Тулга психологиясы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
- ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ
- ТҰЛҒА ТЕОРИЯЛАРЫ
- КЕҢЕСТІК ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ТҰЛҒА ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Тұлға деген сөздің өзі латын сөзінен шыққан. Бастапқыда бұл сөз ежелгі грек драмаларындағы театр көріністерінде әртістер киетін бет пердені аңғартты.
Тұлға сонымен бірге, даралылықтың өте айқын, әрі ашық сипаттарының үйлесімділігі ретінде қарастырылады. Соған орай, жасқаншақтық пен қайырымдылығын оның мінездік сипаты деп есептеп, адам жайлы ол «тіл табысқыш тұлға» немесе «жасқаншақ тұлға» деп атауға болады.
Психологиядағы тұлға ұғымының аса көп түрлілігін түсіну үшін осы саладағы кейбір көрнекті шетел теоретиктерінің көзқарастарына жүгінуге болады. «Тұлға» термині әртүрлі мәнді береді. Оны зерттеумен түрлі, тіпті кейде бір біріне қарсы тұратын теориялық білімдердің кең ауқымды спектрін қамтитын,академиялық психология құрылымындағы ерекше бөлім айналысады.
Карл Роджерс тұлғаны: өзінділік терминімен сипаттайды. Гордон Оллпорт тұлғаны – адамның әлеммен өзара әрекетінің сипатын үйлесімдей түсетін, ішкі индивидумның шынайы пет пердесі ретінде анықтайды. Э.Эриксонның түсінігінше, индивидум бүкіл өмір бойында психологиялық әлеуметтік дағдарыстардан өтеді және оның тұлғалығы осы дағдарыстардың нәтижесі болып табылады. Джордж Келли тұлғаны – әрбір индивидуумға тән өмірлік тәрбиені ұғынудың тәсілі деп қарастырады. Ал, Альберт Бандура болса, тұлғаны индивидуум, мінез-құлық және жағдайдың үздіксіз өзара әсерінің күрделі паттерні ретінде қарастырған.
Зерттеу обьектісі бола отырып, тұлға: эмоциялар, мотивация,ойлар, қайғырулар, қабылдау мен әрекеттер сияқты адамды сипаттайтын көптеген қырларды біріктіріп тұратын абстрактілі ұғым да болып саналады.
І. ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ
Ғылыми пән ретінде, қазіргі заманғы тұлға психологиясы, адамның табиғаты жайлы ой қорытындыларын интуиция мен фольклорга немесе дұрыс ойға сеніп қана қоймайтын, тек экспериментті тұрғыда дәлелденген тұжырымдамаға айналдырады. Адамның тұлғалық мәселелерімен персонологтар айналысады, бұл терминді Генри Мюррей ұсынған.
Тұлға психологиясының мақсаты – адамдардың өз өмірлеріне деген қанағаттандыру сезімін тудыруға көмектесу. Теориялар мен экспериментті зерттеулерді дамыта отырып, көптеген персонологтар қазіргі күні өмірлік қиындықтарды жеңудің өнімді әрі тиімді стратегияларын іздестірумен айналысуда.
Теориялар негізгі екі қызметті атқарады: олар мінез-құлықты түсіндіреді және алдын ала болжайды. Мінез-құлықты белгілі түрде ұйымдасқан деп ұсынатын тұлға теориялары түсіндіргіш болып саналады. Теория осы шақ пен өткенді түсіндіріп қана қоймай, сонымен бірге, болашақты да болжай алуы керек.
Тұлға теориялары психологияда әртүрлі қызмет атқарады. Олар адам жайлы түсінік береді, олардың сипаттамалары уақыт аралығында қалай дамитынын және адамдар өздерін белгілі бір кейіпте қалай ұстайтындығын түсінуге көмектеседі. Теорияның неден бастау алатыны персонологтардың тұлға жайлы көзқарастарына терең және мәнді түрде әсер етеді. Мысалы: Абрахам Маслоу адамдар әрекетінің көпшілігі саналы және еркін таңдаудың әсерінен деп санаған. Оның тұлға теориясы осы бастапқы жағдайға орай құрылған. Ал, З.Фрейд мінез құлық мәнді дәрежеде иррационалды, ұғыныла бермейтін факторлармен детерминделген деп бекіткен. Маслоу мен Фрейд адам мәнінің іргелі негізіне байланысты түбегейлі қарама қайшы көзқарасты ұсынады.
