Тұлға әлеуметтануы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті
1 Тұлға әлеуметтануы
2 Нақты
әлеуметтанулық зерттеу
3 Экономикалық әлеуметтану
Әлеуметтану, басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, жеке адамды зерттеудің бір ракурсы – жеке адам – әлеуметтік өмірдің қайнар көзі, оның шынайы әрі жалғыз қайраткері және дамытушысы, әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік әрекеттестіктің, институттардың және тағы басқалардың бөлінбес бөлшегі ретінде қарастырады. Жеке адам және қоғам мәселесі әлеуметтануда салыстырмалы тәуелсіз, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты 2 ракурста зерттеледі.
Біріншісі
әлеуметтік институттар, қауымдастықтар,
жалпы қоғам қалай
«Қоғам және жеке адам» мәселесінің екінші ракурсының мәні – бірнеше мәселеден тұрады: белгілі бір социуммен жеке адам қаншалықты өзара әрекет етеді, қаншалықты өз тәуелсіздігін, автономдылығын көрсете алады; немесе қоғам, қоғамдық байланыстар, институттар жеке адамның құндылықтарын, олардың иерархиясын, өмір жолын қатал реттейтіндігін зерттейді.
Әлеуметтану шынайы әрекет ететін, таңдайтын, талғайтын субъект ретіндегі жеке адамды зерттейді. Сонымен қатар, тұлғаның шынайы өмір әрекетінің тұрақты, қайталанбалы элементтеріне, оның қоғаммен өзара байланыстарына көп көңіл бөледі. Жеке адам социологиясының басты проблемасы болып әлеуметтік жағдайлар (байланыстар, әлеуметтік және билік институттары, әлеуметтік қауымдастықтар) мен адам іс-әрекетінің өзара ықпалы табылады. Бұл мәселелерді шешуге талпыныс болып жеке адамның түрлі әлеуметтік концепцияларының (ХХ ғасырдың екінші жартысынан) пайда болуы саналады: Чарльз Кули, Джордж Мидтің айнадағы Мен теориясы, Райт Линтон, Талкотт Парсонс және т.б. рөльдік теориясы, социологиядағы необихевиоризмның жекелеген салалары, референтті топтар теориясы және ұстанымдар теориясы т.с.с. Теориялардың ортақ қасиеті – адам даралығын спецификалық фактор және белгілі бір факторлардан: индивидтер әрекеттестігі, қоғамда олардың белгілі бір рөльдерді атқаруы, әлеуметтік стимулдар, қажеттіліктер, бағыттардан тікелей пайда болатын туынды ретінде мойындау. Жеке адаммен, оның әлеуметтік қатынастағы орнымен байланысты мәселелер жиынтығын талдай отырып, жеке адам социологиясы көптеген категорияларды (бейімделу, белсенділік, тәрбие мүдделер, мотивтер, қажеттіліктер, құндылықтар, жеке адам түрлері, ұстанымдар, т.б.) қолданады. Айнадағы «Мен» теориясында (Ч.Кули, Дж.Мид) тұлға толығымен адамның әлеуметтік шартталған «Меннен» туындайтын функция ретінде қарастырылады. Жеке адамның негізі, оның өзіндік санасы – бұл әлеуметтік әрекеттестіктің нәтижесінде индивидтің өзіне объект ретінде, басқа адамдар көзімен қарауды үйренуі нәтижесіндегі әлеуметтік өзара әрекеттестігі ретінде бейнеленді. Осылайша, жеке адам – адамның әлеуметтік өмір үрдісінде жинаған объективті қасиеті түрінде түсіндірілді.
