Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түсінігі мен түрлері
Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түсінігі мен түрлері
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
- Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түсінігі
- Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері
Қорытынды
Кіріспе
Заңды жауаптылықты құқықтық
қатынастарда өз жүріс-тұрысының тек
оң салдарын алу мақсатында субъектінің
өз міндеттеріне қатысты жауапкершілікті
қатынасы ретінде түсіндіруге болады.
Заңды жауаптылық заңнамада көзделген
рұқсат етілмеген әрекеттерді-
Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түсінігі
Заңды жауаптылықты түрлерге бөлудің негізінде құқықтың салалық орны жатады. И.С.Самощенко және М.Х.Фарухшин жазғандай, заңды жауаптылықтың түрлерінің көп болуы әртүрлі құқық салаларына тән құқықтық реттеу әдістерінің көптігін көрсетеді. Құқық салаларында реттеу әдістері де, оларды құқықтық қамтамасыз ету құралдары да, ең алдымен, салалық құқықтың реттелетін қоғамдық қатынастарының шеңберімен анықталатын өзіндік мазмұнымен және пайдалану жағдайларымен ерекшеленеді. Бұдан шығатын қорытынды, құқықтық реттеу әдістері мен оларды құқықтық қамтамасыз ету құралдары құқықтың пәнінен ажыратылмайды. Бұл ретте құқықтық қамтамасыз ету құралдары құқықтың әдісіне де, пәніне дебағынады және оларға қызмет етеді. Олар өздерінің бағыты бойынша қорғау қатынастарының шеңберін реттеуге ғана емес, сонымен қатар, жалпы мағынадағы құқықты мемлекет үшін қажетті бағытта дамытуға, оның негізгі мақсатына жетуге жағдай жасауға арналған. Ерекше атап өтетін жайт, жер құқығы нормалары жерге меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және жер қорғауды реттей отырып, олардың жүзеге асырылуын құқық бұзушыларға зияндарды өтеуді міндетін жүктеу, меншік құқығын, жер пайдалану құқығын қалпына келтіру, жерге қатысты заңсыз мәмілені жарамсыз деп тану, заңсыз алып қойылған жер учаскелерін қайтарып беру, топырақтың құнарлығын қалпына келтіру, ескерту және жазалаусияқты әдістер мен шаралар арқылы қамтамасыз етеді. Жер заңдарының нормалары талаптарды орындау мен сақтауға, яғни, субъектілердің тиісті жүріс-тұрысына қарай бағыттала отырып жасалған. Алайда, жер заңдарының қандайда бір нормаларына қатысты тиісті жүріс-тұрыс ережелерінің бұзылуы орын алған жағдайда, олардың салдарын арнайы ескерту және мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен жоюға байланысты қатынастар туындайды. Құқық бұзушыларға қолданылатын шаралардың сипатына қарай жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың келесі түрлерін ажыратуға болады – жер-құқықтық, әкімшілік, мүліктік-жер-құқықтық, қылмыстық, тәртіптік, жарғылық-тәртіптік- еңбек жауаптылығы.
Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері
Жер заңдарын бұзғаны үшін жер-құқықтық жауаптылық
Соңғы жылдары жер-құқықтық әдебиетінде жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлерінің қатарында жер-құқықтық жауаптылық тұрақты орын иеленген. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-93 баптары жер заңдары бұзғаны үшін жер учаскесін алып қоюдың екі түрін қарастырады:
- Ауыл шаруашылығы өндірісіне не тұрғын үй құрылысы мен өзге де құрылысқа арналған учаске, егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе, бір жыл ішінде тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 94-бабына көзделген тәртіппен меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін. Бұл кезеңге учаскені игеруі игеруге қажетті уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкіндік бермеген өзге де мән-жайларға байланысты учаскені мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмаған уақыт кірмейді.
- Егер уасчкені пайдалану ҚР Жер кодексіне немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына белгіленген жерді ұтымды пайдалану ережелерін өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер уасчке нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жері құнарлығының едәуір төмендеуіне не экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін жер учаскесі меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін.
