Турагенттің бизнес жоспары

    Кіріспе 

    Туризм  – ең қарқынды дамып келе жатқан шаруашылық қызметтің бір түрі. Әлемде 1995 жылы туризмнен 372 миллиард $ (1950 – 2,1  миллиард $)  қаржы түскен, бұл көрсеткіштер туризмнің қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.

    1995 жылы халықаралық туризмнен түскен  табыс бүкіләлемдік тауарлар  экспортының көлемінің және бүкіләлемдік  экспорттық қызметінің 8 %-ын құрады.

    Туризм  қалалардық инфрақұлымының дамуына, халықты  жұмыспен қамтымасыз ету, экономикалық жағынан жақсаруға үлкен үлес қосады. Бүкіләлемдік Туристік Одағының мәлңметтері бойынша 2010 жылға қарай туристердің саны 1018 миллионға өспек. Қазақстанның туризмі басқа мемлекеттерге қарағанда абжауқын көрінеді, соған қарамастар біздің мемлекеттегі көптеген өзгерістерді көруге болады. Мысалы, «Туристік қызмет туралы заң» заң қабылданған, лицензиялау мен сертификаттау енгізілген, туризм және спорт министіргілі жұмыс істеп жатыр. Алматы туризмнің орталығына айналып келе жатыр.

    Туристік  бизнес – оңай және тез арада көп табыс әкелетін емес. Бірақ ол – алдын-ала білінеді, яғни алдын ала комиссия мөлшері белгілі, адамдардың дәстүрлі қай жаққа баруының бағыты белгілі, күні, ұшу уақыты белгілі. 

    Егер  барлығын жақсылап есептеп, барлық мәліметтерді ескере отырып, аяқ асты жағдайларды  дұрыс шешу арқылы алға қойған мақсатқа жетсек, онда ойлағандай табыс табуға болады.

    Біріншіден, бұл іс-әрекеттің түрі маусымдық  мінезге ие, сондықтан турагенттіктің жұмысшылары өздерінің қозғалысты және жағдайды бағалауы қажет, яғни қысқы демалыс ұсыну немес сол сияқты фирманы қалыпты жағдайда ұстап тұратын басқа да қызмет түрлерін ұсынуы қажет.

    Екіншіден, туристік саяхат – бұл адамдардың ең бірінші қажеттілігі емес, бұл  адамдардың табысына байланысты болады. Сондықтан турларды жасаған кезде  сол мәселелерді де ескеру керек. Мысалы, қымбат емес автобус турлары  неме индивидуалды "VIP" турлар.

    Үшіншіден, бұл ешкімге де құпия жағдай емес, біздің мемлекетте негізінен шығу туризмі  қарқынды дамыған, ал ол болса мемлекетіміздің  бюджетінде кері әсерін береді, сондықтан  кіру туризмін дамыту үшін жайлы демалыс  ұсынатын шарттар жасаған дұрыс  болады.  
 

    Бірақ ол үшін ішкі инфрақұрылымды дамыту керек (мемлекет ішіндегі авиа тасымалдауды жақсарту, қонақ үйлерді жаңарту, туристік барларды жаңарту, мотелдерді жаңарту, қызмет көрсету саласын  оқыту арқылы жақсарту және т.б.). Статистикалық  мәліметтер туристердің шет елдерге  шығуының көптігін көрсетеді. Шартқа сәйкес: «Сатылатынды жасау, жасалғанды сатпау» «Арайана» туристік агенттігін жасауға бел будық. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Негізгі бөлім 

    «Арайана» туристік агенттігінң бизнес-жоспары 

    1. Мекеменің аты

    Менімен құрастырылатын мекеменің аты  - «Арайана». 

    2. Заңды және тұлғалық мекен  жайы, банктік реквезиттері.

    Туристік  агенттік «Арайана» мына мекен жай боынша орналасады: 141800, Алматы облысы, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 32 үй, 55 пәтер. Бұл мекен жай заңды және тұлғалық болып табылады.

    Банктік реквезиттері:

    «Халық  Банк» банкі

    р/с  407856245000000008

    Бик 04330781

     

    3. Заңды мәртебесі. Жарғының қоры.

    Кәсіпорынның  құқықтықтың  талғамынын таңдау барысында біз     шектеулі  жауапкершілік серіктестік түрін қабылдадық.

    Неліктен?

    Себебі  нарықтық жағдайда бұл өте тиімді түрі болып табылады.

