Тақырып Курс пәні мен міндеттері

1 Тақырып Курс пәні мен міндеттері

1 Курстың мақсаты, құрылымы

2 Пәннің мазмұны, әдісі

 

1 Курстың мақсаты, құрылымы

Бұл пән кәсіпорындағы Өндірістік менеджмент мәселесін теориялық және методологиялық тұрғыда оқытуға бағытталған. Өндірістік кәсіпорындар нарықтық экономикалық кезеңде өнеркәсіптің негізгі өндіріс жүйесін құрайды. Әрбір өнеркәсіп кәсіпорынның қарауында өндірісті орындауға қажетті қорлары, қаржы, еңбек және өндіріс ресурстары болады. Өндірістің толықтай өз тұрғысынан жабдықталуда, еңбек өнімін өндіруде, өнім шығаруда өте ұтымды тұрғыда ұйымдастырылуы қажет. Қазіргі шаруашылық жағдайда өндірістік кәсіпорында өнім өндіру ғылыми жұмыстарын жүргізуді, технологиялық жаңалықтарды талап етеді. Бұл мәселелер барлық кәсіпорындарға қажетті, сонымен қатар кәсіпорында Өндірістік менеджмент әртүрлі деңгейдегі өндіріс жүйелері арқылы жүргізіледі. Өндірістік менеджмент, оның өндіруші шаруашылық қызметі өндіріс жүйесін құрайтындарының барлығын қамтиды. Оның құрамды бөліктерінің қатарына қосылатындар:

  • еңбек процесінің өтілу жағдайлары мен орындалу тәсілдерінің жетілуі, орындалуы кәсіпорын қызметінің қалыпты жағдайын ұйымдастырады;
  • өндіріс факторларының үйлесімді топталып ұйымдастырылуы;
  • өндірістің автоматтандырылған және икемді автоматтандырылған үйлесімі, кешенді механизация тек технологиялық операция ғана емес, жұмыстың көмекші тәсілі арқылы да ұйымдастырылады (белгілеу, болжау, бақылау сияқты);
  • өнім сапасын техникалық тексеру, кәсіпорында өңделетін өнім сапасын бақылау қоғам еңбегін және бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Өндіріс ұйымдастырылуы және оларды тиімді жүргізу, ғылыми техникалық жылжуын шапшаңдатудың басты факторы болып саналады. Олар кәсіпорынның қаржы, материалды, еңбек қорларын анағұрлым тиімді және толық пайдалануын, өнім сапасының жоғарлауын, өзіндік құнның төмендеуін, өндіріс және еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етеді.

Бұл пәннің теориялық негізі болып экономика теориясы, өндіріс экономикасы саналады. Бұл өндірісі дамуының экономикалық заңдарын, кәсіпорынның экономикалық даму жолдарын, техникалық экономикалық көрсеткіштерді құрастыру, экономикалық тиімділікті арттыруды қарастырады. Сонымен қатар Өндірістік менеджмент пәннің мақсаты Өндірістік менеджмент қағидасын, әдістерін, формаларын зерттеп, және оларды басқару болып табылады. Қазіргі заманғы инженер – экономист менеджер жаңа техника технологиясын игере отырып, өндірісті басқару жүйесін құра білу, жаңа технология мен техника өндірісін тез түсініп, пайда мен тиімділікті жоғары қамтамасыз ете білуі керек. Өндірістік менеджмент пәні алдына қойған мақсаты нақты кәсіпорын жағдайында оның өтілуі және өндірісте еңдектің және заттың жиынтығын анықтайтын, өндірісте өнімнің сандық және сапалық тәуелділігінің , алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктерінің тәжірибесі негізінде зерттелуі болып табылады. Өндіріс өнімінің көрсеткіші барысының сандық және сапалық тәуелділігі кәсіпорын және оның бөлңмшелерінің жұмыс жоспарын әзірлеуге негізгі хабар болып табылады. Сондықтан Өндірістік менеджментдың сұрақтары уақыт ішінде жоспарлаумен тәкелей байланыста қаралады.