ҚР Жер кодексінің 92-бабында
қарастырылған бірінші жағдайда
заңды жауаптылықтың
Жер заңдарын бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылық
Еңбек тәртібін бұзу деп өзіне жүктелген еңбектік міндеттерді жұмысшының кінәсі бойынша орындалмауын немесе тиісті түрде орындалмауын атайды. Жұмысшының жұмыс уақытында жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға қатысты жасаған кез-келген құқық бұзушылығы еңбек тәртібін бұзу ретінде қарастырудың объектісі болып табылады. Жұмысшыға еңбек тәртібін бұзғаны үшін жаза қолданудың негіздері болып мыналар табылады:
- Жұмысшы мен жұмыс берушінің еңбек шартымен, бұйрығымен және т.б рәсімделген еңбек байланысы;
- Жұмысшы еңбек процесінде тиісті тәртіпте орынлауға міндетті еңбек міндеттемелерінің ресми түрде жүктелуі;
- Егер еңбек тәртібін бұзу орын алса, ол заңмен белгіленген мерзім ішінде қарастырылуы мүмкін.
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни, жұмысшының өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жұмыс беруші тәртіптік жазаның келесі түрлерін қолдана алады:
- Ескерту;
- Сөгіс;
- Жеке еңбек шартын бұзу;
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жеке еңбек шартын тоқтату үшін, заңдардың талаптарына сәйкес, осы әрекет бірнеше рет орын алуы тиіс және еңбек міндеттерін өрескел түрде бұзу сипатында блдуы тиіс.
Тәртіптік жазаларды қолдану үшін мыналар қажет:
- Жұмысшыдан жазбаша түсіндірме талап етілуі тиіс;
- Тәртіптік жаза құқық бұзушылық анықталған күннен бастап бір айдың ішінде тағайындалады және құқық бұзушылық жасалған күннен бастап алты ай уақыт өткен соң тағайындалмайды;
- Әрбір құқық бұзушылық үшін тек бір әкімшілік жаза тағайындалады;
- Тәртіптік жаза тағайындау туралы бұйрық жазаға тартылған жұмысшыға қол қоб арқылы жарияланады;
- Тәртіптік жаза тағайындау кезінде жұмыс беруші жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығын, оны жасау жағдайларын, жұмысшының оған дейінгі жүріс-тұрысын, оның еңбекке деген қатынасын, сонымен қатар, тәртіптік жазаның жасалған құқық бұзушылыққа сәйкесітігін ескеруі тиіс.
Қазақстан Республикасының жер заңдары бойынша мүліктік жауаптылық
ҚР Жер кодексінің 165-бабы меншік иелері мен жер пайдаланушыларға зияндарды толық көлемде өтеуді келесі жағдайларда көздейді:
Заңға сәйкес жағдайларда:
- Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының тоқтатылуына әкелетін мемлекеттік қажеттіктер үшін жер учаскелерін алып қою(сатып алу);
- Жер пайдаланудың ерекше режимін бекітуге байланысты меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын шектеу;
- ҚР ЖК 90-бабында көзделген жерлерді алып қою;
Заңға қайшы жағдайларда:
- Меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзу;
- Топырақтың құнарлығын бұзуға, су режимін нашарлатуға, ауыл шаруашылығы өнімдері мен өсімдіктер үшін зиянды заттар бөліп шығаратын объектілер құрылысы және оларды пайдаланудың нәтижесінде жерлердің жағдайының нашарлауы;
- Уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімімен меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының тоқтатылуына алып келетін мемлекеттік қажеттіктер үшін жер учаскесін алып қою заңға сәйкес әрекет болып табылады және оның негіздері жер және басқа да заңдарда көзделген.