    Бастамас  бұрын Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің артында не жатқанын қарайық, яғни ЖШС. 

   Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік ұғымы 

   1. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен  белгіленген мөлшерде үлестерге  бөлінген серіктестік жауапкершілігі  шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке  қатысушылар оның міндеттемелері  бойынша жауап бермейді және  серіктестіктің қызметіне байланысты  зияндарға өздерінің қосқан салымдарының  құны шегінде тәуекел етеді.  Бұл ережеден ерекше жағдайлар  Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексінде және осы Заңда  көзделуі мүмкін.

   Егер  серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу  үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген  мерзімге құрылған болып есептеледі.

   2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік  заңды тұлға болып табылады.

   3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік  өзінің міндеттемелері бойынша  өзіне тиесілі барлық мүлікпен  жауап береді.

   Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

   4. Серіктестіктің жарғылық капиталға  салымдарын толық енгізбеген  қатысушылары оның міндеттемелері  бойынша әрбір қатысушының салым  енгізбеген бөлігінің құны шегінде  ортақ жауапты болады.

    Тек қана капитал салғандар ғана жауапкершілікке ие.

    Минималды капиталдың мөлшері 1.500.000 теңгені құрайды. Бұл сома біз үшін өте ыңғайлы.

    Жұмысшылыр  саны 50-ден аспауы керек.  

    ЖШС Жарғыны қорына салушылар көрсеткіші: 

Аты-жөні Салымы, теңгеде Пайыз бойынша Бөлік бойынша
1 Абдукаримова  Г.П. 750.000 50%  2
2 Қинаятова Ж.М. 375.000 25%  1
3 Қараманов Т.Н. 375.000 25%  1

     

    4. Іс-әрекеттің мақсаты және тақырыбы.

    Заңды түрде табыс табу іс-әрекеттің  мақсаты болып табылады.

    Іс-әрекеттің  тақырыбы болып келесілер табылады:

    - ҚР-да шет ел туристеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру, коммерциялық түрде шет ел туристеріне саяхаттарды сату, жаңа туристік маршруттарды жасау және енгізу, ҚР-ң азаматтарына шет елге саяхат сату және шет ел азаматтарына үшінші елге саяхаттарды сату;

    - гид-аудармашылардың қызметін ұйымдастыру  және ұсыну, қарсы алу-шығарып  салуды қамтымасыз ету, экскурсиялық қызмет көрсету, театрлық және басқа да көрсетілімдеріді қамтымасыз ету, туристерге транспорттық және басқа да қызметтер, кез келген транзиттік туристерді де қоса алғанда;

    - келісім шарт бойынша көлікке,  қонақ үйге, басқа да қызмет  түріне тапсырыс бере алу, ҚР-ң  аймағында боолатын және туристердің  қызмет көрсеткені үшін төленетін;

    - паспорт пен визаны рәсімдеу;

    - мемлекет ішінде және сыртында  дәнекер қызмет көрсету;

    - аз шығындала отырып бәсекелестікке сай туристік өнім жасау;

    - сувенирлерді жасау және сату;

    - көтерме және бөлшектік сауда;

    - дәнекер қызмет көрсету;

    - жылжымайтын мүлікпен байланысты  іс-әрекеттер, коммерциялық және  дәнекер қызмет көрсету, брокерлік  және диллерлік іс-әрекет;

    - коммерциялық дүкендер жұмысын  ұйымдастыру, сатып алынған және  өзіндік тауарды сату;

    - ғылыми-техникалық, агенттік, лизингтік,  жарнамалық, патентті-лицензиялық,  ақпараттық және ұсыныстық қызмет  көрсету;

    - тамақтану қоғамында жұмыс істеу ( мейрамхананы, кафені, асханаларды пайдалану);

    - ойын-сауық индустриясы (казино, парктер, аттракциондар, концерттік іс-әрекет, кафе, асхана);

    Қоғам сонымен қатар ҚР-ң заңына қайшы  келметін кез келген іс-әрекетпен  шұғылдануға болады.

    Лицензияланатын іс-әрекеттердің барлығы лицензия алғаннан кейін ғана жұмыс істей бастайды.

                       

    Туристік  агенттіктің жұмысы.

