Таза су- денсаулық кепілі

                                        МАЗМҰНЫ:

   I. Кіріспе бөлім.................................................................................  4

  ІІ. Негізгі бөлім...................................................................................

  1.Сусыз жер бетінде тіршілік жоқ....................................................... 5

  1.1. Жер бетіндегі су айналымы..........................................................6

  2 Таза су- денсаулық кепілі................................................................ 8

  2.1.Біздің үйге су қайдан келеді......................................................... 9.

  2.2.Біз пайдаланылатын ауыз судың құрамы....................................13

  2.3.Суды үнемдеу жолдары ................................................................14

ІІІ.Қорытынды бөлім..............................................................................

  Пайдаланылған әдебиеттер................................................................15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                КІРІСПЕ БӨЛІМ

 Су жүргізер тіршіліктің тамырын,  
Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым  
Судың біздер біле тұра маңызын,  
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.

Тұрсынзада Есімжанов. (1, 88 бет)

 

       «Су — тіршілік көзі». Әрине,  адам баласының күнделікті тіршілігін сусыз елестету мүмкін емес. «  Су… Сенің түсің де, иісің де, дәмің де жоқ. Сондықтан сені суреттеу мүмкін емес. Бірақ сен адамға рақат сыйлайсың. Сені тіршілікке қажет деп айту аздық етеді. Сен тіршіліктің өзісің!»   -деген екен Антуан де Сент-Экзюпери. Су адам өмірінде алатын орны ерекше. Бұл таңқаларлық жайт емес, себебі адам ағзасының 70 пайызын су құрайды. Жер бетіндегі тіршіліктің өзі суда пайда болған деседі.Біздің планетамыздың үштен төрт бөлігін су алып жатыр.Барлық теңіздер мен мұхыттардағы судың көлемінің өзі миллиондаған куб шақырымға жетеді. Егер мұхиттар  орта есеппен 4 шақырым, ал кей жерлерінде 11 шақырым төмен орналаспаса, онда жер бетін 3,5 шақырым биіктікте су алып жатар еді дейді ғалымдар. Мұхиттағы сулар әрқашан таза болып, оттегі алмасып тұруы тиіс. Үлкен су қоймаларындағы сулар бұзылмас үшін, судың құрамының 3-4 пайызы тұзды болады.Бұл оны бұзылудан сақтайды. Мұхиттағы су –тұзды су.Адамға шаруашылық және ауыз суды тұтынуына тек қана тұщы су қажет.Жылдан жылға тұщы суды қолдану қажеттілігі артып келеді. Үлкен қаланың әрбір тұрғынына күніне тұтынуға бірнеше жүздеген литр су қажет. Таза тұщы су адамға ішуге, ас әзірлеуге, ыдыс-аяқ , киім- кешек жууға, үй тазалауға, бақша егуге, жуынуға, өсімдік өсіруге т.б.тұрмыс әрекеттерінде қолдануға болады.Жұмыс істеу үшін зауыт пен фабрикаларға  да көп мөлшерде тұщы су қажет екендігі де анықталған. Егіс далаларын суару үшін де аз су кетпейді.

    Өзектілігі: Дүние жүзінің ¾ бөлігін су алып жатыр. Су - баға жатпес табиғат байлығы. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Ол зат алмасу процесінде шешуші роль атқарады. Ал зат алмасу процесі- барлық органикалық өмірдің негізгі екені белгілі. Жер бетіндегі барлық судың 3 пайыздан аз бөлігі ғана тұщы суды құрайды.

   Жер бетіндегі  тұщы су қорының 97 пайызы Антарктида, Гренландия және полюстер мен  таудағы мұздықтар үлесіне тиеді. Құрлықтың тек 3 пайызын көлдер мен өзендер алып жатыр.Егер барлық тұщы су полярлық мұздықтар мен мұздарда, адам аяғы тимейтін жерлерде жатыр деп санайтын болсақ, онда өзендер мен көлдерді қастерлеп, кірленуіне жол бермеуіміз керек.