Тұлға психологиясында зерттеудің үш әдісін қолданумен байланысты кемшіліктер мен жетістіктердің салыстырмалы кестесі
Зерттеу әдістері |
Артықшылықтары |
Кемшіліктері |
|
Клиникалық жағдайларды зерттеу әдісі |
1.Индивидуумның күрделілігі мен қайталанбастығын көрсетеді. 2.Жасанды және ойдан құрастырылған лабораторлы жағдайлардан еркін |
1.Мінез-құлықтың жалпы ұстанымдарын қалыптастырудың сенімді негізін қамтамасыз етпейді; 2.Нәтижелері зерттеушінің қызығушылықтары мен жеке басына тән бейімділіктерін сипаттауы мүмкін. 3.Айнымалылардың арасындағы себеп салдарлы қатынастардың ерекшеленуін қамтамасыз етпейді. |
Корреляциялық әдіс |
1. Даралық ерекшеліктерге жататын айнымалылардың кең ауқымын зерттеуге жағдай жасайды. 2. Айнымалыларды шынайы өмірдің табиғи жағдайларында зерттеуге жағдай жасайды. 3. Бір айнымалы жайлы ақпараттың болашақта екінші айнымалының пайда болуын алдын ала болжауға мүмкіндік береді. |
1. Айнымалылардың себепті байланысқанын қорытындылауға мүмкіндік бермейді. 2. «Үшінші айналмалының» әрекетінен туындайтын келеңсіздіктер кездесуі мүмкін. 3. Өзін өзі бағалау шкалаларының сенімділігі мен валидтылығы күдік тудыруы мүмкін. |
|
Экспериментті әдіс |
1.Кейбір айналмалыларды оқшаулап, олармен өз еркінше манипуляциялауға мүмкіндік береді. 2.Себеп-салдарлы байланыстарды орнатады; себептілігін қорытындылауға мүмкіндік береді. 3.Мәліметтердің жинақталуы, олардың тіркелуі мен талдануы обьективтендірілген. |
1.Лабораторияда зерттеуге болатын феномендердің аймағы әдептілік қағидаларына орай шектелген. 2.Жасанды лабораториялық жағдайлардағы мінез құлыққа қолданудың мүмкіндіктерін шектейді. 3.Зерттелінген айнымалының өзгеруіне экспериментті артефактілер әсер етуі мүмкін. |
Тұлға теориясын жүйелі түрде бағалау үшін негізгі алты критерий қолданылады.
Верификациялық. Бұл критерий тәуелсіз зерттеушілер үшін теорияның жағдайлары тексеруге қаншалықты мүмкін болса, сондай дәрежеде дұрыс болып есептеледі.
Теория құрамындағы тұжырымдамалар, ұсыныстар мен болжамдар айқын анықталынып екі мағыналы болмай, бір-бірімен байланысқан турде болуы керек. Теория осылай баяндалатын болса, оның эмпирикалық қорытындылары логикалық тұрғыда оңай негізделіп, ресми зерттеуде жеңіл тексеріледі. Жақсы теория феномендердің арасындағы өзара байланыстар жайлы тексерілетін болжамдарды қамтуы тиіс. Дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға болмайтын теория, нашар деп есептелінеді. Ол кез келген практикалық мақсат үшін пайдасыз.
Эвристикалық құндылық. Эмпирикалық бағыттағы психолог үшін теорияның ары қарай зерттеулер жүргізуге қандай дәрежеде итермелейтіні аса маңызды болып табылады.
Эрих Фроммның гуманистік теориясы және Джордж Келлидің жеке дара конструктілер теориясы сияқты даулы тұлға анықтамаларының итермелеуі мардымсыз. Жағдайдың осылай болуы, теоритиктің өз тұжырымдамалына жұмыс анықтамаларын дұрыс бере алмауының нәтижесінен туындайды.
