Валюталық операциялар
«Валюталық операциялар» пәні бойынша
ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН
Алматы, 2012 ж.
Кіріспе
Лекцияның мақсаты: «Валюталық операциялар» пәнінің негізгі бағыттарымен, пәнді оқытудағы мақсат, міндеттермен таныстыру
Кіріспе
Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын “валюта” терминінің мәніне тоқталайық.
Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:
- меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;
- валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту;
Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
- шетел валютасы;
- номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;
- тазартылған құйма алтын;
- ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.
Мұндағы резиденттерге жататындар:
ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;
ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;
ҚР-нан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де өкілеттіктер жатады.
Ал, бейрезидентерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ң барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына бағалы металдар (алтынан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрит жене жемчуг) жатқызады.
Қазақстан 1992 жылдан әлемдік валюта қорының мүшесі болып табылады. Сондықтан өзінің валюталық жүйесін әлемдік валюта жүйесінің құрылымдық принциптерін ескере отырып құрады. 1993 жылдың қарашасынан бері ұлттық валюта жүйеміздің негізгі –теңге ендірілді
1996 жылдың 24 желтоқсанында ҚР –ның «Валюталық реттеу туралы» заңы қабылданды. Содан бері 10 рет өзгерістер мен қосымшалар енгізілді. Қазақстанның валюта Заңының негізгі элементтеріне келесілер жатқызылады: валюта заңының басты-басты түсініктерін нақты анықтау; валютаны реттеу мен валютаға бақылау жасау тәртібі; валюталық операцяилар оларды өткізудің рұқсат етілу тәртіптері; шетел валюталарын әкелу мен сыртқа шығарудың тәртібі; халықаралық төлемдер жүзеге асыру тәртібі.
Қазақстан Республикасы
аумағында резиденттер мен
Қазақстан Республикасы Президентінің өз халқына “Қазақстан-2030” жолдауында: “біздің еліміздің соңғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады және келесі отыз жылдың ең маңызды мәселесі болады” делінген. Осы мақсатқа жетуде маңызды рөлді ақпарат атқарады. Оның дамуы тек экономикалық өсуге ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік салаға және Қазақстан халықаралық қоғамдастыққа бірігуіне ықпал жасайды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- «Валюта» ұғымы.
- «Валюталық құндылықтар» түсінігі және түрлері
- «Валюталық бақылау және реттеу туралы» ҚР заңы
Ұсынылатын әдебиеттер:
- С.Б. Мақыш. Банк ісі. Оқулық.– (қайта өңделген және толықтырылған) - Алматы: Жетіжарғы. 2008
- Р.О. Смағұлова, Қ.Ә. Мәдіханова, Ә.Қ. Тұсаева, Ж.Ш. Сатыбалдиева. Қаржы, ақша айналысы және несие: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2008 ж., 105 бет
- Қазақстан Республикасының Конституциясы
- «ҚР Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы 31.08.1995 №2444 (ред. 06.07.2004)
- «Валюталық реттеу және бақылау туралы» ҚР Заңы 13.06.2005 (ред. 11.08.2009)
1. «Валюталық операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны және мақсаты
Лекцияның мақсаты: «Валюталық операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны туралы түсінік қалыптастыру. Болашақ мамандыққа байланысты бағыт-бағдар беру.
Сұрақтары:
1.1 «Валюталық операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны
1.2 «Валюталық операциялар» курсының негізгі мақсаты және міндеттері
1.1 «Валюталық операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны
«Валюталық операциялар»
курсын толық меңгеру үшін
ең алдымен келесі пәндер
«Валюталық операциялар»
бөліміндегі басты бағыт
1. 2 «Валюталық операциялар» курсының негізгі мақсаты және міндеттері
«Валюталық операциялар»
пәнін оқытудың мақсаты –
Пәнді оқытудың міндеті: Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды ұйымдастыру және реттеудің құқықтық негіздерімен таныстыру; Банктің валюталық операцияларының басқа операциялардан ерекшеліктерін зерттеу; Валюталық операциялардың негізгі жіктемесі мен түрлерін қарастыру; Коммерциялық банктердің валюталық кассалық және жедел қызметтерінің жүйесін талдау.