Өндірістік менеджмент курсын зерттеу тарихы және диалектикалық қдісі бойынша орындалады. Дамудың заңдылықтарына бағынатын тарихи үдерісі ретінде өндірістік шаруашылығы қызметінің барлық құбылысын қарастырады. 

Өндірістік менеджмент сұрақтарына диалетикалық жағынан қарағанда кез – келген инженерлік және ұйымдастырушылық өндіріс тәсілі бүгінгі күні қаншалықты сәтті болса да, техника жетістіктерінің ықпалымен жаңа, міндеттемелер орындалуымен байланыстылығын білдіреді.

Басқаша айтқанда еңбекші ұжымның әлеуметтік даму деңгейінің үзіліссіз жоғарлауында кәсіпорынның Өндірістік менеджмент тиімділігін, іздеу тиімділігін, шығармашылық жүмысы, ұйымдастыру диалектикалық әдісі арқылы қарастыруға мүмкіндік туғызып отыр. Өндріс дамуында ғылыми – техникалық тенденцияны зерттеу.

2 Пәннің мазмұны, әдісі

Курстың мазмұны кәсіпорынның өндіруші қызметінің негізгі жақтарын зерттеу болып табылады. Яғни жеке еңбек, еңбек құралы, еңбек өнімін, өндіріс құрылымын тиімді құры және зауыт, цех, учаскелерді жоспарлау мәселесін, еңбек үдерісін тиімді ұйымдастыру сұрақтары, басқару және жалақы төлемін ұйымдастыру жаңа техника мен технологияны жасау мақсатында анағұрлым тиімді жолдары.

Өндіріс үдерісінде еңбек құралдарын ауыстыру тәсілі сонымен цех ішілік, аралық ұйымдастыру көмекші және қойма шаруашылығында негізгі өндірісте тиімді қызметті ұйымдастыру. Кәсіпорынға капитал жұмсау тиімділігі, өндіретін өнім сапасын көтеру мәселесі, кәсіпорынның пайдасының өсуі өндіріс шығынының төмендеуінің негізгі бағыттары.

Өндірістік менеджмент пәнінің мазмұны экономикалық және техникалық салалармен оның байланысынан анық байқалады. Бұл аталған курстың экономикалық және техникалық салалардың арасындағы аралық жағдайды көрсетеді. Бұның шешім талқылаулары экономикалық, техникалық және инженерлік ғылым негіздерімен бағаланады. Сондықтан бұл пән инженерлік – экономикалық пән болып табылады.

Экономикалық теория негіздері – бұл пәннің  мазмұнын ашады, практикалық қызметте олардың пайдаланудың әдістемелерімен оның механизмін көрсетеді. Кәсіпорынның дамуын экономикалық заңдардың әрекет етуін ашады, өндіріс ұйымдастырудың пәнін құрау үшін теориялық негіз болып қызмет етеді және де нақты өндірісте кәсіпорынның алдында тұрған міндеттердің, шешімінің әдісін анықтайды. Бұдан басқа бұл курс экономика салаларымен байланысты, олар саланы жақсы меңгеруге ықпалын тигізеді.

Бұл завод үшін жоспарлау, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, еңбекті техникалық нормаландыру, программалау, статистика, маркетинг, аудит, қаражат, несие бұлардың негізінде өндірісте жақсарту мен нәтижесін арттыру шараларын жүргізеді. Техникалық салалар еңбек құралдардың өнімдері бұлардың жасалуының дамуын өркендеу заңдылықтарын зерттейді. Бұл салалар, соның ішінде мұнайгаз өндірісіндегі техникалық процестер еңбек құралдары және қондырғылар, қолданбалы математика, ЭВМ – ді инженерлік және басқада пәндер Өндірістік менеджментда инженерлік сұрақтар үшін негіз болып есептеледі. Пәннің міндеті Өндірістік менеджментда және меңгеруде нақты ғылымдардың техникалық салалардың барлық жиынтығының нәтижелі түрде қолданылуы. Өндірістік менеджмент құқықтық ғылымды кеңінен пайдалануды болжайды, яғни бұл кәсіпорынды, цехты, учаскені зерттейді, сонымен қатар философиямен, социологиямен, педагогикамен тығызы байланысты.

