Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасы етудәң өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы / Қаржы полициясы академиясының ғылыми еңбектері. 12 жинақ / автолар ұжымы. – Астана, 2012.
Қонысбекова А.Т.,
Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару заңнамасы және сот сараптамасы бөлімінің ғылыми қызметкері
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының
Осы аталған саладағы
Қазақстан Республиксының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлыққа келесідей ұғым берілген: Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы,жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда.
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқада жалпы жұртта ныған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік кеңістіктегі Қазақстанның көрсеткіштері жыл сайын жоғарылап келеді. Бұл проблемамен жан-жақты айналысып жүрген беделді халықаралық ұйым – Транспаренси Интернешнл қорының деректеріне сүйенсек, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 2008 жылы 170-тен астам елдің ішінде 145 орында болса, 2009 жылы 120 орынға, ал былтырғы жылы 105 орынға дейін көтерілді. Бұл индекс кәсіпкерлердің, сарапшылар мен зерттеу ұйымдарының мәліметтерін қорытындылай отырып, жыл сайын шығарылып отырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында өз ұсыныстарымды назарларыңызға салсам.
Елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру үшін бізде сыбайлас жемқорлықтың ауқымы жайлы толық мәлімет болуы керек. Ол үшін бірінші кезекте бұл қылмыстардың қатары нақты анықталуы тиіс. Бұл мәселеде ұлттық заңнамада бір олқылықтар бар сияқты. Мысалы, Қазақстан Республикасы ратификациялаған 2003 жылғы 31 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 21-бабына сәйкес, әрбір оған қатысушы мемлекет экономикалық, қаржы немесе коммерциялық қызметтің барысында жасалатын мынадай әрекеттерді қылмыс деп тануы қажет:
1) жеке сектор ұйымында оның
жұмысына басшылық ететін
2) жеке сектор ұйымында басшылық
ететін немесе кез-келген
Қысқаша айтқанда, бұл нормаларда жеке сектор ұйымдарында пара беру және пара алу қылмыстары көзделген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнаманы алып қарасақ, Конвенцияда бекітілген қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстар болып табылмайды. Өйткені, жеке секторда пара алумен күресу үшін қабылданған Қылмыстық кодекстің 224 – «Заңсыз сыйақы алу» және 231 – «Коммерциялық сатып алу» баптары сыбайлас жемқорлық қыл мыстардың қатарында жоқ (307-бап ескертулерінің 5-тармағы). Осы қылмыстар санатын анық таған Қазақстан Республикасы Әділет министрі мен Бас прокурорының 1998 жылғы 16 қазандағы № 110 «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы» Бірлескен бұйрығында 224-бап, ал 2000 жылғы 5 маусымдағы № 27 осындай бұйрығында 224, 231- баптар бар еді. Бірақ соңынан Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 484-ІІ «Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңымен сыбайлас жемқорлық қылмыстардың тізімі Қылмыстық кодексте беріліп, оған 224, 231-баптар енбеді. Сондықтан қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген Конвенцияның талаптары мен ұлттық заңнаманы сәйкес тендіру мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың қатарын қайта қарау керек.
Әрине, бұл қылмыстармен күресте қылмыстық-құқықтық шаралардың маңызы ерекше. Сөйтсе де, оларды болдырмауда, ал орын алған жағдайда, жасаған адамдарды жазалауда тәртіптік, әкімшілік және азаматтық жауаптылық шараларында кеңінен қолданған жөн.
Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады, сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің қатарын мемлекеттің мүддесін жоғары дәрежеде қорғай білетін кадрлармен толықтыруды, кездойсоқ адамдардың мемлекеттік қызметке кіріп кетпеуін қамтамасыз ететін қосымша жан-жақты шараларды күшейту қажеттілігі артып келеді.
- Байланыссыз негізде емтихан алу.
- Барлық академиялық топтарда «Оқытушы студенттер көзімен» атты әлеуметтік сауалнама жүргізу, нақты шаралар қолдану және талдау.
- Әрбір жұмыс орнында сенім жәшіктерін орнату.
- «Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресу керек» үгіт-насихат материалдары (брошюралар, буклеттер, плакаттар, күнтізбелер).
- «Парасыз емтихан» акциясы.
