Суару жүйесі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті.
ОӨЖ
Тақырыбы: Суару жүйесі
Орындаған:Мусина Арай
Тексерген: Сағандықов С.Н
Тобы:АГ-213
Жоспары:
Кіріспе
1.Жерді суару және суландыру
2.Ауыл шаруашылық дақылдарын суару режимі
3.Суару әдістері
3.1.Бороздамен суару әдісі
3.2.Тақталап жайып суару әдісі
3.3.Суды бороздалармен тақталарға тарату
3.4.Қаптата суару әдісі
3.5.Жаңбырлатып суару әдісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Техникалық және дәнді дақылдарды,мал
азықтық шөптерді,көкөністі және басқаларын
суарудың шаруашылықтық маңызы бар.
Шөл және шөлейт аймақтарда ауыл шаруашылығын
одан әрі дамыту тек суармалы егістер
ұйымдастыру негізінде ғана мүмкін болады.Ал
қуаңшылық аудандарда жер суару жұмысын
тиімді пайдаланудың арқасында оларды
гүлденген аймаққа айналдырып,елімізде
мақта,күріш,жеміс және тағы басқа ауыл
шаруашылық дақылдарының мол өнімін алуға
мүмкіншілік туады.
Ал енді далаңқы аудандарда жауын-шашынның
жеткіліксіз және жыл бойн өте құбылмалы
болуының салдарың салдарынан ауыл шаруашылық
дақылдарының өнімі тұрақсыз болады.Сондықтан,бұл
аймақтарда жыл сайын дәнді,техникалық
және мал азығы дақылдары мен көкөністің
мол өнімін тек суару жұмыстарын дұрыс
ұйымдастыру негізінде алуға болады.
Егісті суару еліміздің тек оңтүстік
топырақ дымқылдығы құбылмалы аудандарында
ғана тиімді болып қоймай,сондай-ақ дымқылдығы
артық аймақтарда да өте тиімді.
Жерді суару және суландыру
Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және
тұрақты өнім алу үшін егіс белгілі тәртіпте
қолдан сұрыпталып,топырақ ылғалдылығы
қажетті мөлшерге дейін жеткізілуге тиісті.
Ал суды егіс алқабына жіберу үшін арнаулы
суару жүйелері жасалады.
Техникалық және дәнді дақылдарды,мал
азықтық шөптерді,көкөністі және басқаларын
суарудың шаруашылықтық маңызы бар.
Шөл және шөлейт аймақтарда ауыл шаруашылығын
одан әрі дамыту тек суармалы егістер
ұйымдастыру негізінде ғана мүмкін болады.Ал
қуаңшылық аудандарда жер суару жұмысын
тиімді пайдаланудың арқасында оларды
гүлденген аймаққа айналдырып,елімізде
мақта,күріш,жеміс және тағы басқа ауыл
шаруашылық дақылдарының мол өнімін алуға
мүмкіншілік туады.
Ал енді далаңқы аудандарда жауын-шашынның
жеткіліксіз және жыл бойн өте құбылмалы
болуының салдарың салдарынан ауыл шаруашылық
дақылдарының өнімі тұрақсыз болады.Сондықтан,бұл
аймақтарда жыл сайын дәнді,техникалық
және мал азығы дақылдары мен көкөністің
мол өнімін тек суару жұмыстарын дұрыс
ұйымдастыру негізінде алуға болады.
Егісті суару еліміздің тек оңтүстік
топырақ дымқылдығы құбылмалы аудандарында
ғана тиімді болып қоймай,сондай-ақ дымқылдығы
артық аймақтарда да өте тиімді.
Суарудың түрлері.Жер суару топырақты дымқылдандыру,тыңайту
және арналы суару болып үш түрге бөлінеді
:
Топырақта қажетті су және ауа режимін
жасау үшін суарудың дымқылдандыру түрі
пайдаланылады.Суарудың бұл түрі дүние
жүзінде де өте көп тараған негізгі түрі
болып саналады және өсімдіктердің өсіп-өну
дәуірімен оның кейбір кезеңдерінде судың
керекті мөлшерімен қамтамасыз етілмеген
шақтарында жүргізіледі.
Суарудың бұл түрі өзінше жүйелі (тұрақты)
және бір дүркін ғана суару болып бөлінеді.
Шаруашылық жағдайында суарудың жүйелі
пайдаланғанды топырақ қажетті мөлшерде
және керекті мезгілде дымқылданады.
Су көздерінен су суару жүйелеріне ағатын
болғанда өздігінен ағызып суару,оған
керісінше, механиқалық әдіспен жіберілсе,онда
механикалық суару деп аталады.
Жоғарыда көрсетілгендей,біздің елімізде
судың өздігінен ағуына негізделген жүйелі
суару түрі көп тараған және оның ең негізгі
түрі болып саналады.
Ал енді жерді бір дүркін ғана суару үшін
су алаңға бір-ақ рет жайылады. Алаңға
жазғытұрым пайда болатын қар суы жабылған
жағдайда ол көлтабанды суарма деп аталады.
Ал енді алаңға каналдар арқылы көктемгі
тасқын сулары жайылса оны тасқын сумен
суару деп атайды. Көлтабанды суарма әсіресе
Қазақстанда,Ресей және Украинада кеңінен
тараған.
Суарудың топырақты тыңайту үшін қолданылатын
түрін ұйымдастырғанда тыңайтқыштар сумен
бірге топыраққа ерітілген күйінде таратылып,оның
дымқылдану қабатына сіңеді. Суарудың
бұл түріне қалалар мен өнеркәсіп орындарының
сарқынды суларын және құрамында асылған
топырағы мол тасқын суларын пайдалану
жатады.
Арнаулы суарудың түріне топырақты тазарту,
жылыту және мақсаттармен жүргізілетін
суару жұмыстары жатады. Суарудың топырақты
тазарту үшін қолданылатын түрі оның құрамындағы
артық тұздарды шаю және өсімдіктерге
зиянкес жәндіктерді құрту үшін ұйымдастырылыды.
Топырақты жылыту үшін суарғанда,оны
зөінен жылырақ сумен суарып жылытудың
арқасында өсімдіктердің өсіп-өну дәуірі
ұзартылады. Суарудың бұл түрі шаруашылық
жағдайында қазіргі уақытта аса көп тарамаған.
Суарудың тәсілдері. Суды топыраққа енгізу тәсіліне қарай
жер суару үш түрге бөлінеді:
1.Беткейлеп, немесе беткі жағынан суару
тәсілі. Бұл әдісті қолданғанда су топырақ
бетіне суару бороздалары,алқаптары және
атыздары арқылы таратылады. Бұл әдіс
біздің елімізде кеңінен тараған.