 

2 Тақырып Кәсіпорынның өндірістік  құрылымы

1 Кәсіпорын құрылымы

2 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы

 

1 Кәсіпорын құрылымы

Кәсіпорын құрылымы – бұл бүтін шаруашылық объектіні құрайтын ішкі буындардың: цехтар, учаскелер,  бөлімдер, лабораториялар және басқа да бөлімшелердің құрамы мен ара-қатынастары. Оның жалпы, өндірістік және ұйымдық құрылымы болады.

Кәсіпорынның жалпы құрылымы – өндірістік бөлімшелер мен қызметкерлерге қызмет көрсететін бөлімшелер кешенін және сонымен бірге кәсіпорынның басқару аппаратын қамтиды. Кәсіпорынның жалпы құрылымы бөлімшелердің орналасқан жерлерінің ауданы, қызметкерлер саны мен өткізу қабілеті (қуаты) бойынша өзара байланыстары және ара-қатынастарымен сипатталады. Өндірістік бөлімшелерге технологиялық мақсаттар үшін түрлі энергия өндірілетін, пайдалану үрдісінде бұйымдар жөндеуін қамтамасыз ететін қосалқы бөлшектер, материалдар мен жартылай фабрикаттар, негізгі өнім өндіріліп, сынақтардан өткізілетін лабораторияларды, учаскелерді, цехтарды жатқызуға болады. Қызметкерлерге қызмет көрсететін бөлімшелерге жататындар: тұрмыстық-коммуналды бөлімдер, олардың қызметтері, асханалар, буфеттер, бала-бақшалар, санаториялар, спорт қоғамдары және т.б.

Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы – бұл басқару аппараты бөлімшелері және олардың өзара байланыстары мен өзара бағыныштылығының құрамы. Кәсіпорынның басқару аппараты – басқарушылық шешімдерді дайындауға және оны жүзеге асыруға жауапкершілік жүктелген басшылар мен мамандар тобы. Басқару аппаратының ұйымдық құрылымы бірнеше буын сандарымен сипатталады, көбіне үш буынды жүйе қолданылады: президент (директор, басқарушы) – цех (бөлім) басшысы – мастер (бригадир). Әрқайсы өзіне жүктелген жұмыс учаскесіне жауапты болады. Басқару құрылымының түрлері: тікелей, функционалды, тікелей-функционалды, тікелей-штабты, өнімдік, дивизионалды, жобалық, матрицалық, бағдарламалы-мақсатты, бригадалық, төңкерілген пирамида түріндегі басқару құрылымы.

Функционалды ұйымдық құрылымды көп жағдайда дәстүрлі немесе классикалық деп те атайды. Осы құрылымдағы бөлімшелер қызметінің нақты сипаттамалары ұйым қызметінің басты бағыттарын қамтиды. Ұйым қызметінің дәстүрлі функционалды зоналарына (аймақтарына) маркетинг, өндіріс және қаржы бөлімшелері жатады. Бұл ұйымдық құрылымның негізгі идеясы мамандандыру артықшылықтарын толықтай пайдалану және басшылықтың шамадан артық болмауын қадағалайды.

Дивизионалдық құрылымда ұйымды құрылымдық бөлімшелер мен элементтерге бөлу товарлар мен қызмет түрлері бойынша, сатып алушылар топтары немесе географиялық аймақтар бойынша жүргізіледі. Бұл құрылымдарды сәйкесінше келесідей атайды: өнімдік құрылым, сатып алушыға бағытталған құрылым, аймақтық құрылым.

Көлденең еңбек бөлінісіне негізделген функционалды және дивизионалды құрылымдармен салыстырғанда сызықтық құрылымның элементтері тікелей бағынышты иерархиясы болады.