- Міндетті түрде жұмыс орындары қабырғаларына «Біз коррупцияға қарсымыз» атты плакаттар конкурсын өткізу.
- Барлық білім ұйымдарында құқық органдарының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнамалар нормаларын түсіндіру.
- Оқу үрдісіне ықпалдастырылған интерактивтік білім порталын енгізу.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері ұсынылды:
- Заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту.
- Лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмдерді туғызу.
- Нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданың көлемін азайту!
Ал, парақорлардың санын қысқарту үшін:
- Ар-намыс кодексі талаптарының орындалуын қадағалау.
- Тәртіптік комиссияның орындалуын қадағалау.
- Қоғамдық кеңестің, және т.б орындалуын қадағалау!
Мемлекетімізде бірегейлі өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық болып отыр. Сыбайлас жемқорлық тек қана Қазақстанды ғана емес, әлемнің басқа да елдерін толғантқан мәселелердің бірі.
1979 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағытталуы» [1].
Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған тең орай шенеуніктіктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті. Дамыған елдерде (Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси партиялардың маңызы өскен сайын партиялық сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады.
- Ø сыбайлас жемқорлықтың түрі мен формасы көбее түсті;
- Ø бірте-бірте болған сыбайлас жемқорлық, жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлыққа айналды;
- Ø биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы сатысында кездесетін, одан әрі халықаралық сыбайлас жемқорлық сипатына ие болды;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүгізіп отырған елдерге Дания, Финляндия, Шведцария, Жаңа Зеландия, Нидерландия, Сингапур, Канада, Австрия, Испания, Жапония елдерін жатқызуға болады.
Міне, осы аталған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру кейбір ерекшеліктерін осы елдердің үкімет сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп қарайды. Сондықтан сыбайлас жемқорлық сырттан төнген және ішкі қауіп ретінде қабылданып соған байланысты онымен күрес көлемді және кешенді сипат алады.
Мысалы, Нидерландыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өзіне мыналарды енгізеді:
- лауазымды тұлғаның жағымды әрекетін көтермелеу жүйесі шенеунікке өз қызметін тиімді де адал орындағаны үшін материалдық тұрғысынан да жағдай жасау;
- сыбайлас жемқорлыққа бейім тұратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға мониторинг жүйесін енгізу және осы жерлерде қызмет ететіндерді қатаң бақылап отыру;
Әлемнің көптеген елдеріндегі жемқорлыққа қарсы күрес қағидаларының бірі – Заң алдында барлық адамдардың теңдігі [2]. Жемқорлық қылмыс жасаған азаматтар өздерінің әлеуметтік жағдайына қарамастан Заң алдында жауапкершілікте бірдей тартылады. Кытайда мемлекеттік комитеті сыбайлас жемқорлық үшін жаза туралы Қағиданы 1952 жылы қабылдады. Онда сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы нормалардың қылмыстық-құқықтық және қылмыстық істер деп жеке тарау етіп бөлу жеткілікті негізделген. Мысалы, пара алғаны үшін мемлекеттік ұйым айыппұлмен жазаланады, тікелей орындаушы мен ұйымның басшысы жағдайдың ауырлығына байланысты – 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе тұтқындалады. Сыбайлас жемқорлық және парақорлық үшін жазалау мәселелері жеке нормамен реттелген. Егер сыбайлас жемқорлық немесе пара алу кірісінің сомасы 100 мың юаньнен асып кетсе, онда 10 жылға бас бостандығынан айырылады немесе дүние мүлкі тәркіленеді немесе онсыз өмірлік бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады [3].
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіде 13-тарау Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстарға арналған оның, 311-бабында мемлекеттік қызметкер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына, жасаған іс-әрекет (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) мемлекеттік қызметкер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекет (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе, мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ал Францияны алар болсақ, параны алғаны, ұсынғаны, парақорлық және парақорлыққа пара беру үшін бірдей жазаланады: 10 жылға түрмеге қамалынады және 1 млн. франк көлемінде айыппұл төлейді. Лауазымдық тұлғаларға лауазымнан босағаннан кейін 5 жылға дейін өзінің капиталымен жұмыс істеуге, жеке кәсіпорындарға кеңес беруге тиым салады.