 

                                           

 

 

 

                                               НЕГІЗГІ      БӨЛІМ

Су-тіршілік көзі. Тірлігі  оттегінсіз өтетін ішекте тіршілік ететін бактериялар бар,бірақ сусыз өмір сүретін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесінің 50-90 пайызы судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 килограммға кемісе, адам өледі.  Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды.

Су- табиғатта ең көп  таралған зат. Жер бетінің 2/3 бөлігін  су қабаты алып жатыр. Судың тағы бір  кереметі оның су қабаты, ауа қабаты, құрлық қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі.

Судың тағы бір қасиеті  –жақсы еріткіш. Ас тұзын суға салсақ, оның қатты түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минерал  заттарын ерітеді. Бұдан судың физикалық  қасиеті өзгереді. Дәм және иіс пайда болады,жылынады. Жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан шығатын суларды минералдық сулар деп атайды. Судағы еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне байланысты. Ішуге жарамды судың 1 литрінде 2-20 грамм еріген тұздары болады. Ол адам ағзасына пайдалы әр түрлі сырқаттардан айығуға жәрдемдеседі. Ондай суларды шипалы сулар дейміз.  

Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80-95 пайызы судан  тұрады.Адам ағзасының құрамында  қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді.

Су-тамақ рационының маңызды  құрамдас бөлігі.  Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа  шыдамды келеді. Зат алмасудың  барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға  нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, ағыл- тегіл терлетеді,қалжыратады.

 

 

 Су- ұлы саяхатшы. Ол бір орнында отырғанды ұнатпайды.Жер бетіндегі су айналымы да – ғажайып. Су ауа қысымы өзгере қалса, сапарға аттануға әзір тұрады. Су айналымы үздіксіз жүріп тұрады. Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Ол күннің жылуы ауада көрінбейтін газға айналдырған кезден басталады.Бұл газ су буы деп аталады. Су буы жоғары көтеріліп,суиды және су тамшыларына айналады. Осы тамшылардың жиналып бірігуінен бұлт түзіледі. Жел оларды айдайды. Бұлттардан су жаңбыр, қар жерге жаңбыр күйінде түскен су өзендер мен тоғандарға қосылады жəне жерге сіңеді. , бұршақ болып жерге түседі.

     Ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы).

     Су бірде қарға, бірде мұзға айналып, кейпін өзгертіп отырады.Бұл судың түрлі қалыпқа ене алатынын көрсете алады. Ол бірде сұйық, бірде газ түрінде, бірде қатты күйде болады.

  Сұйық күйде судың молекулалары  онша тығыз бірікпегендіктен, қалаған  жағына аға алады. Ол кез  келген ыдысқа немесе тереңдікте  орналаса алады. Сондықтан жаңбырдан  кейін асфальт пен жер бетінде шалшықтар пайда болады.

  Бұған қарапайым тәжірибе  жасадым. Түрлі көлемдегі үш  ыдыс алып, суды үшеуіне кезекпен  құйып шықтым. Сол кезде судың  ыдыстың көлеміне қарай түрлі  көлемге енетіне көзім жетті.

   Қатты суық түсіп, мұз  немесе қарға айналғанда, су қатты  күйге енеді. Тоңазытқышқа шыны бөтелкемен су қойдым. Мұз болып қатып, бөтелке  сынып кетті. Соның арқасында су қатқан кезде бұрынғы қалпына қарағанда көлемі ұлғаятынын білдім. Өзге сұйық заттарға қарағанда осы қасиетімен ерекшеленеді.Қатып жатқан мұзды жылы жерге әкелсе, от ериді. Қарды қолға ұстаса, ол да еріп, молекулалардың тәртібі бұзылып, су қайтадан сұйық қалпына келеді.