Пәннің банктік профильдегі басқа да пәндермен өзара байланысы. Валюталық операцияларды жүргізудің заңдылық бағасы және нарықтық қатынастарды дамытудағы оның мәні. Қазақстан республикасында валюталық операцияларды жүргізуді және дамытуды реттеуші нұсқаулық және құқықтық құжаттар мен актлер.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- ҚР валюталық операциялар бағытындағы қолданыстағы заң актлерімен танысу
- ҚР валюталық операцияларының негізгі жіктемесі
Ұсынылатын әдебиеттер:
- М.Н. Крейнина Финансовый менеджмент: учебное пособие / М.Н.Крейнина. М.: Дело и сервис, 2001 г. с. 138
- www.national
- Қазақстан Республикасы - IV бапқа сәйкес 2009 жылғы консультациялар. ХВҚ миссиясының алдын ала қорытындылары 2009 жылғы 15 мамыр
2 Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
Лекция мақсаты: Валюталық жүйе ұғымымен таныстыру. Валюталық жүйенің негізгі элементтерін ажырату.
Сұрақтары:
2.1 Валюталық жүйе ұғымы
2.2 Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері
2.3 Әлемдік валюталық жүйенің негізгі элементтері
2.1 Валюталық жүйе ұғымы
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді.
Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағымды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды.
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітіледі. Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүниежүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері. Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады.
Валюта жүйесі - ол экономикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Ұлттық валюта жүйесі |
Әлемдік валюта жүйесі |
Ұлттық валюта Ұлттық валютаның айырбасталу шарты Ұлттық валютаның паритеті Ұлттық валюта курсының режимі Валюталық шектеудің, валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы Елдің халықаралық валюталық бақылаудың өтімділігін ұлттық реттеуі Халықарлық айнлыс құралдарын пайдалануды регламенттеу Елдің халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу Ұлттық валюта нарығы мен алтын нарығының тәртібі Елдің валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтін ұлтық ұйымдар. |
Резевтік валюталар, халықаралық есеп айырысу валюта бірліктері Валюталардың өзара айырбасталу шарттары Валюта паритеттерінің ортақ режимі Валюта курстары режимінің регламентациясы Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдалану ережелерінің біртұтастығы Әлемдік валюта нарықтары мен алтын нарықтарының режимі Мемлекетаралық валюталық
реттеуді жүзеге асыратын |
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік жане мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.
2.2 Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері
Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта - елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер:
• ұлттық валюта;
• ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы: а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында "еркін қолданылатын валюта" деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, евро, жапон иені; ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль; б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
• валюталық паритеттің бірдейлік ережесі - валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО-да 1991 жылдан). ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР - арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны (корзина) негізінде анықталады. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталарды белгілі бір бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатын валюталардан құралады, қазір ондағы американдық доллардың үлесі шамамен 39%, жапон иені - 18%-тен болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (Еуро) он бес елдің валютасынан тұратын валюта қоржынынан құрылған;
• валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі), Мысалы, Еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында он бес валюта бағамының өзара ауытқу шегі ± 15% шамасында бекітілген; 1995 жылдың екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына шаққанда 4300-4900 руб. аралығында, ал 1997 ж. 5750-6350 руб. болды. 1998 ж. валюта коридорының жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді. Валюта-қаржы дағдарысы кезінде, 1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға шаққандағы бағамы бұл шектен шығып, деноминацияланған 15-25 рубльге дейін көтерілді. Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;
• валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды.
• төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1999 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу;
• халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
• валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
• валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық банк, Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда Ұлттық банк, Ресейде - валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық қызметі). Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Аймақтық валюта жүйесі (ЕВЖ) - дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған, мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған "Жалпы нарық" одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты — ынтымақтастық процесін ынталандыру, еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын - Еуропалық одақ (ЕО) құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтері дүниежүзілік валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.
1979 ж. Еуропалық экономикалық одақтың (ЕО) шеңберінде Батыс Еуропа елдерінің интеграциялық процестерін дамытуға көмектесу мақсатында Еуропа валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймақтық валюта жүйесі құрылды. Бұл жүйеге кіретін мемлекеттер ХВҚ-ның мүшелері болғандықтан ЕВЖ-сін әлемдік валюта жүйесінің құрылымдық бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Солай болғанмен оны Ямайка жүйесінен ажырататын бірсыпыра ерекшеліктері бар.