Шетел мемлекеттерінде жемқорлыққа қарсы заңнаманы күресудің барлық құқықтық құралдарын, яғни қылмыстық-құқықтық қана емес, қолдану жағына қарсы дамып жатқандығы көрініп тұр. Осы елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы пайдалы әрі тиімді озық ұлттық стратегияны жасауға көмектеседі.
Мысалы, Сингапурдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты өзінің жетістіктерімен таңқалдырады. Сыбайлас жемқорлық — қоғам мен мемлекеттің қылмыстық сипат алуы сияқты қауіпті ұғым. Оның жоғары деңгейдегі қоғамдық қауіптілігі — ол мемлекеттіліктің негізін құлдыратып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді.
Сингапур
елі сыбайлас жемқорлыққа қатысты ең «таза»
мемлекеттердің қатарында. Сингапур билеушілері,
шынымен де, жемқорлықпен күрестің қызмет
етіп тұрған және нәтижесін беріп отырған
тиімді механизмін жасай білді. Бұл елде
жемқорлықпен күрес үздіксіз жүргізіліп
отырады. Бұған 1952 жылы құрылған сыбайлас
жемқорлық жағдайларын тергеу Бюросы
арнайы органының үздіксіз жұмысы дәлел.
Бюро мемлекеттік шенеуніктер арасында
болған жемқорлыққа қатысты жағдайларды
тексеріп, тиісті органдарға қажетті шараларды
қолдану үшін хабарлап отырады. Сонымен
бірге, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне
жақын мемлекеттік органдардың жұмыс
істеу әдіс-тәсілдерін басқару жүйесіндегі
«әлсіз тұстарын» айқындау мақсатында
зерттейді. Егер жемқорлық әрекеттерін
тудыратын жағдайлар табылса, Бюро бұл
органдардың басшыларына тиісті шараларды
қолдануды ұсынады.
Сингапур елінің сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясатының басты идеясы «жеке тұлғалардың
сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекет
жасауға мүмкіндіктерін, жағдайларын
болдырмауға мейлінше тырысу» болып табылады.
Бұл бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ұстанымдардың негізінде жүзеге асырылады,
мысалы:
- мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы жеке секторларда табысты жұмыс істеп жүрген тұлғалардың орташа еңбекақысы көлемінде есептелінеді;
- пара беруші де, пара алушы да жақтарға қатаң шаралар қолданылады;
- мемлекеттік лауазымдық тұлғалардың мүлкі, активтері, қарыздары туралы жыл сайын тексеруші есеп жүргізіледі;
- саяси сатылмайтын көшбасшылардың моральдық беделін қолдау үшін жоғары лауазымдардағы шенеуніктердің жемқорлыққа қатысты әрекеттеріне қатаң түрде қарау;
- сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы хабарлаған адамдар жайлы құпия ақпараттарды қатаң сақтау;
- шенеуніктерді алмастыру, «кездейсоқ сан әдісі бойынша» жоспарланбаған тексерулер жүргізу;
- экономиканы дамыту үшін артық әкімшілік кедергілерді жою;
- әр 3-5 жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүргізілген шараларға мониторинг, талдау, сараптама жүргізу.
Сингапурдің
мемлекеттік қызметі меритократия (жеке
еңбегінің жүйесі), бейтараптық, қоғамға
есеп беру, адалдық, жемқорлыққа қарсы
тәртіптілік негізінде қызмет етеді. Ол
халықтың әр арызына мұқият көңіл бөледі.
Әр Министрлікте жұмыс сапасын арттырумен
шұғылданатын бөлімдер қызмет атқарады.
Жұмыс сапасын арттыру мақсаттарының
бірі — қызмет көрсету тұтынушыларын
15-20 минуттан артық күттірмеу. Мемлекеттік
қызметті дарынды, қабілетті мемлекеттік
қызметшілермен қамтамасыз ету үшін, мектеп
қабырғасындағы келешегі зор, озық оқушыларды
анықтап, оларды оқу барысында қолдап,
университеттерге түсу үшін шәкіртақылар
тағайындап, шетелдерде оқыту мәселесіне
көңіл бөлген. Біртіндеп Сингапурдің мемлекеттік
қызметінде ең дарынды әрі қабілетті,
білікті мамандар жұмыс істей бастады.
