Тахеометр туралы жалпы мәлімет, өндірісте электронды тахеометрді қолдану

Кіріспе

 

 

Құрылыс өнімінің сапасына талаптары тез өсетіні белгілі. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарының жалпы техникалық деңгейі, құрылыс өндірісінің технологиялылығы, беріктілігі, төзімділігі мен көркемділігінің тұрақты дамуының қажеттілігі де артады.

Құрылыс, жер қазу, жол және геодезиялық жұмыстар жүргізген кезде техникалық нормативтерді сақтау және салынатын құрылыстардың жобалық құжаттамаларына сәйкестігі үшін нақты өлшеулер пен есептеулер қажет. Қажетті есептеулерді орындау үшін әртүрлі геодезиялық жабдықтар қолданылады, солардың бірі болып тахеометр табылады.

Электронды тахеометр – бұл геодезиялық өлшеулердің анағұрлым жеңілдеткен жоғары дәлдікті және жоғары сапалы заманауи геодезиялық аспап. Негізінде электронды тахеометр бұрыш өлшеуіш, жарық қашықтық өлшеуіш бөлікттерінен және кіріктірілген компьютерден тұрады. Осылайша бұрыш өлшеуіш бөлігі арқылы тік және жазық бұрыштар, жарық қашықтық өлшеуішпен – қашықтықтар өлшенеді, кіріктірілген компьютер әртүрлі геодезиялық есептерді шешеді, аспапты басқару, өлшеу нәтижелерін бақылау мен сақтауды қамтамасыз етеді. Өлшеулердің нәтижелерін дербес компьютерге көшіруге және арнайы бағдарламаларда өңдеуге болады. Электронды тахеометрлер шағылыстырғыш тәртіпте де (бақылаушы өлшеулерді арнайы құралдарға – шағылыстырғыштар, призмалар, шағылыстырғыш маркаларға орындайды, шағылыстырғышсыз тәртіпте де (бақылаулар тікелей бақыланатын нысанаға орындалады) жұмыс істей алады. Сонымен қатар роботтандырылған тахеометрлер бар, бұлар арқылы өлшеулерді бір адам ғана орындау мүмкін, яғни бұл аспаптар берілген бағдарлама бойынша шағылыстырғыштардың жағдайын өздері тауып, өлшеулерді өздері орындайды. Электронды тахеометрдің пайдалану өрісі кең: құрылыс, жерге орналастыру, топография, инженерлі іздестірулер және т.б. Тахеометрдің негізгі функциялары: координаталарды анықтау; координаталарды, сызықтар мен доғаларды жер бетіне көшіру; кері қима; қолжетімсіз нысанның биіктігін анықтау; ауданды есептеу және т.б.

Қазіргі таңда геодезиялық жабдықтардың нарығы лық толық. Ондаған ірі компаниялары өз жабдықтары мен қызметтерін ұсынуға әзір. Сондықтан геодезиялық жабдықтарды дұрыс таңдау сауалы туындап тұр.

Берілген зерттеу тақырыбының өзектілігі - қазіргі уақыттағы геодезиялық жабдықтарды таңдаған кезде көптеген фирмалар мен жеке тұлғалар үшін бастапқы шарт болып техникалық сипаттамалары емес, баға табылатынында. Одан басқа қызмет көрсету сияқты шарттар қарастырылмайды, алайда бұның жоқтығы қымбатқа түсері сөзсіз. Жөндеуге келмейтін аспаптармен жұмыс істеу артынан, тіпті лицензияны алып тастауға дейін, көптеген қиындықтарға ұшыратуы мүмкін.

Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты болып Қазақстан Республикасының нарығында ұсынылған тахеометрлерінің техникалық сипаттамаларын салыстыру және заманауи геодезист үшін ең тиімді шешім шығару табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды шешу керек:

- әлемдік геодезиялық жабдықтарға шолу жасау;

- геодезиялық жабдықтардың қазақстандық нарығына талдау жасау;

- электронды тахеометрлердің техникалық сипаттамаларын салыстыру;

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

- Қазақстан Республикасының нарығында ұсынылған геодезиялық жабдықтардың толық талдануы жасалды;

- алуан түрлі жұмыстардың өндірісі үшін арналған электронды тахеометрлерінің аса тиімді түрлері үсынылды;

- электронды тахеометрлерді пайдалану бойынша ұсыныстар енгізілді.