Ішкі үйлесімдік. Бұл критерий бойынша теория ішкі қарама-қайшылықтан бос, еркін болуы керек деген шарт орындалуы тиіс. Назар аударуға лайықты теория, бір бірімен бірыңғай үйлесетін жағдайлар мен анықтамалардан құрылуы қажет. Жалпы, тұлға теориялары осы стандартқа әбден сай келеді, ал бір бірімен келіспейтін пікірлер туындағанда олардың бастауларын зерттеушінің теорияның бастапқы тұрғыларын жете түсінбеуінен іздестіру керек. Адам табиғаты жайлы болжамдардың бірнешесін иелене отырып, тұжырымдамалары мен жағдайлары өзара логикалық үйлесетін тұлға теориясын құру әбден мүмкін болады.
Үнемділік. Үнемділік принципі бойынша, қарапайым және анық түсініктемелер едәуір күрделісіне қарағанда қолайлы. Басқаша айтқанда, қайсыбір феноменді түсіндіру үшін теорияға тұжырымдамалар мен болжамдардың неғұрлым аз саны қажет болса, ол жақсы деп есептелінеді. Мәселен, көптеген бақылаулардың нәтижесінде адамдардың депрессия күйінде:
- Әдетте өздерін жағымсыз бағалайтынын;
- Өз болашағын енжар бағалайтынын;
- Өз өмірлік тәжірибелерін жағымсыз деп талқылауға бейім болады.
Бұл жерде біз өзін өзі төмен бағалау депрессияның бастапқы себебі деген болжамды ұсына аламыз.
Үйлесімділік – субьективті критерий, себебі тұлғаның түрлі қырлары жайлы қазіргі таңдағы білімдердің көлемі толық емес.
Қамту шегінің кеңдігі. бұл критерий теорияның қамтыған феномендерінің кеңдігі мен алуан түрлілігіне байланысты. Теория неғұрлым жан-жақты болса да, ол со құрлым мінез-құлықтағы көріністердің көбісіне таралады. Осылайша жан-жақты теорияның тағы да бір жетістігі оның экспериментте немесе бақылауда жасалынған жаңа, әрі жекеленген деректерді біріктіру мен жинақтау үішн логикалық тірек ретінде қолданыла алуында.
Функциялы мәнділік. Жақсы теорияны анықтаудың ең соңғы критерийі оның адамдарға күнделікті өмірдегі мінез-құлықтарын түсінуге көмектесу қабілетінде. Теория да адамдардың проблемаларын шешуге көмектесуі керек.
Верицикалық, эвристикалық құндылық, ішкі келісімдік, үнемділік, қамту шегінің кеңдігі, функциялық мәндігі сияқты жоғарыда келтірілген критерийлер – тұлға теорияларының әрқайсысын бағалаудың негізін құрайды, сондай ақ неліктен бір теорияның басқасына қарағанда артық көрінетінін түсінуге мүмкіндік береді.
Персонологтардың тұлға теорияларын бағалауға арналған негізгі алты критерийлерге байланысты ұстанымдары.
(жоғары, орташа,
төмен деңгейлер теорияның
|
Верификацияланушылық |
Төмен |
Орташа |
Жоғары |
|
Фрейд, Олпорт, Адлер, Келли, Эриксон |
Маслоу |
Скиннер, Бандура Роджерс | |
|
Эвристикалық құндылық |
Олпорт, Келли |
Адлер, Маслоу, Эриксон |
Фрейд, Бандура, Скиннер,Роджере |
|
Ішкі келісімділік |
Фрейд, Олпорт |
Аллер, Эриксон, Маслоу, Скиннер, Келли, Бандура | |
|
Үнемділік |
Фрейд |
Адлер, Келли, Эриксон, Маслоу, Скиннер, Роджерс, Оллпорт | |
|
Ауқымының кеңдігі |
Эриксон, Олпорт, Скиннер, келли, Бандура, Маслоу |
Фрейд, Адлер, Роджерс | |
|
Функционалды маңызы |
Олпорт, Келли |
Адлер, Эриксон, Бандура |
Фрейд, Маслоу, Скиннер, Роджерс |
Жоғары деңгей – теорияның осы критерийге өте жақсы жауап беретінін, орташа деңгей – теорияның критерийді белгілі бір дәрежеде қанағаттандыратынын, төмен деңгейі – теорияның критерийге сәйкес келмейтінің білдіреді.