2.Жаңбыралатып суару тәсілі. Бұл әдісті
қолданғанда жаңбырлтқыш аппараттар арқылы
су жоғары шашыратылып,онда тамшыларға
бөлініп жер бетіне табиғи жуын тәрізді
жауып, ауаның жер бетіне жақын қабатын,
өсімдіктерді және топырақты ылғалдандырады.
Қазіргі уақытта суарудың бұл әдісі шаруашылықтарда
өте көп тараған.
3. Егісті астыңғы жағынан суару әдісін
қолдану үшін су топырақтың жыртылатын
қабатының астыңғы қыртысына енгізіледі.Бұл
әдіс әзірше көп тарамаған және қазіргі
уақытта толық жетілдіру сатысы үстінде.
Суарудың топыраққа тигізетін ықпалы.Суару
микроклиматқа, сондай-ақ топырақ қабатында
болатып физикалық, химиялық, биохимиялық
және биологиялық процестерге өте күрделі
және әр түрлі ықпал тигізеді.
Суарудың топырақтың физика-химиялық
қасиеттеріне тигізетін ықпалы өте күрделі:
топырақтың дымқылдығын, температурасын,
жылу сыйымдылығын,механикалық құрамын,борпылдақтылығын,
құрылымын,су өткізгіштігін,ылғал сыйымдылығын,топырақ
бөлшектерінің тіркесу күшін,әр қабатындағы
химиялық элементтер мен қосындылардың
мөлшерін және бөлінуін,жер асты суларының
деңгейін,минералдығын өзгертеді.
Құрған топырақтың жылу сыйымдылығы
сумен салыстырғанда бірсыпыра кем болады.Жаздық
ыстық айларында су ауа мен топырақтан
суығырақ болады.оған керісінше, жазғытұрым
және күзді күндері су ауа мен топырақтан
жылы болады.Ал дымқылды топырақ, құрған
топырақпен салыстырғанда күндіз жылулықты
көбірек сіңіріп,ал түнде ауаның жер бетіне
жақын жатқан қабатының ылғалдануының
салдарынан жылылықты кемірек таратады.Осыған
байланысты жазды күндері дымқылды топырақ
құрғақ топырақпен салыстырғанда суығырақ,ал
суық айларда жылырақ болады. Дымқылданған
топырақтың бөлшектереінің тіркесу күшінің
кемуімен бірге, сазды және саздақ топырақтардың
беріктілгі кемиді, ал бұған керісінше,
дымқылданған құмды топырақ қатая түседі.Бетіне
су жайылған топырақтың түйіртпектері
ыдырап, тіпті жойылып та кетеді.Құрғағаннан
кейін сазды топырақтардың бетіне қатты
қабықтар пайда болып, оларды мезгілінде
қопсыту қажет болады.
Суаруға пайдаланатын судың құрамында
кездесетін асылмалы таспалардың топырақ
бетіне шөгілуінің және тереңгі қабатына
өтіп кетуінің салдарынан оның механикалық
құрамы өзгереді.
Суаруға пайдаланылатын судың бойында
ерітілген минералдық және органикалық
қоспарлар болады.Суаруға пайдаланылатыныза
суының минералдығы жоғары болады да,
өзен суаларының минералдығы кемірек
болады.Топыраққа сумен бірге кіретін
азот,калий және фосфор қышқылы ондағы
керекті заттардың қорын молайтады.
Сонымен қатар суаруға пайдаланылатын
су топырақ бойында кездесетін химиялық
коспаларды жақсы еріткіш болып саналады.Сондықтан
жеңіл еритін калий, азот және басқа тұздар
сумен бірге топырақтың жоғарғы қабатынан
төменгі қабатына ауысады.Ал суару нормасының
мөлшері өте жоғары болған және топырақты
шайып суарғанда олар топырақтың өсімдіктердің
тамыры орналасқан негізгі қабаттарынан
төмен өтіп кетіп, топырақтың сапасы төмендейді.
Дегенмен,пайдалы тұздармен бірге зиянды
тұздары да шайылып кетіп,топырақтың сапасы
жақсарады.Кезекті суару аралығында су
өзінің құрамындағы ерітінді тұздармен
бірге топырақтың қыл түтіктері арқылы
жоғары көтеріліп буланады да, ол тұздар
топырақтың жоғарғы қабатында қалып қояды.Сөйтіп,
өсімдіктердің өсу дәуірі кезінде жүргізілетін
суару жұмыстары су мен минералды тұздардың
үнемі қозғалыста болуына себебін тигізеді.Осының
салдарынан уақ топырақпен тұздар төменгі
қабатқа түсуімен бірге ерітінділердеп
ажырап, су мен ауаны өте аз өткізетін
қатты қабат жасайды.Осы қабаттан өсімдік
тамырлары төмен өте алмайды және суарған
кезде топырақтың онда төмен жатқан қабатын
дымқылдандыру қиындап, жоғары жатқан
қабатының дымқылдығы мөлшердеп артып
кетеді.
Топырақтың төменгі қабатынан судың
қайтуы қамтамасыз етілмеген жағдайда
жерді мол суарған ыза судың деңгейі көтеріліп,
суармалы жердің батпақтанып кету қаупі
туады.Сондай-ақ ыза судың құрамындағы
тұздар зиянды болған судын жер бетінен
көп мөлшерде буланының салдарынан оның
жоғарғы қабатында тұздар шөгіліп, топырақ
қайтадан сорланып, ауыл шаруашылық дақылдарын
өсіруге жарамсыз болып қалуы мүмкін.
Жер суару топырақтағы микробиологиялық
процестерге пайдалы ықпалып тигізеді.Ол
анаэробтық микробтардың әрекетін жылдаидатып,өсімдік
қалдықтарының минералдануын бәсеңдетеді
және қарашіріктердің жиналуына ықпалып
тигізіп, нитрификациялық процестерді
күшейтеді.Дегенмен, дымқылдығының белгілі
мөлшердеп артып кетуі оның жоғарғы қабаттарында
нитраттарды азайтады.Жер суару жауын
құрттарының өсіп-өнуіне қолайлы ықпалын
тигізіп, топырақ құрылысын жақсартады.