     Газ тәрізді күйге су қыздырған кезде айналады. Мұндай күйде будың молекулалары бір-бірінен алыс орналасатындықтан,  олар тез тарайды. Бу жеңіл болып көрінеді. Бірақ оның күші паровоздар мен кемелерді қозғалысқа келтіреді. Сонан кейін бу күшінің орнын қуат күші алмастыра алады. Судың мұндай күйлерін біз жыл бойы, яғни тұман, шық, қырау, бұршақ, қар түскенде кездестіреміз.

     Су климат пен ауа райының өзгеруіне тікелей әсер етеді судың қорына байланысты әрбір аймақтың климаты да өзгеріп отырады. Мұны теңіздер мен көлдердің деңгейінің өзгеруіне байланысты ауа райының өзгеруінен байқауға болады.

           .Судың булануына көп жылу қажет. Су қатқан кезде ол  осы жылуды қайтарады.Су баяу қызып, баяу суиды. Су жерді құрғап кетуден сақтайды. Сонымен қатар, судың буы ауада Жердің жылуын ұстап, оның ғарышқа ұшып кетуіне жол бермейді.

Сонымен су планетадағы температураның өзгеруін реттеп отырады.

                             Таза су –денсаулық кепілі

          Су – тіршілік көзі. Сусыз жан-жануарлар да, өсімдіктер де өмір сүре алмайды. Тамақсыз бірнеше апта өмір сүре алатын адамдар сусыз қалса, бірнеше тәуліктен соң өліп кетеді. Мамандардың айтуынша, ауыз суының ішінде табиғаттағы таза бұлақтың суынан пайдалы сусын жоқ. Ауыз суы мөлдір, бөтен иісі жоқ, дәмі жағымды, салқын (бірақ тым суық болмасын), денсаулыққа зиянды қоспасыз болуға тиіс. Ауыз су тазалығы- денсаулық кепілі. Ауа райы өте ысыған кезде (температура 35-40 С-ға жеткенде), адамдар мен жануарлар денедегі судың азаюйын ауыр сезінеді. Бұл жағдайда организмге керекті су мөлшері 2-3 есе өседі. Судың организмге жетпеуі ас қорыту процесінің бұзылуына, қандағы судың азаюын әкеліп соқтырады. Әртүрлі жұқпалы аурулардың басым көпшілігі ауа, тамақ, ауыз су арқылы жұғады.  Себебі, ауыз су уланса, халық қырылады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, адамзат ауруының 90 пайызы сапасыз судың салдарынан туындайды екен.  Жасуша ағзасына қорек заттарды (дәрумендер мен минерал тұздары) жеткізетін де, ағзаны лас заттардан тазартатын да — осы су. Одан басқа су тыныс алу мен жылу реттеу процестеріне де қатысады. Себебі, ауыз су уланса, халық қырылады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, адамзат ауруының 90 пайызы сапасыз судың салдарынан туындайды екен.   Сондықтан таза емес ауыз суды пайдалану қауіпті: түрлі микроағзалардан тұратын су кейде оба, тырысқақ, гепатит  секілді жаман ауруларға шалдықтыратыны белгілі. Жердегі барлық судың 97,2 пайызы ішуге жарамсыз! Шикі суды, әсіресе құдықтардың, өзендердің, тоғандардың, көлдердің суын ішпеген дұрыс. Ауыз суының ең залалсызы – қайнаған су.

 Табиғи, таза су  ғана адамға ем болады, қуат  береді, мақсатқа жетуге көмектеседі. Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші. 
Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады. 
 
Қажетті мөлшерде су ішпегенде: 
1. Мидың жұмыс істеуі баяулайды. 
2. Қан қоюланады. 
3. Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады. 
4. Нәжіс сары түсті болады. 
5. Іш қатуына (запор) себеп болады. 
3. Су жетіспегенде: 
1. Бас ауырады 
2. Бас айналады. 
3. Шаршау, әлсіздік пайда болады. 
4. Ойдың тынықтығы бұзылады. 
5. Тәбетсіздік туады. 
6. Биік жерлерде, ауа ыстық қапырық болса, тұмау болса, дене қызуы артса ішетін су мөлшерінің көбірек болғаны жөн. 