ЕВЖ -нің құрылымдық ерекшеліктеріне төмендегілер жатады:
• СДР-дың орнына еуропалық валюта өлшемі - ЭКЮ стандарты енгізілді. ЭКЮ-дің валюталық қоржыны батыс еуропалық 12 валюталардан құрылады. Онда неміс маркасы (30%-тен астамы) үстем болды. ЭКЮ-ді қолдану аясы СДР-ды қолдану аясына қарағанда әлдеқайда кең, оны тек қана мемлекеттік сектор емес, сонымен қатар жеке секторлар, оның ішінде банктердің депозиттік-ссудалық операцияларында, халықаралық есеп айырысу жеке фирмалары қолданады. ЭКЮ бірітіндеп әлемдік валюта нышандарын ала бастағанымен, әзірше әлемдік деңгейге шыққан жоқ. Оны 1999 жылдан ұжымдық еуропалық валюта - еуро ауыстырды.
Ямайка жүйесінде алтынды ресми демонетизациялауға қарама-қарсы ЕВЖ-де осы валюталық металмен жүргізілетін операциялар жаңғыртылды. Алтын мен доллар ЕВЖ-ге мүше-елдердің ресми алтын-долларлық резервтерінің 20%-ін біріктіру жолымен ЭКЮ-ді эмиссиялау механизміне енгізілді. Осы елдердің орталық банктері Еуропа валюта институтының қарауына 2,3 мың т. алтын аударды. Институт алтынның орнына ЭКЮ-ді шығарып, аталған орталық банктердің шотына ауыстырды. Мемлекеттердің алтынмен төлеген жарнасы қайта жаңартылатын үш айлық "своп" келісімімен рәсімделеді, ол қолма-қол алтынды ЭКЮ-ге сатып, үш айдан кейін оны кері сатып алу үшін қарсы келісім жүргізумен үйлестіріледі. ЕВЖ-ге мүше-елдердің валюта бағамының "бірге өзгеру" ережесі олардың өзара ауытқу шегін бекітеді (Ол қазір орталық бағамнан ± 15%-і, ал 1993 жылдың тамызына дейін ± 2,25% болған). Валютаның бұндай ұжымдық өзгеру тәртібі "еуропалық валюта жыланы" деп аталады, себебі бұл ауытқудың графикалык өрнегі жыланның жорғалауына тым ұқсас. Егер валюталардың бағамы рұқсат етілген шектен асып кетсе, онда орталық банк неміс маркасымен валюталық интервенция жүргізуі тиіс, яғни ұлттық валютаның бағамын түсірмеу мақсатында марканы сол валютаға сату керек. ЕО валюта бағамының ұжымдық өзгеруі олардың тұрақтылығын қамтамасыз етті, әйтсе де әлсін-әлі ресми девальвация (бағамды төмендету) және ревальвация (бағамды жоғарылату) жүргізіліп тұрды (1979-1993 жж. аралығында 16 рет). Тұрақсыз валюталардың (Ирландия, Италия, Бельгия, Дания және т.б.) бағамы әдетте төмендетілсе, ал "тұрақты" валюталардың (ГФР, Нидерланды және т.б.) бағамы жоғарылатылады. Бұл ЕВЖ қатысушылардың қайшылықтарын өршіте түседі.
ЕВЖ-ге мүше-елдер ХВҚ-ға қарсы өзінің мемлекетаралық валюталық реттеу органы - Еуропа валюталық ынтымақтастық қорын (ЕВЫҚ) құрды. Ол қор 1994 ж. Еуропа одағын (ЕО) құру туралы Маастрихт келісіміне сәйкес Еуропа валюталық институты болып аталып, ал 1998 жылдың шілдесінен Еуропа орталық банкі болып қайта құрылды.