Ауыл шаруашылық дақылдарын суару режимі
Ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың
саны, мерзімі және суару нормасының мөлшерінің
жинағын суару режимі деп атайды. Суару режимін жобалағанда дақылдың
өсіп-өну дәуірі кезінде пайдаланылатын
суының жалпы мөлшерімен ауыспалы егістегі
әр дақыл үшін суару және суармалау нормаларының
мөлшерін және суару мерзімі мен оның
санын аңықтау, гидромодуль графигін жасап,
суару режимін су көздерінің режимімен
сәйкестендіреді.
Жобалаған суару режимі топырақта қолайлы
су, ауа, көрек және жылу режимдердерін
қамтамасыз етіп, ыза судың деңгейін көтермей
және топырақтың сорлануына жол керек.
Ауыл шаруашылық дақылдарының пайдаланатын
су мөлшері олардың даму кезеңінің ұзкқтығына,
сыртқы жағдаиларға (к.н, температура,
су, қорек және ауа режимдері) және дақылдардың
түрі мен сорттарының биологиялық ерекшеліктеріне
байланысты болады.
Өсімдіктердің суды пайдалану мөлшері
тіпті әр тәулік ішінде де өзгеріп тұрады
және ол судың тапшылығымен ауа температурасының
және өсімдіктерге жарық түсу мөлшерінің
көбейетің мерзімі- түс кезінде өте мол
болады. Өсу мезгілінде өсімдіктердегі
физиологиялық процестер де өте қарқынды
болады.Ал бұған керісінше, түнде жоғарыда
келтірілген көрсеткіштердің төмендеуіне
байланысты су пайдалану мөлшері өте аз
болады.
Өсімдіктердің суды пайдалану және оның
тиімділігін транспирациялық коэффициент,
су пайдалану және уланудың жалпы мөлшері
арқылы байымайды.
Транспирациялық коэффициент деп өсімдіктердің
1 тонна құрғақ зат жасау үшін жұмсайтын
(сабақтары, жапырақтары, тамырлары, дәнедері
т.б) суының мөлшерін айтады.Әдетте бұл
мөлшер текше метер есебімен саналады.
Ал суды пайдалану коэффициенті деп топырақ
бетінен буланатын және 1 центер товарлы
өнім (дән, шитті мақта, жеміс, картоп, шөп)
жасау үшін жұмсалатын судың мөлшерін
айтады. Бұл мөлшерде текшеметр есебімен
саналады. Бұл коэффициенттің мөлшері
мына теңдік арқылы анықталады:
Е=К*У
Бұнда: Е- пайдаланылатын судың жалпы
мөлшері, текшеметр есебімен;
К- су пайдалану коэффициенті, центнеріне
текшеметр
есебімен;
У- өнім, центер есебімен.
Транспирациялық коэффициент пен су
пайдалану коэффициентінің мөлшері әрбір
жекеленген дақылдар үшін де өте тұрасқсыз
болады.Оның мөлшері өсімдіктердің өсуі
үшін қажет факторлардың қолайлй үйлестірілген
жағдайында аз болып, ал бұл үйлестірілу
бұзылған жағдайда көбейіп кетеді.
Шаруашылық жағдайында топырақ кұнарлығымен
дақылдарды баптау агротехникасы жоғары
болған сайын және өнім неғұрлым молайған
сайын, соғұрлым бұл коэффициенттер мөлшері
азая береді.
Жалпы булану коэффициенті
деп топырақ пен өсімдіктер бетінен буланған
сумен оның өсу дәуірі кезіндегі ауа дымқылдығы
топшылығының тәулік бойындағы орташа
мөлшерінің қосындысының арақатынасын
айтады.
Пайдаланылатын судың жалпы мөлшерін
анықтаудың әдістері.Пайдаланылатын судың
жалпы мөлшерін эмперизм және жартылай
эмперизм әдістерімен анықтайды.
Эмперизм әдісі. Еліміздің барлық аймақтарында
мелиоративті- тәжірибе станциялары мен
басқада ғылыми- зерттеу мекемелері орналасқан
және олар көп жылдар бойы ауыл шаруашылық
дақылдарын суарудың ең қолайлы режимін
зерттеп, тәжірибе учаскелерінде белгілі
өлшеулер жүргізу арқылы дақылдарың суды
пайдаланудың жалпы мөлшерін анықтайды.Ғылыми
мекемелер осы зерттеулердің нәтижелеріне
сәйкес ұсыныстар береді.Бұл ұсыныстарда
пайдаланатын судың жалпы мөлшері, суару
нормасының ең тиімді мөлшері, суару мерзімі
және әр мелиоративтік аймақ үшін барлық
ауыл шаруашылық дақылдарын неше рет суару
керек екендігі көрсетіледі. Әдетте суару
жүйелерін жобалау жұмыстары осы көрсеткіштер
негізінде жүргізіледі Жартылай эмперизм
әдісі. Суару жүйесін бұрын суару жұмыстары
жүргізілмеген жерлер үшін жобалағанда
буланудың жалпы мөлшерін (пайдаланатын
судың) биоклиматтың әдіспен анықтайды,
ол үшін мына формула қолданылаты:
Е=КЕd
Бұнда:
- есептелген жыл ауа ылғалдылығының
тапшылығының қосындысы, Мб есебімен (жақын
жерде орналасқан метеостанциядан алынады);
К- жалпы булану коффициенті (биологиялық
ирек сыздық коэффициенті), тәжірибе станцияларында
жобалаған суару жүйесі жағдайына сәйкес
жағдайда арнаулы тәжірибелер жүргізу
арқылы анықталады.
Пайдаланылатын суадың жалпы мөлшері
Е-мәдени өсімдіктердің егістік жерден
пайдаланылатын суының жалпы мөлшері,
ол өсімдіктер және топырақ бетінен булатын
сумен бірге жаңбырдан кейін өсімдіктер
бетінен буланатын судың қосындысына
тең болады.Бұл мөлшерге өсімдіктердің
тамыр жүйесі орналасқан топырақтың 1,0
метрлік қабатынан жұмасалатын судың
мөлшерімен бірге одан төмен қабаттан
да жұмсалатын суда кіреді.
"К" мөшері әрбір өсімдіктердің
ерекшеліктеріне сәйкес биологиялық ирек
сызық түрінде өзгереді және әр онкүндік
үшін арнаулы тәжірибеледің нәтижесі
негігінде анықталады.Ол үшін төмендегі
формуланы қлоданды:
Бұнда:
- онкүндік бойынша тәжірибе арқылы анықталған
судың нақылы булану мөлшерінің қосындысы,
мм есебімен;
Ол
тең болады.