Рөльдер теориясын жақтаушылардың ойынша, жеке адам дегеніміз, индивидтің қоғамда атқаратын әлеуметтік рөльдері жиынтығының функциясы болып табылады, сондықтан, әлеуметтік рөль – индивид пен қоғам әрекеттістігі механизмінің маңызды элементі. Адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар олардың қоғамдық қатынаста белгілі бір жұмыс түрін (мұғалім, инженер, әке, бала және т.б. функциялар) орындау тапсырмасы түрінде болатын әлеуметтік функциялар негізінде құрылады. Атқарылған функциялар қоғамдағы әлеуметтік құрылымдағы адамның жағдайын сипаттайды. Осылайша, студенттің басты функциясы кәсіби және жалпы азаматтық мәдениетті танып білу. Индивидтің функциялары және одан туындайтын міндеттер мен құқықтар жеке адамның әлеуметтік статусын белгілейді. Жеке адамның әлеуметтік статусы – бұл индивидтің әлеуметтік топтардағы және бүтіндей қоғамдағы позициясы. Ол табиғи (жынысы, жасы) және әлеуметтік сипаттамалар (мамандық, кәсіп түрі, табыс, қызмет жағдайы және т.б.) арқылы анықталады, сондай-ақ, туа біткен (ұлттық, әлеуметтік тегі, туған жері) және қол жеткізілген (білім, мамандық, біліктілік) статустар болады.
Әлеуметтік статустар иерархиясы қоғамдағы немесе әлеуметтік қауымдастықтағы, қабаттағы, топтағы адамдардың белгілі бір позициясының маңыздылығын бейнелейтін «престиж» ұғымымен бекітіледі. Мамандық, лауазым, қызмет түрлері престижді болуы мүмкін. Престиж – адам тілектерін, ниеттерін, әрекеттерін қозғаушы, ал престиждік бағалау – кәсіби жұмыс бастылықты, әлеуметтік орын ауыстыруды, тұтыну құрылымын анықтайтын т.б. адам мінез-құлқын реттеуші болып табылады.
Рөльдік теория негізін қалаушылардың бірі Р.Линтон әлеуметтік рөльді – адам статусымен байланысты күтілетін мінез-құлық ретінде анықтайды. Бұл рөльдік күту адамның әлеуметтік статусынан туындайтын белгілі бір мінез-құлық ережелерді немесе нормаларын орындау және игеру жағдайында іске асады. Әр статусқа көптеген рөльдер қызмет ететіндігін атап айту маңызды. Зауыт директоры жоғарыдағы басқарушылар алдында бір рөльде, қол астындағыларының алдында екінші рөльде, әке түрінде – үшінші рөльде болады. Бірақ барлық жерде ол зауыт директоры болып қала береді, бұл оның басты статусы. Алайда, барлық рөльдерде, сонымен бірге, директор, әке рөльдерінде де ол әртүрлі ракурста көрінеді. Р.Мертон берілген статустан туындайтын рөльдер қосындысын рөльдер жиынтығы деп атады.
Адам бір уақытта бірнеше статусқа ие болуы мүмкін және көптеген шексіз рөльдерді атқарады. Әдетте, рөльдер жиынтығы сәйкес статусқа бекітілген ресми және бейресми рөльдерді қамтиды. Осылайша ЖОО оқытушысынан тек жоғары кәсіптік ғылыми деңгейді және т.б. ғана емес сонымен бірге, бейресми ғылыми ортада қалыптасқан қарым-қатынас стилін және мәдениет деңгейін игеру талабы қойылады. Мұнда әр жеке адам тек өзіне тән рөльдер үйлесімділігіне ие екенін айта кету керек, бұл оның индивидуальдылығын білдіретін негізгі қасиет.
Рөльдердің
көптігі рөльдік қақтығыстар
деп аталатын жеке адамның ішкі қақтығыстарын
туғызады. Олар көбінесе іс-әрекет мотивтерінің
күресі түрінде болады. Бұл мотивтер
негізінде белгілі бір
Жеке адам өмір шарттары мен қоғамдағы мінез-құлықты игерген адамның нәтижесі екендігі туралы ой необихевиоризмде пайда болған, мұнда тұлға ретті түрде талданған және әлеуметтік стимулдар жиынтығына деген әлеуметтік қолайлы жауаптар жиынтығы деп түсіндірілген. Жеке адам кейбір аралық, әлеуметтік емес сипаттағы айнымалылармен байланысты болатындығы мүмкін болды, бірақ олар шынайы ғылыми талдау пәні ретінде мойындалмады.