Тікелей құрылым көп үлкен емес ұйымдар үшін тиімді. Ұйымның өсуіне байланысты басқарудың түрлі деңгейлеріне маманадар мен эксперттерді тартудың қажеттілігі туындайды. Бұл жағдайда құрылым тікелей-штабтық деп аталады. Ұйымның функционалды күрделілігінің және орындалатын жұмыстарының артуы жағдайында тікелей-штабтық құрылымды пайдаланады.

Жұмыстардың жобалық ұйымы өзінің мәні бойынша нақты мәселені, міндетті шешу үшін құрылатын уақыттық құрылым болып табылады. Осы жұмыстар ұйымының мәні мынада: күрделі жобаны белгіленген уақытқа және белгіленген сапаға сәйкес орындау үшін ұйымның біліктілігі жоғары қызметкерлерінен бір топты құру. Топ жоба аяқталғанға дейін бірге жұмыс жасайды.

Матрицалық құрылымдағы жоба басшылары толықтай нақты жоба бойынша қызметтің барлық түрлері мен ресурстарын интеграциялауға жауапты. Оларға қажетті барлық материалды және қаржы ресурстары бөлінеді. Жоба басшысында жобалық өкілеттік болады. Мұндай өкілеттіктер компаниядағы жұмыстарды ұйымдастыруда кең көлемде өзгеруі мүмкін.

 

2 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы - өндірістік үрдісті ұйымдастыру нысаны және кәсіпорын мөлшері, цехтар мен қызмет көрсету түрлерінің көлемі, құрамы мен үлестік салмақтары, олардың араласуы, сонымен бірге цех ішіндегі өндірістік учаскелер мен жұмыс орындардың құрамы, саны мен орналасуы туралы мәліметтермен сипатталады.

Цехтар мен учаскелердің келесі түрлері бар:

- негізгі;

- қосымша;

- қызмет көрсететін;

- қосалқы.

Негізгі цехтарда шикізат пен материалдарды дайын өнімге айналдырудағы өндірістік үрдістің  нақты кезендері жүзеге асады. Негізгі цехтардың түрлері: 1) дайындау, 2) өңдеу; 3) шығару.

Қосымша цехтардың мақсаты - негізгі өндіріс цехтарының үздіксіз дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Оларға жататындар: жөндеу, энергетикалық, слесарлық-жөндеу, инструменталды және т.б.

Қызмет көрсететін цехтардың атқаратын қызметтері: өнімді сақтау, шикізатты, материалдар мен дайын өнімді тасымалдау және т.б. Қосалқы цехтар қалдықтарды қайта өңдеумен айналысады.

Негізгі цехтар мен өндірістерді құру үш негізгі бағыт (қағида) бойынша жүргізіледі:

- технологиялық - түрлі  бұйымдарды дайындаудың технологиялық  үрдісінің біртектілік белгісі  бойынша цехтар мен учаскелер  қалыптасады;

- заттық (өнімдік) - өнімнің  нақты түрін шығару бойынша  жұмыс орындарды, учаскелер мен  цехтарды бірлестіреді;

- аралас – дайындау  цехтары мен учаскелері технологиялық  қағида бойынша, ал шығару (өндіру) цехтары мен учаскелері – заттық (өнімдік) қағида бойынша құрылады.   

Кәсіпорынның құрылымдық өндірістік бірлігінің негізі өндірістік учаске болып табылады. Өндірістік учаске – бірдей немесе біртекті өнімді өндіру технологиялық жағынан бірдей немесе түрлі операциялар орындалатын жұмыс орындарының жиынтығы. Жұмыс орын - жұмысшы немесе жұмысшылар тобы өндіріс үрдісінде қызмет көрсету және өнім өндірудің жеке операциялары жүзеге асырылатын өндіріс ауданының бір бөлігі.

Учаскелердің  саны, құрамы мен олардың арасындағы қарым-қатынастарды ірі өндірістік бөлімшелер – цехтар құрайды.