Бұнда:(
топырақтың 1,0 мерлік қабатындағы су
қорының көбеюі);
m-суару нормаларының қосындысы;
up-пайдаланылатын жауып-шашын мөлшері;
-топырақтың 1,0 мерлік қабатынан төменгі
қабаттан көтерілетін, не болмаса одан
төмен ағып көтетін судын мөлшері;
-ауа ылғалы тапшылығының тәулік бойындағы
орташа мөлшерінің қосындысы. Мб есебімен.
Өсімдіктің өсу дәуірінде буланатын
судың жалпы мөлшері әрбір онқүндікте
буланатын судың қосындысында тең болады.
Жалпы булану коэффициентінің аймақтық
көрсеткіштері болмаған жағдайда (биологиялық
ирек сызық коэффициенті) Укр НИИГ и М-де
Украина республикасы үшін ауа температурасыны4
тәулік бойындағы орташа мөлшерінің қосындысы
арқылы анықталған коэффициенттерді күн
сәулесінің ұзыындығына түзету енгізу
арқылы пайдалануға болады.
бұнда:l-күн сәулесі ұзындығы 12 сағаттық
ұзындыққа келтіретін түзеткіш;
L-күн сәулесінің астрономиялық ұзындығы,
сағат өлшемімен.
Топырақтың су балансының
тапшылығы немесе суармалау
Жобадағы өнімді өндіру үшін әр гектар
егістікке жіберілетін барлық судың мөлшерін
суармалау нормасы (м3/га, немесе топырақтың су балансының
тапшылығы деп атайды).
Суармалау нормасының мөлшері ауа райының,
топырақтың және жердің мелиоративтік
жағдайы мен дақылдарың биологиялық ерекшеліктеріне,
сондай-ақ дақылдардың өсіп-өну ұзақтығына
және оларды баптаудың агротехникалық
әддістеріне байланысты болады.
Топырақтың 1,0 метрге тең қабатының су
балансының тапшылығы ыза судың деңгейі
терең болғанда С.М.Алпатьевтың мына формуласы
арқылы анықталады:
бұнда:E=KEd- есептелген жылдағы буланудың
жалпы мөлшері, мм есебімен;
y-ылғал алмасу коэффициенті.
Су балансының тапшылығын анықтағанда
жауын- шашынды тиімді,тиімсіз деп бөлмей
барлық жауған жауын-шашынның мөлшерін
еске алу керек, өйткені "К" коэффициентін
анықтағанда барлық жауын-шашын ескеріледі.
Топырақтың су балансының тапшылығы
әр жеке декадалар үшін анықталып, кейін
олар біріне-бірі қосылады және өсімдіктерді
қолайлы түрде ылғалмен қамтамасыз ету
кезеңінің басынан аяғына дейін үдетілген
мағынада көрсетіледі.
Жалпы өсімдіктерді қолайлы түрде ылғалмен
қамтамасыз ету кезеңінің соңы:
Күздік және жаздық бидай, тұқымдық жүгері
үшін-егін дәнінің пісу кезеңі;
Жазғытұрым отырғызылған картоп үшін-сабақтары
мен жапырақтарының солу кезеңі;
Қант қызылшасы үшін-мардымды қант жинау
кезеңінің бірінші жартысының соңы;
Томаттар үшін-өнімді жаппай жинаудың
соңы;
Топырақтың су балансының тапшылығы
немесе суармалау нормасы.
Жобадағы өнімді өндіру үшін әр гектар
егістікке жіберілетін барлық судың мөлшерін
суармалау нормасы м2/га, немесе топырақтың су балансының
мөлшері ауа райының, топырақтың және
жердің мелиоративтік жағдайы мен дақылдардың
биологиялық ерекшеліктеріне, сондай-ақ
дақылдардың өсіп-өну ұзақтығына және
оларды баптаудың агротехникалық әдістеріне
байланысты болады.
Топырақтың 1,0 метрге тең қабатының су
балансының тапшылығы ыза судың деңгейі
терең болғанда С?М? Алпатьевтың мына формуласы
арқылы анықталады:
бұнда: Е =KEd - есептелген жылдағы буланудың
жалпы мөлшері, мм есебімен;
7. Жалпы булану коэффициентті "К"
(Укр. НИИГ и М мәліметтері)
| |||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бороздамен суару әдісі
Қолдану шараттары: Әдетте бороздалармен
суару кең қатарлы отамалы дақылдарды
суару үшін (мақта егісі, жүгері, қант қызылшасы,
картоп, көкөніс және жеміс-жидек, орман алқаптары), ал кейде дәнді дақылдары
(себілген бороздалар) суару үшін де қолданылады.
Бороздаламен суару егістік мөлшері
0,02....0,03 шамасындағы учаскелерде жүргізіледі.Суды
бороздалар бойымен олардың аяғына дейін
өздігімен ағып баруын қамтамасыз ету
үшін лоарды еңңістікке әр шамадағы бұрышпен
тілуге болады.Суарудың бұл әддісін сорланған
топырақтарда қолдануға болмайды, өйткені
әрбір суарғаннан кейін бороздалар жотасына,
ауыл шаруашылық дақылдарына зиян, еріген
тұздар көтеріледі.
Бороздаладың классификациясы.Бороздалар
өздерінің тереңдігіне қарай тайыз - 8...12см,
орташа - 12....18см және терең- 18...22 см болып
үшке бөлінеді, ал су ағызу жағдайына карай
суды үздіксіз ағызып тұратын (су тлотырылмайтын)
және доғал (сумен толтырылған); көрінісіне
қарай - парабола, трапеция тәрізді; бермалы,
террасты және саңылаулы бороздалар, ұзындығы
жағынан - ұзын және қысқа бороздаларға
бөлінеді.
Суару бороздаларын жерге орналастыру.Суару
бороздаларын КОН-2,3; КОН-2,8;КОН-2,8-П; КРН-4,2
аспалы культиватор - қопсытқыштары арқылы
тіледі.
Жоғарыда көрсетілген бороздалар өзінің
көрінісіне қарай трапеция, немесе парабола
тәрізді болады, лоардың түбінің ені 10см
болып терендігі 12....22см болады және олардың
баурай қатынасы 1:1 болады (12-а, сурет).
Суармалы көкөніс шаруашылығында көшет
отырғызатын машиналамен сепкіштерді
пайдалану үшін террасты бороздалар мен
бермалы бороздаларды қолданады. Бұл бороздалады
тілу үшін культиваторлаға қопсытқыштар
орналастылады.