- Халықаралық міндеттемелер;
- Қорғаныс қажетіне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатқа арнап жер беру;
- Учаскенің астынан пайдалы қазбалардың кен орнының табылуы;
- Жол салу, электр тарату, байланыс желілері мен магистральды құбырларды тарату, сондай-ақ осы объектілерді орналастырудың басқа мүмкін нұсқаларды болмаған кезде мемлекеттік маңызы бар басқа да объектілер салу;
- Құлау қауіпті бар апатты және ескірген үйлерді бұзу;
- Қалалар мен өзге де елді мекендердің жоспарлары, аумақты аймақтарға бөлу схемалары және белгіленген тәртіппен бекітілген өзге де қала құрылысы немесе жерге орналастыру құжаттамасы.
Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелері келесі мақсаттарда берілгенде олар шығынды өтеуден босатылады:
- Елді мекендер шекарасында жеке тұрғын үй салу, мектептер, мектепке дейінгі балалар мекемелерін, емдеу орындарын және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер салу үшін;
- Мелиорациялық жүйелер салу үшін;
- Тоғандағы және көлдегі балық шаруашылықтарын, балық питомниктерін, уылдырықты балық шаруашылықтары мен балық өсіретін зауыттар салу үшін;
- Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін, іргелес жатқан жер алқаптарының жағдайын нашарлатпайтын объектілер салу үшін;
- Тозған алқаптарға, химиялық және радиоактивті заттармен ластанған жерге орман мелорациясы үшін.
Жер учаскелерін қорықтарға, ұлттық, зоологиялық және дендроголиялық парктерге, ботаникалық бақтарға, тарихи-мәдени мақсаттағы объектілерге беру кезінде де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де жағдайларда шығын өтелмейді. Шығынның мөлшері жер учаскесінің берілуіне мүдделі тұлғамен келіседі және жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін жер учаскесіне құқық беру туралы актімен рәсімделеді.
Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық
Жер заңдарын бұзғаны үшін
әкімшілік жауаптылық – бұл жер
құқық бұзушылықтары
- Ол ҚР ӘҚБК-де көзделуі тиіс;
- Ол әкімшілік құқық бұзушылықтың нақты анықталған құрамдарынан көрініс табуы тиіс.
- Жауаптылықтың субъектілері ретінде әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы заңға сәйкес әкімшілік-жер құқық бұзушылығын жасағаны үшін кінәлі деп танылған кез-келген тұлға болуы мүмкін;
- Құқық бұзушылықтың жұмыс уақытында немесе жұмыстан тыс уақытта жасалғанына қарамастан кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа кез-келген уақытта тартылады;
- Әкімшілік жауаптылықтарды заңды аталған лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдар ғана өз құзыреті шегінде жүзеге асырылады;
- Әкімшілік жауаптылық заңдарда анықталған келесі іс жүргізушілік тәртібімен қолданылады.
Жер заңдары нормаларының талаптарын бұзуды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі келесі түрлерге бөледі:
- Меншікке қол сұғатын құқық бұзушылықтар;
- Табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
- Карантиндік ережелер мен ветеринарлық қадағалауға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар;
- Қоғамдық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара режимінің және Қазақстан Республикасы аумағында жүріп-тұрудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;
- Жол шаруашылығы, байланыс және көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар;
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар бойынша жер заңдарының басқа да талаптарын орындамау және дер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өз міндеттерін орындамауы жер құқық бұзушылығы және әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде жер заңдарын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың келесі түрлері көзделген:
- Жерге меншік құқығын бұзу
- Жер учаскелерін өз бетімен басып алу немесе уақытша пайдаланудағы жерлерді уақытылы қайтармау
- Жер учаскелерінің арнайы шекараларын жою
- Жерлерді бүлдіру
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбау немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау
- Жерлерді пайдаланудың табиғат қорғау режимінің талаптарын орындамау
- Жерлерді нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау
- Уақытша пайдалануға берілген жерлерді уақытылы қайтармау немесе оларды нысаналы мақсаты бойынша пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау
- Жер учаскесін пайдалану рұқсатынсыз іздестіру жұмыстарын жүргізу
- Жер учаскелерін беру туралы талап арыздарды қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу
- Тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінің бар екендігі туралы ақпаратты жасыру
- Жерлерді мемлекеттік тіркеу, есепке алу және бағалау мәліметтерін бұрамалау
- Орман қоры учаскелерін заңсыз пайдалану
- Орман қорының белгіленген тәртібін бұзу
- Орман қорының уақытша пайдалануға берілген учаскелерін уақытылы қайтармау
- Шабындықтар мен жайылымдарды бүлдіру
- Орманды қалпына келтіру мен орманды дамытуға арналған орман қоры жерлерінің басқа да санаттарының және шабылған ағаштардың орнына ағаш егудің тәртібі мен мерзімдерін бұзу
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу
- Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік объектілерден қорғау жөніндегі ережелерді бұзу
- Карантиндік тексеру мен тиісті өңдеуден өтпеген материалдарды кіргізу
- Зиянкестермен, өсімдіктер ауруларымен және арамшөптермен күрес жөніндегі ережелерді бұзу
- Жабайы есірткі шөптерін жоюға байланысты шараларды қолданбау
- Шекара аймағында шекара режимін және жекелеген аумақтарда жүріп тұру тәртібін бұзу
Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза ҚР ӘҚБК ережелерімен нақты сәйкестікте, бапта осы құқық бұзушылық үшін көздеоген шекте тағайындалады. Әкімшілік жаза әділ және құқық бұзушылықтың сипатына, оны жасаудың жағдайларына, құқық бұзушылықтың тұлғасына сәйкес болуы тиіс. Әкімшілік жазаны тағайындау тұлғаны орындамаған міндеттерін орындаудан, зиянды өтеуден және құқық бұзушылықтардың салдарын жоюдан босатпайды. Бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін жасалған тұлғаны егер ол құқық бұзушылық жасағаннан кейін келтірілген зиянды ерікті түрде өтесе немесе құқық бұзушылықтан келген зиянды басқа жолмен жойса, сот, әкімшілік, құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті орган әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтан келген зиян жеңіл болған жағдайда сот, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны ауызша ескерту жасай отырып, әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Жер заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық
Қылмыстық жауаптылық жауаптылықтың мейлінше ауыр нысаны болып табылады және ол әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа қарағанда соттың кінәлі тұлғаға қоғамдық қауіптің жоғары деңгейін білдіретін әрекеті үшін қолданылатынымен ерекшеленеді. Қылмыстық жауаптылықтың жалғыз негізі болып қылмысты, яғни ҚР Қылмыстық кодексімен көзделген қылмыс құрамының барлық белгілеріне ие әрекетті немесе әрекетсіздікті жасау болып табылады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Сол себепті, жер заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық ҚР қылмыс кодексінің қылмысты жазалаушы нормаларына сәйкес жер құқығы қатынастары саласындағы қылмыстық жазаланатын қылмыстық әрекеттер үшін туындайды. Жер заңдары өзінің қорғаушылық нормалары оң-позитивтік нәтижелер беру үшін жер учаскелері меншік иелерінің, жер пайдаланушылардың және басқа да тұлғалардың міндеттерін және оларға қатысты тыйымдарыд бекіткен. Тұлғалардың әрекеті немесе әрекетсіздігі жер заңдарының жер-қорғаушылық нормаларына кері әсер ететін және қылмыстық жазаланатын әрекеттің барлық белгілерімен қоса қоғамға қауіпті сипатты иеленген жағдайда қылмысты жасаған тұлғаны жазалауға бағытталған ҚР Қылмыстық кодексінің механизмі іске қосылады.
Қорытынды
Меншiк құқығы мен жер
пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексiнде және Қазақстан
Республикасының басқа да заң
актiлерiнде көзделген
1) жер мемлекеттiк қажеттерге меншiк немесе жер пайдалану құқығының тоқтатылуына әкеп соғатындай етiп алып қойылған (сатып алынған);
2) жер пайдаланудың ерекше
режимiнiң белгiленуiне
3) меншiк иелерiнiң немесе
жер пайдаланушылардың
4) топырақ құнарлылығының
бүлiнуiне әкеп соғатын, су
5) осы Кодекстiң 90-бабында көзделген жердi алып қою жағдайларында толық көлемiнде өтелуге тиiс.