Ұстанымдар теориясында жеке адам индивидке күнделікті ықпал жасау арқылы қоғамды тудыратын, кейде саналы емес ұстанымдар түрінде қарастырылады. Түрлі ұстанымдарды жинақтай отырып, адам жеке адам болуға әдеттенеді. Оның санасында жеке адам болу қағидалы ұстанымы пайда болады.
Жеке
адамның әлеуметтік концепцияларының
бір тобы жеке адамға социогендік
қажеттіліктер жиынтығы және қоғам
тудыратын бағыттар түрінде қараумен
байланысты. Қоғам жеке адамның дамуына
әсерін тигізетін әртүрлі
Жеке адамға деген көзқарастардың даму диалектикасы жеке адамды ықшамдайтын схемаларын жеңу, оның жүйелік түсінуге өту жолымен іске асады.
Нақты
әлеуметтанулық зерттеу
Әлеуметтану
ғылыми білімнің дара саласы ретінде
біршама кеш қалыптасты. Оның негізін
19 ғасырдың екінші жартысында Огюст
Конт пен Герберт Спенсер қалады.
«Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет
француз философы әрі социологы
О.Контпен қолданылды. Қоғам мен
әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде
түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің
қалыптасауы мен дамуы
Әлеуметтанудың пәні мен объектісі
Әр
ғылым басқа ғылымдардан өзінің
зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық
ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің
объективті шындығын зерттейді. Бірақ
әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден,
объективті шындықтың белгілі жағы
мен саласы, екіншіден, тек берілген
ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары
мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар
мен заңдылықтардың әрекет механизімдері
мен айқындалуының ерекше формалары
жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі
мен пәні ажыратылады: объектісіне
зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне
зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар
мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың
объектісіне қазіргі қоғам
Атақты ағылшын ғылымы ДЖ.Херд «Әлеуметтануға кіріспе» еңбегінде, әлеуметтану адамзат қоғамы жөнінде ғылым ретінде белгіленеді. Оның отандасы Э.Гидденс қоғамды әлеуметтік кеңістікте, әлеуметтік уақытта айқындалу формаларында қарастырады. «Әлеуметтану – бұл адамның әлеуметтік өмірі, топтар мен қоғам жөнінде оқу».
Әлеуметтану біржарым ғасыр аралығында өмір сүріп жатыр. Осы аралықта әртүрлі социологиялық ағымдар, бағыттар, мектептер қалыптасты. Олардың әрқайсысы өз пән саласын айқындады және оны белгілі танымдық нәтижилер шектеулерінде жетті.
Қазіргі уақытта әлеуметтанудың ғылым ретінде пәнін белгілеу, жетілдіру, білімді тереңдету үрдісі жүріп жатыр. Бұл әлеуметтік ғылымдардың жіктелуімен, бірігуімен, гуманизациясымен байланысты.
Біздің елімізде әлеуметтік зерттеулерді экономикалық, саяси, құқық ғылымдарына, философияға жақындату талпыныстары жүргізілді. Әлеуметтануға идеологиялық – апологетикалық роль берілді.
Әлеуметтану
пәнінің тарихында екі негізгі
тенденция қалыптасты: макросоциологиялық
және микросоциологиялық. Макросоциология
қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен
және олардың әртүрлі мәдениет түрлерімен
өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен,
ауқымды үрдістермен
Микросоциология әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады.
В.А.Ядов
«Осыдан әлеуметтануды
Әлеуметтану – қоғамдық жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын зерттейтін теоретикалық және эмпирикалық пән. Әлеуметтану қоғамдық өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді. Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда – еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т.б. әрекет етеді. Берілген жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады.
Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
Әлеуметтік қатынастарды зерттеу негізіне байланысқа түскен объективті қалыптасқан әлеуметтік байланыстар мен фактілер құрылымын зерттеу жатады. Қоғамда шексіз көп әртүрлі әлеуметтік жүйелер бар. Осындай байланыстардың елеулі бөлігі уақытша және кезекті сипатқа ие болады. Әлеуметтанудың ғылым ретінде ерекшелігінің мәні, әлеуметтік қатынастар және байланыстар әлеуметтік заңдар мен зандылықтар деңгейінде зерттеледі.
Әлеуметтік заң – бұл әлеуметтік заңдар мен құбылыстардың, ең алдымен, адамдардың әлеуметтік әрекетінің байланысы немесе олардың өзіндік әлеуметтік әрекеттерінің жалпы және қажетті байланыстарын айқындауы.
Әлеуметтік заңдар тек үлкен адам бұқарасы қамтылған жағдайда ғана айқындалады және статистикалық сипатқа ие болады.
Қоғамның ұйымшылдық деңгейі
Қоғам
– бұл деңгей бойынша ұйымдастырылған
жүйе. Олардың өзара қатынас
Келесі
деңгей – бұл әлеуметтік институт.
Әлеуметтік институт тек материалдық
түрдегі мекеме ғана емес, ол ең алдымен,
адамдар тобының іс-әрекетінің түрақты
ұйымдасқан формасы. Әлеуметтік институт
– бұл мемлекет, шіркеу, жанұя, ғылым,
білімберу және т.б. Әлеуметтік институттың
институт қызметінің тұрақтылығына
жәрдемдесетін өзіндік ұйымы
мен арнайы дайындалған адамдары
бар. Қоғам ұйымшылдығының ерекше деңгейіне
әлеуметтік қауым жатқызылады. Оларды
зерттеу – «стратификация»
Жеке адам деңгейі. Жеке адам, тұлға ең күрделі және қарама-қайшы білім беру ретінде айқындалады,- «Бір адамзат жанының тарихы біртұтас халықтың тарихынан бай”. Әр деңгей өзінің мәдениетіне, өзінің әрекет тәсілдеріне, белсенділік шегіне ие болады.
Әлеуметтік ғылымның деңгейлері
Әлеуметтік ғылым дегеніміз не және оның деңгейі қандай? деген сұрақтың жауабы әлеуметтану пәнін түсіну мен оны зерттеу ерекшелігінен айқындалады. Егер әлеуметтануды – әлеуметтік қауымдар, олардың арасындағы әлеуметтік қатынастар, әрекеті мен бұқаралық тәртібі жөнінде ғылым деп саналса, онда әлеуметтік білім әлеуметтік қауымдастықтар мен олардың қалыптасу мен даму механизмнің білімі ретінде белгіленеді. Осы мәселелерді шешу көбінесе жалпы ғылыми және айрықша әлеуметтік әдістер арқылы жүзеге аасырылады. Әлеуметтану ғылымының 3 деңгейі ажыратылады:
1) жалпы әлеуметтік қағида;
2) арнайы әлеуметтік қағида;
3) нақты
әлеуметтік зерттеу (
Мұндай
оқу жолын 20-шы жүзжылдықтың 60 жылдары
американ социологы Р.Мертон ұсынды
және әлеуметтік білімнің 3 деңгейін құрастырды:
әлеуметтік қағиданың кең деңгейі,
орташа ранг қағидасы және соңғысы
күнделікті зерттеулерден пайда
болатын кіші жұмыс гипотезасы. Мертон
бойынша, «орташа деңгей” қағидасы
жалғыз жүзеге асатын және көңіл бөлуге
тұрарлық қағида. Бұл қағида негізгі
анализ дәрежесі ретінде Мертон үшін,
индивид пен қоғамдық құрылым
арқылы жүзеге асатын, әлеуметтік топ
болып шықты. Мертонның әртүрлі
қағидасының анализі мен мұқият
сипаттауы нәтижиесінде, 60-70-шы жылдары
үш деңгейлі білім концепциясы
Әлеуметтік
білімнің осындай өзіндік ажыратылуы
әлеуметтану пәнінің түсінуінен
айқындайтын өз тарихы бар. Ғылым
дамуының әр кезеңінде белгілі өзгерістерге
ұшырауы, әлеуметтану пәнінің әдістері
мен атқаратын қызметтері жаңаша
түсіндіріліп жатты. Конт заманында
әлеуметтану макроәлеуметтану түрінде
дамыды, бұл әлеуметтік білімнің жалпы
қағидалық білімге бағыттауы, қоғамды
тұтас ағза ретінде сипаттауда назардың
шоғырлануын белгілейді. 20 ғасырда
микроәлеуметтанудың
Мертонның әлеуметтану қағидасы макро және микроәлеуметтанудың бірігуін көздеді. Сондай-ақ, бұл екі деңгейден басқа әлеуметтанудың негізгі мақсаты мен бағытына байланысты, қағидалық және қолданбалы деңгейді ажыратады.