Сіңіру суару жұмыстарын ұйымдастырғанда
сушылардың жұмыс өнімін арттыру үшін
кейбір жағдайларда тереңдігі 35-40см саңылаулы-борздалар
тілінеді.Оны тілу үшін арнаулы-саңылаулы-борозда
жасаушылар қолданылады.
Сулану нұсқасының бірігу шарттарына
сәйкес жеңіл топырақтар үшін бороздалардың
білік аралыға 0,5....0,6м орташа топырақтар-
0.8....1,1 м болады.
Еңістің мөлшері і-0,0005 болғанда бороздалардың
ұзындығы 50...80м-ге тең деп саналып, ал ол
і-0,001 болғанда 40....60м және еңіс і-0,002 болғанда
борозданың ұзындығы 30....40 м-ге тең болады.
Суды үздіксіз ағызып тұратын (сумен
толтырылмайтын) бороздаламен суару.Бұндай
бороздалар шаршы-ұзлап және қатарлап
себілген барлық отамалы дақылдарды бетіс,
еңістігі і-0,002....0,02 мөлшеріндегі учаскелерді
суару үшін кеңінен қолданылады.Тайыз
және орташа бороздалар арқылы суару дақылдардың
қатар аралықтарын баптауға және өнімді
жинау жұмыстарын механикаландыруға кедергі
жасамайды.Сондай-ақ бұндай бороздалармен
суарғанда лоарға жіберілетін су мөлшері
тұрақты және құбылмалы болады.Борозда
соңындағы артық су төменге ағызылып жіберіледі.Бороздаларға
жіберілетін су мөлшері тұрақты болған
жағдайда су оның ұзындығының 85...90% тең
бөлігіне жеткеннен кейін оған су жіберу
тоқтатылады.Борозданың қалған бөлігі
судың өздігінен ағып баруы арқылы дымқылданады.Бұл
бороздалардың кемшілігі-олар біркелкі
дымқылданбай, бас жағы мол, ал соңғы жағы
аз дымқылданады.
Еңістің мөлшері үлкен және топырақ ауыр
болған жағдайда су борозданың аяғына
жеткенде топырақ қабаты толығынан дымқылданып
үлгермейді, сондықтан артық су төменге
ағызылып жіберіледі.
Тақталап жайып суару әдісі
Тақталап жайып суаруды қолдану жағдайлары.Суарудың
бұл әдісін қолданғанда тақта бетіне су
жайылып жіберілуінің сулдарынан топырақ
нығыздалып қалады; суарғаннан кейін,
әсіресе оның бастапқы күндерінде бетіне
қабыршық пайда болып, одан судың булану
мөлшері көбейеді; ауа алмасу және нитрификация
прцестері төмендейді.
Сондықтан тақталап жайып суару әдісі
қатар аралықтары жақын (дәнді дақылдар
мен шөптер) дақылдарды ғана суару үшін
қолданылады. Сондай-ақ бұл әдіс еңістің
мөлшері 0,002....0,2 шамасындағы учаскелерді
сіңіре суару үшін де кеңінен қолданылады.Еңістің
ең қолайлы мөлшері болып 0,002-0,007 саналады.
Суару тақталарының классификациясы.
Суды тақтаға жіберу жағынан олар суды
бас жағынан және ірге жағынан жіберетін
болып екі түрге бөлінеді. Енінің шамасына
қарай тар енді (1,8 -3,6м) және кең енді болады
(30-40м); ұзындығына қарай қыска (50м) және
ұзын (500м) болады.
Су бас жағынан жіберілетін тақталар
көлденең еңістігі 0,002 шамасындағы учаскелерде
жасалады. Су тақталары горизонтальдарға
тікпе-тік болып тұқымды себу жұмыстарымен
бірге жасалады. Еңісі өте үлкен және күрделі
жерлерде топырақ топырақ палдарын сепкіштердің
артына тіркелетін тар қамтитын риджермен
(палжасағыштармен) жасайды.Ал енді жер
еңісі қолайлы болған жағдайда палдарды
ені 3,6 метрлік риджерлермен тіледі.
Себу агрегаты алға қарай жүргенде риджер
сепкіш шүмегінің алдындағы топырақты
тегістеп, жоғарғы топырақты жинап биіктігі
16-25см және табаны 40-60см тоқтатқыш палдар
жасайды.Сөйтіп, сепкіш шүменктері тұқымды
пал жасағыштардың артынан тегістеліп,
аздап тығыздалған топыраққа себеді.
Ал енді суару учаскелерінің еңісі өте
қолайлы болғанда тақталардың ені 30-40
метрдей болып, канал қызғыштар және пал
жасағыштармен жасалады.
Су бас жағынан жіберілетін тақталармен
суару процесі. Еңістің мөлшері 0,004-тен
кем учаскелері суды тақталарға оқ-арықтардан
жіберіп, ал еңістің мөлшері 0,004-тен артық
болғанда топырақ арнасында уақытша тілінетін
құлақ арықтардан жіберді.
Суару учаскелерінде суару жұмыстары
төменнен жоғары қарай жүргізіледі. Алдымен
су уақытша тілінетін арықтардан төменгі
оқ-арыққа жіберіліп, одан сифондар,түтіктер,
алжапқыштары бар суарғыш қалғандар және
оқ-арықтың төменгі қашасынан қазылатын
жыралар арқылы соңғы 3-5 тақталарға жіберіледі.
Жіберілген су тақтаның 0,7-0,90ұзындығын
басқаннан кейін сушы оқарықтағы суды
қалқандар немесе брезентті бөгеттер
арқылы тоқтатып, оны келесі 3-5 тақталарға
жібереді. Осы тәртіппен суару жұмыстары
төменгі оқ-арықтан барлық тақталарды
суарып болғанша жүргізіле береді. Одан
кейін суару жұмыстары келесі, жоғарырақ
орналасқан оқ-арықтан жүргізіледі. Суарудың
осындай кезектілгін қолданғанда сушылар
суарылмаған құрғақ жермен жоғарыға қарай
жүріп отырады. Оқ-арыққа су неғұрлым көбірек
жіберілсе, соғұрлым сушының еңбек өнімділігі
жоғары болып, орта есеппен тәулігіне
1-2 гектар шамасында болады. Сондай-ақ
оқ-арықтың көлденең және бой көрінісі
60л/с-ден кем болмаған мөлшердегі суды
өткізе алатындай болуы керек.