Сингапур ақша саясатына қатаң бақылау
қоя білді. Мысалы, сайлау кампанияларында
шығындарға қатаң шектеулер қою, жеке
министрліктер мен парламент мүшелері
үшін емес, тек саяси партиялардың пайдасына
ғана қайырымдылық көрсету, үкімет саясатына
пара беру арқылы әсер етпек болғандардың
әрекеттеріне жол бермеу. Бұл мәселе төңірегінде
қоғамдық пікірді қалыптастыруда, сыбайластық
фактілерін әшкерелеуде БАҚ-ның атқарар
мәні зор. Сыбайлас жемқорлықпен күрес
— Сингапурдің экономикалық өсуінің басты
факторларының бірі. Сингапурдің сыбайлас
жемқорлықпен күрес тәжірибесі күшті
саяси ерік-жігер мен жалпы қоғам тарапынан
түсінушілік пен қолдау болса, жемқорлықтың
тамырына балта шабуға болатынын көрсетеді.
Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес тиімділігін айтқан кезде, белгілі бір шешімге келер алдында, екі бірдей күмәнді мәселенің басын ашып алған абзал. Біріншіден, Сингапурлық модельді басқа мемлекеттерге көшіріп, қондыра салу ақылға сыймайды, өйткені әр мемлекеттің өзіндік тарихи ерекшеліктері, географиялық, экономикалық, демографиялық және саяси ерекшеліктері бар. Екіншіден, тағы бір қателіктен сақтандырмаса болмайды, өйткені сингапурлық модель көп қаржылық шығындарды талап етеді [3]. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы заң талаптарын орындаудан жалтаруға мүмкіндік бермейтіндей өмірдің сан-алуан жағдайларын қарастыратындай жан-жақты мәселелерді қамтулары тиіс және өзекті мәселелерді қайталай қарастырып, қажетті жағдайда өзгерістер енгізуге мүмкіндік туғызу жағдайы да қарастырылуы абзал. Мемлекеттік қызметшілер мен саяси көшбасшылар арасында жемқорлық әрекеттерге баруды азайтудың жолдары ретінде олардың жалақылары мен кейбір берілетін жеңілдіктерін жеке сектордың деңгейіне салыстырмалы түрде қарастырса, осы бағыттағы жұмыстың қомақты жетістігі болар еді. Басқа сөзбен айтсақ, саяси көшбасшы мен мемлекеттік қызметшілердің төмен жалақысы лауазымдық қызметтері мен жауапкершіліктерінің салмағына сәйкес болмағандықтан, жемқорлықтың түрлі сиқырына төтеп бере алмайды. Бірақ та, мемлекетте экономикалық деңгейдің дамуында белгілі бір алға жылжушылық пен қаржының қосымша көздері болмаса, үкімет бұл қызметшілердің жалақысын көтеруге мүмкіндігі болмайды. Яғни, мемлекеттік сектордың болашағына мемлекеттік қызметшілердің жалақысының төмендігі қолайсыз жағдай тудыруы әбден мүмкін, өйткені, дарынды мемлекеттік қызметшілер жеке кампанияларға жұмысқа кетіп қалу қаупі бой көтереді. Себебі, онда жалақы әлдеқайда жоғары, ал қабілеті төмендер орындарында қалып, мардымсыз жалақыларының өтемін жемқорлық жолмен табуға тырысады [4].
Тағы бір масыл келтірер болсақ, парақорлық үшін АҚШ-та қылмысты қудалауға пара алушылар ғана емес, пара берушілер де жатады. Пара беруде кез келген азамат жауапқа тартылады. АҚШ-та сыбайлас жемқорлық мәселесімен негізінен этика жөніндегі Сенаттың арнаулы комитеті және өкілдер Палатасының лауазымдық тұлғалардың қызметтік тәртібінің стандарты жөніндегі Комитеті айналысады. Басты үйлестіруші ведомство болып Әділет министрлігі бекітілген.