Екі валюта жүйесін салыстырғанда ЕВЖ-ге валюта бағамы сиректеу ауытқиды. Ол жетістікке келесі факторлар себепші болды: экономикалық және валюталық интеграцияның үдемелі дамуы; ұлттық органдардың дербес құқының бір бөлігін басқаға беру; нақты бағдарламаға бейімделу; валюта қатынастарының бағытын және әдісін таңдаудағы икемділік; қаулы қабылдау және оны орындау механизмін дайындау.
Дегенмен ЕВЖ-ге мүше-елдердің өзара қарама-қайшылығынан біраз қиыншылықтарды басынан кешіруде. Олар сол елдердегі экономиканың, инфляцияның, жұмыссыздықтың, төлем балансы жағдайының, алтынвалюта резервтерінің әр түрлі деңгейлілігі мен қарқындылығынан туындайды.
ЕВЖ-нің дамуындағы маңызды кезең - саяси, экономикалық және валюталық одақ (ЕО) құру жөнінде 1994 ж. қарашада қол қойылған Маастрихт шарты. ЕО-ны құрудың бірінші кезеңі 1990 ж. шілдеде басталып (бұл шарт алдыңғы "Делор жоспары" негізінде жасалған), мүше-елдерге 1992 ж. аяғында валюталық шектеуді мүлдем жоюды қарастырған. Бұл кезеңде мемлекеттердің экономикалық дамуының деңгейін жақындастыруға, инфляция қарқынын төмендетуге, бюджет кемшілігін қысқартуға зор көңіл бөлінген.
Екінші кезеңде Еуропа валюталық институты (ЕВЫҚ-ның орнына) құрылып, оның құрамына он екі орталық банктердің басқармалары енді. Оның мақсаты - орталық банктердің Еуропалық жүйесін эмиссиялау. Бұнда ЕО-ың министрлер Кеңесінің директивалары негізінде экономикалық үйлестікке және оған мүше-елдердің Еуропарламентке берген есебінің орындалуына басты назар аударылады. Экономикалық (әсіресе бюджеттік) тәртіпті бұзушыларға Еуропалық инвестициялық банктің (ЕИБ) несиесін шектеу, айыппұл төлеу, бюджет кемшілігін төмендеткенге дейін ЕО-ың процентсіз депозитін шектеу формасында жазалау шаралары қолданылады. Экономиканы сауықтыруға бірлескен қорлар есебінен және ЕИБ несиесінен ЕО-ң көмегі қарастырылған.
Үшінші кезек ЕО-ның бірнеше мемлекеті несие-ақша жүйесінің бірыңғай үлгісі шеңберінде бір жақты өзгерістер енгізуге қажетті келісімге келген XX ғасырдың аяғында басталды. Жоғарыда айтылғандай, ЕО-ға кірген 15 елдің 11-і 1999 ж. қаңтарынан ұжымдық валюта - еуроны - алғашқыда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін банктік шотқа жазу формасында енгізді, ал 2002 жылдан ол ұлттық ақша өлшемдерінің орнына қолма-қол ақша формасында енгізілді. Біртіндеп еуро аймағына қосылатын елдер саны ұлғаяды деп күтілуде. Ақша-несиелік және валюталық реттеу үшін 1998 ж. 1 шілдесінде Еуропа орталық банкі құрылды.
Еуропалық Одақ шеңберінде өткен күрделі келіссөздердің нәтижесінде 1979 жылы Еуропалық валюта жүйесі құрылды.
Еуропалық валюта жүйесі — ұлттық валюталардың экономикалық интеграция шеңберінде қызмет етуімен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын көрсететін халықаралық (аймақтық) валюта жүйесі.
Еуропалық валюта жүйесі үш элементтен тұрады: 1) ЭКЮ — Еуропалық Валюта жүйесінің негізі; 2) валюта курстары мен интервенцияларының механизмі; 3) валюта курсын тұрақтандыру үшін қолданылатын кредиттеу (несиелеу) механизмі.
Еуропалық валюта жүйесінің алдына мынадай міндеттер қойылады:
— Еуропалық Одақ елдері ішінде сенімді валюталық тұрақтылықты орнату;
— тұрақты түрде даму стратегиясының негізгі элементі болу;
— экономикалық даму процестерінің байланысын нығайтып, еуропалық ынтымақтастыққа жаңа еркін беру;
— халықаралық экономикалық және валюталық қатынастарға тұрақтандырушы фактор ретінде әсер ету.
Еуропалық валюта жүйесінің атқарушы механизмі ЭКЮ-ді қалыптастыру және реттелетін жүйе арқылы жүзеге асады.
Еуропалық валюта жүйесі валюталық резервтердің Одаққа мүше елдердің бәріне бірдей ортақ болуына кепілдік береді. Еуропалық валюта жүйесінің қызмет етуі және дамуы “Делор жоспары" дегенмен тығыз байланысты.
Еуропалық Одақтың көрнекті қайраткері Ж. Делор Еуропа валюталарын біріктіру жөнінде үш сатылы жоспар ұсынды. 1) Еуропалық Одақтың жекелеген елдері арасында үйлестірілген экономикалық және валюталық саясатты жүзеге асыру; 2) Еуропалық Одақтың орталық банкісін құру; 3) ұлттық валюталарды Еуропалық Одақтың ортақ валютасына ауыстыру.
1990 жылы Еуропалық валюта
жүйесіне қатысушы елдер
Батыс Еуропа елдері валюталары курсының тербелуін реттеу мақсатында құрылған Еуропалық валюта жүйесі 15 жыл бойына өзіне жүктелген қызметті ойдағыдай атқарды. Дегенмен 1992 жылдың күзінен бастап бұл жүйе жүрісінен жаңылды. 1992 жылдың қыркүйегінде Еуропалық валюта жүйесінен ағылшынның фунты бөлініп шықты, испандық песет пен портуталиялық эскудо девальвацияға (құнсыздануға) ұшырады. Бұл оқиғалардың басты себептерінің бірі аталған елдердің орталық банктерінің биржалық алыпсатарлардың валюталарды құнсыздандыру мақсатындағы әрекеттеріне тосқауыл болуға қабілетсіздігі болды. Осының салдарынан 1993 жылы Еуропалық Валюта жүйесіне енетін сегіз ақша бірліктерінің бесеуі (Францияның және Бельгияның франкі, даниялық крона, жоғарыда көрсетілген песет пен эскудо) солар үшін белгіленген курстың ең төменгі деңгейіне дейін құлдырады. Өз кезегінде бұл елдердің Орталық банктері өз валюталарының курсын жасанды түрде қолдаудан бас тартты. Аталған валюталар белгіленген курстан 15%-ке ауытқу мүмкіндігіне ие болды. Орталық банктер өз кезегінде айырбас курсын тұрақты түрде жоғары деңгейде ұстап тұру үшін қажет болған есеп ставкаларын төмендетуге өкілеттік алды.
Маастрихт келісімдеріне сәйкес Еуропалық Одақ мемлекеттерінің ұлттық валюталары курсының бір-біріне қатысты түпкілікті орнығуы 90-жылдардың соңы болады деп ұйғарылды. Бұл процестің өзі үш кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең 1998 жылы басталады. Бұл уақытта валюталық Одаққа қабылдау критерилеріне сай келетін елдер анықталады. Маастрихт келісімі белгіленген критерилер қатарына инфляция деңгейі, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (3 проценттен артпауы тиіс), есептеу ставкасы, ұлттық валютаның тұрақтылығы жатады. Осы критерилерге сай келген мемлекеттер бірінші топтың құрамына кіріп, валюталық одақтың алғашқы мүшелері болады. Әзірше бұл критерийлерге Алмания, Люксембург, Ирландия және Австрия сай келіп тұр. 1998 жылдың соңына дейін Орталық еуропалық банк құрылады да, одан әрі еуропалық орталық банктер жүйесі жасала бастайды.

- Валюталық Операциялар
- Валюталық операциялардың негізгі түрлері және жіктелу барысы
- Валюталық операцияларды реттеу
- Валюталық операциялар жөнінде түсінік
- Валюталық операциялар мен олардың сипаттамасы
- Валюталық реттеу мәселелері
- Валюталық саясат
- Валюталық жүйе және оның түрлері
- Валюталық жүйе және оның түрлері
- Валюталық жүйе және оның түрлері
- Валюталық нарық
- Валюталық нарық
- Валюталық нарық
- Валюталық нарық және валюталық бағам олардың экономикаға әсері