Су бас жағынан жіберілетін тақталады
суару техникасының элементтерін есептеу.Тақталап
суару техникасының элементтеріне оның
ұзындығы мен ені, тақтаның бас жағынан
жіберілетіне оның ұзындығы мен ені, тақтаның
бас жағынан жіберілетін судың сыбағалы
мөлшері, суару учаскесінің ұзындығы және
су ұстағыш палдарың биіктігі жатады.
Осы элементтердің барлығы өзара байланысты
және олардың мөлшерлері топырақтың су
сіңіруіне, еңістің мөлшері мен жер бедерінің
тегістігіне және суару нормасының мөлшеріне
сәйкес болады. Оларды дұрыстап үйлестіру
арқылы суарудың сапасы мен сушының еңбес
өнімділігін арттыруға мүмкіндік туады.
Жалпы суару техникасының элементтері
тақтаға суару нормасының есептелген
мөлшерін жібергенде топырақтың біркелгі
дымқылданулы мен суару жұмыстарының
жоғарғы өнімділігін қамтамасыз етуі
керек.Тақтатның ені мен палдардың биіктігін
оларды жасау жағдайына қарай қабылдап,
қалған элементтер есептеу арқылы анықталады.
Қаптата суару әдісі
Қаптата суару әдісін қолданғанда су
жан-жағы палдармен қоршалған суару атыздарына
тереңдігі 5-25 см және одан да көп шамада
жіберіліп, топыраққа сіңеді.Суару атызының
көлемі негізінен учаске бетінің бедеріне,
топырақтың су сіңіру мүмкіншілігіне,
суару нормасының шамасына байланысты
болады және оның шамасы 0,1 гектардан 50
гектарға дейін және одан да мол болады.
Суару атыздарын сумен ұзақ қаптатқанда
топырақтың құрамы бұзылып, оның борпылдақтылығы,
аэрациясы төмендеп, қышқылдану процестері
тоқталады.Суды ұзақ қаптатудың салдарынан
топырақтағы қоректік заттар сумен бірге
оның төменгі қабаттарына шайылып кетіп,
қоректің сіңірілмейтін түріне айналып
кетеді.Сондай-ақ ыза судың деңгейінен
көтеріліп кетуі топырақтың екінші рет
сорланып кетуіне жағдай туғызды. Атыздағы
су қабатының шамасы және оны қаптатудың
ұзақтығы көбейген сайын бұл әдіспен суарудың
теріс жақтары күшейе түседі. Күріштен
басқа дақылдардың барлығы алғашқы кезе
нашар өсіп, кейіннен ауа мен қоректің
аздығынан мүлде өспей қалады.
Суады уақытша қаптатуды (2-3күн) жүгері,
жоңышқа, күздік және жаздық бидай, арпа,
сұлы, сорго және басқа да дақылдар жақсы
көтерді.
Қаптата суару әдісінің тимді жақтарына
суару жұмыстарының өнімінің жоғарылығы,
тәлік бойы суару мүмкіншілігі, барлық
ауыл шаруашылық жұмыстарын механикаландыру
мен суару жұмыстарын автоматтандыруға
мүмкіншіліктің барлығы жатады.
Қаптата суару әдісін қоланудың
жағдайлары. Әдетте бұл әдіс күрішті суару, сорлаған
жерлрді шаю және көлтабанды суару үшін
қолданылады. Жүгеріні, жоңышқаны және
дәнді дақылдарды суару үшін сирек қолданылады.
Күрішті суару үшін еңіс мөлшері шамалы,
топырағы суды орташа сіңіретін және ыза
суадың деңгейі жоғару жатқан жерлер таңдап
алынады. Осы талапты орындаған жағдайда
оны үздіксіз қаптата суарғанда суармалау
нормасының мөлшері шамалылау болады.
Шөп, жүгері және дәнді дақылдарды қаптата
суару әдісі еліміздің халық сирек қоныстанған
еңіссіз, немесе еңісінің мөлшері шамалы,
топырағы суды өте аз және орташа сіңіретін
учаскелерде колданылады.Бұл учаскелердің
ыза суының деңгейі өте төмен және лоар
тұшы болуы қажет. Осындай жағдайда жер
беті тегістеліп, суару атызының әр гектарына
50-100 л/с шамасында су жіберіледе және артық
суды атыздан ағызып жібергенде суару
нормасының мөлшері гектарына 1200-1600 м3,
ал беті тегістелмеген және артық суы
ағызылмайтын үлкен атыздар арқылы суарғанда
суару нормасының мөлшері гектарына 3
мың м3 , кейде онда да көп болады.
Жаңбырлатып суару әдісі
Суару әдістерінің,әсіресе орман және
далалы аймақтарда қолдануға болатын
суару тәсілдерінің ең көп тараған,ең
қолайлысы және экономикалық тұрғыдан
тиімді түрі жаңбырлата суару тәсілі болып саналады.
Жаңбырлата суару ылғалану жағдайын табиғи
түрге жақындатып, атмосфераның жерге
жақын төменгі қабатын ылғалдандыруды
және оның температурасын төмендетіп,
микроклиматқа жақсы әсер етеді.
Жаңбырлатып суарудың артықшылығы
және кемшілігі.Жаңбырлатып суару микроклиматты өзгертіп,
өсімдіктердің жақсы өсуіне жағдай жасайды.Ауаның
жер бетіне жақын қабатының ылғалдануына
байланысты оның температурасы төмендеп,
ылғалдылығы артады.Суару кезінде ауаға
жаңбырлатып шашыратылатын су оттегі,
көмір қышқылы және азоттық газға ұқсас
қосындыларымен байытылады.Су өсімдік
бетіндегі шаң мен баллшықты шайып, олардың
өнімділігін арттырады.Жаңбырлатып суару
әдісін қолданғанда кейбір уақ бедерлі
жерлерді тегістемей-ақ пайдалана беруге
болады.Ал енді тау беткейіне орналасқан
аудандарда жаңбырлатқыштарды жүргізу
үшін табиғи жағдайдағы су қысымын да
пайдалануға болады.Бұның өзі су қоры
өте аз аудандарда егістікті оазистік
жағдайда суару жұмысын одан әрі дамытуға
мүмкіндік туғызады.Жаңбырлатып суару
әдісін қолданғанда, оларды қосымша тыңайтқыштар
шашу үшін де пайдалануға болады.Бұл әдісті
қолданғанда суару жұмыстарын толық механикаландырумен
бірге, оларды толығынан автоматтандыру
мүмкіншілігі бар.
