біріне орнатылады. Алғашқы дербес компьютерлерде видеоадаптерлер болған жоқ. Оның орнына оперативті жадта видеодеректерді сақтау үшін кішкене ғана аймақ бөлінетін. Қазіргі видеоадаптерлердің өз есептегіш процессорлары (видеопроцессор) болады. Аналық тақшаның кейбір модельдерінде видеоадаптердің қызметін чипсеттің арнайы микросхемалары атқарады. Бұндай видеоадаптерлерді аналық тақшамен біріктірілген дейді. Ал егер видеодаптер бөлек құрылғы ретінде орналасса, оны видеокарта дейді. Видеокартаның қосқышы жүйелік блоктың артқы тақтасына шығып тұрады. Осы қосқышқа монитор жалғанады.
Дыбыстық адаптер (дыбыстық карта, музыкалық тақша деп те аталады.) Дыбыстық адаптер компьютерде дыбыспен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Алғашқы пайда болған IBM PC дербес компьютерлері дыбыстық құралдармен жабдықталған жоқ. Дербес компьютерлер алғаш пайда болғаннан кейін он жылға жуық офистік техника ретінде қолданылып, дыбыстық құрылғылардың онша керегі де болған жоқ. Ол кезде компьютерде дыбыс шығаратын жалғыз құрылғы - компьютерде ақау туралы хабар беретін динамик болатын. Қазіргі кезде дыбыстық құралдар стандартты болып есептеледі. Ол үшін аналық тақшада дыбыстық адаптер орнатылады. Дыбыстық адаптердің аналық тақшаға жеке құрылғы ретінде қосылатын түрлері болады, оларды дыбыстық карта деп атайды. Дыбыстық картаның қосқыштары жүйелік блоктың артқы жағында орналасады. Дыбысты есту үшін осы қосқыштарға дыбыс колонкаларын немесе құлаққаптарды жалғау керек. Осы қосқыштардың біріне дыбысты жазу үшін қолданылатын микрофонды жалғауға да болады.
Желілік карта (немесе жергілікті желіні байланыстыру картасы, желілік адаптер) - бір ғимаратта немесе бөлмеде орналасқан компьютерлерді өзара байланыстыру үшін қолданылады.
Желілік картаның негізгі параметрі
– оның ақпаратты жеткізу жылдамдығы
– мегабайт/секундпен өлшенеді.
Компакт-дискідегі мәліметтерді оқу үшін CD-ROM дискжетегі қолданылады. CD-ROM дискжетегінің негізгі параметрі – оқу жылдамдығы. Оқу жылдамдығының өлшем бірлігі ретінде 80-жылдары музыкалық компакт дискілердің (аудиодискілер) оқу жылдамдығы ретінде белгіленген өлшем бірліктер қолданылады. Қазіргі заманғы CD-ROM дискжетектерінің оқу жылдамдығы 40х – 52х. Компакт-дискілердің CD-R (Compact Disk Recordable) және CD-RW (Compact Disk ReWritable) деген түрлері болады. CD-R дискілерге ақпаратты бір рет, ал CD-RW дискілерге бірнеше рет жазуға болады.
Коммуникациялық порттар. Жүйелік блокты принтер, сканер, тышқан, пернетақта секілді сыртқы құрылғылармен байланыстыру үшін осындай порттар қолданылады. Порт дегеніміз – жай ғана сыртқы құрылғыны қосатын шұңғыл тесік емес, олардың кейбіреулерінде шағын микросхемалар орналасып, программалық басқарылады.
Порт түрлері
· COM (тізбекті порт)
· LTP (параллель порт)
· USB (жоғары жылдамдықты тізбекті порт)
· PS/2 (тышқан мен пернетақтаны жалғайтын әмбебеп порт)
Жүйелік блогы сыртқы түрі бойынша корпусының формасымен айрықшаланады. Дербес компьютердің корпусын деңгейлес (горизонталь) және сатылас(вертикаль) етіп шығарады. Сатылас етіп жасалған корпус габарит бойынша ажыратылып көрсетіледі: көп мөлшерлі, орта мөлшерлі, аз мөлшерлі.Деңгейлес етіп жасалған корпустардың ішінен тегістерді және ерекше тегістері бөліп көрсетіледі.Корпус үшін формалардан басқа факторлар пішіні (фомфактор) деп аталатын параматрлердің де маңызы зор. Орналастырушы құрылғыларға қойылатын талаптар параметрлерге байланысты болады.Бүгінгі күні негізінен екі факторлар пішініндегі корпустар пайдалынады: АТ,АТХ. Корпустың факторлық пішіні аналық тақша (материнская плата) деп аталатын компьютердің негізгі тақташасындағы факторлар пішінімен міндетті түрде келісімде болуы керек.
ә) Дисплей (монитор). Монитор - деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы . Ол информацияны шығарудың ең танымал құрылғысы болып табылады. Монитор – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды. Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады. Үстел үстіне қойылатын дербес компьютерлердің көпшілігінде электронды-сәулелік түтікшеден (ЭСТ) тұратын мониторлар қолданылады. Бұндай мониторларда экрандағы кескін электрондардың ағындарынан пайда болады. Бұл электронды ағындарды монитордың ішінде орналасқан электронды зеңбірек өте жоғары жылдамдықпен экранға қарай бағыттайды. Экранның ішкі қабаты люминофор қабығымен қоршалады. Осы қабық электрондардың әсерінен жарқырап, қажетті кескінді экранда бейнелейді.
Монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелердің жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған ұсағырақ үш нүктелерден тұрады. Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Дисплейдің экранына орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, сәйкесінше монитордың көрсету сапасы да жоғары болады. Монитор экранындағы кескін вакумдық колбаға тығындалған, өткір бағытталған электрондар шоғырын люминофорлық жабуды сәулеге түсіру, яғни сәуле арқылы қарап байқау нәтижесінде пайда болады.Түрлі-түсті кесінді алуы үшін люминофорлық жабу қызыл, жасыл және көк түсті болып жанатын үш тұрпатты жолаққа немесе нүктелерге ие болады. Барлық үш сәуле экранда бір нүктеде тоғысып, кескін анық көрінуі үшін люминоформаның алдына ұдайы саңылау қалдырылатын қалқа-панелін қояды.монитордың бір бөлігі вертикаьдық сыммен жарықтандырылған, бұл кескіннің анық та қанық,әрі жарық болуын күшейтеді. Саңылаулар арасындағы қадам неғұрлым қысқа болса, кескін соғұрлым дәл әрі нақты болады. Қолқа қадамы милиметр үлгісімен өлшенеді. Қазіргі уақытта 0,25-0,27 мм. Қалқа қадамындағы мониторлар кеңінен қолданыла
Алғашқы түрлі түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны CGA-320х200 пиксельді монитор деп атады. Ал 1984 жылы EGA-640х350 пиксельді монитор шықты. Қазіргі компьютерлер VGA(640х480) немесе SVGA(800х600-ден 1248-1024-ке дейін), SX6A(1280х1024), UX6A(1600х1200) мониторларымен жабдықталған.
Соңғы кездері
сұйық кристалды(СК) мониторлар
танымал болып келеді. Бұрын мұндай
жіңішке мониторлар тек
LCD – (Liquid Crystal
Display, сұйық кристалды монитор)
– сұйық күйдегі заттардың
негізінде жасалатын монитор.
Бұл сұйықтықтың қатты
Сұйық кристалды мониторлардың ЭЛТ мониторлардан басты артықшылығы - көлемінің шағын болуы және денсаулыққа зиянсыздығы. Бұндай мониторлар ЭЛТ мониторлар секілді зиянды электромагниттік сәулелер таратпайды және бұл мониторлармен жұмыс істеген адамның көзі әдеттегідей тез шаршамайды.
СК мониторлардың кемшілігі де жоқ емес. Мәселен, бұл мониторлардың түсті жеткізу қабілеті нашар. ЭCТ мониторларды кез келген мақсатта: мәтінді, фотосуреттерді өңдеу үшін, ойын ойнау үшін т.б. қолдана беруге болады, ал СК мониторлардың кейбір модельдері әр түрлі компьютерлік ойындарды ойнауға жарағанымен, фотосуреттерді сапалы түрде өңдеуге мүмкіндік бермейді немесе керісінше түстерді жақсы көрсеткенімен, әр түрлі динамикалық ойындарды өз деңгейінде ойнауға, т.б. кедергі жасайды. Сондықтан болса керек, көптеген маман иелері, мәселен дизайнерлер ЭCТ мониторларды таңдайды.
Дисплейдің
негізгі тұтыну параметрлері- экран
қалқасының (маска) мөлшері мен
қадамы, кескінді қайта өндірудің
ең көп шамадағы жиілігі,
Монитордың мөлшері диогонал бойынша кинескоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштардың арасымен өлшенеді. Өлшем бірлігі- дюйм. Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі экранды мониторлар шығарылады.
Стандартты мөлшерлері 14, 15, 17, 19, 20, 21. Бүгінгі таңда 15 және 17,19,21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар болып табылады.
б) Пернетақта (клавиатура). Пернетақта құрылысы.
Компьютерге бастапқы информацияны енгізуде, сондай-ақ оның жұмысын басқаруда пернетақта пайдалынады. Бүгінгі күні пернетақталар көптеген дербес компьютерлерде бірыңғайластырылған, яғни бірегейлендірілген әрі 101/102 стандарттарында немесе 108 пернелік пернетақтада орналасқан.
Пернетақта бірнеше регистррежимдердің бірінде жұмыс істейді. Режимдерді былайша бөлуге болады:
-Бас әріптерді / жол әріптерін енгізу(кішкентай) ;
- орыс/ латын символдарын енгізу;
-қою/ауыстыру;
-цифрлық енгізілім/ цифрлық пернетақтадан басқару.
Пернетақтаның барлық пернесін төрт топқа бөлуге болады: алфавитті-цифрлық; цифрлық; функциялық және басқарушы.
Алфавитті-цифрлық пернелер тобы символдардан тұратын ақпаратты енгізуге арналған.Алфавитті-цифрлық – әріптер , цифрлар, түрлі басқа да символдар жазулы перне.Олар кәдімгі жазу машинасының пернелері сияқты. Әріптерді теру пернелерінің төменгі жағында латын әріптері, жоғарғы жағында (жоғарғы регистрінде) орыс алфавиттерінің әріптері орналасқан (немесе керісінше).
MS DOS жүйесінде бас әріптерді пернетақтадан теру үшін алдын ала Caps Lock пернесін басып қою керек. Осы режимнен кіші әріптерді теру режиміне ауысу үшін Caps Lock пернесін екінші рет басып қою керек.

- Стандарт Управления Безопасностью ISO 13335
- Стандарт шифрования данных Data Encryption Standard
- Стандарты 9000, 10000, 14000
- Стандарты ERP, CSRP и EPRII
- Стандарты ISO
- Стандарты Mobile WIMAX
- Стандарты MRP и MRP II
- Стандарттау негіздері
- Стандарттау негіздері
- Стандарттау сертификаттау,метрология туралы ұғым
- Стандарттау ұғымы
- Стандарттау ұғымы
- Стандарт, термины и определения по защите информации
- Стандарттылық – ресми іс-қағаздар стілінің даралаушы белгісі