         Судың ластығы ағзада бірден сезілмейді, жылдар өте келе әр жеріңіз ауыратын болады. Ендеше, өзіңіздің және ұрпағыңыздың дені сау болсын десеңіз, таза су ішіңіздер деп айтар едім.

  Біздің үйіміздегі  су ағатын шүмектегі ағытқанымымзда, одан құйылатын  су бізге жеткенге дейін белгілі бір ұзақ және қиын жол арқылы өтеді.

     Су жаңбыр  түрінде жауған кезде, бұл ішуге жарамды сапалы су. Бірақ жаңбыр жерге сіңгенде, ол топырақтың элементтерін сіңіреді.Жаңбыр суы жауу жолында түрлі элементтермен нәрленеді: кальций, магний, көміртек, кремний, күкірт. Бүкіл әлемде ауыз суды құдықтардан, су қоймаларынан, бұрғылау скважиналарынан немесе жер асты су бұлақтарының көздерінен алады. Жергілікті топырақтың құрамында бар элементтер осы суда еріген. Топырақтың құрамына қарай ауыз судың да дәмі әр жерде әртүрлі болады. Жер асты су көздерінен немесе су қоймаларынан алынатын су алдымен тазартылады. Алдымен ірі және ұсақ қатты бөліктерден тазартады. Оның құрамынан  лай мен микробтар кетіріледі.Содан кейін суға дезинфекция жасау арқылы ондағы микроағзаларды өлтіреді. Ол үшін алдымен суды хлорлайды. Хлор- улы газ болғандықтан дезинфекция жасау үшін аздаған мөлшерде ғана қосады. Әдетте  1 литр суға 0,002 грамм хлор салынады. Аздаған уақытттан кейін хлор судан ұшып кетеді. әсіресе суды қайнатқан кезде өте тез ұшып кетеді.Көптеген элементтер судың құрамында қалады, соның ішінде:

 

Кальций мен магний

Осы элементтердің мөлшерінің суда көп болуы суды « кермек» жасайды.

Натрий

Бұл элемент жұмсақ (тұщы) судың құрамында бар.

Фтор

Тісті сақтайды, бірақ көп мөлшерде денсаулыққа зиян.

Алюминий

Суды тазарту үдерісінде зиянды заттарды сіңіреді (жұтады).

Темір

Қызыл-күрең (қоңыр) түсті ұнамсыз  (жағымсыз) түрдегі судың құрамында ерімеген темір болады.

Күкірт

Күкіртпен қорктенетін зиянсыз бактериалардан су жағымсыз  иісті болуы мүмкін.


 

   Ауыз суды заразсыздандырудың бір әдісі- оны озондау. Ол үшін суда озонды ерітеді ( кислородтың бір түрі). Бірақ бұл тәсіл хлорға қарағанда қымбатырақ  түседі.

    Ауыз судың құрамында адамға қажетті элементтер болу керек. Сондықтан өте таза (дистилденген) су ішуге жарамайды. Дистилденген су өнеркәсіпте, медицина саласында пайдаланылады. Осындай тазартылған су негізінде кейбір дәрілер жасалады. Егер дистилденген суда  электр тогын өткізетін болса, су екі газ түріне бөлінеді. Электр тогы өткізілген дистилденген су өндірісте таптырмайтын зат.

       Кейбір жағдайларда қажетті элементтерді ауыз суға қосады. Оған мысал ретінде тістің дұрыс дамуына  өте пайдалы аздаған мөлшерде суға қосылған фторды алуға болады.

     Бөтелденген  ауыз су шығаратын өндірістер  су дайындау процесінде суды  тазарту, фильтрлеу, зарарсыздандырудан өткізіп, озондайды. Сол себепті су  санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келеді. Бөтелденген су құрамында бар элементтер: кальций ( 78), магний (24), натрий (5),

калий (1), бикарбонатттар (357), сульфаттар (10), хлоридтер (4,5), нитраттар (3,8), кварцтар (13,5).  Бөтелдегі судың құрамы әртүрлі болуы мүмкін.