Жаңбырлатып суарудың жоғарыда көрсетілген
тиімді жақтарымен бірге, олардың кмшіліктері
де жоқ емес. Біріншіден, жаңбырлатып суару
үшін қолданылытын машиналарды жасауға
көп металл кетеді.Бұл әдісті қолданғанда
жаңбырлатқыш машиналарды жүргізу үшін
қосымша қуат керек болады және желі күшті
аудандарда топырақтың дымқылдануы біркелкі
болмайды.Сондай-ақ, ауыр топырақты жерлердің
топырағын өте тереңге дымқылдандандыру
мүмкіншілігінің жоқтығы.
Жаңбырлатқыш машиналарға
қоятын талаптар.Жаңбырлатып суару әдісін қолданғанда
жаңбырлатудың мардымдылығы топырақтың
су сіңіру жылдамдығынан көп болмай, ол
өсімдіктердің гүлдеріне, жатынына, жапырағына
зиян келтірмеуі керек.
Жаңбырлатқыш машиналар өте тиімді болуымен
және металмен қосымша қуатты көп жұмсауымен
бірге суару нормасын суару учаскесіне
біркелкі таратуды қамтамасыз етуі керек;
жерді пайдаланудың жоғарғы коффициентін
қамтамасыз етіп суарумен бірге егістікті
қоректендіріп, ауыл шаруашылық дақылдарына
зиян келтіретін жәндіктер мен ауруларды
болдырмау үшін улы химикаттарды жоғарылығын
қамтамасыз етіп, пайдаланудың өте сенімді
болуым, қозғалыс ептілігін және оларды
пайдаланудың ұзақ болуын қамтамасыз
етуі керек.
Жаңбырлатқыш саптамалар.
Жаңбырлатқыш саптамалар суды жаңбыр
тамшысына айналдыратын машиналар мен
қондырғылардың жұмыс органы.Әдетте саптамалардың
екі түрі қолданылады: дефлекторлық, немесе тойтарыс
беретін және ақырын сорғалатып ағызатын,
немесе қақпалар.
Дефлекторлы саптамалар.ДДА-100М, ДДА-100
МА, ДМА-200 машиналары мен КДУ-55 М қондырғыларында
қолданылады. Бұл саптамалардың артықшылығына
суды біркелкі (0,9-1,1 мм) тамшыларға ыдырату
жатады.Суды бұндай тамшыларға ыдырату
үшін су қысымының мөлшері көп болмай
(8-15 м) және жаңбырлату үшін қосымша қуаттың
көп керек болмауы жатады, ал кешіліктеріне
- су шашырату радиусының ұзын болмауы
(4-8м) және жаңбырлату мардылығының шамасының
жоғары болуы (0,75-1,1 мм/мин). Осылардың салдарынан
бұл саптамалалар позицияда тұрып жаңбырлататын
машиналар мен қондырғыларда пайдалануға
мүмкіншілікті кемітеді.
Қақпалы саптамаларда айналып тұратын
жаңбырлатқыш аппараттарды пайдаланады.Өздерінің
конструкциясына қарай бұлар бір-бірінен
аса көп айырмашылықтары жоқ. Дегенмен,
оларды пайдаланатын жаңбырлатқыш машиналардың
өздерінің айналу принциптеріне, судың
қысымы мен мөлшері, жаңбырлатудың мардымдылығы
және жаңбырдың сапасы, суды шашырату
алыстығына қарай өзгешіліктері болады.
Аппараттың бағаны мен қақпасының дөңгелек
бойымен 3600, немесе сектор бойынша 60-3000
айналуы көптеген жағдайда әртүрлі жабдықтардың
жәрдемімен қақпадан ұшатын судың реактивтік
күші арқылы қамтамасыз етіледі.ДДН-45,ДДН-70,ДДН-100
жаңбырлақыш машиналарында аппарат қозғалтқыш
арқылы айналады (механикалық энергия).
Су қысымының мөлшеріне байланысты саптамалар
суды жақынға шашырататын (су қысымы Н=12-25
м, су шашырату радиусы R=7-20 м) суды орташа
шашырататын (Н=20-40 м, R=16-35 м) және суды алысқа
шашырататын (Н=40-100 м, R =35-100 м ) болып үшке
бөлінеді.
Импульсты аппараттар.(Жаңбырлатқыш
зеңбіректер). Суы қысым резервуарынан
саптамалар арқылы оқтын-оқтын атқылап
тұрады. Суды әрбір атқан сайын саптама
өзінің білігі бойымен айналады.
Импульсті аппараттар жаңбырлатудың
мардылығы орта мөлшерде болғанда учаскелерді
күнде суарып, өсімдіктердің өсуіне қолайлы
жағдай туғызады.
Жаңбырдың сапасы жаңбырлатудың мардымдылығы,
жаңбыр тамшыларының диаметрі және олардың
топырақпен өсімдіктер бетін ұру күші
арқылы сипатталады.Тамшының диаметрі
мен жаңбырлату мардымдылығы неғұрлым
аз болса, солғұрлым олар топырақтың құрамын
аз бұзады және топырақтың құрамын құрамын
аз бұзады және топыраққа жақсы сіңеді.
Бұған керісінше,тамшылар диаметрі үлкеиген
және жаңбырлату мардымдылығы молайған
сайын топырақтың құрамы қатты бұзылып,
оның бетінде шалшықтар пайда болып, су
аға бастайды, ал суарып болғаннан кейін
топырақ беті қабыршақтанып қалады.Топырақтың
су сіңіру мөлшері жаңбырлата суарғанда
беткейлеп суарумен салыстырғанда кем
болатыны көрсетілген.
Жаңбырлату жүйесіне жүйесіне насостық-күштік
жабдықтар, жаңбырлатқыш аппараттар және
машиналар жатады. Өзінің жұмыс істеу
принципіне қарай жаңбырлату жүйесі тұрақты,
жартылай тұрақты және бір орыннан екінші
орынға жылжып отыратын болып үшке бөлінеді.
Тұрақты жүйелерде жаңбырлатқыш аппараттан
басқа элементтердің барлығы тұрақты
жағдайда жұмыс істейді. Бұл жүйелер парниктер
мен теплицаларда қолданылады.Ал бір жерден
екінші жерге жылжытылып отырылатын жүйелердің
элементтері суару кезінде жылжып тұрады.
Жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар.
Қазіргі уақытта жалпы ауыл шаруашылық
дақылдарын суару үшін біздің және шет
елдерде жасалатын жаңбырлатқыш машиналар
мен жинақтардың және қондырғылардың бірнеше түрі қолданады. Бұл машиналар
мен қондырғылардың техникалық бейнесі
.