 

3 Тақырып Кәсіпорындағы өндірістік үрдістерді ұйымдастыру

1 Өндірістік үрдіс түсінігі  мен түрлері

2 Өндірістік үрдісті  ұйымдастыру талаптары

3 Өндірістік цикл және  оның ұзақтығы

 

1 Өндірістік үрдіс түсінігі  мен түрлері

Өндірістік үрдіс деп еңбек құралын еңбек өніміне өзгертуге бағытталған табиғи үрдістер мен еңбек үрдістерінің байланысқан жиынтығын атайды. Белгілі бір өнім түрін өндірумен қатар, үрдіс белгілі бір жұмыс түрін жасауға да бағытталуы мүмкін.

Өндірістік үрдіс сәйкес біліктілігі бар жұмыс күшін, арнайы еңбек құралдары мен еңбек бұйымдарын пайдалануға, сонымен қатар өндірістің ерекше технологиясын қолдануға жұмыстанады. Кез-келген өндірістік үрдістің негізі – адамның саналы іс-әрекеті – еңбегі болып табылады. Өндірістік үрдістер бір-бірінен қызметтері, автоматтандырылған деңгейлері мен ұйымдастыру тәсілдері арқылы ерекшеленеді .

Өндірістік үрдістің экономикалық мәні қосылған құнның қалыптасуымен сипатталады. Өндірістік үрдіс мазмұнына әсер ететін факторлар: бұйым конструкциясы; бұйымдардың шығарылған көлемі мен еңбек сыйымдылығы; техника мен технология деңгейі; өндірістің мамандану және бірлестіру деңгейі. Өндірістік үрдіс түрлері 6 суретте көрсетілген.

Сурет 6 - Өндірістік үрдіс түрлері

 Технологиялық үрдіс  – еңбек затының мөлшерін, геометриялық  пішінін немесе физика-химиялық  қасиеттерін өзгертуге тікелей  байланысты болатын өндірістік үрдістің негізгі және басты бөлігі.

Технологиялық операциялар – бір немесе бірнеше бұйым түрін бір немесе бірнеше жұмысшымен (бригадамен) қондырғылардың қайта жөндеусіз бір жұмыс орнында орындалатын өндірістік үрдістің элементар бөлігі. Операциялар қолдық, машина-қолдық, машиналық, автоматтандырылған және аппаратуралық болып бөлінеді.

Қарапайым үрдіс – нақты объектіні дайындауда тізбектей орындалатын операциялар қатары (мысалы, дайын бөлшектерден қосалқы бөлшектер дайындау). Мұнда еңбек затына тізбектей жүзеге асатын еңбек қызметтері қатары әсер етеді, нәтижесінде дайын немесе жеке өнім шығарылады. Күрделі үрдіс – уақыт бойынша реттелген қарапайым үрдістердің жиынтығы. Мұнда дайын өнім жеке өнімдерді біріктіру тәсілі арқылы алынады.

Үздіксіз үрдіс – мысалы, мұнайды өңдеу. Сипаттамасы: өнімнің үйлестіру деңгейінің жоғары болуы, өндірістің тұрақты циклы, үздіксіз қызмет көрсету, үзілістердің болмауы, алдын ала белгіленген ырғақтылық, қайталану ырғақтылығы. Дискреттік үрдіс – мысалы, жеңіл көліктер өндірісі. Сипаттамасы: өнімдік дифференциация, топтық технологияға арналған қондырғылар, сериялық және жеке дара өндіріс.

Еңбек үрдісі – адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Табиғи үрдіс – адамның қатысуын қажет етпейді, мысалы, бұйымды бояғаннан кейінгі оның кебуі, еңбек затын термиялық өңдеуден өткізгеннен кейінгі суу үрдісі және т.б.

Негізгі үрдіс – ұйым жоспары мен оның мамандануына сәйкес өнім түрін дайындау үрдісі. Қосымша үрдіс – негізгі үрдістің дұрыс, уақытында жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін үрдіс және оның нәтижелері негізгі үрдісте қолданылады. Қызмет көрсету үрдісі – негізгі және қосымша үрдістердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Мысалы, өнім сапасын бақылау, зауот ішіндегі тасымалдау, қоймалық операциялар және т.б.