Егер зерттеудің негізгі мақсаты қағиданың дамуы болса, онда ол фундаментальды қатарына жатқызылады, ал егер тек тәжірибелік ұсыныстарды алуға бағытталса, онда ол қолданбалы зерттеу қатарына жатады . Жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің көпшілігі екі міндетті шешуге бағытталады:
1) қағидалық;
2) тәжірибелік ұсыныстар жасау.
Арнайы әлеуметтану қағидалары қоғамдық дамудың арнайы және жалпы заңдылықтарының қоғам өмірінің жеке салаларында әрекет механизмі мен ақындалу формаларын зерттеуге бағытталады. Арнайы әлеуметтік қағида пәні әлеуметтік өмірдің өзіндік салалары, әлеуметтік қауым түрлері, олардың даму заңдылықтары болып табылады. Олар жалпы әлеуметтік қағиданы эмпирикалық әлеуметтік зерттеулерге өту өлшем ролін атқарады. Арнайы әлеуметтік қағида пәні спецификасы негізінде, келесі топтарға бөлінеді:
1) арнайы
әлеуметтану қағидасы адам
2) әлеуметтану
және басқа да гуманитарлық
пәндер – әлеуметтану құқығы,
әлеуметтану экономикасы,
3) арнайы
әлеуметтік қағидалар,
4) арнайы
әлеуметтік қағидалар,
5) арнайы
әлеуметтік қағидалар,
Соңғы уақытта кең таралған көзқарас бойынша, әлеуметтік білім деңгейі келесі сатыларға бөлінеді:
а) фундаментальдық зерттеулер деңгейі, берілген саланың принциптерін мен заңдылықтарын айқындайтын, ғылыми білім жолы арқылы қағиданы құрастырады;
ә) қолданбалы зерттеулер деңгейі, берілген фундаментальды білім негізінде, айрықша тәжірибелік құндылығы бар мәселелердің көкейтестігін зерттеуді мақсат қояды;
б) әлеуметтік инженерия – әр түрлі техникалық құралдарды құрастыру мақсатында ғылыми білімнің тәжірибесін енгізу деңгейі;
Берілген жіктеу әлеуметтік құрылымның үш деңгейін ажыратуға мүмкіндік береді:
1) қағидалық әлеуметтану
2) қолданбалық әлеуметтану
3) әлеуметтік инженерия
1.5 Әлеуметтану функциялары
Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды:
1) теоретико-танымдық
функциясы, әлеуметтік дамудың
заңдылықтарымен, әртүрлі
2) әдістемелік,
әлеуметтанудың концептуальды
3) басқару
функциясы, әлеуметтанумен
4) тәжірибелік
функция, тәжірибелік маңызы
5) болжамдық
функция, келешекте әлеуметтік
үрдістердің тенденциясы
Әлеуметтанудың
қоғамтану және гуманитарлық ғылымдар
жүйесінде алатын орны, ең алдымен,
әлеуметтанудың қоғам жөніндегі
ғылым ретінде айқындалуы, яғни барлық
басқа қоғамтану және гуманитарлық
ғылымдардың әдістемесі мен қағидасы
негізін атқарады. Адам және оның әрекетін
зерттеу техникасы мен
Тарих сияқты, әлеуметтану да екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың субъективті-объективті байланыс эволюциясын айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі мүмкін.