   Кейде табиғи судың құрамында еріген тұз көптеген мөлшерде болады. Ондай сулар минералды деп аталады. Минералды суларды терең скважинадан алады. Жер астынан шығып жатқан бұлақ  суының құрамы минералды болуы да кейде кездеседі. Бір литр минералды судың құрамында 10-15 түрлі әртүрлі тұздар болуы мүмкін. Көптеген жағдайда су құрамында ас содасы және ас тұзы жиі кездеседі. Минералды суда еріген көмірқышқыл газы оны газдалған сусын етеді. Газдалған суды ашқан кезде, одан дыбыс шығады, өйткені бұл судың құрамында көмірқышқыл газы бар.

  Өзен суының құрамында  көптеген тұздар, жиі кальций  мен магний кездеседі. Тазалау  кезінде бұл тұздар жоғалып кетпейді. Егер судың құрамында бұл тұдар көп болса, онда кермек су деп аталады. Мұндай суда сабын өте нашар көпіршиді, жылытқан және қайнатқан кезде ыдыс ішінде қақ пайда болады. Егер қақ ақ түсті болса, онда судың құрамында кальций мен магний, егер сары немесе қоңыр болса- темірдің болғаны.

    Химиялық тұрғыдан қарағанада ол сутегі мен  кислородтың қосылуының нәтижесінде болады. Судың сирек кездесетін қасиеті бар. Су қатқан кезде оның көлемі ұлғаяды. Мұз салмағы судан жеңіл, сондықтан су бетінде қалқып жүреді, суға батып кетпейді. Егер мұз батып кететін болса,онда  терең емес су қоймалары, тіпті поляр аймағындағы мұхиттар да қыс кезінде біртіндеп   терең түбіне дейін қатып қалушы еді.

 

                            Суды үнемдеу жолдары

               Сусыз өмір жоқ. Ол жер бетіндегі  бар тірліктің негізі. Содан да жаны бардың бәрі суға мұқтаж. Адамзат қоғамында адамдардың жартысына жуығы судың жетіспеушілігін бастан кешіруде.

    Үш  адамнан тұратын отбасы су  процедуралары мен кір жууға  айына 6 текше метр ыстық және  суық суды пайдаланады, ал норма  бойынша олар адамға деген 10 текше метр суға төлеулері тиіс. . Сіз тіс тазалап жатқанда немесе қырынған кезде суды сөндіріп қойыңыз. Өйткені суқұбырдың шүмегі арқылы минутына 4 литр су жұмсалып жатады. Күнделікті біз тісімізді 3 минуттан 3 рет тазалап тұруымыз қажет. Сонымен бір адам күніне 36 литр суды жоғалтады. Төрт адамнан тұратын отбасы күнделікті 144 литр суды шығындайды. Салыстыратын болсақ, бір ваннаға 80 литр су сыяды. Егер ваннаның орнына душ қабылдасаңыз ол суды үнемдейді. Әрине ваннаны душқа алмастыру оңай емес нәрсе шығар, бірақ-та душта ваннаға қарағанда үш есе аз суды жұмсайды. Шүмектер туралы айтатын болсақ, онда оларды толығымен бұрап тастау керек. Сонымен бірге тіс тазалау кезіндегі ағып тұрған суыңыз, бір ай бойы тамшылап тұрған суыңыздан асып түседі. Егер бір секундта бір тамшы су тамса, онда бір тәуліктің ішінде 6.5 литр су шығындалады. Сонымен біз бір жылдың ішінде 2,4 м3 суды шығындауымыз мүмкін. Ал егер де секундына үш тамшы ақса онда біз 7.1 м3 шығындаймыз.