Зерттеу нысаны болып геодезиялық жабдықтардың қазақстандық нарығы табылады.

Жұмыста геодезиялық жабдықтарды шығарушы компаниялардың техникалық-коммерциялық ұсыныстары мен бұлардың каталогтары қолданылды. Сонымен қатар ұлттық және аймақтық ғылыми-зерттеу мекемелерінің мақалалары мен баспалары қолданылды.

Дипломдық жұмыс кіріспе, төрт тарау мен тармақтардан, қолданылған әдебиеттер тізімі, қорытынды ме қосымшалардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі – 77 бет. Диплом 1 кесте, 8 сурет пен 16 қосымша бетінен тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі 35 атаулардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Тахеометр туралы жалпы мәлімет, өндірісте электронды тахеометрді қолдану

 

 

Қазіргі уақытта топография-геодезиялық жұмыстар жүргізу жәнебұлардың қажетті дәлдігі пен сапасын қатаң сақтау кезінде орындалу мерзіміне көп көңіл бөлінеді. Берілген жағдай жобалық-іздестіру, жер-кадастрлық және құрылысты кеңістік координаталарды өлшеудің жаңа құралдарын, әмбебап және ыңғайлы бағдарламалық қамту, жұмыстардың далалық және камералдық кезеңдерін автоматтандыруға және геодезиялық мәліметтерді ең оңай түрде жұмыстарды жобалаудың автоматтандырылған жүйесі (ары қарай ЖЖАЖ) және геоақпараттық жүйелерге (ары қарай – ГАЖ) интегралдауға мүмкіндік беретін кешендік технологияларды пайдалануды ынталандырады.

Өлшеулердің серіктік түрлері мен жер үстілік лазерлі сканирлеу сияқты геодезияның жаңа салаларының қарқынды дамуына қарамастан дәстүрлі геодезиялық аспаптар - электронды тахеометрлер геодезиялық аспаптар арасында маңызды орын иеленуде.

Электронды тахеометрлерді әртүрлі геодезиялық есептерді шешу үшін белсенді қолданады. Берілген жұмыста тахеометрлік түсірісті орындауға арналған электронды тахеометрлерді қолдану қарастырылған.

 

1.1 Тахеометр, электронды тахеометр

 

 

Тахеометр – бұл қашықтықтарды, жазық және тік бұрыштарды анықтаумен қатар өлшеуге арналған геодезиялық аспап. Барлық алынған мәліметтерді электронды тахеометр жадысында сақтайды да, бұлардың негізінде инженерлі есептеулерді орындайды. Тахеометр жергілікті жердің топографиялық түсірісі, межелеу, бөлу жұмыстары, геодезиялық іздестірулер мен жобалық шешімдерді жер бетіне көшіру кезінде таптырмайтын зат жәнежер бедері мен ситуацияны көрсетуімен нысанның жоспарын алу сияқты қойылған барлық құрылыс және басқа да қолданбалы тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді [1].

Тахеометр - бұл геодезиялық әлемде төңкеріс жасаған аспап. Бұның шығуы лазерге байланысты болған. Тек ықшам және энергия жағынан тиімді жартылай өткізгіш лазер арқылы шағын корпуста қашықтық өлшеуішті орналастыруға және ішкі аккумуляторлардан қуаттандыруға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техникадағы берілген жетістіктер электронды тахеометрлер құру мүмкіндігіне жағдай жасады. Электронды тахеометрдің теодолиттен негізгі айырмашылығы - тек бұрыштарды ғана емес, қашықтықтарды да өлшеуге мүмкіндік беретін қашықтық өлшеуіштің бар болуы. Осындай аспаптың құрылуы геодезияда жаңа дәуірді бастады, енді қосымша құралдарсыз қашықтықтарды өлшеуге және бұрын қолжетімсіз болған көптеген есептерді шешуге мүмкіндік туды. Электронды өнеркәсіптің дамуымен геодезиялық жабдықтардың өндірушілері жаңа аспаптарда, соның ішінде тахеометрлерде, көптеген мүмкіндіктерді максималды енгізген. Мәліметтерді ішкі жадыға жазуға және одан қарай бұларды қолданбалы есептерді шешуде қолдануға мүмкін болатын аспап 90-шы жылдары пайда болды. Көптеген компаниялар өз мәселелерін өзінше шешкен, бір оптика-электронды аспап аясында өз ойларын жүзеге асырудың амалдарын тапқан. Бұны жүзеге асыра алған алғашқы компаниялардың бірі болып швед компаниясы табылды. Бұл AGA-136 электронды тахеометрін шығарды, бұнда бұрыштық шамалардың есебін алудың оптикалық жүйесіэлектронды түрге ауыстырылды, яғни жарық қашықтық өлшеуіш пен сандық теодолиттің мүмкіндіктерін біріктірді деп айтуға да болады. Алғашқы тахеометрлер 1000-2000 м шағын қашықтықтарда тек шағылыстырғыш, қабықшалармен немесе призмалармен ғана жүмыс істей алды (салыстыру үшін, заманауи аспаптар бір призма бойынша 5000 м алшақтықта да өлшей алады). Қолайлы өлшемдегі мықтырақ қашықтық өлшеуіштердің пайда болуынан кейін электронды тахеометрлерді шағылыстырғышсыз қашықтық өлшеуіштік құралымен жабдықтау мүмкін бола бастады, осы кезден бастап аспаптар шағылыстырғыш (тек призмалар және қабықшалар бойынша ғана жұмыс жасайды) және шағылыстырғышсыз (кез-келген нысанның бетіне жұмыс жасайды) деп бөліне бастады. Шағылыстырғышсыз аспаптар дамуы геодезиялық үрдісте көптеген жаңа мүмкіндіктерді ашты: көптеген үрдістер жеңілдетілді, қауіпсіздік деңгейі артты, орындалатын жұмыстың тиімділігі мен үнемділігі артты. Бүгінгі күні электронды тахеометр геодезисттің қолайлы, берік, көптеген қолданбалы бағдарламалары мен мүмкіндіктері бар негізгі аспабы болып саналады.

 

 

1.1.1 Аспап сипаттамасы мен геодезиялық нарықтағы жаңа тенденциялар

 

 

Тахеометрлердегі жарқын экран, эргономикалықпернетақта мен жоғары дәлдікті қашықтық өлшеуішт қиын геодезиялық жұмыстардың жұмысын жеңілдетеді, қажет болған жағдайда тахеометрлерді екі пернетақтамен немесе өлшеулердің жоғары дәлдігімен қашықтық өлшеуішпен жинақтауға болады. Негізінен өлшеулердің алшақтығы аспаптың тек техникалық сипаттамаларынан, соның ішінде тахеометрге кіріктірілген қашықтық өлшеуішке ғана емес, сонымен қатар сыртқы факторларға байланысты: сыртқы ортаның температурасы, ауа-райы жағдайы, атмосфералық қысым, ауа ылғалдылығы. Сонымен қатар жұмыс аясы таңдалған тәртіпке де байланысты - шағылыстырғыш немесе шағылыстырғышсыз. Шағылыстырғышсыз тәртіпте тахеометр дәлдігі                       1 шақырымға дейін максималды болады, шағылыстырғыштарды (призмалар) пайдаланған кезде бұл қашықтықты 5 шақырымға дейін алшақтатуға болады. Ең жаңа электронды тахеометрлер бұрыштық секундтың жартысына тең (0°00'00,5”) бұрыштық дәлдікті болады, қашықтықтарды өлшеу дәлдігі - бір шақырымға 0.6мм+1мм. Кіріктірілген қашықтық өлшеуіштер шағылыстырғышсыз тәртіпте 2мм + 2мм х км шамасына қателесуі мүмкін. Өлшеулердің ең жоғары дәлдігі желсіз күнде және жұмыс істеп тұрған механизмдердің тербелістері (вибрациялары) жоқ болған кезде болуы мүмкін [2]. 1

Өнім каталогында ұсынылған Leica, Trimble, Nikon, Sokkia, Topcon тахеометрлері максималды функционалдық мүмкіндіктері бар ең заманауи модельдері болып табылады. Бұндай жабдықтар өңделмеген мәліметтерді жинай отырып өлшеулерді жүргізуге ғана емес, сонымен қатар нақты уақытта алынған өлшеулердің өңделуін жүргізуге мүмкіндік береді.

Sokkia тахеометрі - күрделі геодезиялық өлшегіш аспабы. Бөлу, жер бетіне көшіру, көлем мен аудандарды есептеу, кадастрлық немесе топографиялық түсіріс - жұмыстардың осындай түрлері жоғары дәлдікті талап етеді. Ең нақты дәлдікті Leica немесе Trimble тахеометрлері қамтамасыз етеді.

Заманауи құрылыс Nikon немесе Trimble тахеометрлері компьютермен тікелей жұмыс істеу мүмкіндігімен Windows базасында негізделген операциялық жүйесімен жабдықталған, осылайша тахеометрге сандық жобаны жүктеуге болады. Сонымен қатар бұны белсенді координаталары бар файл немесе графикалық еске түсіргіш ретінде пайдала отырып бөлу немесе нүктелерді жер бетіне көшіру жұмысын орындауға болады. Алайда Nikon маркасының аспаптары немесе Sokkia тахеометрі белгілі бір жұмыстар түрлерінде Leica швейцариялық маркасының тахеометрлерінен асып түсе алмайды.

Тахеометрлер моделі мен өндірушісіне байланысты бұлардың мақсаты мен пайдалануын анықтайтын бірқатар артықшылықтарға ие:

- Nikon Nivo тахеометрлері шағылыстырғышсыз қашықтық өлшеуішпен және пайдаланушыға қолжетімді кәсіптік интерфейспен жабдықталған, бұл бірігіп ең үздік нәтиже береді;

- Leica тахеометрі анағұрлым функционалды, қолайлы, бұнымен жұмыс істеу оңайырақ, ал нәтижесі дәл болады;

- Topcon  тахеометрлері шағылыстырушысыз тәртіпте 350-2000 м, ал шағылыстырғыш тәртіпте 7500 м дейін қашықтықта өлшеулерді жүргізуге мүмкіндік береді. Бұлардың роботтандырылған және көп функционалды түрлерімен қоса, қарапайым түрлері де бар.

 

 

 

 

 

 

2 Әлемдік геодезиялық жабдықтарды  шолу

 

 

Берілген дипломдық жұмыста электрондық тахеометр класына жатқызуға болатын геодезиялық жүйелердің даму тенденциялары қарастырылады, бұлар ағылшын тілінде totalstation деп аталады.

Тоқтала кететін жайт, серіктік жүйелердің алдыңғы қатарлы шығарушылары Trimble немесе Magellan/Ashtech электронды тахеометрлерді геодезиялық жүйелердің екінші реттік мәнділікке жатқызады да, (RTK) шынайы уақыттық серіктік жүйелеріне бірінші реттік мәнді тағайындап, әдейі бұларға артықшылық береді. Осылайша, 1999 жылдың 1 қаңтарында шығарылған Trimbleфирмасыныңалғашқы электронды тахеометрі - TTS 500 ең алдымен Trimble серіктік геодезиялық жүйелерінің тұтынушыларына тұспалданып,шығарушылардың ойларынша RTK серіктік жүйелерінің мүмкіншіліктерді толықтыру үшін жасалған [6].

Электрондық тахеометрлік жүйелердің алдыңғы қатарлы шығарушылары: электрондық тахеометрлердің жүздеген модельдері мен модификацияларын шығаратын Spectra Precision (Швеция/Германия), Leica (Швейцария), Sokkia, Topcon, Nikon, Pentax (Жапония), бұлар соңғыларын бірінші реттік мәнділік геодезиялық жүйелер ретінде қарастырылыда және бұлардың функционалдық мүмкіншіліктері серіктік қабылдағыштар мүмкіншіліктермен толықтырыла алады. Осылайша, Spectra Precision 1998 ж. алғашқы рет серіктік қабылдағыштар мен тахеометр мүмкіншіліктерін біріктіретін жүйесі ұсынылды.Жүйенің негізі – Geodimeter 600 модульді электрондық тахеометрі, бұның модульдерінің бірі – бір жиілікті серіктік GPS-қабылдағышы, бұл қосымша пернетақта орнында орналастырылады. Антенна тасымалдау тұтқышында бекітіледі.

Бүгінгі таңда далалық геодезиялық жүйелердің екі даму концепциясы жаңа аспаптар мен құралдардың пайда болуын анықтайды. Болашақта қандай концепция басым болатыны және геодезиялық қондырғылар нарығына қандай жаңа жүйелер енгізілетінін уақыт қаңа көрсетеді. Электрондық тахеометрлердің халықаралық нарығындағы қатал бәсекелестік бұлардың үзіліссіз дамуына түрткі болады, сонымен қатарөндірушілерді тиімді шешім табуға, өлшеулер үрдісін жеңілдетіге және интегрирленген жүйелерді, компьютерлердің, тахеометрлер, серіктік қабылдағыштардың құрамдас функцияларын құрып, қолайлы тұтынушылық интерфейстерді пайдалануға итермелейді.

Заманауи тахеометрлер тек өзінің техникалық сипаттамаларымен және конструктивті ерешеліктерімен ғана емес, сонымен қатар белгілі бір тұтынушы мен белгілі бір қолданыс аясына бағытталуымен де ерекшеленеді. Сондықтан тахеометрлер белгілі бір тапсырмаларды шешу үшін арналған мақсаты бойынша жіктеледі. Өлшеулердің дәлдігі мен алшақтылығы берілген жағдайда аса маңызды емес. Анықтаушы фактор ретінде белгілі бір тапсырма түрін шешу үшін аспапты қолдану тиімділігі болып табылады.

Сурет 1. Trimble M3 тахеометрлері

 

Шағылыстырушысысыз DR қашықтық өлшеуішімен Trimble М3 тахеометрлерінің жаңа легі бұрыштық дәлдігі -  3" және 5" болатын екі модельмен ұсынылған. Шағылыстырушысысыз тіртіпті қолданған кезде геодезиялық құралдардың өлшеу алшақтығы - 300 метрге дейін, призмаларды қолданумен өлшеу кезінде 5000 метрге дейін жетеді. Trimble М3 екі басқару панелімен жабдықталған: негізгісінде – үлкен графикалық дисплейі және кеңейтілген пернетақтасы бар және қосымшаында - өлшенген шамалар туралы мәліметтер тіркелетін дисплейі бар. Windows CE операциондық жүйесі берілген марканың геодезиялық аспаптарын басқару үшін база болып табылады. Ішкі жадысы 128 Мб болып табылады, ақпаратты беруді RC-232C порттары арқылы орындайды, клиенттің USB-іарқылы мәліметтерді тез жүктелуі орындалады. Далалық өлшеулерді офиске ұялы телефон арқылы жіберу мүмкіндігі геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде жеделділікті арттырады. Орнатылған Trimble Digital Field book бағдарламалық қамтылуы стандартты және қолданбалы геодезиялық есептерді, сонымен қатар мамандарылыған инженерлі жобаларды  шешуге мүмкіндік береді. Карталар-төсегіштерді мүмкін қолдануы далалық жағдайларда жұмыстарды жүргізу, түсіріс нәтижелерін біруақытты бақылау мен алынған мәліметтердің көрнектілігін жеңілдетеді. Trimble М3 электронды тахеометрі көптеген жетекші бұрандалармен жабдықталған, бұлкөздеу кезінде ыңғайлықты және жылдамдықты арттырады. Геодезиялықаспап үлкен сыйымдылықты екі шағын ішкі аккумуляторлармен жабдықталған. Бұлардың мүмкіндігі жұмысты 12 сағат бойы жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Trimble электронды тахеометрі (М3 топтамасының аспаптары) тұстаманы көрсеткішпен жабдықталған, бұның көмегімен геодезисттер нүктелерді жер бетіне көшіруді тиімді жүргізеді [8].

 

 

 

 

 

 

3.2 Тахеометрлерінің техникалық сипаттамаларын салыстыру. Артықшылықтары мен кемшіліктері туралы қорытындылар

 

 

Сатып алғанда қателеспей, белгілі тапсырмаларды шешуге арналған дұрыс тахеометрді сатып алу үшін бұның негізгі техникалық сипаттамаларға, әсіресе бұрыштық және сызықтық өлшеулердің дәлдігіне үлкен мән беру керек. Сатылымға ұсынылған тахеометрлердің бұрыштық дәлдігі әдетте 5-6”-тан аспайды, ал сызықтық дәлдігі - 2-3 мм (+ мм 1 шақырымға). Leica, Trimble және т.б. соңғы модельді электронды тахеометрлерінде бұрыштық дәлдігі 3”, ал сызықтық дәлдігі – 1-1,5 мм құрайды. Сатылымда өлшеу дәлдіктері 0.5” пен 0.6 мм болатын Leica TS30 тахеометрлерінің жаңа модельдері ұсынылған, бұл жоғары дәлдікті геодезия аспаптары арасында эталон болып саналады. Сонымен қатар айта кететін жайт, өндірушілермен жарияланған максималды дәлдікке жету қарапайым жұмыс жағдайында бола бермейді, өйткені тахеометрдің көрсеткіштеріне қоршаған ортаның жағдайлары әсер етеді. Тахеометрдің бұрыштық дәлдігіне компенсатордың жұмыс диапазоны да әсер етеді – ең үздік заманауи тахеометрлерінде бұл көрсеткіш ±6′ құрайды. Тахеометрдің негізгі сипаттамаларына бір призмаға өлшеу алшақтығы да жатқызылады. Дегенмен түсіру мен есептеу 1000 метрден асқан қашықтықта сирек орындалады, тахеометрді кең тапсырмалар аясын орындау үшін сатып алынатын жағдайдасызықтық өлшеулердің дәлдігі 2 мм (+2 мм/км) және өлшеу алшақтығы 3000-5000 м болатын орта класты тахеометрлерді таңдаған жөн. Өлшеулер дәлдігіне сияқты алшақтық көрсеткішіне де атмосфераның мөлдірлігі мен жұмыс жағдайы әсер етеді. Егер тахеометр тұрақты пайдалану үшін сатып алынуға ұсынылса бұның автономиялық жұмыс істеудің максималды уақытына көңіл бөлу жөн.

Тахеометр мен басқа да геодезиялық жабдықтардың бағасы осы аспаптың техникалық сипаттамаларына байланысты және тахеометр бағасы мен бұның көрсеткіштері арасындағы байланыс анық: сипаттамалар жақсы болған сайын тахеометрдің де бағасы жоғары болады. Сатылымда тахеометрлер шағылыстырғышпен және бұнсыз жұмыс істеу тәртіптері бойынша модельдермен ұсынылған. Тахеометрлерді сатып алған кезде кейбір модельдердің сипатталуында призмаға өлшеу алшақтығы мен щағылыстырғышсыз өлшеу алшақтығы көрсетілетіні байқалады. Шағылыстырғыш тәртіпте жұмыс істеген кезде өлшеу алшақтығы әдетте, 5000-7000 м құрайды, ал шағылыстырғышсыз тәртіпте 400-500 метрмен шектеліп қояды. Электронды тахеометрлерді сатып алу кезінде жады көлемі сияқты маңызды фактор да ескерілуі керек, өйткені бұған алынған мәліметтерді жазып алу және өңдеу қабілеті байланысты. Заманауи электронды тахеометрлер жадысында 10 мың нүктеге дейін ақпаратты сақтауға қабілетті. Сонымен қатар, тахеометрдің пернетақтасы мен дисплейіне көңіл бөлу артық болмайды, өйткені бұған аспаппен жұмыс істеу ыңғайлығы байланысты болады.

Ең берік, қарапайым және қолжетімді болып техникалық тобының тахеометрлері табылады. Бұлар геодезиялық тапсырмаларының кең өрісін: топографиялық түсіріс, құрылыс жүмыстарын қамтамасыз ету, межелеу және т.б.шешу үшін арналған.

Инженерлік түріне ең жағымсыз ауа-райы жағдайы кезінде жоғары дәлдікпен өлшеуді жүргізе алатын күрделірек аспаптар жатқызылады.

Роботтандырылған түріне алшақтылған рұқсат етуді алшақтатылған рұқсаттаманыпайдалана отырып, орындаушылардың аз санымен кез-келген геодезиялық тапсырмаларды шеше алатын ең жетілдірілген модельдер жатады.

1 кестеде  Қазақстан Республикасында кең  таралған бұрыштық дәлдігі 5” болатын техникалық тахеометрлері келтірілген.

Берілген кестенің сараптамасы техникалық сипаттамалар бойынша Leica тахеометрі жеңетіні көрсетеді (сызықтық өлшеудің үлкен алшақтығы, жады көлемі, жұмыс уақыты), алайда ең қымбат болып саналады.

Тахеометрлердің жоғары және төмен бағалық сегменттері арасында үлкен қашықтық – жүздеген мың теңге.

Егер жоғары сегменттегі барлық тахеометрлердің модельдерін шартты түрде электр қозғалтқышты, жартылай автоматты (бақылау жүйесімен жабдықталған) және автоматты (қашықтықтан басқарылатын) аспаптар деп үш топқа бөлсе және жұмыс қарқындылығын далалық геодезист көзқарасымен қарастырса, онда бұлардың арзанырақ модельдер алдындағы артықшылықтары сөзсіз.

Далалық геодезиялық жұмыстар кезінде уақыттың көп бөлігі электр моторы мен автоматты бақылау жүйесімен жабдықталмаған тахеометрдің көп реттік көзделінуі мен фокусировкасына кетеді. Қолайлы емес ауа-райы жағдайында бірнеше сағат өткеннен соң оператордың зейіні азаяды, көзі жасаурап, денесі шаршайды, бұдан кейін өлшеулер дәлдігі де азаяды. Оператордың физикалық жүктелуін жеңілдетуді шағылыстырғыштың орналастырудың өзгеруін өз бетімен бақылайтын және ауа-райы жағдайына қарамастан бұған көздеуді оңай жүргізетін жартылай автоматты тахеометр жүзеге асырады.

 

Кесте 1

Техникалық тахеометрлер

Атауы

Бұрыш-тық дәлдігі

Сызықтық дәлдігі

Бір призмаға өлшеу алшақтығы

Шағылыстырғыш-сыз өлшеу алшақтығы

Жады көлемі

Жұмыс температурасы, ылғал мен шаңнан қорғау

Автономиялық жұмыс уақыты, сағат

Қүны, теңге

Leica TS06

5”

1.5 mm+2 ppm

7 500 m

1000 m

100 000 нүкте

-20 0С +500С IP 55

20

2 000 000

Topcon GPT

3105 N

5”

2мм+2ррм

3 000 м

350 м

24 000 нүкте

-20 0С +500С

IP 66

8

1 200 000

Sokkia Set CX-105

5”

2+2ppm

5 000 m

500 m

10 000 нүкте

-20 0С +500С

IP 66

36

1 440 000

Trimble

M3 DR

5”

3+2 ppm x D

5 000 м

400 м

RAM 128 Мб

- 20 0С +500С

IP 66

7.5

1 645 000

Nikon

Nivo C

5”

3+2 ppm x D

5 000 m

300 m

128 Мб

-20 0С +500С

IP 66

12

1 504 500




 

 

Әдебиеттер тізімі

 

 

1 Ворошилов А.П. Спутниковые системы и электронные тахеометры в обеспечении строительных работ: Учебное пособие – Челябинск, 2007

2 Маслов А. В., Гордеев  А. В., Батраков Ю. Г.  Геодезия  - М.: КолосС, 2006

3 Геодезия, картография, геоинформатика, кадастр: Энциклопедия. В 2-х т. / Под общ. Ред. А. В. Бородко, В. П. Савиных. – М.: Геоиздат, 2008 г

4 Хлебодаров М.Ю. Современные технологии традиционной геодезии // Геопрофи. – 2008. - №3.

5 Клюшин Е. Б., Михелев Д. Ш., Киселёв М.И., Фельдман В.Д. Инженерная геодезия.— М.: Высш. шк., 2000

6 http: //glmarket.ru/news/state/Всемирный экономический форум: рейтинг глобальной конкурентоспособности 2011-2012

7 www: hhtp//Электронные тахеометры Leica.mht.

8 www: hhtp//Технические данные Trimble.mht.

9 Захаров В.В., Хомич А.А. Электронные тахеометры NIKON NIVO – инновационные решения, доступные всем // Геопрофи. – 2009. - №6.

10 www.geomax-positioning.com

11 www: hhtp//:Геодезические инструменты Topcon. Руководство по эксплуатации

12 Чернявцев А.А. Новые безотражательные тахеометры SOKKIA серии 030R3 // Геопрофи. – 2004. - №1.

13 www.pentaxsurveying.com

14 www. pngeo.ru Электронные тахеометры SpectraPrecision

15 www. pngeo.ruЭлектронные тахеометрыSOUTH

16 www. pngeo.ru Электронные тахеометры STONEX

17 www: hhtp//Электронные тахеометры FOIF.mht.

18 Геодезические инструменты УОМЗ. Руководство по эксплуатации.

19 www. pngeo.ru Электронные тахеометры CST/berger

20 http://www.bassar.kz

21 http://www.geosystem.kz

22 СН РК 1.03-14-2011 «Охрана труда и техника безопасности в строительстве»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша А

 

Leica электронды тахеометрінің техникалық сипаттамалары мен прайс-беттері

 

 

1 – әдебиеттер тізіміндегі реттік саны

 

 


Тахеометр туралы жалпы мәлімет, өндірісте электронды тахеометрді қолдану