Шығынды өтеу тәртiбi. Меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген шығын оны келтiрушiнiң есебiнен өтеледi. Мемлекеттiк билiк органының, өзге мемлекеттiк органның заңдарға сәйкес емес акт шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгі) салдарынан меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген шығынды Қазақстан Республикасы немесе тиiсiнше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк өтеуге тиiс. Өтемақы мөлшерiн айқындау кезiнде оған:
1) жер учаскесiнiң немесе
жер пайдалану құқығының
2) жемiс ағаштары мен
көпжылдық екпелердi қоса алғанда,
учаскедегi жылжымайтын
3) жер учаскесiн игеруге,
оны пайдалануға, қорғау iс-шараларын
жүргiзуге, топырақ құнарлылығын
арттыруға байланысты
4) меншiк иесiне немесе
жер пайдаланушыға үшiншi тұлғалар
алдындағы өз мiндеттемелерiн
мерзiмiнен бұрын тоқтатуына
5) алынбай қалған пайда енгiзiледi.
Жер учаскесiн алып қою кезiнде меншiк иелерiне нeмece жер пайдаланушыларға келтiрiлген шығынды, сондай-ақ олардың өтемақы мөлшерiн айқындау тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Жер учаскелерiн алып қою немесе оларға уақытша орналасу нәтижесiнде суару, құрғату, табиғат қорғау, эрозияға және селге қарсы объектiлер мен құрылыстардың (жүйелердiң) жұмысы жартылай немесе толығымен бұзылатын жағдайда шығындар, жобалау-зерттеу жұмыстарының құнын қоса алғанда, объектiлер мен ғимараттарды (жүйелердi) жаңадан салу немесе жұмыс iстеп тұрғандарын қайта жаңғырту үшiн жасалатын жұмыстың құнына негiзделiп айқындалуы мүмкiн. Жердi пайдалану кезiндегi қолайсыздықтардан (су қоймаларын толтыру кезiнде аралдардың пайда болуы, көлiк байланыстарының бұзылуы, аумақты коммуникациялармен бөлiп тастау және басқалары) туындаған шығындар (шығыстар) жобалау-зерттеу жұмыстарына, бөгеттер, көпiрлер, жолдар, кiрме жолдар, басқа да құрылыстар салуға, су қоймаларының түбiн тазартуға, сондай-ақ қайықтар, катерлер, паромдар мен өзге де көлiк құралдарын сатып алуға кеткен бiржолғы шығыстардың сомасымен айқындалуы мүмкiн. Жердiң нашарлаған сапасын қалпына келтiру үшiн қажеттi шығындарды (шығыстарды) айқындау кезiнде топырақты зерттеу, агрохимиялық және басқа арнайы тексерулер мен зерттеулердi, сондай-ақ жердiң сапасын қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн iс-шараларды жүргiзуге шыққан шығыстар енгiзiлуi мүмкiн. Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы меншiк құқығының немесе жер пайдалану құқығының тоқтатылуына әкеп соғатын шешiммен келiспеген жағдайда, дау сот тәртiбiмен шешiлгенге дейiн ол шешiмдi жүзеге асыру мүмкiн болмайды. Дауды қарау кезiнде меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген шығындарды өтеудiң барлық мәселелерi де шешiледi. Жер даулары. Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртiбiмен қаралады. Жер заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық . Жер заңдарының бұзылуына кiнәлi жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жауапты болады.

- Тауке хан и его свод законов
- Таулар
- Таунгу
- Таун-хаус в Аккре, в столице Республики Ганы
- Тауэрский мост
- Тафа
- Тафт, Уильям Говард
- Тауар нарығындағы сұраныс пен ұсыныс
- Тауартану және тауар айналымы
- Тауелсиздикке 20 жыл
- Тау жыныстары
- Тау жыныстары
- Тау жыныстарын пайдалану және қасиеттері
- Тау жыныстарының жылуфизикалық қасиеттері. Тау жыныстарының қысқандағы бұзылуының негізгі заңдылықтары