Әділет министрлігінде сыбайлас жемқорлықпен күресумен қылмысты іс басқармасы тікелей айналысады, қылмыстық заңдарды сақтауға бақылауды жүзеге асырады, ашық бизнес және кәсіби одақтарға қосымша кіріс және тиым салынған қызмет түрлерін бүркемелеу үшін ұйымдасқан қылмыстың енуін анықтайды. Сондай-ақ күресте Тексерудің Федеральдық бюросына маңызды рөл берілген [5]. АҚШ–тың көптеген штаттарының қылмыстық кодекстері сыбайлас жемқорлықтың мынадай түрлерін қарастырады:
- мемлекеттік қызметкер қызмет бабымен байланысты жеке кәсіпорыннан қаржылай пайда табу;
- мемлекет қызметке біреуді тұрғызуға уәде беріп, сол үшін пара алу; жеке тұлғаға немесе кәсіпорынға банктен қарыз алу, үкімет кепілдік берген депозиттерді алу үшін пара алып ұйымдастыру;
- Фермерлік борышты ретке келтіргені үшін сыйақы қабылдау;
- АҚШ құндылықтар немесе пайда табу үшін жалған құжаттарға ие болуы;
- пошта ведомство ісінде жалған мекен жайлар жеке пайдасы үшін пайдалану және алаяқтық жасау;
- радио қатынасы және теледидар хабарлары саласында қасақана теріс пайдалану.
Американың заңдары мемлекеттік қызметкердің жанама жалақы табуға шектеу қояды. Жанама жалақы негізгі қызмет жалақысынан 15% аспауы тиіс. Егер мемлекеттік қызметкер қызметте болған кезде өкіметтік лауазымды адам түрінде нақты мәселелерді шешуге қатысса, ал жұмыстан кеткеннен кейін біреудің мүддесін ресми және басқа түрде болсын көздей алмайды. Бұзушылар ақша түрінде айыппұл төлейді немесе 20 жыл бас бостандығынан айырылады [7]. АҚШ сенаторы сонымен қатар оның аппаратында жұмыс істейтін қызметкерлер жеке және заңды тұлғадан сыйлықтарды алуға тиым салған. Сенатордың өз туыстарынан басқа сыйлықтардың да бағасы 300 доллардан аспауы тиіс, ал 75 доллардан аз болса онда ол жарияланбайды. Әдеп туралы заң жеке тұлғаларға іссапар түріндегі сыйлықтарға төлетуге шектеу қойған. Осы шектеулер сенат отбасының мүшелеріне таралады. АҚШ конгресі өкілетті палатасының мүшесіне 1 адамнан 1 жыл бойы 250 доллар салмағында сыйлық алуға болады. Әрбір 3 жыл сайын осы лимит қайтадан қарастырылады. Соның ішінде лауазымды адамдардың әйелдеріне 100 доллар шамасында сыйлық жасаған кезде оны бекітуге тиісті.
АҚШ шетелдік шенеуніктерді параға алуға тыйым салатын «Шетелдік жемқорлыққа қатысты тәжірибе туралы» 1977 жылы заң қабылдаған тұңғыш ел болды.
Қорыта келгенде ататынымыз, сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында шет мемлекеттердің жетістікке жеткізген тәжірибесін бөлісіп, Қытайдың алған парасының көлеміне қарай бас бостандығынан айыру; Сингапурдың мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы жеке секторларда табысты жұмыс істеп жүрген тұлғалардың орташа еңбекақысы көлемінде есептеуді; мемлекеттік лауазымдық тұлғалардың мүлкі, активтері, қарыздары туралы жыл сайын тексеруші есеп жүргізуді; сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы хабарлаған адамдар жайлы құпия ақпараттарды қатаң сақтау; шенеуніктерді алмастыру, «кездейсоқ сан әдісі бойынша» жоспарланбаған тексерулер жүргізу; АҚШ-тың мемлекет қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалардан сыйлық алуына тиым салу. Міне, осы озық тәжірибелерді мемлекетімізде қолданысқа енгізсек, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың санын азайтып, экономикамыз бұдан да әрі көркейер ме еді.
Жаһандық деңгейдегі проблемалардың өсу беталысымен ерекшеленетін заманауи өмір шарттары кез-келген елдің мемлекеттік аппаратына қатаң тәртіптер қояды. 21-ғасыр талаптарының салдары оған дайын емес елдердің экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдайлардың едәуір төмендеуіне әкеп соқтырады және әсірелеусіз авариялық салдары болуы мүмкін. Қазақстанның осы мәселелерді озық қарқынмен жұмыс істейтін күшті жайғасымы дүниежүзілік қоғамдастықта шын жүректен құрмет сезімін тудырады.