    Қандай  да бір туристік турға сұраныс  болған жағдайда туристі міндетті түрде  турдың бағасы туралы, тұру жағдайы  туралы, мемлекеттің ерекшеліктері  туралы, тоқтайтын қонақ үйі туралы толық мағлұмат және кеңес бере отырып, буклеттер мен жарнамалық қағаздарды береді.

    Турдың  бағытына қарай бұл жұмыспен сату менеджері немесе директор айналысады. Сонымен қатар туристі ұсынылатын қызметтің шарттарымен таныстырады.

    Содан кейін туристтің көзінше туроператорға  бос орын туралы мәлімет алу үшін мәлімдеме жиберіледі. Жағымды жауап  алғаннан кейін турист таңдап алынған  саяхаттың 50% құнын немесе толық құнын төлеуі қажет.

    Директор  немесе менеджер, әркім өзінің бағытына байланысты операторға брондау туралы мәлімдеме жібереді және 3 күн аралығында турды растау туралы мәлімет алады.

           Операторға турдың ақшасы турды растағаннан кейін ғана жіберіледі, прайс-қағазда жазылған баға, комиссиялық пайызды шегерткендегі.

    Мекендеу  ваучері, әуе билет (немесе темір  жол билет, таңдалған турға байланысты), медециналық сақтандыру салынған конверт  жөнелтіледі.

    Конвертті сонымен қатар туристі жөнелтер алдында алса да болады. Бұндай жағдайда туроператор өкілі нақты уақытта айтылған мекен жайға келуі тиіс. Мысалға, ұшар алдында әуежайдың алдында көрсеткіштің жанында.

    Сонымен қатар туристік агенттік пен клиент арасындағы келісім шарт жасалады да жолдама беріледі.

    Мәлімдемені негізінен алдын ала істейді. Бірақ тікелей саяхаттың алдында  инстрктаж жасалады, егер клиент одан қажетсінсе (кедендік формальдылық, физалықформалдылық), арнайы китаптарды ұсыну (мекеннің картасы, путиводитель, разговорник, аударма және т.б.). 

    5. Маркетинг және нарықты зерттеу

    1)Дислокацияны  таңдау.

    Таңдалып  отырған мекеме қай жерде орналасатынын  бұл бөлімде қарастыруымыз керек. Мекемеге перспективалық аудан қарастыру  керек.

    Бұл жұмыста біз Алматы қаласындағы  Алмалы ауданына тоқтауға бел будық. Себептері:

      Алматы қаласының туристік нарығы жақсы дамыған және басекелестік көп болады. Оған қарамастан Алмалы ауданы Алматы қаласының орталығы болып табылады. Көптеген қала сыртында тұратын тұрғындар осы жерге келіп жұмыс істейді, сонымен қатар тускі үзіліс кезінде біздің мекемеге келіп демалыс күнін ойластыруы мүмкін.     

    2) Бәсекелестікті анализдеу.

    Бұл бөлімде алмалы ауданындағы туристік фирмалардың санын, сатылған қызмет түрлерін және олардың бағасын саралап  біздің мекемемен салыстырамыз.

    Ауданда бірнеше туристік мекеме жұмыс істейді. Бірнеше туристік қызмет ұсынатын тур  фирмаларды қарастырайық:

Атауы Мекен-жайы Нарықтағы үлесі
1 Нурлы Желтоқсан 102 40%
2 Николь Травел Желтоқсан 85 32%
3 Дисковери Тур Желтоқсан 98 21%
4 Басқа мекемелер   7%               
 

    Мекемедегі  баға тағайындаудағы негізгі шешімі:

Атауы Стратегиясы
Нурлы Жоғары қызмет – жоғары баға
Николь  Травел Төмен өндірістік шығын – төмен баға
Дисковери Тур Бәсекелестерге  байланысты баға
 

    Барлық  үш тур фирмада қызмет көрсету  түрлері шектелген. Өйткені сенімді, тексерілген туроператорлармен  жұмыс істеп үйреніп қалған. Бұл  турға ба ланысты ұсныстарды шектейді, ал біздің туристік мекеме болса үлкен ұсыныстар жасайды.

            
 

    Туристік  нарықта басекелестікке қатты түсетін  нәрселер болып келесілер табылады:

    - баға

    - мекеменің деңгейі

    - сапасы

    Нурлы туристік агенттігі жарнамаға өте  қатты көңіл бөледі, мысалға, кіре берістегі есікте, газеттерде, теледидардағы  жарнамалада, визиткаларды тарату, телефон  анықтамалығында, т.б.