Нақты ғылыми пән ретіде персонология ХХ ғасырда дами бастады. ХХ ғасырда қалыптасқан Фрейдтің, Адлердің теорияларын және психодинамикалық бағыттағы бірнеше ұлы теорияларды есептемегенде, тұлғаның өмір сүруінің негізгі үлгілері сол ғасырдың орта тұсында ғана пайда болды.
Тұлға теориялары құрастырылған тарихи кезең
Тұлға теоритиктері |
1980, 1930, 1940, 1950, 1960, 1970, 1990 |
||
Фрейд |
(1890-1939) |
Психодинамикалық теория | |
Адлер |
(1907-1937) |
Жеке-даралық психология теориясы | |
Юнг |
(1913-1961) |
Аналитикалық психология | |
Эриксон |
(1950-1975) |
Психологиялық-әлеуметтік теория | |
Фромм |
(1941-1965) |
Гуманистік психоаналитикалық теория | |
Хорни |
(1937-1961) |
Әлеуметтік-мәдени психоаналитикалық теория | |
Олпорт |
(1946-1990) |
Тұлғаның бітістері жайлы теория | |
Кеттел |
(1906-1934) |
Тұлға бітістерінің құрылымдық теориясы | |
Айзенк |
(1947-1990) |
Тұлға типтері жайлы теория | |
Скиннер |
(1938-1985) |
Бихевиоралды-үйрету теориясы | |
Бандура |
(1959-1990) |
Үйретудің әлеумттік теориясы | |
Роттер |
(1947-1982) |
Әлеуметтік үйрету теориясы | |
Келли |
(1955-1965) |
Танымдық теория | |
Маслоу |
(1950-1970) |
Гуманистік теория | |
Роджерс |
(1951-1975) |
Феноменологиялық теория | |
Адамның тұлғасына қатысты жаңа зерттеулердің негізгі бес бағыт бойынша жүзеге асатынын болжауға болады.
- Таным процестерінің зерттелуі және олардың психологиялық қызмет етудің басқа қырларымен өзара байланысы.
- Жағдайлық факторлар мен тұлғалық айнымалылардың өзара әрекеттестігін зерттеу және олардың мінез-құлықтағы ықтималды үлесі.
- Тұлғаның нейрофизикалық, биохимиялық және генетикалық негіздерін зерттеу.
- Тұлғаның орта және ересек жаста дамуының зерттелуі.
- Адамның тәжірибелі іс-әрекетіне қатысты мәселелердің зерттелуі.
ІІ. ТҰЛҒА ТЕОРИЯЛАРЫ
Қазіргі психологияда тұлғаны зерттеуде негізгі жеті тұрғыны атауға болады. Әр тұрғының өз теориясы, тұлғаның қасиеті мен құрылымы туралы пікірі, зерттеудегі өзіндік әдістері бар.
Тұлға теориясы – тұлғаның даму механизмі мен табиғаты туралы жорамалдарының жиынтығы. Тұлға теориясы адамның мінез-құлқын түсіндіріп қана қоймай, күні бұрында болжауға да тырысады. Тұлға теориялары – құлықтық, іс-әрекеттік, диспозициялы, психодинамикалық, аналитикалық, гуманистік, когнитивтік болып бөлінеді.
Тұлғаны психологиялық құрылым ретінде талдаудың үш деңгейі бар:
- Тұлғаның бөлек элементтерінің қасиеттері;
- Тұлға компоненттерінің жүйесі;
- Біртұтас тұлғаның қасиеттері.
Тұлғаның осы үш деңгейінің қасиеттері мен компоненттерінің арақатынасы тұлғаның құрылымы деп аталады. Әрбір теория тұлғаның бір немесе бірнеше құрылымды үлгісін құрастыруға мүмкіндік береді. Үлгілердің көбісі ойша құрастырылған, тек кейбіреулері ғана негізінен, диспозициялы, қазіргі математикалық әдістерді пайдаланып құрастырылады.