Біздің еліміздің дамуын онжылдықтар
бұрын анықтайтын бағдарламалық құжаттарында
- Президенттің «Қазақстан 2050» Стратегиясы
жолдауы және «Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына
қарай жиырма қадам» мақалаларында бүгінгі
және ертеңгі проблемалардың толық талдауы
жасалған, оларға ден қоюдың айқын бағдарламасы
белгіленген, оның түпкі мақсаты қазақстандықтарды
олардың жағымсыз факторларынан қорғау,
халықтың өмір деңгейінің өсуі болып табылады.
Осы шаралардың мән-мәнісі ұлттық қаупсіздікке
төнген қауіптің бірі ретіндегі сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күреске ерекше мән
беріледі. Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар министрлігінде бұл жұмыс тиісті
деңгейге қойылған, соның ішінде ведомствоның
құрылымдық бөлімшелерінде шаралар өткізіледі,
оның түпкі нәтижесі – бұл қоғамдық қауіпті
құбылысты түп-тамырымен жоюға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін
саясатының аясында, сонымен қатар Қазақстан
Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
«Нұр Отан» ХДП жанындағы Солтүстік Қазақстан
облысы Төтенше жағдайлар департаментінде
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша
республикалық қоғамдық кеңес ұсынымдарын
жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына
сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстар
мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша
үздіксіз мақсатты жұмыс жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
фактілерін жою бойынша шаралар қолданылды,
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың
пайда болу жағдайларының алдын алу жөнінде
шаралары қолданылады. Барлық деңгейдегі
құрылымдық бөлімшелер басшыларын өздеріне
тапсырылған бөлімдердің қызметкерлері
жіберген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың
әр фактісіне, міндетті түрде дербес жауапқа
тарту практикаға енгізілген.
Жүйелі түрде ТЖД құрылымдық бөлімшелер
ұжымында – ТЖ аудандық бөлімдерінде
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын
қатаң сақтау мәселелері бойынша жиындар
өткізіледі, әр қызметкермен сыбайлас
жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар
жасау үшін жағдай тудыратын барлық фактілер
бойынша әңгімелер жүргізіледі.
Департамент басшылығы объектілердің
жәй-күйін тексеру кезінде қызметкер әрекетінің
заңдылығын үздіксіз бақылауды іске асырады.
Объектілерді, аяқталған құрылыстарды,
қайта жасалып жатқан объектілерді және
т.б. қолдануға қабылдау кезінде қызметкерлер
жағынан жеке тұлғалардың мүддесіне ықпал
жасамау, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілер
ісіне қызметкерлердің заңсыз араласуына
жол бермеу жөнінде жұмыстар жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық көріністердің пайда
болу себептерін жою бойынша алдан алу
шаралары өткізіледі. «Мемлекеттік қызмет
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы», «Құқық қорғау қызметі
туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын,
басқа да сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің
алдын алу бойынша нормативтік-құқықтық
актілерін жүзеге асыруға бағытталған,
жаңа құқықтық актілер жеке құрам назарына
уақытылы жеткізіліп отырады. Департамент
қызметкерлері мен олардың зайыбының
табыстары туралы салық декларациясын
уақытында тапсыру қатаң бақылауға алынған.
Департаментке қызметке қабылдау кезінде
табыс туралы салық декларациясының болуы
міндетті. Тоқсан сайын департамент қызметкерлерінің
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
мен қылмыстар жасау тақырыбына Құқықтық
статистика және арнайы есеп комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық
басқармасымен салыстырып тексеру жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрінің бұйрығымен бекітілген Орталық
аппараттың құрылымдық бөлімшелерінде,
ведомстволарда, аумақтық органдарда
және ведомстволық бағынысты ұйымдарда
кәсіптік оқыту ұйымдастыру қағидаларына
сәйкес департаментте ай сайын сыбайлас
жемқорлыққа қарсы заңнамаларға қатысты
мәселелерді түсіндіру жөнінде сабақтар
өтеді.