    Николь  Травел кіре берістегі жарнама, газеттерде, телефон анқтамалығында жарнама  береді.

    Дисковери Тур кіре берістегі жарнама, газеттерде, телефон анқтамалығында жарнама  береді.

    Бұл мәліметтерді анализдей отырып, мынандай шешімге келуге болады. Нурлы туристік агенттігі жарнамаға өте қатты көңіл бөледі.

    Қарастырылған сұрақтарға қарай отырып, өзіміздің  жетістіктерімізді саралау үшін нарықты сегменттеу әдісін қарастырамыз. Бұны келесі кестеде көрсеткен ыңғайлы  болады.  

Бәсекелестіктік факторлары Арайана Нурлы Николь Травел Дисковер Тур
1 Сырттағы жарнама  және ақпарат 10 7 7 9
2 Офистің интерьері 8 8 6 6
3 Менеджерлердің  сырт келбеті 10 8 6 7
4 Құлшыныс және ынта 10 8 5 8
5 Касіпкерлілік 7 10 10 8
6 Бағытты білушілік 8 9 7 7
7 Сақтандыруды, визалық талаптарды түсіндіру 9 9 9 9
8 Төлем шарттары 5 5 5 5
9 Компьютерді қолдану 10 10 10 10
10 Каталаготарды қолдану 10 10 8 10
11 Тұтынушының сұранысының  сәйкестігі 10 7 7 6
12 Барлық бал: 97 91 80 85
 
 
 

    Бағалау 10 балдық система бойынша жүргізіледі.

    Көрсеткіштерге  қарағанда Нурлы туристік мекемесі ең баты басекелес болып келеді.

    Максималды  бал саны – 110, соған ұмтыла отырып лидер болуға болады. 

    3. Сатып алушыларды зерттеу.

    Тауарды сатып алушалырды зерттеу керек, сұранысты зерттеу керек. Бұл  үшін халықты зерттеу жүргізіледі. Біз ол үшін келесі тәсілдерді қолданамыз: анкета жүргізу, сұхбат алу, интервью жүргізу. Барлық нәтиже диаграммаға салынады. Біз тек қана халқтың төлеу  қабілетін ғана зерттеп қоймаймыз, сонымен қатар олардың түсініктері  бойынша демалысқа деген көзқарасын зерттейміз.

    Туризм  әртүрлі тур мен пішінге бөлінеді. Біз одан әрі талғамды түрлерін бөліп  қарастырамыз және талғамсыздардан  бас тартамыз.

    Келеси  туризмнің түрін бөліп көрсетсе болады:

    - ішкі,  сыртқы туризм.

    Статистикалық көрсеткіштерге қарайтын болсақ, сыртқы туризмнің (Түркия, Мысыр, БАЭ) көбірек  екенін аңғарамыз.

    - мекендеу уақытына қарай (қысқа  уақытты, үзақ уақытты).

    Орташа  бару ұзақтылығы 7 күннен 14 күнге дейін. 10 күн – демалыс үшін өте жақсы, бірақ демалық ұзақтылығы мақсатына  байланысты болады.

    - қарқындылығына қарай.

    Алматыда  туризм маусымдық болып келеді. Жазғы  (60%  сатылым),  қысқы (14 – 22 %), маусымаралық (23 – 25%), өлі (4%).

    - саяхаттаудың мақсатына қарай.

    Емдік-сауықтыру, спорттық, сауықтыру, танымдық, іскерлік, экологиялық, шоп-тур, білім алу және т.б.

    Сауықтыру

    Зерттеу барысында шетелдік, қысқа уақытты, жазғы және қысқы уақыттағы демалыс, сауықтыру мақсатындағы туризмдердің көбірек пайдаланылаты туралы шешімге  қол жеткіздік.  
 
 
 
 
 
 

    Сауалнаманы ұсынамыз. 

    Сауалнама 

    1. Жасы        ________________________________________________

    2. Шұғылдануы (жұмыс істейді, оқиды)       _____________________

    ___________________________________________________________

    3. Жынысы  ________________________________________________

    4. Жылдық табысы___________________________________________ 

    5. Білім деңгейі ____________________________________________

    6. Әдетте демалысқа қанша қаражат  жұмсайсыз _______________

    _________________________________________________________

    7. Әдетте сіз демалысты қай жерде  өткізгенді қалайсыз (астын сызу  керек):

    а) ҚР аумағында

    ә) Шет елде

    8. Саяхаттаудың мақсаты _____________________________________

    _________________________________________________________

    9. Қаладағы қандай тур фирмаларды  білесіз _____________________

    ____________________________________________________________

    10. Саяхаттаудың мұраты (қызмет көрсетуді   баяндаңыз) __________

    ____________________________________________________________

    _- __________________________________________________________

    _-___________________________________________________________ 

    4. Қолда бар базаны қолдануды  анализдеу

    «Арайана» фирмасы туристік агенттік болып  табылады, келесі қызмет көрсетулерді таңдап алды;

    - халықаралық туризм

    - ішкі туризм

    - Қазақстан бойынша саяхаттау

    - қала сыртында саяхаттау

    Бізде бар материладық базаны саралай  отырып, оны қолданудың анализін жасаймыз. Туристік саяхаттарды сатудың ұтымды жолын ғана емес, сонымен қатар  қолда бар базаны ұтымды пайдалануды  да анализдеуімізге болады. Оның негізі болып ҚР заңдарын пайдаланамыз.  
 
 

    5. Ғимаратты жалға алу. Материалдық-техникалық  база.

    Туристік  мекемені жүзеге асыру барысында  кипаталдың ішіне кіретін ғимаратты  ие етеді.

    Ұсынылатын  мүлік тізімі:

    - дербес компьютер Pentium (бағалық бағасы 480.000 тг. (төрт жүз сексен мың теңге))

    - принетер HP Laser Jet  6L  (бағалық бағасы 13.600 тг. (он үш мың алты жүз теңге))

    - көшірме EPSON 3L (бағалық бағасы 19.200 тг. (он тоғыз мың екі жүз теңге))

    - телефакс PANASONIC (бағалық бағасы 14.400 тг. (он төрт мың төрт жүз теңге))

    Өзміздің  жылжымайтын мүлкіміз болмағандықтан пәтерді жалға аламыз. Көлемі 32 м.кв. құрайды. Мекеменің кеңселік жиһазы бар, жалпы каридор, жуынатын бөлмесі бар.  

    6. Жалақы Қоры

    Жауапкершіліг Шектеулі Серіктестік «Арайана»  ҚР-ң азаматтарымен құрылған мекеме болып табылады. Олар жұмыс беруші және жұмысшы болып табылады.  

Аты-жөні Қызметі Айлық жалақысы Жылдық жалақасы
1 Абдукаримова  Г.П. Бас директор 12.000 144.000
2 Қинаятова Ж.М. Бухгалтер 9.600 115.200
3 Қараманов Т.Н. Сату менеджері 7.200 86.400
Барлығы   288.000 345.600
 

    Мекеменің қаржы-экономикалық көрсеткіштері 

Техника-экономикалық көрсеткіштерінің атауы Өлшеу бірлігі Көрсеткіші
1 Сатудың жылдық көрсеткіші Мың теңге 1.326.240
2 Сатудың жылдық көрсеткші салықсыз Мың теңге  1.052.568
3 Қызметшілер саны Адам 3
4 Барлық қызметшілердің жылдық жалақысы Мың теңге  345.600
5 Рентабельділік % 19
6 Баланстық жылдық табыс Мың теңге 425.808
7 Әдеттегі жылдық табыс Мың теңге 265.056
 
 
 
 

    7. Турөнімнің калькуляциясы 

Қытай (50 жолдама)
1 Жол ақысы 700$
2 Тұру ақысы 550$
3 Тасымалдау 90$        
4 Экскурсиялар 100$       
5 Сақтандыру 30$        
6 Қосымша қызмет түрі 50$
7 Комиссия 45$
8 Шығын сомасы 22$        
Барлығы 1587$
 
 
Мысыр (50 жолдама)
1 Жол ақысы 450$
2 Тұру ақысы 230$
3 Тасымалдау 50$        
4 Экскурсиялар 85$       
5 Сақтандыру 30$        
6 Қосымша қызмет түрі 40$
7 Комиссия 45$
8 Шығын сомасы 22$        
Барлығы 952$
 
Түркия (50 жолдама)
1 Жол ақысы 500$
2 Тұру ақысы 450$
3 Тасымалдау 60$        
4 Экскурсиялар 80$       
5 Сақтандыру 30$        
6 Қосымша қызмет түрі 50$
7 Комиссия 45$
8 Шығын сомасы 22$        
Барлығы 1237$
Турагенттің бизнес жоспары