Тұлғаның психодинамикалық теориясының немесе классикалық психоанализ деген атпен танымал теорияның негізін салушы австрия ғалымы З.Фрейд болды. З.Фрейдтің тұлға теориясы «тереңдегі» психологияның психоанализдік бағыты болып табылады. Фрейд адам белсенділігінің тереңдегі бастауларына үңіліп, оның әуестіктерін ашуға ұмтылды. Оның теориясы тұлғаның мынадай қырларын қарастырды:
құрылымын
динамикасын дамуын
типологиясын
Фрейдтің пікірі бойынша, тұлға дамуының қайнар көздері туа біткен биологиялық факторлар, яғни, жалпы биологиялық энергия – либидо болып табылады. Бұл энергия біріншіден, тегін жалғастыруға және екіншіден, жоюға бағытталған. Тұлға өмірдің алғашқы алты жылында қалыптасады.
Тұлғаның гуманистік теориясында екі бағыт бар: Біріншісі, «клиникалық» америка психологы К.Роджерстің көзқарастарында ұсынылған. Екіншісі, «мотивациялы» бағыттың негізін салушы америкалық зерттеуші А.Маслоу болып саналады. Осы екі бағыт арасындағы айырмашылықтарға қарамастан, оларды көптеген ортақ ойлар біріктіреді.
К.Роджерс бойынша, өмірдің мақсаты – өзінің бүкіл өмірлік әлеуетін жүзеге асыру, толығымен іс әрекетпен айналысатын тұлға, яғни өзінің бүкіл дарыны мен қабілетін пайдаланатын адам болу, өзін толық тануға қадам басу болып табылады. Карл Роджерстің феномендік теориясы тұлға теориясы ретінде емес психотерапиялық тұжырымдама, не тұлға өзгерістерінің тұжырымдамасы ретінде қарастырылды.
Роджерс, әсіресе, психотерапи процесін дамытуға баса көңіл бөлді, ал оның тұлға теориясы өз бастауын терапия теориясынан алды деп айтуға болады.
Бұл теорияның психоанализден басты ерекшелігі, психоанализде инстинкт, саналы қабылдау, көбірек талданса, ал феноменологиялық мәселеде негізінен бейне, сезім, өзіндік таным, өзгеру процестері талданады.
Гуманистік бағыттың тағы бір өкілі А.Маслоу. Абрахам Маслоу адам тенденциялары жөніндегі қозғалыстың көрнекі өкілдері қатарынан саналады. Маслоу идеяларына қатысты басты екі ерекшелік бар: алғашқысы – ол адамға тән биологиялық қажеттіліктер болып табылатын: тамақтану, ұйқы жәнешөлдену және басқа да сүйіспеншілік сезімі, бой үйретушілік сияқты қасиеттердің аражігін айқындайтын мотивация теориясын ұсынуы.
А.Маслоу тұлға дамуы негізінде жатқан екі қажеттіліктер түрін көрсетеді: қанағаттандырылған соң тоқтайтын «дефицитарлы» және керісінше, жүзеге асқан соң да күшейе түсетін «өсетін» қажеттіліктер.
Маслоу бойынша мотивацияның бес деңгейі бар:
- Физиологиялық;
- Қауыпсіздік қажеттіліктері;
- Бір адамның екінші адамға қажеттілігін бейнелейтін тиістілік қажеттіліктері;
- Өзін-өзі бағалау деңгейі;
- Өзін-өзі кемелдендіру.
Сонымен қатар, тұлғаның когнитивті теориясы гуманистік теорияға жақындау, дегенмен айырмашылықтар да бар. Бұл тұрғының негізін қалаушы американ психологы Дж.Келли. Келлидің көзқарасы бойынша, әр адам болжам құрып оны тексереді, адамның спортқа жақын әлде алыс, зиялы немесе зиялы емес сияқты мәселелерін шешеді. Бұл теорияда әрбір адам заттардың табиғаты туралы жорамалдарды тексеретін және болашақтағы жағдайлар туралы болжамдар жаайтын ғалыммен теңдестіріледі. Келлидің пікірінше, тұлғаның ырық бостандығы шектеулі. Өмір жолында адамда қалыптасқан конструкті жүйеде белгілі бір шектеулер болады.
Когнитивті күрделі тұлға когнитивті қарапайым тұлғадан мынадай сипаттарымен ерекшеленеді:
- Психикалық денсаулығы өте жақсы;
- Стресске жақсы қарсы тұра алады;
- Өзін бағалауы жоғары деңгейде;
- Жаңа ситуацияларға бейімделгіштеу.