Екі ғылымның өзара әрекеті – саясаттану мен әлеуметтану ғылымының жаңа ғылым саласын – саяси әлеуметтануды белгіледі. Саясаттану мен әлеуметтанудың байланысы белгіленеді, біріншіден, қоғамның жалпы әлеуметтік жүйе ретінде ерекшелігін ескеріп, саяси өмір заңдылықтарын айқындауға болады, екіншіден, қоғамға саяси құрылым мен әртүрлі саяси құрылыстардың ықпалын үнемі ескеру қажет. Әлеуметтану философиямен тығыз байланысты. Олардың негізінде адамзаттың әлеуметтік ойының алғашқы тұтастық байланысы жатады. Философияның принциптері, категориялары мен заңдары қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік әрекеттер әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. Философия материя, сана түсініктерін қолданса, әлеуметтану – әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын зерттейді.
Барлық құбылыстар мен үрдістер, адам әрекетінің барлық салаларын материалдық, сондай-ақ, рухани әлеуметтанумен гуманитарлық ғылымдардан гөрі экономикалық, саяси, қоғам өмір әрекетінің рухани жақтарын да қарастырады.
1.6 Америка және ағылшын оқулықтарындағы әлеуметтану пәні
Әр елдің әлеуметтанушыларымен сирек бір жерден шығатын пікір айтылады. Соңғы жылдары АҚШ пен Англияда басылып шығарылған әлеуметтану оқулықтарындағы өзгешеліктерді мысалға келтірейік.
С.Курт, С.Хастингс, Д.Харрис : «Әлеуметтану – бұл адамзаттың өзара әрекет үлгісінің ғылыми зерттеуі”. Кр. Дуб. «Әлеуметтану – бұл адам тәртібі және осы тәртіпке әсер ететін, адамның әлеуметтік ортасын ғылыми зерттеуі”.
Ст. Мур, Б. Хендри: «Әлеуметтану – бұл адам тәртібін зерттейтін әдістер жөніндегі ғылым ”.
Дж. Херд : «Әлеуметтану – бұл адам қауымын зерттейтін ең нақты, негізгі жол ”.
М. Тейлор,
Л. Рин, С. Розенталь, К. Догби: «Әлеуметтану-бұл
әлеуметтік топты және олардың адам
тәртібіне әсері жөнінде оқыту”
Н.Смелсер:
«Әлеуметтану бұл қоғам мен әлеуметтік
қатынастың ғылыми зерттеуі. Ол берілген
фактілерге немесе әлем шындығына сүйене
отырып, ғылыми түсініктемелерді қолдана
отырып, игеруге тырысады”. Анықтамалардың
елеулі бөлігі бұл пәннің «тәртіптік»
түсініктемесімен байланысты. Сонымен
қатар, кейінгі жылдары бірқатар
авторлар әлеуметтану пәніне қоғам,
әлеуметтік құрылым мен жүйе жөнінде,
ғылым ретінде қыр-сырын
ЭКОНОМИКА - ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ
ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ
Экономикалық
әлеуметтану жалпы әлеуметтану
ғылымының қоғамның экономикалық өмірін
зерттейтін арнаулы теориясы болып
саналады. Бұл арнаулы теория
жалпы әлеуметтанудьщ қарқынды дамуымен
және оның экономикалық процестерімен
тығыз байланысының негізінде пайда
болды. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың
объектісіне зерттеушінің қалауына
қарай алынған қандай да болмасын
экономикалық және әлеуметтік тұрғыда
бір-бірімен тығыз байланысқан
құбылыстар мен процестер жатады.
Ал экономикалық әлеуметтанудың пәніне
коғамның экономикалық дамуының әлеуметтік
аспектілері жатады. Бұған экономиканың
алуан түрлі салалары,
әлеуметтік инетитуттар (фирматар,
акционерлік қоғамдар (АО).
корпорациялар банктер, т.б.), алуан
түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс,
еңбек ұжымдары, өңдірістік бірлестікттер.