Бөлімшелерге экстремистік діни ағымдар
мен ұйымдасқан қылмыстарды жақтаушылардың
енуіне тосқауыл жасау бойынша алдын алу
шаралары ұйымдастырылған, сыбайлас жемқорлық
көріністернің пайда болу мүмкіндіктері
бар «тәуекел тобы» мен учаскелері анықталған.
Департамент бастығының бұйрығымен сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылық мүмкіндігі
жоғары лауазымдар тізімі бекітілген,
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-да Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша
салалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
2013 жылға арналған шаралар жоспары бекітілген.
«Тәуекел тобына» жататын тұлғалармен
сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік туралы
әңгімелер жиі өткізіліп тұрады.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық
бұзушылықтардың алдын алу және әкімшілік
тосқауылдарды төмендету мақсатында,
департаментте ішкі бақылау бөлімі жұмыс
істейді. Департамент қызметкерлері «Жеке
және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау
тәртiбi туралы» ҚР Заңының талаптарын
мүлтіксіз орындайды. Жеке және заңды
тұлғалардың өтiнiштерi заңмен бекітілген
мерзімге сәйкес уақытында қарастырылады.
Рұқсат құжаттарын беру кезінде «бір терезе»
үдерісі қатаң сақталады, жауапты тұлғалар
белгіленген, қатаң бақылау жүргізіледі.
Департаменттің кадр жұмысы бөлімі 2013
жылғы 15 ақпанда СҚО ТЖД кадр жұмысы бөлімінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс өткізу
аясында табыс туралы декларацияларды
дұрыс толтыру мәселелері бойынша салық
заңнамаларын түсіндіру жөнінде семинар
өткізді.
Облыстың қоғамдық бірлестіктері және
кәсіпкерлерімен өзара әрекетті қамтамасыз
етуге жүйелі көзқарасты жүзеге асыру
мақсатында СҚО ТЖ департаменті сыбайлас
жемқорлыққа қарсы әрекет мәселесі жөнінде
қоғамдық кеңес құру бойынша жұртшылыққа
ұсыныс жасады. 2013 жылғы 18 ақпанда өткен
«дөңгелек үстел» шешімінің негізінде
облыстағы барлық қоғамдық бірлестіктердің
басшылары ынтымақтастық меморандумына
және қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлыққа
қарсы әрекет жөнінде ережелеріне қол
қойды. «Дөңгелек үстел» жұмысына облыс
кәсіпкерлерінің күрделі қоғамдық бірлестіктерінің
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының,
облыстық Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті
(қаржы полициясы) Сыбайлас жемқорлық
бойынша істерді ашу және алдын алу басқармасының,
облыстық Салық департаменті Салық заңнамаларын
түсіндіру басқармасының өкілдері қатысты.
2013 жылғы сәуірде және тамызда департаментте
қоғамдық кеңестің 2 отырысы өтті, онда
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты
мәселелер қарастырылды. Бірінші отырыста
департамент басшылығы кіші бизнес субъектілерін
СҚО ТЖМ қызметкерлерінің және қоғамдық
кеңес мүшелерінің ішінен қадағалаушылардың
қатысуымен кезекті тексеріс жүргізу
туралы ұсыныс енгізді. Бұл ұсынысты оның
мүшелері қолдады және жеке кесте бойынша
жүзеге асыру қабылданды.
Солтүстік Қазақстан облысының ТЖ департаменті
өткізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-әрекет бойынша жұмысы өзінің тиімділігін
сөзбен емес, іспен көрсетті: соңғы 3 жылда
ТЖМ аумақтық бөлімшелер қызметкерлері
сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық
бұзушылықтар жасауға жол берген жоқ.
Демек – осы бағыттағы жүйелі мақсатты
жұмыстың нақты нәтижелері бар, және сыбайлас
жемқорлықтан құтыла алмаушылық және
оны түзеуге келмеушілік туралы дәлелдері
шүбә тудырауы мүмкін.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қағидаттары
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдар.Пара беру
- Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидалары
- Сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары
- Сыбайлас жемқорлықты туғызатын құқықтық факторлар
- Сыбайлас жемқорлық ұғымы
- Сыбайлас жемкорлык
- Сыбайлас жемкорлыкка курес жолдары
- Сыбайлас жемқорлық
- Сыбайлас жемқорлық
- Сыбайлас жемқорлық
- Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары
- Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары