Тауарлардың түсуін есепке алу

Жоспар

 

    Кіріспе.

 

      1. Тауар ұғымы, классификациясы және бағалануы.
      2. Кәсіпорынның қоймасына тауардың түсуін құжаттық рәсімдеу.
      3. Кәсіпорының қоймасынан тауардың шығуын құжаттық рәсімдеу.
      4. Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі.

 

Қорыты

Қолданылған әдебиеттер.

 

 

                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Тауарларды есепке алу мәселелері. Тауарды өндіру мен жеткізуде  бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз  қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс  мекемелері мен кәсіпорындарда қажеті тауар  қорлары болуы қажет. Тауар  қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы  қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.

Тауар жөнінде мәліметті толық  және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай бұл жұмыста мынадай талаптар қойылады:

  1. Тауар ұғымын және бағалау тәртібін  қарастыру.
  2. Тауардың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.
  3. Тауар есебін жетілдіру жолдарын анықтау.

Мұнда «Энергия плюс» ЖШС практикалық  материалдары қолданылған.

«Энергия плюс» ЖШС 14 сәуірде 2003 жылы Қарағанды облысының Басқару  юстициясында тіркелген. Серіктестік  қызметінің мақсаты тауарлар нарығын  кеңейту, пайда табу, қоғам қажеттігін қанағаттандыру.  «Энергия плюс»  ЖШС негізінен мынадай іс –қызмет  түрімен айналысады:

      • коммерциялық қызмет;
      • жанаржағар май сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудалау, сату;
      • күрделі құрылыс жұмыстары, жөңдеу, монтаждау жұмыстары;
      • көлікпен қамтамасыз ету;
      • қоғамдық тамақтандару пунктері мен азаматтардың демалыс орындарын ашып, олардың жұмысын ұйымдастыру;
      • ҚР заңында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.

Өз қызметінің барысында «Энергия плюс» ЖШС-ң  қолданыстағы бухгалтерлік есептің негізгі заңдарын, бухгалтерлік есеп шоттың үлгі жоспарын, қолдана  отырып шаруашылық операцияларын жүзеге асырады.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты –  жоғарыда келтірілген міндеттерді  және «Энергия плюс» ЖШС-ң тауарының  есебін ұйымдастыру мен  оны одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау  болып табылады.

 

  1. Тауар ұғымы, классификациясы және бағалануы.

Тауарларды өндіру мен жеткізуде  бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз  сауданы қамтамасыз ету үшін сауда  мекемелері мен кәсіпорында қажетті  тауар қорлары болуы қажет.

13.11.96 жылғы № 3 бухгалтерлік  есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның  қаулысымен бекітілген 7 «Тауарлы  – материалдық қорлар есебі»  бухгалтерлік есеп стандартына, 28.01.2003 жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің  бұйрығымен бекітілген өзгерістер  мен толықтыруларға сәйкес, тауарлы  – материалдық қорлар – бұл:

  1. Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар  мен тетіктер, отын, ыдыс, ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе көрсетілетін қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;
  2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
  3. Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлар түріндегі активтер.

Соған сәйкес тауарларды келесідей  топтарға бөліп көрсететуі, олардың  экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды  жағдайларының бірі болып табылады:

    1. Шикізаттар мен материалдар – өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды. Өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға: ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді(қант, сүт, хош иіс).
    2. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар – өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім болып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.
    3. Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанаржағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.
    4. Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.
    5. Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.
    6. Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.
    7. Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.
    8. Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарларды білдіреді. Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар.

Тарлардың бір ғана түрінің алу  бағасы есептік кезең барысында  әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан  оларды дұрыс анықтау үшін, №7 БЕС  қарастырылған 3 әдістің бірін қолданамыз:

      • арнайы (идентификациялау) әдісі;
      • орташа құн әдісі;
      • қорларды бастапқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі (ФИФО).

Мысалы:

Осы жыл ішінде келесідей тауарлар сатып алында:

Күні

Саны, дана

Бағасы, тг.

Сомасы, тг.

15 қаңтар

500

60

30000

22 мамыр

800

70

60000

10 қараша

600

80

48000

Барлығы

1900

 

134000


Жыл соңында қоймада 400 дана тауар  қалды. Сатудан түскен түсім 125000 теңгені  құрады. Сатудан түскен түсімді анықтау  керек.

  1. ФИФО әдісі бойынша:

 

134000 - (400*80) = 102000

 

Сатудан түскен түсім                        125000

Өткізілген өнімнің  өзіндік құны       102000 

Жалпы пайда            23000

  1. Орташа құн әдісі бойынша:

 

= 70,53

 

134000 - (400*70,53) = 105788

 

Сатудан түскен түсім                        125000

Өткізілген өнімнің  өзіндік құны       105788 

Жалпы пайда            19212

 

  1. Арнайы (идентификациялау) әдіс бойынша

Түгендеу  жүргізу нәтижесінде есепті кезең  соңында қоймада 700 дана тауар калған, олар: 100 дана 15 қаңтар күні сатып алынған  тауарлардан, ал 600 дана 22 мамыр кунгі  сатып алынған тауарлар.

100*60 = 6000

600*70 = 42000

    134000 – 48000 = 86000

 

Сатудан түскен түсім                        125000

Өткізілген өнімнің өзіндік  құны        86000


Жалпы пайда            39000

 

Есептен шығарылған тауарлардың құны және екі ай соңына қалған тауарлардың  қалдығы әртүрлі әдіс бойынша  жеке анықталады.

Есептік кезеңнің соңына тауарлардың  қалдықтарының құнын анықтау  үшін есептеу жолымен шығарылған формуланы пайдалану мүмкін:

Есептік кезең соңында есептік  кезеңнің қалған тауарлардың = бастапқы қалдық құны + қалдықтарының құны + кіріс болған тауарлар – шығыс болған тауарлар.

Орташа өлшенген құндық әдісі. Бұл  әдіс негізінде тауарлардың құны – ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын  қосып есептелетін орташа бағасы түсіндірілген.

Бұл әдісті есептеудің математикалық  формуласы мынадай:

Орташа құны = ∑ т.қ + ∑а.т / К т.қ + К а.т

Мұндағы: 

∑ т.қ. – есептік кезеңнің басындағы  қалған тауарлардың қалдық құны;

К т.қ. – есептік кезеңнің басындағы  қалған таралардың қалдық саны;

∑ а.т – алынған тауарлардың  құны;

К а.т –  алынған тауарлардың саны.                                                                                                                                                                     Тауарларды бағалаудың дұрыс әдісін таңдау кәсіпорынның таза табысынада, тұтас табысынада , қаржылық жағдайынада мәнді әсер етуі мүмкін. Сондықтан оларды таңдағанда салыстырмалы қағиданы ұстаған жөн. Бір әдістен екінші бір әдіске көшер алдында, яғни екіншісінің біріншісінен басымдылығымен қатар мына жағдайларды да сақтау керек:

  • шаруашылық жүргізуші субьектінің есептік саясатына өзгерістерді енгізу;
  • бір әдістен екіншісіне көшуді, есепті жылдың басынан бастап енгізу;
  • дер кезінде тауарлардың қалдықтарынада және өткен жылдардың тартылмаған табысынада түзетулерді енгізу.

   Материалдың босалқы қорлардың  барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Қорлар» бөлімінің негізгі,  активті мүліктік шоттары қолданылады.  Бұл бөлімше құрамына төмендегі  синтетикалық шоттар кіреді :

     1310 «Шикізат және  маиериалдар»;

     1311 «Сатып алынған  шала фабрикаттар және құрастырушы  бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер,  детальдар»;

     1312 «Жанаржағармай»;

     1313 «Ыдыс және ыдыстық  жабдықтар»;

     1314 «Қосалқы бөлшектер»;

     1315 «Басқа да материалдар»;

     1316 «Өнделме шикізат  немесе қайта өңдеуге берілген  материалдар»;

     1317 «Құрылыс материалдары»;

     1318 «Отын»;

     1320 «Дайын өнім»; 

     1330 «Тауарла»

1310 «Шикізат және материалдар» шотында шығарылатын өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар есепке алынады.

Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер  қажеттігінше әрбір шоттар бойынша  субшоттар және материалдың есебі  бойынша аналитикалық шоттар аша  алады. Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне  жатпайтын материалдарды, баланстан  тыс шоттарда есепке алады. (002,003).

Атап көрсетілген шоттар дебеті бойынша әртүрлі көздерден түскен тауарлы – материалдық қорлар операциялары, ал кредит бойынша тауарлы -  материалдық қорлардың әртүрлі  бағыттар бойынша шығарылу операциялары көрсетіледі. Шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа  қосалқы материалдар кәсіпорын  балансында өздерінің нақты өзіндік  құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша  құндылықтар синтетикалық есеп –  тұрақты есеп бағасымен (келісімді  немесе жоспарланған) көрсетіледі.

Мысал. «Шығыс» ЖШС аяқ киімді өңдеу үшін, сары ЦЛ терісін жабдықтаушыларға тапсырыс берген, оның 1 дм 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім шарт жасақан соң, «Шығыс» ААҚ-на тапсырыс берген материалы  келіп түскен. Барлық келіп түскен терінің мөлшері 3555,6 дм құраған, ал оның сомасы 320004 теңге болған. Тасымалдау шығыны (түсірушілер жалақасы – 300000 және әлеуметтік салық – 29700), ( 300000+((300000-10%)*11%)) 329700 теңге құраған. Түсіруге дейінгі  қоймада сақтау шығыны 630000 теңге  құраған. «Шығыс» ЖШС теріні өңдеудің тәсілін жетілдірудің арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңгеге дейін  түсірген, нәтижесінде алынған терінің  нарықтық бағасы 16,67 % төмендеген.

Біз бұл мысалда алынған терінің  өзіндік құны 1279704  теңге немесе 1 дм –ты 359,9 теңге құраған:

      • сатып алу бағасы  - 320004 теңге (ҚҚС – сыз)
      • Тасымалдау шығыны  - 329700 теңге 
      • Сақтау шығындары  - 630000 теңге.

 

 

2. Кәсіпорынның қоймасына  тауардың түсуін құжаттық рәсімдеу.              

 

Тауарды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақтардан, аэропорттардан, материалды жауапты  тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарды  алған кезде алушы кәсіпорын  өздерінің жауапты тұлғалары  арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың қозғалысын есепке алынған кезде  мынадай типтік құжаттар пайдалынады:

Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға  сенімхат беріледі. Біздің сенімхатымызға сүйенетін болсақ, «Энергия плюс»  ЖШС атынан берілген №26 сенімхат №1 қосымшада берілген. Сенімхатты бухгалтерия  рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М  – 2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын-ала нөмірленген және түптелеген Журналға (ү.№ М-3) тіркеледі. № М-2а  нысаны төменде берілген. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада  сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды  тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай  келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші  субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас  бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын тауарлардың  тізімі сенімхаттың артқы жағында  жазылады.

Бір қоймаға жататын тауарлар алынған  жағдайда оған бірнеше жүк құжат  керек болса, сенім беруші тұлғаға  бір сенімхатын беруіне болады, бірақ  онда берілген барлық жүк құжат нөмірі, күні көрсетілуі тиіс.

Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған  кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналына» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген  белгісін қояды. Жабдықтаушылар тауарды  – материалдық қорларды босатан  кезде, әрбір жіберілген тауарды  бақылау жасау үшін пайдалынады. Ал 3-шісі бухгалтерияға беріледі. Тауарды  босатып біткен соң ең соңғы партиясының  құжаттарымен бірге сенімхатта бухгалтерияға  тапсырылады.

Жабдықтаушылардан  сатып алушының қоймасына автотранспортпен ( қосымша  №2) тауарлы –материалдық қорларды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың  материалдары материалды жауапты тұлғасы  жабдықтаушылардың экспидиторынан алған тауарлардың санын және брутто салмағын, тауарлы – көліктік жүк құжат мәселесімен салыстырады, ол екі дана жасалады. Егер олардың  мәлімдемесінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып  және штамп басып, тауарлар қабылданды деп жазады. Жүк құжаттың бір данасы материалды жауапты тұлғада қалады. Ал егер сомасы мен санында айырмашылық  болса, Акт жасалады. Ол екі дана қылып жасалады және оған жауаптылары  қол қояды.

Тауарды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелетін жүктердің  операцияларына ұқсас болып келеді.

Тауарларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:

  • шот фактура (№3 қосыша), онда: тауар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен тауарларды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген тауарлардың атаулары мен саны құны, акцизделетін тауарлардың сомасы т.б.

Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен қорларды есепке алу үшін пайдалынады. Ол бір ғана данада жазылады және ол қоймаға келіп түскен кезде толтырылады. Қосымша №4.

Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады. Құндылықтарды қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, ал екіншісі – жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін , жабдықтау бөліміне жіберіледі.

Материалдық құндылықтарды  өндірісте дайындалған және сақталған  кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы  туралы актісі. Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі Акт-ге тіркеледі. Екі данасы толтырылады, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға, ал екіншісі – бөлімшеді қалады.

Материалдардың бүлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі. Кәсіпорындарда сынудың, бүлінудің, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен шығару үшін пайдалынады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1-ші дана бухгалтерияға жіберіліп, 2-ші данасы бөлімшеді қалады.

Түскен тауарларды қоймада қабылдауды қойма меңгерушісі және МЖА сапасы және санын тексеріп қабылдайды. Жергілікті жабдықтаушылардан тауарларды қабылдау мерзімі тауар түскеннен бастап 10 күн, басқа қалалардағылардан –  тауарлар станцияға түсу күннен кейін  – 20 күн. Тез бұзылатын тауарларды 24 сағат ішінде сапасы мен санына сәйкес қабылданады. Егер тауарды қабылдау мерзімі кешіктірілсе, ол тауар айналымының  көлемі азаюына әкеледі, ол дегеніміз  шығындардың ұлғаюына және табыстың азаюына әкеліп соғады. Қабылдап алынған  қоймадағы тауарларды бағытталған  түрде тіркейді, ал ілеспе жабдықтаушы  тауарлардың құжаттарырын қолдана  отырып. Бұл үшін қойма меңгерушісі  арнайы штамп қояды, онда келесілер  көрсетіледі:

Тауар қабылдау күні, нөмірі және ілеспе құжат күні, нақты өзіндік құны және бөлек ыдыстар, ол материалды жауапты  тұлғаның қолымен расталады.

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұндай тауар қабылдауды құжаттық рәсімдеу тәртібі рационалды болып  саналады, сондықтан құжат санын азайтып, оларды құруға жұмсалатын шығындарды азайтады. Егер тауар қабылдау бойынша келіспеушілік туындаған жағдайда бекітілген тәртіпте акті жазылып, арнайы комиссия құрылады. Ол комиссия шешімміне сәйкес шешіледі.

Тауарларды жабдықтаушы жөнелткенде  оған келесі құжаттар толтырылады:

Тауарлық, есептік  және көліктік.

Тауарлық құжат – деп, жіберілген тауарлар саны мен сапасы, яғни толық  мәлімет беріледі. Оларға: шоттар, шот-фактуралар, тауарлы – көліктік жүк құжат, спецификасы, жүк жіберуші түбіртегі  және т.б. жатады.

Есеп айырысу құжаттары –  бұл түскен тауарларды түсіргенде  есеп айырысу және жүк жіберушімен  олар банқа беріледі. Мұндай құжаттар болып: төлем талап – тапсырмасы саналады.

Көліктік  - бұл құжаттар тасымалданған  жүк көлемін және айқындайды және көліктік қызмет және көліктік органдарға есеп айырысуға арналған құжаттар.Тасымалдау үшін қолданылатын транспорт түрі:

  • теміржол жүкқұжат – теміржол көлігімен тасымалдайтын тауарлар.
  • Тауарлы – көліктік жүкқұжат – автокөліктік тасымалдайтын тасымалдайтын тауарлар екі бөлімнен тұрады: тауарлардың – транспорттық;
  • Коносамент – су жолымен тасымалданатын тауарлар;
  • Авиа жүк құжат - әуе жолымен және су жолымен тасымалдайтын тауарларды жеткізгенде беріледі. Шот-фактураны сепке алу «Шот – фактураны тіркейтін журнал», бұл журнал есеп беру мерзіміне сәйкесті келесі түрде жүргізіледі.

Тауар түріне байланысты және оның шот  – фактурасын немесе тауарлы –  көліктік жүк құжатымен бірге  жабдықтаушы көптеген басқа құжаттар береді, бір бөлігі мөлшерді растайды және түскен тауарлар  санын, ал басқасы  – сапасы және т.б. тауарлар бірлігін.

 

3. Кәсіпорының қоймасынан тауардың шығуын құжаттық рәсімдеу.

 

Кәсіпорын қоймасынан материалдар  өнімді әзірлеуге  және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай – ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Тауарлы – матералды қорларды цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех  қоймасына берілсе, онда ол өндіріс  шығыны ретінде танылады.

Тауарлар мен материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді:

Лимиттік – жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға арналған талап –актісі; материалдарды босатуға арналған талап накладнойы, накладной.

Жабдықтаушылар тауарларды босатқан кезде әрбір жіберілген бөлігіне 3 данада накладной (№5 қосымша) жазады. Онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. 1- ші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жіберушінің өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі.Тауарларды босатып біткен соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сеніхатын да бухгалтерияға тапсырады.

Лимиттік  - жинақтама  картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдалынатын құндылықтарды бостау, сондай – ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және олрады есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік жинақмата карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа қорды пайдаланушыға, 2-ші қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік – жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да бостаылған қордың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылды.

Қоймашының лимиттік – жинақтама  картасын цех өкілі, ол цехтың лимиттік – жинақтама картасына қоймашы  қол қояды. Цех өнім қорларды алу  кезінде тікелей материалдар  есебінің картотекасына қол қояды, ал қоймашы лимиттік – жинақтама  картаға қол қояды.

Тауарларды айырбастауға арналған талап – актісі. Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай –ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: біріншісі алушыға, ал екінщісі – қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне – алушының өкілі қол қояды.

Тауарларды босатуға арналған талап накладнойы. Босалқыларды субъектінің өз ішіндегі қозғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынан тыс жердегі шаруашылықтарына, сондай – ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдалынады.

Ол екі дана дайындалады. Материалдарды  өз кәсіпорынының шаруашылықтарына босатқанда данасын алушыға, екіншісін  – қоймаға, кейінірек бухгалтерияға  өткізіледі. Бір данасы қоймаға, ал екіншісі цехқа құндылықтарды кіріске  алуға негіз бола алады.

Кәсіпорынның аумағынан тыс  жерде орналасқан өз шаруашылықтарына немесе басқа мекемелерге материалдық  құндылықтарды босатқан кезде талап  – накладной келісімдердің, нарядтардың  және басқа тиісті құжаттардың негізінде  дайындалады. Бірінші данасы қоймаға  материалды қоймаға босатуға негіз  болады, ал екіншісі материалды қабылдап алушыға беріледі. Материалды босатқан кезде өзі алып кететін жағдай туса, алушы қол қойған талап-накладнойды, сондай-ақ егер қорлар кейін төленетін  болып босатылып жатса, қоймашы  есеп айырысу төлемдік құжаттарын толтыруға  бухгалтерияға жібереді.

 

  1. Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі.

 

Тауарлар мен ыдыстардың саны мен  сапасын және ақшалардың сақталуын  қамтамасыз ету үшін материалдардық жауапкершілік енгізілген және ол жүктелген  қызметкерлер материалды жауапты тұлғалар деп аталады.

Қоймадағы тауарларды есепке алуды  материалды жауапты немесе олардың  келісімдерін жұмысын атқаратын  есепшілер (операторлар) тауарларды есепке алу үшін арналған карточкаларында  жүргізеді. Босалқылардың әрбір  номенклатурысының нөміріне жекелеген  карточкалар ашады да, содан соң  ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.

Алған карточкаларда қоймада тауарлардың  сақталатын орнын сипаттайтын реквизиттерді  толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады. Тауарларды ескере алудың толтырылған  карточкасы төменде келтірілген.

Егер қоймадағы тауарлардың  қалдықтары тауарлардың белгіленген  нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауы тиіс. Бұл мақсатта тауарлардың белгіленген  нормаларынан нақты қалдық қорының  ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі тауарларды есепке алу карточкасының  деректері  бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің  материалдық-техникалық жабдықтау  бөлімі белгілейді.

Бухгалтерияға берер алдында жазбалардың  дұрыстығы және карточкадағы қалдықтардың шығарылуы қойманың өзінде тікелей  тексеріледі. Материалдық құндылықтардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды бухгалтер қоймадағы «Құжаттарды  қабылдау - өткізу тізімінің» негізінде  қабылдайды. Тізім  реестрдің нысаны төменде келтірілген.

Жетіспеушілік және материалдық жағынан  жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай-ақ іріктеп  тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге хабарлауы тиіс.

Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан тауарлардың қалдықтарының есепке алынатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі тауарларды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын  көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстыра отырып тексеру үшін тауарлардың  есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша  жиынтығын бухгалтерияға қайтарады.