      Суды үнемдеуде қарапайым тәжірибе  жасап көрдім.Аузы жабылмаған су құбырынан аздап су ағып тұрған. Судың астына 250 грамдық стақанды қойдым. 45 секундтан кейін ол мөлдір, таза, ішетін суға толды. Бір сағатта канализация арқылы 80 стақан, яғни 20 литр су ағып кетті. Соған сәйкес, тәулігіне 480 литр су ағады. Бұл су құбырының бір шүмегінен ғана аққан су мөлшері. Тәулік бойы тіпті  әртүрлі әрі көптеген аса қажеттілік жағдайында да отбасы мүшелері қатты тырысқан күннің өзінде осындай мөлшерде су шығыны болмайды.

  Егер ол  ыстық су болса ше? Мамандардың есептеуінше, бір краннан сіріңке шиінің жіңішкелігіндей сыздықтап аққан ыстық  судың шығысы бір пәтерді 2 ай бойы жылытуға жетерлік жылумен тең болады. Осы қалыпта су ағатын болса 1 жыл ішінде 175 кубометр су ағып кетеді.

 

 

                           

                                        Қорытынды  бөлім

           Қорыта айтқанда, су - өмірдің нәрі, ол - өмірдің өзі, сондықтан да оны аялау, оны көзіміздің қарашығындай сақтау – бәріміздің табиғат алдындағы азаматтық борышымыз. Табиғат тепе-теңдігі табиғаттың міндетті заңдылығы, оны оқып-үйрену, танып білу әрбір адамның жоғары саналы, экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға екендігінің белгісі.

  Суды аялай білуіміз  керек, өйткені ол- біздің нағыз  қазына байлығымыз.

Ғаламшарымыз әрқашан  көгілдір болып қалуы үшін өзен-суларға қамқорлық керек. Бұған ормандар сенімді көмекшілер болып табылады. Олар міндетті түрде өзендер мен көлдердің жағалауында өсуі тиіс, өйткені ағаштар су тоғандарын толықтыратын топырақ астындағы ылғалдылықты сақтайды және жинайды.

   Суды қорғау  өмір мен денсаулықты қоршаған  ортаның әдемілігі мен байлығын  қорғау деп бекер айтылмайды.

           Тірі организмдер суда ерітілгенмен қоректенеді. Тіпті, адамның өзі 70% судан тұрады.

Ал, енді - сол суды қастерлей  алмасаң, таза сақтай алмасаң, онда, ол - у. Жылдар бойы уланған, ластанған су қоршаған ортаға өте зиян.

    Дүние жүзіндегі барлық халықтар сияқты қазақ халқы да ерте заманда өзен,көл,бұлақ,әсіресе құдық суының тазалығына қатты көңіл бөлген. Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадырлеу,суды лайламау,суды ластамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата- анасы «Суды сабама,балығын шошытасың», «Бұлақты лайлама,құсын кетіресің» деген тоқтау сөздер айтып,тәрбилеген. «Бұлақ көрсең,көзін аш» деп өсиет айтқан.Бұдан қазақ халқының суды қалай қастерлеп,қорғайтынын көреміз.Өзен, көл-табиғат көркі.Ондай жерде жайқалған өсімдік,қаптаған жануарлар тіршілік етеді.Өзенді,көлді жерде құс көп болады.

          Жер шарындағы тұщы суды таза ұстау, оны ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау мәселелері бүкілхалықтық көкейкесті мәселеге айналып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ф.Қ.Иштаева, Л.Г.Костарева. Экология-  Астана: Фолиант, 2008ж., 17 бет.

2.  Асқарова Ұ.Б.  “Экология және қоршаған ортаны  қорғау”. 2005 ж., 57-61 бет.

3.Сужикова А.Ү., Лекерова  Ф.С., Солтанғазина М.Қ.-Менің алғашқы   энциклопедиям-Алматы: Алматыкітап, 2009.- 70-71 бет.

4. . Баешов Ә.Б. “Экология және таза су проблемалары” 2003 ж.

5. Что такое.Кто такой:  детская энциклопедия /сост.Ханова М.С.-М.:Астрель; АСТ, 2005-102-104 с.

 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Таза су- денсаулық кепілі