Жаңбырлатқыш қондырғылар деп бір жерден екінші жерге жылжытылып
отырылатын өте жеңіл және жылдам бөлшектенетін
трубопроводтар арқылы суды шашқылайтын
құралдармен жабдықталған жаңбырлатқыш
конструкцияны айтады. Әдетте жаңбырлатқыш
қондырғылар бір, немесе екі қанаттан
және қосалқы (жәрдемші) трубороводтар
мен саптама, немесе аппарат деп аталатын
жаңбырлатқыш құралдардан тұрады.
Ал жаңбырлатқыш машиналар деп өз бетімен
механикалық әдіспен жүрге алатын жаңбырлатқыш
механизмдерді айтады.
Егерде өз бетімен жүретін жаңбырлатқыш
машиналар суды жіберу және оның қысымын
жасайтын насостармен жабдықталған болса,
онда қысымын жасайтын насостармен жабдықталған
болса, онда олар жаңбырлатқыш агрегаттар
деп аталады.
Суды шашудың алыстығына қарай жаңбырлатқыш
қондырғылар оны жақынға шашырататын
(КДУ), орташа шашырататын (СДУ) және алысқа
шашырататындарға (ДДУ) бөлінеді.
Жалпы жаңбырдың мардымдылығын оның
жер бетіне түсу жылдамдығы бейнелейді.Жаңбырлатқанда
белгілі бір уақыт ішінде жер бетіне минутына
миллиметр (мм/мин) есебімен өлшенетін
су қабатының мөлшері-оның мардымдылығын
бейнелейді.Бұл мөлшер топырақтың суды
сіңіру қабілеттілігіне тең, не болмаса
одан аз болуы керек.
Өзінің жұмыс істеу принципіне қарай
жаңбырлатқыш қондырғылар жүріп келе
жатып жұмыс істейтіндер және позициялы
болып екіге бөлінеді.
Жылжымалы қондырғылардың насостары
мен жаңбырлатқыш агрегаттары құлақ-арықтың
бойымен жүріп отыратын тракторге орналастырылады,
сондықтан олар насос арқылы арықтан суды
сорып алып өзінің шашыратқыш құралдарының
көмегімен жер бетіне шашыратып отырады.Ал
позицияда тұрып жұмыс істейтін жаңбырлатқыштар
бірден қысымды трубопроводтарға қосылады,
не болмаса оларға су жылжымалы насос
станциялары арқылы ашық каналдардан
келеді.
Ғылыми-зерттеу мекемелері мен озат шаруашылықтардың
тәжірибесіне сай жаңбырлатып суару үшін
төмендегі жаңбырлатқыш машиналар мен
қондырғыларды қолдануға болады.
Суды жақынға шашырататын жаңбырлатқыш
машиналар мен қондырғылар. Суды жақынға
шашырататын жаңбырлатқыш машиналардың
ішінде көп тарағаны ДТ-54А және ДТ-75 тракторларына
қондырылған ДДА-100М деп аталатын, екі
қанатты жаңбырлақыш агрегаттар болып
саналады.
ДДА-100М агрегатын жүргізетін ДТ54А тракторының
басқа тракторлардан ерекшелігі оның
үстіне арнаулы жалғау қорабы орналастырылып,қуатты
саралау білігінің орнына жұдырықты муфта
арқылы тракторды артқа жүргізетін білікпен
жалғастырылған орталықтан тебетін насостың
білігі орналастырылуында.
Бұл агрегаттың негізгі бөлшектері не
әр қайсысы 55 метрге тең, екі қанатты ферма,
орталықтан тебетін насос, сору сызығы
және тыңайтқыштарды шашу үшін қолданылатын
кішірек бак жатады.
Қорытынды
Суару— 1) топырақ ылғалдылығын арттыру үшін жүргізілетін жұмыс. Дақылдардың вегетациясы кезіндегі суару саны және суармалау нормалары белгіленіп жүргізіледі. Суару әдістеріне топыраққа суды жайып жіберу, жаңбырлатып, тамшылатып, жүйектеп, көлдетіп суармалау әдістері
Халық шаруашылығының талаптарына сай
жылылықпен күннің жарығына бай Орта Азия
және Кавказдың ар жағындағы республикаларда
жер суарудың ең басты міндеті болып аса
бағалы техникалық және дәнді дақылдардан
мол өнім алу болып саналады: мақта, жүгері,
кенеп, темекі, жеміс. Ал Қазақстан, Қырым,
Солтүстік Кавказ, Оңтүстік Украина және
Сібір мен Поволжье далаңқы аудандарында
суармалы жерлерде суаруды өте қажет ететін
дақылдар өсіріледі; күріш, бидай, жүгері,
қант қызылшасы, көк өніс, картоп, жүзім
және т.б. Орталық қара топырақты алкапта
негізінен суару жұмыстары көк өніс, жүгері,
қант қызылшасы және мал азығы дақылдарын
суару үшін жүргізіледі.
Егісті суарудың өте пайдалы екендігін
толығагаг дәлелдеді. Мақтаны, кенепті,
төмекіні, күрішті, жүгеріні, бедені, қант
қызылшасын суаруды ұйымдастыруға жұмсалған
күрделі қаржының орны 3...5 жыл ішінде қайтарылады.
Мысалы, 1960 жылы Мырзашөлде жаңадан 6
совхозы құрылып, оны ұйымдастыру үшін
үш жылда мемлекет тарапынан 16,2 млн сом
қаржы жұмсалған болатын. Осы мерзім ішінде
совхозда өсірілген мақтамен одан өндірілген
басқа да материалдары ақшаға айналдырудың
арқасында 46 млн сом табыс түскен.
Қазіргі уақытта суармалы жайылымдарды
ұйымдастырудың өте тиімді екендігін
Литва және Украйна республикаларымен
Қазақстанның және Ресейдің көптеген
шаруашылықтарының көрсеткіштері толығынан
дәлелдеп отыр.
Пайдаланылған әдебиет.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.

- Субарктические (тундровые), бореально - субарктические континентальные (лесотундровые) ландшафты
- СУБД Microsoft Access
- СУБД "MongoDB"
- Субд Оракл
- Суб‘єкт злочину
- Суб’єкти господарського права
- Суб єкти господарського права (2)
- Стыд и совесть
- Стыки конструкций каркасных зданий
- Стэнфордский эксперимент
- Стэнфордский эксперимент
- Стягнення аліментів в Україні
- Суармалы жерлер
- Суару әдістері