Өндірістік цикл – жеке еңбек затын (бұйымдар, жинақтау бірліктері, жартылай фабрикаттар) дайындауға байланысты болатын ұйымның өндірістік үрдісінің бір бөлігі. Өндірістік циклдың ұзақтығы - өңделетін зат (материал, дайындау бөлшектері) өндірісінің нақты кезеңіндегі дайын өнімге ауысатын уақыттың күнтізбелік кезеңі.

 

2 Өндірістік үрдісті ұйымдастыру  талаптары

Өндірістік менеджмент – өндіріс үрдісіндегі адамдар мен заттық элементтердің кеңістікте және уақытта үйлестіруді ұтымды етуге бағытталған шаралар жүйесі. Өндірістік үрдісті ұйымдастыру – соңғы тиімді нәтиже алу мақсатында өндірістік үрдістер элементтерін кеңістікте және уақыт бойынша таңдау, үйлестіру тәсілдері деп түсіндіріледі. Өндірістік үрдісті ұйымдастыру негізін қалыптастыратын бірнеше қағидалар бар.

Үздіксіздік қағидасы еңбек өнімін өңдеудегі уақыттың артуын, дайындық үрдісінде қозғалыссыз күту уақытын азайту, еңбек құралы мен тіріжан еңбегін пайдаланудағы үзілістердің қысқаруы. Өндірістік үрдістің үздіксіздігін сипаттайтын көрсеткіш – өндірістік циклдың тығыздық коэффициенті (Ктығ)

 

                                          Ктығ = Ттехн.ц / Төнд.ц,                                               (6.1)

 

мұндағы

Ттехн.ц

-

технологиялық цикл ұзақтығы;

 

Төнд.ц

-

өндірістік цикл ұзақтығы.


Ктығ=1 немесе Ктығ≈1, болған жағдайда өндірістік үрдістің рационалдылығын (қолайлығын) куәлендіреді.

Пропорционалдылық қағидасы барлық өзара байланыстағы кәсіпорын бөлімшелері, қондырғылар тобы, жұмыс орындары үшін нақты уақыт ішінде орындалатын жұмыс көлемі немесе өнім өндірісінің салыстырмалы теңдігін талап етеді және үйлесімділік коэффициентімен (Күйл) сипатталады

 

                                        Күйл= Қ1/ (Қ2 Шү),                                                (6.2)

 

мұндағы

Қ1 және Қ2

-

үйлесімділік коэффициент анықталатын агрегат, учаске, цех қуаты;

 

Шү

-

екінші цех өнім өндірісі үшін бірінші цех өнімінің үлестік шығыны.


 

Қатарластық қағида мәні – қатарлас өндірістік үрдістің жеке бөліктерінің орындалуын, жұмыс орнындағы технологиялық операцияның шоғырлануы мен негізгі және қосалқы операциялардың орындалуын уақыт бойынша үйлестіруді, бір уақытта орындауды қамтиды. Операцияларды үйлестіру түрлері: тізбектей, қатарлас, тізбектей-қатарлас болып бөлінеді. Қатарластық коэффициенті келесі формула арқылы анықталады

 

                                           Кқат = Тц.қат  / Тц.тізб,                                               (6.3)

 

мұндағы

Тц.қат

-

қатарлас қосылған өндірістік цикл ұзақтығы;

 

Тц.тізб

-

тізбектей қосылған өндірістік цикл ұзақтығы.


 

Тікелей ағымдық қағидасының мәні – тікелей ағымдық өндіріс үрдісіндегі еңбек құралдары қозғалысының ең аз қашықтығын қамтамасыз етеді. Тікелей ағымдық коэффициенті (Кт.а.) төмендегідей анықталады

 

                                       Кт.а. = Ттр / Төнд. ц,                                                      (6.4)

 

мұндағы

Ттр.

-

транспорттық операциялар ұзақтығы;

 

Төнд. ц

-

өндірістік цикл ұзақтығы.


 

Коэффициент мәні 0-ге ұмтылуы керек (Кт.а.→0).