Сөйтіп, қойма меңгерушісі тауарларды есепке алуға, олардың карточкаларын  жүргізуге, құжаттардың тізімдерін жасауға және қойма есеп кітабынның қалдықтарын шығаруға міндетті.

Есеп беру түрлері мен мәні. Материалды жауапты тұлға басшы тағайындаған белгілі бір мерзімде бухгалтерияға  бірінші ретті кіріс және шығыс  құжатын есеп беру ретінде тапсырып отыруы тиіс. Ол әрбір шаруашылық операциялар  тауардың шығуы және түсуімен байланысты болады. Тауардың түсуі мен шығуы  көлемі мен жиілігіне байланысты болады.

Қызмет жасау саласына байланысты көтерме сауда кәсіпорында тауарлар түрі, тауарлық операциялар көлемі және құжат айналымы көп болғандықтан, аналитикалық есепке алу тауарларды  бухгалтерияда материалды жауапкершілікті  тұлғалар тіркемелері құжаттарды тапсыру  реестрі немесе тауарлап есеп беруді құрайды. Реестрда тек кіріс және шығыс құжаттарының аттары, олардың нөмірлері мен күні көрсетіледі. Соңында, құжаттар мөлшерін көрсетеді. Реестр – тек құжаттар тізімі, онда т.б. мәліметтер болмайды. Көтерме сатуда көп тараған, ол тауарлардың қордағы қозғалысын және қалдығын көрсетеді.

Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары бухгалтерлік есепке қаржылық – шаруашылық іс - әрекетке енгізгеннен  бастап тауарлы операцияларды есепке алу әдісі өзгерді. Тауар түскенде бір бөлек шотта салық қосылған сома мөлшерін айқындайды, жіберушілерге  орын толтыратын, сатып алғанда тауарлар екі бағада көрініс табады. Сату құнымен және бұл тауарлар МЖТ-н  есеп бағасымен алынып тасталады.

Кәсіпорында кіші көлемде тауар  кезінде МЖТ және тауар жіберіп  тұрғанда кіріс-шығыс накладнойы екі  көшірмеде жасалады. Бірінші көшірме  тауар қабылдаған адамға жіберіледі, ал екіншісі  - қоймада қалады.

Әрбір МЖТ есеп беруі аналитикалық тауарлар есебі, қаржы құралдардың  есебі, ол қол астындағы тауарлардың  көлемін айқындап отырады.

МЖТ есеп беруі кәсіпорында қандай үлгіде болмасын бірнеше бөлімнен тұрады. Есеп беру бастапқы бөлімді толтырудан басталады, онда кәсіпорынға аты  мен нөмірі (бөлім, секция), фамилиясы  және МЖТ аты –жөні, айлық тауар  айналым жоспары және тауарлы  қалдықтардың нормативі; ол норматив мекеме басшының тағайындалған мөлшеріне  сәйкесті келеді, есеп беру нөмірі және есеп беру мерзімі, қай мерзімге есеп беру құралатыны көрсетіледі.

Есеп беру жыл басынан жыл  соңына дейін МЖТ-м бірінші нөмірден бастап нөмірленеді. Егер МЖТ жұмысқа  жыл басынан кіріспесе, сол жұмыс  бастаған күннен бастап нөмірленеді.

Есеп берудің келесі бөлімінде  есеп беруде тауарлар мен ыдыстардың есеп беру жыл басына қалдығы жазылады, ол қалдықтар тексерілген және қабылданған  бекітілген тәртіпке өткен жыл бойынша  «Есеп беру мерзімінің аяғына қалдығы» немесе инвентаризациялық тексеруден  алынады. Қалдықтар және тауарлар есеп беруінде мекеме есептік саясатын аналитикалық есеп  есептік бағасымен көрсетіледі. МЖТ көтерме кәсіпорында тауарлық есеп беруде бірінші бес бөлімдерін кіріс жән шығыс бөлімінде  толтырады, онда жеке нөмірі, кіріс  және шығыс құжаттарының күні, жабдықтаушылардың  және сатып алушылардың аттары, тауарлардың  нақты өзіндік құны көрсетіледі.

Тауар қалдығы есеп беру мерзімі  аяғына бөлек есептеледі, бұл үшін есеп беру мерзім басындағы қалдыққа қосамыз соңғы кіріс сомасы және соңғы шығыс сомасын алып тастаймыз.

Тауарлардың түсуін есепке алу