топтар, бригадалар. т.б.); экономикалық
процестер, өндіріс саласындағы
әлеуметтік қатынастар (үстемдік ету-бағылу»
басқару-орындау). еңбеккерлердің өңдірісін
басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің
тұрақсыздығы, ауытқуы, миграция, мамандықты
іріктеп алу, еңбек ұжымдарының
әлеумеіттік қорлары мен
Экономикалық
ойлау, экономикалық-материалдық
Экономикалық
әлеуметтану экономикалық процестерді
адамдардың іс-әрекеті, қызметінің жемісі
ретінде қарайды. Қоғамдағы адамдардың
материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі
болтандықтан, олардың мұқтаждығы,
талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері
де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда
әр түрлі рөлдер, яғни қызмет атқарады,
осыған сәйкес олар қоғамда әр түрлі
орында, жағдайда, бсделде, т.б. болады.
Экономикалық әлеуметтану экономиканы
зерттеудің басты мәселесі ретінде
экономиканы өз алдына жүйе деп қарайды.
Ал, экономикалық жүйеде — өндіріс-бөлу-айыр-бастау-
Әлеуметтік зсрттеуде бұл екі процес, яғни сүраныс пен үсыныс қатар колданылады, өйткені, зерттеуші әлеуметта-нушының басты назары ең алдымен мүндағы алуан түрлі адамдардың, олардың топтарының мінез-құлқына аудары-лады. Адам және оның топтары-жүмысшы, кызметкер, тү-гыі-іушы, айырбастаушы, сатушы, сатъш алушы, т.б. рстінде қарастырылады. Экономикалық дамудың олеуметтік аспек-гілерін жан-жақты ескеріп, таддап отыру керек. Мысалы, әлеуметтік, рухапи құіздылықгары бойынша адамның сң жоғары қасиеттері — инабаттылығы, еңбек сүйгіштігі, оған қатынасы, ынталығы, үқыптылығы, оның қайырым-дылығы, әділеттілігі, жауапкершілігі, белеенділігі, шаруа-
Экономикалық элеуметтану ♦
н
♦ Әлеуметтану негіздері
қорлығы, т.б. қоғамдық ондірісті дамытып, оның онімін көбейтуге, сапалы тауарларлы коп өндіруге тікелей осерін тигізіп отырады.
Осыларға
орай, экономикалық әлеуметтану еңбсктің
мазмүны мен түрлерін, яғни жүмысшылар
мен кызмет-ксрлердің білім
Экоиомикалық алеуметтанудың бір ерскшслігі сол, ол экономикалық құбылыстар меи процестерді жеке адам-кьщ, топтың, оның ішінде жіктің экономикалық жагдайы, матсриалдық ол-ауқаты, одан іуатын сана, ойлау және мінез-күлқымен тығыз байланыстырады. Сөйтіп ол экономи-каны реттсудің, басқарудьш әлеуметтік механизмдерін ашады да, экономикалық сананы, : жономикалық ойлауды, эконо-микалйқ ынға, ықылас. модениет, т.б. моселелерді зсрттсйді. Міне. осылардьщ бәрі экоиоміиканы әлеуметтік түргадаң зсрттеудің ең басты мәселелері.

- Тұлға әлеуметтануы
- «Тұлға» әлеуметтануының мәні
- Тұлға және Әлеуметтану
- Тұлға және әлеуметтік ұғымдар жайлы түсінік
- Тұлға және әлеуметтік ұғымдар жайлы түсінік
- Тұлға және әлеуметтік ұғымдар жайлы түсінік
- Тұлға және әлеуметтік ұғымдар жайлы түсінік
- Тұқым қуалайтын аурулар - mapyourinfo.com
- Тұқым қуалайтын аурулардың геногеографиясы
- Тұқым қуалаушылық- денсаулық фактор
- Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері
- Тұлғааралық коммуникациядағы кедергілер және оларды жою
- Тұлғааралық қарым-қатынас
- Тұлғааралық қарым-қатынас