Тұлғаның мінез-құлықтық теориясында екі бағыт бар: рефлекторлық және әлеуметтік. Рефлекторлық бағыт белгілі американ бихевиористері Дж.Уотсон мен Б.Скиннердің еңбектерінде ұсынылған. Ал, әлеуметтік бағыттың негізін салушылар американдық зерттеушілер А.Бандура мен Дж.Роттер болып табылады. Екі бағыт бойынша да тұлға дамуының қайнар көзі – аса кең мағынада орта болып саналады.
Бандураның пікірінше, адамның нені жасай алып, нені жасай алмайтынына байланысты сенімділігінің қалыптасуын анықтайтын төрт негізгі шарт бар:
- Өткен тәжірибесі; мысалы, егер бұрын жасай алса, қазір де жасай алады;
- Өзіндік нұсқау; мысалы «Мен мұны жасай аламын!»;
- Көтеріңкі эмоциялық көңіл-күй;
- Ең басты шарт, басқа адамдардың мінезіне еліктеу, бақылау; мысалы, «Егер басқалар істей алса, менде жасай аламын!».
Осыған орай, бұл тұрғы бойынша, тұлға дегеніміз – бір жағынан әлеуметтік дағдылар мен шартты рефлекстердің жүйесі, екіншіден, өзіндік тиімділік, қол жетерлік сияқты ішкі факторлардың жүйесі.
ІІІ. КЕҢЕСТІК ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ТҰЛҒА ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Тұлға психологиясы ХХ ғасырдың басында Вундтік психологияның дағдарысынан кейін дами бастады. 1931ж. Л.Выготский «психологияның түйінді және жоғарғы мәселесі – тұлға мен оның даму мәселесі осы уақытқа дейін жабулы» деген болатын. 1937 ж. Гордон Олпорт өзінің «Тұлға: психологиялық талқылау» кітабында тұлғаның 50 түрлі анықтамасын келтірді.
К.К.Платонов кеңес психологиясында 1917жыл мен 1970 жылдар аралығында үстем болған тұлғаның 4 түрлі негізгі теорияларын бөліп көрсетуге болатынын айтады:
1917-1936 жж. – тұлға психикалық бітістер профилі ретінде.
1936-1950 жж. – тұлға адам тәжірибесі ретінде.
1950-1962 жж. – тұлға темперамент және жас ерекшелігі ретінде.
1962-1970 жж. – тұлға бағыттылқта көрінетін қатынастардың жиынтығы ретінде.
60-жылдар ортасынан бастап тұлғаның жалпы құрылымын анықтау әрекеттері жасалына бастады. Ал 1969 жылы тұлға мәселелері бойынша бүкілодақтық симпозиумда тұлғаны биосоциалды тіршілік иесі және құрылымдық көзқарас тұрғысынан түсінуге тырысулар болады. Бұл көзқарас кейін сынға ұшырады.
70-жылдардың соңында құрылымдық көзқарасқа бағытталған бағдар, тұлғаның жүйені құрастырушы белгілерін бөліп алуды талап ететін жүйелік көзқарасқа ауысады.
А.Ф.Лазурскийдің тұлға тұжырымдамасы. Осы тұжырымдамада ең бірінші рет тұлғаның өзегін анықтайтын тұлғаның қатынастары қарастырылады. Лазурскийдің тұлғаның табиғаты мен құрылымы жайлы көзқарастары М.Бехтерев идеяларының тікелей әсерінде қалыптасады.
А.Ф.Лазурский тұлғаның бейімделу процесі табысты болуына байланысты үш психикалық деңгейді бөліп қарастырады. Осы деңгейлердің жоғарылатын белгілеріне тоқталсақ:
- Жекеленген психикалық көріністердің көптұрлілігімен және күрделілігімен сырттай көрінетін психикалық өнімнің жалпы мөлшерін білдіретін тұлғалық қасиеттерінің байлығы.
- Жеке психикалық көріністердің күші, ашықтығы, қарқындылығы. Осы көріністер күшті болған сайын, психикалық деңгейді жоғарылататын мүмкіндіктері де көбеюеді.
- Психикалық көріністердің саналылығы мен идеялылығы. Адамның рухани негізі жоғары болса, ол соншалықты бай және қарқынды өмір сүреді.
- Жиынтығында адамның тұлғасын құрайтын психикалық элементтердің үйлестігі.
В.Н.Мясищевтің тұлға тұжырымдамасы. В.Н.Мясищев алғаш рет тұлға құрылымы жайлы мәселені ашық қойғандардың бірі. Оның ойынша тұлға құрамында тұлғаның барлық психикалық сипаттамаларын камтитын қатынас бар. Осы қатынас күйлердің интеграторлары болып табылады да тұлғаның мінезінің бүтіндігін, тұрақтылығын, тереңдігін қамтамсыз етеді.
Мясищев А.Ф.Лазурскийдің дәстүрін жалғастырады. Оның тұлға қатынастары жайлы идеяларын дамыта отырып, В.Н.Мясищев орталық элементі «қатынас» ұғымы болып табылатын тұлғаның тұжырымдамасын жасайды. Оның ойынша, қатынас – бұл қатынастардың жүйесі ретінде көрінетін тұлға жүйесін құрастырушы элементі. Тұлға қатынастарының өзі бүтіндей қоршаған әлеммен және жеке қоғаммен байланысты қоғамдық қатынастар әсерінде қалыптастырады.
Сонымен, қатынастар мен бағдарлар бір бірінен ерекше психикалық құрылымдар болып табылады.
А.Г.Ковалевтің тұлға тұжырымдамасы. Ковалев еңбектеріндегі тұлға психикалық процесстер, психикалық күйлер және психологиялық қасиеттердің интегралды құрылымы ретінде көрінеді. Психикалық қасиеттер психикалық күйлердің негізінде қызмет ететін психикалық процесстерден құрылады. Психикалық қасиеттер нақты адамға белсенділіктің орнықты, салыстырмалы түрде тұрақты деңгейін сипаттайды.
Осындай күрделі құрылымдар ретінде А.Г.Ковалев темпераментті, бағыттылықты,қабілеттерді, мінезді қарастырады.
А.Г.Ковалевтің тұлға құрылымы жайлы көзқарастары аса өзгере қоймады. 1981 ж. Жалпы психология оқулығында тұлғаға арналған тарауда, ол – тұлға құрылымындағы бірінші компонент бағыттылық, екіншісі – қабілеттер, үшіншісі – мінез, төртіншісі – «мен» ұғымымен байланысты басқару жүйесі, бесіншісі – психикалық процестер деп жазды.
В.С.Мерлиннің тұлға тұжырымдамасы. Мерлин – Перьмдік психология мектебінің негізін салушы және басшысы. Оның позициясы ленинградтық психологтардың позицияларына ұқсас. Бұл ең алдымен тұлға қасиеттерінің өзін түсінуге деген көзқарасы.
Автор, тұлға қасиеттерін сипаттайтын қатынас адамның қатынасын сипаттайтын басқа психикалық қасиеттер мен құбылыстардан ерекшеленетінің атап кетеді.
Біріншіден, тұлға қасиеттерін анықтайтын қатынастар, сананың жеке жақтарының емес, бүтіндей сана ретінде қарастырады.
Екіншіден, тұлға қасиеттерін сипаттайтын қатынастар «қандайда бір обьектіге, санадан тыс нәрсеге қатынасын – еңбекке, ұжымға, заттарға қатынасын анықтайды».
Үшіншіден, тұлға қатынастары «жоғарғы дәрежеде қоғамдық – еңбек іс әрекетінде ерекше мәнге ие, ақиқаттың нақты жағына арналған жоғары деңгейде жалпыланған қатынастарды анықтайды».
В.С.Мерлиннің ойынша, тұлға құрылымын темперамент, мінез, қабілеттер және бағыттылық сияқты психикалық қасиеттердің түрлі топтарынан құралатын жүйе ретінде сипаттауға болмайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Бапаева М.Қ., Әбеуова И.Ә., Бапаева С.Т. Тұлға психологиясы: Оқулық. – Алматы: «НұрлыӘлем». 2010 – 192 б.
- Намазбаева Ж.Ы. Жалпы психология: Оқулық. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ Психология институты, 2006.-296 б.
- Ковалев А.Г. Психология личности: Москва. 1970