Икемділік қағидасының мәні – өндірістік үрдістің жаңа өнім өндірісіне тез қайта құрылуына деген мүмкіндігімен сипатталады.

Мамандану номенклатураны шектеумен және аталуы бірдей өнімді жаппай дайындаудың өсуімен сипатталады. Мамандану қағидасын сипаттайтын көрсеткіштер:

  • сериялық коэффициент – бір жұмыс орнында жасалатын түрлі операциялардың санымен сипатталады;
  • жұмыс орны мамандануының орта деңгейі немесе сериялықтың орта коэффициенті төмендегідей анықталады

Мд = n / m,                                                          (6. 5)

 

мұндағы

n

-

учаскеде (цехта) ай (тәулік) ішінде орындаған бөлшек–операциялардың жалпы саны;

 

m

-

келтірілген бір смена жұмыс тәртібінде ай (тәулік) ішіндегі өндірістік бағдарламаның орындалуы үшін қажетті жұмыс орындарының саны.


 

Ырғақтылық қағидасының мәні – ырғақтылық өндіріс үрдісінің әр уақыт аралығында үнемі қайталануын қамтиды. Ырғақтылық коэффициенті (Кырғ) кез-келген уақыт аралығында (смена, күн, ай) анықталуы мүмкін

 

                                      Кырғ=1– ,                                                   (6. 6)

 

мұндағы

-

күнтізбелік уақыт аралығындағы өнім өндірісінің белгіленген жоспарынан ауытқу жиынтығы;

 

-

күнтізбелік уақыт аралығындағы (смена, күн, ай) өнім өндірісінің белгіленген жоспары;

 

 

күнтізбелік уақыт аралығы (смена, күн, ай).


 

3 Өндірістік цикл және оның  ұзақтығы

Өндірістік цикл – жеке еңбек затын (бұйымдар, жинақтағыш бірліктер, деталдар, жартылай фабрикаттар) дайындауға байланысты болатын ұйымның өндірістік процесінің бір бөлігі.

Өндірістік циклдың ұзақтығы (Тц) - өңделетін зат (материал, дайындау бөлшектері, деталдар) өндірістің нақты кезеңіндегі дайын өнімге ауысатын уақыттың календарлық кезеңі.

Өндірістік цикл ұзақтығы өндірістік процестерді ұйымдастырудың тиімділік критериилерінің бірі болып табылады. 

Өндірістік циклдың ұзақтығының (Тц) экономикалық мәні – оны қысқарту, ол сәйкесінше келесі жағдайларды қарастырады:

- Өндіріс көлемін арттыру  – Сату көлемін арттыру –  Табыс, пайда

- Товарлы-материалдық құндылықтар запасының есебінен өндіріске кететін шығындарды азайту

- Айналым қорларының  айналымдылығын үдету

- Өтім нарығында ұзақ  уақыт бойы болуы (бұйымның өмірлік  циклының бір бөлігі ретінде)

Өндірістік цикл тек уақытпен ғана емес, срнымен бірге құрылыммен бірге сипатталады.

 

4 Тақырып Өндірістік менеджмент үлгілері мен нысандары

1 Өндірістік менеджмент үлгілері

2 Өндірістік менеджмент тәсілдері

3 Өндірістік процестерді  ұйымдастыру нысандары

 

1 Өндірістік менеджмент үлгілері

Өндірістік менеджментдың отандық теориясы мен тәжірибесінде нақты белгілерге сәйкес өндірістің 3 үлгісін бөліп көрсетеді: жаппай, сериялы, жеке дара. Өндірістік менеджменттің шетелдік теориясы мен тәжірибесінде процестерді басқару стратегиясының үш үлгісі бар: өнімге бағытталған стратегия, процеске бағытталған стратегия және қайталанатын процестерді басқару стратегиясы (4.1-кесте).

 

4.1-кесте - Процеске және  өнімге бағытталған стратегияларды  салыстыру 

 

Процеске бағытталған стратегия

Өнімге бағытталған стратегия

1 Тауарлар көлемі аз, түрлері көп

Тауарлар көлемі көп, олардың түрлері көп емес

2 Өндірісте арнайы мамандандырылған  емес, универсальды құрал-жабдықтар  пайдаланылады

Керісінше, арнайы мамандандырылған құрал-жабдықтар пайдаланылады

3 Қызметкерлердің біліктілігіне  жоғары талаптар қояды

Қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптар ондай қатаң емес

4 Жұмыс ережелері (нұсқаулары) көп, өйткені жұмыс өз түрін өзгертіп  отырады

Заказдар мен жұмыс нұсқаулары аз, өйткені олар стандарттар болып табылады

5 Өндіріс көлеміне қатысты материалдар запасы жоғары болады

Өндіріс көлеміне қатысты материалдар запасы төмен болады

6 Шығу компоненттеріне қатысты  аяқталмаған өндіріс жоғары

Керсінше, шығу компоненттеріне қатысты аяқталмаған өндіріс төмен болады

7 Өндірістік цикл ұзақтығы ұзақ болады

Өңдеу құралдарының қозғалысы тез, цикл ұзақтығы қысқа болады

8 Қойма орындарының көлемі көп

Материалдар мен бөлшектер негізі жұмыс орындарында сақталады, қойма орындарының көлемі шектеулі

9 Соңғы өнім көбіне белгіленген  тізбек бойынша өндіріледі және сақталмайды (тапсырыс бойынша жоспарлау)

Соңғы өнім көбіне болжамдар негізінде өндіріледі және дайын өнім қоймаларында сақталады

10 Тапсырыстарды жіберу тәртібіне  бағытталған кесте сату, запастар, қуат пен тапсырыс берушілерге  қызмет көрсету ара қатынастарымен байланысты

Өндірістің ырғақтылығына бағытталған кесте, болжам сату көлемін қамтамасыз ететін өндіріс көлеміне бағытталады


Өндіріс үлгілері – ұйымның өндірістік қызметінің масштабы мен өнімдер номенклатурасының кеңдігімен, оны өндірудің тұрақтылығымен сипатталатын өндірістік менеджмент категориясы.

Өндіріс үлгілерін сипаттайтын факторлар:

- өнім көлемі (V);

- өндірістік жұмыс бірлігін  орындауға кеткен уақыт шығындары (t);

- жоспарлы кезеңдегі  жұмыс орнының әрекеттегі қоры (Nә).

 

Vt ≥ < Nә

 

Өндірістік менеджмент үлгілері – жоспарлы кезеңде (айда) бір өндірістік жұмыспен жұмыс орын толықтай тұрақты түрде қамтылу дәрежесі. Өндіріс үлгілерін сипаттайтын көрсеткіштер (4.2-кесте).

 

4.2-кесте – Өндіріс үлгілерін  сипаттайтын көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Белгіленуі

Есептелу формуласы

жаппай коэффициенті

γm

γm = t / r

операцияның бекітілу коэффициенті

Kо.б.

Kо.б. = к0 / S


 

мұндағы

t

-

өндірістік жұмыс бірлігін орындауға кеткен уақыт шығындары (еңбек сиымдылығы);

 

r

-

бұйымды (деталды) өндіру (жіберілу) тактісі r = Nә / V;

 

к0

-

цехтағы (учаскелердегі) жұмыс орындарында өңделетін детал операциялар саны;

 

S

-

цехтағы (учаскелердегі) жұмыс орындарының саны, келесі формуламен анықталуы мүмкін: S = Vt / Nә.


 

Өндірістік менеджмент үлгілері көрсеткіштерінің мәндері 4.3-кестеде көрсетілген.

 

4.3-кесте - Өндірістік менеджмент үлгілері көрсеткіштерінің мәні

Көрсеткіш

Үлгілері

жаппай

сериялы

жеке дара

ірі сериялы

орта сериялы

шағын сериялы

Kо.б.

≤ 1

2 – 10

11 – 22

23 – 44

> 45

γm

≥ 1

0,5 – 0,1

0,1 – 0,04

< 0,04

-

Тақырып Курс пәні мен міндеттері